Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.тарау. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы жүйесінің әлеуметтік . экономикалық мәні мен теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Қаржының мәні және экономикалық түсінігі, қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қаржы жүйесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен арақатынасы ... ... ... ... ... ... ..15
2.тарау. Қаржы менеджментінің шығу тарихы, маңызы және оның әдістері ... ... ... .19
2.1. Қаржылық менеджменттің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Қаржылық менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3. Мемлекеттің қаржысын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28.
3. тарау. Қазақстан Республикасында Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру ( «Казкоммерцбанк» АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Қаржылық менеджменттің эволюциясы» болып табылады.
Бұл тақырыпта қарастырылатын мәселелер немесе сұрақтар: қаржы ның мәні мен маңызы, қаржы жүйесін ұйымдастыру және де қаржы негізінде қаржы менеджментінің пайда болу тарихы қарастырылады, ол қалай жүзеге асырылады, қаржылық менеджменттің мақсат неде, оның әдістері не үшін қажет, бұл әдістерде нелер ескеріледі. Сонымен бірге қаржы менеджментінің ақпаратпен қамтамасыз етілуі, осы ақпаратпен қамтамасыз етілуінің маңыздылығы, олардың қолдану аясы және басқа да көптеген мәселелер қарастырылады.
Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым: қаржылық менеджменттің шығу тарихын, мәні мен маңызын , олардың әдістері мен тәсілдерін және олардың жетілдіру жолдарын, ролін, пайдасын тереңірек түсініп ашу.

1. Н. Назарбаев. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы «Білім», 1998.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Ред. Басқарған Ғ.С. Сапарғалиев. Алматы «Жеті Жарғы», 1999 .
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1270 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы» ереже
4. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя. – Алматы: МВП «Инкар», МЧП «Тулга» 1993.
5. Я.Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е. Байжомартов, С. Досқалиев, Ж.Жәйшібеков «Экономикалық теория негіздері» Оқулық – Алматы, «Санат» 1998
6. Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента: учебное пособие : Москва «Финансы и статистика» 1997.- 480 бет,
7. Глущенко В.В, Глущенко И.И. Финансы, финансовые политика, маркетинг, менеджмент. Финансовый риск- менеджмент. Ценные бумаги. Страхование – г. Железнодорожный, моск. Обл.: ТОО НПЦ «Крылья». 1998. – 416 бет,
8. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы. 2005.- 552 бет,
9. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы/ Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА-ның академигі Сейітқасымов Ғ.С., 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
10. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылымы, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
11. Нұрғалиев Қ.Р «Қазақстан экономикасы» оқу құралы Алматы «Қазақ университеті» 1999
12. Кукукина И.Г. Финансовый менеджмент: Москва 2000
13. Көшенова Б. А. “Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары” Алматы: Экономика 2000
14. Смагулова Р.О,. Қаржы, ақша айналымы және несие : Оқу құралы –Алматы:2008
15. Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1993.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-тарау. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы жүйесінің әлеуметтік -
экономикалық мәні мен теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5
1.1. Қаржының мәні және экономикалық түсінігі,
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қаржы жүйесін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..10
1.3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ..15
2-тарау. Қаржы менеджментінің шығу тарихы, маңызы және оның
әдістері ... ... ... .19
2.1. Қаржылық менеджменттің шығу тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Қаржылық менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз
етілуі ... ... ... ... ... ... ... . ... 24
2.3. Мемлекеттің қаржысын
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 28.
3- тарау. Қазақстан Республикасында Коммерциялық банктердегі қаржылық
менеджментті жетілдіру ( Казкоммерцбанк АҚ
мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ..32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...37
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Қаржылық менеджменттің эволюциясы
болып табылады.
Бұл тақырыпта қарастырылатын мәселелер немесе сұрақтар: қаржы ның
мәні мен маңызы, қаржы жүйесін ұйымдастыру және де қаржы негізінде қаржы
менеджментінің пайда болу тарихы қарастырылады, ол қалай жүзеге асырылады,
қаржылық менеджменттің мақсат неде, оның әдістері не үшін қажет, бұл
әдістерде нелер ескеріледі. Сонымен бірге қаржы менеджментінің ақпаратпен
қамтамасыз етілуі, осы ақпаратпен қамтамасыз етілуінің маңыздылығы,
олардың қолдану аясы және басқа да көптеген мәселелер қарастырылады.
Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым: қаржылық менеджменттің шығу
тарихын, мәні мен маңызын , олардың әдістері мен тәсілдерін және олардың
жетілдіру жолдарын, ролін, пайдасын тереңірек түсініп ашу.
Қаржы - ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану
үрдесіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық
категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы
натуралды шаруашылықтан тауар-ақша айырбасына өтумен және мемлекеттің дамуы
мен оның ресурстарды қажетсінуімен тығыз байланыста қалыптасты. Қаржының
маңызды нышаны болып ақша қаражаттарының нақты қозғалысындағы қаржы
қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады.
Басқару адам қызметінің барлық аясына , соның ішінде қаржы қызметіне
де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субьектінің обьектіге
нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы , мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың обьективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып, және оларды
пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік,
шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны , кредитті
және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы
түрде басқарады.
Қаржыны басқару - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және
әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау
процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне
жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету
жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы.
Қаржылық менеджмент капиталды ұтымды да дұрыс пайдалану жүйесін
анықтайтын ықпалды күш. Әрі ол қаржы ресурстарын пайдалану барсын
бақылап, реттеп отырады. Бұл әдіс қаржы қорын ұлғайтуды, капиталды
молайтуды көздейді.
Қаржы менеджменті- кәсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржы
процестерін қалыптастыру және реттеу, жоспарлау, шешімдер қабылдау, өкімдер
әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды, демек, бұл ұғымның ауқымы тар
мағынадағы қаржылдық жоспарлау ұғымының ауқымынан кең. Стратегиялық қаржы
менеджменті инвестицияларды және капитал құрылымын ұзақ мерзімді
басқаруды қамтиды. Оралымды қаржы менеджменті өтімділікті қамтамасыз
етуге жатады.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылыған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1- тарауда Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы жүйесінің әлеуметтік -
экономикалық мәні мен теориялық аспектілері қарастырылған.
2- тарауда Қаржы менеджментінің пайда болуы, қаржы менеджментінің
әдістері мен тәсілдері, олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуі және
мемлекеттің қаржысын бақылау қарастырылған.
3- тарауда Қазақстан Республикасында Коммерциялық банктердегі қаржылық
менеджментті жетілдіру ( Казкоммерцбанк АҚ мысалында) қарастырылған.
Бұл жұмысты жазу барысында басшылыққа алынған әдебиеттер :
Сахариев С.С., Н.Ф Самсонов, Кукукина А , Жүнісов Б.А., Я.Әубакіров,
Ілиясов Қ.Қ., Ө.Шеденов, Ш.Қашықов, Ө.Нұрғалиев ; Ақтөбе қаласының
статистикалық басқарма орталығының мәліметтері және де мерзімдік
басылымдардағы мәліметтер пайдаланылды.

экономикалық мәні мен теориялық аспектілері
1.1. Қаржының мәні және экономикалық түсінігі, қажеттілігі

қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады. Ұдайы өндіріс үрдерісі
бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну
тәрізді кезеңдері арқылы жүзеге асады. Қаржы ғылымының теорияларының
бірінде қаржының пайда болуын ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңімен
байланыстырады, осы кезеңде қоғамдық өнімнің құнын мақсатына және
субъектілерге өндірілген өнімнен өз үлесін бөлу жүзеге асады. Сондықтан,
экономикалық категогрия ретінде қаржының маңызды нышаны болып қаржылық
қатынастардың бөлгіштіксипаты танылады. Ақша қаражаттарының нақты қозғалысы
ұдайы өндіріс процесінсң екінші және үшінші кезеңдерінде, яғни бөлу және
айырбас процесінде басталады. Екінші кезеңде құнның ақшалай түрдегі
қозғалысы тауар қозғалысынан жекеленген түрде болады және бір иеленушіден
екіншіге ауысуымен сипатталады.Үшінші кезеңде бөлінген құн ақшалай нысанда
тауар түріне айырбасталады. Сонымен, ұдайы өндіріс процесінің екінші
кезеңінде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы- бір жақта, үшінші кезеңде екі
жақты қозғалыста болады, олардың біреуі ақшалай түрінде, ал екіншісі тауар
түрінде болады. Ұдайы өндіріснің үшінші кезеңінде негізінен айырбас
операциялары болғандықтан, олар тек бағалы құралдарды қажетсінеді жіне
мұнда баға тәрізді экономикалық категорияның механизмі қызмет жасайды.
Қаржы құн бөлу кезеңінде қолданылатын несие, жалақы, баға тәрізді
экономикалық категориялардан еркщеленеді. [18: 53-беттер]
Қаржы қатынастары қатынасатын бастапқы сала болып жиынтық қоғамдық
өнім құнының алғашқы бөлу үдерісі маналады, ол келесідей элементтерден
тұрады:
С- өндіріс құрал-жабдықтарының шығындалған құны;
V- еңбек ақы;
М- қосымша өнім.
Мұнда ақшалай табыстар мен жинақтардың әр түрлі нысандарының құрылуы
байқалады. Қүн одан әрі қаржы негізі түрінде шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында бөлініп оны мақсатты пайдалану жүзеге асырылады.
Құнның бөлінуі және қайта бөлінуі қаржы арқылы қаржының ресурстары
нысанындағы ақша қаражаттарының қозғалысымен қатар жүреді. Олар шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен мемлекетте әр түрлі ақшалай табыстардың,
аударымдар мен түсімдердің есебінен құрылып, ұдайы өндірісті ұлғайтуға,
жұмысшыларды материалдық ынталандыруға, қоғамның әр түрлі әлеуметтік және
басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұсалады. Қаржы ресурстарының
қаржы қатынастарының материалдық тасушылары ретінде болуы оны құндық бөлуге
қатынасатын жалпы категориялардың жиынтығынан бөліп қарауға мүмкіндік
береді. Бұл қоғамдық-экономикалық формациядан тәуелсіз болады, бірақ қаржы
ресурстарын құратын және пайдаланылатын нысандар мен әдістер қоғамның
әлеуметтік табиғатының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Қаржы
ресурстарын пайдалану, негізінен, арнайы мақсаттағы ақша қорлары арқылы
жүзеге асырылады, сонымен бірге олардың қордан тыс нысанда да пайдаланылуы
мүмкін. Қор нысанының артықшылықтарына кез келген қажеттіктерді
экономикалық мүмкіндіктермен тығыз байланыстыру, қоғамдық өндірістің
негізгі даму бағыттарына ресурстарды жұмылдыру, қоғамдық, ұжымдық және жеке
мүдделерді өзара байланыстыру жатады.
Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе мынадай анықтама беруге
болады: қаржы – бұл мемлекет пен шаруашылық жүгізуші субъектілерде ақшалай
табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға, оларды қағамның әлеуметтік және
басқа да қажеттіктерін қанағатттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндірісіне
пайдалануға байланысты жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық байлықтың
бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары.
Қаржының қызмет етуінің шарты болып ақшаның болуы ал қаржының пайда
болуының себебі болып мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметін қамтамассыз ететін ресурстарға деген қажеттік танылады. Қаржының
табиғаты ақшалай нысандағы құнның қозғалысымень сипатталады. Ондай
қозғалыстың шарты болып тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдардың қызметі саналады. Тауар өндірісінің негізі болып тауар
өндірушілердің экономикалық ерекшелігіне негізделетін қоғамдық өнімді болуы
табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің әр түрлі материалдық- заттық
факторларын, әр түлі деңгейін, біртекті тауарларға әр түрлі жанды жіне
заттандырылған шығындарды жұмсауымен өнім өндіреді. Осы теңсіздіктің
салдарынан еңбек шығындарымен нәтижесін анықтайтын ерекше механизмнің
объективтік қажеттігі туындайды. Ол ақшаның және экономикалық
категориялардың, оның ішінде қаржының көмегімен жүзеге асырылады. Қаржы
тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды. Тек өндірілген еңбек өнімін
өндірушінің анықтаған ақшалай баламасына айырбастау арқылы ақшалай табыс
құралады. Ол қоғамдық жиынтық өнімнің микроэлементі ретінде C; V; m тәрізді
құрамдас бөліктерден тұрады. Табыстан қоғамдық өнімнің барлық
қатынасушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыратын өндіріс құрал-
жабдықтарына, еңбекақыға, қосымша өнімнің құнына жұмсалған шығындарды
өтеуге бағытталған тиісті қорларға ақша қаражаттары бөлінеді. Бөлу үдерісі
натуралды – заттай нысанда -өндіріс және тұтыну қорларын құру; сондай-ақ
ақшалай нысанды – еңбек өнімін алуға бағытталған ақша қорларының қозғалысы
арқылы жүргізіледі.
Қаржы өндірісті тұтыну қажеттіктеріне сәйкес икемдеу, шаруашылық
саласында үнемі өзгеріп отыратын қажеттіктерге мүмкіндік беру үшін қажет.
Бұл нысаналы мақсатта ақша қорларын құру арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық
қажеттіктің артуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі ақша
қорларының құрамы мен құрылымының өзгеруіне ікеледі. Ммлекеттік қаржылар
арқылы салалық және аумақтық деңгейде қоғамдық өндіріс ауқымын реттеу,
сондай-ақ басқа да қоғамдық қажеттіктерді қанағаттандыру жүзеге асырылады.
Қаржы қоғамның даму қажеттіктеріне байланысты объективті түрде керек.
Мемлекет қаржы қатынастарының объективтік қажеттігін ескере отырып, олардың
пайдаланудың әр түлі нысанын жасауы мүмкін: әр түрлі төлем түрлерін енгізу
және жою, қаржы ресурстарының өзгерту және т. б.
Қаржысыз өндірістік қорлардың кеңейтілген нысандағы жеке және қоғамдық
өндіріс айналымын қамтамассыз ету, экономиканың аумақтық және салалық
құрылымын реттеу, ғылыми – техникалық жетістіктерді жедел енгізуді
ынталандыру және қоғамның басқа да қажеттіктерін қанағаттандыру мүмкін
емес. Қаржының мәні болу қатынастарының еркше саласы ретінде болу
функциясымен айқындалады. Осы функция арқылы қаржының қоғамдықь мақсаты
жүзеге асырылып және әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажетті қаржы
ресурстарымен қамтамассыз етіледі. Қаржының бөлу функциясының қызмет ету
объектісі болып жалпы қоғамдық өнім құны, сонымен қатар ақшалай нысанда
сипатталатын ұлттық байлықтың бөлігі табылады. Қаржылық бөлудің
субъектілері болып ұдайы өндіріс үдерісінің қатынасушылары және иелігінде
нысаналы мақсаттағы қорлары бар заңды және жеке тұлғалар (мемлекет,
кәсіпорын, бірлестік, ұйым, мекеме, азаматтар) табылады. Қаржы арқылы бөлу
үдерісі малериалдық өндіріс, айналыс және тұтыну салалары тәрізді қоғам
өмірінің барлық саласында жүреді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы
басқарудың жалпы ұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейін қамтиды. Қаржылық
бөлуге шаруашылық ішілік, салаішілік, салааралық, аумақаралық бөлудің әр
түрін тудыратын көпсатылық тән. Қоғамдық өнім құнының қозғалысымен
байланысты қаржылар ұдайы өндіріс үдерісінің жалпы және жекеленген
фазаларын сандық түрде көрсету қасиетіне ие. Қаржы ресурстарының қозғалысы
қорлық және қордан тыс нышанда сандық түрде көрсетілуі мүмкін, ол
қаржылардың бақылау функциясының негізін құрайды. Өйткені қаржылар барлық
салалармен бөлімдерді, шаруашылықтың барлық деңгейлерін қамтиды және қоғам
тарапынан өндіріске бақылау жасайтын әмбебап құрал болып табылады. Қоғам
бақылау функциясы арқылы ақша қаражаттары қандай пропорцияларымен
бөлінетіндігін анықтайтын ақпарат және т.б. мәлімет алады. Бөлу және
бақылау функциялары – бұл бір экономикалық үдерісінің екі жағы. Тек олардың
бірлігі мен тығыз қарым – қатынасы арқылы ғана қаржылар құндық бөлу
категориясы ретінде көріне алады. Қаржының бақылау функциясын жүзеге
асыратын құрал болып қаржылық ақпарат табылады. Ол бухгалтерлік,
статистикалық және жедел есептіліктердегі қаржы көрсеткіштерінде көрінеді.
Қаржы көрсеткіштері шаруашылық жүргізуші субъектілердің әр түрлі бағыттарын
көруге және шаруашылық қызметінің қорытындыларын бағалауға мүмкіндік
береді. Соның негізінде қолайсыз үдерістер мен қызметтерді жоюға
бағытталған шаралар жүргізіледі. Қаржының тән бақылау функциясы ұлттық
шаруашылықтағы қаржылық тәртіптің жағдайына сәйкес толық немесе жартылай
түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Қаржылық тәртіп – бұл кәсіпорынға, ұйымдарға,
мекемелерге және лауазымды қызметкерлерге қаржылық шаруашылық жүргізудің
ортақ белгібенген тәртібі, қаржы міндеттемелерін орындау үшін бекітілген
нормалар мен ерекшеліктерді сақтауы. Қаржы ғылымында пікірталас туғызатын
бірнеше мәселелер бар. Ең алдымен, қаржылық қатынастардың аясы мен
экономикалық табиғаты туралы мәселелер. Бұған дейін айтылғандай, қаржы
ұдайы өндіріс үдерісінің екінші кезеңінде – қоғамдық өнім құнынбөлу және
қайта бөлу барысында туындайды; ал басқа бір теориялық тұжырымдамада
қаржыны жалпы ұдайы өндіріс категориясы ретінде қарастырып, оның құрамына
айырбас кезеңіндегі ақша қатынастарын қосады. Айырбас пен бөлу ұдайы
өндірістің әр түрлі кезеңдерінде ерекше экономикалық нышанға ие. Сондықтан
ақша қатынастарының алуан түрінің әр түрлі экономикалық нышандарда
берілетінін ескерген жөн: қоғамдық өнім құнының ақшалай нысанда бөлінуімен
байланысты қатынастар қаржы категориясының мазмұнын құрайды, ал сату –сатып
алу актілерінің жүйеелі жасалу негізіндегі тауар айналымы үдерісінде пайда
болатын қатынаста құнның ақшалай көрінісі ретіндегі баға және жалпыға ортақ
балама ретіндегі ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу нысаны
анықталады.
Қаржылық қытынастар бөлгіштік сипатқа ие және барлық өндірістік
қатынастар жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, ұдайы өндіріс
ұдерінің барлық кезеңдерімен органикалық байланысты жіне оларға ықпал
етуі мүмкін.
Қаржы мәнінің бөлшіктік қызметін жақтайтын экономистердің басым
бөлігі қаржыларды тек қана қайда бөлу қатынастарымен ғана шектеуге
қарсылық білдіреді, себебі қаржының арқасында құнды белгілі мақсаттарға
ие болатын жеке бөліктерге бөлудің алғашқы үдерісі жүзеге асырылады
Даулы мәселердің қатарына қаржыларды экономикалық категория
ретіндегіерекшеліктерін анықтайтын сапалық белгілер туралы мәселелер
жатады. Пікірталас, негізінен, қаржының анықтамасына оның әміршілдік
белгісін кіргізу керектігі немесе керек еместігі туралы ойлардан туындайды.
Әміршілдік ұғымын ғалымдар әр түрлі тұжырымдайды: біреулері қаржылық
қатынастардыұйымдастырудағымемлекет тің белсенді рөлін көрсе, басқалароы
қаржы қызметтерінің туындау себептерімен байланыстырады.
Егер әміршілдік ұғымы қаржы қатынастарын, олардың пайда болуы мен
қолдануын ұйымдастыруды мемлекеттің іс жүзіндегі қызметіретінде түсіндірсе,
онда мұндай мағынадағы ұғымды қолдану қаржы мәнінің сипатына еш нәрсе
қоспайды. Бірақ кейбір басылымдарда әлемдік қаржылық қатынастардың мәнділік
белгісі ретінде пайымдалады. Және бұл нышансыз қаржы қатынасын сипаттау
мүмкін емес деп айқындалады, себебі мемлекет жаңа бөлгіштік қаржылық
қатынастарды құрады, мемлекет және оның органдарықаржының пайда болуы мен
дамуына тікелей себебкер болады. Мұндай пікірлер дұрыс емес, қоғамдық
дамудың объективтік қажеттігі қаржының өмір сүруіне негіз болады.
Даулы мәселелердің қатарына, сондай-ақ, қаржылардың функциясы туралы
мәселе де жатады. Көптеген экономистерқаржылар екі қызметті- бөлу және
бақылау қызметтеріе атқарады деп есептейді. Бірақ ғылыми әдебиеттерде
қаржыларға бұл функциялардан басқа да функциялар тән екенін табуға болады:
өндірістік, ынталандырушы, реттеуші және т. б.
Бірақ, бұл кезде қаржының функциялары туралымәселеолрдың қоғамдық
ұдайы өндірісте алатын орны туралы мәселемен алмастырылады, себебі бұлар әр
түрлі мәселелер болса да, бір-біріменөзара өте тығыз байланысты. Әрине,
қаржылар қоғамдық ұдайы өндірісте елеулі рөлге ие, олардың көмегімен
өндіріс факторларынтиімді пайдалану арқылы құндылық пропорциялар реттелуі
мүмкін және т. б. Бірақ қаржының бөлгіштік қасиетін жақтаушылар қаржыны
ұдайы өндіріс үдерісінің екінші кезеңіне қызмет ету барысында пайда болады
деп есептемейді, керісінше оларды қаржының арнайы қоғамдық белгіленуімен
байланыстырады. Және қаржыға үш функция тән деп есептейді:ақша қорларын
қалыптастыру, ақша қорларын пайдалану және бақылау. Бірақ алғашқы екеуі
бөлгіштік функциясының жүзеге асырылу механизмі ретінде айқындалады. Даулы
мәселелердің туындауы қаржының функциясының мәні туралы теориялық
мәселелерді шешуді міндеттейді. Қаржының экономикалық табиғаты мен оларға
тән қасиеттерін тереңірек игеру оны практикада ең тиімді жолдармен
қолдануға, экономиканы қаржылық сауықтыруға және қаржылық байланыс жүесін
жетілдіруге бағытталған щараларды ғылыми түрде негіздеуге мүмкіндік береді.
1.2. Қаржы жүйесін ұйымдастыру
Қаржы жүйесі ұғымы тиісті ақша қаражаттарының қорын құру және
пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды
ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада
мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл
анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасында қаржының мәндік
сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық
моделі, оның қоғамдық –экономикалық үдерістердегі орны берілген. Осы
критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақшы қаражат қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы
экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды
функционалдық жүйеастылар деп атауға болады. Қаржы жүйесінің
сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы жүесін звенолар
бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің (қаржы
қатынастарына қатынасушылар) нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы (үй шаруашылығы) деп
жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы
қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады.
Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат
береді. Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен ролі әр
қилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші
орынға ие болып келеді, өйткені оның ролі звенолар мен элементтер
жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет
түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы
буыны болып табылады., өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғамның
қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қаржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі
оның ұлттық табыстың қолдануы мен бөлінуіне байланысты анықталады. Бұл
салада қаржылық қытынастар оның бастапқы құрылымы мен қаржылық жүйенің
буындарымен, сонымен қатар баға, несие т.б. тәрізді басқа экономикалық
буындарымен пайда болады. Халықтың (үй шаруашылығының) қаржылары қаржы
жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық (азаматтар) өзінің ақша
қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің
барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы
шаруашылық жүргізуші субъектлерімен қатынасқа түседі.
Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс жасауы үшін
қахетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық байлықтың бір
бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша
қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен
тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен
мемлекеттік басқару қажеттіктерін қаржыландыруға бағытталған елдің
орталықтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет
пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты болу және қайта
бөлуге қатысты туындайтын ақша қатынастарын бейнелейтін экономикалық
категория.
Мемлекеттік бюджетке орталық (Қазақстанда – республикалық) және
жергілікті бюджеттер кіреді.
2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі
негізінде кекшенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың
ерекше нысаны. [ 20: 111-беттер]
Оныің негізгі қалыптасу көздері:
а) арнайы мақсатты салықтар, зайымдар;
ә)бюджет субсидиялары;
б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
в) ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы
қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде
пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда
мемлекеттік биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды жіне жеке тұлғалар
арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары
қарамағына уақытынша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды
мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқазады, бірақ көптеген ғалымдар оны
қаржы мен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы
шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін
залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды
оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке
сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік
тәуекелді сақтандыру және тағы басқа тәрізді негізгі звенолары бар ерекше
сала.
. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Материалдық өндіріс саласында Материалдық емес өндіріс саласында
1) алғашқы табыстардың 1) саланың немесе мекеменің
құрылуымен, материалдық бюджетпен арақатынасы. Осының
өндірістің шаруашылық негізінде бюджет қаржылары
бөлімшелерінде ішкі шаруашылық есебінен денсаулық сақтау,
мақсаттағы жарғылық қорды қолдаумәдениет, ағарту және т.бү салалық
қорларын құрумен және қаржылар қалыптасады;
пайдаланумен байланысты. Олардың
бірі өндірістік қажеттікті,
екіншісі тұтынушылар қажеттілігін
қанағаттандыруға пайдаланылады;
2) айырбас жүргізбейтін, қайта 2) басқарудың салалық ұйымдары,
бөлу сипатына ие шаруашылық ведомствоішілік арасында. Олар
жүргізуші субъектілер арасында шаруашылық жүргізуші субъектілер
пайда болады; мұнда қаржы иелігіндегі салалық мақсатты ақша
ресурстарының ағымы қордан тыс қаражаттарын (еңбекақы төлеу,
түрде жүргізіледі (айыппұл төлеу күрделі жөндеу және т.б.)
және алу, жарна төлеу, пайдалануымен сипатталады. Мекеме,
қаражаттарды басқа ұйым ішінде қаржы қатынастары
кәсіпорындардың акция, еңбекақы және экономикалық
облигацияларына салу, т.б.); ынталандыру қорларын құрумен
байланысты туындайды; арнайы
мақсатты ақша қаражаттарын қайта
бөлумен байланысты.
3) Шаруашылық жүргізушілер 3) Әртүрлі саладағы шаруашылық
субъектілермен сақтандыру жүргізуші субъектілер арасында,
ұйымдарының арасында сақтандыру оның ішінде әлеуметтік сақтандару,
қорларын құру және пайдалануға зейнетақы және т.б. бюджеттен тыс
байланысты туындайтын қаржы; қорларды құру және бөлу мен
байланысты ақша қатынастары;
4) Шаруашылық жүргізушілер субъект4) Шаруашылық жүргізушілер
және банк арасындағы ссуда алуға, субъектілердің тұтынушылармен және
оларды өтеуге, пайыз төлеуге, демеушілермен арасында ақша
банктерге уақытша бос ақша қатынастары. Оның негізінде
қаражаттарын беріге байланысты өндірістік емес саладағы
пайда болатын қаржылар; мекемелермен ұйымдардың қаржы
көздері құрылады.
5) Орталықтандырылған қорларды
құру және пайдалануға байланысты
шаруашылық жүргізушілер
субъектілердің мемлекет пен
қатынасы;
6) Шаруашылық жүргізушілер субъект
және басқарудың жоғарғы құрылымы
арасындағы қаржылар (қаржы
ресурстарын сала ішінде қайта бөлу
шегінде вертикалды өзара
байланыс).
Шаруашылық жүргізушілер субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің
саласы ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда
материалдық және материалдық емес игіліктер қалыптасады. [8: 115- беттер]
Шаруашылық жүргізушілер субъектілер қаржыларының шеңберінде
материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол
арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдай өндіріс үдерісі қамтамасы етіледі.
Шаруашылық жүргізушілер субъектілер қаржысының мыналар кіреді:
1. Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық есеп негізінде жұмыс
жүргізетін материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және өндірістік емес
саладағы кәсіпорындардың бір бөлігі, коммерциялық есеп рентабельді деңгейде
шаруашылықты одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан
максималды табыс алу басты мақсаты болып табылатын шаруашылық жүргізудің
әдісі.
Коммерциялық есептің ерекшеліктері:
- Шаруашылық жүргізушілер субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие;
- Қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітілуден тәуелсіз;
- Қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстын нақты нәтижелерімен
міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық
жауапкершілікке ие;
- Коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті банктермен
сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста болады.
2. Коммерциялық емес саладағы қаржылар. Коммерциялық емес қызмет
белгілі бір табыс алуды көздемейді.
Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар пайданылады:
- бюджеттік қаражаттар;
- бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар;
- халықтың қаражаттары;
- әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары;
- келісім – шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген
қаражаттар;
- өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді сатудан
түскен табыс;
- мүлікті жалға бергенне түскен табыс;
- мамандарды дайындауда (қайта даярлаудан, біліктілігін көтеруден т.б.)
түскен табыс.
Өндірістік емес салаға, сондай-ақ мыналар кіреді:
а) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары.
ә) саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржылары;
б) арнайы мақсатты қорларының қаржылары;
в) қайырымдылық қорларының қаржылары.
Қоғамдық бірлестіктер – мүдделерінің ортақтығы негізінде азаматтардың
ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер.
Қоғамдық ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай
қатынастарының төмендегідей топтары мен түрлеріне ие:
- әр жарналарды төлеу,
- матеалдық көмек көрсетуге байланысты;
- қоғамдық ұйымдармен олардың мүшелері арасында ақша қатынастары;
- қоғамдық ұйымдар қорларына жіберілетін ерікті жарналарға байланысты
қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындармен мекемелер арасындағы ақша
қатынасы;
- мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану бойынша қоғамдық ұйымдардың
ақшалай қатынасы;
- қоғамдық ұйымдардың төменгі және жоғарғы құрылымдар арасындағы ақшалай
қатынастар;
- Қоғамдық ұйымдар және өндірістік шаруашылық құрылымдар арасындағы
ақшалай қатынастар.
Коммерциялық емес мекемелердің қаржы шаруашылық қызметі қаржылық
ресурстарды пайдаланудың үш тәсілін үйлестіреді: өзін өзі ақтау, сметалық
қаржыландыру және шаруашылық есеп әдісі.
1.3 Қаржының басқа экономикалық категориялармен арақатынасы
Қаржы теориясының негізгі мәселесі болып қаржының баға,
еңбекақы, несие тәрізді экономикалық категориялары – мен байланысты және
осы категориялардың бөлу процесінде қандай тізбек болуы танылады.
1. Баға – бөлу үдерісіне бірінші түсіп, ондағы бастапқы
пропорцияларды анықтайды. Бағаның қүнның жанында ауытқуы қаржының
қызмет ету орнын белгілейді. Бағаға құнның барлық құрылымдылық
бөліктері кіреді, олар кейін бөлініп, қаржылық ресурстар және қорлар
ретінде өзінің экономикалық нысандарына ие болады.
Экономикалық үдерістердің қатаң орталықтандырылған жүйесінде
құнның амортизациялық аударымдар, еңбекақы, материалдық және басқа да
шығындар, табыс тәрізді бөліктері белгіленеді, ал нарық жағдайында
ұсыныс пен сұраныс факторымен анықталады. Баға қаржының қызмет ету
жағдайын дайындайды. Қаражат шаруашылық жүргізуші субьектілерде
жинақталса, онда салық көлемі өседі, не қоғамдық өнім өседі, яғни
ресурстардың босауына әкеліп соғады., бұл пайда (табыс) нормасы жоғары
деңгейгі салаларға ауысатын ресурстардың босауына әкеледі. Қаржы
бағада берілген пропорцияларды нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағалық
бөлуден айырмашылығы – бағалық бөлудің объектісі болып жалпы қоғамдық
өнімнің бір бөлігі ғана танылады. Қаржы жалпы қоғамдық өнім құнының
барлығын бөледі. Қаржылық бөлу бағалық бөлуге қарағанда байаусыз, ол
түсімдердің жалпы көлемінде көрінбейді, ал қаржылық бөлу анық көрінеді.
Бағалық бөлумен, ал қаржылық бөлу және қайта бөлумен сипатталады.
2.Еңбекақы . Бағадан кейін қаржылық бөлу процесіне еңбекақы қызмет ете
байстайды.
Қаржы еңбекақы қоры, басқа да еңбек төлемдері қорларының қалыптасуына
жағдай жасайды. Осы категориялар үдайы өндіріс үрдісін бір-бірімен
байланыстыра ынталандырып және еңбек күшінің үдайы өндірісінің
алғышарттарын айқындай түседі.
Қаржы мен еңбекақының әр түрлі әрекеті:
1) қаржылық бөлкдің шегі еңбекақыға қарағанда кеңірек, өйткені
еңбекақы тек еңбек шағындарын өтеуге қатысады.
2) қаржы құнның бір жақты қозғалысына қатысады, ал, еңбекақы оған
қарсылас еңбектің құны мен оны ақшадай өтеу қозғалысына қатысады.
Еңбекақы арқылы толығымен V және жартылай m бөлінеді. Қаржы арқылы
әр түрлі қорлар қалыптасады, ал еңбекақы арқылы сый және еңбекақы қорлары
қалыптасады. Олар еңбекті төлеу қорын құрады.
Еңбекақы – салық төлеудің негізгі көзі болып табылады. Еңбекақының көзі
болып қаржы ресурстары танылады, ал еңбекақы қорын үнемдеген жағдайда,
оның өзі қаржы ресурстарының көзі болып табылады. [22: 318-беттер]
3. Несие. Банк ресурстары қайта бөлу кезінде қалыптасады, яғни несие
алдын ала бөлінген құнды қайта бөлінеді. Несие ресурстары өзіндік
қаражаттар мен олардың тұтынылуындағы сәйкессіздіктің бар болуы
нәтижесінде пайда болады. Несие қаржы ресурстарын толтырады және ұдайы
өндірістің кеңеюіне әсерін тигізеді. Несиенің ерекшелігі – олар қайтару
шарты негізінде белгілі бір мерзімге берілсе, қаржы ресурстары белгілі бір
мақсаттарға жету үшін өтемақысыз және қайтарымсыз түрде беріледі. Несие
арқылы шарыашылық жүргізуші субьектілер мен үй шаруашылықтары арасында
қаржы ресурстары қайта бөлінеді. Несие ресурстарының қаржылық
ресурстарға салынуы және алынуы үздіксіз болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық қорлары банк шоттарында
шоғарланады және несие беру үшін олар ссудалық қорлардың қөзі болып
табылады. Қаржы және несие арасында ұқсастық белгілер өте көп, бірақ
негізгісі болып осы категориялардың өндіріс қорлары мен ұдайы өндіріс
процесінің айналымында кең пайдалануы табылады.
Қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің екінші кезеңінің құралы
болғандықтан, ол ұдайы өндірістің және жалпы өндірістің барлық сатысына
әсер ете алады.
Әсер етудің объективтік алғашарттары екі жағдайымен байланысты:
1. Қаржы қоғамдық өндірістің барлық кезеңдеріне (өндіріс, бөлу,
айырбас, тұтыну) әсер етеді.
2. Қаржы экономикалық өндірістің катализаторы ретінде потенциалды
қасиетке ие. Бөлу ұдайы өндірістің анықтаушысы болғандықтан және
өндірістің масштабына және сипатына ықпал ететіндіктен, материалдық
өндіріс саласында басталады.
Айналыс саласы саудамен қамтамасыз етіледі. Сатып алу – сату оның
сипаты болып келеді (ақша-тауар-ақшаның өсімі). Тауардың тұтыну ерекшелігі
емес, оның құны өзгереді. Тауар сатылады және өндіруші ақшалай түсім
алады, содан кейін өтеу, жинақтау, тұтыну қорларына ақшалай түсімнің
бөлінуі басталады. Қаржылық қатынастар сатып алу-сату үдерісін аяқтайды.
Тұтыну саласында коммерциялық, бюджеттік ұйымдар, сонымен қатар аралас
типті ұйымдар ерекшеленеді. Алғышарттарымен бірге, қаржының қолданылуының
мүмкіндіктері бар. Олар қаржылардың экономикалық табиғатынан шығады. Бөлу
категориясын қоғам өзінің мақсаттары үшін қолданады. Қаржыны және оның
жекелеген элементтерін мақсатты түрде қоғамның мүддесіне қолдану қаржыны
экономикалық категориядан шаруашылық жүргізудің экономикалық құралына
айналдырады.
Экономикалық құрал – бұл нақты мақсатқа жету үшін қоғамның
пайдаланатын экономикалық категориясының (субкатегорияның) нақты бейнелену
нысаны. Экономикалық құралдың, оның ішінде қаржының екі бастамасы бар:
бірінші – объективтік (экономикалық категориядан туындайды), екінші –
субъективтік (мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асырудағы құрал).
Қаржы ұдайы өндіріс үдерісіне екі түрлі әсер етеді:
А) сандық, яғни бөлу үдерісінің прапорцияларымен сипатталады;
Ә) сапалық, яғни шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық
мүддесіне қаржылық әсер етуімен сипатталады.
Бұған қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың түрлі нысандары
арқылы қол жетеді.
Сапалық жағы қоғамдық өнімге әсер етеді және ол қаржының
экономикалық дамуды ынталандыруына байланысты болып келеді. Егер
табыстың қалыптасу тәртібін, жағдайын және қорларды қалыптастыру
қағидаларын қабылдау бағытын шаруашылық жүргізуші субъектілердің
экономикалық мүдделерімен байланыстырса, онда ол өзгеруі мүмкін.
Экономикалық ынта дегеніміз бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің
материалдық мүддесімен байланысты құрал. Егер нарық жағдайындағы
қоғамдық өндірісте қаржының белсенді ролі байқалатын нәтижелерге
қаржыны саналы түрде пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Қаржы арқылы
қол жететін нәтижелерді бағалау оны үш бағытта қарауға мүмкіндік
береді:
1) қажетті қаржы көздерімен ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетін
қамтамасыз етуі тұрғысынан;
2) қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін қаржыны пайдалану
тұрғысынан;
3) қаржыны әлеуметтік-экономикалық даму ынтасы ретінде пайдалану
тұрғысынан.
2-тарау. Қаржы менеджментінің шығу тарихы, маңызы және оның әдістері

қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады. Қаржының негізінде қаржы
менеджменті пайда болды.

анықтайтын ықпалды күш. Әрі ол қаржы ресурстарын пайдалану барысын
бақылап, реттеп отырады. Бұл әдіс қаржы қорын ұлғайтиды , капиталды
молайтуды көздейді. Қаржы менеджменті – бұл маңызды қаржылық шешім
қабылдайтын ғылым. Қаржы менеджменті кәсіпорынның стратегиялық және
тактикалық мақсаттарына қол жеткізу үшін қаржысын басқаруға бағытталған
ғылым. [ 13: 21-беттер ]
Қаржы менеджментінің ең басты бағыты ақша ағымын және айналым
қаражаттарын басқару болып табылады. Сонымен, қаржы менеджменті
функционалды тұрғыдан экономикалық басқарудың жүйесі және қаржы
механизмінің бір бөлігі, институционалды тұрғыдан қаржы менеджменті
басқару органы, ал ұйымдастырушылық – құқықтық тұрғыдан кәсіпкерлік
қызметтің бір түрі болып табылады.
Қаржы менеджменті - кәсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржы
процестерін қалыптастыру және реттеу, жоспарлау , шешімдер қабылдау,
өкімдер әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды, демек, бұл ұғымның
ауқымы тар мағынадағы қаржылық жоспарлау ұғымының ауқымынан кең. (8:
529-беттер)
Қаржы менеджменті басқару жүйесі ретінде. Қаржы менеджменті қаржы
ресурстарының қозғалысының процесі кезіндегі шаруашылық субъектілердің
арасында пайда болатын қаржылық ресурстардың қозғалысы мен қаржылық
қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржы менеджменті басқару
стратегиясымен тактикасынан тұрады. Стратегия дегеніміз – алға қойған
мақсаттарға қол жеткізу үшін жалпы бағыттар мен қаражаттарды пайдалану
әдістерін айтады. Стратегиылық қаржы менеджменті инвестицияларды және
капитал құрылымын ұзақ мерзімді басқаруды қамтиды. Оралымды қаржы
менеджменті өтімділікті қамтамасыз етуге жатады. Бұл әдіске шешім
қабылдау үшін белгілі ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.
Тактика дегеніміз – нақты жағдайдағы қойылған мақсатқа қол
жеткізуге арналған нақты әдістер. Басқару тактикасының міндеті берілген
шаруашылық жағдайда басқару әдістерінің ең тиімді шешімін және ең
қолайлысын таңдау.
Қаржы менеджменті басқару жүйесі ретінде 2 жүйеден (подсистема)
тұрады: басқарылатын жүйе, немесе басқару объектісі, және басқарушы жүйе,
немесе басқару субъектісі. Қаржы менеджментінің жалпы кестесі (№1 кесте).
Кіру
Объектінің жағдайы туралы ақпарат Сыртқы
ақпарат
Басқарушы жүйе (субъект)
Қаржылық ирекция және оның Қаржылық менеджер
бөлімшелері
Командалық ақпарат
Басқарылатын жүйе (объект)
Қаржылық қатынастар
Ақшалай ағым Капиталдың айналсоқтығы Қаржылық ресурстар
және олардың құралу
көздері
Шығу
Басқару объектісіне ақша ағымын, құнның айналсоқтығын, шаруашылық
субъектілермен олардың шаруашылық процесіндегі бөлімшелерінің арасындағы
қаржылық ресурстардың қозғалысымен қаржылық қатынастардың жүзеге асыру
жағдайының жиынтығы. Басқару субъектісі - әртүрлі формалардың басқару
әсерімен объектінің қызметін мақсатты бағытта жүзеге асыратын арнайы
адамдар тобы (қаржылық дирекция басқару аппараты ретінде, қаржылы менеджер
басқарушы ретінде).
Қаржы менеджемнтінің қызметтері басқарылатын жүйенің құрылымын
қалыптасуын анықтайды. Қаржы менеджменті қызметінің екі негізгі типі бар:
объектіні басқару қызметі және субъекті басқару ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz