Ауа температурасы



Ауаның температуралық режимi


Температуралық инверсия


Температурасының тәулiктiк және жылдық жүргiсi (режимi)

Температуралық режимнiң ауылшаруашылығына әсерi
Жылу. Өсiмдiктердiң өсiп-дамуына белгiлi мөлшерде жылу керек. Маңызды физиологиялық процестерфотосинтез,тынысалу, транспирацияның қарқынды жүруi өсiмдiк пен қоршаған ауаның температурасына байланысты. Температураның белгiлi мөлшерге дейiн жоғарылауы аталған процестердiң жүру пәрмендiлiгiн арттырады, бiрақ одан әрi көбейгенде өсiмдiктiң әдеттегi тiршiлiгi бұзылады: синтез әлсiрейдi, тыныстану күшейедi, берiк емес қоспалар ыдырайды. Ал температура одан әрi жоғарыласа, зат алмасуының орнына келмейтiн бұзылу процестерi күшейiп, нәтижесiнде өсiмдiктiң опат болуына әкелiп соғады. Көпшiлiк дақылдардың өсiп-дамуының оңтайлы температурасы 25-300С. Бұл процестiң тежелуi температура 300С асқанда байқала бастайды да, ол 50-520С жеткенде, өсiмдiк өз тiршiлiгiн тоқтатады.
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: “ аУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ”

Тексерген: Каламов Б.Х.

Орындаған: Мусанова А.О.

Тобы: АГ – 313

Мамандық: Агрономия

Семей 2015 жыл

ЖОСПАР:

• Ауаның температуралық режимi

• Температуралық инверсия

• Температурасының тәулiктiк және жылдық жүргiсi (режимi)

• Температуралық режимнiң ауылшаруашылығына әсерi

• Ауаның температуралық режимi

Жылу. Өсiмдiктердiң өсiп-дамуына белгiлi мөлшерде жылу керек. Маңызды
физиологиялық процестерфотосинтез,тынысалу, транспирацияның қарқынды жүруi
өсiмдiк пен қоршаған ауаның температурасына байланысты. Температураның
белгiлi мөлшерге дейiн жоғарылауы аталған процестердiң жүру пәрмендiлiгiн
арттырады, бiрақ одан әрi көбейгенде өсiмдiктiң әдеттегi тiршiлiгi
бұзылады: синтез әлсiрейдi, тыныстану күшейедi, берiк емес қоспалар
ыдырайды. Ал температура одан әрi жоғарыласа, зат алмасуының орнына
келмейтiн бұзылу процестерi күшейiп, нәтижесiнде өсiмдiктiң опат болуына
әкелiп соғады. Көпшiлiк дақылдардың өсiп-дамуының оңтайлы температурасы 25-
300С. Бұл процестiң тежелуi температура 300С асқанда байқала бастайды да,
ол 50-520С жеткенде, өсiмдiк өз тiршiлiгiн тоқтатады.
Ауаның (атмосфераның) төменгi қабатының (жердiң бетiнен 1,5-2, әрi кеткенде
3м) температуралық режимiнiң мәнi өте зор, өйткенi негiзгi ауылшаруашылық
дақылдарының өнiп-өсуi және тiрi организмдердiң өмiр сүру үрдiсi ауаның
төменгi қабатында өтедi.
Ауаның төменгi қабатының температуралық режимi мына көрсеткiштермен
анықталады:
1. Орташа тәулiктiк температура;
2. Орташа декадалық (онкүндiк) температура;
3. Орташа айлық;
4. Орташа жылдық;
5. Ең жоғарғы;
6. Ең төменгi;
7. Амплитуда.
Ауаның температурасының өзгеруiне жер бетi қатты әсерiн тигiзедi. Мысалы:
орман, дала, батпақ, шөлейт, топырақ (құм, қара топырақ), өйткенi жер
бетiндегi аталынған табиғат заттары жылулықты әр түрлi мөлшерде сiңiредi
де, әр түрлi мөлшерде жылу бөлiп шығарады.
Жер бетiндегi өсiмдiк жамылғысы өздерiне тән фитоклимат құрайды. Бұл жерде
температураның таралуы күн радиациясына, ылғалдылыққа және желге байланысты
болады. Өсiмдiгi сирек жерлерде ең жоғарғы температура күндiз топырақ
бетiнде, ал өсiмдiк қалың болып өскен сайын жоғарғы температура
өсiмдiктердiң ең жоғарғы қабатында болады.
Ауаның төменгi қабатында температураның өзгеруi екi түрде өтедi:
1. Инсоляциялық – жаз айларында күндiз жерге жақындаған сайын температура
өсе бастайды.
2. Радиациялық – керiсiнше, түнде жерге жақындаған сайын температура кеми
бастайды. Осындай жағдайда инверсия пайда болады – ауа қабатымен (жерден)
жоғары көтерiлген сайын температура өсе бастайды. Бұндай инсоляциялық және
радиациялық температураның өзерiп түруы бұлтсыз ашық аспан болып түруына
әкеледi.
Ал, бұлтты ауада инверсия болмайды, өйткенi бұлт жерден бөлiнген жылуды
жiбермейдi.
Ауаның төменгi қабатында температураның өзгеруi тек инсоляциялық және
радиациялық заңдылықтарға бағынып отырса, ауа-райы өзгермей бiр қалыпты
болып түра берер едi. Сонымен қатар атмосферада температура тiк және
көлденең бағытта өзгерiстерге ұшырайды.
Атмосфераның төменгi қабаты күн радиациясы арқылы аз жылыйды, негiзгi
жылуды жер бетiнен алады, сондықтан негiзгi жылу көзi топырақ болып
есептелiнедi. Осыған байланысты, жер бетiнен жылулық алып жылыған ауа
массасы жоғары көтерiледi де, оның орнына суық ауа массасы төмен түседi.
Жылынған суық ауа қайтадан жоғары көтерiледi. Осындай физикалық құбылыстар
әсерiнен тiк (жоғары, төмен) жылу алмасу жүредi.
Бұндай тiк жылу алмасуда жоғары көтерiлетiн масса көп болса ауа-райы
бұлтты, ылғалды және жаңбырлы болады. Ал, жылу алмасуда жоғарыдан төменге
түсетiн масса көп болса ауа-райы құрғақ, жоғары температуралы және
жаңбырсыз болады.
Егерде жылу алмасу көлденең жүретiн болса оны адвекция (жел) деп атаймыз.
Ауаның төменгi қабатының жылулығы әр түрлi болуы жер бетiне топырақтың
механикалық құрамына байланысты. Бiр аймақта әр түрлi топырақ болуы
температуралық режимнiң өзгеруiне әкеледi. Сондықтан жылы болған жерде
ауаның қысымы төмен болады да, суық жерде ауаның қысымы жоғары болады.
Сонымен атмосфералық қысымдары әр түрлi екi ауадан пайда болады.
Атмосфералық қысымы жоғары ауданнан ауа массасы атмосфера қысымы төмен
ауданға жылжи бастайды. Ауа массасының жылжу жылдамдығы екi аудандағы
атмосфера қысымдарының айырмасына байланысты болады. Бұл табиғат
заңдылықтарына келесi тарауларда толығырақ тоқталамыз.

• Температуралық инверсия

Жер бетiнен жоғары көтерiлген сайын ауа қабатындағы температураның өсуiн
инверсия қабаты деймiз.

Инверсия жердiң беткi қабатында, сонымен қатар бос атмосферада байқалады.
Атмосфераның төменгi қабатында инверсияның пайда болуына байланысты екi
түрi болады:
1. Радиациялық;
2. Адвективтiк.
Радиациялық инверсиялар жердiң беткi қабатының салқындауынан болады. Мұндай
инверсиялар жылы айларда түнде, ал қыс айларында күндiзде кездесе бередi.
Сондықтан радиациялық инверсиялар түндiк (жаз айларында) және қыстық (қыс
айларында) болып екiге бөлiнедi.
Түнде болатын инверсиялар аспан ашық, тыныш ауа-райында, радиациялық тепе-
теңдiк 00 ден төмен түсе бастағанда, күннiң батуына бiр сағат қалғанда
басталады. Түнi бойы бұл инверсияның күшi көбейе түседi де, күн шығар
алдында ең жоғары дәрежесiне жетедi. Күн шыққаннан соң жер бетi, ауа жылына
бастайды да инверсия қабаты бұзылады. Инверсия қабатының биiктiгi 10-15 м,
ал кейбiр жерлерде 200 м жетедi. Тропосфера қабатындағы бұлттар және
жылдамдығы 2,5-3 мсек болатын жел инверсияны нашарлатып, оның болуына
кедергi жасайды. қалың өсiмдiктер жамылғысында, ормандарда инверсия күндiз
де бола бередi. Орманда ауа температурасының тiк бағытта өзгеруi өзгеше
болады. Күн шығар алдында ең төменгi температура орман ағаштарының жоғарғы
бетiнде болады, ал жер бетiне қарай температура жоғарылай бастайды. Күн
шыққаннан соң ауа қыза бастайды, түс кезiнде ең жоғарғы температура орман
ағаштарының жоғарғы бетiнде болады да, жер бетiне жақындаған сайын
температура төмендейдi. Осы себептерге (инверсияға) байланысты жаз айларын
да орман арасында ауа салқын болып тұрады.
Қыста болатын инверсиялар аспан ашық, тыныш ауа-райында жер бетiнiң
салқындауы, яғни температурасының төмендеуi күннен күнге күшейе берген
жағдайда пайда болады да екi-үш аптаға созылады. Инверсия қабатының
биiктiгi бiрнеше жүз метрлерге жетедi. Әсiресе күштi қыс инверсиялары
Якутияда болады, олардың биiктiгi 2-3 км жетедi.
Адвективтiк инверсиялар – салқындаған жер бетiне басқа жақтан жылы ауаның
келуi (адвекция арқылы) себебiнен болады. Келген жылы ауаның төменгi қабаты
салқын жер бетi ауасымен араласып температурасын төмендетедi, ал ауаның
жоғарғы қабаттары жылы болып тұра бередi. Осы атмосфералық құбылыстар
әсерiнен адвективтiк инверсия пайда болады. Осындай инверсияларға қар
инверсиясы да жатады. Бұл инверсияның пайда болуының себебi, қар жамылған
жер бетiне температурасы 00 тан жоғары жылы ауа массасының келуi. Бұл
жағдайда ең төмен температура жер бетiнде болады да, жоғарылаған сайын
температура өседi.

• Температурасының тәулiктiк және жылдық жүргiсi (режимi)
Ауа температурасының тәулiктiк және жылдық жүргiсi жер бетiнен 2 м
биiктiктегi температураның көрсеткiштерiне қарай анықталады. Бұл
температура жүргiстерi ең жоғары және төмен температуралар мәндерiмен
ерекшеленедi. Ең жоғары және төмен температуралар айырмасы температура
жүрiсiнiң амплитудасы деп аталынады.
Ауа температурасының тәулiктiк және жылдық жүргiсi көпжылдық байқаулардың,
өлшеулердiң орталанған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі ауа температурасының жылдық амплитудасы
Ауа температурасының метеорологиялық жағдайы
Алматы және астана қалаларының термикалық режимі
Ауа температурасының тәуліктік және жылдық жүрісі
1986 жылдан 2002 жылдар аралығындағы салқын кездегі Алматы және Астана қалалары бойынша ауа температурасының термикалық режимі
Атырау және Семей қалаларының физика – географиялық сипаттамасы
Ауа температурасының аномалиясы
Ауа температурасының аномалияларының уақыттық жүрісі
Атмосфераның температуралық режимі
Ауа райы. климат
Пәндер