Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ТҮСІНІГІ, ЖҮЙЕСІ

1.1 Қаржы ұғымы және қаржы экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2.Қаржы жүйесі және оның ұйымдық қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... .10

II БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 Қаржы механизмінің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

2.3 Қаржы жүйесінің функционалдық белгісі бойынша құрамы ... ... ... ..18


III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қаржының бақылау қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

3.2 Қаржы көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

3.3 Қазақстан Республикасының қаржы қызметін жетілдіру ... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

ҚОСЫМШАЛАР
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы». Бұл тақырып қазіргі өзекті мәселелердің бірі. Себебі бұл тек қана қаржы жүйесі туралы ғана түсінік емес, соның ішіндегі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі, яғни оның даму деңгейі. Бұл курстық жұмыста қозғалатын мәселелер: жалпы қаржының мәні, қаржы жүйесі, оның даму деңгейі, атқаратын қызметтері, қаржының көрсеткіштері, оның ұйымдастырылу қағидаттары, жоспарлары мен мақсаттары, қаржы механизмінің жүйесі, функционалдық белгісі бойынша құрамы сияқты сұрақтарды қамтиды.
4. Ильясов К.К., Мельников С., «Қаржы» Алматы, 1994 ж.
5. Құлпыбаев С., Ильясов К.К., «Қаржы» Алматы, 2005 ж.
6. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлов А.Қ., Қаржы менеджменті. Оқу құралы.-Алматы. 1999ж-188 бет.
7. Бабич А.М., Повлов Л.Н., Финансы. Учебник-Москва: 2001-760 ст.
8. Балабанов А.И., Балабанов И.Т., Финансы. Учебник пособие-Петербуг: 2000-192 ст.
9. Берлин С.И., Теория Финансов. Учебник пособие-Москва: ПРИОР, 2000 ж-256 ст.
10. Құлпыбаев С және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы.-Алматы: Мерей, 2000 ж-176 бет.
11. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес.В 4-хг.-Алматы: Экономика., 2002 год.
12. Мельников В.Д., Ли В.Д., Общий курс финансов. Учебник –Алматы: Институт развития Казакстана,.2001г-285 ст.
13. Финансы. Денежное обращение. Кредит. Учебник для вузов. Под. ред. Л.А Дробозиной.-Москва: ЮНИТИ, 2000 г-479 ст.
14. Финансы. Учебник пособие( Под. ред. Проф. А.М Ковалевой) 4-изд.-Москва: 2000 г.
15. Қлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Оқулық.-Алматы: 2003-448 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ТҮСІНІГІ, ЖҮЙЕСІ

1.1 Қаржы ұғымы және қаржы экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2.Қаржы жүйесі және оның ұйымдық
қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... .10

II БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 Қаржы механизмінің
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..13

2.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... .15

2.3 Қаржы жүйесінің функционалдық белгісі бойынша құрамы ... ... ... ..18

III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қаржының бақылау
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.22

3.2 Қаржы
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 23

3.3 Қазақстан Республикасының қаржы қызметін
жетілдіру ... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің дамуы. Бұл тақырып қазіргі өзекті мәселелердің бірі. Себебі бұл
тек қана қаржы жүйесі туралы ғана түсінік емес, соның ішіндегі Қазақстан
Республикасының қаржы жүйесі, яғни оның даму деңгейі. Бұл курстық жұмыста
қозғалатын мәселелер: жалпы қаржының мәні, қаржы жүйесі, оның даму
деңгейі, атқаратын қызметтері, қаржының көрсеткіштері, оның ұйымдастырылу
қағидаттары, жоспарлары мен мақсаттары, қаржы механизмінің жүйесі,
функционалдық белгісі бойынша құрамы сияқты сұрақтарды қамтиды.
Курстық жұмысымның мақсаты: студенттерді, яғни біздерді қаржы
теориясына қаржылық жүйе мен оның негіздеріне тиісті біліммен қаруландыру.
Қаржы мен банкттер арасындағы экономикалық қатынастарын түсіндіру, олардың
қоғамдағы орнын қалыптастыру. Терең кәсіптік білім алып, теорияны қаржы
жұмысының практикасымен ұштастыра білуге, шығармашылық ойлау қабілетін
дамытуға үйрету, болашақ мамандардың объективті дүниеге танымын
қалыптастыру.
Курстық жұмысымның міндеті: қаржы жүйесінде қаржы қызметін анықтау,
ұйымдастыру және жетілдіру бағыттары анықтау. Қаржы-белгілі қоғамның ақша
ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз
етуге байланысты бағытталған. Қоғамның өндірістік қатынастарының
ерекшеліктерін, олардың шаруашылық және шаруашылықтан тыс көріністері мен
пайдалану механизмін оқып үйрету. Қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні мен
қызметтері, олардың ұлғайтылған ұдайы өндірістегі рөлі, қаржы
қатынастарының мемлекеттің экономикалық және қаржы саясатында пайдалану
және оларды қаржы механизмі арқылы жүзеге асыру қарастырылады.Ақшалай
қаражаттардың мақсатты қорларын қалыптастыруға, пайдалануға және олардың
қозғалысына қатысты экономикалық категориялардың өзара байланысы тиісінше
сөз болады. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесінің даму жағдайына қандай
көзқарастар болып жатқанын, оның әрі қарай дамуында қандай жетілдірулер
қолданылып отырған жағдайлар туралы айтылып өтемін.
Кез-келген мемлекеттің ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік,
кәсіпорын, қаржысы кіреді.
Қаржы-табыс көздерінен құрылып, өзінің қаржылық және қаражаттың
бағытындағы тарату және пайдалануды қамтамасыз ететін ағымдағы ақша қоры.
Қаржы бұл қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
пайда болатын ерекше экономикалық қатынастар жиынтығы, және оның
нәтижесінде ұдайы өндіріске қатысушылардың әр түрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін ақшалай қорларын және қордың қалыптасуы және пайдалануы
болып табылады.
Сонымен қаржы дегеніміз обьективті экономикалық қатынастардың, яғни
қоғамдағы ақшалай табыстардың, және ақша формасына ие болатын матиралдық
иеліктердің жиынтығын айтамыз. Ал, қаржы жүйесі қатынастар негізінде
ақшалай қаражаттардың сондай-ақ бұл қатынастарды ұйымдастырушы органдардың
тиісті қорлары қалыптасады, яғни интеграциялық түрпаттағы жүйе. Ол өзіне
енетін элементтердің шағын жүйелерінің бірде- бірі дербес өмір сүре
алмайтындай болуымен сипатталады. Қаржының ұсақ, шағын жүйелері ретінде
салық, бюджет, қаржы жоспарлары, сметалық қаржыландыру жүйелерін және т.б.
атауға болады.

I БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ТҮСІНІГІ, ЖҮЙЕСІ
1.1 Қаржы ұғымы және қаржы экономикалық мәні
Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен шыққан)
қоғамды нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы
бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарих қалыптасқан экономикалық
категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға,
кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі
ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен
айшықталады.
Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның топтарға
жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы
жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді
бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған
нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын
ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан пайда
болатын қызметтермен ассоцияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының
қозғалысымен қоса жүреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың (Афин республикасының кірістері туралы)
алғашқы авторы Ксенофант (б.э.д. 430-365 ж.ж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 ж.ж) қаржы саласындағы көзқарасы оның
Афиннің мемлекеттік құрылысы атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мені оның даму құндылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан
экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері
арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша, қатынастарын
білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша
қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады
.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы –
жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және және қайта бөлудің
экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың
құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуғаықпал жасайды және объективті
сипатта болады. Қаржы өндірістік қатынастардың белгілі бір сферасын
білдіреді және базистік категорияға жатады.
Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы
құбылысын қарастырудан оның мәнін – зат болмысының барлық әр алуан
нысандарының бірлігін білдіретін оның ішкі мазмұнын зерттеуге көзу қажет.
Қоғамдық қатынастардың иерорхиясында ақша қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық
қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді.
Бұдан басқа қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге
болады, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады.
Қаржы түсінігі қоғамдық өнімді олардың сырқы көрнісі әр түрлі қоғамдық
өндіріс иелерінің қолындағы құралдардың қозғалысы түрінде болады. Нағыз
мағынасында бұл қозғалыстар - ақшалай соманың қолма-қол немесе несие
түрінде бұл ұстаушыдан екінші ұстаушыға өтуін көрсетеді.Бұл ерекшелік латын
сөзінен finis - конец (финиш) деген сөзінен шықан, яғни төлем соңы,
экономикалық қатынастар субьектілерінің арасындағы есеп айырысуы. (Басында
Ежелгі Римде-мемлекет пен тұрғындар арасында). Кейінірек бұл термині
finacia деген түрге өтті,бұл көп мағынада қолданылады,яғни ақшалай төлем
түрінде,соның-мемлекеттің кірісі мен шығысының жиынтығы және кез-келген
шаруашыл ықтың жиынтығы ретінде. Дегенмен барлық ақшалай операциялар
қаржылық іске жатпайды, себебі олар әртүрлі экономикалық категориялық, яғни
баға-еңбек ақы,қаржы,несиелермен өндірістік қоғамдық өнімнің толық құнының
қозғалысын байланыстырады
Қаржының ақшалай сипаттамасы олардың құндық экономикалық
категориаларға қатарынан бөліп алу үшін қаржының мәніне, яғни оның көп
түрлі ішкі мағынасына көшу керек.
Қоғамдық қатынастар иерархиасында ақша қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады, сонымен қатар олар қоғамдық қатынастар жүйесінің
бөлігін анықтайтын өндірістік қатынастарға да жатады.
Осыдан қаржылық қатынастар өндірістік қатынастардың бизнесі немесі
негізі деп айтуға болады.
Қайта өндіру-үздіксіз жалғасқан стадиялардың , яғни бөлу
айырбас , өндіріс және тұтынудың өзара тәуекелді, бірлігі ретінде көрінеді.
Берілген төрт стадия қоғамдық өндіріс процесінің қатысушыларының арасындағы
тауар қатынастарының барлығын анықтайды,себебі өндірілген өнімдер сатып алу-
сату процесінде жататын тауарлар ретінде көрінеді. Осы кезде қажеттіліктер
қанағаттандырылуытиіс. Жасалған игіліктер мен құндылықтарды ащу,өлшеу
барлығына эквивалент ретінде ақшалай түрде жүзеге асырылады. Сондықтан
өндірген материалдық және материалдық емес игілік массасы, яғни қоғамдық
өнім натуралды заттай және ақшалай түрде сиппатталады. Осыған байланысты
ақша , база , қаржы , еңбек-ақы және несие деген құндық категория лар
қолданылады. Қаржы олардың категориялық тәуекелдігін анықтайтын арнайы
сипаттамалық , белгілер қатарынан тұрады .
1. Жоғарыда айтқандай, қаржы ақща формасында болады. Бұл форма олардың
түбірлік экономикалық белгісі сипаттайды .
2. Қаржы қатынастар өзіндік негізді аталушырөлін атқарады.
3. Басты ерекше белгісі болып, оныңәртүрлі мақсаттық негіздегі ақшалай
қорларының қозғалысы санады.
4. Нақты шығындарға арналған мақсаттың ақша қаржы қорлары қаржылық әдістер
арқылы қозғалысының өндірістік және өндірістік емес қатысушыларының
барлығында пайда болады. Әдістер қаржылық қатынастар қозғалысы ретінде
директивалық түрде, яғни қоғамдық дамуға бағытталған ақша ресурстарының
қаншалықты керектігін алдын-ала анықталған түрде болады.
5. Ақша құралдары экономикалық өмірде эквивалентрет ретінде, ақшалай және
тауар формасындағы күнінің тең қозғалыс ретінде сипатталады. Осылайша
қаржының қарастырған сипаттамалары бұл экономикалық категорияны басқалардан
бөліп қарастыруға мүмкіндікбереді. Қаржы-қоғамдық өнімдерді бөлу және қайта
бөлу процінде пайда болатын нәтижесінде әртүрлі қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін пайда болатын және қолданылатын және ақшалай табыстар,
жинақтар және қорлар құрылатын ерекше экономикалық қатынастар жиынтығы.
Қаржының қажеттілігі – қоғамдық дамудың қажеттілігімен шақырылады. Бұл
қаржылық қатынастардың алғашқы тарихы болып өзінің мойына қоғамдық
функцияларды алған мемлекеттің пайда болуымен байланысты. Мемлекеттік
билікті қамтамасыз ету үшін қоғам мүшелерінің есебінен құрылған арнайы ақша
құралдарының қоры керек. Салықтар, мемлекеттік несие ақша шығару несие
эмиссиясы арқылы мемлекет ақша құралдарын өкімет аппаратын армияны және
өзінің функцияларын қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекет әрқашанда қаржылық қатынастардың міндетті субьектісі болып
табылады. Бұл көптеген ғалымдарға қаржылық керектігін игеруде мемлекеттің
рөлінің жоғарлатуына мүмкіндік береді. Э.А. Казновскиілдің айтуынша
қоғамдық өндірісінің мемлекеттен тыс басқа субьектілерді қаржылық емес, тек
ақшалай шаруашылық жүргізеді. Мемлекеттік дәстүрі функцияларымен қатар,
шаруашылық процестерді реттеу бойынша көптеген экономикалық функцияларды,
да атқарады, сондықтан ақша құралдарын мемлекеттке орталықтандыру деңгейі-
өте-жоғары-мемлееттік бюджет ақша қазір ЖҰӨ-ң 10% және ЖІО-ң 20% қайта
бөлінеді. (Қазақстан бойынша)
Мемлекет мұндай үлкен көлемді ақша құрамдарының жинақталуы соңғы
уақытқа дейін - өндіру процесін іске асыруға өндірісті дамытудың беделді
бағыттарын қаржыландыруға, ғылыми техникалық прогреске, яғни әлеуметтік
бағдарламаға жұмсалады. Қаржы табиғаты құнының ақша түріндегі қозғалсынан
пайда болады. Бұл қозғалыстың шарттары болып тауар ақша қатынастарының бар
екендігі және экономикалық заңдардың, оның ішінде құн заңының барлығы
табылады. Осы уақытқа дейін социализм кезінде бұл факторладың қозғалысы
шектеулі болуы жұмысшы күші тауар болып саналған жоқ, өндіріс құралдары
орталықтанған матиралдық техникалық жабдықтау арқылы бөлінеді және т.б. бұл
істердің барлығының жоспарланған түрде мемлекеттердің болуы тоқырауға алып
келеді. Монопализм пайда болып,тұтынушыны таңдау жасаудан бас тарқызды,
сапаны жоғарлатуға бағыт жасалады.
Нарықтық жағдайда экономикадағы тауар – ақша қатынастарын реттеудегі
мемлекеттік рөлі біршама төмен, мұнда негізгі реттеуінде басып сұраныс пен
ұсыныс, жұмыс пен қызмет саналады.
Тауарды өндіру негізінде тауар өндірушілердің экономикалық
негізделетін шартталған қоғамдық еңбек бөлнісі жатады. Олардың әр қайсысы
әр түрлі матералдық заттай өндіріс факторларының деферинциясы жағдайында
өнім өндіреді, тіпті аналогиялық тауарлар да әр түрлі шығындар мен
өндіріледі. Бұларды реттеу ақша арқылы, оның ішінде қаржы арқылы жүзеге
асырлады. Тауарсыз қатынастарда қаржының болуы мүмкін емес. Себебі қаржы
тек қана тауар – ақша тауар қатынастарының субьектісі болып табылады.
Қаржы - өндіріс категориясы, себебі олар өндіріс процес кезінде
өндірістік қорлардың айналымын қамтамасыз етеді.
Бұл концепциясының жақтаушылардың пікірі бойынша: - Қоғамдық
өндірістің барлық стадиялары бір – бірімен тығыз байланысты:
- Қаржы материалдық өндірісті, айналым сферасын және
тұтынуды қамтамасыз етеді.
- Қаржы – қоғамдық өнім қозғалысының барлық
стадиясында қолданылатын әмбебат бақылау аспабы;
Сонымен қатар нарықтық экономика жағдайында қаржы: ынталандыру және
реттеу қызметін атқарады. Реттеу қызметі – экономикалық дамытудағы
реттеудің мемлекеттік тәсілімен жүргізуінде пайда болады.
Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әр түрлі экономикалық
жеңілдіктерімен дотация ретінде жүзеге асырлады.
Бөлу функция арқылы ЖҰӨ және оны басты бөлігі УП-ге бөлінеді және
қайта бөлінеді, сонымен қатар УБ (мысалы мемлекеттік мүлікті реализациялау
операциялары) да бөлінеді. Бастапқы бөлу кезінде жалпы қоғамдық өнімнің
жалпы қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орналастыру қоры бөлініп алынады.

1.2 Қаржы жүйесі және оның ұйымдық қағидаттары
Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды
білдіру үшін қолданылатын термин:
а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен
буындарының жиынтығы;
ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық
қызметтерінің барлық бөлімдіері жатады.
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін
реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және
оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашалықты қаржыландыру мен несиелендіруге
байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің
ұғымы кейде тар мағынада тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы
ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі
бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте
іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы
екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім. әдетте, тек
бір ғана буынмен мемлекетпен бюджетпен шектелуі. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы
КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлкеттік бюджет пен жергілікті
қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономмикалық функцияларын
орындап отырды.
Жүйе термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерийлері
бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс-қимылын білдіреді.
Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік
сипатамасын, оның қоғамдық-эконмикалық процестегі орнын негіздей отырып,
қаржй жүйесі сыныптамасының қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес
қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) Ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы ақпарты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арсаында пайда болатын
экономикалық, ақша қатаынастарының жиынтығы қаржы қатынастары құрайды.
Қаржы қатынастары негізіне мынадай екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекетті орталықтандырылған
ақша
қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша
қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы
айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастарын өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік
қатынастар болып табылады, оның құнды бөлу ең алдымен субъеектілер бойынша
жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржы
қаржы қатынасы жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпаты жүйе болып табылады, оған кіретін
элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы
жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сіре алмайтындығымен сипатталады: қаржы
бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы
қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің
функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын
жүйе болып табылады. Қаржыларда функционадық қосалқы жүйелер ретінде
мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сытқы экономикалық, қаржы
жоспарларының (болжамдарының), қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз
етілуінің және басқа қосалқы жүйелері.

II БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 Қаржы механизмінің жүйесі

Нақтылы нысандар деп жоспарлана алатын, түрін өзгерте алатын, есепке
алатын категориялар ұғынылады. Нақтылы нысанда – бұл экономикалық
категориялардың іске асу нысандары. Жалпы қаржылар арқылы емес, бірақ оның
нақтылы нысандары (қаржылық қосалқы категориялар) – бюджет, кірістер,
шығыстар арқылы экономикалық заңдарды адамдар өз мақсаттарна пайдаланады.
Бұл мағынада жоғарыда аталған нақтылы нысандар ұдайы өндіріс процестерін
басқарудың құндық категориялары болып табылады.
Әдіс – бұл басқару функцияларын орындау жөніндегі іс-әрекеттердің
тәсілі, әрі бұл жағдайдағы анағұрлым ұтымды тәсіл. Ықпал ету әдістері
белгілі бір категориялардың ішкі мағынасындағы (бағадағы, қаржыдағы,
табыстағы, пайдадағы, салықтардағы, кірістердегі және басқалардағы)
экономикалық заңдардың көрінісінің әр түрлі нысандарына қолданылады.
Экономикалық реформалар мен нарықтық қатынастар тұтқалардың іс-
әрекетінің жүйесі болып табылатын қаржы механизмінің құрылымы мен
элементтеріне әсер етпей қойған жоқ.
Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайында сапалық жағынан жаңа
қаржы механизмі қолданылады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
халықтық бюджет жүйесімен, сақтық компанияларымен өзара қарым-қатынастарына
қатысты.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарның барлық жақтарын
қамтиды. Сондықтан пәрменді жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің
көмегімен өндірске белсенді ықпал жасау, оның тиімділігін арттыру және
экономиканы өсіру үшін оны қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Қаржы механизмін оның қоғамдық ұдайы өндіріске ықпал жасауы
тұрғысынан қарағанда оның функционалдық буындары: ресурстарды жұмылдыру,
қаржыландыру, ынталандыру және т.т. бөлініп шығарады.
Қаржы механизмі элементтерінің – қаржы қатынастарын ұйымдастаырудың
нысандарының, түрлерінің, әдістерініңүйлесуі қаржы механизмінің
конструкциясын құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық
параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелерін белгілеу
жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін,
шығындардың деңгецін және басқалады анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі.
Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан-алуан әдістері қаржы
механизмінің ең бір бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшырайды
өндірісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты (пайданы) бөлудің әдістері
және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің ара қатысы әлденеше
рет өзгерді, салықтардың мөлшерлемері түзетілді және т.т.
Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі
қайта құрылды. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты – нарықтық
қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын
қүшейту, қаржы ресурстарыпайдаланудың тиімділігін арттыруда қамтамасыз ету.
Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықтыа қаржылық өзара
байланыстарда ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол
жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың,
аймақтардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз
етеді.
Мемлекеттің қаржы механизміне түбегейлі өзгерістер енгізілді.
Мемлекеттік бюджет кірістерінің қалыптасуы салықтық негізге көшірілді,
бюджет шығыстарының құрылымы мен қаржыландыру жүйесі қағидалы түрде
өзгереді.
Қаржы механизмін қайта құру процесі тиісті база жасаумен қосарлана
жүргізілуде. Соңғы жылдары Парламент қаржы қызметінің құқықтық негізін
қалайтын бірқатар заңдар қабылдады. Оларға мемлекеттік кәсіпорындар туралы,
шаруашылық серіктестіктері туралы, шетелдік инвестициялар туралы, жаңа
салық кодексі туралы және басқа заңдарды жатқызуға болады.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан
өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы қойылған қаржы механизмінің көмегімен
өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және
экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.

2.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың аймақтардың және жалпы
мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және
пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың
ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы
жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша
сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа
бөлінеді: орталықтандырылған (жалпымемлекеттік) және орталықтандырылмаған
жоспарлар.
Орталықтандырылған қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы
ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге
асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан құрама жоспарлар болып табылады, бірақ
бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сондай-ақ министрліктердің,
ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар
қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың ведомствоның шегінде
ғана жобалайтындықтан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін талдау
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Мемлекеттің бюджеттік құрылысы
Қазақстанның қаржы механизмнің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуына талдау жасау
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен әлемдік тәжірибені салыстыра отырып зерттеу
Пәндер