Қаржылық есептемелер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І тарау. Қаржылық ақпараттарды ұсыну мақсаттары .
1.1 Қаржылық есептемелердің жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Есеп беруге байланысты түгендеу мен басқа да дайындық
жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ тарау. Қаржылық есептемелердің негізгі үлгілері .
2.1 Табыстар мен шығындар туралы есептеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептеме ... ... ... ... ... ... 22
2.3. Қаржылық есептемеге түсініктеме хат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Қаржылық есеп берудің мақсаты тұтынушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы,қызметінің нәтижелері және есеп беру кезеңінде оның қаржылық жағдайында болған өзгерістер жөнінде пайдалы , маңызды және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қандай да болмасын кәсіпорынның қаржылық есептемесі бухгалтерлік баланстан , табыстар мен шығындар туралы есептен, оларға берілген түсініктеме жазбахаттан және басқа да қосымша ақпараттан , кестелер мен диограммалардан тұрады.Қаржы есептерінің мәліметтері пайдаланушыларға өздерінің көрсеткіштерін дұрыс бағалап негізделген экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажет.

1. Закон «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 26 декабря 1996 г №2732 с изм. и доп. от 24 июля 2002 г.
2. Международные стандарты финансовой отчетности . Алматы , 2002 г.
3. стандарты бухгалтерского учета . Алматы , 1996 г.
4. Типтік шот жоспар және осы қолдану бойынша нұсқау || №438 – 2002 ж.
5. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаев А.А «Қаржылық экономика» - Алматы , Экономика 2002ж.
6. Әбдіманапов Ә.Ә., «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» -Алматы ,АЙАН ,2002 ж.
7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері» -Алматы, Экономик′С,2003 ж.
8. Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ финансовой отчетности» -Алматы:Қаржы-қаражат,1998ж.
9. Радостовец В.К., Радостовец В.В.,Шмидт О.Н. «Бухгалтерский учет на предприятии» -Алматы: Центраудит-Қазақстан ,1998г.
10. Новиченко П.П «Бухгалтерский учет» , Москва «Финансы и статистика» под.ред. 1990 г.
11. Тасмағанбетов Т.А «Қаржы есебі» , Алматы «Дәуір» 1998 ж.
12. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю.Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы 2000
13. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Москва 2004
14. Мацкевичюс И.С. Анализ калькулирования себестоимости продукции в странах СЭВ-М: Финансы
15. Сатубалдин С.С. Учет затрат на производство в промышленности США-М.,1980

Жоспары.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
І тарау. Қаржылық ақпараттарды ұсыну мақсаттары .
1.1 Қаржылық есептемелердің жалпы
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .4
1.2 Есеп беруге байланысты түгендеу мен басқа да дайындық
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ тарау. Қаржылық есептемелердің негізгі үлгілері .
2.1 Табыстар мен шығындар туралы есептеме
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
есептеме ... ... ... ... ... ... 22
2.3. Қаржылық есептемеге түсініктеме
хат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...29
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе.
Қаржылық есеп берудің мақсаты тұтынушыларды заңды тұлғаның қаржылық
жағдайы,қызметінің нәтижелері және есеп беру кезеңінде оның қаржылық
жағдайында болған өзгерістер жөнінде пайдалы , маңызды және дұрыс
ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қандай да болмасын кәсіпорынның қаржылық есептемесі бухгалтерлік
баланстан , табыстар мен шығындар туралы есептен, оларға берілген
түсініктеме жазбахаттан және басқа да қосымша ақпараттан , кестелер мен
диограммалардан тұрады.Қаржы есептерінің мәліметтері пайдаланушыларға
өздерінің көрсеткіштерін дұрыс бағалап негізделген экономикалық шешімдер
қабылдау үшін қажет.
Ұйымдар қаржы есебін әзірлеу және ашу кезінде , Қазақстан Республикасының
Президентінің '' Бухгалтерлік есеп туралы '' заң күші бар жарлығын
(26.12.2002 номері 2732) 2002 жылы ұлттық комиссия бекіткен 20 бухгалтерлік
есеп стандарттарын , субъектілердің бухгалтерлік есебімен қаржы-шаруашылық
қызметі есептерінің бас жоспарын : т.б заң күші бар нормативтік актілерді
қолданады және сол стандарттардың талаптарын орындауға тиіс .
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы –шаруашылық қызметін
жан-жақты сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін атайды.Мұндай деректер
бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; сонымен қатар ол талдау
жасаудың ,күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болып
табылады. Әрі есеп берудің мемлекеттік маңызы да зор.Өйткені , оның
деректерін салықтардың және басқа да бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі
толық төленуіне бақылау жасау үшін пайдаланады .
Қаржылық есептерді толтыру барысында бірқатар қағидалар сақталуы
тиіс.Олардың негізгілері : есептеу , толассыздық , түсініктілік , мәнділік,
маңыздылық , сенімділік , салыстырмалық т.б.
Есеп беруге байланысты түгендеу мен басқа да дайындық жұмыстарына
қысқаша тоқталар болсақ , бухгалтерлік есепке алу мен есеп беру
деректерінің анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын мүлікті және
қаржы жөніндегі міндеттемелерді түгендеуге міндетті.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс
жасайтын түгендеу комиссиясы құрылады.Мұндай комиссияның құрамына
кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің өкілдерін , тәуелсіз аудиторлық
фирмаларды енгізуге болады.
І тарау Қаржылық ақпараттарды ұсыну мақсаттары .
1.1 Қаржылық есептемелердің сипаттары .
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметін
кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру
процесін жасау-есеп жумысының соңғы сатысы.Оның деректері бойынша
кәсіпорының қызметін қорытындылайды: ол талдау жасаудың күнделікті және
алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады. Есеп берудің
мемлекеттік маңызды мәні бар.Оның деректерін салықтардың және басқа
бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі толық төленуіне бақылау жасау үшін
пайдаланады.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы да дәл көрініс беруі,
барлық көрсеткіштердің тығыз байланысты болуы , бухгалтерлік есеп беру
мен статистикалық жедел есеп берудің бір-біріне сәйкес келуі, әдістемелік
және басқа ережелердің сақталуы есеп беруге қойылатын негізгі талаптар
болып табылады .Есепті және баланс баптарының бағалауын бұрмалап беру ,
басқа да әдейі бұрмаланып көрсетілген есеп деректерін беру мемлекетке зиян
келтіретін, мемлекетке қарсы әрекет ретінде қаралады,ал бұған жазықты
басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапты
болады.
Берілген есептің тазалығы , есеп деректерінің инвесторлар мен
акционерлерге түсінікті болуы есеп беруге қойылатын маңызды талап болып
табылады. Есеп белгіленген мерзімдерде беріліп отыруға тиіс .
Жоғарыдағы ұйымдарға (меншік иелеріне ) және мемлекеттік статистика
органдарына , салық органдарына , кәсіпорыннан бекітілген (қосымша) есеп
беруді талап етуге , ал кәсіпорындарға ондай есепті беруге тыйым салынады.
Кәсіпорындар құрылтайшылардың шешімі бойынша өзінің өндірістері мен
шаруашылықтарын жеке балансқа бөлек қоюлары мүмкін.Бұл баланстардың
активтері мен пассивтері кәсіпорындардың негізгі қызметі бойынша жасалған
жалпы балансқа енгізіледі . Отау кәсіпорындар өз алдарына бөлек баланс
жасайды.
Кәсіпорындардың беретін есебі жедел – статистикалық есеп беру
кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын
бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша
сипаттайды.Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық
қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталған
жинақтау және талдау есептерінің деректерімен алып сипаттайды.Қандай кезең
үшін берілгендігіне қарай , есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер
болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында әрі сапалы жасау
үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелердің барлық құжаттарын , белгіленген
материалдық және басқа есептерді кестеге сәйкес әрі толық көлемде беруін
қамтамасыз етуге тиіс.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші
қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының
кестесін белгілеудің маңызды ролі бар. Берілетін есеп тиісті жиынтық
құжаттарында , саралау парақтарында және белгіленген көлемдердегі есептік
тізімдерде жинақталған бастапқы құжаттардың деректері бойынша жасалуға
тиіс. Есептік тізімдерде талдау деректері болуға тиісті екендігін есте
ұстау керек, оларда есеп беру үшін қажетті жыл басындағы және аяғындағы
ақпарат жинақталады.
Жасалған балансты және басқа берілетін есептерді көрсеткіштердің
дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият
тексеру керек. Баланстық сабақтастығын есепті кезеңінің басындағы баланс
баптарының деректерін , ағымдағы кезеңінің осы баптағы деректерімен ,
салыстырып отырып , жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолын анықтайды.
Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің Қаржы – шаруашылық
қызметтің нәтижелері туралы есеп деп аталатын 3 үлгімен реттеледі.
Стандарт заңды тұлғалардың қаржы шаруашылық қызметтерінің нәтижелері
туралы жүйелі түрде есеп беріп отыруын мақсат етіп , есеп баптарын жіктеу ,
есепке алу тәртібін анықтайды , бұл субъектінің әр түрлі есепті кезеңдер
үшін берген қаржы есептерінің саластырылуын қамтамасыз етеді.
Стандартта негізгі қызметтен келген табыстар мен шығындардың әр түрлі
баптарын , төтенше жағдайлардан келген табысты не шығынды , тоқтатылған
операцияларды және есептік бағалаудағы өзгерістерді , есепке алғанда есеп
саясатын және қаржы есебін берудегі елеулі қателердің түзетілуін ашу
тәртібі анықталады.
Жылдық есепті меншік иелеріне (қатысушыларға , құрылтайшыларға ) немесе
құрылтай құжаттарына сәйкес олар өкілеттік берген органдарға;салық
инспекциясы органына (кәсіпорынның туған жері бойынша) ; жергілікті қаржы
органына , мемлекеттік статистика органдарына береді.
Отау (еншілес) кәсіпорындары бар кәсіпорын өздерінің бухгалтерлік
есептерін берумен қатар , жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық)
есеп те береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да
енгізіледі) егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай ескерілмеген
болса , жылдық бухгалтерлік есепті жылдан кейінгі , келесі жылдың 1
наурызынан кешіктірмей береді.Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін
көрсетілген мерзімдердің шегінде , салық органдарының келісімдері бойынша
кәсіпорынның иелері (қатысушылары , құрылтайшылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні бар қаладағы кәсіпорын үшін оны барлық
керек-жарағымен нақты берген күн есептеледі , ол басқа қаладағы кәсіпорын
үшін почта кәсіпорынның мөрімен таңбаланып жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол
қояды , олар оның уақытында берілуіне жауапты болады.
Бухгалтерлік есепті келісім негізінде мамандалған ұйым немесе маман
жүргізетін кәсіпорында берілетін бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы және
бухгалтерлік есепті жүргізуші маман қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген органдарға берілгенге дейін кәсіпорынның жылдық
бухгалтерлік есебі құрылтай құжаттарымен белгіленген тәртіпте қаралып ,
бекітіледі.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелері , мүлік жәе қаржы
жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін
жариялауға жол ашық . Жарияланған есептердің анықтығы заңды тұлға не жеке
аудитор болып табылатын тәуелсіз аудиторлық ұйыммен расталады.
Есептерді қараған кезде деректердің бұрмалануы , жасырып қалған салықтар
, қосып жазулар , сондай-ақ есепке алу мен есеп беру жұмыстарының салдыр –
салақтығы анықталып жатса , салық органдары және статистика органдары
жазықты адамдарды жауаптылыққа тарту үшін бұл туралы құрылтайшыларға ,
жоғарыдағы немесе тергеу органдарына хабарлайды.
Бухгалтерлік есепке алудағы жазбаларға өзгеріс енгізуге әкеп
соқтыратын, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс
деректерінің барлық түзетулері есепті айдан кейінгі бірінші айда
жасалады,сонда тиісті түзетулер көрініс береді.Өйткені жыл үшін берілген
жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар бекітілгенге дейін
жасалады.Мұндай өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге
қажетті түзетулер егізіледі.
Кәсіпорындар , заңдарға сәйкес салық төлеуші бола отырып , өздерінің
тұрған жерлеріндегі салық органдарына бюджетке төленетін төлемдердің барлық
түрлері бойынша (айдың басындағы және аяғындағы төленбеген берешек
қалдықтары , сол ай үшін бюджетке есептелген және төленгендері бойынша
)салық есебін беруге міндетті.
1.2 Есеп беруге байланысты түгендеу мен басқа дайындық жұмыстары
Бухгалтерлік есепке алу мен беру деректерінің анықтығын қамтамасыз
ету мақсатында кәсіпорын мүлікті және қаржы жөніндегі міндеттемелерді
түгендеуге міндетті.
Мұндайда қозғалмайтын объектілерді (үйлерді,ғимараттарды т.б) екі жылда
бір , кітапхана қорын бес жылда бір түгендеуге болады , ал қалған мүлікті
және қаржы жөніндегі міндеттемелерді кем дегенде жылына бір рет түгендеп
отырады.
Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде , сатып алғанда , сатқанда , сондай-ақ
мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдырғанда; жылдық
бухгалтерлік есеп берер алдында міндетті түрде түгендеу жұмыстарын жүргізу
керек . Өндірісі маусымдық сипатта болып келетін, қайта өңдеу өнеркәсібінің
кәсіпорындарында , дайындау ұйымдарында және басқа ұйымдарында ,
тауарлардың , шикізаттың және материалдардың қалдықтары азайған кезде
түгендеуге болады; материалдық жауапты адам ауысқанда (істі қабылдау –
тапсыру күні ); ұрлық қорлық не бас пайдасын ойлау фактілері анықталғанда ,
құндылықтар бүлінгенде ; өрт немесе табиғат апаттары болған жағдайда;
кәсіпорын таратылып , тарату жасалар алдында (ҚР заңдарында ескерілген
басқа да жағдайларда ) түгендеу жүргізіледі.Мұнымен қатар , кәсіпорынға
жатпайтын , бірақ бухгалтерлік есепте тұрған ( жауаптылықпен сақталудағы ,
уақытша иеліктегі : қайта өңдеуге алынған , консигнациядағы , қандай да бір
себептермен есепке алынбаған ) тауарлы-материалдық және басқа құндылықтар
түгенделуге жатады .
Қымбат бағалы металдарды және қымбат бағалы тастарды түгендеу қымбат
бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды есепке алу жөніндегі қолданылып
жүрген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
Кәсіпоырн басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді, оның
ішінде түгендеу комиссиясының құрамын , есепті жылдағы түгендеу санын ,
олардың күнін , әрбір түгендеген кезде түгенделетін мүлік пен
міндеттемелердің тізбесін анықтайды.

істейтін түгендеу комиссиясын құрады.Жұмыс көлемі көп болғанда мүлікті және
қаржы жөніндегі міндеттемелерді тікелей түгендеу үшін жұмыс комиссиялары
құрылады.Жұмыс көлемі аз болғанда және кәсіпорында түгендеу комиссиясы бар
болғанда түгендеу жұмыстарын жүргізу соған жүктеледі.
Түгендеу комиссияларының қызметкерлер құрамы кәсіпорын басшысының
бұйрығымен бекітіледі. Түгендеу комиссияларының құрамына кәсіпорынның
басшылығының өкілдері, бухгалтерлік қазмет адамдары , басқадай мамандар
енгізілуі керек . Комиссия құрамына кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің
өкілдері,тәуелсіз аудиторлық фирмаларды енгізуге болады. Орталық түгендеу
комиссиясының жұмысы кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілген комиссия
құрамы толық болғанда ғана заңды деп есептеледі.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу
комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін
немесе материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттар туралы берілген
есептерді алуға міндетті .
Түгендеуді сынау түгендеу комиссияларының мүшелерінің және материалдық
жауапты адамдардың қатысуымен түгендеу аяқталған соң , бірақ міндетті түрде
түгендеу жүргізілген қойма , секциялар т.б ашылғанға дейін жүргізілуге
тиіс.Түгендеуді сынау нәтижелері актімен хатталады.
Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтар номенклотурасы үлкен
кәсіпорындарда сақтау және қайта өңдеу орындарындағы материалдық
құндылықтарды тексеру және іріктеп түгендеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін.
Бұл тексерулер мен түгендеулерді кәсіпорын басшысының өкімін түгендеу
комиссиялары жүзеге асырады.
Түгендеу комиссиясы хаттама жасайды , онда түгендеу нәтижелері бойынша
қорытындылар көрініс береді және сұрыптаудың нәтижесінде кем шығындармен
артықтарын есепке алу жөніндегі , табиғи кемуі жөнінде , бірақ нормалары
шегінде есептен шығару туралы ұсыныстар енгізіледі. Пайдаланылмайтын
тауарлы-материалдық құндылықтар шығын жатса , хаттамада бұл құндылықтардың
әкелінген уақыты , жеткізушінің аты , құндылықтардың түгендеу кезіндегі
жағдайы көрсетіледі .Мұндай тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу
жазбалары жеке жасалады да , олар сақтау орындарында бөлек
қойылады.Жарамсыз болған мүлікке түгендеу жазбасы жеке жасалады , комиссия
хаттамасында бүліну себептері көрсетіледі.
Түгендеу нәтижелерін анықтау үшін материалдық қалдықтар кітабы
пайдаланылуы мүмкін , оларда түгендеу жазбаларының деректері бойынша шыққан
қалдықтарды жазуға және түгендеу нәтижелерін шығаруға арналған арнаулы
бөлек жолдары бөлінген . Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін ҚР мемлекеттік
статистика есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы (№1- түгендеу үлгісі) жалға алған
және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың
нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады :
Түгендеу қағазы (№2- түгендеу үлгісі ) өндірісті ұйымдастыру ережелері
бойынша материалдық құндылықтарды бірден санап , жазбаға жабуға мүмкін
болмаған жағдайларда қолданылады.Бұл түгендеу қағазы саналған
құндылықтармен бірге , солардың түрған орындарында сақталады:
Тауарлы-материалдық құндылықтардың түгендеу жазбасы (№3- түгендеу
үлгісі ) , түсірілген тауарлардың түгендеу актісі (№4-түгендеу
үлгісі),жауаптылықпен сақтауға қабылданған (тапсырылған) тауарла-
материалдық құндылықтардың түгендеу жазбасы.(№5-түгендеу үлгісі) , жол
үстіндегі материалдар мен тауарлардың түгендеу актісі.(№6- түгендеу
үлгісі), қымбат бағалы материалдарды , олардан жасалған бұйымдарды түгендеу
актісі.(№8-түгендеу үлгісі) , шала өнімдердің құрамындағы құрастыру
бірліктеріндегі және жабдық түйектеріндегі , приборлар мен басқа да
бұйымдардағы қымбат бағалы материалдарды түгендеу жазбасы . (№8А-түгендеу
үлгісі) , қымбат бағалы тастарды , табиғи алмастарды және бұйымдарды
түгендеу актісі. (№9-түгендеу үлгісі ), жөндеу аяқталмаған негізгі
құралдарды түгендеу актісі .(№10- түгендеу үлгісі) , алдағы кезеңдердің
шығындарын түгендеу актісі.(№11-түгендеу үлгісі), Ақшалай қаражатты
түгендеу актісі.
(№ 15-түгендеу үлігі).Құндылықтарды және қатаң түрде есеп беру
құжаттарының бланкілерін түгедеу жазбасы .
(№16 түгендеу үлігі). Сатып алушылармен,жабдықтаушылармен және
дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу актісі (№17-
түгендеу үлігісі), Сатып алушылар мен, жеткізушілермен және басқадай
дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу актісіне
анықтама(№17-түгендеу үлігісіне қосымша), Негізгі құралдарды
түгендеу нәтижелерін салыстыру тізімдемесі (№18 түгендеу үлгісі),
Тауарлы- материалдық құндылықтарды түгендеу нәтижелерін салыстыру
тізімдемесі.(№19түгендеу үлгісі),Көрсетілген үлгілерде тиісті
материалдық қундылықтарды, ақшалай қаражатты түгендеу және түгендеу
бойынша алынған жиынтық деректерді есептеу нәтижелері көрініс
табады.
Түгендеу нәтижелері актімен хатталауға тиіс. Онда түгенделген
шоттардың аттарын, сәйкес келмейтін дебиторлық және кредиторлық
берешектің , күмәнді қарыздардық, талап ету мерзімі өткен
кредиторлық және дебиторлық берешектің анықталған сомаларын
көрсеткен жөн.
Берешектің көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды
түгендеу актісіне анықтама қоса тіркелу керек онда
дебиторлардың немесе кредиторлардың аттары мен мекен - жайлары,
берешек сомасы, берешектің не үшін есептелгені , қай уақыттан бері және
қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.
Талап ету мерзімі өткені дебиторлық берешек сомалары бойынша анықтамада
бұл мерзімнің өтеуіне кінәлі адамдар көрсетіледі.
Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек , өндіріліп алынуы басқа да
қарыздар кәсіпорын басшысының шешімімен есептен шығарылады да, күдікті
қарыздар бойынша резерв қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің
нәтижелеріне жатқызылады.
Түгендеу және басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар негізгі
құралдардың материалдық құндылықтарды және ақшалай қаражаттың бухгалтерлік
есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:
артық шыққан негізгі құралдар , материалдық құндылықтар мен ақшалай
қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп , есепке алынады , бұлардың артық
шығу себептері мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;
құндылықтардың келуі белгіленген тәртіпте бекітілген нормалардың
шегінде кәсіпорын басшысының өнімімен өндіріс не айналым шығындарына
көшіріліп жазылады;
материалдық құндылықтардың , ақшалай қаражаттың және басқа мүліктің
кем шыққандары , табиғи келуі нормаларынан тыс жоғалғандар кінәлі
адамдардың мойындарына қойылады.Кінәлі адамдар анықталмаған немесе кінәлі
адамдардан өндіріп алуға сот тыйым салған жағдайлардан кем шыққан мүліктер
және жоғалғандардан келген зиян шаруашылық қызметінің нәтижелеріне
көшіріліп жазылады;
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының колда бар құндылықтар
мен бухгалтерлік есеп деректері арасындағы түгендеу кезінде анықталған
алшақтықтардың реттеу туралы ұсыныстар айтылған хаттамасын түгендеу
аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді.Түгендеу нәтижелері түгендеу
аяқталған айдағы есепте және есеп бергенде , ал жылдық түгендеу
бухгалтерлік жылдық есеп беруде көрініс табуға тиіс.
Есеп берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі бухгалтерияға
цехтардан , қоймалардан , есеп беретін адамдардан құжаттардың толық түскен
түспегенін тексеру: ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі барлық шығындарды
өндіріс шығындарына қосу: негізгі құралдардың амортизациясын , демалысқа
төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған резервті , материалдық
емес активтердің тозуын толық есептеу : құндылықтардың барлық шоттар мен
топтарда есепке алынбаған баға құнынан нақты өзіндік құнның орташа ТДМ
проценттік не ауытқушылықтарын (+,-) есеп шығару : жұмсалған материалдық
нақты өзіндік құнын анықтап , оны өндірістік және басқа шоттарға көшіріп
жазу қажет.
Жоғарыда көрсетілген шығындарда көшіріп жазғаннан кейін үстеме
шығындар мен қосалқы өндірістер сомасын анықтап , оны 920- ш көшіріп жазу
керек : қосалқы өндірістердің өзара қызметтерінің құнын анықтап , оны
тиісті шоттарға көшіріп жазу керек: қосалқы өндірістер бойынша аяқталмаған
өндіріс қалдықтарын және есепті кезеңге қатысты шығындарды , бұл
өндірістердегі өнімнің жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнын анықтап ,
түтынылған өнімнің , істелген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің
құнын негізгі тұтынушылар шоттарына , сыртқа көшіріп жазу керек. 8010-шы
аяқталмаған өндірістен тұратын шығындар ғана қалады .
Одан әрі 8030-шы жауып , онда есептелген шығындарды тиісті өндірістік
шоттарға көшіріп жазу керек.
Бұдан кейін дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс шығындарының ара жігін
ашады , дайын өнімнің өзіндік құнын есептейді және дайын өнімді кірістеу
жөнінде жазбалар жазады.
8000,8010,8020 (жекелеген жағдайларда ) шоттарда есепке алынған
аяқталмаған өндіріс қалдықтарын , аяқталмаған өндіріс шығындарын есепке
алатын шоттарға (1320) көшіріп жазады.
Сондай-ақ өнім өткізуден келген барлық шығындарды
(71,80,81,82,83,84,85,86,87 – бөлімшелердің шоттары ) және табыстарды
(70,72,86,87 – бөлімшелердің шоттары) анықтап , оларды 5010-шы дұрыс
көшіріп жазудың да маңызы зор.
Есеп жұмыстарының жоғарыда аталған және соңғы циклна байланысты
операцияларды орындау процесінде есепке алу тізімдеріне жазбалар түсіріп ,
оларды белгіленген ретпен жабады.Әзірлік кестелерінің деректерін тиісті
ведомостарға немесе машинажазбаларға енгізеді , жоғалғанға дейін барлық
деректерді өзара салыстырылады.Салыстыру кезінде пайда болған жөнсіздікті
түзетеді . Салыстыру туралы тізімдерге белгі соғылады.Есепке алу
тізімдерінің деректерін жүйелі түрде жүргізлетін есептің тізімі болып
табылатын және жыл ішінде синтетикалық есебін жүргізуге арналған Бас
кітапқа жазады.Әрбір синтетикалық есебі үшін онда бір-бір парақтан бөлінген
. Кітапқа барлық синтетикалық топтарының қалдықтары мен айналымдары көрініс
табады . Аралық шоттардағы айналымдар мен қалдықтары тиісті есепке алу
тізімдерінде көрсетіп , Бас кітапқа жазбайды . Кітапты бастағанда оған жыл
, ай басындағы қалдықтарды жазады , әрбір шоттың дебеті бойынша айналымдары
журнал-ордерлерден , ведомостардан , журнал-ордерінің үлгісі бойынша
корреспонденттелетін , кредиттелетін шоттарға қарай құрылған машина
жазбалардан алады.Ол кредит бойынша айналымдарды жалпы сомамен
жазады.Корреспонденттелетін шоттар бойынша толтырылған кредиттік
айналымдарды тиісті журнал-ордерлерде , ведомстарда , машина жазбаларда
тарата жазады,бұл жазбалардың қайталануына жол бермейді.
Тізімдердің және Бас кітаптың деректерін балансты және тиісті есеп беру
үлгілерін толтыру үшін 1010 -шот бойынша толтырылған Бас кітап үлгісі №1
қосымшада көрсетіледі.
ІІ тарау Қаржылық есептемелердің негізгі үлгілері .
2.1 Табыстар мен шығындар туралы есептеме.
Есеп 61'' Негізгі қызметтен түскен табыс '', 62 ''Негізгі емес
қызметтен түскен табыс '',70'' Өткізілген дайын өнімнің (тауардың ,
жұмыстың , қызметтің) өзіндік құны'',71 '' Дайын өнімді (тауарды , жұмысты
, қызметті) өткізу бойынша шығындар '',72''Жалпы және әкімшілік шығындар
'',74''Негізгі емес қызмет бойынша шығындар '', 75''Корпоративтік табыс
салығы бойынша шығындар'',76'' Төтенше жағдайлардың және тоқтатылған
операциялардан түскен табыс'', 77''Басқа ұйымдарға үлестік қатысушыдан
түскен табыс'',61''Сатылған тауарлардың қайтарылу және сату жеңілдіктері ,
баға жеңілдіктері '' бөлімшелердің шоттарында көрініс тапқан деректердің
негізінде беріледі . Басқаша айтқанда , есеп беруге қажетті барлық деректі
бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс тапқан деректерден тікелей алады.
Табыстар мен шығындар нәтижелері туралы берілген есепте мынадай
ақпаратты : негізгі қызметтен түскен табысты; өткізілген дайын өнімнің
(тауардың , жұмыстың , қызметтің ) өзіндік құны ; жалпы табысты ; кезеңдегі
шығындар ; жалпы және әкімшілік шығындар ; проценттерді төлеуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz