Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары жайлы



1.1 МАРКЕТИНГТІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ
ЭВОЛЮЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2 МАРКЕТИНГ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3 МАРКЕТИНГ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА
ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.4 МАРКЕТИНГТІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ ... ... ..

1.5 МАРКЕТИНГТІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.6 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАРКЕТИГТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
МЕН ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
XX ғасыр басында фирмалардың көпшілігі шағын болатын, ал олардың қызметкерлері өзінің клиенттерінің әрбіреуін жақсы білетін. Басқарушылар маркетингтік ақпаратты өздерінің тұрақты клиенттерімен әңгімелесу арқылы жинайтын. Одан кейін одан да ауқымды және сапалы ақпаратты алудың қажеттілігін туғызған үш тенденция пайда болып, күшейе бастады.
Жергілікті деңгейдегі маркетингтен жалпыұлттық ауқымдағы маркетингке көшу. Фирмалар әрдайым өзінің нарығының ауқымын кеңейтіп, оның басқарушылары өзінің клиенттерімен тікелей таныс емес. Маркетингтік ақпаратты жинаудың жаңа жолдары қажет.
Сатып алушылардың мұқтаждықтарынан сатып алушылардың қажеттіліктеріне өту. Табыстың өсуіне байланысты, сатып алушылар тауарды сатып алғанда сол тауарға деген талаптарды жоғарлатады. Сатушыларға сатып алушылардың тауардың әртүрлі сипаттамаларына, рәсімделуіне және тауардың басқа да қасиеттеріне қалайша қарайтындығын алдын ала болжау қиынға түседі. Арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізу қажеттілігі пайда болады.
1. Армстронг Г., Котлер Ф. Введение в маркетинг = Marketing: AnIntroduction. — 8-е изд. — М.: «Вильямс», 2007. — С. 832.
2. Бронникова Т. С., Чернявский А. Г. Маркетинг: Учебное пособие. — Таганрог: Изд-во ТРТУ, 1999.
3. Куртц Д. Четыре эры в истории маркетинга // Наука о рекламе. Котлер Ф., Вероника Вонг, Джон Сондерс, Гари Армстронг Основы маркетинга, 4-е европейское издание = PrinciplesofMarketing: EuropeanEdition 4th. — М.: «Вильямс», 2007. — С. 1200.
4. Котлер Ф. Основы маркетинга. Краткий курс = EssentialsofMarketing. — М.: «Прогресс»/«Вильямс», 1991/2007. — С. 656.
5. Котлер Ф. Маркетинг и менеджмент. — СПб.: ПИТЕР, 1999. — С. 896.
6. Ламбен Ж.-Ж. Стратегический маркетинг Маркетинг: учебник для вузов/Г. Л. Багиев, В. М. Тарасевич, Х.Анн; Под общ.ред. Г. Л. Багиева.-М.: ОАО «Изд-во „Экономика“», 2001. — 703 с.
7. Сэндидж Ч. И. Реклама: теория и практика. — М.: Прогресс, 1989. — 620 с.
8. Эванс Дж. Р., Берман Б. Маркетинг. — М.: Экономика, 1990. — 350 с.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Маркетингтің теориясы және
тұжырымдамалары

0.1 МАРКЕТИНГТІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ
ЭВОЛЮЦИЯСЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

0.2 МАРКЕТИНГ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

0.3 МАРКЕТИНГ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА
ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

0.4 МАРКЕТИНГТІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ ... ... ..

0.5 МАРКЕТИНГТІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... .

0.6 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАРКЕТИГТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
МЕН ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...



КІРІСПЕ

XX ғасыр басында фирмалардың көпшілігі шағын болатын, ал олардың қызметкерлері өзінің клиенттерінің әрбіреуін жақсы білетін. Басқарушылар маркетингтік ақпаратты өздерінің тұрақты клиенттерімен әңгімелесу арқылы жинайтын. Одан кейін одан да ауқымды және сапалы ақпаратты алудың қажеттілігін туғызған үш тенденция пайда болып, күшейе бастады.
Жергілікті деңгейдегі маркетингтен жалпыұлттық ауқымдағы маркетингке көшу. Фирмалар әрдайым өзінің нарығының ауқымын кеңейтіп, оның басқарушылары өзінің клиенттерімен тікелей таныс емес. Маркетингтік ақпаратты жинаудың жаңа жолдары қажет.
Сатып алушылардың мұқтаждықтарынан сатып алушылардың қажеттіліктеріне өту. Табыстың өсуіне байланысты, сатып алушылар тауарды сатып алғанда сол тауарға деген талаптарды жоғарлатады. Сатушыларға сатып алушылардың тауардың әртүрлі сипаттамаларына, рәсімделуіне және тауардың басқа да қасиеттеріне қалайша қарайтындығын алдын ала болжау қиынға түседі. Арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізу қажеттілігі пайда болады.
Баға бәсекелестігінен бағалық емес бәсекелестікке өту. Сатушылар маркетингтің бағалық емес, тауарларға маркалық атауларды қою, жарнама және өткізуді ынталандыру сияқты әдістерді көптеп қолдана бастады. Осы әдістерді қолдануға нарық қалай қарайтындығы туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін кері байланыс жүйесін құру қажеттілігі туындайды.
Бұл қажеттіліктерді іске асыру үшін көптеген фирмалар маркетингтік ақпарат жүйелерін жасайды.

6.1. Маркетингтің мәні, мазмұны және эвалюциясы

Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі ғасырдан астам уақыт созылып келеді. Ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ол, ең алғаш АҚШ - та, содан кейін Европа елдерінде де пайдалына бастады. ХХ ғасырдың 60-жылдары маркетинг ғылымы негізделді және толысқан нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданылды, ал 80-жылдары қызмет көрсету саласына және коммерциялық емес іс-әрекетке де енгізіле бастады.
Маркетинг ұғымы ағылшынның market (нарық) сөзінен шыққан, ал инг жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды. Маркетинг ірі ауқымды өндірістің қалыптасуы және бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайында өнімді өндіру мен өткізуді басқарудың әдісі ретінде бөлініп шықты.
Маркетинг дамуының бірінші кезеңі ХХ ғасырдың басынан бастап 40-жылдардың соңына дейін созылды. Бұл кезеңдегі маркетингтің мақсаты - тауарларды ұтымды өткізу, тездетіп сату және коммерциялық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру болды.
Маркетинг дамуының екінші кезеңі 1960 - 1970 жылдарды қамтиды, осы кезеңде маркетинг тұтынушылардың сұранысына бейімделген басқару теориясы мен тұжырымдамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырыла бастады. Бұл компаниялардың қызметін басқаруды маркетинг қағидалары негізінде жүзеге асыру ғылымының негізін қалады, ол басқарудың нарықтық теориясы деп атала бастады.
70-жылдардың екінші жартысында маркетинг эволюциялық дамуының үшінші кезеңіне аяқ басып, бизнестің философиясына айналады. Нарық құрылымындағы орасан зор өзгерістердің болуы, оның қызмет түрлері мен тауарларға толуы, бәсекелестіктің өршуі, ғылыми-техникалық прогрестің өсуі, маркетинг мәнінің түрленуіне әкелді - оны бәрінен бұрын сыртқы ортаны зерттеу мен оған бейімделудің жолын іздейтін және фирманың барлық қызметін біріктіретін корпоративтік стратегияның элементі ретінде қарастыра бастады.
Маркетинг теориясы экономикалық ғылым жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Маркетингті тереңдетіп зерттеу тек нарық, айырбас, тауар, сұраныс, қажеттілік сияқты экономикалық категорияларының мәнін түсіну негізінде ғана болуы мүмкін. Бұл түсініктер маркетингтің прагматикалық теориясының даму негізі болып табылды.
Нарық түсінігі экономикалық катигориялардың кең тараған түрінің бірі екеніне қарамастан, оның біріңғай түсініктемесі жоқ. Алғашқы кездерде нарық базар, сату орны ретінде қарастырылды. Маркетинг жүйесіндегі нарық - нақты және әлуетті тұтынушылардың жиынтығы. Нарықты өзінің тауарды сатып алу мүмкіндігі және қажеттіліктері бар тұтынушылар құрайды. Сондықтан маркетингтің басты міндеті тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін айқындау және қанағаттандыру болып табылады.
Тауар маркетингтік бүкіл іс-әрекеттің қозғаушы күші, оның төңірегінде маркетингтің саясаты мен стратегиясы жасалады. Тауарға маркетингтік тұрғыдан келу үшін ең алдымен оны тұтыну ерекшелігінің маңызы мен нақты бір қажеттілікті қанағаттандыратын мүмкіндігін ескеру керек.
Тауар - бұл адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын және айырбасқа түсетін өнім. Тауарлар материалды және материалды емес сипатта болады. Тауардың пайдалылығы және оны жасаушылардың барлық жұмсалған күш-жігері маркетинг теориясында маңызды орын алатын айырбас барысында айқындалады.
Айырбас - өндірушілер мен тұтынушылардың баламалы негізде жүзеге асырылатын қоғамдық байланыс түрі. Айырбас жүргізу үшін екі немесе одан да көп жақтардың қатысуы керек, олардың әрқайсысында құндылығы бар тауар және сонымен қатар айырбастауға деген ниет болуы тиіс. Екі немесе одан да көп жақтың құндылықты айырбасқа салуы трансакция немесе мәміле деп аталады.
Мәміле - белгіленген шартқа байланысты тауар мен қызметті іске асыру үшін екі немесе бірнеше жақтардың өзара келісімі.
Маркетинг жүйесінде сұранысты зерттеу - нарықты кешенді зерттеудің басты кезеңі, ол нарықтық жалпылама сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Сұраныс - сатып алу қабілеті бар қажеттілік. Сұраныс адамның қажеттілігін ғана емес, ең басты оның қажетті тауар сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерін де білдіреді. Сұраныстың екі деңгейі бар: жалпы нарықтағы сұраныс және фирма өніміне сұраныс.
Нарықтағы сқраныс - бұл фирма және тауар маркаларының жиынтығына арналған нақты кезең мен нақты мекендегі тауар нарығында қолданылатын жалпы сату көлемі.
Өнімге сұраныс - фирманың нарықтағы үлесіне сәйкес келетін, тауар нарығындағы сұраныс бөлігі.
Сұраныс пен қажеттілік түсініктері арасында тығыз байланыс, айырмашылық және қарама - қайшылық бар екенін атап өтуіміз қажет.
Қажеттілік - мағынасы кең ұғым. Сұраныс қажеттіліктің бір бөлігі және ол тұтынушының сытып алу қабілетін сипаттап қоймайды, сонымен бірге олардың тауарға талғамы мен талабын да білдіре алады.
Өзінің эволюциясы кезінде маркетинг тұжырымдамасы көптеген өзгерістерге ұшырады, соған сәйкес маркетинг мәніне деген көзқарастар өзгерді, оның көптеген анықтамалары туындады. ФРГ-ның Маркетинг институтының мәліметтері бойынша, бүгінгі күні маркетингтің 2000-нан астам анықтамасы бар. Ресейлік ғалым М.Валоваяның пікірінше, маркетинг сөзі құбылмалы, не айтқысы келсе, соны білдіре алады, сондықтан бір ғасырдан астам уақытта ғалымдар оған әр түрлі сипаттағы анықтамалар беруде.
Маркетинг теориясында анықтамалардың екі тобын бөліп көрметеміз, ол: классикалық және осы заманғы. Классикалық түсініктемеде тауарлар мен қызметтерді жылжыту процесіне баса назар аударылады.
Маркетингтің дамуына қарай, ғалымдар мен мамандардың көзқарастары өзгеріп отырады. Ф.Котлер алғашында маркетингті Фирмаға ұзақ мерзімді ең үлкен шамадағы пайданы қамтамасыз ететін, тұтынушыға бейімделген өндірістік-өткізу әрекеті деп сипаттаған болса, соңғы еңбектерінде оны тауарды өндіру, оны тұтынушыға ұсыну және айырбас жолдарымен жеке және топталған тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік және басқару процесі деп көрсетті.
Маркетингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, олардың мазмұнына қарай былай топтастыруға болады.
1. Маркетингті тауарлар мен қызметтерді өткізу және сату ретіндеқарастыратын анықтамалар.
2. Маркетинг менеджменттің маңызды міндеті ретінде қарастырылады, мұнда ол фирманаң өндірістік-өткізу әрекетінің басқару жүйесі деп беріледі.
3. Маркетинг - қазіргі бизнес философиясы, ойлау стилі және тұтынушылардың мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға бағытталған мақсат.
4. Маркетингті адамдардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін зерттеуге және қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік үдеріс ретінде қарастырылатын анықтамалар.
Маркетингтің қағидалары мен әдістері тек өндіріс пен коммерциялық қызметте
ғана емес адамзаттық қызметтің барлық өрістерінде қолданылады. Сондықтан маркетинг объектілері тек қана тауарлар мен қызметтер ғана емес, коммерциялық емес ұйымдар ( Қызыл Ай және Қызыл Крест қоғамы ), жеке аймақтар ( Ыстық көл ), идеялар ( қоршаған ортаны қорғау ) және адамдар да ( әртістер, саяси лидерлер ) бола алады.
Маркетингтің қызметтік және тұжырымдамалық екі жағы бар:
Қызметтік тұрғыдағы маркетинг - ол бұл кәсіпорынның қазіргі нарық жағдайында фирманың маркетингтік қызметін ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін жүзеге асырылатын қызметтер жүйесі.
Маркетингтің классикалық теориясының негізгі маркетинг - микс тұжырымдамасы болып табылыды, оны алғаш рет американ ғалымы Н.Борден ұсынған, кейіннен Дж.Ховард, Б.Фрей, Е.Маккарти, Ф.Котлер дамытқан. Оның негізінде қазіргі кездегі маркетинг тұжырымдамалары қалыптасқан, сондықтан ол классикалық деп аталады.
Мичеган университетінің профессоры Е.Маккарти маркетинг - микс тұжырымдамасын дамыта отырып, 1960 жылы төрт элементтен тұратын 4 Р моделін ұсынды, ол ағылшынша р әрпінен басталатын өнім, баға, орын және жылжыту деген ұғымдардан тұрады. Бұл модельдің ықшамдылығы және сыйымдылығы, оны қабылдаудың қарапайымдылығы, құрылуының логикасы оны теорияда және тәжірибеде маркетингтік өзгермелілерді анықтаудың әйгілі түрі ретінде қолдануға мүмкіндік берді.


Маркетингтік төрт Р

Бұл тұжырымдаманы алғаш рет Дженерал Электрик компаниясы пайдаланған. Көптеген ғалымдардың ойынша, бұл модель шектеулі, объективті экономикалық жағдайлар мен өзгерістерді 4 Р моделіне біріктіру мүмкін емес. Сондықтан шетел ғалымдары маркетинг ұғымын дәстүрлі кешенге ағылшын тіліндегі Р әрпінен басталатын ( people - адамдар, personal - қызметкерлер, packaqe - орама, purchase - сатып алу, probe - зерттеу, мақұлдау, анықтап қабылдау, public relations - көпшілікпен байланыс ) басқа элементтерді енгізіп, осылайша 5Р, 6Р, 7Р, 9Р тұжырымдамаларын ұсынды.
Бұл үлгі элементтерінің санын көбейту қажет емес өйткені жоғарыда атап өткен параметрлер 4Р үлгісі фирманың маркетингтік қызметінде, әсіресе қаржы - қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты фирманың мақсатына жетуге мүмкіндік беретін маркетинг - микстің тиімді құрылымын анықтау маңызды тәжірибелік орын алады. Бұл үлгінің жеке элементтерінің салыстырмалы мәні ұйым типіне, тауар түріне және оған сұранысқа, тұтынушы мінез - құлқына тығыз байланысты.

1.2. Маркетинг тұжырымдамалары

Маркетинг нарықтық экономикалық жүйеде орны бар, ойлау стилі, іргетасты қалайтын қондырғы немесе басқару философиясы сияқты кәсіпкерліктің де ең негізгі тірегі болмақ. Маркетинг тұжырымдамасы фирма қызметінің басты мұраты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның осу мен мол пайда табу мақсатына жетуді көздейді.
Маркетингтің теориясы мен тәжірибесінде мынадай тұжырымдамалар белгілі:
* өндірістік;
* тауарлық;
* өткізу немесе саудалық;
* маркетингтік;
* қоғамдық немесе әлеуметтік - этикалық маркетинг тұжырымдамасы;

Маркетингтік тұжырымдамалар

Тұжырымдамалар
Қолдану шарттары

Мақсаттар
Өндірістік
Сұраныс ұсыныстан елеулі түрде артық; үлкен және тұрақты нарықтың болуы.

Өнімді өндірудің жоғары тиімділігіне жету, бағаларды төмендету.
Тауарлық
Тұтынушының тауар сапасына қоятын талаптары.

Тауарды жетілдіру және оның сапасын арттыру.
Өткізушілік немесе саудалық
Монополия және тауар тапшылығы жағдайы; өнімдерді өткізудің шектелген нарығы.

Өндірілген тауарды сату, өткізу бойынша жоспарды орындау.
Маркетингтік
Тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін білу; мақсатты нарықтың болуы; біріккен маркетинг жүйесін құру.

Бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушы мұқтаждықтары және қажеттіліктерін неғұрлым жақсырақ қанағаттандыру.
Қоғамдық (әлеуметтік-этикалық маркетинг)
Экология мәселелері; әлеуметтік және этикалық мәселелерді есепке алу қажеттілігі.

Фирманың пайда табуы;
сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
қоғам мүддесін ескеру;

Өзара әрекеттесу маркетингі
Тұрақты сатып алушалар мен бизнес - серіктердің бар болуы.
Сатып алушылар мен бизнес - серіктер арасындағы ұзақ мерзімді өзара қатынастарды орнықтыру мен қолдау.

Бұл тұжырымдамалар американдық экономиканың дамуының белгілі бір кезеңдерін, сонымен қатар әлемнің дамыған елдерінде болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістерді сипаттайды. Оларды практикалық іс-әрекетте қолдануға фирманың мақсаттары, тауар түрлері, бәсекелестік артықшылықтардың шығу көздері, маркетингтің шоғырлану дәрежесі нарықтағы бәсекелестік деңгейі сияқты көптеген факторлар әсер етеді.
Маркетингтің өндірістік тұжырымдамасы жаппай өндіріс және жаппай тұтыну дәуіріне сәйкес келеді. Бұл тұжырымдаманың қолдануы мынадай шарттарды талап етеді:
* сұраныс ұсыныстан жоғары;
* халықтың көп бөлігінің табысының төмендігіне байланысты шығарылатын тауарлардың өзіндік құнын төмендету қажеттілігі;
* компания тауарын тұтынушылар саны ұлғайған сайын, өндірістік шығындар төмендейді, ол өз кезегінде нарықтың үлкен үлесін жаулапалуға мүмкіндік береді;
* үлкен және тұрақты нарықтың болуы;

Маркетингтің тауарлық тұжырымдамасы - тауарды жетілдіру және оның сапасын жақсартуды негізгі мақсат деп қояды. Бұл тқжырымдаманың негізгі қағидасы - тұтынушыны өзінің сапалық сипаттамалары бойынша бәсекелестердің ұқсас тауарларынан асып түсетін тауарлар мен қызметтерге бейімдеу.
Өткізу немесе сауда тұжырымдамасы ұйымдарды мынадай мақсаттарды орындауға бейімдейді: өндірілген тауарды сату, сатып алушыларды табу, өткізу бойынша жоспарды орындау. Өндірушілер және сатушылар өз қызметін, маркетингтің барлық құралдары мен тетіктерін қолдана отырып, тауарды өткізуге және сатуға бейімдейді. Осы тұжырымдаманы қолданатын өндірушілер тауарлар тапшылығында және монополия жағдайында жұмыс істейді.
Маркетингтік тұжырымдама қазіргі таңдағы жаңа тұжырымдама ретінде өткен ғасырдың 50-жылдары қалыптасты. Оның мәні мынада: ұйымның табысты қызмет етуінің шартты тұтынушының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау және оларды қанағаттандыру есебінен фирма мен компаниялардың өз мақсаттарына жету. Басты объект - фирманың мұқтаждықтары мен қажеттіліктері бар мақсатты клиенттері. Демек, маркетингтік тұжырымдама - клиенттнрдің мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін өтеуге бағытталған фирма жұмысын бір арнаға біріктіру және оларды бәсекелестермен салыстырғана тауармен тиімді қамтамасыз ету. Маркетингтік тұжырымдаманы Тұтынушы - король!; Клиенттің айтқан сөзі әрқашанда дұрыс деген сияқты ұрандар бейнелейді.
Көптеген компаниялардың мақсыты - пайда табу,ал маркетинг тұжырымдамасы осы мақсатқа клиенттерді қанағаттандыру арқылы жетуге көмектеседі. Тұтынушыларға сатып алған тауары мен қызметтің құндылығы білініп тұрғаны керек және олар сатып алған тауарының сапалы болғанан қалайды.
Қоғамдық немесе әлеуметтік - этикалық маркетинг тұжырымдамасы 80 - жылдардың басында экологиялық және тұтынушылық қозғалыстардың күшеюіне байланысты дамыған. Бұл тұжырымдама мынандай сәйкестендірілген үш факторды пайдалануды талап етеді: олар фирма пайдасы, тұтынушылар қажеттілігі және қоғам мүдделерін қанағаттандыру.

1.3. Макетинг түрлері және олардың Қазақстанда
даму тенденциялары

Тәжірибеге сүйенетін болсақ, маркетингтік үдеріс тігінен де, көлденеңінен де жүзеге асырылады. Осының негізінде маркетинг түрлерін жіктеу белгілері арқылы жүйелендіруге болады. Ғылыми - теориялық негіздерді талдау және синтездеу негізінде сонымен қатар маркетинг тәжірибесіне сүйеніп, біз жіктелу белгілерін қолдана отырып, маркетинг түрлерін жүйелендірдік.
Экономикада пайдалану деңгейіне байланысты маркетингті макро және микромаркетинг деп бөлуге болады.
Микромаркетинг теориясының эволюциясын талдаған Дж.Шит, Д.Гаррет сияқты американдық ғалымдар оның пәні ретінде фирманың маркетингтік қызметі мен қоғамның өзара қарым-қатынасын есептейді, ал 60 - 80 жылдары аралығында оған көп назар аударылуы себебін сол кездегі қоғамның әлеуметтік және экономикалық өмірінде кәсіпкерлік пен бизнес ролінің артқандығымен түсіндіреді.
Микромаркетинг қажеттіліктерді қоғам деңгейінде талдауға және олардың тауарлық нарықтардың дамуына ықпалын анықтауға мүмкіндік береді. Сол себепті макромаркетинг мәселелері микромаркетингке қарағанда, қоғам мүдделеріне негізделіп және жалпы экономикалық жүйе деңгейінде қарастырылады.
Маркетингтің макродеңгейде дамуын тауар және қызмет маркетингі деп, екі бағытта ажыратып көрсетуге болады. Маркетингтің қолдану аумақтарын жүйелей отырып, оның қолданатын негізгі салаларына сәйкес: өнеркәсіп, тұтыну, қызмет көрсету және коммерциялық емес деген түрлерін бөліп көрсетуге болады. Осылардың әрқайсысына сәйкес нарықтардағы маркетингтік қызметті сипаттайды.
Нарықтық экономика жүйелеріндегі маркетингтің ең дамыған түріне тұтыну маркетингі жатады. Ол тұлғалар мен отбасыларынан тұрытын түпкі тұтынушылар және фирмалар арасындағы қызмет өрісін қамтиды.
Қазақстан экономикасындағы қызметтердің келешегі шағын және орта бизнестің , қоғамдық тамақтану мен қонақкүй шаруашылығы саласындағы бірлескен кәсіпкерліктің, делдал - коммерциялық қызмет, көтерме және бөлшек сауданың жаңа нышандарының, халықаралық туризмнің дамуына байланысты. Осыған байланысты қызмет сектроы кәсіпорындарының саясаты мен стратегиясын әзірлеп, іс - жүзіне асыру құралы ретінде қызмет көрсету маркетингінің ролі арта түсуде.
Қызмет көрсету саласының қарқынды дамуы және осы нарықтағы бәсекелестіктің өршуі қызмет көрсету маркетингінің пайда болуына әкелді. Оның тәсілдері мен әдістері, қағидалары тауарлар маркетингімен ұқсас болғанымен кейбір айырмашылықтары да бар.
Жүзеге асыру шекараларына байланыстымаркетингтің ұлттық, халықаралық, ғаламды деген түрлері бар.
Әр мемлекеттің экономикасының даму тиімділігінің шарты - бұл маркетингті ішкі және сыртқы нарықтарда қолдану. Ішкі маркетинг екі аспектіде қарастырылады: ұлттық нарыққа мемлекет ауқымында және фирма ішіндегі жүзеге асырылатын маркетинг.Соңғысы фирманың клинттерін және өз қызметкерлерін нарық субъектісі ретінде қарастырып бейімдеуін көздейді. Қазақстандық кәсіпорындарда өз қызметкерлері ішкі маркетинг бөлігі ретінде әзір қарастаралып жатқан жоқ.
Әлемдік экономиканың ғаламдану жағдайында халықаралық маркетигтің әдістері мен қағидаларын пайдалану өзекті мәселе болуда. Ішкі маркетингке қарағандда, халақаралық маркетингтің әр елдің ұлттық, экономикалық және саяси ерекшеліктеріне байланыстыжүзеге асыру өзгешелігі бар.
Тұлғалық немесе эго - маркетинг - нақты тұлғаға қоғамның оң көқарасын тудыру және оны демеуге бағытталған қызмет. Саяси қайраткерлер, әртістер, спортшылар және бизнесмендер өзінің танымалдылығын және имиджін көтеру мақсатында маркетинг әдістерін қолданады.
Қазіргі кезде маркетингтің маңызды түрі - идеялар маркетингі. Маркетинг жүйесінде идея тауар ретінде қарастырылады және әлеуметтік маркетинг түсінігімен тығыз байланысты болады.
Өндірушінің тұтынушымен байланысына қарай тікелей және желілік сияқтымаркетингтің екі түрін айқындаймыз.


4.4. Маркетингтің қағидалары және қызметтері

Фирманың өндіру - өткізу қызметін басқару жүйесі рктінде маркетинг нақты қағидаларға негізделеді. Оларды білу, тәжірибеде дұрыс қолдану фирма басшыларына тұтынушының сұранысын өз уақытында айқындап, тауарларын олардың қажеттіліктері мен талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Қағида - теория мен ғылымнан шығатын ұйғарымдардың негізі немесе кез келген жүйенің негізгі ережесі болып табылатын тұрақты заңдылық. Маркетингтің қағидалары - маркетинг дамуының тұрақты заңдылығын сипаттайтын негізгі ережелер.
Маркетингтің мынадай қағидаларын бөліп көрсетуіміз керек:
1. Тұтынушылардың мінез - құлқын және талаптарын үнемі зерттеу.
2. Сұраныс пен қажеттіліктің өзгермелі серпініне өндірістің тәуекелділігі немесе өндірушінің тұтынушылық сұранысқа бейімделуі.
3. Сұранысты қалыптастыру және ынталандыру.
4. Түпкілікті нәтижеге жетуге ұмтылу.
Маркетингке жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру мен бақылау сияқты кез келген басқарудың функцияларымен толықтырылып, нақтыланып отырады:
oo Нарықты маркетингтік тұрғыдан зерттеу;
oo Маркетингті жоспарлау;
oo Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру;
oo Тауарлық саясаттың жүзеге асуы;
oo Баға саясатының қалыптасуы;
oo Кәсіпорынның сату саясаты;
oo Өнімнің жылжуы мен коммуникациясын ұйымдастыру;
oo Кәсіпорынның маркетингтік қызметін бақылау;

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Маркетингілік ақпарат жүйесі[өңдеу]
Жоспарлауды жетілдіру, маркетингілік шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау мақсатымен адамдардың өзара байланысының және маркетинг саласындағы өкімгерлер дер кезінде пайдаланатын көкейтесті, дәл ақпаратты жинауға, сыныптауға, талдауға, бағалауға және таратуға арналған жабдық пен әдістемелік тәсілдердің тұрақты қолданыстағы жүйесі. Маркетингіні басқару жөніндегі міндеттерін орындау барысында басшылар ұлан-ғайыр ақпаратқа ділгер болады.

Жақсы жоспарланған Маркетингілік ақпарат жүйесінің құрамы, әдетте, оның төрт құрамдас жүйесінен (бөлігінен) тұрады.
Біріншісі -- ішкі есеп-қисап жүйесі, ол ағымдағы өткізудің, шығын сомасының, материалдық босалқы қорлар көлемінің көрсеткіштерін, қолма-қол ақша қозғалысын, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы деректерді көрсетеді.
Екіншісі -- сыртқы ақпаратты жинау жүйесі, мұнда көздер мен әдістемелік тәсілдер жиналады, олардың көмегімен басшылар коммерц. ортада болып жатқан оқиғалар туралы күнделікті ақпарат алып отырады.
Үшіншісі -- маркетингілік зерттеулер жүйесі, мұнда кәсіпорынның (фирманың, компанияның) алдында тұрған маркетингілік жағдаймен байланысты қажетті деректер шеңберін жүйелі түрде анықтау, өткізімді талдау, бәсекелестердің тауарларын зерттеу, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжау, жаңа тауарға сатып алушылардың қалай қарайтынын, баға саясатын, т.б. зерделеу қамтылады.
Төртіншісі -- маркетингілік ақпаратқа талдау жасау жүйесі, мұнда деректерді өңдеудің осы заманғы әдістемелері, рынокқа қатысушылардың маркетингілік шешімдер қабылдауын жеңілдететін үлгілер пайдаланылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Маркетингілік бақылау[өңдеу]
Маркетинг жоспарларының іске асырылуын тексеру мақсатымен нәтижелерді бақылау‚ есептеу‚ талдау. Үш тұрпатқа бөлінеді: кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау‚ пайдалылықты бақылау -- тиімділікті талдау‚ стратег. бақылау -- маркетингіні тексеру.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Маркетингілік зерттеу[өңдеу]
Қайсыбір жергілікті тауар рыногінің жай-күйін, даму беталысын, әдетте, өнімді тұтынушылардың кездейсоқ таңдалған тобының пікірлерін қорытындылау негізінде зерделеу; маркетингтің аса маңызды атқарымы. Маркетингілік зерттеу рынокты зерттеумен ғана шектелмейді, жаңа тауар идеяларын іздестіруден бастап оны түпкілікті тұтынушының пайдалануына дейінгі бүкіл маркетинг үдерісін қамтиды. Маркетинг қызметінің барлық түрлері мен салалары, тауар, рынок, өнімнің түр-түрі, өткізу мен бөлу арналары, іске асыру әдістері, жарнама, өткізуді ынталандыру, т.б. тиісінше зерттеледі. Осыған орай кез келген Маркетингілік зерттеу бес кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде мәселе дәл айқындалып, зерттеу мақсаты алға қойылады. Екінші кезеңде ақпарат жинау жоспары әзірленеді. Үшінші кезеңде ақпарат жиналады. Зерттеу пікірлерді анықтау нысанында не топтық талқылау нысанында жүргізілуі мүмкін. Төртінші кезеңде жалпылама көрсеткіштерді құрастыру, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтау үшін жиналған ақпаратқа талдау жасалады. Бесінші кезеңде зерттеулер мен ұсыныстардың негізгі нәтижелері сарабдал шешім қабылдау және кәсіпорындардың тауар рыноктарындағы іс-әрекетінің стратегиясын айқындау үшін кәсіпорындардың басқарушыларына беріледі.[[1]]
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Маркетингілік қызмет[өңдеу]
Кәсіпорынның (фирманың‚ кәсіпкердің‚ т.б.) сұранымды‚ бағаны‚ жарнаманы пайдалануға, өндірісті ынталандыруға‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне белсенді ықпал жасайтын қызмет көрсетудің техникалық түрлері мен басқа да түрлерін қолдануды жан-жақты зерделеу мен болжауға байланысты қызметі. Кәсіпорын өнімнің (тауардың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингтің туризм индустриясында маңыздылығы
Маркетингтің мәні
Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы туралы
Маркетинг түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары
Маркетинг тұжырымдамалары
Маркетинг
Тауар сапасын арттыру концепциясы
Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары
Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Пәндер