Тиімді әңгімелесуді өткізудегі жалпы ұсыныстар


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ОӨЖ
Тақырыбы: Тиімді әңгімелесуді өткізудегі жалпы ұсыныстар.
Тексерген: Кушуков Г. С.
Орындаған : Қалелов Т.
Топ: ГУ-307
Семей - 2015
Жоспар:
І. Кіріспе.
1. Сөйлеу мәдениеті.
2. Тиімді әңгімелесудегі жалпы ұсыныстар.
ІІ. Қорытынды.
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• ес пен тілді дамытуы;
• жақсы диагностикалық құрап;
• үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• қауіп элементі бар.
Сөйлеу мәдениеті туралы өз заманында ұлы қаламгер М. Әуезов нақты дәлелмен мысалдар келтірген: «Сөз шіркін де адам секілді ғой. Оның да ала- құласы көп. Орнатқан жеріңе қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз бар да, қурайдың басында қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған торғайдай ұшқалақ сөз бар . . . Халық соны біліп, сөз екеш сөзді де «одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз» деп, түр-түске бөліп жүр ғой. Біз жазушы болғандықтан, осының барлығын білуіміз керек. Солай мәні мен әріне, әуені мен мүсініне қарап електен өткізіп, сұрыптап алмасақ, жазған шығармаларымыз әлде бірдемеге ұқсап кетер еді» .
Сөйлеу машықтарын тексерудің ең тиімді тәсілі көзбе-көз әңгімелесу болып табылады.
Әңгімелесу әдісінің құндылығы бірлескен әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне, зияткерлік қырларының дамуына ықпал етеді. Адамдардың әңгімелесуге, талқылауға белсенді тартылғанда оларға тиімдірек болады. Әңгімелесуге тартыла отырып басқа құрбыларының көзқарастары арқылы өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамытуына мүмкіндік алады.
Көптеген сұхбаттар шамамен он бес - жиырма минут уақыт алады, алайда алғашқы 3-6 минуты шешуші болады. Талапкер туралы пікір 70% жағдайларда ол аузын ашып, бірінші сөзін сөйлемей-ақ пайда болады. Таң қалдыратыны, бұл пікір сіз толтырған анкетаны әңгімелесуді жүргізіп отырған адам оқымай тұрып-ақ пайда болады және ең негізгісі болып қалыптасады.
Бірнеше жалпы ұсыныстарды қарап шығайық:
Кездесуге киінер алдында, қатал стилді таңдағаныңыз дұрыс болар, есіңізде болсын, киіміңіздің түсі сіз туралы пікірге тікелей әсерін тигізеді.
Шашыңыздың сәні де маңызды, мысалы, шашыңызды жайып немесе түйіп алып барсаңыз, сізді салақ адам деп ойлап қалуы мүмкін.
Адаммен бетпе бет сөйлескенде белгілер үлкен мәнге ие болады, олар қимыл мен мимика көмегімен жүзеге асырылады. Әңгімелесушінің жүзіне қарап тұрып, микро сезімдерін, жеңіл бұлшық ойындарын, көздің кішігірім қозғалысын қабылдап отырамыз. Сіз өзіңіз сезбей көптеген белгілерді беріп отырасыз да, басқалардан келіп түскен тоқтаусыз белгілерді қабылдап отырасыз. Қимыл тілін өзіңіздің серіктесіңіз етіңіз, жау түрінде ол сізге қажеті жоқ.
1. Әңгімелесуді жүргізуші адаммен кездескенде жымиыңыз және оның көз қарасын абыржусыз қабылдаңыз, оның сізге қол созуын күтіңіз де, оның қолын алып амандасыңыз, бұл сіздің ынтымақтастыққа дайын екеніңіздің белгісі.
2. Егер сізге таңдау берілсе, онда әңгімелесушіге қарама-қарсы емес, оның жанына отыруға тырысыңыз. Сізден потенциалды пікірлесті көруге мүмкіндік береді. Бір-бірінің қасында отырған адамдар, қарама-қарсы отырған адамдарға қарағанда әлде қайда тез бірігеді.
3. Еркін отырыңыз, қолыңызды да ыңғайлы қойыңыз, алайда жалпиып немесе алға қарай қатты еңкейіп отырмаңыз. Егер орындығыңыздың артына шалқайып отырсаңыз, астамдықты білдіруі мүмкін, әсіресе ол кезде сіз әңгімелесушінің көзіне қарап отырсаңыз дәл солай көрінеді. Сонымен бірге қорғаныш кейіптен де аулақ болыңыз, қолыңызды алдыңызға айқастырып алып, тізеңізді құшақтамай отырыңыз.
4. НЛБ техникасының көмегімен, оған тиесілі қимыл тілімен және дыбыс ырғағымен әңгімелесушіні әлде қайда қабылдағыш ете аласыз және өзара түсінушілікке қол жеткізесіз. Алайда қимылдарды әдейі қайталау тек жағымды және конструктивті белгілерге ғана қолдану керек.
5. Әңгімелесуді өткізіп отырған адамға ашық және адал көзбен қарап отырыңыз, тізіліп қарап, «көзбен жеуден» алақ болғаныңыз дұрыс болар. Есіңізде сақтаңыз, жан-жаққа атып қарап отыру, қулық пен сенімсіздіктің белгісін білдіреді!
6. Әңгімелесу кезінде бір қателік жіберіп алсаңыз, оған көп мәән бермегеніңіз жөн, қайта-қайта кешірім сұрап, ақталуыңыздың қажеті жоқ, сеніміңізді жоғалтып алмаңыз.
7. Табыс жағдайын қалыптастырыңыз, жұмыс берушіні сізді жұмысқа алуы өзіне қажетті екеніне сендіріңіз. Сіздің мақсатыңыз - оның өз табысын көруіне көмектесу.
Есіңізде болсын, негізделген логикалық аргументтер өздігінен жол тауып кетуі өте сирек кездеседі, әсіресе олар ең алдымен сіздің қимыл тіліңізбен және басқа да әрекеттеріңізбен қарама-қайшы келген кезде. Өзгелерді сендіру үшін, өзіңіз сенімді ұстауыңыз керек. Бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін сөз бен қимыл тілі арасында үйлесімділікті барынша қамтамасыз етуіңіз керек.
Әңгімелесуге дайындалған кезде, сұхбаттасушыдан алынатын ақпараттың 7 пайызы біздер қолданатын сөзбен жететінін еске сақтаған жөн. Қалған мәліметтер таңбалы ақпарат боп қабылданады. Келбеттің, отырыстың, мимика мен ишараның, дауыс ырғағының маңызы бар. Мұндай мағлұматтар сананың бақылауына көнбейді, яғни, сұхбаттасушы туралы интуитивтік әсер қалдырады. Сондықтан сіздің ишараңыз бен бет-әлпетіңіздің түрі сіздің жетістіктеріңіздің дәлелінен гөрі сұхбат алушының пікіріне көп әсерін тигізеді. Сіздің не айтып отырғаныңыз ғана емес, бұл сөзді қалай айтып отырғаныңыз, сол сәтте өзіңізді қалай ұстауыңыз да маңызды. Сондықтан сіздің мақсатыңыз - өзіңізді дұрыс ұстап, сенімді болуыңыз, сұхбаттасушыңызға зер салып, көңіл аударып отырғаныңызды білдіруіңіз керек. Егер бұл қолыңыздан келсе, қызықты жұмысқа орналаса аласыз.
Тиімді әңгімелесуді қалай өткізудегі жалпы ұсыныстар.
1. Әңгімелесуге не кию керек.
Әңгімелесуге орынды киініп, көріну керек. Еркектер үшін жан-жақты киім - ол іскер костюм; әйелдер үшін - іскер костюм, белдемше, шалбар және жейде. Киімде, аксессуарларда, сәнді шашта, косметика мен иіс суда шектен шығушылық, ерекшелік, астарлылық болмауы керек.
Өз даралығын сырт келбеті арқылы білдіру тек шығармашылық кәсіп адамдарына рұқсат етіледі, мысалы суретшілерге, дизайнерлерге, әртістерге. Сіздің әлпетіңіз сіз үміттенетін қызметке сәйкес болу керектігін есте сақтаңыз. Орындылық туралы ойлау да пайдалы. Орташа еңбекақысы бар жұмысқа үміткерлерге аса қымбат аксессуарлар мен әшекейлерді тағу ұсынылмайды - жұмыс беруші сізді өзі үшін тым қымбат деп шешуі мүмкін .
2. Сұхбатқа келу.
Әңгімелесуге кешігіп келмеңіз. Ұқыптылық сіздің қосымша көзіріңіз болып табылады. Уақытылы емес келу, сізді күтіп отырған сұхбат алушыны ең жақсы көңілге келтірмейді.
Егер сіз белгілі бір себептермен үлгермесеңіз (мысалы, алдыңғы әңгімелесуде немесе автокөлік пробкасында бөгеліп қалдыңыз) - кездесетін адамға міндетті түрде хабарласыңыз немесе алдын ала кешігемін деп ескертіңіз.
Бірінші болып ертерек келу өте пайдалы болуы мүмкін, бірақ сұхбат алушыға мерзімінен бұрын кіруге асықпаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса (ал ол жиi болады) кеңседе бола тұрыңыз, оның көрінісіне және ішінде не болып жатқанына қараңыз. Бұл Сіз істейтін фирманы жақсы білудің жақсы әдісі.
3. Ұялы телефоныңызды өшіріп қойыңыз.
Әңгімелесу кезінде ұялы телефоныңызды өшіріп тастау дұрыс болады. Егер сіз маңызды қонырауларды өткізіп алуға қорықсаңыз - автожауапқа қойыңыз және қатты дыбысты өшіріп тастаңыз.
Әңгiмелесу кезінде ұялы телефонмен сөйлесу әдепсіздікті білдіреді, және келесі әңгімелесулер туралы келісулер немесе басқа жұмыс берушімен жұмыс шарттарын талқылау рұқсат етілмейді.
4. Құжаттарыңыз өзіңізбен бірге болсын.
Әдетте сұхбат алушыда сіздің ашылған резюмеңіз бар, бірақ өзіңізбен бірге бір-екі көшірмесі болғаны жақсы болар еді - олар сізге керек болуы мүмкін және сізді өте жинақы адам екендігіңізді көрсетеді.
Резюмеден басқа, портфолиоңыз болса, әңгімелесуге оны да әкелу пайдалы болады; құжаттар немесе білім туралы құжаттар көшірмелері, дипломдар мен сертифкаттар. Әңгiмелесуге сiзде барының бәрін әкелмеңіз - тек қана сiз орналасатын қызметке немесе әңгімелесу тақырыбына тікелей қатынасы болатынды алу керектігін есте сақтаңыз!
5. Ұсыныстар.
Сізден ұсыныстарды немесе ұсыныс берушілерді сұрауына дайын болыңыз. Әдетте екінші нұсқа жиі кездеседі. Сізден адамның аты-жөнін, қызметі мен оның координаталарын сұрауына алдын ала дайындалыңыз. Жұмыс беруші үшін күтпеген жайт болмауы үшін, оның координаталарын беретініңіз туралы міндетті түрде ескертіңіз.
6. Қобалжуды жеңу.
Әңгімелесу әрине, бұл стресс. Дегенмен қобалжуды жеңу керек, әйтпесе сіз жақсы әсер жасамайсыз.
Сiз сабырлы және сенімді болуыңыз керек, анық, ашық сөйлеңіз, асықпаңыз, бірақ сөздерді созбаңыз, қажетсіз нақтылыққа кірмей-ақ қойыңыз. Үйде алдыңғы жұмыстағы міндеттеріңіз (сұхбат алушы оны сөзсіз сұрайды) және өзіңіз туралы әңгіме айтып жаттығыңыз. Тым жатталған, жалған сөздерді қолданбаңыз, табиғи сөйлеңіз - әйтпесе сіз барлық мәліметтерді жаттап алды деп ойлайды және сіз туралы дәлірек пікір құру үшін, сіз шын мәнісінде қандай екенізді түсіну үшін көп сұрақтар қоя бастайды.
7. Ештеңе ойлап шығармаңыз.
Ортақ ереже мынадай: егер өтірік айта алмасан - айтпа. Жұмыс берушіге жағымды әсер қалдыру үшін, өзіңді асыра мақтағын келсе де мақтанба. Жалған сөз әрдайым әшкерелеумен қолайсыз. Өз сөзіңде шатасқан ізденуші қайғылы көріністе болады және сіз аз ғана өзіңізді еркін ұстасаңыз өтірік сыртқа тез қалқып шыға салады
Компанияға супермендер емес, бизнеске нақты пайда әкелетін профессионалдар керектігін ұмытпаңыз. Сізге таныс емес жұмыс тізімін және біреудің еңбегін өзіңізге жүқтемеңіз - бұның бәрін тек әңгімелесуде айтпай, кейін өмірде іске асыру керек! Анық білетін және істей алатын ісіңіз туралы ғана айтыңыз - осылайша, сыналатын мерзімді табысты өтуіңізге және жұмыс берушіні таң қалдырмайтыңызға мүмкіндік көбірек болады.
8. Сұрақ - жауап.
Сізден не сұрап жатқаны туралы мұқият тыңдаңыз және қойылған сұраққа анық жауап беріңіз.
«Қаншалықты көп айтсам, соншалықты жақсы» қағидасы бойынша шұбатылған пікірлерге кіруге тырыспаңыз - бұл сіздің кәсіптілігіңізді емес, керісінше қарама-қарсысын көрсетеді. Әрбір сұраққа екі минутта жауап қайтарыңыз.
Кері байланысты міндетті түрде байқаныз - сұхбат алушы сізді қызықтырып тыңдап отырма әлде жоқ па. Екінші жағдайда, тоқталып, сұраққа жауап бердіңіз ба және сұхбат алушыда қосымша сұрақтар жоқ па екенін біліңіз.
Сіз бұны орынды деп есептесеңіз де, тақырыптан алыстамаңыз. Осылайша, адам әңгімелесудегі қобалжуды жеңуге және өзінің көпшілдігін көрсетуге тырысады. Әдеттегідей, сұхбат алушы бұның бәрін түсінеді, бірақ дегенменде мынындай сұрақтар туындауы мүмкін: мүмкін бұл адам қобалжып тұрған шығар, ол табиғаттан ұйымдаспаған шығар? Немесе ол жұмыста да өзін тура осылай - әбігерлі және іс бойынша ұстай алмаса?
9. Позитивті және биязы болыңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz