Ордабасы кездесу және оның маңызы



Кіріспе.

1 тарау. Кездесу қарсаңындағы қазақ жоңғар қатынасы.
1.1 ХVІІІ ғ басындағы қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі.
2 тарау. Ақтабанды шұбырынды жылдарындағы жағдай.

3 тарау. Ордабасы кездесуі.
3.1 Кездесудің өту және ол туралы жазбалар.

Қорытынды.
Ордабасы өңірі!... Ордабасы тауы!... Ордабасы кездесуі!...
Осы атаудың қай қайсысы болсын өте бір жағымды естіліп, сонау бір кездегі халқымыздың бірлігінің күәсіндей көңілімізге ерекше мақтаныш сезімін орнатады! Ерді ерлікке, елді бірлікке шақырған кездесу болған бұл жердегі оқиға халқымыздың тарихында алтын әріппен жазылған.
Ордабасы!...
Иә, халқымыздың қасиетті жерінің бір өңірі.
Расында біз осы бір атауды құрмет тұтамыз, осы бір жерді қанша мақтан етеміз. Еліміз тәуелзіздікте өмір сүріп жатқан бұл күні өткен тарихымызға көз салсақ халқымыз мақтан етер небір жайлар бастан кешірген екен. Халқымыздың тарихында мақтаныш етер қаншама оқиғалар болған екен. Соның бірі Х1Х ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ-жоңғар қатынасының шиеленіскен кезіндегі шетелдік басқыншыларға қарсы үш жүздің өкілдерінің басын қосқан Ордабасы тауында болған кездесу екендігінде сөз жоқ.
Ақтабан шұбырындының басы болған 1723 жылдың көктемінде осы өңірге қашаннан көз тіккен жоңғарлар қазақ жеріне бұрынғыларынан да сұрапыл, жойқын шабуыл жасап, бейбіт жатқан халқымыз небір қиындықтарды бастан кешірді. Осындай, ел басына күн туған кезде Ордабасы тауында кездесу өтіп, халқымыздың жоңғарларға қарсы майданға біріктіргені белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1993 жылдың 27-29 мамырында осы Ордабасы тауында өткен жыйында сөйлеген сөзінде: Бас біріктіріп, күш қосқан соң-ақ халқымыздың жалы күдірейіп шыға келді. Дәл сол жылы үш жүздің қолы жаз бойы қаруланып, соғыс өнерін ұштап, салым Сарысу бойындағы Бұланты өзенінің жағасында жоңғар қолын қирата жеңгені тарихтан белгілі. Сол жеңісте елдің» еңсесі көтерілді, өз күшіне сенімін арттырып, бірлікке үндей түсті, - деп атап көрсеткеніндей, бұл кездесу халқымыз үшін қаншама ауыртпалық әкелген шетелдік басқыншыларына қарсы күресте шешуші кезеңнің бастамасы болды.
Дегенмен, Кеңес өкіметі кезінде ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы Ақтабан-шұбырынды қасіреті кезінде азаттық күрестің басы болған Ордабасы кездесуінің тарихи маңызына мән берілмеді. Тіпті сол кездегі қазақ халқының тарихына байланысты оқиғалар жөнінде сөз бола қалғанның өзінде ол Қазақстанның Ресей өз еркімен қосылуы төңірегінде ғана айтылып, қазақ-жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысы көмескіленіп көрінді. Әдебиеттерде халық ішінен шыққан небір дара тұлға, аттары аңызға айналған қолбасшылар мен батырлар, билер мен хандардың есімдері қасақана айтылмады. Өйткені халқымыздың ерлік істерін айту қазақтардың батыл да батыр, жауынгер екендігін, әр уақытта жерінің, халқының бостандығы үшін қаһармандықпен соғыса алатьындығын көрсетіп, бостандыққа деген ойын оятып, кейінгі ұрпаққа рух берер еді. Сондықтан халқымыз ынтымаққа, бірлікке шақырған кезеңдер қасақана қалдырылып, ел ерлігі айтылмады. Ондағы мақсат бұл халық тарихында ешқандай ерлік істер жоқ, ел қорғайтын батырлары болмаған-деп көрсету еді.
Сол бір келеңсіз саясат халқымыздың ата жауы болған жо»№арлармен бір жарым ғасырдан астам уақытқа созылған күрестің тарихын, ХVІІІ ғасырдың 20-жылдарының басты оқиғасы болған Ордабасыдағы кездесудің маңызын шындық тұрғыда терең зерттеуге мүмкіндік бермеді. Оның үстіне жоңғар тарихын жазған кейбір тарихшылар олардың қазақ халқына көрсеткен зорлық зомбылығы, бірлікке шақырған Ордабасы кездесуі мен жоңғарларды талқандаған Аңырақай шайқасы жөнінде ат үсті ғана айтқан. Жоңғар тарихы жөніндегі білгір маман саналатын И.Я.Златкин сынды тарихшы өзінің үлкен зерттеу еңбегінде Ордабасыдағы кездесу түгілі 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы жөнінде ауыз ашпаған десе болады.
Сол еңбектер ішінде қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын бүгінгі күні өте сирек кездесетін көптеген материалдарды пайдаланып, аталмыш кездесудің қалай өткендігін, сол төбенің басында үш жүз өкілдерінің бәтуаласып, енді бірлік болсын деп боз биені құрбандыққа шалған, Абылхайырды бас қолбасшы етіп сайлаған, Бөгенбайды және туын көтерткен жер дәл осы Ордабасы төбесінің түбі екендігін жазған А.И.Левшин. Одан кейін “Ақтабан-шұбырынды” оқиғасын терең зерттеп
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Сабри Хизметли, Сабит Жолдасов.
«Қазақ тарихындағы Ордабасы дәуірі». Алматы 2004жыл.
2. Сәбит Жолдасов. «Шежірелі оңтүстік». Алматы 2002жыл.
3. Ысқақов А. «Үш жүздің басын қосқан Ордабасы».
Шымкент 1999 жыл.
4. Тынышбаев «История казахского народа». Алматы 1993жыл.
5. Моисеев В.А. «Джунгарское казахи ХVІІІ в в».
Алма - Ата 1991г
6. Қазак ССР тарихы. Бес томдық. ІІІ том.
7. Маданов Х. Мусин Ч. «Ұлы дала тарихы». Алматы Санат.1994ж.
8.С. Хизметли «Түрік тарихшылары қазақ- жоңғар қатынасы туралы».
Алматы Қаз ақпарат 2001.
9. Исабек Б.К. «ХVІІІ ғ 1 ширегіндегі қазақ - жоңғар қатынастарының кейбір
мәселелері» . Алматы Қаз ақпарат 2001ж.
10. Златкин И.Я. «История Джунгарского ханства». Москва 1983г.
11. Қасымбаев Ж. «Жоңғар-қазақ тартысындағы саяси және әскери
мәселелері» Қазақ тарихы 1992 ж.
12. Подушвин А.Н. «Археологические работы на Ордабасы» Атамұра.
Шымкент 1995 г.
13. Чулочников А.П. «Очерки по истории казахско-киргизского народа».
Оренбург 1924 г.
14. Аспандияров С.Д. «История Казахстана» Алматы, 1935 г.
15. Бердібаев Р. «Ордабасыға шығу оңай емес». Халық кеңесі 1993 – 23
Мамыр.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Ордабасы кездесу және оның маңызы.

Кіріспе.

1 тарау. Кездесу қарсаңындағы қазақ жоңғар қатынасы.
1.1 ХVІІІ ғ басындағы қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі.
2 тарау. Ақтабанды шұбырынды жылдарындағы жағдай.
3 тарау. Ордабасы кездесуі.
3.1 Кездесудің өту және ол туралы жазбалар.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Ордабасы өңірі!... Ордабасы тауы!... Ордабасы кездесуі!...
Осы атаудың қай қайсысы болсын өте бір жағымды естіліп, сонау бір кездегі
халқымыздың бірлігінің күәсіндей көңілімізге ерекше мақтаныш сезімін
орнатады! Ерді ерлікке, елді бірлікке шақырған кездесу болған бұл жердегі
оқиға халқымыздың тарихында алтын әріппен жазылған.
Ордабасы!...
Иә, халқымыздың қасиетті жерінің бір өңірі.
Расында біз осы бір атауды құрмет тұтамыз, осы бір жерді қанша мақтан
етеміз. Еліміз тәуелзіздікте өмір сүріп жатқан бұл күні өткен тарихымызға
көз салсақ халқымыз мақтан етер небір жайлар бастан кешірген екен.
Халқымыздың тарихында мақтаныш етер қаншама оқиғалар болған екен. Соның
бірі Х1Х ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ-жоңғар қатынасының шиеленіскен
кезіндегі шетелдік басқыншыларға қарсы үш жүздің өкілдерінің басын қосқан
Ордабасы тауында болған кездесу екендігінде сөз жоқ.
Ақтабан шұбырындының басы болған 1723 жылдың көктемінде осы өңірге қашаннан
көз тіккен жоңғарлар қазақ жеріне бұрынғыларынан да сұрапыл, жойқын шабуыл
жасап, бейбіт жатқан халқымыз небір қиындықтарды бастан кешірді. Осындай,
ел басына күн туған кезде Ордабасы тауында кездесу өтіп, халқымыздың
жоңғарларға қарсы майданға біріктіргені белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1993 жылдың 27-29
мамырында осы Ордабасы тауында өткен жыйында сөйлеген сөзінде: Бас
біріктіріп, күш қосқан соң-ақ халқымыздың жалы күдірейіп шыға келді. Дәл
сол жылы үш жүздің қолы жаз бойы қаруланып, соғыс өнерін ұштап, салым
Сарысу бойындағы Бұланты өзенінің жағасында жоңғар қолын қирата жеңгені
тарихтан белгілі. Сол жеңісте елдің еңсесі көтерілді, өз күшіне сенімін
арттырып, бірлікке үндей түсті, - деп атап көрсеткеніндей, бұл кездесу
халқымыз үшін қаншама ауыртпалық әкелген шетелдік басқыншыларына қарсы
күресте шешуші кезеңнің бастамасы болды.
Дегенмен, Кеңес өкіметі кезінде ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы
Ақтабан-шұбырынды қасіреті кезінде азаттық күрестің басы болған Ордабасы
кездесуінің тарихи маңызына мән берілмеді. Тіпті сол кездегі қазақ
халқының тарихына байланысты оқиғалар жөнінде сөз бола қалғанның өзінде ол
Қазақстанның Ресей өз еркімен қосылуы төңірегінде ғана айтылып, қазақ-
жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысы көмескіленіп көрінді.
Әдебиеттерде халық ішінен шыққан небір дара тұлға, аттары аңызға айналған
қолбасшылар мен батырлар, билер мен хандардың есімдері қасақана айтылмады.
Өйткені халқымыздың ерлік істерін айту қазақтардың батыл да батыр, жауынгер
екендігін, әр уақытта жерінің, халқының бостандығы үшін қаһармандықпен
соғыса алатьындығын көрсетіп, бостандыққа деген ойын оятып, кейінгі ұрпаққа
рух берер еді. Сондықтан халқымыз ынтымаққа, бірлікке шақырған кезеңдер
қасақана қалдырылып, ел ерлігі айтылмады. Ондағы мақсат бұл халық тарихында
ешқандай ерлік істер жоқ, ел қорғайтын батырлары болмаған-деп көрсету еді.
Сол бір келеңсіз саясат халқымыздың ата жауы болған жо№арлармен бір
жарым ғасырдан астам уақытқа созылған күрестің тарихын, ХVІІІ ғасырдың 20-
жылдарының басты оқиғасы болған Ордабасыдағы кездесудің маңызын шындық
тұрғыда терең зерттеуге мүмкіндік бермеді. Оның үстіне жоңғар тарихын
жазған кейбір тарихшылар олардың қазақ халқына көрсеткен зорлық зомбылығы,
бірлікке шақырған Ордабасы кездесуі мен жоңғарларды талқандаған Аңырақай
шайқасы жөнінде ат үсті ғана айтқан. Жоңғар тарихы жөніндегі білгір маман
саналатын И.Я.Златкин сынды тарихшы өзінің үлкен зерттеу еңбегінде
Ордабасыдағы кездесу түгілі 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды оқиғасы жөнінде
ауыз ашпаған десе болады.
Сол еңбектер ішінде қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын
бүгінгі күні өте сирек кездесетін көптеген материалдарды пайдаланып,
аталмыш кездесудің қалай өткендігін, сол төбенің басында үш жүз өкілдерінің
бәтуаласып, енді бірлік болсын деп боз биені құрбандыққа шалған,
Абылхайырды бас қолбасшы етіп сайлаған, Бөгенбайды және туын көтерткен жер
дәл осы Ордабасы төбесінің түбі екендігін жазған А.И.Левшин. Одан кейін
“Ақтабан-шұбырынды” оқиғасын терең зерттеп , сол дәуірдегі қазақ жоңғар
қатынасының небір дүрбелең кезеңдерін нақты мысалдармен жан-жақты көрсеткен
халқымыздың ағартушы ғалымы Ш.Уалиханов. ХХ ғасырдың басында сол тақырыпты
зерттеп, көптеген мағлұмат беріп ,”Ақтабан шұбырынды”,Ордабасы кездесуі
туралы осы өңірдегі көптеген аңыздар мен тарихын білетіндерден естігендерін
материалдарды пайдалана отырып өте бағалы еңбек жазған белгілі ғалым
М.Тынышпаев. Ал өткен ғасырдың ортасында бұл мәселеге одан әрі көңіл
бөлініп, кеңестік тарихшылар Н.Г.Аполлова мен Е.Бекмахановтың еңбектерінде
көрініс тапты. Соңғы жылдары ХVІІІ ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ - жоңғар
қатынастары және Ақтабан шұбырынды, Ордабасыдағы кездесу жөнінде
Р.Б.Сүлейменов, В.А.Мойсеев сияқты тарихшылар едәуір жазды. Сондай-ақ соңғы
кездерде көптеген монографияларда, мақалаларда бұл кездесудің тарихы әр
түрлі дәрежеде жарық көруде. Ал, Аңырақай шайқасы көптеген тарихшы,
әдебиетші, журналистердің назарына түр бұл күні.
Соңғы он жылдықтарда қазақстандық тарихшылар мен журналистерінің сол
кезең туралы көптеген мақалалары жарық көрсе, жазушылары ірі-ірі еңбектер
жазды. Ордабасы кездесуі, Аңырақай шайқастары мен олардың қазақ
тарихындағы маңызы жөнінде мағлұмат материалдарын пайдалана отырып жазған
ондаған мақалалар жарық көрді. Дегенмен, олар келешекте жасалынуы тиіс ұшан
теңіз жұмыстың бастамасы ғана екендігі сөзсіз.

Кездесу қарсаңындағы қазақ-жоңғар қатынасы

ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ-жоңғар қатынасының шиеленісуі.
ХVІІІ ғ басында қазақтың шығысында Ертістен, батысында Жайық бойынан
әрі Асып, теріскейде Тобылдан, түстігінде Талас пен Сырдарияға дейін алып
жатқан кең-шалқар даласында небір дүрбелең оқиғалар болып жатты. Халқымыз
отбасының тыныштығын,елдің амандығын ойласа,батырларымыз шеттен келген
баскыншы жауға қаскқая карсы түрып, халықты дұшпанға қарсы қалай
ұйымдастыруды қамдастырды.өкінішке орай ел билеуші сұлтандар билік жолында
бірін-бірі аңдысып өз күшінен екіншісінің асып кетуіне жол бермеуге
тырысып бақты.
Осы бір тарихи маңызы бар кездесуге дейін қазақ-жоңғар қатынасына көз
салсақ,оның алдындағы бір ғасырлық кезең екі Халықтың арасындағы бітіспес
дау жанжалдарға толы. Бұл жоңғар мемлекетінің құрылуынан кейінгі шиеленісу
болатын.
Ал жоңғарлар немесе қалмақтар дегеніміз кімдер?
Олар қайда орналасқан. Екеуі бір халықпа әлде екі халықпа?-деген сұрау
қашанда алдымен қойылытыны белгілі. Соған келетін болсақ, жоңғарлар
дегеніміз –тарихтағы “батыс моңғолдар” деп аталатын ойрат тайпалық одағының
кейіңгі аты еді. Ойрат моңғолдары төрт тайпадан тұрады. Олар: хошут,
дүрбіт, шорос, торғауыт. Ойраттарды көршілес түркі тілдес ұлттар кезінде
қалмақтар деп атаған.
Ол хандықтың пайда болу тарихына келсек, 1635жылы Жоңғар хандығы
құрылды. Жоңғарлар негізінен бүгінгі Қытай елінің Іле өзенінің басындағы
аңғарларда көшіп-қонып жүрген. Солардың ішінде хошуттар Үрімжі өңірін,
торғауыттар Тарбағатай мен оның солтүстігін, дуүбіттер Ертістің екі жағасын
мекендеген. Олар бытыраңқы тайпалар бірлестігі болған. 1640 жылы халқы,
ойраттар заңы жасалып, одақ құрылғаннан кейін қонтайшының билігі
нығайтылды. Осыдан кейін-ақ олардың бейбіт жатқан қазақ халқының тыныштығын
бұзуы бұрынғыдан да күшейді. Жоңғария әкелі-балалы екі қонтайшы-Батыр және
оның баласы Сенеге кезінде күшейді, әсіресе Батыр қонтайшы билік құрған
кезде екі елдің арасындағы жағдай мейлінше шиеленісіп 1635, 1643-1644, 1652
жылдары қатты шайқастар болғаны белгілі. Ал Сенеге кезінде ол шиеленіс одан
әрі жалғасты. Қалдан Бошақтұ тұсында да қазақ-жоңғар арасындағы жанжалдар
болып тұратыны белгілі.
Бұл кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайының шиеленісуіне
байланысты елде бірлік пен өзара ынтымақтың болуын қажет етті. Өйткені
қазақ хандығы ішіндегі талас-тартысты көрші елдер шебер пайдаланды. Ел
ішіндегі бірліктің кетуі, хандықтың әлсіреуі Жоңғария билігінің күшеюуіне
жағдай жасады.
Осыған байланысты ХVІІІ ғ басынан хандықтағы ішкі саяси өмірге
байланысты мәселелерді келісе отырып шешу үшін үш жүз өкілдерінің басын
қосқан жиындар жиі-жиі өтіп тұрады. Ол жиын кей жазбагерлердің атап
көрсеткеніндей Сайрам маңындағы Мәртөбе деген жерде өткен. Бұл маслихатта
әр тайпа мен рулардың қай жерде қыстап, қай жерге жайлауға шығу керектігі,
тыныштықты қалай сақтап, сырттан келген жаумен қалай соғысу керектігін
келісіп, саяси мәселер бойынша шешімдер қабылданып отырған.
Қалдан Бошақтұ болса, таққа отырғаннан кейін-ақ Оңтүстіктегі қазақтың
ежелден келе жатқан ірі қалаларына бірнеше рет жорытулар жасады. Атап
айтқанда, 1681жылы Сайрам қаласын қоршап, ол жылы оны қазақтардан тартып
ала алмай 1682 жылы Іле өзенінің Алатаудың бергі бетіндегі жағасына қыстап
шықты. 1683 жылы жоңғарлар тағыда сол қалаға жорыққа аттанып, бас қолбасшы
Сеуан Раптан бар күшін аямай төкті. Сайрам қаласын қорғауға оңтүстік
өңірінің Ұлы жүз қазақтарын былай қойғанда, сонау жырақтағы Кіші жүз
қазақтары мен қарақалпақтардың 5000 сарбазы келіп жоңғарларға қарсы қиян-
кесті соғысқан. Бірақ күші басым болған жоңғарлар 1684 жылы Сайрамды
қазақтардан тартып алады.
Жоңғарлардың жорығы сол қарқынмен жалғаса бергенде оңтүстік
қазақтарының жайы не боларын кім білсін, сол кездегі Жоңғария қонтайшысы
мен Цин империясының арасындағы қарым-қатынастың мейлінше шиеленісуі
жоңғарлардың назарын солай аударып әкетуге мәжбүр етті. Содан, қазақ халқы
жоңғарлардың шабуылынан біраз уақытқа ұмытқандай болды.
Дегенмен, жоңғарлар қашанда халықаралық жағдайды өз пайдасына шешіп
қалуда басым түсті. Атап айтқанда, Орал тауынан бастап Азияның шығысындағы
мұхит жағасына дейін көз тігіп отырған Ресей мен Шығысындағы ата жауы
есептелетін Цин билеушісінің арасындағы бәсекелестікті шебер пайдаланды,
Соның арқасында өздеріне қарсы шапқыншылық жасалудың әлі мүмкіндігі жоқ
екенін біледі. Ретін тапқан олар орыстармен тиімді қатынас жасап, өздерінде
жасалынбайтын дәрімен атылатын күшті қаруға қазақтарға қарағанда қолдары
ерте жетті. Орыстардан түскен тұтқынды пайдаланып зеңбіректер құйғызды.
Тәуке хан болса ХVІІ ғ аяғы мен ХVІІІ басындағы Қытай мен Жоңғария
арасындағы бақталасты пайдаланып, орыс әкімшілігіне бет бұрды, сол арқылы
ол өзіне саяси одақтас етіп, қару-жарақ алу үшін бірнеше рет елшіліктер
жіберді. Бірақ олар жоңғарлармен салыстырғанда нақтылы жетістіктерге жете
койған жоқ.
Ресей шығыстағы жаңадан орналасып жатқан жерлеріне қауіп төндіріп
отырған жоңғарларды жек көргенімен олардың Шығыстағы басты бақталасы
Қытайға қарсы жүргізіп жатқан үздіксіз шапқыншылығын іштей қолдап отырды.
Тәуке ханның билігі кезінде қазақ хандығына шығыстағы оранхай
қалмақтарымен бірге батысындағы куба қалмақтарының тарапынан да
шапқыншылықтар күшейген болатын. Олар Еділ бойында ХVІІІ басына дейін
бастарын біріктіріп, Моншақты Аюке хан куба қалмақтарымен 1724 жылға дейін,
немесе 54 жыл бойына биледі. Осы ұзақ жылдар бойындағы билігі кезінде оның
ықпалы тіпті өз хандығымен іргелес жатқан қазақтарға, қарақалпақтарға.
Түркімендерге де жүрген екен.
Ол кең-байтақ қазақ даласының солтүстік жағы арқылы өтетін, сонау алыста
жатқан бауырларымен байланыс жасап, Жоңғарияның ханы Сеуан Раптанға қызы
Стержапты берген соң, жоңғарлық Дарма Бала ханымға үйленіп, өз хандығының
қатынасын Қытай, Осман империясымен де жолға қойып үлгерді. Бұл
жоңғарлардың қазақ даласының оңтүстік өңіріне шапқыншылықты мейлінше
күшейте бастаған кезеңі еді. ХVІІІ ғ басында әз-Тәуке хандықтағы өзара
талас-тартыстарды уақытша тоқтатып, соның нәтижесінде руларын сыртқы
шапқыншылықтан сақтағаны белгілі. Ол ел ішіндегі бұрыннан келе жатқан өзара
бас араздық, ру таласы іштей арбаласу, бірін-бірі аяқтан шалу сияқты
жағдайларды болдырмауға күш салды, Дегенмен әбден қалыптасып қалған талас -
тартыс толастамады. Бір жерден екінші жерге көшіп- қону жекелеген тайпалар
мен рулардың арасындағы байланыстың болуын қатты тежеді. Жақсы жайылымдар
үшін өзара таласып, бір-бірімен бет жыртысты. Қазақ өміріндегі бұл айтыс-
тартысты дұшпандық пиғылдағы көршілері қолдап, қоздырып, өршітіп отырды.
Жоңғар феодалдарының жайылым іздеген басқыншылық әрекеті тек батысқа, қазақ
даласына бағытталған болатын. Олар шығыстағы Цин империясымен,
солтүстігіндегі жаппай бекіністер салып жатқан Ресеймен қақтығысу өздеріне
абырой әпермейтінін жақсы білді. Сондықтан олармен жанжалдасудан мейлінше
аулақ болды.
Қазақтың кең мал жайылымдармен бірге ондағы түрлі қолөнер және сауда
орындары жоңғарларды қатты қызықтырды. Дүниенің төрт бұрышынан ары бері
сауда керуені ағылып өтетін, ежелден аттары әлемге әйгілі болған Сайрам,
Түркістан, Ташкент сияқты мәдениеті гүлденген, саудасы мен қолөнері дамыған
қалаларды қалай алсам екен деп жоңғар қонтайшылары күндіз күлкіден, түнде
ұйқыдан айрылды. Егер жер жаннаты Жетісуды, гүлденген Сырдың бойын
өздеріне қаратса, Ресеймен, Шығыс елдерімен байланыстарын керуен жолдарын
да иеленетін еді.
Алаусыздықтар орын алған қазақтарға жоңғарлар үсті-үстіне соққы беріп
тұрды, әр шабуылда қазақтардың малын тартып алып, кейде түгелдей бір рулар
мен қырып кетіп отырды.

Ақтабан-шұбырынды жылдарындағы жағдай

Сөйтіп, қаншама жылдар халық бірлігін сақтауға үлес қосқан Тәуке
қайтыс болып, көп уақыт өтпей билік үшін сұлтандар арасында күрес өсті.
Қытайдағы Белгілі қазақ тарихшысы, профессор Ж.Мырзаханның айтуына
қарағанда бұл кезде Тәуке ханның отырған Болат өзінің төбе хандық
билігінін жүргізе алмады. Төбе хандық мәртебесінен құр қалған Орта жүздің
ханы Сәмеке Кіші жүздің ханы Әбілхайыр, осы орынға лайық деп санайтын
басқада абырой атағы бар сұлтандар елді бөлшектеуді тереңдете түсті.
Ақырында әр жүздің ханы “Ұлы ханды”сөз жүзінде ғана мойындап, шын мәнінде
дербес бағыт ұстанды.
1723 жылдың басында қалың қар жауып, ұлы даланы алапат жұт жалайды. Ел
жағдайын ұдайы бақылап отыратын жоңғарлар қазақ жерін басып алатын кез
келді-деп қонтайшы Сеуан Раптанның ұлы Шона Добанның 70 мыңдық қолы қазақ
даласына Алакөл тұсынан, Цин империясына қарсы ұстап отырған әскерлер
санаулы күндер ішінде Талас пен Шу аймағына келтірілді.
Қазақ ауылдарының қыстың қиындығынан да аман-есен шыққандарына
шүкіршілік етіп, жазғы жайлауға көшуге енді ғана әзірлік жасап жатқан кез
еді. Жоңғар әскерлері жолындағылардың бәрін жалмап, қорғануға шамасы
келмеген бейбіт елді қырып - жойды. Тұтқиылдан келген жауға қазақтар
қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлардың жылдам жылжығаны соншама, кей
жерлерде жаудың келіп қалғаны жөнінде көрші ауылдың өзі хабарсыз болып,
қапы қалған қазақтар үйлерін, мал-мүлкін тастап қашты. Бірак оның бірі тірі
қалса, бірі жоңғар қылышына ілініп, енді бірі жау найзасының ұшында кетті.
Жоңғарлар қазақтарды тағылықпен қырып, жас балаларға, кемпір-шалдарға да
ешбір аяушылық жасамады.
Сол бір қиын жағдайда не болғанын түсінбей, жан жаққа бытырай
қашқан босқын ел еш жерде тұрақтай алмады. Еділ бойының қалмақтары,
Жайықтағы орыстармен башқұрттар тұс-тұстан қазақ ұлыстарын талқандап,
адамдарын тұтқындап, малдарын алдарына салып айдап кетті. 1723ж күзі өтіп,
қыс түскен соң босқын қазақтардың жағдайы бұрынғыдан да нашарлады. Қашып
барып, баспана іздегенде өзге елдердің қуғын-сүргінін көрген елдің барар
жері, басар тауы қалмай қатты қиналды.
1723 жылы шабуылда жоңғарлар оңтүстік өңіріндегі қазақтарды тықсыра
отырып, оңтүстіктегі ірі үш қаласын алған соң Кіші жүз жеріне шабуыл жасау
қауіпін туғызды. Ұлы жүз қазақтары Жоңғария мемлекетінің қол астында қалды.
Ақтабан шұбырынды қазақ халқына өте ауыр зардап алып келді. Кей
деректерге қарағанда 1723 жылы қазақтар саны шамамен 3 миллион 330 мың
болса, 1726 жылы 2 миллион 222 мыңға дейін азайды. Ол 2 жылдың ішінде
шамамен 1миллион 108 мың қазақ басқа жаққа ауып кетті немесе қаза тапты.-
деген пікір бар.
Ордабасы кездесу 1726 жыл
Кездесудің өтуі және ол туралы жазбалар
Сонымен, 1726 жылдың жаймашуақ көктемі. Оңтүстіктің ауа райы бұл жылы
өзгеше. Өзендері суға толы. Бадам өзенінің екі жағандағы қалың ағаш
Ордабасы беткейіндегі Шатқалдарға ну тоғаймен жалғасып жатты.Тау
баурайындағы сайлар, тастан - тасқа секіріп төмен қарай жарыса сылдырап
аққан бұлақтар осы өңірдегі өсімдіктерге тамаша нәр берген. Беткейдегі
қалың ағаштардың бір бұтағынан екінші бұтағына секіріп сайраған небір жан
әнші құстардың жан тербетер үндері баяғы бейбіт заманды еске салғандай.
Айналасы сай-салалы Ордабасы тауының маңы өзінің төңірегіне қаншама жасақты
сыйғыза алатын. Шөп те бұл жылы қалың өсті, отыз қырық мың атты бірнеше күн
жайуға молынан жететін. Мініс жылқының көптігі сондай, аттардың лап қойып
су ішуінен Бадам өзені сәл уақыт ортайып қалған екен-деген аңыздар да бар.
Таудың баурайы ол кезде бұрқылдаған бастауларға толы болыпты. Қазірге
дейін отызға жуық бұлақтардың аттары сақталса, соның ішінде Қотыр бұлақ
жөніндегі аңыздар көп. Бұл бұлақ қос тастың арасынан жарып шығатын. Суы
шипалылығымен танылған. Ал сол бұлақтардың ішінде біздер үшін орны ерекшесі-
Таңбалы бұлақ. Онда 1726 жылдың көктемінде Ордабасы кездесуіне жиналған
қазақ руларының көпшілігінің белгісі, таңбасы қалған. Бірақ ол таңбалар
жарқабаққа емес жер бетінде жалпағынан жатқан тастарға салынғандықтан
көбінің жазуы өшіп кеткен.
Шамасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан – Менің Отаным
ҚР экономикалық дамудың жалпы жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылымдық жүйесін талдау
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпы мәліметтер
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мен теориялық негіздері
Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру салаларында қоғамның экономикалық – саяси және ғылыми-техникалық өркендеуі
Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері
Инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдердің экономикалық мәні
Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуі ерекшеліктері_
Пәндер