Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы мәлімет



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І .Тарау. Банк ұғымы мен мәні


1.1. Банк жүйесі және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның негізгі қызметтері ... ... ... ... ... .


ІІ.Тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

2.1. Екінші деңгейлі банктердің түрлері. Еншілес банктер ... ... ... ... ...

2.2. Екінші деңгейлі банктердің негізгі операциялары. Актив және пассив операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


ІІІ.Тарау. Банк жүйесінің басты бағыттары


3.1. ҚҰБ .нің ақша айналым саласындағы құзіреті ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3.2. Банк жүйесіндегі қаржылық қызметтер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Банк жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді. Ол тек еркін ақша қаражаттарын шоғырландыруды және оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінуінің тұтқасы, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.
1. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең экономикалық теориясы», «Дәнекер», Алматы -2004ж. [99-119 беттер].
2. Н.Н.Хамитов «Банк ісі» «Экономика», Алматы -2006ж. [49-55 беттер].
3. «Егемен Қазақстан» 6.ХІІ.2006. №235 [3 бет].
4. А.А.Ильясов «Денежно-кредитная политика» «Экономика», Алматы -2007 [3-9стр.], [55-59стр.], [91-92стр.], [102-105стр.].
5. «Экономика и право Казахстана» 2007 г. №2 [8стр.].
6. П.А.Самуэльсон «Основания экономического анализа» «ЮНИТИ», Москва -2002 г. [561-562стр.].
7. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана -2006 ж.
8. «Банки Казахстана» 2006 г. №3 [11-12стр.], 2006 г.
№49 [7-11 стр.], 2006 г. №6 [4 стр.], 2007 г. №2 [29-32 стр.], 2007 г. №3 [7-10 стр].
9. Финансово-экономический казахско-русский словарь. Алматы-2007 г. Под научной редакцией д.э.н., проф. А.А.Абишева.
10. УМК «Финансы и кредиты» Алматы -2006 г. [58-65 стр.].
11. Д.С.Моисеев «Денежно-кредитная политика: теория и практика» «ЭкономистЪ», Москва -2005 г. [3стр.], [81-86стр.], [161-163стр.].
12. Б.Н.Жаналинов «Инфляция и антиинфляционная политика в Казахстане» «Экономика», Алматы -2007 г. [132-135стр.].
13. С.Б.Мақыш «Коммерциялық банктер операциялары» «Экономика», Алматы -2004 ж. [74-77 беттер].
14. ІІ Халықаралық ғылыми теориялық конференция, Ақтөбе -2005 ж.
15. «Основы экономики» 2006 г. № 2(8) [30-31стр.].
16. «ҚР валюталық реттеу және бақылау туралы» Заңы №57-1;13.06.05.
17. С.С.Сахариев «Әлем экономикасы» ІІ том. Алматы-2003ж. [38-47беттер], [128-131беттер].
18. Мәуленова, Бекмолдин «Экономикалық теория» «Экономика», Алматы -2004 ж. [50-53беттер].
19. М.К.Бункина «Монетаризм» «Экономик'С», Москва -2004 г.
20. «Аль-Пари» 2007 г. №2 [15-18стр.].
21. Т.Қ.Қожаниязов, Ж.Т.Қожаниязова «Қазіргі экономика» Тараз -2006 ж. [155-156 беттер].
22. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» «Экономика», Алматы -2005 ж. [72-81 стр.].
23. «Финансы и кредиты» 2006 г. №9 [10-11 стр.].
24. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» «Маркет», Алматы -2004 ж.
25. В.Д.Мельников, В.Д.Ли «Қаржының жалпы курсы» «Экономика», Алматы -2005 ж. [158-165стр.].
26. «Қаржы - қаражат» 2006 ж. [24-29 беттер].
27. Крымова, Болатханова «Экономикалық теория» , Алматы -2003 ж. [101-108 беттер].

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

Күндізгі оқыту факультеті
Есеп және қаржы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының банк жүйесі

Орындаған: Қаржы-201 тобының

студенті Надирова Д.С.

Тексерген: аға оқытушы

Қалденова Г.С.

Ақтөбе, 2007

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І –Тарау. Банк ұғымы мен мәні

1. Банк жүйесі және оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның негізгі
қызметтері ... ... ... ... ... .

ІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1. Екінші деңгейлі банктердің түрлері. Еншілес
банктер ... ... ... ... ...

2. Екінші деңгейлі банктердің негізгі операциялары. Актив және
пассив
операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...

ІІІ–Тарау. Банк жүйесінің басты бағыттары

1. ҚҰБ –нің ақша айналым саласындағы
құзіреті ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Банк жүйесіндегі қаржылық қызметтер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Банк жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет
экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез
келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді. Ол тек еркін
ақша қаражаттарын шоғырландыруды және оны ресми айналымға
салуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге ақша
капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінуінің
тұтқасы, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу
және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.
Атқаратын экономикалық функциялары тұрғысынан банктік
жүйе қаржы жүйесінің бір саласы болып табылады. Барлық
қаржы ресурстары, тұрғындардың қолында қалған немесе көтерме
тауар айналымында бухгалтерлік есепте көрсетілмей және кассадан
өткізілмей айналысқа түсетін есеп айырысу тәртібі туралы
ережені бұзушылыққа байланысты сомадан басқасы іс жүзінде
банк арқылы өтеді.
Қалыпты істейтін ақша айналымы және тұтастай алғанда
қаржы жүйесі банктердің қызметіне тікелей байланысты болады.
Елдегі жұмыс істейтін банктер әр түрлі ұйымдардың тарамдалған
жиынтығы ғана емес, бұл белгілі бір дәрежеде
ұйымдастырылған жүйені білдіреді.
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының банк жүйесі
макроэкономикалық тұрақтандыруға, инвестицияларды тартуға қол
жеткізуде маңызды роль атқарады. Қазақстан Республикасында
екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі еліміздің орталық банкі болып табылады,
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі
болып табылады. Өзге барлық банктер банк жүйесінің
төменгі (екінші) деңгейіне қатысты болады.
Жалпы курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы банк
жүйесінің қалыптасуы, дамуы және реттелуі мен негізгі қызметтерін
қарастыру.
Курстық жұмыс негізгі үш тараудан құралған.
Бірінші тарауда банк ұғымы мен мәні, Қазақстан Республикасы банк
жүйесінің құқықтық табиғаты жайында жазылған.
Екінші тарау еліміздегі банк жүйесіне толықтай арналған. Қазақстан
Ұлттық Банкі және оның негізгі міндеттері, негізгі құқықтық нормалары,
атқаратын операциялары жайында сөз болады. Екінші деңгейлі банктер мен
еншілес банктер елдегі негізгі банктік қызметтерді атқарушы банктер болып
табылады, сондықтан екінші деңгейлі банктердің түрлері, олардың басты
операциялары, соның ішінде активті және пассивті операциялары кеңінен
жазылған.
Үшінші тарауда Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша айналым саласындағы
құзіреті мен ақша – несие саясатына банк жүйесінің негізгі бағыты ретінде
кеңінен тоқталдық.

І –Тарау. Банк ұғымы мен мәні

1.1. Банк жүйесі және оның құрылымы

Банк жүйесі – белгілі бір елдің территориясында қызмет
жасайтын, онымен тікелей байланыста болатын банк мекемелерінің
жиынтығы.
Банк жүйесінде екі деңгейді ажыратады. Бірінші деңгейде
Орталық (эмиссиондық) Банкті түсінеміз. Екінші деңгейде коммерциялық
(депозиттік) және мамандандырылған (инвестициялық, жинақтық,
ипотекалық, сыртқы сауда және т.б.) банктар құрылады.
Банк жүйесі төмендегідей негізгі қызметтер атқарады:
1. уақытша игерілмей тұрған ақшаларды жинақтау;
2. игерілмей жатқан ақшаларды уақытша бөлу;
3. несиелік ақшалар құру;
4. несиелік реттеулер;
5. ақша эмиссиясы;
6. бағалы қағаздар шығару.
Банк жүйесінің ең маңызды бөлігі Орталық Банк.
Орталық Банк- банк жүйесінің негізгі жетекшісі, ол ақша
нарығының тепе теңдігін қамтамассыз етеді; өкіметтің заемдік және
несиелік операциялары арасындағы дәнекерлеуші болып табылады.
Орталық банк ақша жүйесін басқару, валюталық курс пен
елдің валюталық қорын сақтауда шешуші орын алады. Көптеген
елдерде Орталық Банк ақшаны эмиссиялау құқығына ие. АҚШ Орталық
Банкі - бұл Федеральды қор жүйесі (ФҚЖ), Ұлыбританияда -
Англия Банкі, Германияда-Бундесбанк, Жапонияда-Жапон Банкі. ФҚЖ-
үкіметтік емес мекеме, Англия Банкі мемлекет меншігі және мемлекет
арқылы бақыланады, Бундесбанк белгілі бір дәрежеде жеке қызмет атқарады,
Ресей Федерациясының Орталық Банкі (РФОБ) РФ Конституциясына
сәйкес Мемлекеттік Думаға есеп береді.
Орталық Банктің негізгі міндеттері:
1. ақша айналымының тұрақтылығын қамтамассыз ету;
2. несие, ақша айналымы, есеп және валюталық қарым
қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Орталық Банктің негізгі қызметтері төмендегідей:
1. ақша эмиссиясын жүзеге асыру және оның айналымын ұйымдастыру;
2. өзге несиелік мекемелердің касса қорларын сақтау және
жинақтау;
3. коммерциялық банктардың несие жүйелерін қамту және оның
жұмысына бақылау жасау.
Өз қызметтерін жүзеге асыруда Орталық Банк мынадай негізгі құралдарды
пайдаланады:
• коммерциялық банктар үшін міндетті қор ережесін
бекітеді;
• ашық нарықта жұмыс жүргізу (мемлекеттік бағалы қағаздарды
сату және сатып алу);
• есепке алу төлемін белгілеу (қайта қаржыландыру төлемі,
яғни Орталық Банктің коммерциялық банктарды несиелеу
төлемі).
Орталық Банк ақша ұсынымдарын толық бақылай алмайды, не коммерциялық
банктар жинақ қорының көлемін өздері анықтайды, бұл өз
кезегінде банк қоры мен мультипликатор ережелеріне әсер етеді.
Орталық Банк коммерциялық банктер беретін несие көлемін
нақты болжай алмайды. Несиелендіру коэффициенті халықтың
әрекеті және өзге де себептерге байланысты
анықталатындықтан, Орталық Банк қызметі аясына бағынбауы
мүмкін.
Коммерциялық банктер - әмбебап типтегі несие беру
мекемелері, олар заңды және жеке тұлғалар арасында келісімшарт
негізінде несие - есептік және өзге де банк қызметтерін жүзеге
асырады.
Коммерциялық банктер төмендегідей негізгі қызметтер
атқарады:
1. ақшалай жинақтарды қабылдайды және оларды таратады;
2. несие беру және ұсыныс;
3. клиенттер мен банк корреспонденттеріне есеп береді және
кассалық қызметтер көрсетеді.
Коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылған іс әрекеттер пассивті
және активті болып бөлінеді. Пассивті операциялар - ақша
қорларын депозиттер қабылдау, акциялар, бағалы қағаздар, облигациялар
сату жолдарымен тартады. Активті операциялар - ақша қорларын
несиелер беру, акциялар мен бағалы қағаздар сатып алу арқылы
құрады.
Коммерциялық банктер өзара төмендегідей белгілерімен ажыратылады:
• шетел капиталы және банктері қатысуымен;
• жүзеге асырылатын әрекеттер түріне байланысты: әмбебап және
мамандандырылған;
• әрекетету территориясына байланысты: аймақтық, республикалық
және т.б.;
• өндірістік ұйымдастырылуына.

1.2.Қазақстан Ұлттық Банкі және оның негізгі қызметтері

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚҰБ)
Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан
Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Оның дербес балансы болады және
өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге тікелей бағыну
сызбасына біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және
басқа банктермен қарым қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы
несие ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін
білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты Қазақстан
Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстан Ұлттық Банкіне мынадай
міндеттер жүктеледі:
• мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
• төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
• валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
• қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес банк
операцияларының мынадай түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды: банктердің
және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың
металл шоттарын ашу және жүргізу, оларды осы тұлғаға тиесілі тазартылған
қымбат бағалы металдардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар;
аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды
тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсыруы бойынша олардың
банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг;
сейфтік операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар
мен құндылықтарды инкассациялау; чек кітапшаларын шығару; аккредитив ашу
(ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелер орындау; Қазақстан
Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда қаржы нарығы мен
қаржылық ұйымдарды реттеужәне қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органға банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша уәкілетті органның
лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді.

ІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

2.1. Екінші деңгейлі банктердің түрлері. Еншілес банктер

Екінші деңгейдегі банк - коммерциялық ұйымдар
Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы
Заңына сәйкес банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы
өкілеттілігі бар акционерлік өкілеттілігі бар акционерлі қоғам
нысанында құрылған коммерциялық ұғым саналатын заңды тұлға
болып табылады. Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны
әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және
банктік операцияларды жүргізуге қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның
берген лицензиясының болуымен айқындалады. Қазақстан
Республикасында екінші деңгейдегі банктердің, олардың
филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі заңнамамен және
нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Елімізде екінші деңгейлі банктердің жүзеге асыратын
операциялары өте маңызды. Екінші деңгейлі банктердің мынадай
түрлері бар:
Шетелдік қатысушы банк - орналастырылған акцияларының
үштен бірінен астамы:
• Қазақстан Республикасының резидент еместердің;
• Орналастырылған (қатысушылар салымдарының) акцияларыны
акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу
үлестерінің үштен бірінен астамы Қазақстан Республикасы
резиденттері еместердің не соларға ұқсас Қазақстан
Республикасы резиденттерінің – заңды тұлғаларының иелігінде,
меншігінде және басқаруында болатын Қазақстан Республикасы
резиденттерінің – заңды тұлғаларының;
Халықаралық банк – халықаралық шарт (келісім) негізінде
құрылған және жұмыс істеп тұрған құрылтайшылары Қазақстан
Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік
орган) мен аталған шартқа қол қойған мемлекеттің Үкіметі
болып табылатын банк.
Банктер Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ
одан тысқары жерде өзінің еншілес банктердің филиалдары
мен өкілдіктерін ашуға мүмкіндіктері бар.
Шетелдік банктерге Қазақстан республикасында өздерінің
филилдарын ашуға тыйым салынады. Еншілес банктер банктердің
филиалдары, өкілдіктері және есеп айырысу кассалық бөлімдер
еліміздің заңдарына сай құрылып сәйкесінше өз қызметтерін
тоқтата алады. Осылайша банк тура немесе жанама түрде дауыс
беретін акциялардың елу проценттен астамын иеленетін
немесе сонша акцияның дауыс беру мүмкіндігі бар немесе
олардың арасындағы шартқа сәйкес осы заңды тұлға
қабылдайтын шешімдерді банктің айқындауға мүмкіндігі болатын
заңды тұлға банктің еншілес ұйымы болып табылады.

2.2. Екінші деңгейлі банктердің негізгі операциялары. Актив және
пассив операциялар

Елімізде екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтері
өте көп әрі олардың әр салада маңыздылығы жоғары. Банк
операцияларына жататындар:
Заңды тұлғалардың депозиттерін, банктік шоттарын ашуды
және жүргізуді қабылдау;
Жеке тұлғалардың депозиттерін, банктік шоттарын ашу
және жүргізуді қабылдау;
Банкілер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және
жүргізу;
Жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және
жүргізу, онда аталған тұлғаға жататын тазартылған бағалы
металдардың нақты саны көрсетіледі;
Кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау,
беру, қайта санау, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу
және сақтау;
Аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың
ақшаны аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
Есептеу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың
вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу
(дисконт);
Заем операциялары: төлем, мерзім және қайтарым
талаптарына сәйкес ақша нысанда несие беру;
Жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде
корреспондент банктердің тапсырмасымен олардың банктік шоттары
бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
Сенім операциялары: сенім білдірілген адамның мүддесі
үшін және оның тапсырылуымен ақшаны және тазартылған
бағалы металдарды басқару;
Банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстырып
тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара
есебін жүргізу және клирингке қатысушыларының таза
позицияларын айқындау;
Сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен
үй жайларды жалға беру мен клиенттердің құжаттамалық
нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен
қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер;
Ломбард операциялары: сақтауға алынып оңай өтетін
бағалы қағаздарды және өзге де қозғалатын мүлікті кепілге
алып қысқа мерзімді несие беру;
Соңғы уақыттарға дейін республикада депозиттерді басқару
мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен
жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне
байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ.
Бірнеше себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаты зерттелген
жоқ. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне
назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік
компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік
мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары
қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше
себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен
сенімділігін қамтамасыз етеді; екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез
келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз
ала алады; үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі. Депозиттік операциялар
мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
• Банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
• Депозиттік операциялар әрекет етуі керек;
• Банк балансының оперативтік өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде
ерекше назар аударылуы қажет. Депозиттік операциялар мен қарыздарды
беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара
байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
• Депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану;
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге
дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Осылайша, коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі
жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де
депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтер салымшыларға
пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды
банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі базалық қызметі. Бұл банктің пассивті меншікті капиталы
мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жағдайлармен түсіндіріледі біріншіден, банктер қаржылық
нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және
халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, сол
жағдайда оларды тиімді басқарады, сондайақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз
етеді және пайыздық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден,
депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай
кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер
басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырылған
активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай
өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға қзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу,
сондай ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды
төлеу үшін қажет. Меншікті капитал банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы
сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады,
банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін
банктік құжаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90% жоғары бөлігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік маркетинг банктің бәсекелестіктің негізі ретінде
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ ( АҚ Тұран Әлем Банк ). ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
«Нұрбанк» АҚ-ның қаржылық қызметін талдау
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың құрамы сабақтас қылмыстардан айырмашылығы
Несиені заңсыз алу мен мақсатсыз пайдаланудың жалпы сипаттамасы
Несие қылмыстары туралы түсінік
Банктік маркетинг
Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері
Банктің депозиттік портфелін құру
Қазақстан банкілерінің тұрғын үй несиелеу саласындағы тәжірибесі
Пәндер