Зейнетақы жүйесі туралы



КІРІСПЕ
IБӨЛІМ.ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Зейнетақы жүйесінің мазмұны, қалыптасуы және нарықтағы рөлі
1.2 Зейнетақы реформасының қажеттілігi, бағыты мен бағдары
II.БӨЛІМ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ.
2.1.ҚР Зейнетақы жүйесін реформалау.
2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру.
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ.
3.1 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы проблемалары мен реформалары.
3.2 Зейнетақы жүйесiнiң жұмысын жетiлдiру және оның даму бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Курстық жұмысы тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасындағы жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыздандыратын халықты нарықтық әлеуметтік қорғау жүйесіне алып келді. Жаңа экномикалық - әлеуметтік нәтижелер алып келетін Жинақтаушы Зейнетақылық Қорына жаңа принциптердің енуі ғылым мен практикада жаңа міндеттемелерді туғызды.
Бұл міндеттемелердің жаңашылдығы нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы еңбекке жарамсыз халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, яғни зейнетақымен камтамасыз ету мәселелерінің зертелуінің өзектілігін көрсетеді.Нарықтық жағдайдағы зейнетақы нарығының жаңарылуының өзектілігі зор, өйткені бұл мәселе бүкіл халықты қамтитын мәселе.
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығының құрылуы оның механизмі, принциптері, қазіргі таңдағы зейнетақы нарығының жағдайы, проблемалары және оны шешу жолдары қарастырылған.
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болғандықтан, елдегі зейнетақы жүйесін реформалаудың қажеттілігі артты.
1. ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіНұрсұлтанНазарбаевтің 2006 халыққажолдауы: 3 басымдық- халықтыәлеуметтікқорғау
2. Источник: журнал «Рынок ценных бумаг Казахстана» 2013 г
3. Конституция Республики Казахстан, статья 28. А.: «Борки». 1998г.
4. Ұ.М.Искаков, Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева // Қаржы нарығы және делдалдары. 2010 ж.
5. Тарасов В. Социальный и инвестиционный потенциал негосударственных пенсионных фондов: пути реализации.// Российский экономический журнал.-2011. – №8., стр. 53
6. Тарасов В. Социальный и инвестиционный потенциал негосударственных пенсионных фондов: пути реализации.// Российский экономический журнал. -2011. -№8, стр. 57
7. Н.Н.Хамитов // Банк ісі. 2006 ж.
8. Н.Н.Хамитов // Қазіргі кезеңдегі кредиттік іс. 2011 ж.
9. Информация веб-сайт www pension. almaty. Kz
10. Мәліметтер көздері веб-сайд www.gnpf.kz
11. Мәліметтер көздері веб-сайд www.afn.kz
12. Закон Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республики Казахстан» от 20 июня 1997г. № 136-1.
13. Постановление Правительства Республики Казахстан «Об утверждении Правил удержания и перечисления обязательных пенсионных взносов в накопительные пенсинные фонды» от 15 марта 1999г. №245.
14. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 1999г. №47 об утверждении Положения о Комитете по ергулированию деятельности НПФ Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
15. Аналитические материалы «Агентства РК по регулироваю и нодзору финансового рынка и финансовых организации» май. 2013г.
16. Қазақстан Республикасының статистикалық көрсеткіштері.2013-14 жж.
17. Постоновление Правительства Республики Казахстан от 01.06.99 №683 «Об утверждении программы приватизации и повышения эффективности управления государственным имуществом на 1999-2004годы»
18. 21.Оффицальная информация НКЦБ по накопительной пенсионной системе за 2004-2006
19. А. Умбетов. НПС Казахстана. Стратегия формирования базы вкладчиков \\Деловое обозрение Республика от 8 марта 2004 года
20. Информация от информамационного агенства «Ирбис» по коэффицентам номинального и реального дохода НПФ и КУПА за 2004-2005 года

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Курстық жұмысы тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасындағы жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыздандыратын халықты нарықтық әлеуметтік қорғау жүйесіне алып келді. Жаңа экномикалық - әлеуметтік нәтижелер алып келетін Жинақтаушы Зейнетақылық Қорына жаңа принциптердің енуі ғылым мен практикада жаңа міндеттемелерді туғызды.
Бұл міндеттемелердің жаңашылдығы нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы еңбекке жарамсыз халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, яғни зейнетақымен камтамасыз ету мәселелерінің зертелуінің өзектілігін көрсетеді.Нарықтық жағдайдағы зейнетақы нарығының жаңарылуының өзектілігі зор, өйткені бұл мәселе бүкіл халықты қамтитын мәселе.
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығының құрылуы оның механизмі, принциптері, қазіргі таңдағы зейнетақы нарығының жағдайы, проблемалары және оны шешу жолдары қарастырылған.
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болғандықтан, елдегі зейнетақы жүйесін реформалаудың қажеттілігі артты.
Зейнетақы - бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі. Зейнетақы зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дұрыс өмір сүруінің кепілдік полюсы деп атауға да болады. Зейнетақыға әсер етуші негізгі екі факторды ерекше бөліп қарастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы жүйесін таңдау керек екендігіне көп әсер етеді, олар:
Экономикалық даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздардың ара қатынасы, жаңа жұмыс орнының пайда болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп көңіл бөлу керек.
Демографиялық - халықтың өсу қарқыны, болашақ жұмысшылар мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлінеді.
Әрбір мемлекетте халықты әлеументтік қамсыздандыру бағдарламалары бар. Олар әр түрлі институттарда қолданады, әр түрлі инстументтер, тәсілдер мен әдістерді пайдаланады. Осы жұмыста Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне тоқталып, қаржы секторындағы көрсеткіштер есебіндегі мәліметтер бойынша, Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы көлемі реттеу мен қадағалау, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелерін, таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есебі мен бухгалтерлік балансын және де болашақта зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдылықтарына тоқаталып, оларды саларау. Бұлардың барлығы бұл жұмыстың негізгі мақсаты. Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы Зейнетақы нарығының дамуын тежейтін мәселелер, оған қарсы жүргізіліп жатқан бағдарламаларды анықтау болып табылады.
Міндеттемелері:
- еліміздің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіннің дамуын дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу
- ҚР-ғы Зейнетақымен қамтамасыз ету нарығының даму ерекшеліктерін анықтау
- еліміздің экономикасындағы Жинақтаушы Зейнетақы Қорының экономикалық мәнін, маңыздылығын ашып көрсету
- ЖЗҚ - ң төлемдге жарамдылығын анықтау үшін негізіг жолдарын анықтау
Жинақтаушы зейнетақы қорының дамуы үшін келесідей іс-әрекеттер атқарылуы керек: кепілдік қорының құрылуы (сақтандыру), ЖЗҚ-ң қаржылық жағдайын көрсете алатын білікті мамандарды дайындау.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 2006 қазақстан халқына жолдауында: Халықты неғұрлым әлжуаз топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясатты құру және әлеуметтік саланы одан әрі жаңартудың барынша басым бағыттарын жасау қарастырылған.Сонымен қатар әлеуметті зейнеткерлерінің зейнетақыларын төлеуде орын алған келеңсіздіктер жойылып, онда тиісті тәртіп орнатылуы тиіс деп айтылған.1;3басым
- Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету мәліметтері негізінде оның қазіргі жағдайына жан - жақты талдау жасау арқылы олардың тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар беру болып табылады;
- Барлық операциялар ЗТМО (ГЦВП) арқылы өтеді;
- төлемдер жүйесі;
- зейнетақы жинақтарын біріктіруі;
Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры статистикалық материалдары, отандық және шетел ғалымдардың экономикалық саласындағы әдебиеттері, Қазақстанда және шетелдерде жарыққа шығатын газеттермен журналдары құрады

I БӨЛІМ. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

0.1 Зейнетақы жүйесінің мазмұны, қалыптасуы және нарықтағы рөлі

Зейнетақы - бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі. Зейнетақыны зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дұрыс өмір сүруінің кепілдік полюсы деп атауға да болады. Сондықтан әрбір азамат зейнетақы жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне, оған ай сайынғы жарналарының уақытында төленілуіне өздері мүдделі. Зейнетақыға әсер етуші негізгі екі факторды ерекше бөліп қарастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы жүйесін таңдау керек екендігіне көп әсер етеді,(Сурет 1) олар:
1. Экономикалық даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздардың ара
қатынасы, жаңа жұмыс орнының пайда болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп көңіл бөлу керек
2. .Демографиялық - халықтың өсу карқыны, болашақ жұмысшылар
мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлінеді.
Зейнетақы жүйесін реформалау мақсаттарьнда біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорын Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа өзгертті және жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесін құрды. Жинақталатын жеке зейнетақы қаражаттарын қалыптастыру үшін жинақтаушы зейнетақы корларының екі түрі құрылды: мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы коры (МЕЖЗҚ).
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша кем дегенде алты айлық еңбек стажына ие азаматтар зейнетақыны толыққанды жүйеден де (пропорционалды еңбек стажы бойынша) және егер зейнетақылық жарналарды төлеп отырса, жинақтаушы зейнетақы қордан да алатын болады . Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық төлемдерді төлеуді тоқтатқан кезде, тек 2045 жылға карай ғана орын алуы мүмкін. Бұл кезге дейін азаматтардың басым көпшілігі зейнетақыны Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан да, өздерінің жинақтаушы зейнетақы қорынан да алады.
Әрбір мемлекетте халықты әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары бар. Олар әр түрлі институттарда қолданады, әр түрлі инструменттер, тәсілдер мен әдістерді пайдаланады. Бірақ, осы шаралардың барлығы бір ғана мақсатқа бағытталған-халықты әлеуметтік қорғау, осы бағдарламаның маңызды бөлігі болып табылады. Әсіресе, бір экономикалық жүйеден екінші экономикалық жүйеге өту кезеңінде зейнетақы жүйесін тиімді, әрі дұрыс ұйымдастыру мемлекет экономикасының тығырыққа тірелмей, дағдарыстан кейін экономиканы тез оңалдыруға көп жағдай жасайды. Егер экономикалық дағдарыс ұзақ уақытқа созылса, халық қатты күйзеліске ұшырайды. Осыны болдырмау - әрбір мемлекеттің ең басты мақсаты. Бұл зейнетақы жүйесін қажеттілігінің бір жағын ғана көрсетеді. Зейнетақы жүйесінің басты мәні - халықты әлеуметтік қорғау, қоғамның басты байлығы - адамның өмірін жеңілдетіп, игілігі мен ынтымақтастығына жұмыс жасау.
Жинақтық зейнетақы қорлары - бұл контрактілі-сақтаушы типтегі қаржылық институттары болып табылады, олар ұзақ мерзімді контрактілерге сәйкесті салымшылармен төленетін зейнетақы жарналардың негізінде халықтың сақталатын ақша қаражаттарын тартады. ЖЗҚ-ның ерекшелігі - олар еңбеккке қабілеттілігін жоғалту барысында адамдардың материалдық және әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Зейнетақылық жарналардың салымшылары белгілі бір жасқа келгеннен кейін табыс көзқайнарын қалыптастыру мақсатында зейнетақы қорларының қарыздық міндеттемелерін сатып алады.
Зейнетақы қорлардың дамуы корпорациялардың жоғары маманданған жұмыс күшін тартуға ұмтылысы есебінен пайда болды. Зейнетақы қорлары - жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің орнына зейнетақы міндеттемелерін шығаратын қаржылық мекеме. Зейнетақы төлемдері- зейнетақы төлемдері үшін халықтың, фирмалардың, мемлекеттің салымдары.
Зейнетақы қорларын құрудың негізгі мақсаттары бағалы қағаздарға зейнетақы жарналарын инвестициялау есебінен жұмыскерлерге төлемдер жасау болып табылады. Зейнетақы қорлары сенімгерлік компанияларға, коммерциялық банктерге немесе сақтандыру компанияларына берілу мүмкін. Мұндай сақтандыру қоры сақтандырылмаған деп аталады. Бірақ корпорациялар сақтандыру компаниялармен келісім жасау мүмкін, яғни сақтандыру компаниялар зейнетақы төлемдерін қабылдап, зейнетақы төлемдерін беруді қаматамасыз етеді.Ондай сақтандыру қоры сақтандыратын деп аталады .
Еркін активтерді құрай отырып зейнетақы жарналары зейнетақы қорларында жинақталады. Сондықтан зейнетақы қорларының активтері экономикада маңызды роль атқарады .

1-сурет. Зейнетақыға әсер етуші факторлар

2-Сурет. Зейнетақы қорларының қызметі

Зейнетақы қорлары инвестициялар сияқты экономикада макроэкономикалық және микроэкономикалық қызмет атқарады.(Сурет 2)
Зейнетақы қорларының макроэкономикалық қызметіне :
- Олар инвестициялық ресурстарды тиімді орналастыруға үлес қосады, яғни инвестицияланатын қаражаттың иелері мен қолданушылардың (фирмалардың, компаниялардың, өндірістік ұйымдардың және т.б.) нақты емес ақпарат алу тәуекелдігін азайту есебінен болады. Жинақталған мәліметтер негізінде банк әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық жағдайын құрастырады, сөйтіп қаржылық нарыққа тиімділігі аз және сенімсіз компаниялардың кіруіне жол бермейді. Сонымен қатар банктерде мәліметтер болу есебінен кәсіпорынның шаруашылықты дұрыс жүргізуіне , басымды бағыттар мен қызмет формаларын таңдауына әсер етеді.
-Қаржылық делдалдардың жекеменшік міндеттемелерін шығару экономикаға қажетті және ұсынылатын қосымша ресурстар арасында қарама қайшылықтарды шешеді. Сөйтіп жинақ көлемі ұлғаюы әсерінен ақшаға сұранысы , нарықтағы пайыз ставкалары да төмендейді. Қысқа мерзім кезеңінде инвестициялық сұраныстың өсімі табыстың мультипликативті кеңеюі және жиынтық сұраныстың төмендеуін өтейді. Ұзақмерзімді кезеңде жаңа техника мен технологияға материалданған инвестициялар экономикалық өсудің сапалық және сандық әлеуетін қалыптастырып, өндіріс көлемінің сұраныс және ұсыныс жағдайында ұлғаюының факторы болды .
Зейнетақы қорлары қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа үлес қосатын қосымша әлеуметтік қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Зейнетақы қорларының микроэономикалық қызметіне :
- Халықтың еркін ақша қаражаттарын шығара отырып, зейнетақы қорлары қарыз алушының қажеттіліктеріне сай оларды инвестиция түрінде салады.
-Зейнетақы қорлары көптеген иеленушілердің ресурстарын біріктіргендіктен жаппай инвестициялаудың формасына жатады.Осыдан тәуекелділік деңгейі төмендейді.
- Өндірісті инвестициялай отырып, зейнетақы қорлары олардың кәсіпкерлік белсенділігін қаржылық институт ретінде ынталандырады. Ұзақмерзімді қарыздық міндеттемелерді зейнетақы қорлары (акцияларды, корпорациялардың ұзақмерзімді облигациялары) сатып алғаннан кейін кәсіпорынға қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, инвестициялық қызметті ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерін сатып алғаннан кейін зейнетақы қорлары корпорацияның уақытша ақша қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.Қысқа мерзімді инвестициялар айналым қорларын толықтыру үшін қажет. Сөйтіп зейнетақы қорлары қаржылық делдал бола отырып, кәсіпкерлік секторды несие төлемдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай,инвестициялық сұраныс пен экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейін көтереді .

0.2 Зейнетақы реформасының қажеттілігi, бағыты мен бағдары.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі бағыттары:
1998 жылы Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалауға және ұрпақтардың ынтымақтастығы әлеуметтік қағидатынан дербес зейнетақы жинақтары қағидатына кезең-кезеңімен өтуді жүзеге асыруға кірісті. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қызмет етуінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып жүргізілген реформа нәтижесінде Қазақстанда
- базалық, міндетті (ынтымақты және жинақтаушы) және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерінен тұратын көпдеңгейлі жүйе құрылып, қызмет көрсетеді;
- тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму негізінде зейнетақы бағдарламасын қаржыландыру арттырылды. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсірілді. 14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге (2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнетақы - 10 есеге (3 964 теңгеден 38 765 теңгеге дейін), ең жоғарғысы - 7 есеге (7256-дан 56047 теңгеге дейін) артты.
- жинақтаушы жүйені енгізу және қызмет етуінің практикалық іс тәжірибесі жинақталды;
- азаматтардың зейнетақы жинақтары өсуде. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 3183,2 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қосқанда) 41912 теңгені құрайды немесе жалпы экономика бойынша орташа айлық жалақының 40 % асады.
Келешекте ынтымақты жүйеден зейнетақы төлемдерінің мөлшері азаятын болады (азаматтардың 1.01.1998 ж. дейін жинақталған еңбек стажы азаюына байланысты). Бұл азаю жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін төлемдермен өтелетін болады деп көзделген.
Алайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ұзақ қызмет етпеуі зейнетақымен қамсыздандырудың әлеуметтік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысы 2012 жылғы 27 каңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында және ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкіне жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту шараларын қабылдауды тапсырды.
Қазіргі кезде ҚР базалық , міндетті және ерікті деңгейлерден тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қызмет етеді.
Базалық деңгейде зейнеткер жасына жеткен адамдарға (ынтымақты (01.01.1998ж. дейін) және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқанын ескере отырып)базалық зейнетақы төлемі (БЗТ) төленеді. Ол еңбек стажына және бұрын алған табысына қарамастан, баршаға бірдей мөлшерде белгіленеді.
Анықтама үшін: 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЗТ алатындардың саны 1813 мың адам, оның шамамен 830 мыңы - ынтымақты зейнетақымен қамсыздандыру, 1 млн. адам - аралас (ынтымақты және жинақтаушы) зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысушы. БЗТ мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейіне қарай белгіленеді және ағымдағы жылы 9 330 теңгені немесе ЕТКД 50% құрайды.
Міндетті деңгейде зейнеткерлерге бюджеттен ынтымақты (еңбек) зейнетақы және жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақтаушы зейнетақы төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен кезде (1998 ж.) еліміздің азаматтары үшін оларда 01.01.1998 ж. жағдай бойынша кемінде 6 ай еңбек стажы және 1995 жылдан бастап қатарынан кез-келген 3 жыл үшін жалақысы болған кезде бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Толық зейнетақы тағайындау үшін міндетті еңбек стажы әйелдер үшін 20 жылды және ерлер үшін 25 жылды құрайды.
Зейнетке шығар кезде еңбек өтілі болып, бірақ белгілі бір себептермен табысы туралы мәліметтерді тапсыра алмаған жағдайда ең төмен зейнетақы тағайындалады (ағымдағы жылы 19 066 теңге).
2013 жылы орташа зейнетақы мөлшері (1 наурыздағы жағдай бойынша) 32 582 теңгені, БЗТ ескере отырып - 41 912 құрайды.
Белгіленген жағдайларға қарай ынтымақты зейнетақыны тағайындау және төлеу шамамен 2043 жылға дейін сақталады.
Алайда, әйелдер үшін 2018 жылдан бастап, ерлер үшін 2023 жылдан бастап зейнетақыны есептеуге ұсынылатын еңбек өтілінің қысқаруына байланысты зейнетақы толық емес және үнемі азайып отыратын мөлшерде тағайындалатын болады.
Анықтама үшін: ынтымақты зейнетақы 2012 жылы тағайындалған ынтымақты зейнетақы алушылардың саны 104 мың адамды құрады. Оның ішінде 91,2 мың адамға зейнетақы толық мөлшерде, ал 12,7 мың адамға (жалпы санынан 12% ) толық емес мөлшерде тағайындалған.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан (ЖЗҚ) төленетін жинақталған зейнетақы жалақыдан 10% мөлшерде міндетті зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына төленеді.
Зейнетақы жинақтарының мөлшері зейнетке шыққаннан кейін 18 жыл ішінде (халықаралық стандарт) зейнетақы төлемдері ең төмен мөлшерде зейнетақы төлеуге жететін болса, әйелдер 50 жаста, ал ерлер 55 жаста зейнетақы алуға құқылы.
Егер жинақтың мөлшері аз болса, жинақтау жүйесінің қатысушылары өздерінің жинақтарын аннуитет (сақтандыру) компаниясына ауыстырумен зейнетақы аннуитетін сатып ала алады. Зейнетақы аннуитетінің иесіне зейнеткер қайтыс болған жағдайда мирасқорлық құқығынсыз ең төмен зейнетақы мөлшерінде өмірлік зейнетақыға кепілдік беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан және сақтандыру компаниясынан (аннуитет бойынша) төленетін төлемдер арасындағы айырмашылық ЖЗҚ төленетін төлемдер мирасқорлық құқығын бере отырып, сол құқық аяқталғанға дейін, ал екінші жағдайда - өмір бойы мирасқорлық құқығынсыз жүзеге асырылуынан тұрады.
Қазіргі кезде зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері 376 мың теңгені құрайды. Зейнетақы төлемдері орташа 4 000 теңге мөлшерімен (тұтастай экономика бойынша орташа айлық жалақыдан 4%- ға) шамамен 901 мың зейнеткерге төленді.
Сарапшылардың есебі бойынша кемінде 30 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі болған және зейнетақы жарналарын тұрақты аударған (жылына 12 рет) кезде барабар зейнетақы (жалақыдан кемінде 40% мөлшерде) алуға болады. Осындай стандарттармен салыстырғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін бұрынғы төлемдер аз, бұл екі түрлі себеппен:
жүйенің сәйкесінше жас болуы (оған небары 15-ақ жыл) және зейнетақы жинақтарының инвестициялық табыстылығының төмен болуымен түсіндіріледі.
Бірінші себепке келетін болсақ, онда уақыт жүйені кемелділікке әкеледі, екінші кедергі күрделілеу және ол сақталған жағдайда, осылайша болашақ зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне теріс әсер ететін болады.
Басқаша айтқанда - зейнетақы активтерін тиімді орналастыру және олардың табыстылығын арттыруға қажетті жағдайлар жасау есебінен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру - уақыт еншісінде.
Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғырту бір жағынан, осы өткен 15 жыл ішінде елдің әлеуметтік экономикалық өркендуі, екінші жағынан - азаматтардың 1 қаңтар 1998 жылға дейінгі еңбек өтілімінің кемуіне байланысты ынтымақты зейнетақы жүйесінен (мемлекеттен) берілетін зейнетақының көлемінің азаюы. Макроэкономикалық жағдай.
Жұмыспен қамту серпінділігі, оның ішінде әйелдерді жұмыспен қамту жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) дамуына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады. Егер 1998 жылы халықты жұмыспен қамту деңгейі экономикалық белсенді халықтың 86,9%-ың құраса, бүгінде ол 94,7%-ға тең, ал жұмыспен қамтылған халық саны осы кезеңде 2,4 млн. артты және 8,5 млн. адамды құрайды.
Жұмыспен қамтылған халықтың табысы да артты. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы экономика бойынша соңғы 15 жылда 8 есеге артты және ағымдағы жылғы ақпанда 98 736 теңгені құрады.
Егер, 2001 жылға қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне шамамен 3 млн. жұмыспен қамтылған адам қатысқан болса, олардың ЖЗҚ-ғы зейнетақы аударымдары 53 млрд. теңгені құраса, ал 2012 жылы белсенді қатысушылардың саны 5,7 млн. адамға, зейнетақы аударымдары 507 млрд. теңгеге жетті.
Қазіргі уақытта міндетті зейнетақы жүйесіне (МЗЖ) өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың 50% жуығы қатысып отыр.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы мөлшері 3,2 трлн. теңгені құрады, алайда, зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері бір қатысушыға небәрі 376 мың теңге.
2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің енгізілгеніне 20 жыл толады. Осы уақытта зейнеткер жасына жеткен зейнетақы жүйесінің қатысушылары олардың жүйеге қатысу өтіліне және зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған табыстарына сәйкес зейнетақы алуға құқығы бар. Осы орайда, 20 жаста ЖЗҚ-дан төленетін жаңа зейнетақы төлемдеріне қатысу өтілі болған кезде толық ынтымақты зейнетақы тағайындау тәртібі қолданатын саралау инерциясы да сақталады.
Өкінішке орай, ЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің деңгейі ағымдағы жылдың басында экономика бойынша орташа айлық жалақының (ОАЖ) шамамен 4%-ын ғана құрады. Қалыптасқан жағдайдың себептері зейнетақы жүйесінің айтарлықтай жетілдірілмеуі шеңберінен шығады.
Бұрынғы табыстарды алмастырудың осынша төмен деңгейі, көп жағдайда қор нарығының дамымауына және зейнетақы активтерінің тиімді инвестициялау мүмкіндіктерінің шектелуіне негізделген.
Бүгінгі таңда қор нарығы зейнетақы активтері өспелі ағымын тиімді орналастыруға және қабылдауға дайын емес болып шықты (жыл сайынғы МЗЖ сомасы шамамен 2,5 млрд. АҚШ $ құрайды).
Зейнетақы активтерінің 45,3 % мемлекеттік құнды қағаздарға салынып отыр соның нәтижесінде инвестициялқ табыс инфляция деңгейімен салыстырғанда едәуір төмен.
Анықтама үшін: Латын Америкасы елдерінде (Чили, Бразилия, Аргентина) ЖЗЖ қызмет еткен алғашқы жылдары салушылардың зейнетақы активтері инфрақұрылымдық жобаларда - аэропорттар, автокөлік және темір жолдар, теңіз порттарын салуға инвестицияланды, 10-15 жыл ішінде олардың құнының орны толтырылды.
Ол уақытқа дейін зейнеткер болғандарға және зейнеткер жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі бар (кемінде 6 ай) адамдар үшін ЖЗЖ-ға қалыпты көшуді қамтамасыз ету үшін ынтымақты жүйе сақталғанын атап өткен жөн.
Бұл ретте толық зейнетақы тағайындау үшін әйелдер үшін 20 жыл, ерлер үшін 25 жыл міндетті еңбек өтілі белгіленді.
1998 жылдан бастап ынтымақты зейнетақы 930 мың адамға (зейнеткерлердің жалпы санынан 53%) тағайындалды, олардың 95% толық еңбек өтілінің бар екенін растады, 5% толық емес еңбек өтілі бар. Соңғы жылдары толық емес еңбек өтілі бар зейнеткерлер санының артқаны байқалады: мәселен 2006 жылмен салыстырғанда жаңадан қосылған зейнеткерлердің жалпы санындағы олардың үлес салмағы екі еседен артық артты: айтар болсақ 5%-дан 12%-ға дейін.
Ынтымақты зейнетақы мөлшерінің кемуі 2018 жылға дейін білінер-білінбес болады, одан кейін зейнеткер жасына жеткен барлық адамдарда толық ынтымақты зейнетақы тағайындауға қажетті еңбек өтілінің болуымен байланысты ол өте елеулі болады.
Қазіргі уақытта ынтымақты зейнетақының кемуі болжанған жинақталған зейнетақымен емес, көбінесе базалық зейнетақымен өтеледі.
Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен ерекшеліктері:
Зейнетақы төлемдерін еліміздегі өмір сүру деңгейіне сәйкес өсуін қамтамасыз ету.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін сақтай отырып жүзеге асырылады. қажетті және өзара байланысты өзгерістер базалық деңгейде жүргізілетін болады, ал міндетті деңгейде - ынтымақты және жинақтаушы, және ерікті құрамдас бөліктерде жүргізіледі.
Өзгерістер кезең-кезеңімен кең талқылауға салынады және ашық түрде пікірталас жүргізіледі.
Алдағы өзгерістер тұрғындар мен зейнеткерлердің қандай топтарына бағытталатын болады?
Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінің ерекшелігі барлық және әрбір адамға қатыстытылығында: бүгінгі зейнеткерлерді де, болашақ зейнеткерлерге де, әйелдер мен ер кісілерге; жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздарға, әскерилер және т.б.
Осыған орай, алдағы өзгерістер мемлекеттің, жұмыс берушінің және тікелей азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша қажетті жауапкершілігін көтеруді көздейді.
Жаңғыртуда қолданылатын жаңа тәсілдердің ерекшеліктері өз бетінше жұмыспен айналысатын халықты, әйелдерді, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы адамдарға; жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына қатысты әзірленді.
Зейнетақы жүйесін дамытуға жауапты мемлекеттік органдар
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттарын әзірлеу, оларды іске асыру тетігін, іс-әрекеттерді реформалау және заңға енгізілген түзету қорытындыларына талдау жүргізу, жаңа өзгертулердің енгізілуін бақылауды әзірлеу бөлігіне жауап берін болады.
ҚР президентінің жанындағы кеңес (ҚР Үкіметінің, ХБ өкілдері, қаржылық нарық қатысушылары мен тәуелсіз сарапшылар) - инвестициялық стратегиялар және инвестициялауға арналған тиімді құралдарды таңдап алу жөнінде ұсынымдар әзірлеу саласында жұмыс жүргізеді.
ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін басқаруды және инвестициялауды, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйымдардың инвестициялық стратегияларды іске асыруын бақылауды жүзеге асыратын болады.
Жаңғырту бағыттары
ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілген Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң жобасы аясында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру қарастырылған.
Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссиясымен талқылауға төмендегідей мәселелер енгізілді:
- тұрғындарға ЖЗЖ-нің қызмет көрсету қамтуын кеңейту;
- зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдік жүйесін өзгерту;
- зейнетақы жасын біріздендіру;
- еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың міндетті кәсіптік жүйесінен ерікті жүйеге өтуі.

II-БӨЛІМ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ.

2.1. ҚР Зейнетақы жүйесін реформалау.

Сексенінші жылдардың аяғында басталып, қазіргі кезде жатқан экономикадағы түбегейлі өзгерістерге байланысты әлеуметтік қорғау саласында реформа жүргізу мәселесі еліміз үшін айрықша өзектілікке айналды. Көптеген басымдықтар, бағдарлар, түсініктер өзгерді.
Жалпы халықтық меншіктен мемлекеттік және жеке меншіктің орналасқан түріне, мемлекет тұрпатындағы жалғыз жұмыс берушіден жеке меншік иеленушілікке көштік. Онда жалдамалы қызметшілер пайда болып, олардың мәселелерін шешу орталықтан жүрмей, аймақтық деңгейде реттелді. Мемлекет бүкіл халықтың қорғаушы мен қамқоршылық рөлін атқармады. Тәуелсіздік алған әр елдің айырмашылығы - әлеуметтік өзгерістер моделін таңдауда болды.
Еліміздегі әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін реформалау 1996 жылдан басталды. Қолданыстағы зейнетақы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алғашқы заң шығарушылық бастама көрініс берді. Бірақ зейнетақы жүйесін түбегейлі өзгерту емес ішінара өгерістер ғана көзделді.
Біздің еліміздегі зейнетақы реформасы Чили тәжірибесіне негізделіп жасалды. Ол елдегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалаудың нәтижесі капитал мен сақтандыру нарықтарының дамуымен көрінді. Нәтижесінде Чилиде ұлтық экономиканың едәір өсуіне қол жетті. Қазақстан және Чили зейнетақы реформасын жүргізудің шарттары көбіне ұқсас болып келеді, бірақ бірқатар айырмашылықтар бар. Ұқсас шарттарға реформаланған жүйе шеңберіндегі зейнетақылық сақтандыру табиғаты, зейнетақы төлеуге шығындардың жоғары деңгейі және бірыңай зейнетақы жүйесінің қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз ету, сонымен қатар соңғыны АҚсартудың келешексіздігі жатады. Ал, айырмашылықтары орталықтанған жоспарлаудан нарыққа көшудегі талаптар мен қосымша мәселелердің көптігі, сонымен қатар өтпелі экономикалы жаңа елге зейнетақы жүйесі жұмысшыларын қамту.
Қазақстан демократиялық мемлекет ретінде Чили мысалымен ғана жүрмей, оның капитал нарығындағы жетістіктерін талдамалап, игереді.Сонымен, зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесін реформалаудағы Чили жетістіктерін талдап, жинақтаушы зейнетақы қорларының рөлін жоғарылатуға отандық капитал нарығын дамыту қажет, яғни сол арқылы еліміз экономикалық және әлеуметтік жағынан дамиды. 1997 жылдың наурызында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалаудың жобасы жасалып, баспасөзде жарияланды.Бүкіл халықтық талқылау барысында ескертулер мен ұсыныстар негізінде зейнетақы жүйесіне қосымша құрылым ретінде мемлекеттік жинақтаушы зейнтақы қоры қосылды. Оның құрылуы өтпелі кезеңде халықтық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттырды. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы жаңа заңды Парламент қабылдап, мемлекет басшысы маусым айында қол қойды, ал1998 жылдың қаңтарынан бастап ол күшіне енді.
1998-2001 жылдар зейнетақы реформасы мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Зейнетақы реформасы осы жылдарда елеулі нәтижелерге жетті. 2004 жылдың бірінші сәуірінде зейнетақы қызметтерінің нарығында он алты жинақтаушы зейнетақы қоры болды, оның он үші ашық мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры, екі корпоративті және мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. Жеті зейнетақы активтерін басқару компаниясы. Республиканың барлық облыстарында алпыстан астам филиалдары мен өкілдіктері және жүз отыздан астам жоғары агенттік пункттері бар. Салымшылар саны 4,76 миллион адам, оның 54 пайызы мемлекеттік емес зейнетақы қорына өздерінің зейнетақы жинақтарын салды. Зейнетақы жинақтарының көлемі 200,4 миллиард теңгені құрады.
2006 жылдың бірінші сәуірінде 187,3 миллиард теңге зейнетақы активтері инвестрленді.Бір салымшы жинақтарының орташа сомасы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорында 53,5 мың теңге, ал мемлекеттік жинақтаушы зейнетақыы қорында 28,6 мың теңгені құрады. Жалпы қазіргі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін зейнетақы туралы заң негізінде
Зейнетақы қорлары ақшаны иеленбейді, олар банк-кастодианда сақталады. Қорларға зейнетақы активтері мен жарналарын инвестрлеуге тиым салынған, бұл функция зейнетақы активтерін басқару компаниясына берілген. Қорлар зейнетаақы активтерн басқару компаниясы және банк-кастодианмен келісім-шарт бекітуі тиіс мемлекеттік емес зейнетақы қорлары салымшыларының ақшалай қаражаты қозғалысының құрылымдық - функционалдық сызбасы көрсетілген. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары салымшыларының ақшалай қаражаттары қозғалысының құрылымдық - функционалдық
1-зейнетақы жарналарын транзитті шотқа аударады,
2-қор шотына аударады,
3-қор активтерін алмастыруды мақсатты бақылайды,
4-қор қаражаттарын орналастыруға тапсырыс береді,
5-мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры ның активтері
6-инвестициялық табыс
7-табыс салығынан соң зейнетақы төлемдері,
8-есеп жүргізіп, қор активтерін сақтайды,
9-шот жайы және зейнетақы активтерін басқару коипаниясының қызметтері туралы ақпараттандырады.
Банк - кастодиан, зейнетақы активтенрін басқару компаниясы. Бір-біріне қатысты өз іс әрекеттерінде олар үш жақты кастодиалды келісімнің ережелерін басшылыққа алады, онда әр қатысушы жақтың құқықтары мен міндеттері және барлық туындайтын құқықтық қатынастар толық ескеріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қоры - бұл салымшылардың зейнетақылық жарналарын жинауды және жинақтарды алушыларға төлеуді жүзеге асырушы заңды тұлға. Қор зейнетақылық келісім шарт жасайды, салымшылармен ұдайы жұмыс істейді, түскен зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді және өз салымшылары мен өкілетті мемлекеттік ұйымның алдында есеп беріп отырады. Зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ең маңызды бөлігі, себебі, салымшы тек қормен ғана келісім шартқа отырады. Зейнетақы активтерін басқару компаниясы- жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы заңды тұлға. Зейнетақы активтерін басқару компаниясы айқын инвестициялық саясат жасап дайындайды: жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның нұсқаулары бойынша, қаржы құралдарына инвестициялауға шешім қабылдайды.
Зейнетақы активтерін басқару компаниясы зейнетақы активтерін ұдайы бағалап отыруға, өз жұмысы жөнінде жинақтаушы зейнетақы қоры мен құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия алдында есеп беріп отыруға, сол сияқты жыл сайын және тоқсан сайын өз жұмыстары туралы баспасөз бетінде ақпарат беріп отыруға міндетті. Банк-кастодиан латын тілінен аударғанда кастодиан сақтаушы дегенді білдіреді. Бұл жинақөтаушы зейнетақы қорына клиенттердің сеніп тапсырған ақшалары мен жинақтаушы зейнетақы қоры құнды қағаздарын жауапкершілікпен сақтауға қызмет көрсетуші банк. Банк-кастодиан зейнетақы активтерінің мақсатты орналасуына бақылау жасайды және зхейнетақы активтерін басқау компаниясының тапсырмасы заңға сәйкес болмаған жағдайда оған тосқауыл қоюға, атап айтқанда, оны орындамауға және бұл туралы құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия мен жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлауға міндетті.
Банк - кастодиан зейнетақы активтерін қордалау операцияларының барлығының есебін жүргізеді. Олардың орналасуы мен инвестициялық табысын бақылайды және ай сайын жинақтаушы зейнетақы қорына оның есеп шоттары жайында және зейнетақы активтерін басқару компаниясының жұмысы туралы мәлімет беріп отырады. Жинақтаушы зейнетақы қорының тек бір ғана банк кастодианы мен бір зейнетақы активтері басқару компаниясы болуы тиіс.
Барлық аталған үш құрылым бір бірінен құқықтық тәуелсіз болулары тиіс, ал салымшылар қаражаттарының жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және бұл қаржылардың мақсатсыз жұмсалмауы үшін заңда қарастырылған. Егер зейнетақы активтерін басқару компаниясы немесе банк-кастодиан өз қызметтерін дұрыс атқармаса, жинақтаушы зейнетақы қоры кез келген уақытта олармен бұрын жасасқан келісім шартарды бұзуға құқығы бар. Әрі қарай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа банк кастодианмен және зейнетақы активтерін басқару компаниясымен келісім шарт жасайды.

2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративтік болып бөлінеді. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Корпоративтік жинақтаушы зейнтақы қорлары сол қордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушы қызметкерлері үшін құрылады.
Салымшының заңды тұлғамен-акционермен еңбек шартын бұзуы корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын бұзу үшін негіз болады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары жабық акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілетті органмен келісім бойынша филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері бола алады. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері рейтинг агенттіктердің бір рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалары бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізімі мен минималды рейтингті уәкілетті орган бекітеді.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңінде бірде бір тұлға тікелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар. Мемлекеттік кәсіпорын және мемлекеттің акциялар пакеті мен үлесі бар кәсіпорын, уәкілетті орган рұқсат еткен реттерді қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алмайды. Халықарлық қаржы ұйымдарының (Дүние жүзілік қайта құру және даму банкі сияқты)он пайызтен артық емес. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілейтін, екінші деңгейдегі банктер депозиттеріне жиырма пайызтен артық емес, жинақтаушы зейнетақы қорына жоғарыда аталған қаржы құралдарынан басқа да зейнетақы активтерінің отыз пайызтен артық емес мөлшерде Қазақстан кәсіпорындарының корпоративті құнды қағаздарына,яғни көгілдір фишкалар аталатын акцияларға (Қазақстан қор биржасының А тізіміне тіркелген ірі кәсіпорындардың) сонымен қоса құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның Зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялық қызмет жүргізу ережелеріне сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес құнды қағаздарына инвестиция салуға болады. Жинақтаушы зейнетақықаражатының нақты құны кеміген жағдайда корпоративтік зейнетақы қорларының акционерлері бірдей жауапты болып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша инвестициялық табыс ысырабының орнын толтырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары басқа жинқтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы бола алмайды. Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік тіркеу, сонымен қатар олардың құрылтайшылық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы-ның заңына сәйкес уәкілетті органдардың рұқсатымен әділет орган-дарындажүзеге асырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары атауында Жинақтаушы зейнетақы қоры деген сөздер болуға тиіс. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз атауында ұлттық, орталық, мемлекеттік, үкіиеттік, кепілдік беретін, кепілдік берілген, сақтық, сақтандырушы немесе сақтандырылған деген сөздерді қандай тілде болсада толыық және қысқартылған түрінде пайдала-нуына тиым салынады. Атауда алушының пайдасына жаслатын ин-вестициялардан алынатын табыс ставкасынын сақтандырылуы неме-се оған кепілдік берілуі айтылуға немесе меңзелуге тиіс емес. Мемлекеттік сөзі оның жарғылық қорының жүз пайызі Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі болғанда қолданылады. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруғақұқығы жоқ ешбір заңды тұлға жинақтаушы зейнетақы қоры болып атала алмайдыжәне өзін зейнетақы жарнала-рын тарту және зейнетақы тәлемдерінің жүзеге асыру жөніндегі қыз-метпен айналысушы ретінде сипаттай алмайды. Зейнетақы жарнала-рын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қыз-метті заңдарда белгілегентәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
Атқарушы органның басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиал мен өкілдіктің бірінші басшысы мен бас бухгалтері жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорына жоғары білімі жоқ, заңда белгілеген тәртіппен соттыылығы алынбаған, бұрын сол адамның басшылық еткен кезінде банкрот деп танылған немесе санацияға ұшыратылған, мәжбүрлеп таратылған заңды тұлғада басшы қызметкер немесе лауазымды адам болған, белгілеген тәртіпте біліктілік емтиханын тапсырмаған, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын адам басшы қызметкер бола алмайды.
Жинақтаушы зейнтақы қорының зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға, өзінің қызметі үшін комиссиондық сыйақылар алуға, зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. Жинақтаушы зейнетақы қорларыалушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен зейнетақы төлеуге, жинақтаушы зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға, салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрануы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат беруге, алушының жинақтаушы зейнетақы қаражатының жайын ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы заңдары мен зейнетақы шарттарының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге, алушының өтініші бойынша оның жинақтаған зейнетақы қорынан екішісіне аударуға, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниямен зейнетақы активтерін инвестициялықбасқаруға шарттар жасасуға, бұқаралық ақпарат құралдарындауәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржы есебін және өз қызметі туралы өзге ақпаратты жариялау, бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорына салымдар бойынша табысы жөнінде кепілдіктер немесе уәделер орын алатын ақпараттарды, сондай-ақ заңдармен жариялануға тиым салынған өзге де мәліметтерді жариялауға рұқсат етілмейді, жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
Салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына өндірістік қызметке, құнды қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін құндықағаздармен басқа да қаржы құралдарын қоспағанда, жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен сауда жасауға, сақтандыру қызметіне, зейнетақы активтерін келілге беруге,акциялардан басқа құнды қағаздар шығаруға тиым салынады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігін қамсыздандыру мақсатында пруденциалды нормативтерді бекітеді. Пруденциалды нормативтердің тізімін, олрдың нормативтер мәнін, еептеу әдісін, сонымен қатар есептілік нысанын және ұсыну мерзімін уәкілетті орган бекітеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары заңдарды бұзған жағдайда уәкілетті орган мынадай ықпал ету шараларын қолдануға анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым беруге, жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін қызметтен алу туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым беруге, жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерін қызметтен алу туралы акционерлер алдына меселе қоюға, заңдарда белгілеген тәртіппен айыппұлдар салуға және өндіріп алуға, лицензияны тоқтата тұруға немесе қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті орган өздеріне қатысты ықпал ету шараларын қолданған жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оның іс-әректіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкілетті органның рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қордың корпоративтік түрден ашық түрге қайта құрылуы, өзгеруі түрінде жүзеге асырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қайта құруды жүргізуге құжаттар қоса тіркеледі: жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының оны қайта құру туралы шешімі, қайта ұйымдастырудың көзделіп отырған шарттарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдерін баяндайтын құжаттар, қайта құру нәтижелерінің қаржылық болжамы, соның ішінде жинақтаушы зейнетақықорын қайта құрудың нәтижесінде құрылатынзаңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейінгі есептік балансы. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат алу туралы өтінішті құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
Қайта құрылатын қор уәкілетті органның қайта құруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап екі аптаның ішінде жазбаша хабардар етуі ресми баспасөздерде тиісті жарияланымдар беру жолымен өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабарлауға міндетті.
Уәкілетті органның қорды қайта құруға рұқсат беруден мына негіздердің кез келгені қайта құрылатын қор акционерлері жалпы жиналысының тиісті шешімдері болмауы, көзделіп отырған қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасының ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық инвестициялық портфелі
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Бюджеттен тыс қорлардың қызметтері
Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі
Жинақтаушы зейнетақы қорлары - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары
Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі
Пәндер