Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері



Кіріспе
1 . тарау . Кәсіпкерліктің әлеуметтік . экономикалық мәні ,
мазмұны
1.1. Кәсіпкерлік мәні , ұғымы, теориялық көзқарастар
1.2. Кәсіпкерлік қызметі , түрлері

2 . тарау. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері және оны шешу жолдары
2.1. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі кәсіпкерлік қызметтің мәні
2.2. Нарық жағдайындағы кәсіпкерлік қызметі, мемлекетті қолдаудың шет елдік тәжірибесі

3 . тарау . Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарды құрудағы кәсіпкерлікті дамыту экономикалық дамудың алғы шарты ретінде
3.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары, ерекшеліктері
3.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Жалпы бұл жұмысты жазу барысындағы негізгі қаралған мәселелер – кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері және оны шешу жолдары, Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму бағыттары , оларды мемлекеттік қолдау шаралары, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы болып табылады.
Бұл жұмысты жазудағы негізгі мақсаты – кәсіпкерлік ұғымы туралы жалпы түсінік беру , және де нарық жағдайындағы кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциясын , сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті қолдау және дамытуға бағытталған негізгі бағдарламалар мен қолданылатын шараларды кеңінен ашып көрсету.
1. «Қазақстан Республикасындағы шаруашылық қызмет пен кәсіпкерліктің еркін дамуы» туралы заң , 1991 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы . Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан . Астана , 2007 жылғы 28 ақпан. 12 – 13 б.б.
3. М.Б. Бисенғазиев , А.Ш.Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері», Орал 2001 ж , 6 – 52 б.б
4. К.Б.Бердалиев «Кәсіпорын экономикасын басқару негіздері» Алматы Экономика 2001 ж. 79 – 88 б.б.
5. Қ.Р.Нұрғалиев «Қазақстан экономикасы», Алматы Қазақ
Университеті 1999 жыл, 152 – 160 б.б.
6. Ш.Қашықов Ө.Нұрғалиев «Экономикалық теория негіздері»,
Қарағанды 1997 ж. 97 – 103 б.б.
7. Я.Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері», Алматы,Санат, 1998 ж. 177 – 181 б.б.
8. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы» Алматы, Экономика 2003 ж. 11 – 145 б.б.
9. С.Әкімбеков, А.Баймұратова,І.Жанайдаров, «Экономикалық теория» Алматы 2001ж. 77 – 81 б.б.
10. 2-ші халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми –теориялық конференциясының материалдары, Ақтөбе –Орынбор, 2005. 64 – 66 б.б.
11. Бердібай Кемал. «Өндірісі жоқ өңірді касіпкерлік құтқарады» // Егемен Қазақстан , 10 ақпан 2007 ж.
12. Асқар Шериязданов «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарация дегеніміз не?» // Ақтөбе , 5 қаңтар 2007 ж .

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті

Факультет Экономика
Кафедра Экономикалық
теория

Курстық жұмыс

Тақырыбы : Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері,
мәселелері.

Дайындаған :
Тексерген :

Ақтөбе - 2007 ж.

Жоспар

Кіріспе
1 – тарау . Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні ,
мазмұны
1. Кәсіпкерлік мәні , ұғымы, теориялық көзқарастар
2. Кәсіпкерлік қызметі , түрлері

2 – тарау. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері және
оны шешу жолдары
1. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі кәсіпкерлік қызметтің мәні
2. Нарық жағдайындағы кәсіпкерлік қызметі, мемлекетті қолдаудың шет
елдік тәжірибесі

3 – тарау . Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарды құрудағы
кәсіпкерлікті дамыту экономикалық дамудың алғы шарты
ретінде
1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары,
ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
қолдау шаралары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе

Жалпы бұл жұмысты жазу барысындағы негізгі қаралған мәселелер –
кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, нарық жағдайында кәсіпкерлік
қызметті дамыту мәселелері және оны шешу жолдары, Қазақстан Республикасында
кәсіпкерліктің даму бағыттары , оларды мемлекеттік қолдау шаралары,
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы
болып табылады.
Бұл жұмысты жазудағы негізгі мақсаты – кәсіпкерлік ұғымы туралы
жалпы түсінік беру , және де нарық жағдайындағы кәсіпкерлік қызметтің даму
тенденциясын , сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
қызметті қолдау және дамытуға бағытталған негізгі бағдарламалар мен
қолданылатын шараларды кеңінен ашып көрсету.
Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орындалды :
- Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні мен мазмұны кеңінен
талқыланды ;
- Нарық жағдайындағы кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері мен оны шешу
жолдары қарастырылды ;
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері мен
оны қолдау шаралары қарастырылды .
Нарықтық экономикаға көшу барысы негізінде Қазақстан
Республикасындағы кәсіпкерлік – кең мағыналы да ауқымды , жан – жақты
зерттеу және талдауды қажет ететін басты мәселелердің бірі болып табылады.
Кәсіпкерлік – жекелеген адамдар мен олардың бірлестіктерінен тұратын ,
өзінің экономикалық қызметін жаңа ізденіске бағыттайтын , белсенді , дербес
шаруашылық қызмет ететін новаторлық іс - әрекет болып табылады. Осыған
байланысты Қазақстанда өз бетінше , өз атынан жүзеге асыратын заңды және
жеке тұлғалардың табыс , пайда табуға бағытталған кәсіпкерлік іс - әрекеті
кең өріс алып келеді.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай
керек. Кәсіпкер өз ісіне шын берілген және одан қанағат алуы парыз. Ол
әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық
сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау т.б.
Кәсіпкерлікті жасақтау және оны дамыту үшін кадрларды оқыту, білім
дәрежесін,маманданған көтеруге көңіл бөлу, кәсіпкерлер даярлауды тұрақты
қадағалау.
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін
кәсіпкерлікті дамыту иәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Өйткені , нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика болып табылады.
Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Қазақстан
Республикасы Конституциясында былай деп жазылған : Әркімнің кәсіпкерлік
қызмет еркіндігіне , өз мүлкін кез – келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін
еркін пайдалануға құқығы бар. Кәсіпкерлік халықтың әл – ауқатын арттырумен
қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да септігін тигізеді.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік істі реттеу бағдарламасына келер
болсақ , онда еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің заңдылық негізі бизнес
түрінің қалыптасуы мен дамуы бойынша мәселелерді реттеуге бағытталған
заңдар, заңды және басқа да нормативтік құқықтық актілаер қабылданып әрекет
етуде.
Қазіргі таңда кәсіпкерлік Қазақстанның бүгінгі экономикасында
лайықты орын алды.
Осы жұмысты жазу барысында мынадай ғалымдардың еңбектері
басшылыққа алынды : М.Б. Бисенғазиев, А.Ш.Хамитов, К.Б.Бердалиев , Ө.Қ.
шеденов ,Нұрғалиев, Халықаралық ғылыми конференциялардың мәліметтерін,
газет – журналдар және тағы басқалары.
Бұл курстық жұмыс кіріспеден , үш тараудан , қорытынды дан ,
қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 – тарау . Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні ,
мазмұны
1. Кәсіпкерлік мәні , ұғымы, теориялық көзқарастар
Кәсіпкеркерлік екі мағынада пайдаланады:
1) белгілі бір істің түрі ;
2) сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық топ.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу адамның
белсенділігі және іскерлілігі. Белсенділік және іскерлік – адаиның еркін
өмір сүру түрі. Белсенділік , іскерлік адамдардың мінез – құлқы типтерімен
байланысты болатын шығар.
Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі
, қабілеті . Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер ,
қол өнершілер қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал
– жабдықтарға иелік ете отырып , өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс
істеген . Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Ресейде ,
Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі
шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде 1 Петр
патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды.
Кәсіпкерлік субьектісі – жеке адамдар , сонымен бірге заңды
тұлғалар, біріккен серіктестіктер : арендалық ұжым, ашық және жабық
акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр түрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері :
- дербестік және тәуелсіздік;
- экономикалық ынтымалық;
- шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
- жаңашылдық.
Яғни , кәсіпкерлік барлық ресурстарды : жер, капитал, еңбекті өнім өндіру
процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы
күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді. Кәсіпкерлік істің
қозғаушы күші – мол пайда табу.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай
керек. Олар нарыққа тауар , қызметтер , ұсыну , тауарлардың , қызметтердің
алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша – қаражат көлемі, жұмыс орнының және
жұмыс күшінің артық кемдігі; еңбек ақы қорының артық – кемдігі; қарыз
беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру
, қалыптастыру үшін тұтынушыларды тауар сатып аларлық қаражаты болуы,
олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұраныс
болуы шарт. Кәсіпкер өз ісіне шын берілген және одан қанағат алуы парыз. Ол
әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық
сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау т.б.
Кәсіпкерлікті жасақтау және оны дамыту үшін кадрларды оқыту, білім
дәрежесін,маманданған көтеруге көңіл бөлу, кәсіпкерлер даярлауды тұрақты
қадағалау.
Нарықтық экономикада кәсіпкердің басты міндеті барлық
экономикалық ресурстарды жұмысқа қосу және тиімді пайдалану болып табылады.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде
бөлуге болады :
- масштабы бойынша шағын ,орта және ірі кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субьектілері бойынша .
атақты неміс ғалымы , экономист Иозефа Аиза Шумппеттердің (1883-1950 ж)
пікірі бойынша , кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы немесе басқа
игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа әдісін ендіруге, жаңа өткізу
нарығын игеруге, шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін
табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.
Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке
өз бетінше жұмыс істеуге неізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен
ынталандыру қажет кәсіпкерлікке қажеттікке негізделген бастама. Осы тәрізді
кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және
әлеуметтік – экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасының – жаңа
индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында
бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емсе , сонымен бірге еркін кәсіпкерлік
үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті
жекешелендіру болып табылады.
Атақты ағылшын ғалымы , экономисі Альфред Маршалл атап
көрсеткендей , нарық экономикасының неігізгі қасиеті – кәсіпкерлік пен
өндірістің еркіндігі. А. Маршалдың бойынша – кәсіпкер – экономикалық
процесстерді жеделдетуші.
Нарық әкономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ
барлық мәселелерді шешкен жоқ. Оларда шешу үшін мемлекеттің үилестіру ролі
қажет.
Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми
тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас
элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай
ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің
қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономикада кәсіпкелік түсінігі 18 ғасырда
пайда болды да, меншік иесі деген түсінікпен қатар орын алады. Мысалы,
А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу
мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол
өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншіәк
иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді.
Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете
алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына ғана таралады, ал оның
көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.
Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші
капиталдан бөлінуі орын алады, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс
берді. Сондықтан 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі
француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен
сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен
өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама
береді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық
айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырады.
Кәсіпкерліектің меншік иесінен ажырасуы акционерлік қоғамда анық
көрініс табады. Акционерлік кооперативтік экономика жағдайында меншік заңды
факт ретінде өзінің бөлу қызметінен айрылады. Өндірістегі өкімет меншіктен
ұйымдастыруға ауысады, сөйтіп меншік пассивті рөл атқаратын болады.
Дәстүрлі меншік түсінігімен қатынасты нақты физикалық заттар орнына,
акционер қағаз бумасымен, меншіктің титулымен шектеледі. Акция иесі
кәсіпорындағы шартты бақылау ғана жасай алады.
Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады.
Сөйтіп капитал, меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып
бөлінеді де, ал меншікке бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі
көрініс қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке
меншік формасынан көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен бөлініп қалады.
Батыстың экономика ғылымы мен соцология саласындағы көптеген өкілдері
мұндай құбылыс арқылы меншік мәселесін екінші кезекке ығыстырып, өндіріс
пен өндірген өнімдерді бөлуге бақылауды бірінші кезекке шығарады.
30-жылдардың өзінде американдық ғалымдар А.Берли мен Г.Минз,
меншікке бақылау орнату мүмкіндігінің бірнеше түрлерін ұсынады:
1. Толық меншік арқылы бақылау. Барлық шығарылған акциялар бір адамның
немесе азын аулақ топтың қолында болғанда жүргізілетін бақылау. Мұндай
компанияда меншік пег басқару бір адамның қол астына шоғырланады.
2. Көпшілік акция арқылы бақылау. Мұндай жағдайда шығарылған акцияларға
меншік үлесі 51 процент болады, алада ірі компанияларда бұл сирек
кездесетін жағдай.
3. Бірлесіп бағыну тетігі арқылы бақылау. Көпшілік акцияларға бір
корпорация иелік ету пирамида көрінісін алады да, өз кезегінде басқа
компаниялар акциясының бақылау пакетіне ие болу, соңғысына да бақылау жасау
мүмкін болады, мұндай жайлар бірнеше рет қайталануы ықтимал.
4.Акцияның өз бөлігіне бақылау. Бақылаудың бұл түрін жеке адам немесе
азын-аулақ топ корпорацияда өктемдік жүргізетін жеткілікті акция процентіне
иелік етеді.
5. Басқару тарапынан бақылау. Ол жеке бір адамның меншігі көзге
ілінгісіз жағдайда менеджмент меншіктегі үлесі аз болса да қысым көрсете
алатын күшке айналады.
А.Берли мен Г.Минз өз қорытындыларында мынаған сүйенеді.
Бақылаусыз байлыққа меншік, меншік иелігінсіз байлыққа бақылау жасаумен
пара-пар, корпоративті дамудың логикалық нәтижесі болып табылады. Сонымен
меншік пен кәсіпкерлік арасында қатты бағыныштылық болмағанымен
кәсіпкерлікті дамытудың шарттары туралы сұрақ туындайды.
Біріншіден, кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі, субьектінің
белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық
қызметінің бағытын таңдау, өндірістік бағдарламаны анықтау, қаржыландыру
көзін таңдау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын
жүргізу. Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық
жағынан оқшауланған субьектісі болуы керек.
Екіншіден, кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын
нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген
жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жәй тапсырма
бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім ерекше айту керек.
Кәсіпкерліктің қандай түрімен айналысушылардың басым көпшілігі кепілді
табыс пен жоғары жалақыға есеп жасайды. Алайда кәсіпкерлік және рыноктың
дамуы тек жоғарғы табыс пен жалақыдан тұрмайтыны, оның көлеңкелі жақтары да
аз емес екендігі белгілі. Осыдан да болар ауыз екі сөзде тәуекел тас
жарады, тас жармаса бас жарады деген де бар.
Үшіншіден, кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа
жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұның өзі экономиканың қажетті рыноктық
құрылымын орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей
кәсіпкерліктің жан-жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай
әлеуметтік-экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз рынок пен
кәсіпкерлік кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім-кімге де түсінікті.
Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды.
Өйткені ақшасыз, тауарсыз, капиталсыз, ең басты реттеуші – құн заңынсыз,
қозғаушы күші бәсекесіз олар дами алмайды.
Төртінші шарты жоғарыда атап өткендерден туындайды. Еркін
кәсіпкерлік меншіктің әрқилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай
болса иемденуді де қамтиды. Өз кезегінде көптүрлілік обьективті құбылыс,
өйткеніол өндірістік қызмет көрсету ісінің дамуының нәтижесі. Қазіргі
әлемде дәрежесі мен сипаты бойынша әрқилы өндіргіш күштердің таңғажайып
қабысуын байқауға болады. Қоғамдық жалпы мемлекеттік мақсатқа пайдаланатын
өндіргіш күштер бар. Осыған сәйкес меншік пен кәсіпкерліктің әр қилы
формалары даму алады. Осының негізінде аралас типтегі рыноктық экономиканы
құрайтын көп субьектілі нақты экономикалық қатынастар орын алады.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі
стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтқанда үлкен бастама, дәстүрден тыс
шешімдерді іздестіру, кең көлемді тәуекелге бел байлау, іскерлік. Белгілі
Австриялық экономист И.Шумпетер айтқандай, кәсіпкерлік – жұмыстың бір түрі
емес, тұнып тұрған ақыл-ой, тұла бойы қасиет. Ерекше бір көріпкелдік
қасиет болуы рутина қысымына әрдайым қарсылық жасай білуі шартты мәселе.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде де кәсіпкерлікті шаруашылық
искусствосы, экономикалық және ұйымдық творчество, еркін бастамаға, жаңалық
жанашыры,, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреді.Мұның өзі табиғи, әрі
дұрыс: басқарудың өзі мүмкіндік – искусствосы. Оның үстіне әңгіме
тауарлары және бәсекелі шаруашылықтың тууымен байланысты өндірісті басқару
және ұйымдастыру жөнінде болып отыр. Қазақстан Республикасының
кәсіпкерлікке жол ашқан, оның құқы мен жауапкершілігі туралы алғашқы
қабылдаған заң актілерінің бірі Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет
туралы болады.
Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.
Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын
заңдық құқықтары бар дара шаруашылық субьектісі, өзіне бекітіліп берген
мүліктерді пайдалана отырып өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі
қызмет түрлерін көрсетеді.
Дүниежүзілік практикада кәсіпорынның әрқилы ұйымдық және құқықтық
формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды.
Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемеге
сәйкес оған жауапкершілігі болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте,
сотта, шаруашылық шотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.
Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындпрдың
мынадай ұйымдық-құқықтықформалары бар:
- мемлекеттік кәсіпорын;
- серіктестік: толық жауапкершілікпен аралас жауапкершілікпен шектеулі
жауапкершілікпен;
- акционерлікқоғам.
Орын алып келген мынадай түсініктер шағын кәсіпорын бірлескен
кәсіпорын, кооператив, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды статусын
бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді.
Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай
берілген анықтама. Бүкіл әлемде, оның ішінде біздің еледе де кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпрындар үшін жеңілдіктер
берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірін , екінші
жылы жартысын төлейді. Ал жаңа салада, құрылыста алғашқы екі жыл бойы
қалыптасуы кезеңінде салықтардың алынбай жүргені де сирек кездесетін жәй
емес.
Осындай көптеген кәсіпорындардың әр салада жұмыс жасауы арқылы
кәсіпкерлікті дамытатындығын көруімізге болады. Кәсіпкерліктің дамуы
сонымен бірге білікті мамандарға да байланысты болып табылады.

2. Кәсіпкерлік қызметі , түрлері
Кәсіпкерліктің түрлері :
1) Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерлікті мынадай түрлері болады :
өндірістік, коммерциялық , финанс, консультациялық.
2) Меншік түрлері бойынша : жеке меншік ,мемлекеттік , муниципиалды,
қоғамдық ұйымдар меншігі.
3) Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамдардың және
коллективтің құрамы болуы керек.
4) Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық – құықтық,
ұжымдық экономикалық.
Ұжымдық – құқықтық кәсіпкерлер:
- серіктестіктер – адамдардың бірлестігі , онда екі және оданда көп
серіктестіктер болып табылады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір
мүше өзінің капиталдарымен жеке жауап береді.
- Акционерлік қоғамдар:ашық және жабық түрде болады.
Ұжымдық экономикалық кәсіпкерлер:
- Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әртүрлі компанияның бақылау
пакетін сатып алады.
- Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорынның ерікті бірлестігі.
- Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін біріккен
кәсіпкерлердің бірлестігі.
- Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
- Картель – тауар , қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу,
өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
- Финанс - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру, және сауда капиталының
бірлестігі.
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар
өндіру, қызмет көрсету жүзеге асады.
- Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру , қандай қызмет
көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
- Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен
байланысу, сонымен бірге, шикізат, материалдар, энергия, т.б.
жабдықтаушылармен ара қатынасты орнату.
- Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз – бірінші кезеңдегі тауар өндіруді
меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне
тікелей қатынасады.
- Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы немесе құлақтандыру арқылы жалдап
алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мемандығы, тәжірибелілігі,
жеке қасиеттері т.б. ескерілуі керек.
- Қажетті информация – ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді
ойластырып, алдын ала есептеу.
- Барлық салықтарды, айыптармен, баждарды төлегеннен қалған пайда –
таза пайда.
Коммерциялық кәсіпкерлік – оның іс өрісі тауар биржалары, сауда
мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін
көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен , жабдықтаушылармен
сауда жасаумен бірге , келісім шарт жасау, яғни фьючерлік айырбас
келісімдері жасалады. Коммерциялықтың кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды
сатып алу – сату операцияларымен байланысты.
Финанстық кәсіпкерлік – оған негізінен коммерциялық банкілер және
қор биржалары кіреді. Коммерциялық банкілер – бұл финанс – кредит
мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар көбінесе коммерциялық
кәсіпорынға несие береді, ол үшін пайыз ставкасымен берген несиесін
қайырады. Қор биржалары – бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын
жеделдетеді және активтердің реалды құнын анықтайды.
Консультативтік кәсіпкерлік – бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда
мынадай жұмыстар істеледі:финанстық ,инвестициялық саясаттарды жасақтау,
белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Консультатиция әдістері :
- эксперттық консультатиция – мұнда меман өз бетімен диагноз қояды,
шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;
- процестік консультация – фирманың маманы клиентпен белсенді түрде
қарым қатынаста болады, оның өз ойын айтуына ынталандырады, клиентпен
бірге талдау жасайды, ұсыныстар белгілейді.
Кәсіпкерлік істің Қазақстандағы қазіргі түрлері:
- шаруашылық серіктестіктер – толық серіктестік – олардың мүшелері өзара
кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды . Серіктестіктердің
пайдасы, қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып
сонан салық төлейді.
- Коммандиттік серіктестік – барлық серіктестік мүшелері сертестік
аталған іс жүргізушілер ішінен біреуі немесе бірнеше мүшелері зиянның
тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
- Шектелген жауапкершілік қоғамдар – оның мүшелері қоғамның
міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өз үлестерімен
жауап береді.
- Қосымша жауапкершілігі бар қоғам – қоғам міндеттемелеріне өздерінің
заттарымен жауап береді.
- Ашық және жабық акционерлік қоғам.
- өндірістік кооператив – ерікті түрде біріккен қоғам.
- Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеменің меншіктік құқығы жоқ. Оның
мүліктері бөлінбейді. Ол тек мемлекеттік немесе муниципалдық болып
бөлінеді.
2 – тарау. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері және
оны шешу жолдары
1. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі кәсіпкерлік қызметтің мәні
Кәсіпкерліктің қайсібір нышаны болмасын олардың қалыптасып дамуы
нарықтық экономикалық ортаның маңызды факторы болып табылады. Кәсіпкерлік
өзінің табысын жоғарылату арқылы қоғамға қажетті тауарлар өндіреді және
қызметтер ұсынады. Сонымен қатар кәсіпкер басқа кәсіпорынның өзіне қажетті
тауарлары мен қызметтерін пайдаланып , олардың да дамуына мүмкіндік
жасайды , және де барлықкәсіпкер салық төлеу арқылы бюджетке өз үлестерін
қосады. Жұмыс орындарының осы салада көбеюі салық салу обьектілерінің
көбеюімен барабар. Кәсіпкерлік қызметтің отбасы бизнесі қазіргі таңда шет
елдердің тәжірибесінен көріп отырғандай , ел экономикасының дамуына
айтарлықтай өз үлестерін қосып отыр. Айталық , Ұлыбританиядағы барлық
әрекет ететін фирмалардың 75 пайызын отбасылық бизнестегі еңбек ресурсы
елдегі тұрғындардың жартысын құрайды. еуропалық одақтастыққа кіретін
елдердің отбасылық фирмалары барлық әрекет ететін кәсіпорынның 85 пайызы ,
ал АҚШ – та бұл көрсеткіш 90 пайызды құрайды. Отбасы бизнесі , көбіне ,
бөлшек саудада , қоғамдық тамақтандыру орындарында , қызмет көрсету
саласында жүзеге асырылады.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні меншік иелері мен
ондағы жалдамалы жұмысшылар саны субьектісі болғандықтан елдің құрылымдық
қалыптасуының белгілі бір құралы болып табылады. Оның ірі өндірістен
айырмашылығы тұтынушылардың сұранымына сай тауарлар өндірісінің тез өзгеріп
отыруында. Өркениетті елдердің дамуының негізі осы кәсіпкерлік болып
табылады. Кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуына тән бұл бағыттар да біздің
елге қатысты болып отыр. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлерге жан – жақты
жағдайлар жасалып жатқанына өзіміз куә болып отырмыз. Оның заңды негіздері
тұрғысындағы базасы жылдан жылға күшейе түсуде. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырушылар кәсіпкерлік еркіндігімен және іскерліктің қай түрімен айналысса
да еңбекқор, дарынды адамдардың қоғамда жоғары әлеуметтік мәртебеге ие
болуын қамтамасыз ету мемлекетіміздің әлеуметтік мақсаттарының бірі болып
табылады. Оны жүзеге асыру үшінкәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалынған
қолдаулармен жеңілдіктерді қамтитын мүмкіншіліктермен шаралардың маңызы зор
болады. Тұрмыс жағдайының жақсаруы мен төлем қабілеттерінің жоғарылауы
кәсіпкердің және олардың отбасы мүшелерінің білім деңгейлерін көтеруге,
олардың көптеген ақылы жоғары сапалы білім алу, медициналық қызметтерді
пайдалануларына мүмкіндік береді. Ал, бұл адамдардың қоғамда өздерін тұлға
ретінде сезініп , әрі қарай кәсіпкерлік қызметін жақсартуға жол ашады.
Кәсіпкерлердің тұрмыс дәрежесінің және өмір сүру салтының сапалы өзгеруі
нәтижесінен олардың патриоттық сезімінің оянуы орын алды. Осы тұрғыдан
алғанда жеке – дара кәсіпкерліктің өндірістік қатынаста аймақтық
ресурстарды тиімді пайдаланып қызмет жасауы кәсіпкерлердің тұрмыс
жағдайларын жақсартумен қатар, республикамыздағы басы бос еңбек күшін
жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін арттырады, басқаша айтқанда жаңа жұмыс
орындарын қалыптастырады. Ал тұрғындардың бір кәсіпорында қалыпты еңбек
етуі олардың сол жерде тұрғылықтануына мүмкіндік береді. Яғни, кәсіпкерлік
бей – берекет миграцияны азайтуға да өз үлесін қосады. Қазақстан
Республикасында кәсіпкерліктің әрекет етуінің қысқа мерзіміне қарамастан ол
ұлттық экономикалық маңызды секторы болып есептеледі. Кәсіпкерліктің әрекет
етуіне толық жағдай жасай отырып, оның болашақта елдің жалпы экономикалық
деңгейін одан әрі жақсартуға, атап айтсақ, сұраным мен ұсынымды
сәйкестендіру, бәсекені қалыптастыру арқылы отандық тауар өндіру мен қызмет
көрсетудің сапалық және сандық көрсеткіштерінің артуына тигізер әсері мол
болары анық. Шағын және орта бизнес кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған
көптеген нақты іс шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау және оны дамыту тұжырымдамаларын жасау керек. Себебі, кәсіпкерлікті
дамыту мәселелерін белгілі дәрежеде шешу шағын және орта бизнес саласына
бағытталған өнеркәсіптік саясатты өңдеп жүзеге асыруда жіберілген кейбір
қателіктердің алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Егер
мелекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік іске
жағдай туғызбайды , әлеуметтік жағдай нашарлайды.Кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруда кәсіпкер өз мақсаттарын орындай отырып, қоғам мүддесіне де
жұмыс жасайды. Оны республикамыздың экономикалық дамуындағы кәсіпкерліктің
орны мен қосқан үлесінің жылдан – жылға өсуінен байқауға болады.

2.2. Нарық жағдайындағы кәсіпкерлік қызметі, мемлекетті қолдаудың шет елдік
тәжірибесі
Қазақстан жағдайында нарықтық қатынастарға көшумен байланысты басқа
елдердің тәжірибелерін қолдану қажет болып отыр. Қазіргі кезеңде шетел
тәжірибелері негізінде Қазақстанда қолданылатын кәсіпкерліктің кейбір
экономика – құқықтық түрлерін қарайық .
1) Консигнация – комиссия шартының бір түрі; тауарды өткізумен
байланысты кәсіпкерлік сферада кең пайдаланылады. Келісуші жақтардың
мүліктік қатынастарын реттейтін тауар иесінің тапсырмасы бойынша делдалға
белгілі бір жағдайда тауар өткізу жөнінде консигнациялық шарт жасау. Шартта
әдетте жөнелтілген тауар , оның лимиттік бағасы, және сату уақыты
көрсетіледі. Консигнатор тауарды өткізгенше өз қоймасында сақтауға ,
консигнанттық пайдасына сақтандыруға міндетті. Сатылмаған тауарды сатушы
иесіне қайырады, мүмкін консигнатордың өзі сатып алуына.
2) Франчайзинг – кәсіпкерлік формасы АҚШ, Жапонияда , Батыс
Еуропа елдерінде кең тараған. Бұл кәсіпорынның нарықтағы ерекше өзара
серіктестік қатынастары. Франчайзинг бойынша қатынастар бұл ірі, әжептәуір
тұрақты франчайзер деп аталған фирма , бизнесте экономикалық жағдайы жоқ
шағын кәсіпорынға , белгілі бір уақыт аралығында , тұрақты жерде
кәсіпкерлік іспен айналысуға , Франчайзер қолданған жетілген технологияны ,
нау - хау атағы әигілі тауар маркілерін , франчайзидің қызметкерлерін
оқыту, кеңес беру қызметтерін атқарады. Франчайзердің көмегі және қолдауы
шартта белгіленген ақылы іс болды. Бұл үлкен маңызы зор экономикалық
қатынастар, әсіресе өтпелі экономика жағдайындағы Қазақстан үшін тиімді іс.

3) Лизинг – мүліктерді уақытша пайдалануға алу немесе
беру. Қысқа мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары
Шағын бизнесті қалыптастыру
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік саласы
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
Пәндер