Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні
Орындаған: Есқалиева А. Д.
Тексерген: Секей Ж
Семей 2015 ж.
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1. Әдебиеттің қоғамдағы мәні
2. 2. Көркем образ
2. 3. Көркем әдебиеттің тәрбиелік мәні
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы «Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні». Адам баласы дүниені ғылым арқылы танып біледі. Табиғат пен қоғам құбылыстарының заңын ашатын, мәнін түсіндіретін - ғылым, теория. Бұған дау жоқ. Алайда В. И. Ленин Гетенің «Теория, достым, сұрғылттау ғой, ал өмірдің мәңгі-бақи гүл атқан өз терегінің түрі жап-жасыл» деген қанатты сөзін көп айтады екен. Дүниені өзгертіп, құбылтып, құлпыртып келе жатқан адам баласы ақиқат өмірдің құпия сырларын тек абстракция, ой, ұғым арқылы ғана топшылап қоймайды, қолмен ұстап, көзбен көрер нақты, затты құралдар арқылы әбден анық таниды. Адамға өмір мен күрес үшін ойлы бас қана емес, ерік, құштарлық, сезім де керек. Міне, дәл осы арада келеді де, шындықты дәлелдейтін ғылыммен қатар оны көзге көрсететін көркем әдебиет те өзінің қоғамдық ролін ойнай бастайды. Творчестволық фантазия яғни ойдан шығару шығармада суреттелр шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес сол шындықты сұрыптау саралау тәсілі: шындыққа суарылған адам тұлғасын әрі жинақтау әрі даралау тәсілі образға апарар жол осылай басталады. Суреткердің (көз алдына) өз ойында нақты түрде мүсінделмеген, көз алдына затты түрде елес бермеген бейне оның шығармасында тірі қаһарманға айналуы мүмкін емес. Көркем таланттың айрықша құпиясы мен күйі суреткердің өз жасамақ болған көркем бейненің кескін - кейпін түр - тұлғасын өзінше көре білу қабілетіне осыған орай қиял құпиясына ойдан шығара білу күшіне байланысты болып табылады. Жұмысымда «Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні» тақырыбын толық ашуға тырысамын.
2. 1 . Адам баласы төрткүл дүниені қарасөз арқылы құбылтып, өмірдің барлық шындық құпия-сырын тек абстракциялы ой, ұғым арқылы топшылап қана қоймайды. Сонымен қатар қолмен ұстап, көзбен көрер нақты затты бүге-шүгесіне дейін бейнелейді. Мұның барлығы тіл құдіреті арқылы жүзеге асады. Адам табиғатынан нәзік, ерік құмар, бостандық сүйгіш екені белгілі. Міне дәл осы арада әдебиет оқырманға бұрын беймәлім болған оқиғаны, шындықты, бейтаныс заманды танытады. Көзі ашылады, көкірегі ояу жүреді. Әлемді басқа қырынан көреді. Жеке тұлға өмірін жандандыра түседі.
Әдебиеттің қоғамдағы орнын айтпастан бұрын оның жұрт алдындағы маңыздылығын арашалап алуымыз қажет. Қандай бір әдеби туынды болмасын, ол бұрын-соңды белгісіз болып келген нәрсені ұқтырады. Төрт қабырғалы бөлмеден шығудың жолын қарастырады. Яғни жалғыз ғана есікті сізге айқара ашады. Сізге түсініксіз болған өмір заңдылығын тереңдеп, танытпақ. Әдебиет оқушының өмірді тануына, оның эстетикалық ұғым-түсінігін, сезімін байытуға қызмет етеді. Әдебиеттің қоғамдағы атқаратын рөлі зор. Мысалы, шығармада бейнеленген тұлғаға оқырман елігеді, оған ұқсауға тырысады. Құбылысты сөзбен емес іспен жасатады.
Көркем әдебиет саласында тұрмыс-салт жыры, шешендік сөз өнері, айтыс, мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, батырлық, ғашықтық, эпос, тарихи жырлар ауқымды дамыған. Олар өз кезіндегі қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесін көрсетеді. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігі мен дербес идеясы жырланған. Әдебиеттің мәні - негізінен тәрбие, ізет, өнеге, көркемдікке сүйеніп, «әдеп» түбірінен тарайды. Мұнымен қоса, көбіне ол дүниетанымға қатысты рухани өмірдің жаңа сырларын ашуға себеп болады. Адам баласы дүниені ғылым арқылы танып біледі. Табиғат пен қоғам құбылыстарының заңын ашатын, мәнін түсіндіретін - ғылым, теория. Бұған дау жоқ. Алайда В. И. Ленин Гетенің «Теория, достым, сұрғылттау ғой, ал өмірдің мәңгі-бақи гүл атқан өз терегінің түрі жап-жасыл» деген қанатты сөзін көп айтады екен. Дүниені өзгертіп, құбылтып, құлпыртып келе жатқан адам баласы ақиқат өмірдің құпия сырларын тек абстракция, ой, ұғым арқылы ғана топшылап қоймайды, қолмен ұстап, көзбен көрер нақты, затты құралдар арқылы әбден анық таниды. Адамға өмір мен күрес үшін ойлы бас қана емес, ерік, құштарлық, сезім де керек. Міне, дәл осы арада келеді де, шындықты дәлелдейтін ғылыммен қатар оны көзге көрсететін көркем әдебиет те өзінің қоғамдық ролін ойнай бастайды. Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда ең алдымен оның таным тарапындағы маңызын атау шарт. Қандай бір көркем шығарма болмасын, ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, шындықты, бейтаныс заманды, адамды танытады. Әр кітап оқырман үшін бұрын-соңды беймәлім дұниенің есігі секілді. Сол есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне белгісіз құпиялар сырына тереңдеп, танымын байытпақ.
Айталық, Бальзактың атақты «Адам әжуасы» - өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы француз қоғамының көркем тарихы мен сырлы шежіресі. «Адам әжуасындағы» мыңдаған адамдар тағдыры, тартысы, ара қатынасы арқылы Бальзак капитализмнің адам айтқысыз қорқаулығын, алтынның аздырғыш күшін, ақшаның адамды аңға айналдырар сұмдығын, сайып келгенде, буржуазияның бұзық та бүлдіргіш табиғатын тасқа таңба басқандай танытады. Бальзак «Адам әжуасының» алғы сөзінде өзін француз қоғамының «талай тарихшылар ұмыт қалдырған мінез-құлық тарихын» жазатын хатшысымын деп есептесе, Энгельс оның романдар циклін буржуазия тарихшыларының «ғылми еңбегіне» қарама-қарсы қойып, «француз қоғамының нағыз тамаша реалистік тарихы» осы деп бағалайды. Бұған Маркстің өткен ғасырдағы ағылшын жазушылары туралы - олар өз шығармаларында «дүние жүзіне күллі саясатшылардың, публицистер мен моралистердің бәрі жабылып танытқанынан әлдеқайда көп саяси және әлеуметтік ақиқаттар ашып (берді» деген пікірі сайма-сай келеді. Мұның бәрі көркем әдебиеттің өмір танытудағы маңызын дәлелдейді.
2. 2 Образ-шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ да ин болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелегкн оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі. Образ-нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісіеше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Жинақтау дегеннің өзі-әдеби тип жасау әрекеті. «Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады» дейді академик З. Қабдолов.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz