Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қолма.қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері
1.1 Қолма.қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Қолма.қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Ақша айналысындағы қолма.қолсыз есеп айырысудың ролі ... ... ... ... ... ... .19
2 Қолма.қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері мен талдауы («Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы мысалында)
2.1 «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Қазақстан республикасындағы қолма.қолсыз есеп айырысуының талдауы.31
2.3 Қазақстан республикасындағы қолма.қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.4 Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамының қолма.қолсыз есеп айырысуының талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
3 Қолма.қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары
3 Қолма.қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді
банктік қадағалау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
3.2 1 Банктің қолма.қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жеделдетілген экономикалық жаңғырту – Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасы» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық» [1, 4 б.], - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.
Қаржы қозғалысының ұдайы өндіріс үрдісі мен оның өндіріс, таратылым, айырбастау шарпары іспеттес құрылымдық бөліктерінің негізі ақшалық қатынастар саласының нақты даму мүмкіндіктерін айқындап, оларды басқаруды дамытады.[2, 23 б.]
Нарықтық экономика жағдайларында халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру қаржы механизмін қайта құруды талап етеді. Бірінші кезекте ақша айналымы жүйесіндегі қаржылық қатынастарды зерттеу мәселесі тұрады. Бұл мәселе күрделі әрі функционалды құрылымды, қоғамдық азық-түліктің қозғалысын анықтап, таратылымдық қатынастарды белгілейді. Ақша айналымына тән жүйелік суреттеу мүмкіндігіндегі тұтастық пен тұйықтық жеке қаржылық ағымдардың азық-түліктің түрлі даму кезеңдеріндегі материалды-заттық қорларының негізін қалайтын қатынастарды ескеруді талап етеді.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметі Қазақстан Республикасының заңымен және Конституциясымен тікелей негізделген іс-шаралар атқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі нарықтық экономикаға көшуінде қызмет ету тиімділігінің өсуі, инфрақұрылымды қалыптастыруы несиелік қатынастарын жүзеге асырады және оны іс-жүзіне асуын қадағалайды.
Жеке секторлар бойынша қаржы қозғалысының ерекшеліктері мен азық-түліктің таратылу кезеңдеріне байланысты шаруашылықтардың қаржылық айналымдарының тұтас кешені шеңберінде өндірістік және өндірістік емес салалардың ақша айналымы, тұтынушылар секторының айналымдары, мемлекеттік қаржы жүйесі мен көрсеткіштер кешенін анықтайтын, банк жүйесінің негізін қалайтын қаржылық-есеп айырысу, эмиссиялық және несиелік қатынастарды анықтайтын несие жүйесінің айналымы бақыланады. Әрбір халық шаруашылықтарының ақша ағымы секторлары барлық қаржы айналымының мазмұнды, негізді бөлігін қарастырады, сонымен қатар оның басқа да бөлімдерімен тығыз байланыста болады. Секторлардың ақша айналымдары баға қозғалысының дәрежесі мен оның калыптасу ерекшеліктеріне байланысты барлық қаржылық айналым қызметінің тиімділігіне түрлі әсер етеді, және тауар мен баға арасындағы тепе-теңдікті демеу мақсатында басқару құрылымы арқылы ажыратылады. Баға формасы көрсетілген азық-түліктің таратылуы мен қайта бөлінуі барлық ақша айналымы қызметінің объективті негізі болып табылады.
Мемлекеттік қаржы жүйесі таратылушы және қайта құрылушы қаржылық қатынастарды суреттейтін ақша қозғалысы ағымдарын бақылайды. Сонымен қатар қаржы жүйесінің қаражаттары халық шаруашылығының төлем қабілетті кейбір бөлімдерінің қажеттіліктерін қалыптастыруына да қатысады.
Бiрақ Республикадағы банктердiң қызметi әр түрлi факторлардың ықпалынан аса күрделi жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының тапшылығы және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берiлген банктiк несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкiншiлiгiнiң төмендеуiнен банктердiң несие қызметi үшiн жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктiң несие портфелi құрылымының төмендеуi, жiктелген активтер бойынша резервтердi қалыптастыруға шығындардың тез өсуi, таза табыстық жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәттi несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т.б. мүмкiн тәсiлдер механизмдерiн әзiрлеу көмегiмен несие тәуекелдiгiн басқаруға ұмтылады.
Қаржы айналымы жүйесінде тұтынушы сектор ерекше орын алады. Дайын өнімді пайдалану кезеңінің қаржыландыра отырып, халықтың ақша айыналымы барлық қаражаттың қозғалысын аяқтайды деуге болады. Халықтың ақша айналымының негізгі элементі - отбасының ақша айналымы. Отбасы ақша айналымының дәл осы кезеңінде жалпы экономикалық және қаржы саясатының әлеуметтік бағыты көрінеді. Осы орайда отбасы бюджетін талдау мен оның көпжақтылығы тұтыну секторында ақша айналымын зерттеуге негіз бола алады.
Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Отандық банктер ұсынылған қолма-қолсыз есеп айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қолма-қолсыз есеп айырысу барысында банктің сапасын мамандырылуында құрылмайды. Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасының өсуі – қарыз операцияларын басқаруды жүгізу негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, коммерциялық банктерде қолма-қолсыз есеп айырысуын басқару концепциясында - оны жүзеге асыру жүйесі, коммерциялық банктердің банктік жүйенің қалыптасуындағы отандық шарттарында қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын басқаруды жүзеге асырылған процесі жоқ. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: қолма-қолсыз есеп айырысу саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және ақша механизімін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан 2011ж. 28 ақпан 4 б
2. «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» ҚР Президентінің 1995 ж. 30 тамызындағы Жарлығы
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлімі)//2000 ж. 28 қаңтар, 293 бап (толықтырулар мен еңгізулерді қоса)
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1999 ж. 16 тамызындағы «Екінші деңгейлі банктерді несиелендіру бойынша құжаттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» №276 Қаулысы
5. Банк ісі \Сейітқасымов Г., Алматы, 2005ж.-155б.
6. Қаржы. Ақша айналымы. Несие.: ЖОО арналған оқулық / ред. проф. Л.А.Дробозина.-М.Қаржы, ЮНИТИ, 1997.-4796.
7. Қазақстан Ұлттық Банкінің Жаршысы №47-49, 2005.-57б.
8. «Төлемдер мен ақша аудару туралы» Қазақстап Республикасының заңы, 29 маусым 1998ж., Алматы.
9. Банк ісіне кіріспе: Оқу құралы проф.Г. Асхауэр.-М.: 1997.-6276.
10. Банк ісі\ ред.О.И.Лаврушина.-М.: «Роспотребрезерв»,1992.-4326.
11. Долан, Кембелл. Ақша, банк ісі және ақша-несиелік саясат.М.,Л., 1999ж. - 236б.
12. Олейник О.М. Банк құқығының негіздері: Лекция курстары.- М.:Юристъ,1997.-98-99б.
13. Банк қызметін құқықтық реттеу. Ред. проф. Е.А. Суханова. М.: «ЮрИнфоР» оқу-кеңестік орталығы, 1997.-776.
14. Қазақстан Республикасының банк құқығы. Оқу кұралы. Алматы. Жеті жарғы. 2002ж. 325б.
15. Ақша айналымы және капиталистік елдердегі несие. ЖОО арналған оқулық/ред.Л.Н.Красавина.-М.: «Қаржы», 1977.-3446.
16. Лунц Л.А. Ақша және азаматтық құқықтағы ақша міндеттемесі.- М.:Статут, 1999ж.-2916.
17. Г.Марченко Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі\\Қазакстан банктері №1-12 2005 жыл. -43б.
18. «Қазақстан Халық Банк» АҚ қаржылық есебі
19. Банктер және банктік операциялар: ЖОО арналған оқулық\ проф.Е.Ф.Жукованың редакциясымен.-М.:Банктер және қорлар, ЮНИТИ, 1997.-4716.
20. Қазақстан Республикасының 1999 ж. 30 наурыздағы «Ұлттық Банкі туралы» № 2155 Заңы
21. Банктік қадағалау бойынша Базельдік комитеттің Хаты «Банктік қызметті тиімді қадағалаудың қағидалары» 1997 ж. IV бөлім «Банктік қадағалаудың ағымдық пәні»
22. Флейшиц Е.А. Есеп айырысу және несиелік құқықтық қатынастар.-М.: 1956.-83-846.
23. «Қазақстан Халық Банк» АҚ қаржылық есебі
24. «Банк және банк қызметтері туралы» Қазақстан Республикасы Заңы. 1995 жыл, 31 тамыз, Алматы.
25. Қазақстан Республикасындағы «Банктер мен банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамызынан № 2444 Заңы
26. Иванов А.Н. Америкапдық банктердін, төлем қызметтері\\Ақша және несие.-1997.-№9.-58-64б.
27. Дробозина Л.А., Можайсков О.В. Англияның қаржылық және ақша-несиелік жүйесі.-М.:Қаржы, 1976.-3266.
28. Нұрсейіт Н. Банктік несиелуді кеңейту\\Аль Пари №6 2005ж.
29. Крагусов Ф.С. Банк есеп-шотының құқығы туралы\\Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасы. 10 басылымы.-Алматы: ТОО Баспа, 2004.-746.
30. Қазақстан Республикасының 1999 ж. 30 наурыздағы «Ұлттық Банкі туралы» № 2155 Заңы
31. Қазақстан Республикасындағы «Банктер мен банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамызынан № 2444 Заңы
32. Қазақстан Республикасының 1999 ж. 30 наурыздағы «Ұлттық Банкі туралы» № 2155 Заңы
33. Қазақстан Республикасының 1999 ж. 30 наурыздағы «Ұлттық Банкі туралы» № 2155 Заңы
34. Флейшиц Е.А. Есеп айырысу және несиелік құқықтық қатынастар.-М.: 1956.-83-846.
35. «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» заңы, 28 сәуір 1997ж., Алматы.
36. «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» заңы, 28 сәуір 1997ж., Алматы.
37. Банктік қадағалау бойынша Базельдік комитеттің Хаты «Банктік қызметті тиімді қадағалаудың принциптері» 1997 ж. IV бөлім «Банктік қадағалаудың ағымдық пәні»
38. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс: Қағидалары, проблемалары және саясат.-2т.: Агыл.тіл.ауд. Т.1.-М.: Туран.-1996.-4006.
39. Усоскин В.М. Қазіргі заманғы коммерциялык банк:басқару және операциялар.-М.:ИПЦ «Вазар-Ферро», 1994.-3206.
40. Захаров В.С, Коммерциялық банктер: проблемалары мен даму жолдары\\Ақша және несие.-1997.-№9-9-136.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері
1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ...6
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Ақша айналысындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың
ролі ... ... ... ... ... ... .19
2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері мен талдауы (Қазақстан
халық банкі акционерлік қоғамы мысалында)
2.1 Қазақстан халық банкі акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық
жағдайына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2 Қазақстан республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы.31
2.3 Қазақстан республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.4 Қазақстан халық банкі акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп
айырысуының
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 42
3 Қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары
3 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді
банктік қадағалау
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 55
3.2 1 Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..73
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011
жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы
Жеделдетілген экономикалық жаңғырту – Үдемелі инновациялық
индустрияландыру бағдарламасы атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында:
Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер
барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған
сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен
еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы
абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің
берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі
экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып,
түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық [1, 4 б.], - деп Елбасымыз
Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да
көзімізді жеткізді.
Қаржы қозғалысының ұдайы өндіріс үрдісі мен оның өндіріс, таратылым,
айырбастау шарпары іспеттес құрылымдық бөліктерінің негізі ақшалық
қатынастар саласының нақты даму мүмкіндіктерін айқындап, оларды басқаруды
дамытады.[2, 23 б.]
Нарықтық экономика жағдайларында халық шаруашылығын басқаруды
жетілдіру қаржы механизмін қайта құруды талап етеді. Бірінші кезекте ақша
айналымы жүйесіндегі қаржылық қатынастарды зерттеу мәселесі тұрады. Бұл
мәселе күрделі әрі функционалды құрылымды, қоғамдық азық-түліктің
қозғалысын анықтап, таратылымдық қатынастарды белгілейді. Ақша айналымына
тән жүйелік суреттеу мүмкіндігіндегі тұтастық пен тұйықтық жеке қаржылық
ағымдардың азық-түліктің түрлі даму кезеңдеріндегі материалды-заттық
қорларының негізін қалайтын қатынастарды ескеруді талап етеді.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне, банк
жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметі Қазақстан
Республикасының заңымен және Конституциясымен тікелей негізделген іс-
шаралар атқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі нарықтық экономикаға көшуінде
қызмет ету тиімділігінің өсуі, инфрақұрылымды қалыптастыруы несиелік
қатынастарын жүзеге асырады және оны іс-жүзіне асуын қадағалайды.
Жеке секторлар бойынша қаржы қозғалысының ерекшеліктері мен азық-
түліктің таратылу кезеңдеріне байланысты шаруашылықтардың қаржылық
айналымдарының тұтас кешені шеңберінде өндірістік және өндірістік емес
салалардың ақша айналымы, тұтынушылар секторының айналымдары, мемлекеттік
қаржы жүйесі мен көрсеткіштер кешенін анықтайтын, банк жүйесінің негізін
қалайтын қаржылық-есеп айырысу, эмиссиялық және несиелік қатынастарды
анықтайтын несие жүйесінің айналымы бақыланады. Әрбір халық
шаруашылықтарының ақша ағымы секторлары барлық қаржы айналымының мазмұнды,
негізді бөлігін қарастырады, сонымен қатар оның басқа да бөлімдерімен тығыз
байланыста болады. Секторлардың ақша айналымдары баға қозғалысының дәрежесі
мен оның калыптасу ерекшеліктеріне байланысты барлық қаржылық айналым
қызметінің тиімділігіне түрлі әсер етеді, және тауар мен баға арасындағы
тепе-теңдікті демеу мақсатында басқару құрылымы арқылы ажыратылады. Баға
формасы көрсетілген азық-түліктің таратылуы мен қайта бөлінуі барлық ақша
айналымы қызметінің объективті негізі болып табылады.
Мемлекеттік қаржы жүйесі таратылушы және қайта құрылушы қаржылық
қатынастарды суреттейтін ақша қозғалысы ағымдарын бақылайды. Сонымен қатар
қаржы жүйесінің қаражаттары халық шаруашылығының төлем қабілетті кейбір
бөлімдерінің қажеттіліктерін қалыптастыруына да қатысады.
Бiрақ Республикадағы банктердiң қызметi әр түрлi факторлардың
ықпалынан аса күрделi жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген
экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем
балансының тапшылығы және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берiлген банктiк
несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкiншiлiгiнiң төмендеуiнен
банктердiң несие қызметi үшiн жағымсыз салдармен анықталады. Осының
салдарынан банктiң несие портфелi құрылымының төмендеуi, жiктелген активтер
бойынша резервтердi қалыптастыруға шығындардың тез өсуi, таза табыстық
жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәттi несие
және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т.б. мүмкiн тәсiлдер
механизмдерiн әзiрлеу көмегiмен несие тәуекелдiгiн басқаруға ұмтылады.
Қаржы айналымы жүйесінде тұтынушы сектор ерекше орын алады. Дайын
өнімді пайдалану кезеңінің қаржыландыра отырып, халықтың ақша айыналымы
барлық қаражаттың қозғалысын аяқтайды деуге болады. Халықтың ақша
айналымының негізгі элементі - отбасының ақша айналымы. Отбасы ақша
айналымының дәл осы кезеңінде жалпы экономикалық және қаржы саясатының
әлеуметтік бағыты көрінеді. Осы орайда отбасы бюджетін талдау мен оның
көпжақтылығы тұтыну секторында ақша айналымын зерттеуге негіз бола алады.
Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Отандық банктер ұсынылған қолма-қолсыз
есеп айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қолма-қолсыз есеп айырысу
барысында банктің сапасын мамандырылуында құрылмайды. Қолма-қолсыз есеп
айырысу сапасының өсуі – қарыз операцияларын басқаруды жүгізу негізінде
жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, коммерциялық банктерде қолма-қолсыз есеп
айырысуын басқару концепциясында - оны жүзеге асыру жүйесі, коммерциялық
банктердің банктік жүйенің қалыптасуындағы отандық шарттарында қолма-қолсыз
есеп айырысу операцияларын басқаруды жүзеге асырылған процесі жоқ.
Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: қолма-қолсыз есеп айырысу саясаты
мен процедураларының жақсы дамуы және ақша механизімін жақсы басқару, бұл
жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік
қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп
айырысуын қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
- қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
- банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын
зерттеу;
- қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы
проблемаларды зерттеу;.
Осы дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Халық Банкі АҚ
қолма-қолсыз есеп айырысуы. Қолма-қолсыз есеп айырысу, банк саясатында
үлкен рөл бар екенін дәлелдеу.
Зерттеу пәні – қолма-қолсыз есеп айырысу барысындағы тәуекелділік,
қарыз алушылардың түрлері мен ақшалай қатынастардағы қабілеттілігі, қолма-
қолсыз есеп айырысуының мерзімділігі, төлемділігі, валюта түрі және
экономиканың негізгі құралдар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылими жаңашылдылығы экономиканың даму кезеңінде
банкаралық қолма-қолсыз есеп айырысуды жүзеге асыруды дамыту үшін
теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұжырымдарды даярлау болып
табылады.
Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негіздері:
Коммерциялық банктер және олардың ақшаларының айналыс қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы, Азаматтық кодекс, Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтің 2011 жылғы халыққа Жолдауы, Халевинская А.М.,
Лаврушина О.И., Коробова Г.Г., Тавасиева А.М. оқу құралдары, Деньги и
кредит, Банки Казахстана журналдары.[3, 5 б.]
1. Қолма-қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері
1. Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері
Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып
табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне
байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұpaды.
Ақшалай есеп айырысулардың өзi eкi формаға: қолма-қол ақшалармен есеп
айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға белiнедi. Айналыстағы
ақша алма-кезек бiресе айналыс құралы, бiресе төлем құралы қызметтерін
орындайды. Тауар сатудан түскен ақша, қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз
кезегiнде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкiн.
Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты
және бiр-бiрiне тәуелді. Өйткенi ақша, үнемі бiр айналыс аясынан екiншiсiне
өтiп, бiрақ, айналыс аясынан кетпей oғaн одан әрі қызмет жасай береді.
Ал банктегi шотқа қаржының аударылуы - қолма-қол ақшаның берілуінің
кепілі. Сондықтан қолма-қол ақшасыз төлем айналымы қолма – қол ақша
айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің біріңғай
ақша айналымын құрайды.[5.155б.]
Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем, айналымы) - ол банктегi шот
иесiнiң жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруi немесе
ақшаның төлем құралы ретіндеге қызметiн атқаруы. Ол бүкiл ақша айнaлымының
басым бөлiгiн (90%-кe жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушiлер мен сатып
алушылардың банктегi шотына немесе жазу түрiнде немесе олардың өзара
талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Есеп айырысу операцияларын жургiзу үшiн әр түрлi шоттар қолданылады.
Олардың арасында көп тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және т.б. шоттары.
Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және қаржы
мiндеттемелерi бойынша болып eкi топқа бөлiнедi. Бiрiншi топқа тауарлар мен
қызметтер үшiн қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екiншiге бюджетке
төленетiн төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан
алынатын табыс салығы және басқа мiндеттi төлемдер) және бюджеттен тыс
қорлар, банктiк борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, caқтандыру
компанияларымен есептесу жатады.
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент – қолма-қол ақшаны пайдалану
аясын тарылту. Қазіргі бұл мәселе біздің елде кәіпорындар арасындағы өзара
есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері
көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп
айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерден ақша айналымын басқаратын
экономикалық әдістерді енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың
барлық төлемдерін тек ¼ бөлігі ғана қолма – қол ақша төлеумен жүргізілген,
қалған төлемдер чектермен , несие карточкалармен және с.с. жүргізіледі.
Қолма-қол ақшасыз есептесуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын
жеделдетуге, айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым
шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және
экономикалық дамуының ерекшелiктерi әcep етедi. Мысалы, ең алғаш 1775 ж.
Ұлыбритания чектi, вексельді, кейін АҚШ чектi қолдана бастаған, ал Германия
жирошотты, ТМД-ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады. Қазiргi
кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды
ұйымдастырудан бiр прогресивтік құрал eкeнiн әлемдiк тәжiрибе дәлелдедi.
Олардың көптеген түрлерiнiң iшiнде, негiзiнен, магнитті жолағы бары кeң
қолданылады. Өркениеттi мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесi бар
микропроцессорлы карточканы айналымға енгiзу үшiн белсендi жұмыс
жүргiзiлуде.
Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру
нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда бiршама қолайлы. Мұндай есеп
айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша
айналымының едәуiр бөлiгiн алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
- Өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
- Ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
- банк несиелерiн алу және қайтаруда;
- бюджетке тиiстi төлемдердi аударуда;
- халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
- басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері
ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердiң
торабының ықпалы, сондай-ақ, олардың дaмуынa деген мемлекеттiң мүддесiнiң
ықпалы болады. Өйткенi, банк – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар мен
төлемдердің іске асатын орны. Банктегi ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегi
ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейдi.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды
төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын
ақшалай есеп айырысуларды бiлдiредi.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгiлi бiр жүйеге
байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар жүйесi - бұл қолма-қолсыз
ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдaстырy қағидаларын, оларды ұйымдастыруға
қойылатын талаптарды, сол сияқты құжaт айналымына байланысты есеп айырысу
әдiстерi мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдaстыpy мынадай талаптарға
сәйкес келуi тиіс.
Бiрiншiден, өнiмдi сатудың үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн
бiрқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екiншiден, белгiленген мерзiмде төлемдi жүзеге асыруға деген
төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшiншiден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы,
яғни уақытында есеп айырысуға тиiстiгi.
Бiздiң елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесiн ұйымдастыру
негiзi КСРО тұсындa 1930-32 жылдары несиелiк реформа барысында жасалған
болатын. Содан берi, яғни 1993 жылдарға дейiн елiмiздегi қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизмiне бағытталған түрде
және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршiл әдiстерiне толық сәйкес келген
болатын. Ол кездегi жұмыc жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
жүйесi, бiрiншi кезекте, өндiрiске және өнiмдi жөнелтуге байланысты өзінің
жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың
мүддесiне қызмет еткен. Ол жүйедегi қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды
ұйымдастырудың қaтaң қағидаларының сақталуы кәсiпорынның өзiнің алдындағы
келісімшарттың орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен міндеттемелерінің
жауапкершілігінің жоқтығы біршама дәрежеде орнын толтыруға мүмкiндiк
бередi. Бұл қағидалар әcipece мыналарға қaтaң қарайды:[6.479б.]
- mөлеу орны - банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды
ұйымдастырушы және бақылаушы болады;
- төлеу yaқыты - өнiмдi тиеген соң немесе қызметтi көрсеткен соң
жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің
қолданылуына қaтaң тыйым салынды;
- төлеушiнiң келiсiмi (акцепт) – төлеудiң негiзiне жатады;
- төлеу көзi - сатып алушының меншiктi қаражаты немесе банктiк
несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
- қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану
аумағы алдын-ала анықталады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бiрдей банк iшiндегi
айналымда жүретiн төлем құжaттapы негiзiнде жүзеге асырылады.
Бiрақ, аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабiлетiн және
несиелiк қабiлетiне қойылатын талаптарды ескермедi, соның нәтижесiнде есеп
айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегiнiң бұзылуы
кepi әсер етедi.
Кейiннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтyi барысында қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдiстерi, оларды ұйымдастыру
қағидалары толығымен өзгерді.
Қазiргi қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру
қағидаларына мыналар жатады:
Бipiншi қағидасы - барлық шаруашылық субъектiлердiң ақшалай
қаражаттары банк мекемелерiндегi шоттарда сақталып қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар сол шоттар негiзiнде жүзеге асырылуын көздейдi.
Мұндa, клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау
үшiн шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегi
бiрiншi қағидадан айырмашылығын, барлық кәсiпорындар және ұйымдардың
арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы
жүргiзiлуге мiндеттiлiгiнен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен
ұйымдардың ақшаны банктегi шоттарда сақтауға міндеттілігі – бұл экономиканы
әкiмшiл-әмiршiл әдiстер арқылы басқаруға ұқcac болып келедi.
Нарықтық шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу,
шаруашылық субъектiлердiң экономикалық дербестiгiн және олардың өздерiнiң
ic-әрекеттерi үшiн материалдық жауапкершiлiгiн eскepyi тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды бiрiншi
қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендiгiн
ескерсек, өткен жүйедегi қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз
ақшалардың арасындағы заңды түрдегi алшақтықтың болуына байланысты, тек
заңды тұлғаларға ғaнa қатысты болғандықтан айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшiншi қағuдасы – Hapық
субъектiлерiнің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын талдаудағы
epкiн және оларды банктiң араласуынсыз шаруашылық келiсiмшарттарында
бекiтудi көздейдi.
Бұл қағида меншiк формаларына байланыссыз кез-келген нарық
субъектiлерiнiң келісімшарттың және есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижесі болуы үшін, олардың материалдық
жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестiгiн сипаттайды.
Бұл жерде банктiң рөлi тек қaнa төлемдердi жүзеге асыруда делдал ретінде
көрінеді.
Сонымен қaтap, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдас-тырудың
мынадай eкi қағидасы қолданылады:[7.57 б.]
- mөлемнiң мерзiмдiлiгi;
- mөлемнiң қамmамасыз еmiлуi.
Төлемнің- мерзiмділік қағuдасы - шаруащылық несuелік сақmандыру
шарттарында, ұжымдық шарттарда және Қазақстан Республикасының қаржы
мuнuсmрлiгiнің нұсқауларында көрсеmiлген мерзiмдерге сәйкес есеп айырысуды
жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекiтудiң экономикалық мағынасы қаражат алушының
төленетін қаражатты қалаған уақытта ғaнa емес, яғни алдын ала келісілген
мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзiмдiлiгiнiң қағидасын енгiзудiң тәжiрибелiк маңызы бар десе
болады. Кәсiпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектiлерi
төлемдердiң мерзiмдiлiгiнiң дәрежелерi туралы ақпараттарға ие бола отырып,
өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген
кажеттiлікті турa анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара
алады.
Мерзiмдi төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
– сауда-саттық операцияларының басталуына дейiн, яғни
жабдықтаушының тауарын жiбергенге немесе қызметiн көрсеткенге
дейiн, яғни аванстық төлем түрінде;
– сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейiн, яғни төлеушінің төлем
тапсырмасы арқылы;
– сауда-саттық операциясын аяқталғаннан кейiн, бiршама уақыттан
кейiн қарыздың мiндеттемесiз немесе вексельдi пайдалану арқылы
коммерциялық несие жағдайында.
Ic жүзiнде мерзiмiнен бұрын, мерзiмi кешiктiрiлген және мерзімі өткен
төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзiмiнен бұрынғы mөлемдер - бұл келiсiлген мерзiмiнен бұрынғы
ақшалай мiндеттеменің орындалуын бiлдiредi.
Мерзiмi кешiкmipiлген mөлемдер - бұл көзделген уақытта қарыздық
мiндеттемесiн орындай алмауына байланысты бастапқы мерзiмнiң уақыттың
ұзарту, яғни жаңа мерзiмдi белгiлеудi бiлдiредi.
Мерзiмi өmкен mөлемдер – бұл төлеушiде төлейтiн қаржы болмауына
байланысты туындайды, сөйтiп төлем мерзiмi жеткен кезде төлеушiнiң банктiк
немесе коммерциялық несие алу мүмкiндiгiнiң жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзiмдiлiк
қағидамен тығыз байланысты. Себебi, төлемнiң қамтамасыз етiлуi төлем
мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтiмдiлiк қаражаттардың кепiлдеме ретiнде
болуын бiлдiредi. Өтiмдiлiк қаражаттарынының сипатына байланысты жедел
түрде және алдағы уақыттарда төлемнiң қамтамасыз етiлуi бiр-бiрiнен өзара
ажыратылады. Төлемнiң жедел түрде қамтамасыз етiлуi, төлеушiде бiрiншi
класстың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық
дербестiгiн сипаттайды. Бұл жерде банктiң рөлi тек қaнa төлемдердi жүзеге
асыруда делдал ретінде көpінеді.[8, 44-45бб.]

мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді. Кәсiпорындар және басқа
да нарықтық қатынастар субъектiлерi төлемдердiң мерзiмдiлiгiнiң дәрежелерi
туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды
пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттiлiктi тура анықтайды және
өз баланстарының өтiмдiлiгiн басқара, өтiмдi қаражаттар сомасының болуын
түсiндiредi. Бiрiншi класты өтiмдiлiк қаражаттарға ұзақ мерзiмдi, орта
мерзiмдi және қысқа мерзiмдi сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол сияқты
оларды ұйымдастырудың сондай формалары жатады.
Төлемдердiң жедел түрде қамтамасыз етiлуiнiң біp түрлi формалары
болады.
Төлемдердiң алдағы уақыттарда қамтамасыз етiлуi төлемдi
кепiлдендiредi, шаруашылықтағы төлем тәртiбiн, cонымен қатар, есеп
айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабiлетi мен несиелiк
қабiлеттiгiн нығайта түседi.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған
қағидалар бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың
бiреуiнiң бұзылуы басқаларының бұзылуына жол бередi.
Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструтивтік қасиетін немесе қолма-
қолсыз есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін
білдіреді.[9.627 б.]
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері
Банктердiң қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларың түрлеріне :
инкассо, аудару және акредитив болып табылады.
а) Инкассалық есеп айырысу.
Инкассо - әр түрлi құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы
бойынша және олардың шотына банктердiң ақша түcipy операциясы. Инкассоға
чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
1996 жылдан Халықаралық сауда палатасы шығарған инкассо бойынша
Үйлестірілген бiріңғай Ерже қолданылады. Онда инкассоның мәні және түрлері
анықталған; вексельдерді, чектерді, инкассолық тапсырыстарды инкассалау
тәртібі; шарт бойынша халықаралық төлемде инкассо түріндегі есеп айырысу
тәртібі қарастырылған.[10.432 б.]
Инкассалық операцияның екі түрі бар .
Жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем
талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы.
Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуды қолданылады.
Құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен
тауарды реттеуші ) көрсету және оны тек төлемді қолма-қол алғанда немесе
акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.
Аудару операцияларында клиент банкіне өз шотынан белгілі бір соманы
көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны
жүргізгені үшін банк коммиссиялық ақы алады.
в) Аккредитивтік есеп айырысу.
Аккредитив (латын сөзi- "ceнeмiн") - бiр банктiң екiншi банкке
аккредитивте көрсетiлген шарттарды орындағанда белгiлi бiр соманы жеке
немесе занды тұлғаға төлеу жөнiнде берген жазбаша тапсырмасы.
Аккредитивтердің келесі түрлері бар:
1. орны толтырылған аккредитивтер банк эмитент төлеушінің өз
құралдарын немесе оған берілетін несиені банк жеткізушіге
аударады;
2. орны толтырылмаған аккредитивтер- екі банк бір-біріне
корреспонденттік шот ашқан кезде қолданылады. Осы кезде аккредитив
атқарушы банкте осы банкке банк эмитенттің шотынан аккредитив
сомасын есептеген шығару құқығын беру жолымен ашылады.
3. кері шақырып алу аккретитив-банк эмитентінің шақырып алуға құқығы
бар аккредитиві;
4. жауапсыз аккредитив-келісімнің барлық шарттарын орындағанмен банк-
әлимент қайтарып алу құқұғына не бола алмайтын аккредитив.
Есептеу қарым қатынастарында құжатталған аккредитив деген түсінігі
де бар.
Құжатталған аккредитив – сатып алушының нұсқауы бойынша банк құжаттар
көрсетілген бойда сатушыға белгілі бір соманы төлеуге міндеттелетін
коммерцилық аккредиттің пішімі.
Осындай есептеу пішімдерінің артықшылығы құралдарды алушы (тауар
беруші) өз ақшасын тауар жіберілген күні де алатынынасенім білдіреді.
Аккредитивтiң негiзгi түрлерi: ақшалы және құжатты. Ақшалы аккредитив
- атаулы ақшалы құжат. Онда белгiленген мерзiм iшiнде аккредитивте
көрсетiлген соманы түгел немесе бөлiп-бөлiп оны иемденушiге төлеу жөнiнде
корреспондент банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив – көлемі,
ол бойынша эмитент-банк клиенттiң нұсқауымен және оның өтiнiшi бойынша
үшiншi жаққа төлемдi жүргiзу немесе оның үкімі бойынша төлеуi немесе ол
берген аударым вексельдi акцептеуi, құжаттарды есептеуi немесе сатып алуы
керек. Эмитент-банк көрсетiлген операциялардың кез-келгенiн жүргiзу
өкiлдiгiн басқа банкке (орындайтын) беруiне болады.[11.236,]
Электронды техниканық жетiстiктерiнің, банк операцияларын
автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесiнде ХХ ғасырдың 70-
жылдарының екiншi жартысында электрондық төлем жүйесiн колдануға мүмкiндiк
туды. Электронды төлем жүйесi - ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды
сигнал жiберу арқылы ақша сомасын аудару, банктiк шоттардың жағдайын
бақылау, несиелiк және есеп айырысу операцияларын жүргiзу үшiн қолданылады.
Банк клиенттерiне қызмет көpceтeтiн электрондық төлем жүйесiне:
– автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;
– банктiк автоматтар;
– сауда ұйымдарындағы терминалдар;
– үйде банктiк қызмет көрсетулер жатады.
Автоматтандырылған есеnтесу палатасы (АЕП) қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуды автоматтандырылған тәртiппен жүргiзедi және төлемдер жөнiнде
барлық хабарлар электронды есептегiш машиналаpға енгiзу үшiн, магниттiк
лентаға немесе терминалдық құрылғыға түcipeтiн формада болады. Алғашқыда
АЕП 1972 ж. AҚШ-тa жұмыс iстей бастаса, қазiргi кезде оны Жапония,
Ұлыбритания және Батыстың өнеркәсiбi дамыған мемлекеттерi қолдануда.
Банктiк автоматтар (БА) - ол клиентке банк қызметкерлерiнсiз банктiк
электронды есептегiш машиналарға қосылып өз бетiмен операциялар жүргiзуге
мүмкіндiк беретiн құрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырылып,
тек қолма-қол ақша беруге қолданылды.
Біртiндеп БА қолдану масштабы өзгерiп, ол жүргiзетiн операциялардың
шеңберi кеңiдi. Қазiр олар халыққа үнeмi және көп қызмет көpceтeтiн
жерлерде қонақ үйлерде, вокзалдарда, аэропорттарда және т.б. орнатылуда.
Әмбебап (көп қызмет түрлерiн aтқаpaтын) БА қолма-қол ақша берумен қатар,
ақшаны бiр шоттан басқасына аудару, мерзiмдiк төлемдерді aтқару, лимит
шегiнде борыш беру, хабар анықтама беру, шетел валютасын ұлттық валютаға
айырбастау және т.с.с. көптеген операциялар жүргiзедi. БА-тың тeтiгi -
пластикалық дебеттiк карточка. Ол - банктiк шот иесiнiң мағлұматтары
(реквизиты) және жүргiзетiн операциялар түpi жазылған арнаулы магниттi
жолақ (полоса).
Терминалдар - сауда орындарында, ресторандарда және т.б. сауда
ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйеciнe төлем операциялары
туралы хабар беруге және оны ол жүйеге қосуға, сонымен қaтap сатып
алушының төлем қаблеттілігі туралы хабарды кepi алуға мүмкiндiк беретiн
құрылғы. Терминалдарды енгiзудiң мақсаты - қолма-қол ақша айналысын
қысқарту. [12.83-84 б.]
Үйде банктiк қызмет көрсету - ол электронды есептегіш техниканы
пайдалану негiзiнде халыққа банктiк қызмет көрсету, яғни телефон
аппараттары мен жеке компьютердің қазiргi үлгiсiн пайдаланумен жүзеге
асады. Оның ең жай түрі - телефонмен тiкелей байланысу арқылы – жеке
клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік бередi. Ал
жеке компютердi немесе монитордың (телидидардың) экранын пайдаланып, клиент
банктiк компютерге қосылып, кең коммерциялық хабар алуға; өзiнiң ағымдағы
шотын, салымын басқаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан төленген
соманы бiлуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен тaнысуға; бағалы
қағаздармен операция жүргiзуге, салық төлеуге және с.с. операцияларды
жүргiзуге мүмкiндiгi бар.
Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі туралы
ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына
сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын,
яғни 3488000 = (4000 X 872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар
тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес
қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне
мыналар жатады:
- төлем тапсырмасы;
- төлем талабы-тапсырмасы;
- инкассалық үкім;
- чекпен есеп айырысу;
- вексельмен есеп айырысу.
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға
тиіс:
1) төлем құжатының атауы;
2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
3)ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
4)ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік
идентификациондық коды;
5)бенефициардың (ақшаны алушының) толың аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
6)бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық
коды;
7) төлемнің тағайындалу коды;
8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен
мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі
тіркеу номері (СТН).
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем
құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы
төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы ҚР Ұлттық банктің
Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан
Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем
балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау,
жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін
көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.
Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады
және былай белгіленеді:
1 - резидент;
2 - бейрезидент.
Экономиканың секторының коды мынадай:
0 - Халықаралық, ұйымдар;
1 - Орталық Үкімет;
2 - Аймақтық және жергілікті басқару органдары;
3 - Орталық (ұлттың) банктер;
4 - Басқа депозиттік ұйымдар;
5 - Басқа қаржылық ұйымдар;
6 - Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
7 - Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
8 - Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;
9 - Үй шаруашылықтары.
Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан
тұрады:
0 - Зейнет ақы және жәрдем ақы;
1 - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар);
2 - Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;
3 - Депозиттер;
4 - Займдар;
5 - Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы
қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына
инвестициялар;
6 - Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы
қағаздары және вексельдері, Қазақстан капиталына инвестициялар;
7 - Тауарлар мен материалдық емес активтер;
8 - Көрсетілетін қызметтер;
9 - Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы толтырылатын-дарға
мынадай төлем құжаттары жатады:
- төлем тапсырмасы;
- төлем талабы-тапсырмасы;
- салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі;
- аударуға берген өтініш;
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен
қолданылатын есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы - ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада
көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке
берген тапсырмасы.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру
үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшің тауарлы
емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық
төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар
мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала
төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке
алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда
ғана іске асырылады.
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бүрын
және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұл тауарды жөнелткенге
дейін; тауарды жөнелткеннен кейің яғни тікелей келісім беру жолымен; немесе
ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын
және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін
жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.
Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем
тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы
төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы
арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен
ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат
бөлігінің шығып қалуы жатады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп
айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және
мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес
операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс
арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.
Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа
формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы
және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.
Төлем талап-тапсырмасы - бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші
банкке бағытталған жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген
қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.
Төлем талаптапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық
құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі
төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы банкке келіп
түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс.
Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда
ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 1 күннен 30 күн
аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.
Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш
күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту
құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей
бенефициарға қайтарылады.
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар:
келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын
жылдамдатады.
Инкассалық өкім - заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны
жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін
пайдаланылатын төлем құжаты.
Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді,
сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында
қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен
басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы
бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.
Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік
шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме
көрсетіледі.
Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы
аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі
толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне жартылай төленді
деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа, түсуіне қарай
төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта
қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол
шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа
құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.
Чекпен есеп айырысу. Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы
ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп
айырысудың қолайлылығы мынада:
- егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал
жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
- сатушы белгісіз болған жағдайда.
Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттың
банкі Басқармасы бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.
Аталған ережеге сәйкес чектер мынадай түрлерге бөлінеді:
- Кепілденген чек - чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың
көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші
банктің беретін кепілін көрсететін чек.
- Кепілдендірілмеген чек - чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген
чек;
- Қамтамасыз етілген чек - банкке алдын ала салған депозитпен
қамтамасыз етілген чек;
- Қамтамасыз етілмеген чек - депозитпен қамтамасыз етілмеген чек.
Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара
жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға
төлеу туралы бұйрығы.
- Чектің өзіне тән мынадай көрсеткіштері болады:
1) Чек деген атауы;
2) Чек номері мен сериясы;
3) Чектің қызмет ету мерзімі;
4) Чек берушінің аты-жөні;
5) Чек берушінің СТН;
6) Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек
берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі;
7) Чек ұстаушының аты-жөні;
8) Чек ұстаушының СТН;
9) Чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;
10) Чек беруші банктің жеке банктік коды;
11) Бұйрық бойынша төлеңіз кестесі;
12) Төлемнің тағайындалу кестесі;
13) Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушының белгі
соғатын орны.
Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу
үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютамен
жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне
ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттың банктің бекітілген
формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер
өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық
банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын
чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік
кітапша алуға өтінішін жасайды.
Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айырысу жиі
қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу
формасы.
Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының
(аккредитив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте
көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтік басқа
да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай
міндеттемесі.
Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша
қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте
көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін
жабдықтаушының банкінде Аккредитив жеке баланстың шоты ашылады.
Аккредитивтің мынадай түрлері болады:
- өтелген және өтелмеген;
- қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Өтелген (қаражат аударылған) - бұл эмитент банктің міндеттемесінің іс-
әрекетінің барлың мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе
несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының
банкісінде ашқан аккредитиві (7-суретте берілген).
Өтелмеген (кепілденген) - бұл банктердің өзара корреспонденттік
қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының
банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін
сипаттайды.
Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай
анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып
табылады.
Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент банктің
әмірімен өзгертілуі немесе күшін жойы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының
мүддесін көздейді.
Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе
күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына
ашылған болып табылады.
Аккредитив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады: өнім
жөнелтілгеннен кейін барып төлем жүргізіледі; төлем төлеушінің келісімімен
жүзеге асырылады, яғни оған аккредитивтің ашылуы дәлел болады;
келісімшарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас
тартуға құқық беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе
банктің несиесі есебінен ашылады, егер де төлеушінің аккредитив ашуға
құқығы болса. Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен
сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар
кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету
мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар
айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар
алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша
шығындарды қажет етеді.
1.3 Ақша айналысындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ролі
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады
әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне
ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын
төлемдердің жиынтығын білдіреді.
Қолма-қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым және
тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым
жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей
бейнелейді.
Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен
көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және
мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын
төлемдері кіреді.
Тауарға қатыссыз қолма-қол ақшасыз айналымда кәсіпорындардың,
ұйымдардың, мекемелердің, сондай-ақ халықтың ұлттық табысты қалыптас-тыру,
бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта бөлу процесіндегі
төлемдері, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің кредиттеуі, сақтандыру
және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемдер көрініс табады.
Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар:
еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық,
пошталық және т.б. қызмет төлемдері; кредитті өтеудің төлемі және қолма-қол
ақшасыз есеп айрысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.
Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша
айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін
қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан ары ұлғайтып,
жетілдіруіміз қажет. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар
мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған
ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің және қаржы-кредит мекемелерінің
арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда халықпен есеп
айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру,
коммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі
қалаларда банктердегі салым ақшадан пошта бөлімдерінен, пластикалық
карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, сондай-ақ
сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық
карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның
пайдаланылатын салаларын кемітуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін
арттыруға мүмкіндік береді.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынада:
- ол банк жүйелерінің кредиттік ресурстарын арттыруға, кредит
қатынасын дамытуға мүмкіндік береді;
- ол айналымға аса қажетті қолма-қол ақша сомасының тұтынуын
кемітеді;
- ол трансакциялық шығындардың (банкноттар мен тиындарды басып шығару,
сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындары) кемуіне мүмкіндік
тудырады;
- ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп айырысуларды және
қаражат айналымын шапшаңдатады;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың
төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік
алады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайлары тұрақталып, жұмыстарының
тиімділігі мен пайдалылығы жоғарылайды.[13.77 б.]
Мынаны айта кету керек, қолма-қол ақшасыз айналыстың аталған барлық
артықшылықтары есеп айырысулар үнемі жүзеге асырылғанда ғана нақты шындыққа
айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз
айналымды ұйымдастыруда белгілі бір қағидалары сақталуы керек.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
-Төлеушілердің банктерді және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
түрлерін таңдаудағы еркіндік қағидасы. Бұл қағида болашақ клиентке қызмет
көрсету мәдиенеті жоғары әрі есеп айырысу операцияларын жылдам және дәл
орындай алатын банктерді тандауға, сондай-ақ келісімшарттағы шарттардың
орындалуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мақсатқа
лайықты түрлерін таңцауға мүмкіндік береді.
-Төлеушінің төлем келісімін міндетті түрде беру қағидасы, яғни
төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат міндетті
тұрде болуы керек. Мұның мағынасы мынадай; шот иесінің шоттағы қара-жатын
банк төлемдердің белгіленген кезегіне қарай әрі шотта қалған қаражаттың
мөлшерінде төлем жасайды. Соңғысы (шот иесінің шоттағы қаражатының шегінде
төлемнің жүзеге асырылуы) төлемнің қамтамасыз етілу қағидасын немесе
төлеушінің өтімділік қағидасын білдіреді.
Төлемнің мерзімділік қағидасы. Бұл қағиданың экономикалық мағынасы
мынадай: ақшалай қаражатгы алушы қаражаггың келісімшартга көрсетілген
мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақтылы алудың маңызы
өте зор.
- Барлық есеп айырысуға қатысушылардың келісімшарт қатынастарының
сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысудың үздіксіз жүруіне
бақылауды жүзеге асыру қағидасы.
Есеп айырысудың барлық қағидалары бір-бірімен өзара тығыз байланысты
болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп
соқтырады. Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар шаруашылық органдардың,
кәсіпкерлердің бір шоттан екіншісіне ақша аудару туралы немесе өзара
тараптарды есепке алу туралы банкке берген тапсырмаларын білдіретін есеп
айырысу қркаттары негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының
қозғалысы мен құжат айналымын бір-бірінен бөліп қа-растыру қажет. Есеп
айырысу қүжатгарының қозғалысы -бұл құжаттардың есеп айырысудың басынан
бастап аяғына дейін қозғалыс пунктері бойынша дәйекті жүйелі өтуі. Ал,
құжат айналымы есеп айырысу құжаттарының қозғалысына қажетті уақытпен қоса
есеп айырысуға қатысты әр түрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz