Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері туралы мәлімет



1. Психикалық аурулар сипаттамасы.
2. Психикалық аурулар ерекшеліктері.
3. Психикалық аурулар симптомы.
4. Шизофрения.
5. Пайдаланған әдебиеттер.
Психикалық аурулар. Психикалық аурулар ұғымын анықтау психиатрияның даму дәрежесіне орай үнемі өзгеріске ұшырауда.Психикалық аурулардың баламасы ретінде психоздар деген сөз де алынады. Бұл сездің тү-сінігінде қызметі төмендегідей өзгеріске ұшырайды: психикалық реакция ақиқат қарым-қатынастарға шұғыл, дөрекі қарама-қайшы келеді, мұның өзі ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуынан және мінез-құлықтың өзгеріске ұшырауынан байқалады. Психоз кезінде психикалық қызмет сыртқы дүниемен қатыста өзгеріске ұшырайды, осының әсерінен ішкі жағдайлар, өзгереді — мидың рефлекстік қызметі бұзылады немесе ми қызметі әлсірейді, бұрмаланады, тіпті толық істен шығады. Соның салдарынан көңіл күй, уайымдау, шешім қабылдау іштей болады. Ал дені сау адамда шешім қабылдау, пайымдау, сезім (meentis alienatio — ақылсыз, жынды) сыртқы әсерлер себебінен туып, ақиқат дүниемен үйлесімді байланыста болып келеді.
1. "Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы" Бекмурзаева Э.К., Туртаева А.Е., 2013 жыл
2. Б. Д. Карвасарский "Медициналық психология"
3. Илешева Р.Г "Медициналық психология"

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері.

Орындаған: Әмірғалина Б. Пх - 315
Тексерген: Тезекбаева М.Ж.

Семей,2015ж

Жоспар:

1. Психикалық аурулар сипаттамасы.
2. Психикалық аурулар ерекшеліктері.
3. Психикалық аурулар симптомы.
4. Шизофрения.
5. Пайдаланған әдебиеттер.

Психикалық аурулар. Психикалық аурулар ұғымын анықтау психиатрияның даму дәрежесіне орай үнемі өзгеріске ұшырауда.Психикалық аурулардың баламасы ретінде психоздар деген сөз де алынады. Бұл сездің тү-сінігінде қызметі төмендегідей өзгеріске ұшырайды: психикалық реакция ақиқат қарым-қатынастарға шұғыл, дөрекі қарама-қайшы келеді, мұның өзі ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуынан және мінез-құлықтың өзгеріске ұшырауынан байқалады. Психоз кезінде психикалық қызмет сыртқы дүниемен қатыста өзгеріске ұшырайды, осының әсерінен ішкі жағдайлар, өзгереді -- мидың рефлекстік қызметі бұзылады немесе ми қызметі әлсірейді, бұрмаланады, тіпті толық істен шығады. Соның салдарынан көңіл күй, уайымдау, шешім қабылдау іштей болады. Ал дені сау адамда шешім қабылдау, пайымдау, сезім (meentis alienatio -- ақылсыз, жынды) сыртқы әсерлер себебінен туып, ақиқат дүниемен үйлесімді байланыста болып келеді.
Мидың патологиялық жай-күйі психиканың жеңіл, болмашы өзгерістеріне де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ақиқат дүниені бейнелеу бұзылмайды да, мінез-құлық та елеулі өзгеріске ұшырай қоймайды. Мұндай психикалық ауруларға невроз, психопатия (психикалық дисгармония) жатады. Психоздар мен басқа да психикалық аурулардың арасындағы айырмашылықты белгілеудің теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да маңызы бар. Психоз басталғанда аурудың қабілетсіздігі байқалады. Қоғамға қауіпті әрекет жасағанда ондай ауруға сот жауапкершілік жүктемейді, медициналық шаралармен қорғауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай аурулар мемлекеттік және қоғамдық органдарға сайлауға қатыспайды, өздері де сайлана алмайды. Алайда мұндай айырмашылық үнемі бола бермейді. Көптеген психоздардың дамуының алғашқы кезеңінде олардың барысы қолайлы өткен кезде немесе ремиссия уақытында ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуы бола бермейді, сана-сезім мен мінез-құлық елеулі дәрежеде бұзылмайды.
Ақиқат дүниені бейнелеу әр түрлі психикалық аурулар кезінде әр қилы дәрежеде зақымданады. Кейбір аурулар кезінде сезімдік таным, яғни заттар мен құбылыстарды тікелей бейнелеу елеулі түрде өзгермейді. Керісінше, ойлаудың неғұрлым күрделі формалары -- абстрактілі, логикалық таным, заттар мен құбылыстардың ішкі байланыстарын бейнелеу бұзылады. Басқа аурулар кезінде сезімдік танымның жоғарғы да, бастапқы да формалары бұзылады. Айталық, параноя деп аталатын психозда сезімдік таным аз бұзылады. Ауру адамдар затты, құбылысты дұрыс қабылдайды, қоршаған жағдайға дұрыс бағдар жасап, өздерін күнделікті өмірде дұрыс алып жүреді. Алайда, оларда құбылыстар мен заттар арасындағы ішкі, неғұрлым терең қарым-қатынастардың бейнеленуі бұрмаланған болып келеді. Аурулар физиканың қалыптасқан заңдылықтарына қарамастан, ғылыми деректерді бұрмалап, мәңгілік двигатель ойлап шығарады, бүкіл әлемдік тартылыстын жаңа заңын аштық- деп дәлелдейді, т. б. Сананың тұмандануы қоса қабат жүретін психикалық аурулар кезінде ақиқат дүниені ұтымды әрі сезімдік бейнелеу бірыңғай дәрежеде бұзылады. Санасы тұманданған кезде аурулар маңайындағы адамдардың бет келбетін танымайды, заттарды бұрмалап қабылдайды, олардың ойлауы байланыссыз, мінез-құлықтары ретсіз, бейберекет мазасыз қимылға бейім келеді.
Танымдық қызметтің бұзылуындағы мұндай айырмашылықтарды бүтіндей бір оқшау өзгеріс ретінде түсінуге болмайды. Бұл жерде әңгіме танымның белгілі бір дәрежеде, елеулі түрде зақымдануы туралы болып отыр. Танымның белгілі бір түрі зақымданған кез-келген жағдайда оның басқа түрі де белгілі дәрежеде зақымдалады.
Психикалық аурулар көрінісі психикалық процестердің әр алуан өзгеріске ұшырауынан байқалады. Бұл жағдайларда нақты қабылдау бұзылады, ой ағымы өзгереді, пайымдау бұрмаланады, ес әлсірейді, объективтік сылтаусыз-ақ көңіл-күй езгереді, дәлелденбеген іс-қылықтар жасалып, сана тұмандана түседі.
Ауру психикалық кызметті өзгертеді, ал кейде әлсіретіп, тіпті мүлде жоқ қылып та жібереді. Сондықтан да психикалық ауруларды жеке адамының аурулары ретінде айтамыз. Мұның себебі, еңбек процесі мен қоғамдық өмірде пайда болған адам психикасы -- мидың айрықша қызметінің, оның өмірлік қызметінің нәтижесі болып саналады. Мұның бәрі мидан тыс өмір сүре алмайды. Ми-психикалық қызметтің органы, сыртқы дүние -- оның қайнар көзі. Мидың рефлекстік қызметі сонымен бірге, бұл -- нервтің де, психиканың да қызметі, сол сияқты бейнелеу де мидың қызметі. Психикалық қызмет (түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау) рефлекстік қызмет процесінде пайда болады, оның барысында өзіндік сапалық өзгешеліктері бар психикалық құбылыстардың пайда болуы заңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері жайлы
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері туралы
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері жайлы ақпарат
Психикалық аурулар туралы ақпарат
Дәлелді медицинаның екінші және үшінші этаптары
Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы
Ландшафтқа бейімделген егіншілік жүйесінің биологиялық және техникалық сәйкестігі
Пәндер