Экономикалық теория ғылымы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе

І-БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ.

1. 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

1. 3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ (ҮЛГІ) ЖАСАУ

ІІ-БӨЛІМ. Экономикалық теория ғылымының зерттелуі.

2. 1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

2. 2 Экономикалық категориялар

ІІІ-Бөлім. Қазақстан Республикасының нарықтық жағдайындағы экономикасының дамуы

3. 1. Нарықтық экономика жағдайы және оны мемлекеттік реттеу

3. 2. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша


Кіріспе

Экономикалық теория тікелей шаруашылық саясатында қолданылатын дайын ұсыныс емес. Бұл ілім, интеллектуалды құрал, ойлау техникасынан гөрі, әдіс болып келеді де, оны меңгеріп алуға, дұрыс қорытынды жасауға көмек береді.

Джон Мейнард Кейнс

Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Алғашқы қауым адамдарының өндіріс, айырбас, тіршілік игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары жөнінде белгілі бір түсініктері болған. Олардың алғашқы қауымдық қоғамның экономикасын құрайтын құбылыстар туралы пікірлері әр түрлі уағыз бен тәртіп ережелерінде ресімделген. Бұл туралы бізге дейін жеткен Египет папирустары, ежелгі үнді Ведалары, Хаммурапи патшаның заңдарында көрсетілген. Бірақ бұл ғылым емес, тек қана оның ұрығы еді.

Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.

Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофон, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. "Экономия" терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос - үй, шаруашылық; номос - заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі, ол шаруашылықты екі түрге бөледі: экономия және хрематистика (баю, пайда таба білу шеберлігі) . Оның түсіндіруі бойынша экономикадан хрематистика пайда болады.

Менің курстық жұмысымда экономикалық теория пәніне жалпы түрде сипаттама берілген. Бірінші бөлімде экономика ғылымының пайда болу және даму сатылары көрсетілсе, екінші бөлімінде оның заңдарының зерттелуі жайында шолу жасалған.


І-БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПӘНІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1. 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық кіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт - аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель т. б. ) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір гылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды - заттай жүргізілді.

Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI- XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтағы белгілі "Жібек жолы" осының айғағы. Тауар-ақша қатынасының экономикада үстемдік етуін белгілі ақын Шортанбай төмендегіше суреттеген еді:

Мініп көрер күші жоқ,

Сауып ішер суті жоқ,

Ақша деген мал шықты.

Бұдан, ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар-ақша қатынасының алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз.

Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты - меркантелистер мектебі. Ол (мерканте - итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.

ф. Кенэнің "Экономикалық кестесі" қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Оны буржауазиялық саяси экономиканың кернекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың коғамдағы ерекше рөлін атап керсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX гасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия - еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат - қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кеиін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX ғасырдың екінші жартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонг-Конг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі социалистік қоғамның міңдеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын. Қазіргі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10-12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.

Қазан төңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге ету теориясы қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шыгу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы келетіні табиғи талап деп қарасақ, соңғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның өз алдына мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқиға. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта "сауда сақал сипағанша" деген мақал бар, сондықтан халықаралық сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мұқият зерттеудің, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек. Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр. Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалық теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-валюта, басқа да қалыптасқан қазіргі заманғы рыноктық инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.

Қазіргі экономикалық. ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың себептері көп, оның негізін экономика, саясат, идеология т. б. қоғамдық өмір саласында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуға, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.

Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық өмірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдық қатынастардың негізі - өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.

1. 2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз - ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалык модельдер жасау.

Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі - ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді.

Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталган жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.

Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Бәрі де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.

Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғылымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.


1. 3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ (ҮЛГІ) ЖАСАУ

Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру ете күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған "диагноз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын, қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.

Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл белген бағыттың негізін қалаушылар - М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын өсім - математик, физик және кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі О. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және "Экономикалық мінез-құлық" деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұрғысынан зерттелген.

Саяси экономия ғылымы. Бұл ұғымды түңғыш рет ғылымға енгізген меркантелист Антуан Де Монкретьен (1575-1631) . Саяси экономияның ерекше назар аударғаны материалдық игіліктерді өндіру. Оның себебі: өнеркәсіп төңкеріс дәуірі басталды, рыноктың кең өркендеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-индустриалды өндіріске сәйкес қоғам тұрғысынан қарағанда саяси экономия ғылымы классиктерінің көптеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623-1687) Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772-1823), Франсуа Кенэ (1694-1774) және А. Тюрго (1727-1781) есімдері өз заманындағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми қағидалары әлемдік экономикалық теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия ілімі XVIII ғасырдың соңы, XIX ғасырдың басында Адам Смиттің өсімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақтың әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845-1904), Шоқан Уәлиханов (1835-1865) . Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқандар Адам Смиттің және т. б. экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселелеріне өз көзқарастарын жазды.

Оқулықта экономикалық ой-пікірдің көне заманнан-ақ бастап тарихы қысқа айтылды, себебі терең үңілуге мүмкіндік болмағандықтан аса көрнекті өсімдер ғана аталып, олардың қағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Еуропамен ерте араласқан Ресейдің өзінде де саяси экономия ғылымы XVII ғасырдың бірінші ширегінен - I Петр дәуірінен басталады. Саяси экономия тарихын зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан тұңғыш орыс экономисі И. Т. Посошков болса, біздің топшалауымыз бойынша қазақ елінде ондай адамдар - Шоқан мен Абай.

Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның іщінде Қазақстанда заманыңда аты шыққан, кейін ұмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының қазір өсімдері жанғыртылып жазба мұра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет басқаруға қатысқан қайраткерлердің экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Экономикалық заңдар, экономикалық категориялар
Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері. Саяси экономия ғылымы
Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Экономикалық теорияның ғылым саласы ретінде қалыптасуы
Экономикалық теорияның пәні, ғылыми танымдық әдістері мен қызметтері
Жалпы теорияньің пәні және әдісі
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz