Әлеуметтік дезадаптацияның себептері



Кіріспе
1 Балалар мен жасөспірімде шаршау, гиподинамия, дистресс сияқты дезадаптациялық күйлердің қалыптасуын болдырмау
2 Дезадаптациялық күйдегі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
3 Балалар мен жасөспірімдерде шаршау, гиподинамия, дистресс сияқты дезадаптациялық күйлердің қалыптасуын болдырмаудың әдістемелік ұсыныстары
Қорытынды .
Әдебиет тізімі.
Қазақстанда 90-шы жылдардың басында басталған саяси және әлеуметтік- экономикалық өмірде жасалған реформалар елдегі тек прогрессивті құрылымдық өзгерістерге жеткізіп қана қойған жоқ, сонымен қатар қоғамдағы өмір жылдамдығына байланысты, әр түрлі әлеуметтік мәселелердің күшеюіне әсер етті. Осындай әлеуметтік мәселелерге қазіргі балалар мен жасөспірімдерде кездесетін дезадаптациялық процестің негізінде, мінез-құлқындағы кемшіліктер мен негативті психикалық жағдайдың орын алған, негізінде дезадатациялық процестер бар проблемалар жатады. Мектеп дезадаптациясы әлеуметтік дезадаптацияның бір бөлшегі бола тұра, қазіргі кезде біздің қоғамымызда балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралған құбылыс, ал бұл осы қоғамның ары қарай дамуына негативті әсер етеді, себебі әлеуметтік бейімділік адамның интегралдық көрсеткіші болып табылады, осы көрсеткіш адамның белгілі қоғамдағы биоәлеуметтік қызметтерді орындай алу қабілеттілігін байқатады.
1 Казанская В.Г. Подросток: социальная адаптация. – СПб.: Питер, 2011.
2 Агеева Л.Г. Социально-психологическая дезадаптация современных подростков и ее причины. – Ульяновск: 2010.
3 Шарапановская Е.В. Социально-психологическая дезадаптация детей и подростков. – М.: Сфера, 2005.
4 Галушина Э., Комарова О. Игра для подростков «В чем смысл жизни» // Школьный психолог, 2005, № 5.
5 Корчуганова И.П. Профессиональное развитие и поддержка педагогов, работающих с детьми «группы риска»: Методическое пособие. – СПб, 2006.
6 Крылова Т.А., Струкова М.Л. Социально-педагогические технологии в работе с детьми и семьями «группы риска». – М.: НИИ «Школьные технологии», 2010, - С. 26-52.
7 Чепракова Е.А. Разработка коррекционно-развивающих программ. – // Справочник педагога-психолога. Школа. – 2012, № 4.
8 Емельянова Е.В. Психологические проблемы современного подростка и их решение в тренинге. – СПб.: Речь, 2008. – 336 с.
9 Крылова Т.А. Психологическая поддержка учащихся при переходе в среднюю школу. – // Справочник заместителя директора школы, 2010.
10 Круглова Н.Ф., Панов В.И. Психодиагностика и коррекция структуры

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірліг
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтік дезадаптацияның себептері .

Тексерген: Абдуллина Г.К.
Орындаған: Иманқұлова А.Ж.

2015ж

Кіріспе
1 Балалар мен жасөспірімде шаршау, гиподинамия, дистресс сияқты дезадаптациялық күйлердің қалыптасуын болдырмау
2 Дезадаптациялық күйдегі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
3 Балалар мен жасөспірімдерде шаршау, гиподинамия, дистресс сияқты дезадаптациялық күйлердің қалыптасуын болдырмаудың әдістемелік ұсыныстары
Қорытынды .
Әдебиет тізімі.

Қазақстанда 90-шы жылдардың басында басталған саяси және әлеуметтік- экономикалық өмірде жасалған реформалар елдегі тек прогрессивті құрылымдық өзгерістерге жеткізіп қана қойған жоқ, сонымен қатар қоғамдағы өмір жылдамдығына байланысты, әр түрлі әлеуметтік мәселелердің күшеюіне әсер етті. Осындай әлеуметтік мәселелерге қазіргі балалар мен жасөспірімдерде кездесетін дезадаптациялық процестің негізінде, мінез-құлқындағы кемшіліктер мен негативті психикалық жағдайдың орын алған, негізінде дезадатациялық процестер бар проблемалар жатады. Мектеп дезадаптациясы әлеуметтік дезадаптацияның бір бөлшегі бола тұра, қазіргі кезде біздің қоғамымызда балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралған құбылыс, ал бұл осы қоғамның ары қарай дамуына негативті әсер етеді, себебі әлеуметтік бейімділік адамның интегралдық көрсеткіші болып табылады, осы көрсеткіш адамның белгілі қоғамдағы биоәлеуметтік қызметтерді орындай алу қабілеттілігін байқатады. Мұндай функцияларға адамның өзін және қоршаған адамдармен қарым-қатынасты жүргізу және қабылдаудың адекватты жүйесі, қоғамдық пайдалы еңбекке қабілеттілік, оқуға, өзінің жеке қызығушылықтары демалысын ұйымдастыру, басқа адамдардың сізден күтетін іс-әрекеттеріне дұрыс әрекет ете білу . Дезадаптация термині психологиялық-педагогикалық ғылымда әлеуметтік-психологиялық немесе әлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде баланың оқуда табысқа жете алмауы деп түсіндіріледі, оның сыртқы қоғамның білім беру мекемелерімен субъективті қақтығыстық жағдайлардың әсерінен, олардың қойған талаптарын орындай алмауы. Баланың білім беру процесіндегі табысқа жете алмауы, оған жақын адамдармен қарым-қатынаста болған мәселелер тұлғаның әлеуметтік-психологиялық даму процесіне едәір әсер етеді . Балалар мен жасөспірімдердің білім беру мекемелеріндегі дезадаптациялық жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастыру барысында дезадаптациялық жағдайлардың тууына әсер ететін негізгі факторлар: білім алу барысындағы қиыншылықтар, отбасылық дисфункция, нервтік-психикалық аурулар, мінез-құлқындағы девиация, сонымен қатар заманауи білім беру кеңістігіндегі теңсіздіктерді ескеру қажет. Осыған байланысты қазіргі кезде әлеуметтік дезадаптацияның шығу факторлары мен оның байқалу сипаттамалары ғана емес сонымен қатар, оның білім беру мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдерді одан сақтандыру шараларын тиімді жүргізу әдіс-тәсілдері де маңызды рөл атқарады. Алдын алу шараларының негізгі ойы, дезадаптациялық жағдайды қалыптастыратын әлеуметтік келеңсіз жағдайларды жою және мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығын сақтау үшін қажет заманауи іс-шараларды психологиялық-педагогикалық жұмыстарды қолдану арқылы жүзеге асыру.
1 Балалар мен жасөспірімдерде шаршау, гиподинамия, дистресс сияқты дезадаптациялық күйлердің қалыптасуын болдырмау .
Қазақстан Республикасындағы заң актілерінің мазмұнына сәйкес балалардың жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарына олардың тәрбиеленуін қамтамасыз ету, білім беру және дамыту, өмірдегі қиын жағдайларға тап болған балаларды қолдау білім беру мекемелеріндегі барлық деңгейдегі балалардың психологиялық қауіпсіздіктерін қалыптастыру жағдайын жасау жатады. Берілген бағыттарды тәжірибе жүзінде жүзеге асырудағы құқықтық актілер төмендегідей нормативтік құжаттармен іске асырылады: :: БҰҰ-ның бала құқығы туралы конвенциясы; :: ҚР-ның Білім туралы заңы; :: ҚР-ның Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы. Білім беру процесі білім алушылардағы шаршау, гиподинамия, дистресс сияқты дезаптациялық күйлерді болдырмау психологиялық-педагогикалық жұмыстармен бірге жүруі керек. Бейімделу - бұл білім алушылардың белсенді түрде оқытудың жаңа талаптарын өз қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сай меңгеруі. Әлеуметтік дезадаптацияның жағдайы баланың әлеуметтік және тұлғалық дамуындағы мәселелерімен сипатталады, бұндай мәселелер отбасы, мұғалімдер және құрдастарымен өзара қарым-қатынастарға теріс әсер етеді. Сонымен қатар, әлеуметтік дезадаптация іс-әрекет және қарым-қатынастар саласында сатылай дамиды. Осылайша әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолайсыз жағдайларда, білім беруде балалар мен жасөспірімдердегі дезадаптацияның қалыптасуы өзінің құрамына бес өзара байланысты деңгейлерді еңгізеді: оқудағы бастапқы қиындықтар; біліміндегі мәселелер; бір немес бірнеше пәндер бойынша бағдарламаны меңгеруде үлгермеу; жалпылай немесе жартылай нашар оқуы; оқудан бас тарту; сабаққа бармау және т.б. Әлеуметтік қарым-қатынастар саласында дезадаптацияға теріс әсер ететін келесідей бес деңгей бар:
1) бала мен ата-ана, мұғалімдер арасындағы қарым-қатынастағы жайсыздық;
2) баланың үлкендермен қарым-қатынаста мәнді кедергілердің пайда болуы; 3) өзара қарым-қатынаста эпизодтық конфликтілік жағдайлардың болуы; 4) араласатын әріптесімен жүйелі конфликтілері;
5) баланың жеке басы үшін маңызды қарым-қатынастардың үзілуі.
Жоғарыда аталып өтілген дезадаптацияның нәтижелерінен басқа, балалар мен жасөспірімдер мінез-құлығында жағымсыз жақтар пайда болуы мүмкін, тұлғаға тән мінез-құлықтар деформациясы, оның соматикалық және психикалық денсаулығының өзгеруі. Балалар мен жасөспірімдердегі дезадаптация әр түрлі әлеуметтік рөлдерді 5 меңгеруге байланысты, мектеп пен отбасы сияқты, оқудағы бағдарламалар, осы сияқты әлеуметтік институттардың нормалары мен талаптарын орындауда байқалады. Оқудағы табыстардың жүйелі түрде болмауы, баланың жақын адамдарымен конфликтілік жағдайларының күшеюі, баланың психологиялық жағдайына айтарлықтай теріс әсер етіп, зиянын тигізеді. Оқуда үнемі сәтсіздіктерге ұшырау ол үшін оқудың маңызын жоғалтады, сондықтан ол өзі табысқа жететін нәрсемен айналысуды қалап басқа нәрселермен айналысып өзін басқа қырдан көрсеткісі келеді (әуестенуі, спортпен айналысу, заңсыз жасөспірімдер топтары және т.б.) . Дезаптацияның құрылысында келесі негізгі компоненттерді ерекшелеуге болады: танымдық, эмоциялық-тұлғалық және мінез-құлықтық .
1.Танымдық: Оқудағы қиындықтар, танымдық процестердің қалыптаспауы немесе қабылдау деңгейінің төмендігі, жеке пәндер бойынша үлгерімнің төмендіг.
2.Эмоциялық- тұлғалық: Мұғалімдерге, жеке пәндерге және барлық оқу процесіне жағымсыз қарым-қатынас.
3. Мінез- құлықтық :Оқу тәртібін бұзу, мұғалімдер мен құрдастарымен біріккен іс-әрекет жасаудағы мінез-құлқы
Балалар мен жасөспірімдер арасында дезадаптациялық жағдайлардың қалыптасуына әсер негізгі себептерге мыналарды жатқызуға болады:
:: психофизиологиялық және танымдық факторлар: темпераменттің жеке- дара ерекшеліктері, шектен тыс мазасыздық, өзіндік белсенділіктің төмендігі, байқағыштығы, ойлауы, есте сақтау қабілеті және оқыту тәрбиелеу процесінің талаптары, психологиялық және физиологиялық денсаулықтың бұзылуы;
:: әлеуметтік: баланың рөлдік орнының өзгеруі, баланың жаңа мектеп талаптарын меңгеруі, оқу талаптарының көпқырлылығы, оқу бағдарламаларының деңгейінің күрделенуі, интеллектуалдық және психоэмоционалдық жүктеменің өсуі, ата-ананың балаға қарым-қатынасындағы орнының өзгеруі, күн тәртібінің өзгеруі және т.б. Балалар мен жасөспірімдерде дезадаптацияның алдын алудың психологиялық-педагогикалық жұмысында екі негізгі стратегиялық мақсат жүзеге асырылуы тиіс:
1) балалардың барлығын мектепке бейімдеу;
2) білім алушыларда дезадаптациялық жағдайлардың алдын алу жұмыстары.
Балалар мен жасөспірімдерде дезадаптацияны алдын алу жұмыстары - жеке-дара сипатта жүргізілуі қажет, нақты оқушының дезадаптациясына жан- жақты талдау жасау керек, бұлар оқушының өзінің психикалық жағдайымен қаншалықты байланысты болса, қоршаған әлеуметтік-білім беру ортасының 6 талаптарына да солай сәйкес болуы қажет
Диагностикалық жұмыстарды жүргізуде уақыттың шектеулілігін ескеру қажет, себебі төменгі сынып оқушыларына диагностика жұмыстарын 30-40 минуттан артық жүргізе алмаймыз, жасөспірімдермен диагностиканы 2 деңгейде жүргізуге болады, әрқайсысының ұзақтығы бір сағаттан көп емес. Білім алушыға жасалған жеке-дара диагностика мынадай сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік береді: оқушының мектеп талаптарына бейімделу деңгейі; мектеп оқушысының оқу іс-әрекетіндегі өзекті мәселелер шеңбері; оқушының өзіне деген қарым-қатынасы; баланың эмоциялық мінез-құлқына қатысты мәселелер; оқушының өзінің құрдастарымен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері және т.б. оның әлеуметтік статусын анықтау. Алынған нәтижелер оқу-тәрбиелік коррекциялық жұмыстарды жүргізуде ең тиімді жолдарды таңдауға мүмкіндік береді, балалар мен жасөспірімдерде дезадаптациялық жағдайлардың алдын алу жұмыстарын нақтылау (қатты шаршау, гиподинамия, дистресс), сондай-ақ терең диагностикалық және күшейтілген коррекция жұмыстарын жүргізу үшін қауіп тобын анықтау.
2 Дезадаптация жағдайындағы балаларды тәрбиелеудің ерекшелігі Дезадаптация жағдайындағы балалардың оқудағы қиындықтары, баланың танымдық қызығушылығының төмендеуіне әкеліп соғады, сондықтан бұндай балаларды тәрбиелеудегі басты қиындықтардың бірі ұйымдасқан біліктерді құрастыру (мысалға, алгоритм бойынша тапсырмаларды өз бетімен орындай алу, дәптер жүргізе алу қабілеті және т.б.) және өзін-өзі басқара білу қабілеттері (өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалау). Дезадаптация белгілері бар балаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізген кезде мынаны ескеру қажет, бұндай мектеп оқушысының психикалық жағдайы оқу пәндерінің өзгеруімен, олардың жаңа мазмұны мен талаптарының және сондай-ақ мұғалімдердің өзгеруі оқу-тәрбиелік талаптарға байланысты болады. Жоғары дезадаптация жағдайындағы жасөспірімдер мен балаларда коррекциялық әсер ету жұмыстарын жүргізуде жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін іс-шаралар: мектепте жеке және топтық оңалту жұмыстары ата- аналармен, мұғалімдермен жүргізу қажет. Дезадаптациға ұшырау қаупі көбінесе жасөспірім шақта күшейе түседі мектепте оларға мыналарды жатқызуға болады: бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңі; бастауыштан жоғары сыныпқа ауысатын мезгілде бейімделу кезеңі; кәсіби оқытуға өту кезеңіндегі бейімделу мезгілі (8-9 сынып). Бірінші сынып оқушыларында мектепке бейімделу мерзімі өте ұзаққа созылады, олардың алдында интеллектуалдық және физикалық қысымның бірден көбеюі байқалады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік дезадаптацияның себептері жайлы
Әлеуметтік дезадаптацияның себептері туралы ақпарат
Жеке тұлғаның әлеуметтік психологиялық адаптациясы
Суицидтік мінез-құлықтың психофизикалық және жас шамасына байланысты себептері мен пронедивтік диагностика
СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Суицид девиантты мінез - құлық ретінде
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды мектепке бейiмдеудiң психологиялық негiзi
Психологиялық факторлар
Денсаулықтың психоәлеуметтік факторлары
Қиын балалармен Әлеуметтік педагогикалық - психологиялық қайта тәрбиелеу жұмыстың әдістері
Пәндер