Әлеуметтік жағдайлардың - Адам өмірімен байланысы
1. Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы
2. С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
3. М.Ауезов «Жетім» әңгімесі
2. С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
3. М.Ауезов «Жетім» әңгімесі
Өте көлемді шығарма.Өмірдің барлық өтпелі кезеңдеріндегі шындықтары толығымен бейнеленген. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры, әйел теңсіздігі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтік жағдайлардың - Адам өмірімен байланысы
Орындаған: Алимбай А.А
Тобы: Қ-509
Тексерген: Мамырбеков А.М.
Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Ж.Аймауытов Ақбілек романы
2. С.Торайғыров Қамар сұлу романы
3. М.Ауезов Жетім әңгімесі
Ж.Аймауытов Ақбілек романы
Ақбілек - қазақ прозасындағы ең алғашқы реалистік шындыққа негізделген жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды көркем,бастан-аяқ салиқалы,сабырлы,ұстамды проза үлгісі ретінде жазылған реалистік роман.
Өте көлемді шығарма.Өмірдің барлық өтпелі кезеңдеріндегі шындықтары толығымен бейнеленген. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры, әйел теңсіздігі. Ақбілек романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
Жалпылама алғанда бұл Ж.Аймауытовтың Ақбілек романының тәрбиелік мәні жоғарғы деңгейде жазылған, қазақ халқының қалыптасу тарихын сиппаттайтын шығарма болып табылады. Оқи отыра өзіңе кеңінен әсер қалдыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда бұл кітапты оқымаған жан жоқ деп есептеймін. Моральдық тұрғыда өте құндылықты шығарма. Тәрбие - тал бесіктен демекші бұрынғы заманда жазылған шығармалар бізге белгілі бір дәрежеде тәрбие бере алады.
Осы шығарма барысында девиантты мінез-құлықтар сипаты айқын көрсетіледі.
Жалпы девиант дегеніміз не? Девиант дегеніміз - (лат. Deviatic - ауытқу) адамдардың немесе олардың топтарының барша жұрт мойындаған әлеуметтік әрекет пен қылық нормаларынан ауытқушылығы, яғни бұл - әлеуметтік топтар немесе қоғам тарапынан оған назар аударатын ауытқушылық. Бұл шығарма барысында қай жерде көрсетіледі?- деген сұрақ туындайды. Девианттылық мінез шығармада көп көрсетіледі. Мысалға алатын болсақ Ақбілектің көзінше анасының соққыға жығуы, анасының өлтірілуі ақ гвардияшылардың, Ақбілікке көрсеткен зорлық-зомбылық, әкесінің қызына деген тұрпайы мінез-құлқы, оны жақтырмауы барлығы девиантты мінез құлықты айқындап көрсетіп береді. Осы шығарманы оқи отыра мен девиант мінез-құлқын түсіндім.
Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын қоғамның саяси өмірін танып-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтану жалпы мынадай ұғымдардың негізінде ашылып қарастырылады, ол ұғымдарды атап айтқанда: саясат, саяси билік, саяси қатынастар, саяси мүдделер, саяси әрекеттер мен өзара әрекеттер, саяси прцеттер, саяси институттар және т.б Келесі кезекте Саясат әлеуметтануы жүреді бұл шығармада. Неге саясат әлеуметтануы? Әкесінің билік басындағы ұстанып отырған әр түрлі тараптағы саясаты кіреді. Бірақ ол билік басына қолы жетпейді. Ол бұл жерде саясатының дұрыс жүргізілмеуі болып табылады. Тек Ақбілектің қоғамдағы өмірі сипатталмайды, саяси бағыттада жүргізіледі.
Экономикалық үрдіс қалай жүреді бұл шығармада соны нақтылап өтсем. Экономикалық үрдіс қазақ халқының қалыптасқан дәстүрі бойынша қалың мал принципі экономикалық сипатында жүргізіледі, не болмаса халықтың аймақты басқарып отырған адамға белгілі бір мөлшерде салық төлеп отыратыны сипатталады.
Отбасы әлеуметтануы - отбасыда әлеуметтанудың белгілі бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Бұл барлығымызға мәлім. Отбасы әлеуметтануы шығармада жақсы тарапта көрсетілмейді, себебі Ақбілектің отбасы белгілі бір мөлшерде отбасы болып сақталып қалмады. Анасы ақ әскерлердің зорлығымен өлтірілді, қызын алып қашты, әкесі өзі ғана қалды. Бұл тарапта әкесі белгілі бір күн мөлшерде қиналады, әрине, бірақ одан кейін үйреніп кетеді. Ақбілек қайтып оралғанда әкесін шыбын шаққандай болмайды, себебі қызына қара дақ түскенін білгендіктен әкесі сондай қылық танытады. Қалай дегенмен әкесі қызын қандай жағдайда болмасын қолдау таныту керек еді.
Шығарманың басты кейіпкерлері
* Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
* Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
* Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
* Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.
* Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.
Қорытынды : Адам баласы дүниеге сәби болып келгеннен кейін түрліше өмір сүреді. Яғни өз өмірін қалыптастырушы болып табылады. Ақбілекте осы өмірдің ағынымен ағып келе жатқан қазақтың бір отбасын құраушы жас өспірім қыз еді.Бірақ оның өмірі күрт өзгерді. Дәлірек айтар болсақ:Ақбілек үшін өмірдің мәні де қалмаған еді. Жоғары да айтып өткендей, басынан небір ауыртпалықтар да өтті. Иа бірақ Ақбілек төзе білді. Сонымен қатар ескі қазақ ауылы да түгелдей баяндалады. Халық тұрмысы салт-сана қыздың отбасындағы рөлі және патша үкіметінің көзсіз билігі.
Бұл шығармадан қанда ой түйеміз. Бір сөзбен айтқанда қазақ қыздарының арын сақтап өз ұлтының, ата-анасының атына кір келтірмеу .
С.Торайғыров Қамар сұлу романы
XX ғ. басындағы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті. Қамар Сұлу романындағы Қамардың бейнесін автор: Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Балауыз балбыраған тәні қандай. Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, Толықсып толып тұрған сәні қандай? - деп ақын Қамардың Ойы көркіне сай қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде: Еріткен іші-баурыңды көзі қандай, Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, Қайнамас оны көріп кімнің іші? Алмас қылыш жүзіндей аударылған, Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі. Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, Бойының мінсіздігі оның асып. Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып. Осылайша автор қазақ қызына тән барлық қасиеттерді жырлайды. Қамардың бойына барлық қазақ қыздарының түрлі қасиеттерін біріктіреді. Қамардың бейнесін ашқанда жоғарыдағы асты сызылған күрделі эпиеттерді қолданған. Қамар мен Ахмет Ахметтің Қамарға бірінші жазған хатында: ...Амалсыз арды түйіп қалам алдым, Кеткен соң ғашық оты бойымды алып... ...Шығаршы жүректегі шын сырыңды, Жаутаңдап екі көзді мөлдіретпей. деген өлең жолдарында С.Торайғыров Ахметтің жан-күйін сипаттағанда ғашық оты; шын сыр; жаутаңдаған көз сияқты эпитеттер қолданған. Талпынып, қол сермедім ұшқан құсқа, Болса да жетер ме деп қолым қысқа Негізінен Қамар сұлу романынды қазақ салт-дәстүрлері сынға алынған. Ең көрнекті көрсетілген мәселесі қазақ қыздарының қалымға сатылуы, қыз-әйел баласының өмірде алатын орны болып табылады. Ал жоғарыдағы келтірілген шумақта кедей Ахметтің байдың қызы Қамарға қолы қысқа болса да, ұшқан құсқа қол сермеуі деп мәселенің түп-төркінің дөп басқан. Ұшқан құс, қысқа қол эпитеттеттерін қолдана отырып сол кездердегі әлеуметтік - теңсіздік мәселесінің қозғалғанын байқаймыз. Қамардың Ахметтің хатына жазған жауап хаты: Қарасам, сүйгендіктен қарамаймын, Сүйсем де, сол сөзіне жарамаймын. Арыстан айға шауып мертігіпті, Секірме, қолың жетпес көктегі аймын. Сен шыда, күйіп тұрсың, бір-ақ отқа, Болсаң да қандай қызу жалын шоқта. Аузың айтып, ар жағың біліп тұр ғой Екі оттың арасында тұрғам жоқ па?! Деп Қамар Ахметке қатал да, ойлы хат жібереді. Мұндай хаттың жолдауының себебі Аш бала мен тоқ бала ойнамайды дегендей. Және Ахметтің кедей отбасынан шыққаның ескерсек онда Қамардың данышпандығына сүйсінуге болады. Бұны өлең жолының бірінші шумағынан байқауға болады.Ол өзінің махаббатын болашақта Ахметтің амандығына қияды десе де болады. Бұл хатты алған Ахметтің толғанып Қамарға жазған екінші хаты: Ол рас менен гөрі малың тәуір... Не шара, айтқан сөзім ем болмаса, Сұңқар мен сұқсыр үйрек тең болмаса Сен үшін мұнша қапа болмас та едім: Алды-артым бәрі қысқа кем болмаса. Өз жағдайын осылай бағалайды, бірақ өзінің шың махаббатынан қол үзбейді. Екеу арасындағы сезімдерін ашқан ақ хаттар осылай өтіп жатады. Бірақ Жазмыштан озмыш жоқ дейді ғой қазақ , бірін-бірі сүйген жандардың тағдырына бірге болу жазбаған. Жол айрықта екі жаққа айырылғанмен махаббатары еш өшпейді. Қамарға жорға Нұрым деген бір шал көз салып, оны: Ататай, болдым ғашық мұрыныңа, Көк бурыл иектегі құрымыңа. Кірпідей аяқ-қолы жиырылған, Қосылар күн болар ма тұлыбыма? Қамар сарказммен осылай суреттейді. Бұны сатиралық түрдегі мысқыл да секілді.Бірақ бұл өмірдің қайда апарарын білмейсін ғой. Солай да Қамарды он бепс жасында жорға Нұрымға тұрмысқа шығарады.Кейін Қамар қатты ауыруға шалдығып, күннен-күнге халі нашарлайды. Жорға Нұрым өзінің надандығынан әртүрлі сөзі майлы бақсыларға сеніп, Қамардың жағдайын одан бетер ауырлатады. Қамардың қалған соңғы күндерінде Ахмет Қамарға келеді. Сонда Қамардың айтқаны: Қазақта қыз туған жоқ менен артық, Құлпырдым он бескеше бағым артып, Майысып пісіп тұрған дер кезімде, Малды шал анталады иттей тартып. Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы! Түйрейтін мал менен шал-саған бізі. Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы, Бол себеп ақырында қалмасқа ізі. Естіп жанында тұрған Ахмет естіген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz