Орхон - Енисей ескерткіштерінің зерттелуі



Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Орхон Енисей ескерткіштерінің зерттелуі
2. Орхон Енисей жазба ерекшеліктері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті.
Орыс География қоғамының Шығыс Сібір бөлімі 1889 жылы Монголия арнайы экспедиция ұйымдастырды.
Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.
Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.
Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.
Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты.
Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзені бойынан Н. М. Ядринцев тапқан ескерткіштер Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған (алғашқы аты Могилянь) мен қағанның інісі, даңқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді.
Сөйтіп, руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон -Енисей» жазуы деп атап кетті. Бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді.
Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н. М. Ядринцев көне түркі ескерткіштерін іздестіруді осымен шектеп қойған жоқ. Тағы да іздене түсті. Ақыры 1891 жылы Монғолияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлпытасқа бедерлеп жазылған ескерткіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда «Онгин ескерткіші» деп аталып кетті. Көп ұзамай-ақ түрколог ғалымдар Онгин жәдігерлігін де оқып шықты. Сөйтсе, әлгі тастағы жазу түрік елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қатынннғна қойылған ескерткіштер екен.
Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзеңі аңғарынан түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған, данышпан қарт Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы-інілі Клеменцтер еді. Іле-шала түркологтар Тоныкөк ескерткішін жан-жакты зерттей бастады.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма іс жасау және ғылыми мәтінін дайындау ісіне В. В. Радлов, В. В. Томсен, Ю. Немет, X. Н. Оркун, т. б. орыс және еуропа ғалымдары қыруар молл үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С. Е. Маловтың бұл саладағы еңбегі ерекше зор болды. Ол көне түркі жазуындағы мәтіндердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударады. С. Е. Малов бірқатар аудармаларға едәуір түзетулер еңгізді. Ен бастысы - осы мәтіндерге тарихи және филологиялық тұрғыдан түсінік-сипаттама берді.
Көне түркі тілі мен әдебиетін зерттеушілер әсіресе Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштеріне көбірек назар аударды. Бұларды бірнеше Еуропа тілдеріне, орыс тіліне, қазіргі түркі тілдеріне тәржіма жасады. Өйткені бұл жәдігерліктер - түркі тектес ежелгі ру-тайпалардың рухани өмірін бейнелеген көркем әдебиет туындылары болып табылады. Осы аталған үш әдеби ескерткішті бүгінгі әдебиеттану ғылымы тұрғысынан зерттеуде кеңес ғалымы И. В. Стеблева еңбегінің аса жемісті болғанын ерекше атап көрсету керек. Ол тұңғыш рет көне түркі тіліндегі жырлардың поэтикасын, өлең құрылысын, ұйқасын, ырғақ пен шумағын, тармақ пен бунағын, т. б. теориялык, тұрғыдан зерттеп, бұл жайында бұрын-сонды айтылған түрлі болжам пікірлерді белгілі бір ғылыми жүйеге келтірді. Әсіресе оның ежелгі түрік сөз зергерлерінің образ жасау әдістері, әдеби-эстетикалық айыптаулары, көріктеу құралдары, тарихи шындык, пен көркем шындық жайындағы концепциялары туралы айтқан ой-пікірлері бүкіл әдебиеттану ғылымына жаңадан қосылған сүбелі үлес болды.
Жуырда Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеп келе жатқан білікті ғұламалар Мырзатай Жолдасбек пен Қаржаубай Сартқожаұлының бірлесіп жазған іргелі зерттеуі жарық көрді. «Орхон ескерткіштерінің толық Атласы» деп аталатын кітапта «Еуразия Ұлы Даласына үш ғасыр бойы билік жүргізген, мәңгілік ел орнатуды көксеген, өздерінің тарихын, дүниетанымын, даналығын, ой-санасын, болмысын, жазу өнерін, ел басқару жүйесін, ата дәстүрін өшпестей етіп тасқа қашап кеткен,
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дала мен қала
2. Н Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» Атамұра 2005
3. Егемен Қазақстан Республикалық газеті 2007. 02. 21
4. Қазақ совет энцеклопедиясы

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелуі
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер)
табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ
Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі
ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған
мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде рунь, яғни руна деген сөз казақша
аударғанда сыры ашылмаған, құпия деген мағына береді. И. Т. Страленберг
өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім
түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл тіл
білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті.
Орыс География қоғамының Шығыс Сібір бөлімі 1889 жылы Монголия арнайы
экспедиция ұйымдастырды.
Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891
жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына,
Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.
Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары
жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де
жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас
жасаған еді.
Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды.
Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла
бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде,
оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар
да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.
Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым
академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген
мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған
ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ
ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді.
Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері тәңірі және түрік деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна
жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ,
В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық
оқып, сонан соң оны аударып шықты.
Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзені бойынан Н. М. Ядринцев тапқан
ескерткіштер Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған (алғашқы
аты Могилянь) мен қағанның інісі, даңқты әскери қолбасшы Күлтегін
қабірлеріне қойылған орасан құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары
еді.
Сөйтіп, руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей
өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе
Орхон -Енисей жазуы деп атап кетті. Бұл жазуды тілі мен сипатына қарай
бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді.
Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н. М. Ядринцев көне түркі
ескерткіштерін іздестіруді осымен шектеп қойған жоқ. Тағы да іздене түсті.
Ақыры 1891 жылы Монғолияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлпытасқа
бедерлеп жазылған ескерткіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда Онгин ескерткіші
деп аталып кетті. Көп ұзамай-ақ түрколог ғалымдар Онгин жәдігерлігін де
оқып шықты. Сөйтсе, әлгі тастағы жазу түрік елінің атақты қағаны Білге
қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен
Елбілге қатынннғна қойылған ескерткіштер екен.
Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзеңі аңғарынан түрік елін билеген
бірнеше қағанның кеңесшісі болған, данышпан қарт Тоныкөк құрметіне қойылған
ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы-інілі Клеменцтер еді. Іле-шала
түркологтар Тоныкөк ескерткішін жан-жакты зерттей бастады.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма іс жасау
және ғылыми мәтінін дайындау ісіне В. В. Радлов, В. В. Томсен, Ю. Немет, X.
Н. Оркун, т. б. орыс және еуропа ғалымдары қыруар молл үлес қосты. Әсіресе
көрнекті ғалым С. Е. Маловтың бұл саладағы еңбегі ерекше зор болды. Ол көне
түркі жазуындағы мәтіндердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына
көбірек назар аударады. С. Е. Малов бірқатар аудармаларға едәуір түзетулер
еңгізді. Ен бастысы - осы мәтіндерге тарихи және филологиялық тұрғыдан
түсінік-сипаттама берді.
Көне түркі тілі мен әдебиетін зерттеушілер әсіресе Күлтегін, Білге
қаған және Тоныкөк ескерткіштеріне көбірек назар аударды. Бұларды бірнеше
Еуропа тілдеріне, орыс тіліне, қазіргі түркі тілдеріне тәржіма жасады.
Өйткені бұл жәдігерліктер - түркі тектес ежелгі ру-тайпалардың рухани
өмірін бейнелеген көркем әдебиет туындылары болып табылады. Осы аталған үш
әдеби ескерткішті бүгінгі әдебиеттану ғылымы тұрғысынан зерттеуде кеңес
ғалымы И. В. Стеблева еңбегінің аса жемісті болғанын ерекше атап көрсету
керек. Ол тұңғыш рет көне түркі тіліндегі жырлардың поэтикасын, өлең
құрылысын, ұйқасын, ырғақ пен шумағын, тармақ пен бунағын, т. б. теориялык,
тұрғыдан зерттеп, бұл жайында бұрын-сонды айтылған түрлі болжам пікірлерді
белгілі бір ғылыми жүйеге келтірді. Әсіресе оның ежелгі түрік сөз
зергерлерінің образ жасау әдістері, әдеби-эстетикалық айыптаулары,
көріктеу құралдары, тарихи шындык, пен көркем шындық жайындағы
концепциялары туралы айтқан ой-пікірлері бүкіл әдебиеттану ғылымына жаңадан
қосылған сүбелі үлес болды.
Жуырда Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеп
келе жатқан білікті ғұламалар Мырзатай Жолдасбек пен Қаржаубай
Сартқожаұлының бірлесіп жазған іргелі зерттеуі жарық көрді. Орхон
ескерткіштерінің толық Атласы деп аталатын кітапта Еуразия Ұлы Даласына
үш ғасыр бойы билік жүргізген, мәңгілік ел орнатуды көксеген, өздерінің
тарихын, дүниетанымын, даналығын, ой-санасын, болмысын, жазу өнерін, ел
басқару жүйесін, ата дәстүрін өшпестей етіп тасқа қашап кеткен, сөйтіп,
өркениетке, адамзат мәдениетіне асыл қазына қосқан байырғы түріктердің
мұралары түгел қамтылған.
Атласта Монғолия-Чехия, Монғолия-Түркия (ТИКА), Моңғолия-Кеңес Одағы
біріккен экпедицияларының материалдары, содай-ақ әлем тіркітанушыларының
ғасырдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің қорытындысы пайдаланылған.
Атлас авторлары байырғы түрік мәтіндерін қайта көшіріп, қайта оқыған,
бұрынғы зерттеушілердін, қателері түзетілген, түпнұсқа мәтінінің жаңа
транскрипциясы, жаңа аудармасы жасалған, жаңа түсініктемесі берілген:
кешеңді тарихи-мәдени мұралар. Атлас та тегіс қарастырылып, олардың
археологиялық сипаттамасы, планы, фото, сызба суреттері тұңғыш рет толық
берілген.
Орхон ескерткіштері туралы мұндай түбегейлі зерттеу түркология ғылымы
саласында бұрын-соңды жазылмаған еді. Түрік қағанатының негізін
қалаушылардың бірі –Бумын қаған. Ол 542 жылдан бастап, 558 жылға деиін
түрік елінің қағаны болған.
Композициялық құрылысы.
Орхон жазба жәдгерліктерінің компоициялық өзіндік ерекшеліктері сол
дәуірдің әдеби дәстүріне байланысты болса керек. Біз әңгіме отіп отырған
Күлтегін және Тоныкөк жырлары өз заманының белгілі бір әдеби
талаптарына сәйкес жазылғаны мәлім.
Тасқа қашап түсірілген бұл жазулардың әрбір руналық жолында, яғни
құлпытастағы әрбір қатар жазуда бір емес, бірнеше сөйлем бар. Дәлірек
айтсақ, ұзыннан-ұзақ етіп құлпытасқа бедерлеп жазылған руналық бір жол
жазудың өзі - бір ғана ойды білдіруге арналған бірнеше сөйлемнен, яғни бір
топтамаға, циклға қамтылған сөйлемдерден тұрады. Мұнда автордың оқырманға
айтпақ болған негізгі ойы әдеттегідей бір сөйлемнен екіншісіне емес, бір
циклдан екінші циклға беріліп жатады. Бір цикл көлемі жағынан руналық
жазудың бір жолына шамалас болып келеді.
Күлтегін (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік
жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз циклдан тұрады. Әрбір цикл
мазмұны жағынан бір-бір хикая болып келеді. Оның бірінші циклы - қағанның
өз халқына қарата айтқан үндеуі; екінші циклыТүрік қағанаты жерінің
кендігін суреттейді; үшінші цикл түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді;
төртінші цикл – көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы
әңгіме; бесінші цикл -табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін
төңдіретіні жайында хикая; алтыншы цикл түркі халқының көреген емес екенін
өкінішпен жырлауға арналған; жетінші цикл - түркі халқының даңқын көкке
көтерген Білге қаған екендігі жөнінде айтылған жыр; сегізінші цикл осы
ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған.
Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осыңдай әрбір циклдың өзі
міндетті түрде мынадай үш элементтен тұратын болған: 1. Оқиғаның басталуы;
2. Сол оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі; 3. Осы циклда айтылуға тиісті
ой-пікірдің түйіні. Мәселен, Күлтегін (кіші жазу) жырының екінші циклы -
Түрік қағанаты жерінің ұлан-ғайыр кең екендігін суреттеуге арналған.
Міне, осы екінші топтаманың алғашқы үш жолы оқиғаның басталуы - Білге
қағанның қол астындағы халыққа қарата айтқан үндеу сөзі болып келеді:
Тоғыз оғыз бектері, халқы,
Бұл сөзімді мұқият тыңда,
Терең ұқ. (46, 140)
Екінші топтаманың бұдан кейінгі төрт жол өлеңі жырда айтылып отырған
оқиғаның өрістей түскені болып табылады. Бұл төрт жол Түрік қағанаты
жерінің кеңдігін суреттеуге арналған:
Ілгері- күн шығысында,
Оң жақта - күн ортасында,
Кейін - күн батысында,
Сол жақта - түн ортасында. (46,40)
Екінші топтаманың соңындағы екі жол жыр осы циклдын, түйіні болып
табылады. Мұнда түрік елінің халқы көп екені айтылады:
Осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды.
Халықты осыншама көбейттім. (46,40)
Сөйтіп, Күлтегін(кіші жазу)жырында сегіз цикл, яғни сегіз хикая бар.
Әрбір циклдың өзі үш элементтен (оқиғаның басталуы, өрістеп ұлғаюы,
түйіні)тұрады.
Енді Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуы мәтінінің композициялық
құрылысына талдау жасап көрейік. Үлкен жазудағы Күлтегін жыры көлемі
жағынан 428 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытастағы руналық жазу
бойынша есептегенде ұзыннан-ұзақ 53 қатар жазу болып шығады. Бұл жырдың
ерекшелігі - осы жыр бір-бірінен толық ,дербес тұрған алты хикаядан, яғни
алты оқиғадан құралған деуге болады. Бірінші хикая - түрік халқының ұлы ата-
бабалары туралы; екінші хикая - түріктерді табғаштардың бағындырып алғаны
жөнінде; үшінші хикая Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая -
Қапаған қаған туралы; бесінші хикая Білге қағанды жыр еткен; алтыншы хикая-
Күлтегін туралы жыр. Түрік халқының ата-бабалары ұлы адамдар болғанын
жырлауға арналған бірінші хикая құлпытастағы руналық жазудың бірінші -
төртінші жолдарын толық қамтиды.
Бірінші хикая төрт циклдан тұрады. Бірінші циклда түрік халқының
үстіне билік жүргізу үшін бір кезде Білге қағанның ата-бабалары отырғаны
жырланады; екінші цикл - Білге қағанның ата-бабалары жасаған әскери
жорықтары туралы; үшінші цикл түрік халқының арғы ата-тегінің адамгершілік
қасиеттері жоғары болғаны жайында; төртінші дикл Білге қағанның ата-
бабаларын жоқтап-жылауға арналған. Мұнда да әрбір цикл өз ішінде міндетті
түрде үш элементті қамтиды. Басталуы (орысша - зачин), осы циклдағы
оқиғаның өрістеуі және түйіні. Бірінші хикаяның бірінші топтамасына талдау
жасап көрейік:
1. Осы циклдың басталуы үш жол өлеңнен тұрады. Мұнда жер
мен көктің және адамның жаралуы туралы әңгіме болады:
Биікте - Көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған. (46, 44)
2. Циклдың екінші бөлімінде оқиға өрістей түседі: Білге
қағанның ата-бабасы адам баласы үстіне билік жүргізу үшін отырғаны екі жол
өленде айтылады:
Адам баласы үстіне ата-тегім-
Бумын қаған, істеміқаған отырған(46,44)
3. Осы циклдың қорытынды бөлімінде - екі жол Білге қағанның ата-
тегінің билік жүргізуі бүкіл түркі халқы үшін игілік әкелгені баяңдалады:
Отырып, түркі халқының ел-жүртын
Қалыптастырған, иелікеткен. (46,44)
Бірінші хикаяның алғашқы циклы осымен аяқталады. Бұл хикаяның қалған
екінші, үшінші және төртінші циклдарының композициялық құрылысы да дәл осы
үлгі де болып келеді.
Ал енді осы Күлтегін (үлкен жазу) жырының мазмұны жағынан аса
қызықтысы, композициялық құрылысы зор шеберлікпен жасалғаны - алтыншы
хикаясы.
Күлтегін ескерткішінің (үлкен жазу) алтыншы хикаясын Күлтегін батырдың
жауынгерлік жорықтары жөнінде жазылған ғажайып жыр-дастан деуге болады.
Алтыншы хикая он үш топтамадан тұрады.
Міне, осы алтыншы хикаяның бірінші циклы Күлтегіннің әскери қызметінің
алғашқы сәттері қалай болғанын суреттеуден басталады. Бұл циклдың басталуы
- он жастағы бала жігітке Күлтегін деген ерлік есім қалай берілгенін төрт
жол жырда баяндап береді. Сосын оқиға желісі ұлғайып, Күлтегіннің туған жер
үшін жүргізген қанды шайқастары (он жол өлеңде) көрсетіледі. Ал циклдың
қорытынды бөлімінде (бір жол жыр) Күлтегіннің теңдесі жоқ жеңістері жыр
болады:
Ісін-күшін беріп,
Осыншама ел жинап,
Інім Күлтегін
Өзі қайтыс болды. (46, 50)
Бұдан кейін оқиға желісі ұлғая түсіп, Күлтегін батырдың туған жері
үшін ерлікпен шайқасқаны көрсетіледі. Батыр соғдыларға және табғаштарға
қарсы қан майданға шығады. Күлтегін он жасында ер атанады:
Он жаста Үмай текті шешемнің бағына
Інім Күлтегін ер атанды. (46, 50)
Бұдан кейінгі жолдарда Күлтегіннің соғдыларға қарсы күресі, таб-ғаштың
бес мың әскерімен болған соғысы жыр болады. Мұнда Күлтегін жауға жалғыз
ұмтылды деген сөз бар. Ол жауды жеңіп, қаруларын қолға түсіреді. Сонымен,
алтыншы хикаяның екінші топтамасында Күлтегіннің туған жер үшін жүргізген
қанды шайқастары жырланады. Ал топтаманың қорытынды бөлімінде Күлтегіннің
тендесі жоқ жеңістері зор мақтанышпен айтылған. Соның нәтижесінде түрік елі
өзінің егемендігін алып, халық болғандығы баяндалады:
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды. (46,76)
Күлтегін жырының бұдан кейінгі хикаялары – түркілердің түргеш,
соғды, оғыз, т. б. қарсы соғысы. Күлтегіннің тайсалмай сол қанды
майдаңцарда ұлық Еркін, Құшы Тұтық, аздардың елтебері сияқты жау-ларымен
жекпе-жек арпалысы суреттеледі. Жырда Күлтегін түркі елінің төрт
бұрышындағы барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады.
Күлтегін түркі халқын тәуелсіз етті, байлыққа кенелтті деген пікір
айтылады. Жырдың басты идеясы түркі халқын ауыз бірлікке, сыртқы жауға
қарсы ұйымдасқан күреске, ата-баба жолын берік ұстауға шақыру болып
табылады.
Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге
тәуелсіз, жақсы өмір сүргенін жырлай келіп, ол жолдан тайып, дүшпаннан
алданған сәттерінде:
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды, -
дейді (46, 49).
Жыр соңында Күлтегін өлгенде бүкіл Түркі халқы қатты қайғырып, аза
тұтқан,.оны жоқтап-жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көп елшілер,
батырлар, тас қашайтын шеберлер, таңбашылар(мөр иесі), бектер, т. б.
келгені айтылады. Күлтегін батырды жерлеуге татабы елінен келгеңдерді Удар-
Сеңгун, табғаш қағанынан -Ісиі-Лікең бастап келді. Күн батыстағы Соғды,
Бершекер, Бүхар ұлыстарының халқынан- Нең-Сеңгун, Тарханұлы, он оқелі мен
Түргеш қағаннан- Мақраш таңбашы және Оғыз Білге таңбашы, қырғыз Тардуш Чур
Күлтегінді жерлеуге қатысқаны жырда зор шеберлікпен баяндалған.
Орхон жазба жәдігерліктері ішінде Тоныкөк жыры ерекше орын алады.
Бұл жырдың авторы бөлек, оныТоныкөктің өзі жазған деген болжам бар.
Әйтсе де бұл жыр өзінің жазылу стилі, көркемдік тәсілдері,
композициялық қүрылымы, идеялық мазмұны жағынан Күлтегін жырына өте-мөте
ұқсас.Әсіресе композициялық құрылымы -топтамал, мен элементтердің атқаратын
қызметі құдды Күлтегін жырындағындай болып келеді.
құбылысты өзара сабақтастықта әрі жаңа сапада қорытуға көмектеспек. Бұл
еңбектердің бүгінгі тарихи таным үшін ең негізгі маңызы да осы атқарар
міндетінде.
Осы екі басылымға бірдей қатысы бар тағы да бір мынадай жағдайды айта
кетелік. Осыдан ғасыр астам мезгіл бұрын орта ғасырдағы түрік жазба
ескерткіштері жөнінде пікір алысу басталғанда, олардың түрік этносына
тәндігіне еуропалық ғалымдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Ежелгі түркі әдебиеті
Орхон жазба ескерткіштерінің тарихи негізі
Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы
Орхон - Енисей ескерткіштері
Орхон-енисей жазуының зерттелуі
Орхон – енисей жазба ескерткіштері туралы ақпарат
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Пәндер