Қазақстан Республикасының сауда ұйымына кірудегі маңызы



КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САУДА ҰЙЫМЫНА
КІРУДЕГІ МАҢЫЗЫ
1.1 Қазақстан Республикасының сауда ұйымына көшу барысы 5
1.2 Қазақстанның сыртқы сауда ұйымына кірудегі басты мәселе. отандық өнім өндірушілердің бәсекегеқабілеттілігін жетілдіру жолдары 8
1.3 Халықаралық сауданы ырықтандыру және БСҰ.мен келісім 13
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 БСҰ.ға кіру шарттары мен заңнамасы 15
2.2. Қазақстанның сыртқы сауда ұйымына кіру міндеттері 25
3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА КӨШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1. ДСҰ талаптарының бірі . халықаралық стандартқа көшу 27
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31
ҚОСЫМШАЛАР 33
Қазіргі экономиканың қалыптасу тарихына жасалатын шолу - ҚР-ғы кәсіпорындарды стандарттау жүйесіне көшіру. Себебі, ол осы ғылымды дамытуда ерекше роль атқарған экономиканың дамуының өткені және бүгінгі кезеңдерімен, сондай-ақ оның аса маңызда бағыттарымен де тікелей байланысты болуын қамтамасыз етеді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі: Қазіргі нарықтық экономикада зерттелген мәселенің бірі – сыртқы сауда ұйымына көшіру. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтағы барлық елдердің өзінің даму деңгейі мен экономикалық жағдайының сипаты тұрғысынан әртүрлі күйді кешумен түсіндіріледі. Сондықтан экономикалық теорияда қоғамның даму сатысындағы құбылыстардың басты көрсеткіштеріне толық ие бола ие қойған жоқ.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САУДА ҰЙЫМЫНА
КІРУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасының сауда ұйымына көшу барысы 5
Қазақстанның сыртқы сауда ұйымына кірудегі басты мәселе- отандық өнім
өндірушілердің бәсекегеқабілеттілігін жетілдіру жолдары 8
Халықаралық сауданы ырықтандыру және БСҰ-мен келісім 13

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІН
ТАЛДАУ
2.1 БСҰ-ға кіру шарттары мен заңнамасы 15
2.2. Қазақстанның сыртқы сауда ұйымына кіру міндеттері 25

3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА КӨШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1. ДСҰ талаптарының бірі - халықаралық стандартқа көшу 27

ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31
ҚОСЫМШАЛАР 33
КІРІСПЕ

Қазіргі экономиканың қалыптасу тарихына жасалатын шолу - ҚР-ғы
кәсіпорындарды стандарттау жүйесіне көшіру. Себебі, ол осы ғылымды дамытуда
ерекше роль атқарған экономиканың дамуының өткені және бүгінгі
кезеңдерімен, сондай-ақ оның аса маңызда бағыттарымен де тікелей байланысты
болуын қамтамасыз етеді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі: Қазіргі нарықтық экономикада зерттелген
мәселенің бірі – сыртқы сауда ұйымына көшіру. бұл дүниежүзілік
қауымдастықтағы барлық елдердің өзінің даму деңгейі мен экономикалық
жағдайының сипаты тұрғысынан әртүрлі күйді кешумен түсіндіріледі. Сондықтан
экономикалық теорияда қоғамның даму сатысындағы құбылыстардың басты
көрсеткіштеріне толық ие бола ие қойған жоқ.
Зерттелу мақсаты мен міндеті:
* Жалпы білім дәрежесін көтеру;
* Кәсіпорынның даму дәрежесін көрсету;
* Стандарттау жүйесіне көшу;
* Стандарттау жүйесінің дамуының жүзеге асыру жолдарын көрсету;
* Экономика тарихында стандарттау жүйесіндегі мәселенің бағыттарындағы
рөлін зерттеу.
Жұмыстың орындалу әдісі: Жұмыс ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдеріне
негізделді. Ғылыми кітаптар жүйелі пайдаланылды.
"БСҰ-ға кіру - бүгінгі күннің басты тақырыбы. Бұл ұйымға кіру дәл қазіргі
күні қажет болмағанымен, жақын болашақта оған кірмеске амалымыз қалмайды.
Оған себеп, Қазақстан экономикасы соңғы 5-6 жылда 9-10 пайыз көлемінде
тұрақты өсіп отыр. Сол үшін бізге келешекте жаңа сауда нарығы қажет болады.
Сондықтан мен сіздерден осы мәселеде Қазақстанның рөлі туралы жан-жақты
пікірлеріңізді білдірулеріңізді сұраймын. Өйткені бұл Қазақстанның әлемдік
экономикаға ықпалдасуы жолындағы дәйекті қадамы. Ашық нарықтық экономика
жолын таңдай отырып, біз экономикамызды ырықтандырып, әлемдік қоғамдастық
тарапынан ұсынылған құрылымдық реформаларды оңтайлы түрде жүзеге асырдық
және алдағы уақытта да жүзеге асыра бермекпіз. Шынын айтқанда, мұның өзі
өте қысқа мерзімде кез келген дамушы елдердің қолынан келе беретін шаруа
емес", деді Елбасы өз сөзінде. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдеріне
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу аса маңызды.
Қырғызстанның БСҰ-ға мүше болып қойса, Қазақстан мен Ресейдің аталған
халықаралық ұйымға мүшеліке өту мәселесі ақырғы кезеңіне шықты. ЕурАзЭҚ-қа
мүше өзге елдер БСҰ-ға ену бойынша келіссөздер жүргізуде. Елбасының
айтуынша, қазіргі таңда ЕурАзЭҚ-ты дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған
басым бағыттарын жүзеге асыру аясында сарапшылар Кеден одағын құруға
қажетті бірқатар құжаттарды әзірлеген. Бұл мәселе шағын құрамдағы
кездесуде өте тиянақты талқыланды. Және біз бұл құжаттарды қол қоюға
дайындайтын болып келістік, деді Президент.
Елбасының сөзіне қарағанда, осыдан кейін барып ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің
БСҰ-ға мүшелікке енуі бойынша, келіссөздерінің барысы ескеріле отырып,
жоғарыда айтылған құжаттарға қол қою туралы шешім қабылданатын болады.
Осыған байланысты БСҰ аясында кабылданып қойған міндеттемелерді ескере
отырып, ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттердің келіссөздер ұстанымын келісу бойынша
жұмысты жандандыру қажет. Н. Назарбаев сонымен қатар БСҰ-ға бұрын еніп
қойған ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттердің аталған халықаралық ұйымға қосылу
процесінде қоғамдастықтың өзге де елдеріне қолдау көрсетуі аса маңызды
екенін айтты.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САУДА ҰЙЫМЫНА
КІРУДЕГІ МАҢЫЗЫ
1.1 Қазақстан Республикасының сауда ұйымына көшу барысы

Қазақстан БСҰ-на өту мерзімі жақындаған сайын, эконмиканың тиімділігі
мен өнім сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейтесті бола түсуде.
Сондықтан, Қазақстандық өнімдердің сапасын стандарттау және басқару
тұрғысында үйлестіру өте жауапты қазмет болып табылады. Стандарттау мен
сертификаттау бұл өнім істеп шығару және оның сапасы бойынша әлемдік
тәжірибеге өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы
бәсекеге даярландыру ең тиімді әдісі болып табылады. Қазақстанда өнімдерді
және қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және нормативтік
құжаттарды міндетті түрде жүзеге асырылуын индустрия және сауда
министрліктері қадағалап отырады.
Ең алғаш рет әлемдік тәжірибе 1986 жылы өнеркәсіпте және салалық
бизнесте сапаға байланысты халықаралық стандарттау ұйымы нақты сипаттама
енгізді. Дамыған 50 ел қатарына қосылу бағдарламасына стандарттау жүйесіне
көшу. Өнім сапасын қажетті мүмкін деңгейге дейін арттыру, халықаралық
сахнада Қазақстанның жауапты, сенімді серіктес екендігін нақты дәлелдеу,
жаңа сатыға көшу, елдің әл-ауқатын жақсарту, қабілеттілікті арттыру, өнімді
стандарттау мен сертификаттау экономикалық, өнеркәсіптің, ғылымның,
сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің
индустриялдық дамуының негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының
индустриялдық - инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысындағы
эконмикалық өзгерістер, еліміздің БСҰ-ға кіру мәселесі осы кезге дейін
қалыптасқан өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін өзгертуді талап етеді.
Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық тәжірибеде қолданылатын нормаларға
сәйкес келтіру қажет.
Қазіргі уақытта, осы айтылған іс-шараларды ҚР-ның индустрия және
сауіда министрлігі құрамында стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі комитет республика аймағындағы қолданбалы жұмыстарды іске асырып
Қазақстан метрология институты республикалық, мемлекеттік кәсіпорын және
құрамындағы маман метрологтар жұмыс істейтін кәсіпорындар мен мекемелердің
300-ден астам метрологиялық қызметтері бар. Осылардың ішінде заттар мен
материалдық құрамы, стандарттық үлгілердің ауқыты мен жиілігін,
экологиялық, гидрохимиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулерді жүзеге
асыратын мамандандырылған қызметкерлер бар.
Аталған қызметтер мәліметтер бойынша, қазіргі кезде 12 832
кәсіпорынның тек қана 116-сы, яғни 10,9%-і ҚР Мемлекеттік сертификаттау
жүйесінде сапа басқаруы сертификатталған. Енді бар болғаны 94 кәсіпорын
сапа жүйесін енгізуге дайындықтарын жалғастыруда. Стандарттау,
сертификаттау және метрология жөніндегі комитет 13000-нан астам халықаралық
стандарттарға еселік етеді. Оның тек 288-і, яәни 2,2% ғана отандық
кәсіпорындар талабына сай келеді. Машина жасаумен айналысатын 1400
кәсіпорынның тек қана 14-і ИСО 9000 сериясының талапқа сәйкес сапа
жүйесімен сертификатталған. Бұл жағдай машина жасау сапасының халықаралық
бәсеке былай тұрсын, Қазақстан ішіндегі бәсекеге жауап бере алмайтындығын
көрсетеді.
1994 жылы алғаш рет енгізілген ИСО-9000 стандарттау жүйесін үш топқа
бөліп қарастыруға болады:
1. Базалық
2. Стандартты қолдау
3. Басшылыққа әдістемелік нұсқау
Бүгінгі таңда ИСО-9000: 2000 атты ИСО стандартының жаңа редакциясы
дайындалуда.
Қазіргі кезде, әлемдегі экономикада бәсекелестікке қабілетті өнімдер ИСО-
9000, ИСО-14000 сериялары бойынша сертификатталған болып, 500 мыңнан
компаниялар ИСО сапа басқару жүйесімен жұмыс істейді.
Қазақстанда қазіргі кезде бұл салада жоғары жетістіктермен жұмыс істеп
отырған кәсіпорындар да баршылық. Мысалы, Петропавл қаласындағы
электроизоляциялық материалдар істеп шығару кәсіпорны (TOO ГШЭИМ) өз
өнімдерінің 80%-ін шетелге шығарады.
Петропавл қаласындағы ауыр машина істеп шығару зауыты Қазақстанда І-ші
болып халықаралық ИСО - 9001сапа сертификатын алған. Қазір осы зауыт мұнай
бұрғылау кәсіпорындарында техникалық құрал-саймандар мен теміржол
магистралдары үшін қазіргі заманғы құрал-жабықтар мен техникалық
инструменттер даярлап береді. Зауыт өнімдеріне Англия, Жапония және басқа
да дамыған мемлекеттерден сұраныс жыл сайын көбейіп келеді. Алда
Қазақстанның бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруге дайындығы аясында отандық
өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыруға маңыз бере отырып, облыста
кәсіпорындарды сапа мен қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық ИСО сериялы
9000 және 14000 стандартына жеделдетіп көшіру жөнінде белсенді жұмыстар
жүргізілді. Жыл қорытындылары бойынша ИСО халықаралық стандартына сәйкес
Ақтөбе облысының 29 кәсіпорыны сертификатталды, 7 кәсіпорын соны
енгізуге дайындық үстінде.
Сертификация ұғымына тоқталып кетелік, оны латын тілінен аударғанда
(sertifico) - куәландырамын деген мағынаны білдіреді немесе латынның екі
сөзінен certum - дұрыс және facere — жасалған сөздің бірігуі нәтижесінде
құралған.
Сертификация - өндіріс қызметінің, тауардың, қызметтің нәтижесінің
нормативтік талаптарға сәйкес келуін куәландыратын процедура және оның
қойылған талаптарға сәйкестігін 3-ші жақ құжат ретінде растайды.
Сертификаттау екіге бөлінеді: міндетті және еркін.
Міндетті — Бұл экономиканың заңды реттелетін аумағында жүзеге
асырылады. Міндетті сертификацияны өндірісі дамыған елдердің барлығы
қоғамды және азаматтарды денсаулыққа, мүлікке, қоршаған ортаға зиян
келтіретін тауарлар мен қызметтерден қорғау құралы ретінде қолданылады.
1.2 Қазақстананың сыртқы сауда ұйымына кірудегі басты мәселе-
отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары

Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда
бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде (Бүкілодақтық
сауда ұйымы) БСҰ-ға кіру мақсаты көзделіп отыр. Қазақстанның БСҰ-ға кіруі
жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы
сауда режимін реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ
нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде деп,
Елбасымыз 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты халыққа жолдауында атап
көрсетті. БСҰ-ға кіру шеңберінде біздің экономикамызды құрайтын ұлттық
өнімдеріміздің басты мәселесі халықаралық стандартқа сәйкестігі.
Бүгінгі таңда өндірістің рыноктағы қажеттілігі мен бәсекеге
қабілеттілігі шығырылатын өнім сапасына байланысты. Яғни сапаға бағытталған
тиімді басқару жүйесі болуы керек.
Қазіргі кезде халықаралық және салалық деңгейлерде өнім, қызмет
көрсету, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығын сақтау, сапасымен
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелер қолданылады және ISO
9000, ISO 14000, SA 8000, OHSAS 180001, HACCP, QS 9000, TL 9000 сияқты
стандарттар және ұсыныстармен жарияланған. Сапа менеджменті жүйесіне
сертификаттаудың болуы тек жетекші кәсіпорындармен бәсекелесуге мүмкіндік
беріп қана қоймайды, сонымен қатар әлемдік экономикаға есік ашады.
Отандық кәсіпорындар үшін сапа менеджменті мен экологиялық менеджмент
халықаралық стандарттарын қолдану халықаралық нарыққа шығу және шетелдік
партнерлермен ұзақ мерзімді қатынастар орнату негізі, сонымен қатар ішкі
нарықта қалу тәсілі болды.
Бүгінгі сертификация халықаралық саудаға септігін тигізуге арналғаны
көрініп отыр. Сертификацияның дамуымен сертификатталған тауарды кіргізу
үшін рұқсат алу мерзімдері мейілінше қысқаруда, қабылдаушы елде сәйкестік
сертификаттарын таныса, қайтадан тексеру талап етілмейді. Сертификация
сауда кілтіне айналды.
Халықаралық нарықта табысты жұмыс жасау үшін оның ережелерін игеру
және ол қоятын талаптарға сай болу қажет. ХСС сертификатының болуы - осы
нарық талаптарының бірі. Және ол жеткізуші елде танылатын сертификациялық
органмен берілуі керек. Бұның халықаралық нарыққа шығуы шетелдік
тапсырушылармен, түтынушылармен сенімсіздікпен қабылданатынын Қазақстандық
кәсіпорындар ескеруі маңызды.
Айта кету керек, сапа жүйесіне сертификатты алу ақау мен деффектінің
болмайтынына кепілдік бермейді. Көп нәрсе сапа менеджменті стандарттағы
құндылықтарды түсіну деңгейі мен стандарт ұсыныстарына жүзеге асыруға
тәуелді. Егер жетекші үшін бизнесте бастысы тек ақша болса, онда оған
тиімді сапаны басқару жүйесі емес, өзіне пайда әкелетін кәсіпорын беделін
көтеру үшін оған сертификат қажет. Тәжірибе көрсеткендей, кәсіпорындарда
сапа менеджменті жүйесін енгізу табысқа өзінің ішкі интелектуалды
ресурстарын толық пайдаланған жағдайда ғана әкеледі.
Кез-келген мемлекет экономикасы көбіне халықаралық байланыстар мен оны
жүзеге асырушы экспортына тәуелді.
Өнімді сертификаттау мен нарыққа кедергісіз жылжуын қамтамасыз етерде
туындайтын техникалық тосқауылдарды жою мақсатында аккредитатция бойынша
ұлттық органдармен сертификаттау жұмыстарын тану жүргізіледі. Бір уақытта
ұлттық арттыру жүйелері санының артуымен олардың айырмашылықтары анығырақ
белгіленуде. Бұл айырмашылықтар сәйкестікке сертификациялық тәжірибелер
жүргізілетін стандапттар сияқты, сертификация енгізуге негіз болған заңдар
мен сол сияқы сертификация ережелерімен және процедураларымен байланысты.
Бұл БСҰ мүшесі болып табылмайтын елдер үшін өте маңызды. Осыған байланысты
сертификацияның халықаралық саудадағы техникалық тосқауыл ретіндегі ролі
басқа. Сертификациялық тосқауылдар басқада себептер бойынша туындайды. Ішкі
нарықта шетелден келген тауарлардың енуінен сақтау ниеті мемлекеттің шарты
әкімшілік сертификациялау және бақылау ережелерін қолдануға әкеледі, бұл
шетелдік сертификаттарды тану тәртібінде көрінеді. Осылай біздің
республикамыздың кедендік кодексті қабылдау мен импортаушы кәсіпорындарға
өндіруші - елде сертификаттаудан өткен және бізде танылатын сертификаттары
бар тауарды әкелу тиімді.
Сертификаттау нәтижелерін мойындамау өнімді экспорттауда да көрінеді.
Қазақстанда сертификаттаудан өткен өнім тек ТМД-да қосымша сәйкестікті
нақтылау процедурасынан өтпей шығарыла алады, себебі Қазақстандық
сертификаттар тауарды алыс шет елге шығаруда мойындалмайды. Сондықтан
бүгінгі таңда тұрақты тауар экспорты мен айналысушы фирмалар өте қажет
болғанда өз өнімдеріне сертификаттауды ресейде сәйкесінше келісімі бар
органдарда немесе халықаралық нарықта мойындалатын халықаралық
аккредитацияланған өкілділіктерде рәсімдейді.
Айтылғандарды ескере отырып, біздің еліміздегі сертификаттарға сенімді
арттыру үшін сертификаттау, аккредитациялау нәтижелерін өзара мойындау
механизмін дайындау қажет.
Мұндай сенім егер аккредитациялау мен сертификациялау бойынша ұлттық
органдар бірыңғай ережелер мен нормаларды қолданатын болса пайда болады.
Бұл бағытта Қазақстанда тарифтік емес техникалық реттеу моделіне көшу
бойынша жұмыстар, жүргізілуде. Үлттық заң шығарушы және нормативтік
құжаттарды қайта қарау және оларды халықаралық талаптарға келтіру бойынша
үлкенде ұзақ жұмыс тұр.
Сертификациялаудың шетелде мойындалуына сертификациялық тосқауыл
саласында өзара кеңестер мен түсіндірулер өзара ақпараттандыруды қамтамасыз
ететін өзара мойындау туралы келісімдерге отыру септігін тигізеді.
Келісімдер сәйкестікті бағалау процедурасы мен оның нәтижелерін мойындау
мәселелерін қарастырады. Келісім негізінде бір жақ екінші жақтың
сәйкестікті дәлелдеу нәтижесінде алынған нәтижелерді қабылдайды.
Келісімдердің жалпы принципі ішкі өндіріс тауарларына қарағанда
импорттаушы өнім үшін қолайды жағдай қалыптасуы керектігінде. Бұл тарифтік
емес тосқауылдар мен оларды жою жолдарымен байланысты принцип тарифтер мен
сауда бойынша жалпы келісім жағдайларында көрініс табады.
Сертификаттау нәтижелерін өзара мойындау үшін ең тараған тәжірибе бұл
сертификаттау бойынша органдар арасындағы екі жақты немесе көпжақты
келісімге қол қою. Сонымен қатар, бұл принциптің кемшілігі мойындаушы
органдардың шектеулі саласы, сонымен қатар эксперттік бағалауға қаржылық
шығындар және келісімге отыру үшін қажет үлкен мерзімдер болып табылады.
Осыны ескере отырып, сертификациялау органдары нәтижесінде кәсіпорын
экспорттауға жол ашатын 2-3 серификат алатын біріккен сертификациялық
аудиттер жүргізуді тәжірибеден өткізу.
Халықаралық деңгейде аккредитациялық органдар арасында өзара мойындау
жүргізу көп таралуда. Ол тәжірибе аккредитациялау бойынша Халықаралық
форуммен (ІАҒ) ұсынылған. Мұндай процедурада сертификациялау органдары
сәйкесінше келісімге қол қойған органдар аккредитациялаудан өтеді, ал
олардың берген сәйкестік сертификаттары аккредитациялық органдардың көп
жақты келісімінің қатысушылары болып табылатын барлық елдермен танылатын
болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда ІАҒ Халықаралық ұйымына кіру бойынша
келіссөздер жүргізу жоспарланған. Бірақ бұл үшін заң шығарушы және
нормативтік базаны өнім, процестер (жұмыстар) және қызметтер қауіпсіздігі
саласында техникалық нормалаудың халықаралық тәжірибесімен сәйкестікке
келтіру қажет.
Сапа жүйелерін сертификаттау жұмыстарын мойындау мәселесін шешу үшін
сертификаттау бойынша Халықаралық желі (IQNet) құрылды, оған өзара
сертификаттарды мойындау келісіміне отырған әлемнің 30-дан астам елдерінің
сертификаттау органдары кірді. IQNet өз клиенттеріне әлемдік нарыққа тең
құқылы енуді қамтамасыз ететін халықараталық мойындалған құжат береді,
өзінің белгімен және тіркелген құжатымен дәлелдей отырып, оның мүшелері
түрлі елдерде жүргізіп жатқан сертификациялауларды маркетингтік қолдауды
жүзеге асырады.
ТМД елдері үшін 1992 жылы қабылданған стандарттау, метрология және
сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы Келісім
сертификаттау бойынша қызметтің бағытын анықтайтын негізгі құжатқа айналды.
Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Халықаралық кеңес
мүшелері өзара шығарылатын өнімге сертификаттау органдары мен сынау
лабораторияларының сынаулары мен сертификаттау нәтижелерін, сертификаттар
мен сәйкестік белгілерін өзара мойындау туралы келіскен. Нормативтік базаға
Келісімнің қатысушы мемлекеттерінде мойындалған, мемлекетаралық актілер
айналды. Әрбір жақтың өз территориясында сертификатталған өнімді
инспекциялық бақылау құқығы бар.
Импорттау елде сертификация талаптарын бұзушылық табылса, стандарттау,
метрология және сертификаттау бойынша ұлттық орган өз елінде
сертификаттауды мойындауды уақытша тоқтата алады және бұл туралы
импорттаушы елдің ұлттық органына және Мемлекетаралық стандарттау кеңесінің
техникалық секретариатына хабарлауы керек.
Мемлекетаралық стандарттау кеңесінің аймақтық деңгейде сертификаттау
және аккредитациялау жұмыстарын реттеу мақсатында Келісімнің қатысушы
мемлекеттері үшін бірыңғай талаптар орнататын мемлекетаралық нормативтік
құжаттар қабылданады. Бұл құжаттар біртекті өнім тараптарын және кейбір
қызмет түрлерін сертификаттау тәртібін реттейді.
Бүгінгі таңда мойындап немесе өзара мойындау мәселелері келесі
әдістеремен шешіледі:
* Халықаралық стандарттау жүйелеріне сертификаттау бойынша халықаралық
ұйымдар жұмысына қатысу арқылы;
* Ұлттық стандарттау органдарымен бірге сынаулар нәтижелері мен
сертификаттарды өзара мойындау келісімдер жасау арқылы;

* Шетелде техникалық орталықтар құру арқылы;
• Шетелдік сертйфикаттау органдары мен сынау лабораторияларын ұлттық
сертификаттау жүйесінде аккредитациялау арқылы.
Қазақстан экономикасын нарықтық реформалау мен оның әлемдік
экономикаға біртіндеп иитеграциясы бойынша халықаралық стандарттарға
сәйкестігінен сапа желілерінің сертификациясы көптеген кәсіпорындар үшін
қажетті болып табылуда.

1.3 Халықаралық сауданы ырықтандыру және БСҰ-мен келісім

Қазіргі кезде Қазақстан Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
жөніндегі келіссөздерді қарқынды жүргізуде және бұл процесс аяқталуға
жақын. Осы брошюра түтастай алғанда БСҰ жүйесін қысқаша таныстыруға, атап
айтқанда, адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді және
қоршаған ортаны қорғауға бағытталған оның екі келісімін таныстыруға
арналған.
Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымы - елдер арасындағы сауданың тәртібін
белгілейтін халықаралық ұйым. Оның қызметінің негізі халықаралық саудаға
қатысушы елдердің басым көпшілігі келіскен және қол қойған БСҰ келісімінен
бастау алады. Негізінен бұл мемлекеттер өздеріне соның шеңберінде
халықаралық стандарттар шеңберінде келісілген міндеттемелер алып сауда
саясатын жүргізетін халықаралық шарттар.
Бүкіл дүниежүзілік Сауда Ұйымы барлық елдердің алдынан әлемдік нарыққа
неғүрлым кеңінен қол жеткізудің мүмкіндіктерін ашады. Бүгінгі күні БСҰ 150
елді біріктіріп отыр. БСҰ-ның келісімдерімен және басқа заңдық құжаттарымен
тауарлардың және қызмет көрсетулердің бүкіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі
ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан. Қазақстанның ДСҰ-на қатысудан көретін артықшылықтары
ДСҰ және оның Қазақстан үшін маңызы
Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына кірудегі өзекті мәселелері
Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Шаруа (фермер) қожалығының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) ену жағдайындағы дамуы: Халықаралық құқықтық аспект
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
ДСҰ және Қазақстан
ДСҰға кірудің Қазақстан үшін маңыздылығы
Пәндер