XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I.тарау. XXI ғасырдағы Қазақстан

1.1. XXI ғасырдағы Қазақстан көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Қазақстандағы соңғы он жылдағы өзгерістерге қысқаша түсінік ... ... ..6

II.тарау. XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы.

2.1. «Қазақстан . 2030» бағдарламасының екінші кезеңі экономикасының қарқынды даму мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2. XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік . экономикалық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3. Жаңа индустриалды мемлекет ретінде Қазақстанның дамуы ... ... ... ... ..18


III. тарау. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуындағы өзекті мәселелер және оны шешу жолдары

3.1. Қазақстанның даму барысындағы мәселелері және одан шығу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.2. Қазақстан ТМД елдерімен экономикалық одақты нығайтуда ... ... ... ... .25
3.3. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңартудың «локомотиві» болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға, сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет. Мұның бәрі де XXI ғасырдағы Қазақстанның аумақтық даму деңгейін бейнеленуге тиіс.
Курстық жұмыс мақсаты: Қазақстанның XXI ғасырдағы экономикасын, оның даму бағыттарын, деңгейін жалпы зерттеу. Курстық жұмыс міндеті: осы мақсатты зерттей отырып, курстық жұмыс тақырыбының мән – мағынасы зер сала, қамту және оқып-білу.
1. «Егемен Қазақстан» газет, № 101-1046 30 сәуір 2003ж
2. «Егемен Қазақстан» газет, № 100, 29 сәуір 2004 ж
3. «Егемен Қазақстан» газет, № 56,4 ақпан 2006 ж
4. «Егемен Қазақстан» газет, № 62,21 наурыз 2006 ж
5. «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалбды-инновациялық даму стратегиясы».
6. «Қазақстан-2030» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы
7. Ө.Қ. Шеденов, Ү.С. Байжомартов, Б.А. Жүнісов, Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе 2004ж
8. Мәуленова С.С. тағы басқалары Экономикалық теория – Алматы, 2003.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I-тарау. XXI ғасырдағы Қазақстан

1.1. XXI ғасырдағы Қазақстан
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қазақстандағы соңғы он жылдағы өзгерістерге қысқаша түсінік
... ... ..6

II-тарау. XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы.

2.1. Қазақстан – 2030 бағдарламасының екінші кезеңі экономикасының
қарқынды даму мерзімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...9
2.2. XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік –
экономикалық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...14
2.3. Жаңа индустриалды мемлекет ретінде Қазақстанның
дамуы ... ... ... ... ..18

III- тарау. Қазақстан Республикасы экономикасының дамуындағы өзекті
мәселелер және оны шешу жолдары

3.1. Қазақстанның даму барысындағы мәселелері және одан шығу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.2. Қазақстан ТМД елдерімен экономикалық одақты нығайтуда
... ... ... ... .25
3.3. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 31

Кіріспе

Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңартудың
локомотиві болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық
қызметін жандандыруға, сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын
қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы
қажет. Мұның бәрі де XXI ғасырдағы Қазақстанның аумақтық даму деңгейін
бейнеленуге тиіс.
Курстық жұмыс мақсаты: Қазақстанның XXI ғасырдағы экономикасын, оның
даму бағыттарын, деңгейін жалпы зерттеу. Курстық жұмыс міндеті: осы
мақсатты зерттей отырып, курстық жұмыс тақырыбының мән – мағынасы зер сала,
қамту және оқып-білу.
Жаңа экономика – жоғарғы технологияларды, ғылымды қажет ететін
экономика, ол барлық салалармен сигменттерде иновациялармен қаныққан
экономика. Ондай экономика құрудың басты – шарты Қазақстанның әлемдік
экономикаға ойдағыдай кіруі. Еліміздің көп тарапты халықаралық экономикалық
технологиялардың халықаралық бизнесіне қатысуымыз керек. Ол жерде бізді
күтіп отырған ешкім жоқ. Өзіміз кіруіміз керек ол жерге. Дайын өнімдер
экспортын үдемелі арттыруымыз керек. Экономиканың жаңа секторын дамытуға
тура келеді. Қазақстан әлемдік нерықта сенімді өнім беруші деген абыройға
ие болуы керек. Білімнің, ғылымның ролін арттыратын уақыт жетті. Әлемнің
мықты елдерінің барлығы тауар өндіруші экономикадан білім өндірумен
қолдануға негізделген экономикаға ауысып жатыр.

I-тарау. XXI ғасырдағы Қазақстан

1.1. XXI ғасырдағы Қазақстан көрінісі
Қазақстан көрінісі әрине даму үстінде, сөз жоқ, қанағаттанарлық.
Қанағаттандырылмағанда ше? Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуіне өзімізбен
бірге түскен елдердің маңдай алдындамыз. Ішкі жалпы өнімнің жан басына
шаққандағы көлемі жөнінен біздің алдымызда тек Ресей тұр. Басқа елдер
бізбен салыстыруға да келмейді. Соңғы төрт жылда ішкі жылпы өнімнің жиынтық
өсімі 50 пайызға жуық артқаны – біздегі жасампаздық жұмыстың жарқын жемісі.
Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 60 млрд долларға жуықтады. Бұл Өзбекстан,
Қырғызстан, Түрменстан және ТӘжікстан экономикаларының түгел қосып
есептегеннен де артық. Біз қазірдің өзінде табыс мөлшері жағынан Түркия
сияқты елдердің деңгейі не теңесіп қалдық. Ел экономикасына 42 млрд
доллардан астам тікелей инвестиция тартылған, бұл ТМД бойынша жан басына
шаққандағы ең жоғарғы көрсеткіш. Әлемдегі жедел өркендеп келе жатқан 10
елдің қатарында тұрмыз. Әрине, ең қуатты елдердің қатарына қосылуымызға әлі
де көп уақыт керек. Ана жолы Барыстың секірісі деген тақырыпппен
Қазақстанның экономикаға бәсекеқабілеттілігі көрсеткіші бойынша әлемдегі
елдердің рейтингі жарияланды. Сол тізімде Қазақстан 61-ші орында тұр. ТМД
елдерінің бәрі соның ішінде Ресей де бізден көш кейін орналасқан. Біздің
осындай қарқынмен дамуымыздың өз себебі бар. Және де оған кең байтақ
Қазақстанның да, оның ресурстарының да тигізген әсері мол. Қазақстан XXI
ғасырдың түпкілікті өзгерді десек те болады. Оны курстық жұмыстың кейінгі
бөлімдерінен көре аламыз.

1.2. Қазақстандағы соңғы он жылдағы өзгерістерге қысқаша түсінік
Басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет
көшіндегі орнын ілгерілете түседі. Қазірдің өзінде Дүниежүзілік
экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік
рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында
тұр.
Мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірді,
Халықаралық срапшылардың пікірінше 2005 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің
көлемі орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ІЖӨ - лерінің аталған
жиынтық көлемінен асып түскен. Жан бассына шаққандағы ІЖӨ 5 есеге жуық –
1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2006 жылы бұл
көрсеткіштің 4150 АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр. Қазақстан жан
басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша ТМД елдері ішінде көш бастау шыға
айналды. Алайда, Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ-пен, Канадамен,
Жапониямен, Аустралиямен және кейбір дамып келе жатқан (Корея, Малайзия,
Шығыс Еуропа) шаққандағы қазақстандық ІЖӨ әлдеқайда төмен.
Факторлық талдау соңғы жылдардағы экономикалық өсу көп ретте негізгі
қорлардың қатты тзоғанын ескерсек дамудың осы кезеңінде бұл оңай жағдай
болып табылады. Болашақта өсудің негізгі факторы еңбектің жиынтық
өнімділігінің артуы керек.
Осы жылдар ішнде жңаң бюджеттік жүйе қалыптасты. 2000 жылдан бастап
мемлекеттік бюджеттің кірістері 2,6 есе ұлғайды. Елдің одан әрі
экономикалық өсуін көтермелеу мақсатында салық жүктемені азайту бойынша
түбегейлі шаралар қабылданды.
Қазақстан ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін
институттық және нормативтік – құқықтық алғышарттар жасалды. Нәтижесінде
жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетел инвестицияларының көлемі
бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көш бастаушыға айналды. Тұтастай
алғанда тәуелсіздік жылдарында 40 млрд АҚШ долларына жуық шетел
инвестициялары тартылды, Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда, елдің
халықаралық резервтері 15,4 млрд долларды құрайды. Халықаралық МУУдис
рейтинг агенттігі тарапынан кеңістік кезеңінен кейінгі кеңестіктегі
республиалар ішінде Қазақстанға инвестициялық сыныптағы елдік рейтинг
берілді.
Соңғы он жылдан ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың
орташа айлық мөлшері 4,6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі
депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе
өсті. 2005 жылы бюджет саласы қызметтерінің: мұғалімдерінің, дәрігерлерінің
мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай – ақ
мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30 пайызға
ұлғайтылды. 2007 жылы кезетегі ұлғайту жеке секторда нақты жалақының және
тұтастай алғанда экономиканың өсуімен қатар жүргізілуде. Қазіргі кезде
Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін ең жоғарғылардың бірі
екенін және 2005 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 282 АҚШ долларын
құрағанын атап өту қажет. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда -64, Тәжікстанда – 32,
Ресейде 322, Беларусьте – 231, Украинада – 166, Әзірбайжанда – 126,
Молдавада – 110. Арменияда 111 АҚШ доллары.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес Қазақстанның даму
банкі, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен
инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация сияқты даму институттары
құрылған. Бүгінде оларды жалпы капиталдандыру 1 млрд АҚШ долларынан асады.
Тұтастай алғанда 2004-2005 жылдары республика бойынша қаржыландыру көздері
есебінен 1,5 млрд АҚШ долларына жуық сомаға 395 жоба іске асырылды.
Нәтижесінде 18 мыңдай жұмыс орны ашылды. Тұтастай алғанда Индустриалдық –
инновациялық даму стратегиясы іске асыру экономиканың жылына 9 пайыздан кем
емес өсу қарқынын қамтамасыз етеді деп күтілуде.

II-тарау. XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы.

2.1. Қазақстан – 2030 бағдарламасының екінші кезеңі экономикасының
қарқынды даму мерзімі
Мемлекеттік әлеуметтік –экономикалық дамуының алдағы отыз жылға
арналған бағдарламасында болашақтағы Қазақстан дамуының стратегиясы
көрсетілген. Онда 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының экономикалық
саясатының негізгі жеті басылымдықтары анықталған.
Қазақстан Республикасының бұл бағдарламасының басты стратегиялық
мақсаты – жоғары индустриалды дамуға қол жеткізу және Қазақстанның дамушы
елдерінің қатарынан дамыған индустриалдық елдердің қатарына көшуін
қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Қазақстан - 2030 бағдарламасында
келесідегідей мәселе келтірілген: барлық мүмкіндіктерін пайдалана білген
мемлекеттің Азия жлбарыстары қол жеткізген табыстарға қол жеткізе алмауына
себеп бар ма? Жоқ.
Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының Қазақстан-2030
бағдарламасында келесідей экономика салалары басымдылықтары деп аталады:
отын-энергетика, металлургия, азық-тлік өндірісі, халық тқтынатын тауарлар,
өндіріс салалары және коммуникация салалары (байланыс және темір жол
көлігі).
Енді тек осы мақсаттарға қол жеткізу жолдарын ғана анықтау қажет.
Біріншіден өтпелі экономикалық барлық салаларда ғылым – техникалық
жетістіктерді ашу мен енгізу жолында ішкі және сыртқы мемлекет аралық
кәсіпкерлік іс-әрекеттегі бизнестің барлық төрт деңгейін – шағын, орта ірі
бизнесті және мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру, әсіресе
ынталандыру саясатын жалғастыру.
Екіншіден, экономикада құрылымдық салаллық қайта құруды жүзеге асыру.
Қазақстандағы зерттеушілердің айтуынша кезінде жүзеге асырылған
индустриаландыру ірір экономикалық потенциалдың қалыптасуына мүмкіндік
берді.
Осыған қарамастан, экономиканың технологиялық құрылымындағы
өзгерістер тұрғысынан алғанда, республикадағы индустриаландыру процессі іс
жүзінде аяқталмай қалып отыр.
Экономиканың технологиялық құрылымының бағасы төмендегідей:
– технологиялық базистің 7г ге жуық бөлігін төмен деңгейлі артта қалған
және алғашқы машиналық технология құрайды;
– автоматтандырылған және кешенді – механикаландырылған өндіріс
технологиялық базистің 13- ін құрайды;
– кибернетикалық техника мен ақпараттық технологиялық базистің елеусіз
бөлігін ғана құрайды.
Сондықтан да ғылыми-экономистер ұсынғандай әлеуметтік-экономикалық
даму стратегиясының басты бағыты қазіргі ғылыми-техникалық революция
жетістіктері негізінде индустриалдық-ақпараттық жүйеге көшу болуы тиіс.
Индустриалдық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі
төмендегі экономикалық стимулдарды барынша қолдана беруге негізделуі тиіс:
жедел амортизация және амортизациялық аударымдар, баж салығы, дотация,
несие ставкалары, жеңілдікті салық салу. Сонымен қатар, индустриалдық
саясаттың нақты стимулдары қажетті құрылымдық өзгерістердің мақсатына,
тереңдігіне және қарқынына байланысты әркелкі қолданылуы мүмкін.
Жаңа индустриалдық –инновациялық қоғам жолындағы келесі бағыт –
Қазақстан Республикасының салалық құрылымын қайта құру.
Стратегияның маңызды элементтерінің бірі – Қазақстанның қайта түлеуі
мен дамуының қарқыны болып табылады. Дүние жүзінің бірқатар елдерінде жедел
экономикалық өсу стратегиясы ойдағыдай жүзеге асырылған. Олардың қатарында
: ГФР, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонгонг бар.
Нарықтық экономика ұдайы өз арнасымен өз заңдылықтарымен ілгерілеп
отыруы тиіс, өйткені оның өзіне тән кезеңдері мен соған сәйкес келетін
нақты міндеттері бар.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды және макроэкономикалық
тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталуға тиіс: олар меншікті
мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну
нарығын тауарлармен толтыру.
Меншікті реформалау бұл уақыт ішінде белгілі бір формада мемлекеттік
меншіктің барлық обьектілерінде, стратегиялық маңызы бар және ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқа салаларда іс жүзінде жүргізілуге
тиіс. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің қысқа мерзімін жоғары қайтарымын,
коммерциялық өнімді тез алуды қамтамасыз ететін дүниежүзілік деңгейдегі
жаңалықтарды анықтау және алмасымды кәсіпкеліктк дамыту мақсатымен
республиканың ғылыми – техникалық потенциалына егжей – тегжей тексеру
жүргізу қажет.
Екінші кезең (1996-2005 жылдар). Экономиканың шикізаттық бағытын
біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен
телекоммуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және валюта
нарығын бұдан басқа: капитал, жұмысшы күші, бағалы қағаздар, интеллектілік
меншік нарықтарын да құру болып табылмақ.
Екінші кезең ішінде экономиканың қарқында дамуының қозғаушы күштері
мен ынталандырмалары:
- толыққанды нарықтық механизмдер;
- барлық тауар өндірушілердің шынайы еркіндігі;
- табиғатты ұтымды пайдалану;
- шапшаңдығын үдете түскен жоғары технологияларды игеру процесі мен
дүние жүзі экономикасында шептерді жеңіп алу.
- Отандық және халықаралық бизнес саласында білікті кадр корпусы пісіп
жетілуге тиіс.
Бұрынғы экономикалық ақпарат экономикадағы болып жатқан процестерді
білікті бағалаау үшін жарамсыз болып қалды, өйткені ол жаңа өндірістік
қатынастарға жауап бере алмай отыр.
Қазақстан – 2030 бағдарламасында көрсетілген стратегиялық
перспективаларға қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру
қажет.
1. Ұлттық қауіпсіздік. Аймақтық тұтастығын толық сақтай отырып,
Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін
және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап,
нығайта беру.
3. Шетел инвестицияларымен ішкі қорладың деңгейін жоғарағы ашық
нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің
нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
Біздің салауатты өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға,
мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға
негізделеді.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты. Барлық
Қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын, денсаулығын, білімі мен
мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. Энергетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және сараптауды
қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін
табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық
ресурстарын тиімді пайдалану.
6. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешіші секторды
ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге
жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
7. Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарға қол
жеткізуге халықтың өкілдері болуға қабілеті Қазақстанның мемлекеттік
қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, ал
кейіннен бес жылдық жоспарда блгіленген нақты іс-қимылдарға күш – жігерді
жұмылдыра отырып, оны дәйекті түрде іске асыру қажет. Осы ұзақ мерзімді
басымдықтар мемлекет пен біздің азаматтарымыздың күш – жігерін жұмылдыру
үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде
өлшемдер негізінде алынуға тиіс.

2.2. XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік –
экономикалық саясаты

Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі
экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: Қазақстан
егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы бағдарламасында (1992
жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші
саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру
болатынын атап көрсетті:
- I кезең 1992-1995 жылдарды макроэкономикалық тқрақтандырудың екі
негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәір бөлігін жекешелендіру
және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру;
- II кезең (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізат базасын өзгертуге
қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете
дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал,
жұмыс күші, бағалы қағаздар мен интеллектуальды меншік нарықтарын
қалыптастыруы үшін қажет;
- III кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың қарқынмен дамыту, осының
негізінде өтпелі кезңде стратегиялық мақсаттарға жету және
Қазақстанның әлемдік индустриалбды елдер қатарына кіруі мен әлемдік
саудада позициясының нығаюымен сипаталады.
1997 жылдың қараша айындағы Едбасының Қазақстан халқына жолдауында
өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық дамудың Қорытындысы шығарылды,
тежеуші факторлары ауқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген
жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.
Қойылған мақсаттары жүзеге асыру мына үш кезеңде болуы қажет:
- 1998-2000 жылдар;
- 2001-2010 жылдар;
- 2011-2030 жылдар.
Ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан Республикасы Президенті:
Қазақстан Коституциясына сәйкес біз әлеуметті-нарықтық экономика
құрудамыз деп тағы да атап көрсетті. Қабылданатын заңдар мен шешімдер
біздің стратегиямыздың жүйесінде болуы керек.
Қазақстан-2030 бағдарламасының бірінші кезеңінде (1998-2000 жылдар)
көздеген мақсаттардың, жүзеге асуын қорытындылағанда, Қазақстан
Республикасы Президенті 2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен
кездескенде осы бағдарлама әрбір басшының столындағы кітап болуы тиіс деді.
Президент ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың бірінші
кезеңі аяқталғанын көрсетті.
XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:
- әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі
дамыту;
- басқарудың тиімділігін арттыру;
- өндіріс секторына несие беру;
- экономикалық, шикізат бағдарын өзгерту;
- аймақтық диспропорцияларды жою.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономика саясатының осы
бағыттарына кеңінен тоқталайық.
Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп – ең маңызды мәселе халықты
жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде
жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда.
Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды ролбь берілді.
Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту,
олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеді кеңейтуге, негізделген
өндірістерді құруға және дамытуға атсалысуы керек.қажеттілігі көзделеді. Ел
Президенті: Балтық елдерінде шағын және орта бизнестің әжептәуір дамуында
үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің
жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік
нарыөта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болуы Қазақстан
Республикасының экономикалық саясатынның негізін басымдығы біздің
экономикамыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады. Әзірге осы
мәселені шешуге байланысты кешенді құрылымдық саясат жоқ. Отандық
шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларды құруда,
ауыл шаруашылығын өңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген
стратегиясы, импортты алмастыру бағдарламасы жоқ.
Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің
өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай өндіру үшін машина жасау
өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды. Бұл тек өнеркәсіптің шикізат
бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.
Осы жұмыстың негізгісі-бәсекеге қабілетті баға мен технологиялық
сапаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар мынадай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтағы Қазақстан
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
ҚР жоғарғы оқу орындарында қазіргі білім беру жүйесі
Мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікке әсерін бағалау («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның материалдары негізінде)
Биотехнология - XXI ғасыр ғылымы
Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарына қызығушылығы
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның тұрақты экономикалық тірегі
XXI ғасыр басындағы Қазақстан-АҚШ өзара ынтымақтастығына энергетикалық әлеуеттің ықпалы және мәні
ЭКОНОМИКА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен проблемалары
Пәндер