Қазақстандағы банк жүйесі
Кіріспе
1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихы.
1.1.Банктің нарықтық экономикадағы рөлі.
1.2.Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі.
1.3.Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.
2. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
2.1.Банктегі негізгі тәуекел түрлері.
2.2.Банк жүйесінің 2.ші деңгейінің құрылымы.
2.3.Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі.
3. Қазақстандағы банк жүйесінің даму ерекшеліктері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді.
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы, 30.03.1995
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы, 08.02.2008 ж.
3. Н. Назарбаев Қазақстан - 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: Білім, 2006. - 176 бет.
4. Банковское дело: Учебник. /Под ред. В.И. Колес-никова, Л.П
5. Ғ.С.Сейітқасымов. Ақша, Несие, Банктер. Алматы. 2001ж.
6. Б.А.Көшенова. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы. 2000 ж.
7. Банковская реформа: поиск продолжается /Под ред. Б.И. Иришева. - Алма-Ата: Казахстан, 1989. - 111 с.
8. Банк ісі, Ф.Төлегенова, Алматы, Қазақстан, 2001ж
9. Банки и банкиры Казахстана: Информационно-ана-литический обзор. Спец. выпуск. Июнь 1999, - 100 с.
10.Вестник Национального банка Республики Казахстан за 1999 г. №1,2. 2000.
11. Гринберг И. Рубль, червонец, тенге. - Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
12. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов, «Кәсіпорын экономикасы», Алматы «Экономика», 2003ж
13. К.Ш. Дүйсенбаев, «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы, «Экономика», 2001.
14. К.Ш. Дүйсенбаев, В.Я.Горфинкеля «Экономика предприятий» Алматы «Экономика», 2003ж.
15. Қ.Н. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайберенов, А.Ә. Жантаева, «Қаржылық есеп» Алматы, 2000ж.
16. Н.П. Любушин, «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия» , М: ЮНИТИ – ДАНА, 2000г
17. «Қазақстандағы банктердің дамуы туралы», ҚР Заңы, 2001ж

ЖОСПАР
Кіріспе
1. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихы.
1.1.Банктің нарықтық экономикадағы рөлі.
1.2.Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі.
1.3.Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.
2. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
2.1.Банктегі негізгі тәуекел түрлері.
2.2.Банк жүйесінің 2-ші деңгейінің құрылымы.
2.3.Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі.
3. Қазақстандағы банк жүйесінің даму ерекшеліктері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру,
мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара
төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның
белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен,
шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын
қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының
дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың,
компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған
қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы
қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, банктер аралық қызмет атқарып, ақша
пиасасында тауарға айналатын жаңа талап мен міндеттемені қалыптастырады.
Міндеттеме талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін
құрайды. Банк – ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша
төлем рөлін атқарса, ал банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер
уқытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау,
клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге
несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару, т.с.с. өзіндік
арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік,
факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де
атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті және активті болып бөлінеді.
Негізгі пассивті операциялардың қатарына банктің өзіндік капиталы,
депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан қосымша ресурстар алу
жатса, ал негізгі активті оперцияларға банкаралық кредит беру, инвестицилық
қаржы бөлу, т.б. жатады. Қаржы секторы өскен сайын, Қазақстанның
экономикасы тек қана мұнай мен газға арқа сүйемейді.
Шетелдік капиталдың банк секторына келуіне біз Қазақстанға
көрсетілген сенім, қажетті қаржылық қолдаудың көзі және банк қызметінің
озық тәжірибесі ретінде қараймыз. Сондай-ақ күтпеген ахуалдарға қарсы
шапшаң іс-қимылдар жасау шараларының жүйесін әзірлеу міндеті де тұр деген
болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында.
Ол сондай-ақ ақпараттық технологиялар жүйесін жетілдіру, барыс-келіс
саудасын және өз елінің банк жүйесіндегі банктік тәуекел-менеджментін
дамыту бойынша еуропалық серіктестер іздестіру және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттіктің жұмысын баса көрсетті.
Қазақстанның банктік секторы өте серпінді дамып келеді. Оның
салыстырмалы шоғырлануы байқалады: 2005 жылғы қаңтарда Қазақстанда 35 банк
операцияларды жүзеге асырды, ал 1990-жылдарда олардың саны 230-ға жеткен
болатын. Қолданыстағы банктердің 16-сы НSВС, Сіtу Ваnк, Dеutsсһе Ваnк,
Rаіffеіsеnbаnк және басқа да банктердің бөлімшелері. Қазақстан банктері
жұмысты Ресейден, Қытайдан және Украинадан бастап, өз қызметінің
Қазақстаннан тыс жерлердегі географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Еуропада
Қазақстанның банктері еуропалық банктердің "кіші серіктері" болуға
тырысады.

Банк – ерекше кәсіпорын. Ол кәсіпорындардың, фирмалардың,
компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай, бос
тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру
арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Басты мақсаты пайда табуды көздеген банк
өнеркәсіп пен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне тарта
бастады.
Қазақстан Ұлттық банкінің қырағылық бақылауымен соңғы төрт жылда
шапшаң дамып келе жатқан банктік секторы ұзамай жаңа қадағалаушыға ие
болмак.
Осы оқиғаның келесі қадамы не берер екен?
Қазақстанның банктік активтері, бәлкім, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) үштен
бірін ғана құрап отырған болар, бірақ сектордын өзі соңғы төрт жыл ішінде
жылына 50 пайыздық карқынмен өсіп келеді.
"Ел жедел дамып келеді, - деп мәлімдеді осы елде жұмыс істейтін
батыстық үш банктің бірі, Қазақстаңдағы НSВС-нің Бас әкімшісі Рей Уэббер.—
Қазақстандық векселъдер көбінесе белгіленген бағадан асып түседі, ал бөлшек
сауданың активтері бас айналарлық жылдамдықпен өсіп келеді".
Қатаң бақылау — Қазақстан банкінің құпиясы, міне, осында.
Қазақстанның Ұлттық Банкі 90-жылдардын ортасындағы секторды тазарту
кезінде шешуші рөл атқарды. 2004 жылғы қаңтарда елдің қаржылық секторына
бақылау Қаржылық қадағалау агенттігіне, осы орғанның екінші мерзімге жұмыс
істеген кезінде Ұлттық Банк төрағасының орынбасарлығына тағайындалған
А.Сәйденовке берілді,
"Жергілікті банктерді басқару жақсы жүріп келеді және жақсы
капиталданған. Оларда батыстық банктердегідей қызмет көрсетулердің толық
секторы жоқ, бірақ олар ондай қызметтер көрсету үшін консервативтік
практиканы пайдаланады. Банктік бақылау өте қатаң тіпті мүлдем қатаң дер
едім, бірақ мен басқасынан гөрі осыны тәуір керемін", — дейді АВN Аmrо
Қазақстан филиалының менеджері Дуглас Кеннеди.
Бүтінгі күнде Қазақстанның кейбір нормативтері Халықаралық Есептесу
жөніндегі Банк (ХЕБ) ұсынып отырған нормативтерге карағанда едәуір қатаң.
Мәселен, ХЕБ негізгі капиталды қамтамасыз етудің 8 пайыздық ең төменгі
коэффициентін ұсынса, Қазақстанның Ұлттық Банкі 12 пайызды талап етеді.
Дамушы елдердің қаржы рыноктарымен салыстырғанда Қазақстан неғұрлым
басқаруға икемді банк секторына ие болып отыр. Мұндай үзілді-кесілділіктің
ерекшелігі дамушы елдер үшін бірегейлік болып табылатын, акционерлермен
байланысты қарыз алушыларға кредит беруге шек қойылатындығында.
Банктер Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін пайда болған аласапыран заманда
гүлденді. 1993 жылғы ең шарықтау кезінде олардың саны 230-ға жетті", —
дейді ING Саріtаl Маrкеts-тің талдаушысы Стефан Эванс. "Шарттар
белгіленбеді, қарыздар жіктестірілмеді және осы банктердің үлкен бөлігі
үкіметтік бағалы қағаздармен валюталық рыноктарда бактарын сынады", — дейді
Ұлттық Банктің басқарушысы Григорий Марченко.
1995 жылғы жаңа салық заңы банктердің белгілі бір резервтер
қалыптастыруына жағдай жасады. "Бұған дейінгі уақытта банк секторының
кірістілігі қолдан жасалып келді және үкімет осы кірістерден салықты қуана-
қуана сыпырып отырды.
Осының бәрін тексере келгенде, әлгі банктердің. көпшілігі шығынға
белшеден батып отырғандығы және жеткілікгі капитал тартуға немесе құруға
мүлдем қабілетсіз екендігі анықталды," — деп еске алады Г.Марченко.
Ондаған банктер банкротқа ұшырады және қызмет ету құқығынан айрылды.
Бүгінгі күні республикада екінші деңгейдегі 35 банк калды. Басты-басты
төрт банк осы жүйенің барлық активтерінің 60 пайызы үшін жауап береді.
Бәрінен ірісі 2,3 миллиард доллары бар Казкоммерцбанк болып табылады. Оның
негізін салушы — Нұржан Сұбханбердин, тиімсіз кеңестік практикадан бас
тартқан және ең үздік үміткерлерге жауапты жұмыс пен шынайы өкілеттік
берген кезде, оларды батыстық көзқарасқа бейімдей білген алғашқы қаржыгер
болды.
Банк 1994 жылдан бастап ІАS есеп шоттарын жариялады және 1997 жылы
халықаралық саудаға өзінің акцияларын шығарған қазақстандық алғашқы ұйым
болды.
Биылғы жылы ЕҚДБ 30 миллион долларға 15 пайыздық үлесін сатып алды.
Қалған үлестерін банктің топ-менеджменті иемденіп отыр.
1,9 миллиард доллар активі бар келесі ең ірі банк — Тұран Әлем Банкі
болып табылады. Ол 1997 жылы, Ұлттық Банк банкротқа ұшыраған мемлекеттік
екі банктің бірігуіне рұқсат берген кезде құрылды. Бүгінде Австрияның
Rаffеіsеn-і оның 10 пайызын сатып алған және 20,12 пайызы оның төрағасы
Ерлан Тәтішевтің иелігінде.
Ең ірі төрт банктің үшіншісі Халық Банк Кеңестік Жинақ Банкінің
қазақстандық болімшесінен қайта құрылған. Соңғы 30 пайыздық үлесін мемлекет
тек 2003 жылы сатты.
АТФ Банк - ең ірі төртінші банк. Оны 1995 жылы екі банк -Нидерландияның
МееsРіеrsоn банкі мен Голландияның Даму Банкі бірлесе отырып құрған
болатын. Ғоrtis МееsРіеrsоn -ды сатып алған кезде, ол өз бөлігін Қазақстан
банкіне сатты. "Біз голландиялық тәртіп пен мәдениетті сақтадық", — дейді
төраға Тимур Исатаев.
Алғашқы кезде банктер корпоративтік клиенттер маңына шоғырланды, бірақ
соңғы бірнеше жыл ішінде банктің ұсақ клиенттерге бағытталған қызметі
кеңейді.
"Біз төрт жыл бұрын бөлшек сауда желісін құра бастадық, Ол кезде біздің
мақсатымыз бөлшек салым депозиттерінен 20-30 миллион доллар жинау болған-
ды. Бүгінгі күнге дейін біз 500 миллион доллар жинадық", — деп мәлімдеді,
Казкоммерцбанктің басқарушы директоры Мағжан Әуезов.
Қазақстанға банк капиталының және оның территориясында кредит
желісінің жасалуы 19 ғ-дың соңында басталды.
1. Банктің нарықтық экономикадағы рөлі.
Қазақстан Ұлттық банкінің қырағылық бақылауымен соңғы төрт жылда шапшаң
дамып келе жатқан банктік секторы ұзамай жаңа қадағалаушыға ие болмак.

Мәселен, ХЕБ негізгі капиталды қамтамасыз етудің 8 пайыздық ең теменгі

"Дамушы елдердің қаржы рыноктарымен салыстырғанда Қазақстан неғұрлым

Осының бәрін тексере келгенде, әлгі банктердің. көпшшігі шығынға
белшеден батып отырғандығы және жетісілікгі капитал тартуға немесе құруға

Ондаған банктер банкротқа ұшырады және қызмет ету қүқы-ғынан айрылды.
1.2. Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі.
Қазақстанда 1991 жылдан басталған банк реформасының нәтижесінде қос
деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары деңгейдегі Банк – Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі. Оның міндеттері, қызмет бағыттары, құқықтық
мәртебесі және уәкілеттілігі ҚР Президентінің ҚР Ұлттық банкі туралы Заң
күші бар жарлығында белгіленген. Ал өзге Банктердің бәрі банк жүйесінің
төменгі деңгейіне жатады. Олар Коммерциялық банктер деп аталады.
Ұлттық Банк инфляцияға қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерде қол
жеткізеді деп сенемін деді ҚР Президенті өзінің 8 ақпан 2008 жылғы
Жолдауында.
Басты-басты төрт банк осы жүйенің барлық активтерінің 60 пайызы үшін
жауап береді. Бәрінен ірісі 2,3 миллиард доллары бар Казкоммерцбанк болып
табылады. Оның негізін салушы — Нұржан Сұбханбердин, тиімсіз кеңестік
практикадан бас тартқан және ең үздік үміткерлерге жауапты жұмыс пен шынайы
өкілеттік берген кезде, оларды батыстық көзқарасқа бейімдей білген алғашқы
қаржыгер болды.

АВN Аmrо-ның басшысы Д.Кеннеди: "Бұл өсім бөлшек сауданың соңына түсу
емес, керісінше, ойластырылған, әбден есептелген қадам болып табылады", —
деп есептейді.
Т.Исатаев: "Біз рейтингілік агенттіктердің мазасын кетіре отырып өте
тез өсіп келеміз. Олардың банктік кредиттік портфельдердің қаулап өсуіне
және тәуекелге жол берген кезде басқарудың озық әрі неғұрлым қатаң
тетіктерін құру қажеттігіне сілтеме жасауы дұрыс", — дегенді айтады.
Соңғы екі жылдың ішінде банк жүйесінің менеджменті жұмыс тетіктерін
жақсартуға жұмылдырылды. "Енді біз шырқау биікте тұрмыз", — дейді
Т.Исатаев. Ұлттық банк 2007 жылға дейін Еуропалық Одақ бойынша қаржы
секторын үйлесімдендіру қаулысын енгізгісі келіп отырғанда, "бұл болмай
қоймайтын құбылыс", — деп жариялады Г.Марченко.
1.3. Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.
Казақстандағы батыстық банктердің жұмысы осыған дейін ойдағыдай жүріп
келеді.
АВN Аmrо, Сіtigrоuр және НSВС басты мемлекеттік және корпоративтік
институттарға төмен ставкалармен қарыздар беруден қыруар пайда тапты. Енді
елдегі банктік активтердің 6,5 пайызы солардың билігінде.
Бөлшек саудаға көшетін уақыт болды ма? АВN Аmrо-ның өкілі Дуглас
Кеннеди бұлай деп ойламайды. "Қазіргі кезде адамдардың қазақстандық
тәуекелге қол жеткізуге қызығатындарына" қарамастан, егер еш нәрсе
өзгермесе, соның өзі жақсы болмақ деп есептейді ол. "Біз Қазақстан
корпорацияларын қарыздық бағалы қағаздар рыногына тарту жоспарында көшбасшы
болып қала береміз", — деп мәлімдеді ол. Голландия банкінің Қазақстан
мұнайының астанасы Атырау қаласында филиалы бар. Биылғы жылы банк батыстық
банктің Астанадағы алғашқы өкілдігін ашады.
НSВС-ның Қазақстандағы басшысы Рэй Вебер "'Біз мұнда бұдан бес жыл
бұрын келдік, қазір біздің активтеріміз 180 миллион долларды құрайды. Біз
әлі бұл елге жайғасып болған жоқпыз. Біздің, айталық, шағым кәсіпкерлерге
қарыз бере алатындай шамаға жетуіміз үшін, уақыт керек", - дейді.
Бірақ бүгінде Қазақстан рыногына кіру бағасы бұдан бес жыл
бұрынғыдағыдан әлдеқайда қымбат.
Үкімет ҚБА және Ұлттық Банк тәуекелдерді басқарудың икемдігі сенімді
жүйесін құруы керек (Президент Жолдауы, 8.02.2008 ж)
Шет ел банктері Қазақстанға көз тіге бастаған уақытқа жеткенде, олар
жеткілікті бәсекелестік қабілеттің күшейгендігіне және рынок мөлшері
салыстырмалы түрде әлі де өз қалпында қалып отырғандығына қарай, айла-
шарғыға көбірек бара бастағандығын түсінді. Сондай-ақ егер де екінші және
үшінші деңгейдегі компанияларды алып қарайтын болса, олардың мөлдір емес
проблемасы, сондай-ақ бақылау және жеке меншік проблемаларымен тоқайласатын
боласың".
АТФ банктің төрағасы Т.Исатаев: " Күннен-күнге қаулап есіп келе жатқан
жергілікті компаниялар жергілікті банктермен жұмыс істейтін болғандықтан,
шет елдік банктер біршама оқшауланып қалады, — деп болжамдайды. - Шет елдің
банктері Қарағандыда немесе Павлодарда емес, Алматыда. Олар клиент іздеп
алысқа бармайды. Соған карамастан, рынокқа кіру билетінің қымбаттығы
болашақта шет елдік банктерді кеудеден итермейтін болады", — дейді ол.
Банкирлердің айтуынша, Қазақстанның кредиттік жетістіктері екі факторға —
банктік қатаң бақылау мен кредиттің жақсы тарихына байланысты. "Әзірге
ешқандай аса күйзелерліктей сәтсіздікке ұшырау бола қойған жоқ және
жұртшылықтың сенімін орнықтыру үшін мұның мәні зор". — дейді
Казкоммерцбанктің басқарушы директоры М.Әуезов.
Қазіргі кезде қазақстандық банктерге экономикадағы ақша капиталының
көбірек қозғалысқа түскені қажет. Польшада, мәселен, банктік сектор
қазірдің өзінде жалпы ішкі өнімнің 60 пайызына ие, бұл іс жүзінде
Қазақстандағы деңгейден екі есе артық деген сөз. Сонымен қатар, ол Чех
республикасында 100 пайызды құрайды. "Бізді әлі ұзақ жол күтіп тұр, дейді
М.Исатаев. Қазақстан банктерінің болашағы оның шекарасынан тыс жерлерде
екендігіне ол да, басқалар да сенімді.
Казкоммерцбанк қазірдің өзінде Мәскеудің (Москоммерцбанк) және іргелес
жатқан Қырғызстанның банктерін сатып алып үлгірді, одан Тұран Әлем Банк та
қалысар емес.
Бірнеше банк өздерінің өкілдерін банк секторлары олі жетіле қоймаған
Украина мен Өзбекстанға аттандырылты.
"Осы елдердің бір де бірінде батыстық банктер жоқ. Біз оларға өзімізде
табысқа жеткен шағын және орта кәсіпорынды кредиттеуді, бөлшек сауданы
ұсына аламыз, сондай-ақ біз корпоративтік банк ісінің ықтималдығын
қарастырмақпыз", — дейді М.Исатаев.
Қазақстан банктік секторының өсу қарқыны 50 пайызға жетті, ал ондағы
пайдаланып отырған технологиялар қызмет көрсету деңгейін жақсарту
мақсатымен қазіргі стандарттарға жақындап келеді. Қазақстанның ең ірі деген
сегіз банкі рынокқа тұрақты кредиттік карточкаларды шығарғалы жатыр және
2006 жылға жоспарланған Еurорау Маstеrсаrd Vіsа стандарттарына көшуге
дайындықты аяқтағалы отыр. Қазақстанда пайдаланылып отырған технологиялар
халықаралық банк секторының ең атақты компанияларының көмегімен енгізілген
болатын.
Елде 900-ден астам банкомат орнатылған, олардың үші Аmеrісаn Dіеbоld
компаниясында жасалған өнімдер, банкомат жаңа Орtеvа желісіне жатады, мұның
өзі банктік өзіне өзі қызмет көрсету саласының қазіргі технологияларына
сұраныстың жоғары деңгейіне дәлел бола алады.
"Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген реформалардың арқасында,
Қазақстан банктік секторының өсу қарқыны 50 пайызға жуық жедел дамуды
бастан өткеріп отыр. Жаңа қызмет көрсетулер ұсынылуда, бұл технологияларға
инвестициялардың өскендігін көрсетеді. Қазақстан ЕVМ стандарттарына көшуге
ойдағыдай дайындалуда. Қазақстан — ол Diebold Іntеrnаtіоnаl компаниясы үшін
өлшеусіз мәні бар жедел өсіп келе жатқан рынок", — деп түсіндіреді, Diebold
Іntеrnаtіоnаl компаниясының президенті Марк Хилдок.
Қазақстанда 3 миллионға жуық банктік карточкалар айналымда жүр. Бірінші
орынды Аmеrісаn Ехрress компаниясының карточкалары алады. олардың рыноктағы
жалпы саны 1,39 миллион. Одан кейін 2003 жылы жалпы саны 1,3 миллионға
жеткен Visa Іntеrnаtіоnаl компаниясының карточкалары келеді, бұл
компанияның тауар айналымындағы 2 миллиард доллардың баламасы болып
табылады.
Маstеr Саrd және Dіnеrs Сlub кейбір жергілікті банктермен бірге (JСВ
компаниясы өзінің Қазақстандағы қызметін әлі өрістете қойған жоқ) рыноктың
қалған бөлігін алады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы карточкалардын 93 пайызы дебеттік үлгідегі
карталар болып табылады. Айналымда сонымен қатар аралас үлгідегі
карталардың (кредит пен дебет) аздаған саны жүр.
Елде тауарларды банктік карталармен төлеу бойынша 4299 терминал жұмыс
істейді. Есептесудің осы түрін 2206 дүкендер мен компанияларда қабылдайлы.
Қазақстанның банктік карточкалар рыногын үш компания: Казкоммерцбанк,
Қазақстаннын Халық Банкі және Тұран Әлем Банк бақылайды, олар айналып
келгенде операциялардын 83,4 пайызын бақылайды.
"Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері біздің Орталық
Еуропа елдеріндегі өмір сүру деңгейіне жақындай түсуімізге мүмкіндік
береді. ал Онтустік-Шығыс Еуропа елдерінің алдына түскеніміз өз алдына.
Қазақстан ұлы жетістіктерге жетуге дайын екендігін және қазақстан халқы
қиындықтарды жеңуге дайын екендігін біз қазірдің өзінде дәлелдедік", — деп
түсіндіреді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
2. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің реформасын ойдағыдай өткізді,
әлемдік экономикалық қауымдастыққаа батыл қадаммен енді және Шығыс Еуропа
елдеріне жақындай отырып, қаржы дамуының көптеген параметрлері бопынша ТМД
елдерінен алда келеді. Бүгінгі күні теңге ТМД елдерінің ішіндегі ең тұрақты
валюта ретінде танылған. Соңғы жылдары Қазақстанда ақшаның құнсыздануы 4-6
пайыз шегінде құбылып тұр.
Соңғы бес жылда Ұлттық Банктің алтынвалюталық активтері айтарлықтай
өсті - халықаралық резервтері бір жыл ішінде 4958, 9 миллион долларға дейін
өсті,
"Мооdу'S Investors Servicе" рейтинг агенттігі Қазақстанға ВааЗ
инеестициялық, деңгейіндегі кредиттік рейтингі берді. Бұл ТМД елдерінің
ішіндегі ең жоғары рейтинг.
Түтастай алғанда, бүгінгі Қазақстанның банк жүйесі 36 қаржы
институттарының басын құрайды.
Күннен-күнге жақсарып келе жатқан макроэкономикалық ахуалдың және жедел
экономикалық өсу қарқынының ықпалымен Қазақстан банктері тек соңғы 2 жылда
ғана кредиттеу көлемін жылына 40 пайыздан астам көбейтті. Осы уақыт ішінде
банк секторындағы резиденттердің депозиттері екі еседен артық көбейді және
3,2 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады.
Жан Лемьер, ЕҚДБ-нің президенті:
"ЕҚДБ (Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі) Қазақстанның тәуелсіздік
алған он жыл ішіндегі экономикалық реформаларының нәтижелері мен
инвестициялық оңды климаттық жағдайлар жасауға ұмтылысын жоғары бағалайды.
Барлық ТМД елдерінің ішінде Қазақстанның жағдайы жақсы десем, асыра
айтқандық болмас.
Әсіресе бұл банк секторына қатысты. Оның ТМД-да тендесі жоқ".
"Қаржы саласындағы реформалардың көңіл қуантарлық қарқыны шет ел
инвесторлары үшін Қазақстан банктерінің тартымдылығын көтере түсті.
Біз "Казкоммерцбанк" акционерлерінің құрамына кірдік, өйткені оған
толығымен сенеміз. Біз оның позициясының одан әрі күшейе түсетінлігіне үміт
артамыз".
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz