Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған қуыстар


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған қуыстар.
Орыдаған: Ошманова А. С.
Тобы: ПД-517
Тексерген: Нуржуманова Ж. М.
Семей 2015
Жоспар:
1. Экологиялық қуыс.
2. Экологиялық қуыстар туралы түсінік.
3. Потенциалдық қуыстар.
4. Жүзеге асырылған қуыстар.
Экологиялық қуыс (орыс. Экологическая ниша) - организмнің тіршілік ету жағдайларына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы, соның ішіне ол орналасқан кеңістік, қоғамдастықта атқаратын функциялық рөлі (мысалы, трофикалық статусы) және оның қоршаған орта факторларына температураға, ылғалдылыққа, қышқылдылыққа, топырақ құрамына және т. б. жағдайларға төзімділігі кіреді. Экологиялық қуыс дегеніміз - түрдің экожүйедегі энергия тасымалдауында атқаратын рөлі. Экологиялық қуыс үш түрге - кеңістіктік, қоректік және гиперкеңістіктікке (көп өлшемді) бөлінеді. Кеңістікгік қуыс - организмдердің тұрақты мекені, қоректену ерекшеліктеріне байланысты куыс, көп өлшемді қуыс дегеніміз - гиперкеңістіктегі аумақ, оның өлшемі экологиялық факторларғабайланысты. Бір Экологиялық қуысты екі түр қатар иелене алмайды. Экологиялық қуыс бәсекелестік жолмен бөлінеді. Әр түрдің бәсекелестік күрестегі табысы абиоталық факторлардың әсерімен байланысты. Егер ресурстардың мөлшері жеткіліксіз болса, қуыстар қабаттасқан кезде бәсекелестік туады. Бәсекелестік нәтижесінде түрлердің бірі жойылады немесе басым түскен түр өз бәсекелесін бейімделушілік аймағының шетіне ығыстырады. Жануарлар әртүрлі азықты қорек ететіндіктен олардың экологиялық қуыстары ажыратылған. Өсімдіктердің экологиялық қуыстары айқын ажыратылмаған (барлық өсімдіктердің қорегі бірдей -олар тамырымен топырақтан минералдық тұздардың ерітіндісін, күн жарығы мен көмірқышқыл газын сіңіреді) .
Гаузе принципі бойынша экологиялық қажеттіліктері бірдей екі түр бір территорияда ұзақ уақыт бәсекелеспей тура алмайды, яғни олар бір экологиялық қуысты иемденеді.
Түр аралық бәсекелестік кеңістік, қорек, биогендік заттар және т. б үшін болуы мүмкін. Түр аралық бәсекелестік нәтижесінде бір популяция екінші популяцияны ығыстырып орнын басады. Егер түрлер әр түрлі жерде тіршілік етсе олардың экологиялық қуыстары әр түрлі, ар бір жерде тіршілік етіп, қорегі әр түрлі болатын болса олардың экологиялық қуыстарында бір шама айырмашылық болады. Табиғатта бәсекеге түсетін түрлердің бірлесіп тіршілік етуі (экологиялық қажеттіліктерінде айырмашылық болса) мүмкін. Популяциялардың кеңістік пен ресурстарды бөлісу процесі экологиялық қуыстардың дифференциясы деп аталады. Экологиялық қуыстар дифференциясының басты нәтижесі - бәсекелестіктің азаюы. Көптеген жағдайларга байланысты антагонистік түрлер бірлесіп тіршілік етеді, алайда бұл кері әсерін тигізеді, себебі түрлердің бір - біріне әсері қалып, оларға өз қасиеттері мен мүмкіншіліктерін толық ашуға мүмкіндік бермейді.
Экологиялық қуыс ұғымын ғылымға зоолог Дж. Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Экологиялық қуыс - абстракты ұғым, бұл табиғатта түрдің тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы. Ю. Одумның айтуы бойынша «экологиялық қуыс» ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады, яғни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы», ал қуыс - түрдің «мамандығы». Мысалы, өсімдік қоректі антилопа мен кенгуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен бір экологиялық қуысты иеленеді. Керісінше, орман тиіні мен бұғысы да өсімдік қоректі болғанымен әртүрлі экологиялық қуысты иеленеді. Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады. Африка саваннасында жайылып жүрген тұяқты жануарлар жайылымның шөптерімен әртүрлі қоректенеді: зебралар негізінен өсімдіктердің бас жақтарымен, антилопа гну зебралардан қалған өсімдіктердің тек кейбір түрлерімен, газель аласа өсімдіктермен, ал топи антилопалары басқа жануарлардан қалған, қураған биік шөптермен қоректенеді (26 сурет) . Гаузе принципі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды. Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеңістіктегі ресурстардың қоры жетпейді. Яғни, экологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысты (орынды) иелене алмайды. Өмір сүруі үшін біреуі міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек (қорек түрін, тіршілік ету түрін) . Өсімдіктердің қоректенуі автотрофты болғанымен (фотосинтез) және ортаның бірдей қорларын (минералды заттардың ерітінділері, көмір қышқыл газ) пайдалануына қарамастан олардың да қуыстарға жіктелуі айқын байқалады. Жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш өсімдіктер, тамыр жүйелерінің әртүрлі тереңдікте болуы, қажетті ылғал мөлшері және олар әртүрлі кезеңдерде гүлдеп, жеміс береді, тозаңдатқыштары да әртүрлі болады. Әрбір жеке организмнің тек өзіне ғана тән қолайлы тіршілік ететін қуысы (орны) болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше қызметімен сипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австрияда немесе Еуропада болсын, олардың экологиялық қуысы мен атқаратын қызметі ұқсас болып келеді. Экологиялық қуыстың тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал бір систематикалық түрге жататын туыс түрлер тіптен қоректік тұрғыда өте тиімді жіктелген. Мәселен, суда кездесетін ескек аяқты су қандалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Себебі бірі жыртқыш болса, екіншісі калдықтармен қоректенеді. Мұндай жағдайда организмдердің экологиялық орны тұрақты келеді. Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген.
Экологиялық сукцессия Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы ағзалардың молдыгы, трофикалық құрылымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуьш экологиялық сукцессия (латынша succession - ауысу) деп атайды. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық катар немесе серия дейді. Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа, одан орманга айналуын келтіруге болады.
Экологиялық сукцессия биоталық қауымдасгық пен физикалы?;, орта арасында тепе-теңдік орнайтьш экожүйенің реттелген дамуы, оны болжауға болады. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңнен өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессия кезінде түрлердің алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгертуге үмтыла отырып, өзге популяциялар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Экологиялық сукцессия барысында ағзалардың түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталанып алмастырып отырады. Сукцессия - өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеретрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрлері бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz