Саясат ғылымы тарихы туралы мәлімет



 Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі қызметтері.
 Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері.
 Саясаттанудағы парадигма.
 Тарихтағы саясат мәселесінің қойылуы.
Саясат сөзі грек тілінен аударанда politika - мемлекетті басқару өнері, яғни мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген.
Саясат - (гр.politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
1. Қуандық Есенғазы Слямғазыұлы, Саясаттану негіздері
Астана, 2000
2. Болат – Канал, Демократ –
3. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері, Алматы
4. Әбсаттаров Р. Билікпен бедел, Қазақ
5. Ұлықпан Сыдықов, Саясаттану. Алматы 1996

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырып: Саясат тарихы

Орындаған: Кайырбекова М.
Группа: ТК-421
Тексерген: Мамырбекова А.М.

Семей қ. 2015 жыл
Жоспар:
Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі қызметтері.
Саясаттану пәні , оның даму кезеңдері.
Саясаттанудағы парадигма.
Тарихтағы саясат мәселесінің қойылуы.

Саясат сөзі грек тілінен аударанда politika - мемлекетті басқару өнері, яғни мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген.
Саясат - (гр.politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, политика" және
"логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген
мағынаны білдіреді.Яғни, саясаттану дегеніміз саясат туралы,саясатың адам және қоғам арасындағы тығыз қарым қатынастары туралы ғылым деп айтуға болады.
Саясаттану - саясат туралы пән. Мысалы, Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. Әңгімені көп жағдайда нақты саяси білімі жоқ адамдар да жасай береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге болады. Сонда олардың баршасы істің мәнін дұрыс түсінеді ме екен? Айталық, біздің қоғамның даму бағыттарын немесе консенсус, саяси оппозиция, билік дағда - рысы, т.с.с. саяси ұғымдарды толығымен түсінеміз бе? Қоғам дамуының шым-шытырық бағдарын түсіндіретін саясат - тану пәні болып табылады.
Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, англо-америкалық, еуропалық, континентальдық, шығыс және саяси әлемдік система. Бұл тәсіл, мысалы, саяси жүйелер сияқты саяси құбылыстардың, бірдей түрін, саяси ұйымның ең тиімді нысандарын табу, олардың жалпы және нақты мүмкіндіктерін анықтау үшін бірдей саяси функцияларды орындау және т.б.. түрлі жолдарын салыстыру қамтиды.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.Мысалы,мектеп, мұғалімдер мен оқышыларды және басқа мектеп қызметкерлерін жүйелеп басқару.
Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығаруы.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан
дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың
байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси
окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт
мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді. Мысалы, Аристотель, Платон және т.б. ұлы ғалымдардың зерттеулерін пайдалана отырып танып білу.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Мысалы,саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсіне білу.
Норамативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Парадигма грек тілінен аударғанда үлгі деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория, теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі, ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
Саясаттануда парадигма деп - саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттушісі Г.Кун.Ол сондай-ақ, белгілі ғылыми дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс.
Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Жалпы Теология ол дін деген мағынаны білдіреді.Құдай және оған сенім жайлы жүйелі ілім деген ұғым. Дін қоғамдық сананың бір түрі ретінде қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. ЯғниДін саяси өмірге тәжірибелік қызметі арқылы да, әр түрлі діни және әлеуметтік ілімдер арқылы да ықпал ете алады дегенді білдіреді. Тәжірибе жасамай сенетін мәселе.
Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады. Бұл жағдайда ең басты себеп ретінде адамдардың бірлесіп өмір сүрулерінің нәтижесінде пайда болған әлеуметтік факторлар емес, керісіңше адамның биологиялық, психофизиологиялық құрылымы мен сондай-ақ қоршаған табиғи ортамен аңықталатын табиғи фактор алдыңғы орынға қойылады.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма қоғамдық ғылымдарда өте кең тараған. Ол саясаттың шығу тегін, оның мәні мен функцияларын әлеуметтік себептер арқылы түсіндіреді. Оның негізінде қоғамдық ғылымдардың рационалды түрде дәлелденген жүйесі жасалған. Ол әлеуметтік шынайылықтың, оның проблемалық мазмұнының барлық байлығын көрсететін концептуалды негізге айналды.
Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен , қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Ол екіге бөлінеді: қақтығыстық парадигма (конфликт), XIX ғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер және т.б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді.Мысалы, екі не одан да көп адамдар арасындағы түсініспеушілік.мәмілеге келу парадигмасы (консенсус). Өкілдері: М.Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды.Мысалы, келіспеушілікті жалпы келісім бойынша шешу.
Антикалық Грецияда қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси ұйымдасуының негізгі формасы полис немесе қала-мемлекет болатын. Полистегі мемлекеттік және қоғамдық істер саясат деп аталатын. Платон өзінің Диалог деген еңбегінде саясат дегеніміз -- адамдарды басқару өнері деп анықтаған Сократтың көзқарастарын келтіреді. Кейін Аристотель саясаттың міндеті - ол полис азаматтарын жоғарғы игілікпен қамтамасыз етуде деп анықтайды.Ежелгі Қытайда Конфуций өзінің этикалық-саяси ілімін қалыптастырды, онда ол өзінің мына көзқарастарын білдірген болатын: идеалды басқарушы әрқашан үлкендерге құрметпен, халыққа әділеттілікпен және қайрымдылықпен қарайды деді. Конфуций қоғам мүшелерінің әрқайсысының өз міндеттері мен атқаратын қызметтері болуы керек және әрқайсысының қоғамда алатын өз орны болуы керек, яғни әке әке орнымен, бала бала орнымен, ешкім ешкімге қарыс келмеуі керек деді. Конфуций отбасын -- қоғамның негізгі тірегі деді. Сондықтан, мемлекеттің идеалды басқарушысы өзінің бағыныштылары үшін әкесі сияқты болуы керек. Ежелгі Қытай дүниетанымындағы тағы бір келесі саяси ой легизм деп аталады. Легизм ертедегі конфуцийшылдықпен күресте дами отырып, олар саясат пен моральды ажыратып, оларды бір біріне сәйкес келмейді деді. Легистердің пікірінше, мемлекет бағынушылардың мүдделерін көздеуге міндетті емес, ал халық болса басқарушылар үшін өзінің саяси мақсаттарына қол жеткіздірудің құралы болып табылуы керек деді, мысалы: (жеке билігін нығайтып алу, бөгде жерлерді жаулап алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Ғылымның негізі - кітапта
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.20ғ басындағы түркітану тарихы
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджменттің дамуы
Тарих методологиясы, деректану жəне тарихнама
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Пәндер