Мақыш қалтайұлы жайлы



I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы.
2.2. Ағартушы.демократтық бағыттағы ақын.жазушылар.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Мақыш Қалтайұлы мұрасы жайында ой-пікір айту өткен ғасырдың елуінші жылдарынан басталады.
Ақынның бұл кезеңдегі бірден-бір зерттеушісі  филология ғылымының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев. «Әдебиет және искусство» журналының 1950 жылғы он екінші санында ғалымның «Мақыш Қалтаев» атты көлемді мақаласы басылды. Мақыш шығармашылығы зерттелуінің алғашқы қадамы болып табылатын мақалада зерттеуші ақынның Қазан қаласы баспаханаларында басылып шыққан кітаптарын саралай сүзіп, әрқайсына жеке- жеке тоқталып, қысқаша аңдатпа жасайды, жалпы шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мәнін, мазмұнын ашып көрсетеді: «Мақыш дүниелік ғылым-білімнің, өнеркәсіптің, байлық-дәулеттің, мәдениеттің қажетін, пайдасын ұғады; қоғамның, халықтың шаруашылық, мәдениет жөнінен ілгері дамуын көксейді; жұртты оқуға, мәдениетке, ғылым, өнеркәсіп үйренуге, отанның өркендеуі жолында қызмет етуге үндейді.
1. Қамзабекұлы Д. Алаш идеясы тәуелсіздік талаптары үшін әрқашан басымдық болып қалу керек. Қанат Тоқабаевпен сұхбаты. - АСТАНА, 2007. 28 желтоқсанның.
2. Торайғыров С. Үш томдық шығ. жин. – Алматы: Жібек жолы, 2003. - 2 т. – 256 б.
3. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.
4. Нұрғали Р. Алаш ұранды әдебиеттегі Мұхтар Әуезов көтерген азаттық идеясы // Заман Қазақстан. - 1997. – 20 тамыз.
5. Ісімақова А. Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының реформаторы / Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 1 т. - 408 б.
6. Ахметов З. Жаңа идеялар жаршысы / Дулатұлы М. Шығармалары. – Алматы: Ғылым, 1996. – 1 том. - 280 б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1.М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. 2.Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.

Орындаған: Серікбай Ермек.

Тексерген: Еспембетов А.С.

2015 жыл.
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы.
2.2. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы.

Мақыш Қалтайұлы мұрасы жайында ой-пікір айту өткен ғасырдың елуінші жылдарынан басталады.
Ақынның бұл кезеңдегі бірден-бір зерттеушісі филология ғылымының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев. Әдебиет және искусство журналының 1950 жылғы он екінші санында ғалымның Мақыш Қалтаев атты көлемді мақаласы басылды. Мақыш шығармашылығы зерттелуінің алғашқы қадамы болып табылатын мақалада зерттеуші ақынның Қазан қаласы баспаханаларында басылып шыққан кітаптарын саралай сүзіп, әрқайсына жеке- жеке тоқталып, қысқаша аңдатпа жасайды, жалпы шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мәнін, мазмұнын ашып көрсетеді: Мақыш дүниелік ғылым-білімнің, өнеркәсіптің, байлық-дәулеттің, мәдениеттің қажетін, пайдасын ұғады; қоғамның, халықтың шаруашылық, мәдениет жөнінен ілгері дамуын көксейді; жұртты оқуға, мәдениетке, ғылым, өнеркәсіп үйренуге, отанның өркендеуі жолында қызмет етуге үндейді.
Осы тұрғыдан қарап Мақыш қазақтың үйлену, ауру-сырқауды емдету жөніндегі ескі, зиянды ғұрып-әдеттерін сынайды; бектік-феодалдық қалып сарқыны болған надандық, жалқаулық, мансапқорлық, даукестік, партияшылдық сияқты жаман, кертартпа мінез-құлықтарын сынайды. Соларды дін негізінде, низам жолымен жаңғыртуды, түзетуді жөн көреді, деп ақын өлеңдерінің ағартушылық, сыншылдық бағыттағы мән-мазмұнын сипаттай отырып оның шығармашылық бағытын айқындап, саяси-дүниетанымдық көзқарасына әсер еткен саяси-тарихи жағдайларға, заман келбеті, дәуір тынысына тоқталады: Мақышқа бір жағынан 1905 жылы болған буржуазияшыл-демократиялық революция, екінші жағынан империалистік соғыс, социалистік революция қарсаңында болған саяси-әлеуметтік жағдайлар қатты әсер еткен. Оның саяси ой-пікірі барған сайын өсіп, буржуазияшыл- ағартушылық бағыты ілгерілеп отырған.
Осыдан Мақыш қазақ халқының саясат, мәдениет, шаруашылық жөнінен артта қалғандығын, отар болып езіліп отырғанын барған сайын әрі ашық, әрі батыл айтады .
Әрине, аталмыш мақала тоталитарлық жүйенің оты өршіп тұрған кезде жазылғандықтан, зерттеуші Мақыш шығармашылығын кеңестік танымның таразысына салып буржуазияшыл-ағартушылық бағыттағы ақын ретінде тануға мәжбүр болды.
Кейін, елуінші жылдардың соңына қарай, қоғамдағы саяси жылымық кезінде әдеби мұраға көзқарас өзгеріп, қараланғандар ақталып қайта зерттеле басталса да, біраз қаламгерлердің шығармашылығына әлі де болса күдікпен жалтақтай қарап, саясат ықпалында, таптық таным тұрғысынан зерделеніп жатты.
Оның айғағы 1959 жылы Алматыда өткен қазақ әдебиетінің өзекті мәселе-леріне арналған ғылыми-теориялық конференциядағы баяндамалар мен пікірталастар
Солардың бірі Б.Кенжебаев жасаған ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті туралы деп аталатын баяндамасы. Онда ғасыр басындағы әдебиетте кітаби аталып жүрген ақындар жайында сөз болады (Бұл топта Мақыш Қалтайұлы да бар Ә.Ә.): Кітаби ақын, жазушы деген атау ол топқа жатқызылатын ақын, жазушылардың не таптық идеялық көзқарасын, не көркем әдебиеттік бағыт- әдісін аңғартпайды, кәсібін, кітап басып шығарғанын ғана аңғартады, дей келе ғалым олардың әдеби бағытын жүйелеудегі негізгі ұстанған принципіне тоқталады: Оларды саяси-идеялық көзқарасына қарай жіктеген орынды. Сонда қазақтың ХХ ғасыр басындағы жоғарыда айтылған ақын, жазушыларын феодалдық-клерикалдық, буржуазиялық-либералдық ақын, жазушылар деп атауға болады.
Бұлардың феодалдық, діншілдік, буржуазиялық, либералдық ой-пікірлері көп ретте астасып жатады. Сонымен бірге бұларда демократиялық- ағартушылық ой-пікірлер де байқалып отырады.
Әрине, бұл зерттеушінің өз заманының ығында, саяси тұрғыдан айтылған тұжырымы. Тұтастай алғанда, Б.Кенжебаев жоғарыда сөз болған мақаласынан бастап өмірінің соңына дейін Мақыш Қалтайұлына қатысты зерттеулерден қол үзген жоқ.
Ғалымның докторлық диссертация қорғау барысында жазған Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары (1958) атты монографиясында, осы еңбегінің негізінде жоғарғы оқу орнында оқитын студенттерге арналып жазылған ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті (1966, 1976, 1993) оқулықтарында, сонымен қатар Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері (1973), Әдебиет белестері (1986) сияқты күрделі зерттеулерінде Мақыш шығармашылығы, өлеңдерінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері жайында тың пікірлер білдіріп, оның өмірі, әдеби мұрасына қатысты құнды деректермен толықтырып отырды.
Жалпы, Мақыш мұрасын тұңғыш жинап, оған байыпты бағасын беріп қазақ әдебиеті сахнасына алғаш рет алып шыққан Б.Кенжебаев деп танығанымыз жөн.
Алпысыншы жылдары М.Қалтайұлы ақындығы жайында біраз сөз айтқан Ысқақ Дүйсенбаев болды. Қазақ әдебиеті тарихына қатысты көптеген еңбектер жазған Ы. Дүйсенбаев Мақыш мұрасын арнайы зерттемесе де, сөз арасында оның шығармашылығына, ақындық өресіне тоқталып, өзіндік ой-пікірін білдіріп отырды.
Зерттеуші Мақыш туралы бірінші рет 1963 жылы шыққан ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары атты оқулық-хрестоматияда сөз қозғады. Кейініректе 1965 жылы шыққан Қазақ әдебиетінің тарихында (2- том, 2- кітап) және Эпос және ақындар мұрасы (1987) атты зерттеуінде еш өзгеріссіз қайталанып басылды.
Осы еңбектерінде Ы.Дүйсенбаев Мақышты Мәшһүр Жүсіп, Нұржан Наушабаевтармен бірге пессимизм, мистицизмдерді ұран етіп, өмірден түңіліп күңіреніп өткен ақындар ретінде қарастыра отырып, оның мұрасы жайында былай дейді: Мәшһүр деген атқа ие болған ақынның бірі Мақыш Қалтаев. Шығармаларының тақырыбы, көтерген негізгі мәселері жағынан алып қарағанда, М.Қалтаевтың өлеңдерінде айта қаларлық тың жаңалық жоқ, көп жағдайда М.Көпеев пен Н.Наушабаевқа үндес келіп отырады, ақындық шеберлігі мен тіл байлығы да онша сүйсіндіре қоймайды. Солай бола тұрса да кезінде әдебиет майданына белсене қатынасып, бірнеше жинақтарын шығарғанын тағы да ескермеске болмайды, деп күдікпен қарап, ілуге тұрарлық ештеңе таба алмаған ғалым: Сонымен бірге ескідегі еркін, тыныш заманды қайтып оралмайтын арман етіп аңсайды, өзіне арқа сүйейтін тіректі дін төңірегінен іздеп зарланады деп ақын шығармашы- лығының табиғатына алыс, шындыққа жанаспайтын тұжырым жасайды
Әрине, бұл сол кездегі социалистік идеология жамылғысының астында жатып айтылған пікір екенін де ескеруіміз керек. Тек айтарымыз, мұндай сыңаржақты тұжырым ақын мұрасын зерттеуге зиянын тигізіп, ұзақ уақыт тежеу жасап келгені ақиқат. Мақыш мұрасына қатысты пікір білдірген алпысыншы жылдардағы зерттеулердің бірі А.Нұрқатовтың Абайдың ақындық дәстүрі (1966) еңбегі. Абайдың әдеби мұрасын жан-жақты талдап, оның өзінен кейінгі ақындардың шығармашылығына тигізген әсерін зерттеген ғалым М.Қалтайұлының ағартушылық бағыттағы өлеңдерін Абай өлеңдерімен салыстыра отырып мазмұн, идея жағынан бір-бірімен ұштасып, сабақтасып жатқанын дәлелдеп көрсетеді Сондай-ақ, ХХ ғасыр басындағы қаламгерлердің әйел теңдігі тақырыбындағы туындыларын тілге тиек ете отырып: Осы тақырыпқа Мақыш Қалтаев пен Әкірам Ғалымов та көп жазды деп бір-екі сөзбен ғана қайырады, Мақыштың бұл тақырыпта жазған туындыларының аты түстеп айтылмайды. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының соңы, жетпісінші жылдарының басына қарай Мақыш мұрасының зерттелу аясы ауқымдала түсті.
Қаламгер ғұмырнамасы - зерттеушілер үнемі көңіл бөліп келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Кезінде Мұхтар Әуезовтің: Бізде бұл уақытқа дейін арғы ақынның өмірі туралы жиналған мағлұмат жоқ. Бүгінде қазақ көз салып, жинастырып жүрген азаматтардың қатты ескеретін бір жұмысы осы болу керек, деп аманаттап айтуы жайдан-жай болмаса керек. Ұлы ғұламаның өзі Абайдың ғылыми өмірбаянын бір емес, әлдеқанша қайта қарап, төрт рет жаңғыртып тыңнан жазуы арқылы мүлде жаңа, соны деректермен толықтырып сапасын арттыруға күш салуы [42,67] ақын өмірбаянының қаншалықты маңызды орын алатындығын салмақтай түседі. Неге десеңіз, қаламгер өмірбаяны оның шығармаларының жазылу тарихы мен философиялық көзқарастарындағы эволюцияны айқындауда жетекші қызмет атқаратындығын ешкім де жоққа шығара алмаса керек. Жоғарыда М.Әуезов қадағалап айтып кеткен ақындардың өмірбаяны жазылмауы былай тұрсын, Абайдың өзімен тұстас, одан кейінгі ақындардың өмірі тұрмақ, аттарын атауға тиым салған кеңестік дәуірде, Мақыш Қалтайұлы өмірбаянының ғылыми тұрғыдан қалыптасуына себеп іздеп, дәлелдеп жатудың қажеті де шамалы. Әйтсе де, ақын өмірі жайында мүлде сөз болмады деуден аулақпыз. М.Қалтайұлы өмірбаянын жазу ісіне әр кездері Б.Кенжебаев, Қ.Сыдиықов, У.Қалижанұлы және тағы басқа зерттеушілер өз үлестерін қосты. Мақыш Қалтайұлының өмірбаянын жазуда негізгі сүйенген дүниелеріміз, ең алдымен ақынның өз өлеңдері, содан кейін өміріне қатысты әр кездерде айтылып, жазылып жүрген мәліметтер. Осы қолда бар дүниелерді саралай сүзіп, зерлей қарау, және ақын өзі ғұмыр кешкен заман тынысымен, тарихи ахуалмен байланыстыра зерттеу - ақын ғұмырнамасын жазуға жол ашары сөзсіз. Мұны Ақындардың өмір тарихын білсек, соның әрқайсысы өмір сүрген заманының тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз, деген пікір де қуаттай түседі. Мақыш Қалтайұлының өмірі туралы деректер оның өз туындыларында кездеседі. Ақынның өзіне сөз беретін болсақ Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы (1909) жинағындағы Атым-Мақыш... деп басталатын өлеңінде: Атым - Мақыш, Қалтай дер атам атын, Бабам аты Едіге, қазақ - затым. 26 Ақмола дүр дуаным, қыпшақ - руым Әр жерде сияхлықпен болды жүруім. Туған жер Есіл, Нұра болса дағы, Қушоқы деген жерде бүгін тұруым , деп өзінің ата-бабасы, туған жері, руы жайында айтып өтеді. Бұл деректерді Насихат қазақия (1911) жинағындағы Руым - қыпшақ... деп басталатын өлеңінде нақтылай түседі. Руым - қыпшақ халқы, асылым - қазақ, Әр қауымға жәһилдіктен болған мазақ. Дуаным Ақмолаский, Қараөткел дүр, Болысым Жайықбаев ғизатлу зат. Атым - Мақыш, Қалтай дер атам атын, Бабам - Едіге, жас келді қырыққа жақын. Яғни, ақынның өзі Мың сегіз жүз алпыс тоғыз уәлидәнім (туған жылым) деп айтып өткендей, сол кездегі әкімшілік аймақ бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын Ақмола облысы, Ақмола уезінің Жайықбаев болыстығына қарайтын Қараөткелді жайлаған қыпшақ руының ішінде 1869 жылы туған. Ақынның дүниеге келген кезі - бұрынғы хандық билеу заманы жойылып, ел арасынан сайланған аға сұлтандық билік те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ болыстықтарға бөлшектеніп, биліктің барлығы патша шенеуніктерінің қолына көшкен дүрбелеңді ХІХ ғасырдың екінші жартысы. Ресей империясы қазақ даласын отарлауды үдете түсу үшін 1868 жылы Қазақ даласын билеу ережелері туралы заң шығарып, әкімшілік билеу тәртібін өзгертті. Бұл реформаның басты мақсаты ережеде анық та ашық айтылды. Ол: ... объединение подвластные России народностей под одно управление, устранение от власти местной аристократии, ослабление родовых начал, чтобы добиться постепенного слияния киргизских степей с прочими частями России . Халық арасында Жаңа низам аталып кеткен осы заң негізінде патша өкіметінің қазақтарды отарлау, орыстандыру саясаты қызу жүзеге асты. Бұған сол кездегі патшаның облыстық генерал-губернаторы, әскери губернаторлары, уезд бастықтары және христиан дінінің басшылары жаппай жұмыла кірісті. Ел билеу енді жаңа ереже бойынша сатылы болыстық сайлаумен өткізілетін болды. Бұндағы мақсат: Патша үкіметі отаршылдық мүдде тұрғысынан келіп, жабайыларды жабайылардың қолымен тұншықтырып ұстаудың ең ұрымтал құралы деп қарады. Өйткені, бір-біріне мүддесі сәйкес келе бермейтін әртүрлі бытыраңқы руларды 10-12 ауылдан біріктіріп бір болыстыққа кіргізді. Осы ауылдардың қай-қайсысы болыстықты жеңіп алса, сонысы үстем болу себепті, араға пара жүрді, партиягершілік науқаны қызды. Ашыққан ұялас иттерге сүйек тастағандай болыстық билікке таластырды. Надандық шырмауында қалып ұлттық санасы жанышталған қазақтарды (Мақыштың Әр қауымға жәһилдіктен болған мазақ, деп отырғаны да осы 27 Ә.Ә.) патша өкіметі ешқандай солдатсыз, полициясыз өздерін өздеріне айдап салып, билік жүргізудің ел бүлдіргіш айла-тәсілін оңай тапты. Патша өкіметі өзінің ыңғайына қарай басқарып, еркін билеп төстеу үшін енді қазақ халқының байырғы жерлерін мемлекет меншігіне алып, қазақтардың ата-бабасынан бері ғасырлар бойы қалыптасқан жерге деген меншіктік құқығын жоюды көздеді. Қазақ жерлерін жабайы жолмен отарлау 1891 жылы 25 наурыздағы Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже қабылдаған соң бұрынғы жоғары қарқынмен жүргізіле бастады. Ереженің 119-бабы бойынша Жыл мезгілдеріндегі көші-қон жерлерін және сол жерлерге тиесілінің бәрін соның ішінде ормандарды да бүтіндей мемлекеттік меншікке айналдырды [46,98 ]. Патша үкіметінің бұл жымысқы саясатының астарын С.Мұқанов былай ашып көрсетті: Жер отарлаудың мәнісі - қазақ даласына ішкі Россиядан переселендерді қаптатып жиілетіп орыс шаруа поселкаларын орнату, қазақтың бар құнарлы жерін переселендерге беру, сөйтіп жерге мал бағумен ғана кәсіп еткен қазақ халқын мал отынан айырып (отынан айырылған соң мал өсе ме?) қазақты кедейлендіру, содан кейін аздырып-тоздырып, ұлттығын, елдігін жою . Барлық ерікті өз қолына алған патша өкіметі қазақтардың ең шұрайлы да сулы жерлерін алып қарашекпендерге таратып берді. Ішкі Ресейден келімсектердің ағылып келуі қазақ даласында демографиялық ахуалды да өзгертті.
Мақыш әкесі Қалтай, арғы атасы Едіге барлығы да орта қолды кедей адамдар болған.Жас кезінде Мақыштың өзі де
Мен Мақыш Ақмоланың пақырымын,
Мал басқа бай болмаған тақырымын
деп өзі айтқандай жоқшылықтың тауқыметін көп тартады. Бірақ ол кедей екенмін деп төмендемейді, қай кезде де, кімнің алдында болса да еңсесін тік, жоғары ұстап бар мақсатын білім алуға, ғылым іздеуге жұмылдырады. Қазақтың айнасы (1910) жинағындағы Дүниенің керектігі хақында өлеңінде былай дейді:
Әулиенің сөзімен мал жимадым,
Мұхтаж болып жанымды көп қинадым...
Ғылым - ғизат, дүние - өлексе, деп.
Байларға басымды иіп көне алмадым
Ғылымның ғиззат, құрмет өзінде деп,
Дүниелер, ағанияға (байлыққа) көз салмадым
деп ешкімге жалынышты болмаған, өзінің адал еңбегімен күн көріп, жиған- тергенін білім алуға жұмсайды. Мақыш алғаш сауатын ауыл молдасынан ашып, қадим мектебінде оқып хат таниды. Ол кездегі оқу-ағарту жұмысы екі бағытта жүргізілді: бірі-мұсылманша, екіншісі орысша оқу. Мұсылманша оқу екі сатыда болды. Ауылдық жерлердегі мектептерде бастауыш білім берсе, шаһарлардағы медреселерде орта дәрежелі білім алып шығатын. Қадим оқуында негізінен ислам дініне қатысты дәрістер жүргізілді және де онда көбінесе медресе бітіріп келген орта дәрежелі білімі бар татар, башқұрт молдалары оқытатын. Ол заманда балаларды он-он бес жыл бойы оқыса да сыныпқа бөлу болмайтын. Шәкірттердің оқу шамасы әр кезде олардың оқып жүрген кітабімен айтылатын. Сонда ең бастауыш оқу әлгі айтқан арабша Иман шарт, һәф-тиектен басталса, одан әрі Түрки оқытылатын. Одан кейін Қырық хадистен басталатын арабша оқу кететін. Олар: Шуруту-с-салат, Фиқһу Қайдани, Тағлиму-с-салат, Тухафату-л-мулук, Наһу-сарф, Бидан, Мұқтасар, Қафия, Мантиқ, Ғақайд болушы еді. Сонан әрі білім төрінде Шарх Ғабдолла сияқты кітаптар тұратын
Бағаның бұлай шарықтап өсуінің себептері де жоқ емес. Ең алдымен жалпы нарық заңы бойынша, сұранысқа ие болмаған товардың бағасы да төмен болар еді. Демек, бұл кітаптар товар ретінде қазақ даласында үлкен сұраныспен сауда айналымына түскен. Сол себептен де бағасы қымбат. Мұның өзі сол кезде қазақтардың білім алуға деген талпынысының да жоғары болғанын көрсетеді. Сонымен қатар жоғарыдағы кітаптар тұтас бір ғылымның (дін ғылымын) жеке-жеке салаларын оқытуға арналған оқулық ретінде қолданылған. Атап айтқанда, Ақида діни сенім имандылыққа қатысты; Наһу-сарф, Тәжуид Құранды сауатты, дұрыс оқуға арналған араб тілі қағидалары; Тағлиму-с- салат, Шуруту-с-салат намаз әдептері; Фиқһу Қайдани мұсылмандық заң ғылымы; Рабғузидің Қиссасу-л-Әнбиясы пайғамбарлардың өміріне; Мухаммадия Мухаммед пайғамбардың өмірі, дін тарихына қатысты оқулық-кітаптар. Әрқайсысының білім берудегі танымдық мақсат-міндеттеріне қарай бағалары да әртүрлі. Білімнің ең жоғарғы сатысы болып саналатын Құран Кәрім, Шарх Ғабдолла (Құранға түсінік беру - Ә.Ә.) сияқты кітаптардың құны да жоғары (Он бес қой я толық ат - Құран өзі). Осылардың барлығы да қадим жүйесіндегі мектептерде оқытылатын арнайы пәндер. Мақыш Қалтайұлының да алғаш оқыған оқуы, алған білімі осы сипатта болды. Бірақ Мақыш бұл алған білімін қанағат тұтпай ары қарай өздігінен ізденіп оқуға кіріседі. Бірнеше молданың алдын көріп, дәріс тыңдап, 30 пікірлеседі. Солардың ішіндегі Мақыштың өміріне ерекше із қалдырғаны Абдолла Ешімов болды. Соған арнап шығарған өлеңінде ақын былай дейді:
Жиырманың бесінде нәсіп болды,
Мүшкилатқа мойынды бұруымыз.
Қараөткелде Абдолла қазіреттен,
Тағылым алып дүкенді құруымыз.
Ел ішінде арабтан сабақ алдым,
Молла тақсыр дегенге қатты нандым.
Сол заманда бір ғалым Қараөткелге,
Келіпті деп есітіп әбден қандым.
Естуменен сыртынан ғашық болып,
Көп кешікпей көруге іздеп бардым.
Шын молланы көрген соң шықпас болып,
Биданнан бисмиллаһи дәріс салдым.
Мал-мүлікті талақ қылып талап үшін,
Көп жылдар құзырында тұрып қалдым
Сөйтіп ұстаз кеңесімен Мақыш оқу-білім іздеп алдымен Қызылжар, Көкшетау жағын аралап, Троицкі қаласынан барып шығады. Осының барлығын ақын өзінің өмірбаянын парақтайтын өлеңінде айтып өтеді:
Қараөткелде тахсилмен үш жыл тұрдым,
Мұнан соң Қызылжарға сапар жүрдім.
Троицкі барарға пікір қылдым,
31 Зейнолла шейх мекені мағұмрия.
Мұнда келген мүрид көп нәпсісін тыя.
Маша Аллаһ біз тұрып бұл шаһарда
Қайттық асыл отанға дүние (білім Ә.Ә.) жыя
Жалпы Мақыш тіл үйренуге өте ыждаһатты болған. Іздеп жүріп, қолына түсірген араб, парсы, татар тіліндегі ғылыми кітаптарды сол тілдің өзінде оқып, оны терең ұғынуға тырысқан. Үнемі кітап қарап білімін толықтырып отырады. Маңайындағы ғылым мәселелерімен таныс адамдармен сұхбаттасып, ой бөлісіп, пікір таластырады білімін жетілдіре түсу үшін орыс тілін үйреніп, сол тілде жазылған христиан дініне қатысты әдебиеттерді оқиды.
Исаның шәкіртіне айтқан сөзін
Інжіл мұқаддаста көрді көзім:
Пайғамбарлар қадірі өз жұртында,
Болмас деп мұнан мұрат,- айтқан сөзін, деген ақынның өлеңі, жоғарыдағы ойымызға дәлел болады.
Мақыш негізінен, әрбір мұсылман үшін міндетті парыздардың бірі - талаб әл-илмді, яғни, білімге талаптануды мүлтіксіз орындап отырған. Тәхмину он санада болдым талиб, әһл-әулет барлығын қасыма алып, деп өзінің айтуынша бала-шағасын тастамай өзімен бірге алып жүріп, білімге талаптанып, ізденуден жалықпаған. Ислам дінінің парызы ілімге талаптану үшін саяхат шегу ұсынылып, ең қолайлы мерзім жастық шақ деп есептеледі, дегенмен оған ашық шектеу қойылмайды.
Осы мақсатта Мақыш Қазақстанның Шығыс, Батыс, Оңтүстік өңірін аралайды.
Естігеннен көп артық көзбен көру,
Көріп ғибрат алғанбыз жүріп елден немесе,
Жоқты айтпаймын айтамын барды сезіп,
Көп көрдім жүргенімде елді кезіп, деп көрген-білгенін, ел ішінде өтіп жатқан әртүрлі мәселелерді ой таразысына салып өлеңге айналдырады. Жазған төл туындылары мен тәржімаларын кітап етіп бастыру үшін Қазан қаласындағы баспаханаларға жіберіп тұрады.

Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.
Әдебиет тарихынан мәлім әр жанрдағы көркем әдеби мұраларға, көркем әдеби, публицистикалық жазбаларға қарағанда, ХХ ғасырдың басындағы ширек ғасыр қазақ әдебиетінің бәз қалпында даралық танытқан, халық тағдырының өртіне түсіп, санасынан сартап болған ұлттық мүдденің тізгінін қолына алған сәті деп қараған дұрыс. Бір жағынан, Ресей патшасының болғандығында болғанымен, 1905 - 1907 жылдардағы дүрбелеңді кезең, Ресей үкіметінің, большевиктер партиясының тегеурінінен әлсіреп, алыс-жақынды бүріп ұстаған шеңгелінің босаңсып, байтал түгіл бас қайғының кебін киген тұсында бодан елдерінің көзі ашық зиялы өкілдері өз ұлтының, елінің елдігі келешегін ойлап, алдағы күндердің қамын жей бастаған секілді. Екіншіден, қазақ ортасының ішкі даму жөні де пісіп-жетіліп, осындай бір күрделі де қайшылықты кезеңге аяқ басқаны анық-ты. Әдебиет қашанғыдай осы үрдістің өзегіндегі құбылыстардың тамырын басты. Сөйтіп, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті идеялық сарындарымен де , көркемдік ізденістерімен, жанрлық бітімімен де, алуан қырлы тақырып, сан сырлы мазмұн, сазымен де ұлттық әдебиеттің өзіндік бітімін білдіреді. Өкініштісі, нақ осы он бес - жиырма жылдағы қазақ әдебиеті шығармалары әдебиет тарихында өзіне лайықты тиісті бағасын толық ала алмады. Қазан төңкерісінен кейін, советтік жүйе тізгінді біржолата қолына қаратқаннан соң, екі ғасыр арасындағы, екі заман жалғасындағы өліара кезеңдегі қазақ әдебиетінің ақиқаты мейлінше теріске шығарылды, бұрмаланды, бірте-бірте түнекке тасталып, қапас қақпасы тарс жабылды.
Бұл тұстағы қазақ әдебиетінің күллі сипаты мен даму заңдылықтарының көріністері, өзіндік кемшілік-жетістіктеріне қарамастан, қазақ топырағындағы ұлттық көркем саз өнерінің табиғи болмысын танытады. Жаратылысынан қазақ елінің мүддесін талғаған әдебиеттің әрі қарай даму жолы да айқын, өрісті болатын. Заман беті теріс бұрылды. Бірте-бірте әдебиет те кеңестік кептің кезіне түсті. Бұл кезеңді бөліп алып қарастырудағы мақсат әдебиет тарихындағы әр белесті кездің, мерзім жағыннан ұзақ-қысқалығына қарамасатан, өзіне тән заңдылықтардын жан-жақты ашып қарастыруды көздейді.
ХХ ғасыр басындағы әдебиет шамамен ширек ғасырлық уақытты қамтыса да (шартты түрде Қазақ АССР-і құрылған 1917 жылдан бастап саналатындықтан, 1900-1917 жылдардағы әдебиет деп нақтылап алуға тура келеді. Екі ғасыр аралығында қазақ әдебиетінің ерекшелігі де мол болады, сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақыш қалтайұлының өмірі мен мақыштану мәселелері
Мақыш Қалтайұлы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жайлы
Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны
Мақыш Қалтайұлы туралы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы жайлы
М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Қазақ әдебиеті тарихындағы діни ағартушы ақындар шығармашылығының орны
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Әдебиеттегі жаддизм бағыты
Пәндер