Элйттік тұқымдарды өндіруге орнын анықтау


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ

АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

Аграрлық факультеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Элйттік тұқымдарды өндіруге орнын анықтау

Орындаған:Мұттал. Ж.

Тексерген:Сагандыкова:С. Н

АГ-213

Семей 2015ж

Жоспар

1. Элйттік тұқымдар

1. 2 Элиталы тұқым сорттарын өсірудің селекциялық тиімділігі

1. 3Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптар мыналарды қамтиды

Қортынды

Пайдаланған Әдебиеттер

1. Элйттік тұқымдар

Элита тұқымдарын өсіру тұқым өсіру шаруашылығының алғашқы буындарынан басталады, онда ұрпақ сортқа тән кешенді маңызды белгілерімен және қасиеттерімен бағаланады, жақсы ұрпақ іріктеліп алынып, ал нашары алынып тасталады, сол арқылы сорттың барлық белгілерінің сақталуы қамтамасыз етіледі. Элита тұқымдары өте сапалы тұқымдар олорды өндірерде орнын алдмен болжап сырап қылмай есептеп алдынала бәріне сараптама жасау арқылы орнын анықтап сапалы тұқымды өндіруге орнын анықтаған өте тимді әрі мол өнім алумен бағаланады.

1. 2 Элиталы тұқым сорттарын өсірудің селекциялық тиімділігі

Тұқым жаңарту негізі-элита болып табылады. Элита дегенді француз тілінен аударғанда-өте жақсы деген мағананы білдіреді екен. Сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы болып саналады. Сорттың генетикалық тұрғыдан сақталуын қадағалау- жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор. Элиталы тұқым өсіру кестесі

1- Жекелей сұрыптауда

1) 1-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

2) 2-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

3) 1-4 жылғы көбейту питомнигі

4) Суперэлита

5) Элита

Жаппай сұрыптау

1) 1-2 жылғы көбейту питомнигі

2) Суперэлита

3) Элита

Өздігінен және айқас тозаңданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитті (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Сорттың өнімділік сапасы егістікті тек қана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байқалады.

Егістік материалдың құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады.

Тұқымның егістік сапасы - оның тазалығы, өскіндік қуаты, ылғалдылығы, 1000 тұқымның салмағы мен аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады. Сорттың сапасы- сорттың тазалығы және сәйкестілігімен сипатталады.

Жоғары сапалы тұқымның, жоғары сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал сорттың тазалығына байланысты үш(санатқа) категорияға бөлінеді.

Бірінші класты және бірінші категориялы тұқымның егістік және сорттық тазалығы ең жоғары көрсеткіш береді. Егістік сапалығы жағынан мемлекеттік стандартқа сәйкес келетін тұқымды кондициұлы деп аитады.

Селекция тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады.

Оның сорттық тазалығы 100%, егістік сапасы 1 кластан төмен болмауы керек, тұқым жақсы толықкан бірыңғай, сонымен қатар 1000 тұқымдық салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.

1. 3 Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптар мыналарды қамтиды
1) элиталы тұқым өндіру жүргізілетін және кемінде бір ротациядан өткен ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы;
2) нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы;
3) жалпы егіс алаңының 25 пайызынан кем емес тұқым шаруашылығы егістіктерінің болуы;
4) соңғы үш жылдағы өнімділіктің орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болуы;
5) тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс тәжірибесі төрт жылдан кем болмауы;
6) жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын қамтамасыз ету 25 пайыздан кем болмауы;
7) тұқым шаруашылығы жүргізілетін егілетін дақылдардың саны 4-тен көп болмауы;
8) аттестаттау мәніне сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны 3-тен көп болмауы;
9) суперэлиталық тұқымды егуге қажетті тұқымның сақтандыру қоры - 50 пайыз болуы;
10) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
11) аудандастырылғандар тізбесіне енгізілген тұқым сорттарын өсіру схемасының болуы;
12) тұқым материалдарын өсіру жұмыстарының барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштері көрсетілетін құжаттаманы жүргізу және есепке алуды ұйымдастыру;
13) элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде негізгі тұқым материалының (бірегей тұқым) аудандастырылған және перспективті сорттарының болуы;
14) аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жыл мерзімге элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде аудандастырылған және перспективті сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушімен жасалған шарттың болуы;
15) ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен элиталық тұқым өндірісін ғылыми сүйемелдеу туралы шарттың болуы;
16) элиталық тұқымның жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз етуге арналған меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
17) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
18) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, тұқымдардың аттестаттары, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлік, тұқымдарды есепке алу журналы (тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторымен нөмірленуге, тігілуге, қолы қойылуға тиіс) есеп жүргізу;
19) тұқым шаруашылығы бойынша есеп материалдарының кемінде бес жыл сақталуын ұйымдастыру;
20) жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
21) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында сондай-ақ аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде болмауы тиіс;
22) элиталық тұқымдарды өндiруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндiрудi жүргiзу үшiн егiстiк алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiктiң) болуы тиіс.

Қортынды

Тұқымдық дәндерді, оның ішінде элиталық дәндерді де екі-үш тазалаудан өткерген соң, қырманда күн көзінде ең кемі бір ай жатуы тиіс. Бурттың (жалдың) биіктігі 1, 5-2 метрден аспауы керек. Себебі, дән қырманға түскенде құрамында 15-16% су болады, ол мөлшерден 6-7% (стандарт) артық (9-10%) . Дәннің бойында мөлшерден артық су болса, өздігінен ісініп, тыныс алуы жиілеп, өнгіштігі кеми береді, мейлі ол элитикалық дән болса да, бұл болашақ өнімге өте қауіпті. Тұқымдық дән күн көзінде неғұрлым көп жатып, жел тисе, соғұрлым тез кеуіп, қатайып бойына күн қуатын мол жинап, дәннің тыныс алуы бірқалыпты жүріп, өнгіштігі артып, кейін түрлі ауруларға төзгіш болады. Кейбір диқан кауымы, тұқым дайындаудың осы талаптарын сақтамай, көбінесе орақ аяқталысымен, тұқымдық дәнді асығыс бір рет, қырманда тазалап, тазаланбаған, әктелмеген, дәріленбеген лас қараңғы қоймаларға құя салады. Мұндай қоймаларда түрлі зиянкес жәндіктер (піте, т. б) мекен етеді, олар дәннің зародышын, эндоспермін жеп, дәннің қабыршығын қалдырады. Қараңғы қоймаларда сақталған тұқым дәнінің тыныс алуы қиындап, организмі әлсіреп, өнгіштігі біртіндеп кеми береді. Тұқым сақталатын қойма стандартқа сай болуы керек, есіктері күндіз ашылып, желдетіліп тұруы қажет (қыс кезінде) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси элитаның түсінігі мен қазақстанның саяси элитасы
Қамырды қамыр бөлгішке беру
Материалдық емес активтердің есебі және аудиті
Ютем туристік фирмасы
Жаздық бидайды өсіру технологиясы
Күнбағысты өсіру агротехникасы
Қарбыз және қауын тұқымдарын егістікке себуге дайындау жұмыстарының өнімділікке әсері
Полиплоидия және селекция
Карантиндік сараптау және оның жалпы ережелері
Ноғатық тез қортылатын және өте құнды азық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz