Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде



КІРІСПЕ
І . БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘНІ
1.1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
1.2. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН РӨЛІ
1.3. БЮДЖЕТ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ІІ . БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ,
ДИНАМИКАСЫ
2.1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСЖӘНЕ ШЫҒЫС КӨЗДЕРІНІҢ
ҚҰРАМЫ МЕНҚҰРЫЛЫМЫ
2.2. МЕМЛЕКЕТТІҢ БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН ШЫҒЫНЫ
2.3. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ДИНАМИКАСЫ
ІІІ . БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ ДАМУЫ МЕН НЫҒАЮЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
3.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
БЮДЖЕТІНІҢДАМУ БАҒЫТТАРЫ
3.2. БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ҮНЕМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру мемлекеттік пен кәсіпорындардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді. Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие.
Осы тұрғыда жазылған курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі таңдағы еліміздің мемлекеттік бюджетінің қалыптасуын, оны пайдаланудағы нақты бағыттарының мән-жайын ашу, қалыптасқан мәселелердің шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
1. Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Кодексі. №209 – II 01.01.2002.
2. 01.01.2004 жылға Салық Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік акт.
3. Қазақстан Республикасы «2004 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» Заңы. №505 – II 05.12.2003.
4. Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы. 10.04.2004.
5. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасы Презиедентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 18.02.2005.
6. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 28.02.2007.
7. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. 24.04.2004.
8. Структура экономической классификации, утвержденная Приказом министра экономики и бюджетног планирования Республики Казахстан от 24 апреля 2004 года №168

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І - БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘНІ
0.1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
0.2. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН РӨЛІ
0.3. БЮДЖЕТ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ІІ - БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ,
ДИНАМИКАСЫ
2.1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС КӨЗДЕРІНІҢ
ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.2. МЕМЛЕКЕТТІҢ БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН ШЫҒЫНЫ
2.3. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ДИНАМИКАСЫ
ІІІ - БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІНІҢ ДАМУЫ МЕН НЫҒАЮЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
3.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
БЮДЖЕТІНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
3.2. БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ҮНЕМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру мемлекеттік пен кәсіпорындардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді. Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие.
Осы тұрғыда жазылған курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі таңдағы еліміздің мемлекеттік бюджетінің қалыптасуын, оны пайдаланудағы нақты бағыттарының мән-жайын ашу, қалыптасқан мәселелердің шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Осы бағыттағы курстық жұмыстың өзектілігі - бұл мемлекеттің қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджеттің тұруы, яғни ол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік - экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Ел бюджетінің құрылымы - сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты. Қазақстандық бюджет республикалық стратегиялық басымдықтарын жүзеге асырудың негізгі құралы болып келеді, өйткені ол елдің ең маңызды қаржы ағымдарының қозғалысын реттейді.
Республикамыздың ең маңызды мәселелерінің бірі - қаржы болып табылады.
Бюджет тиісті қаржы жылына арнап Үкімет қабылдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының индикативтік жоспарының негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы қалауын ескере отырып қалыптастырылады.
Бекітілетін республикалық бюджет тапшылығының мөлшері ұлттық валютамен және ішкі жалпы өнімге қатысты процентпен, ал жергілікті бюджет тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі.
Бюджет кірістері салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын түсімдердің, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Бекітілген бюджет Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті
жергілікті өкілді органдар бекіткен, тиісті қаржы жылына арналған бюджет.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. Бұл тақырыпты ашу мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің түсінігі және оны жетілдіру жолдары, бюджет жүйесінің құрылымы, қоғамдағы орны және алдағы уақытта жоспарланып отырған шаралар жағдайы қарастырылған болатын.
Қазіргі таңда бюджеттік кіріс көздері - ұлттық экономикамыздың алға басар басқару құралдарының бірі болып табылады. Еліміздің бюджеті дефицитсіздігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауларынан бюджеттік кіріс және шығыс көздеріне өте қатаң түрде бақылау туралы айтылғанын білеміз. Еліміздің орталықтанған бюджет жүйесінен жергілікті басқару жүйесіне көшу бағдарламасының қоғамдағы алатын ролі ерекше. Дегенмен де, Қазақстан Республикасының бюджеттік сферасы бюджеттік емес қорлардан дербес функцияланады.
90-жылдардың басында Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйе және бюджетаралық қатынастар Кеңестік дәуірдегі қалыптасқандағыдай болды. КСРО федеративтік емес мемлекет болғандығына қарамастан орталықтандырылған түрде болды.
Мемлекеттік бюджет пен басқа деңгейдегі бюджеттер және бюджеттік емес орталық қаржы қорларының қалыптасуы, әдетте кәсіпкерлер табысының қайтарылмайтын бip бөлігінен және азаматтар табысынан тұрады. Осы табыстар мемлекеттің қабылдаған міндеттері мен мақсаттарына қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландыру жолымен қолданылады.
Мемлекеттің шығыстары -бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін болумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары-мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешілігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және тағы басқа функцияларымен тікелей байланысты.
Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы сатысында мемлекеттің шығыстары қаржылық саясаттың негізгі құралы ретінде қатысады және ол қоғамның өмір сүруінің материалдық негізі болып табылады. Нарықтық экономиканы қалыптастыру сатысында Қазақстан Республикасының белсенді дамуы көбіне мемлекеттің қаржысының жағдайымен және қаржы-несие жүйесінің тұрақты функцияланымен анықталады.

І - БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘНІ
3.1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығын мен табыстарыньщ балансы. Бюджет ұғымы француздың cөзi немесе табыс пен шығындарды бөлу.
Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу прцесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Бюджет жүйсі экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген өз алдына жеке бюджеттердің жиынтығы.
Бюджет құрылысы дегеніміз - бюджет жүйесін құрудың принциптері, оның буындарын өзара байланыстырудың ұйымдық формалары. Бюджет жүйесінің құрылымы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:
oo республикалық бюджет
oo жергілікті бюджеттер, соның ішінде ;
-облыстық , қалалық ( республикалық және облыстық маңызы бар қалалар ) бюджеттері, аудандардың бюджеттері, арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет - Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. Қаржы жылына арналған бюджеттен тыс қорлар мен арнайы экономикалық аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму қорларының бюджеттері осы қорлар туралы заңдарға сәйкес бекітіледі. Қазақстан Республикасы бюджетінің құрылысы республикалық бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, толықтылығы, нақтылығы, жариялығы және дербестігіне, принциптеріне негізделеді.
Бюджет жүйесінің бірлігіне бірыңғай құқықтық негіз, бірыңғай бюджеттік жіктеуді пайдалану, бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасының бірлігі, ақша жүйесінің бірлігі арқылы қамтамасыз етіледі. Ол барлық деңгейдегі бюджеттердің кірістерді қайта бөлу, нысаналы бюджеттің қорлар құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы өзара іс-қимыл жасалуына негізделген.
Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңестірілуі бюджет-қаржы саясатының басты шарты, депутаттардың маслихат - жиналысында бюджеттер қаралып, бекітілген кезде бюджет тапшылығының шекті мөлшері белгіленеді. Бюджеттік тапшылығының анықтамасы - үкіметтің қарызға алған салаларын қоспағанда, шығыстар көлемінің және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген несиелердің, бюджетке түсетін түсімдердің жалпы саласынан асып түсуі. Республикалық бюджеттің құрамында бекітілген тапшылық мөлшері ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге шаққандағы поценттермен көрсетілмейді.
Республикалық бюджет негізінен жалпы мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Конституциясымен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгіленетін жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.
Алдағы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында есепті жылдың 15 желтоқсанында бекітілуі тиіс. Жергілікті бюджеттер тиісті депутаттардың маслихатында қаралып бекітіледі. Жергілікті бюджеттен, жергілікті бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджет арқылы жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шаралардың бір бөлігін іске асыруға жол беріледі.
Мемлекеттік бюджетте мынадай көрсеткіштер көрініс табады:
1. Мемлекеттік экономикалық және қаржы тұрғысының, мақсаттарының өзара іс-қимылы;
2. Түрлі деңгейдегі бюджеттердің және экономиканың әртүрлі секторлары мен бюджеттердің өзара іс-қимылы;
3. Салық фискалдық құралдарға жетілдіру;
4. Бюджеттен тыс қорларға бөлінетін қаржының көздері мен мөлшері;
5. Бюджетке келіп түсетін кірістердің және бюджеттердің тапшылығының мөлшері;
6. Жергілікті бюджеттердің теңестірілуі;
7. Мемлекеттік борыштың өтелуін және мемлекеттің қаржы операцияларын жасайтын ықпалын ескере отырып, оның жай күйі мен серпіндігін бақылау;
Бюджет жүйесі туралы заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Бюджет мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзге де кіріс көздерінің және түсімдерінің есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры;
Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы өзара өтелетін операциялары есепке алынбайтын жиынтығы;
Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарыз алушы өзінен алынатын саланы белгіленген мерзімде төленетін жағдайда несие беруші алдындағы берешекті ішінара немесе толық өтеу жөніндегі міндеттемесі;
Мемлекеттік қарыз алушы шарт немесе мемлекеттік бағалы қағаздар түрінде көрсетілген мемлекеттік игеру, тарту және өтеу процесі;

Мемлекеттік борыш белгіленген мерзімде үлгерілмеген және өтелмеген мемлекеттік заемдар салады;
Мемлекеттік шот мемлекеттің барлық деңгейдегі бюджеттердің және бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу тәртібі;
Бюджет тапшылығы үкіметтің қарызға алған салаларын қоспағанда, шығыстар көлемінің және бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген несиелердің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы саласынан асып түсуі.
Республикалық бюджеттің құралында бекітілген тапшылық мөлшері ұлттық валюта мен жалпы ішкі өнімге шаққандағы проценттермен көрсетіледі.
Бюджет кірістері салық және салық емес түсімдермен алымдардың, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі;
Жергілікті бюджеттер облыстық, қалалық, аудандардың және арнайы экономикалық аймақтағы бюджет;
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мемлекеттік борыш бойынша проценттерді, сақтандырушылық және комиссиялық алымдар мен
айыппұлдарды төлеумен байланысты жиынтық төлемдер;
Ресми трансферттер бюджетке тегін және қайтарылмайтын болып түсетін түсімдер мен бюджеттен жасалатын шығындар және т.б.
Секвестр - заңдармен белгіленген тәртіп бойынша бюджет шығысының бекітілген шекті лимиттерін пропорциялық түрде, белгілі бір процестерге шағып қысқарту.

3.2. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН РӨЛІ
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құның бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы қатегориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілерімен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысаныңдағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық қатегоия сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатегория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен і0% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық қатегория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орының, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша ролін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

3.1. БЮДЖЕТ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мемлекеттік орғандардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы әлементтердің барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланыстарының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджет;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та, штаттардың, ГФР-да - жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші роль орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс ісейді:
- республикалық бюджет;
-облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, і5 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрады.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (мұниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және мұниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптасатырылатын және орталық мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет - (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттерді) - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптасырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Респуликасындағы төтенше және соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орған әзірлейді және ол Қазақстан Респуликасының заңдарында бекітілген тәртіппен Қазақстан Респуликасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Респуликасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше және соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.
Қазақстан Респуликасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Респуликасының бюджеті заң мәртебесін және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша әмиссиясы) жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, Жергілікті өкілді және атқарушы орғандар туралы, Қазақстан Респуликасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы арнайы заңдарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама сыныптау объектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып функциялық, ведомстволық және экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Ол кірістердің сыныптамасынан, бюджет шығыстарының ункциялық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Респуликасы бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бірыңғай және бюджеттердің барлық деңгейлері үшін міндетті болып табылады. Оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орған әзірлейді және республика Үкіметі бекітеді. Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.
Бюджет түсімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына негізделген барлық деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады. Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.

ІІ - БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ, ДИНАМИКАСЫ
2.1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС КӨЗДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО- ның мемлекеттік бюджет кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен- айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурс тары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен анықталады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1. Кірістер; салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталдан түскен түсімдер; ресми трансферттер түсімдері;
2. Шығындар;
3. Операциялық сальдо;
4. Таза бюджеттік кредит беру; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;
5. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо; қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6. Бюджет тапшылығы ( профициті);
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру; қарыздар түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттердің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттік қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті , қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа , бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды , мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиісті матеиалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің тсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.
Бюджеттің шығындары- қайтарылмайтын негізде бөлінбейтін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. Тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3. Мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар- мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4. Жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Мемлекеттік бюджет экономикалық мәні, қызметтері
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасу жүйесі
Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АҚША ҚОРЫ ҚАТЫНАСТАР
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны туралы
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Пәндер