Білім беру көпаспектілі феномен ретінде


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырыбы: Білім беру көп аспектілі феномен ретінде

Орындаған: Нурсадыкова Ж. М

Тексерген: аға оқытушы Адильжанова Қ. С

Семей 2015

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Білім беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру әлеуметтік институт ретінде қоғамның әлеуметтік ұсақ құрылымдарының бірі ретінде қарастырылады. Білім берудің мазмұны - қоғам жағдайының көрінісі, оның бір жағдайдан екінші жағдайына ауысуы. Қазіргі уақытта бұл - ХХ ғасырдың индустриалды қоғамынан ХХІ ғасырдың постиндустриалды және ақпараттық қоғамына көшу. Білім берудің дамуы мен қызмет етуі қоғамның өмір сүруінің экономикалық, саяси, мәдени және тағы да барлық басқа шарттары және факторларымен шартталған. Білім беру мен мәдениет ең тығыз байланыста «білім беру институтының қалыптасуының ең бірінші сатыларының өзі табыну (культ), ғұрыптармен байланысты: сол кездегі мәдениет ұдайы өндіруді (өсуді) талап етіп отырған . . . ». Бұл жай ғана шартталыну емес, бұл өзара мәнді байланыс, ол білім берудің дамуы мен қызмет етуінің негізгі принципі «мәденисәйкестілік» принципінен көрінеді. Бұл жерде білім беру ең алдымен « . . . адамның ұдайы өндірілу (өсуі) немесе қоғамдағы адам мәдениетінің ұдайы өсуі» міндетін атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырылады.

Бұл принцип Я. А. Коменскийдің ұсынған оқытудағы «табиғи сәйкестілік» ережесінің орнына келді. Я. А. Коменский ұйғарғандай, оқу тек қана «табиғаттың ізін басып» жүрген жағдайда ғана жеңіл болады, соған сәйкес оқытудың негізгі постулаттары тұжырымдалған болатын, онда табиғаттың және табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын адам дамуының негізді заңдары көрініс тапқан. Кезінде А. Дистервегтің «Мәдени сәйкестікпен оқыт!» деп тұжырымдаған «мәденисәйкестілік» принципі мәдениет контексінде оқытуды, білім беруді мәдениеттің сипаты мен оның құндылықтарына бағдарлау, оның жетістіктерін меңгеру және ұдайы өндіруге, әлеуметтік мәдени нормаларды қабылдау және оларды ары қарай дамытуға адамды тартуды білдіреді. Мәдениет ұрпақтар ауысуы барысында ұдайы өндіруші ретінде мінез-құлықтың, адамдар санасының үлгілерінің, сонымен қатар, қоғам өміріндегі заттар мен құбылыстардың жүйесі деп түсініледі. Бұл тұрғыдан білім беру мен мәдениет бірлесіп «үлкен дем», дем алуға сәйкес ырғақты қимыл құрайды деген салыстыру өте орынды. Осы салыстырудың авторы В. Ф. Сидоренко «Өзі үшін» - білім беру- мәдениеттің бейнесі, «мәдениет үшін» ол - мәдениеттің білімі, нақтырақ айтқанда оның білім беру арқылы ұдайы өндірілуі, ал «социум» үшін - ол оның «өкпесі». «Дем» алғанда білім беру өзіне барлық мәдениетті «тартады» соның нәтижесінде шығармашылық ұдайы өндіру үшін мазмұн және затқа ие болады және өзі мәдениеттің ерекше формасы мен бейнесіне айналады. «Дем» шығарғанда мәдениет социумға мәдени форма мен әрекет жасауға қабілеттілік беріп, ұдайы өндіріліп отырады».

Мәдениет түрі (типі) ұғымы мен мәдениет түрі деген анықтаманың өзі оқыту мен білім берудің сипатымен байланысты болғандықтан табысты болып табылады (мысалы, архаикалық, қазіргі заманғы мәдениет) . М. Мид осы негіздеме бойынша мәдениеттің үш түрін ажыратады: постфигуративті, кофигуративті және префигуративті. Постфигуративті мәдениетте (қарапайым қоғамдар, кішкентай діни қоғамдастықтар, анклавтар және т. б. ) балалар ең алдымен, өздерінің алдындағылардан үйренеді. Осындай мәдениеті бар қауымдастықтарда билік М. Мид бойынша, өткенге негізделеді. Постфигуративті мәдениеттер дегеніміз үлкендердің өздері ешқандай өзгерістер елестете алмайды, сол себепті олар өз ұрпағына өздері өткен «өмір сабақтастығының» тек жылжымас сезімін береді, бұл - «олардың балалары үшін болашақ схемасы». Осындай мәдениетті сақтау үшін оны жүзеге асырушы қарттар қажет. Мәдениеттің осындай түрі М. Мидке сәйкес, өркениеттің басына дейінгі мыңдаған жылдар бойы адамдар қауымдастығын сипаттайды.

Жалпы білім беру - бұл жеке тұлғаның, ғылыми дүние танымы мен маңызды қасиеттерін қалыптастыру үшін, қоғамдық және еңбек іс-әрекетіне қатысуға әзірлеу үшін, кәсіби білім алуы үшін қажетті ғылым негіздерін оқушылардың меңгеру процесі мен нәтижесі.

Ашық білім беру - ашық жүйелер құру арқылы қол жеткізу.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау - оқыту процесінде балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер мен оқушылар үшін осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, себебі ол оқыту барысында ілгері қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет ұғым болып табылады. Модульдің бұл түрінде - мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық - білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.

Болашақ білім жүйесінде университеттердің атқартын қызметі ерекше болады. Қандай да бір университет болмасын, ол адамға жан-жақты мәдениет беру құралы болуы керек. Университеттердің мұндай болуына толық мүмкіншіліктері бар. Университет жұмысшы күшін өндірмейді. Оның асты міндеті - адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып, қалыптастыру.

Қоғамның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университтердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде, деңгейде қызмет атқарады, соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университтерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді, ондағы гуманитарлық қоғамдық ғылымдар жартылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгілерімен жүргізілді. Ақыл -ой, еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып, тек қана нақтылы тиімді, пайдалы ғылымдар (мысалы, математика, физика, химия, биология, техникалық ғылымдар, т. с. с. жүргізілді. ) Ал, адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына, оның адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне назар аударылмады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мәселесі-бұрынғы университетті қайта жаңғырту. Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі басты, негізгі мәселе-қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі- гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес, ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Оқу, білім - қоғамдағы оқшау тұрған сала емес, Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын ала. Ал, жоғары мамандандырылған, саналы, өз бетімен істелетін еңбек іс-қызмет, жұмыс беделінің төмендеуі қоғамдағы оқу, білім саласының заңды беделін түсіріп, маңызын кемітеді. әрине, айта берсе, кемшілік, олқылықтар өте көп. Бұлардың объективтік және субъективтік себептері бар. Объективтік басты себептерге оқу, білм жүйесін қажетті қаржымен қамтамасыз етілмеуі жатса; субъективтік себептердің бастыларына -оқу, білім жүйесінің ғылыми дәлелденген, өмірдің барлық және әрбір салаларына сәйкес келетін тиімді оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістемелерін, оқу және көнректі құралдарды жасап, компьютерлердің кең қолдану, жаңа педагог кадрларды іріктеп алу, отбасымен байланыс-қатынастарды күшейту, т. с. с.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Крутецкий В. А. Основы педагогической психологии. М., 1972

2. Талызина Н. Ф. Педагогическая психология. М., 1998.

3. Выготский Л. С. Педагогическая психология.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырыбы: Оқыту психологиясының негіздері

Орындаған: Нурсадыкова Ж. М

Тексерген: аға оқытушы Адильжанова Қ. С

Семей 2015

Оқыту психологиясы - оқытудың жүйелілігі жағдайындағы танымдық іс-әрекеттің дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Әртүрлі дидактикалық жүйе жағдайындағы танымдық іс-әрекеттің өзгешелігіне себепші болатын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын анықтайды, баланың дамуы мен оқу үрдістерін басқару мүмкіндіктерін, оқыту мен оқудың психологиялық заңдылықтарын, оқыту тиімділігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдерін зерттейді.

Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отыр. Я. А. Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру бастатған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін ескере отырып дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған.

Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К. Д. Ушинский де назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пәні» атты еңбегіңде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.

Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жәніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л. С. Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

  • оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
  • оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;
  • оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
  • оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:

  • Д. Б. Эльконин мен В. ВДавыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деи есептеді;
  • Н. А. Менчинская, Д. И. Богрявленская, Е. А. Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;
  • Б. Г. Ананьев, А. А. Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;
  • Л. В. Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;
  • П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина баланың ой-орісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;
  • Т. В. Кудрявцев, А. М. Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекетттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.

Психологиялық және педагогикалық теорияларды қортындылау негізінде, осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы қолданысқа төмендегі ұғымдар енгізідді: - даму - бұл организмнің жүйке жүйесінің, психикасының, тұлғаның сандық және сапалық өзгерісінің кәріпісі;

- оқыту - қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты жеткізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруді ұйымдастыру процесі

- Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлтгық, көпқырлы дөстүрі, ұлттық психологияны сипаттайды.

Тәрбиеленетін де, оқытылатын да адам абстрактілі емес. Ол барлық уақытта әдетте ұлттық сана мен өзіндік санасының, ұлттық танымының, сезімінің және еркінің ерекшелігін адамдардың басқа бір адамдармен өзара қатынстары мен қарым-қатынастарындағы ұлттық келбетінің идеялық ерекшеліктері тән болатын қандай да бір ұлттың әкілі.

Ұлттық психологиялық ерекшеліктер оқыту мен тәрбиенің мазмұнын тікелей байланыстырады, сондықтан олар белгілі-бір ұстанымдарға негізделе отырып іске асырылады.

Біріншіден, педагогикалық әсердің этноспецификалық детерменизм ұстанымы.

Екіншіден ұлттық сана және ұлттық өзіндік педагогакалық іс-әрекеттердің бірлігі ұстанымы.

Үшіншіден, ұлттық идеалмен сәйкестігі нақты өмір мен еңбектің жағдайындағы педагогикалық әсердің ұстанымдарын ескерусіз қалдыруға болмайды.

Төртшшіден, ұлттық бейімделген мүмкіндіктерді педагогикалық әсерде дамыту ұстанымы.

Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын нсихологиялық тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементер жиынтығын құрайды. Жүйенің сипаттамасы мақсаттың, білім мазмұнының, дидактикалық процестердің, оқытудың әдістері, құралдары, формаларының және оның ұстанымдарының сипаттамаларын сәйкес. Дидактикалық тұжырымдамалар-дан үшеуін бөліп алу қажет: дәстүрлі, педоцентристикалық және дидактиканың қазіргі жүйесі.

Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты родді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я. А. Коменский, И. Цесталоцци, И. Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды.

Педоцентристикалық тұжырымдамада оқытудағы басты рөл оқуға баланың іс-әрекетіне беріледі. Бұл тәсілдің негізінде Д. Дьюидің жүйесі, Т. Кершенштейнердің еңбек мектебі, В. Лайдың XX ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теориясы жатыр. Г. Кершенштейнер халықтың «еңбек мектебі» баланы қазіргі мемлекеттің талабына үйрету және әлеуметтік шығу тегіне сәйкес алдағы кәсіби іс-әрекетке дайындауы керек деген ұғымына сөйкес «азаматгьіқ тәрбие» тұжырымдамасын жасады. В. Лай тәрбие мен оқьпу оқушыларға сырттй әсер ету мен олардың оған сурет, модельдеу, сызу, ән-күй, би сабақтары, түрлі ауызша және жазбаша жұмыстар мен жануарларды бағып-қағу түріндегі жауапты реакцияларының кезектесуі ретінде қарастырылуына сәйкестендірілген «әсер ету» формуласына негізделген «әрекеттегі педагогика» тұжырымдамасын ұсынды.

Қазіргі тандағы дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу - оқытудың іс әрекетін құрайды, ал олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Қазіргі тандағы дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған тұжырымдаманы (Л. В. Занков, З. И. Калмыкова, Е. Н. Кабанова-Миллер) және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдаманы (Г. А. Цукерман, В. В. Давыдов, Д. Б. Элъконин, С. А. Смирнов) еректпе атауға болады.

Л. В. Занковтың тұжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара байланыстағы ұстанымдар құрайды. :

- қиыншылықтың жоғарғы деңгейіңде оқыту;

- бағдарламалық материадды оқытудың жоғарғы қарқындылығы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру көпаспектілі феномен ретінде. Оқыту психологиясының негіздері
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Оқыту психологиясының негіздері туралы
Іс - әрекет және оның құрылымы
Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалаулары мен білім беру жетістіктері дамуының теориялық негізі
Ақпараттық өнімнің қасиеттері мен типтері
Ерекше білім алуында қажеттілігі бар оқушыларды түзете-дамыту жұмыстарында қолданылатын әдістердің мазмұны
Ақпараттық модельдеу
Педагогикалық ғылымдар сериясы
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНІКТЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz