Мәліметтер қорының басқа да модельдері



І.Кіріспе

1.1.Мәліметтер қорының модельдері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мәліметтер қорындағы постреляциялық моделі
2.2. Мәліметтер қорындағы көп өлшемді моделі
2.3.Мәліметтер қорының объектілі.бағытталған моделі

ІІІ. Қорытынды
Мәліметтер қорының көмегімен шешілетін әралуан есептер мәліметтер қорын құрылымдау мен мәліметтердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде мәліметтер қорының бірнеше моделі пайда болды. Мәліметтер қорының моделі деп мәліметтер қорының логикалық кейіптеуін атаймыз. Алғашқыда мәліметтер қорының
 иерархиялық,
 желілік,
 реляциялық модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, негізгі модельдерге айналды. Соңғы уақытта осылардың негізінде постреляциялық,
 көпөлшемдік,
 объектілі-бағытталған жаңа модельдер пайда болды және барынша дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады.

Постреляциялық модель. Реляциялық модельге қарағанда постреляциялық модельде көпмәнді өрістерге жол беріледі, яғни онда алғашқы қалыпты түр қоятын шектеудің күші жойылады. Көп мәнді өрістердің мәндер жиыны өзіндік кесте болып саналады.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №2

Тақырыбы: Мәліметтер қорының басқа да модельдері.

Орындаған: Нуркенов Естай
Тексерген: Қаженова Ж.С.

Семей 2015

Мәліметтер қорының басқа да модельдері.

Жоспар:

І.Кіріспе

1.1.Мәліметтер қорының модельдері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мәліметтер қорындағы постреляциялық моделі
2.2. Мәліметтер қорындағы көп өлшемді моделі
2.3.Мәліметтер қорының объектілі-бағытталған моделі

ІІІ. Қорытынды

Мәліметтер қорының басқа да модельдері.
Мәліметтер қорының көмегімен шешілетін әралуан есептер мәліметтер қорын құрылымдау мен мәліметтердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде мәліметтер қорының бірнеше моделі пайда болды. Мәліметтер қорының моделі деп мәліметтер қорының логикалық кейіптеуін атаймыз. Алғашқыда мәліметтер қорының
oo иерархиялық,
oo желілік,
oo реляциялық модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, негізгі модельдерге айналды. Соңғы уақытта осылардың негізінде постреляциялық,
oo көпөлшемдік,
oo объектілі-бағытталған жаңа модельдер пайда болды және барынша дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады.

Постреляциялық модель. Реляциялық модельге қарағанда постреляциялық модельде көпмәнді өрістерге жол беріледі, яғни онда алғашқы қалыпты түр қоятын шектеудің күші жойылады. Көп мәнді өрістердің мәндер жиыны өзіндік кесте болып саналады.
Мысалы, мәліметтер қорының реляциялық моделінің келесі кестелері.

Тапсырыстар 1-сурет

Cnum

Jnum

2001
2002

2003

0023003
0073009

7003005
Тауарлар 2-сурет

Onum

Products

Summa

0023003
0023003

0073009
0073009

0073009
7003005

Шырын
Конфеттер
Лимонад
Шырын

Печенье
Йогурт

302,50
464,69

271,83
409,67

1031,63
5160,45
келесі постреляциялық 3- кестедегідей беріледі

Cnum

Jnum

Products

Summa

2001
2002
2003

023003
0073009
7003005

Шырын
Конфеттер
Лимонад
Шырын

Печенье
Йогурт

302,50
464,69

271,83
409,67

1031,63
5160,45
Осылайша, постреляциялық модель өзара байланысқан реляциялық кестелердің жиынтығын бір постреляциялық кесте ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Өрістердің бір-біріне салынуын қамтамасыз етумен қатар постреляциялық модель ассоцияланған көпмәнді өрістерді (көптеген топтарды) қолдайды. Ассоцияланған өрістердің жиынтығы ассоциация деп аталады. Бұл ретте ассоциацияның бір бағанының жолындағы алғашқы мәні ассоциацияның барлық өзге бағандарының алғашқы мәндеріне сәйкес келеді. Осыған ұқсас түрде бағандардың барлық екінші мәндері және т.б. байланысқан.
Өрістердің ұзындығына және кестелерде қалыпқа келтірілмеген мәліметтер сақталатын болғандықтан, мәліметтердің тұтастығы мен қарама-қайшылықсыздығын қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Аталған мәселе МҚБЖ-ға клиент-серверлік жүйелерде сақталатын процедураларға ұқсас механизмдерді енгізу арқылы шешіледі. Өрістердегі мәндерді бақылау қызметін сипаттау үшін мәліметтерге жүгінуге дейін немесе содан кейін автоматты түрде шақырылатын процедураларды (конверсия кодтары мен корреляция кодтары) құру мүмкіндігі бар. Корреляция кодтары мәліметтерді оқығаннан кейін, бірден оларды өңдеудің алдында орындалады. Конверсия кодтары, керісінше, мәліметтерді өңдеуден өткізгеннен кейін орындалады.
Постреляциялық модельдің артықшылығы сол - ол байланысқан реляциялық кестелердің жиынтығын бір ғана постреляциялық кесте түрінде беру мүмкіндігі. Бұл ақпаратты ұсынудың жоғары түрдегі көрнекілігін және оны өңдеу тиімділігінің артуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, постреляциялық модель мәліметтердің шектен тыс көп болуына жол бермейді.
Постреляциялық модельдің кемшілігі сақталатын мәліметтердің тұтастығы мен қарама-қайшылықсыздығын қамтамасыз ету мәселесін шешудің қиындығы болып отыр.
Мәліметтердің постреляциялық үлгісіне негізделген МҚБЖ-лардың қатарына Bubba және Dasdb жүйелері жатады.

Көпөлшемді модель. Мәліметтер қорының көпөлшемді моделі ақпаратты интерактивтік аналитикалық өңдеуден өткізуге арналған. Мәліметтердің тиімді жедел түрде өңдеуден өткізілуін қамтамасыз ететін реляциялық модельге қарағанда, көпөлшемді модель талдау жүргізу мен шешім қабылдау барысында мәліметтерді жедел түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы ол жасанды интеллект жүйелерінде, атап айтқанда экспертік жүйелерде қолданыста болады. Модельдің көпөлшемділігі мәліметтерді сипаттау және манипуляциялау кезінде мәліметтер құрылымын көпөлшемдік логикалық тұрғыдан ұсынуды білдіреді.
Мысалы, жоғарыда келтірілген Тапсырыстар мен Тауарлар атты реляциялық кестені гиперкуб деп аталатын келесі көпөлшемді кесте түрінде көрсетуге болады.

2001

2002

2003

Конфеттер
Лимонад

Шырындар
Печенье

464,69
302,50
271,83

409,67
1031,63

Йогурт

5160,45
4-сурет
Көпөлшемді модельдер үшін мәліметтердің агрегирлігі, тарихилығы мен болжамдылығы тән болып келеді.Мәліметтердің агрегирлігі ақпаратты оны жалпылаудың әр түрлі деңгейлерінде қарастыру дегенді білдіреді. Ақпараттық жүйелерде пайдаланушы үшін ақпаратты ұсынудың егжей-тегжейлік дәрежесі оның дегейіне тәуелді: талдаушы, пайдаланушы-оператор, басқарушы, жетекші болады. Мәліметтердің тарихилығы мәліметтер мен олардың өзара байланыстарының өзгермейтіндігін жоғары деңгейін қамтамасыз етуді, сондай-ақ мәліметтерді міндетті түрде уақытқа байланыстыруды білдіреді.
Реляциялық модельмен салыстырғанда мәліметтердің көпөлшемді ұйымдастырылуы барынша жоғары көрнекілік пен ақпараттылықты береді. Егер екіден артық өлшемділікке ие модель туралы сөз болса, онда ақпараттың көпөлшемдік нысандар (үш, төрт және одан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заман талабына сай CASE-құралдарының сипаттамасы
Физикалық мәліметтер қорын жобалаудың негізгі тұжырымдары
Деректер қорының жіктелуі
Мәліметтер қорының басқа да модельдері туралы ақпарат
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ
Мәліметтердің ақпараттық модельдері: фактографиялық, реляциялық, иерархиялық, желілік.
Азық - түлік дүкеніне мәліметтер қорын жасау
Деректер базасы және оның объектілері
Мәліметтер қоры туралы ақпарат
Реляциялық модельге сәйкес Деректер Базасы
Пәндер