Мектеп жасына дейінгі балаларды қоғамдық тәрбиелеу



І. Кіріспе
1. Жобаның қысқаша негіздемесі 3
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері 4
3. Күтілетін нәтижелер 5

ІІ. Жобаның негізгі мазмұны
1. Теориялық негіздемесі. 6
2. Жоба өнімінің сипаттамсы 7
3. Жобаны жүзеге асыру іс . әрекетін жоспарлау 11
Қорытынды 12

ІІІ. Жоба тиімділігін бағалау критерийлері. 13


ІҮ. Жобаны тиімді бағалауда кездесетін кедергілер 13

Ү. Глоссарий 14

ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі 15

ҮІІ. Қосымша 16
Қазақтың ұлттық ойындары негізінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру қоғамның экономикалық мәдени, саяси және басқа да сұраныстарына жауап ретінде көрінеді, сондықтан да патриоттық тәрбие әлеуметтік организмге тән барлық толып жатқан компоненттер базасында париоттық тәрбие қалыптасады.
Ал, қандай да болмасын жеке адам белгілі бір ұлт өкілі болғандықтан, оның генетикалық, әлеуметтік негіздерін этнопедагогика мен этнопсихология ғылымдары қарастырады. Жеке тұлғаның екі жоспарда талдану қажет, іс - әрекет жоспарында және оның дамуын көрсететін, тұлға сапасы мен қасиеттерінің өзгеру жоспарында.
Тұлғаны әр түрлі іс - әрекет түрлеріне дайындау мақсатында оны жан – жақты дамытумен және оны қалыптастыру мәселесімен айналысатын болғандықтан, этнопедагогика үшін бұл бағыттың маңызы өте зор.
1. ҚРМЖМББС 2009ж. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, Астана. Ресми басылым.
2. «Зерек бала» 3 – 5 жасар балаларға арналған бағдарлама.
3. Білім технологиялары, № 6, 2006ж.
4. Ұлт тәрбиесі. № 8, 2009ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе

1. Жобаның қысқаша негіздемесі
3
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері 4
3. Күтілетін нәтижелер 5

ІІ. Жобаның негізгі мазмұны
1. Теориялық негіздемесі.
6
2. Жоба өнімінің сипаттамсы
7
3. Жобаны жүзеге асыру іс - әрекетін жоспарлау 11
Қорытынды 12

ІІІ. Жоба тиімділігін бағалау критерийлері. 13

ІҮ. Жобаны тиімді бағалауда кездесетін кедергілер 13

Ү. Глоссарий 14

ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі 15

ҮІІ. Қосымша 16

І. Кіріспе
1. Жобаның қысқаша негіздемесі

Қазақтың ұлттық ойындары негізінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру
қоғамның экономикалық мәдени, саяси және басқа да сұраныстарына жауап
ретінде көрінеді, сондықтан да патриоттық тәрбие әлеуметтік организмге тән
барлық толып жатқан компоненттер базасында париоттық тәрбие қалыптасады.
Ал, қандай да болмасын жеке адам белгілі бір ұлт өкілі болғандықтан,
оның генетикалық, әлеуметтік негіздерін этнопедагогика мен этнопсихология
ғылымдары қарастырады. Жеке тұлғаның екі жоспарда талдану қажет, іс -
әрекет жоспарында және оның дамуын көрсететін, тұлға сапасы мен
қасиеттерінің өзгеру жоспарында.
Тұлғаны әр түрлі іс - әрекет түрлеріне дайындау мақсатында оны жан –
жақты дамытумен және оны қалыптастыру мәселесімен айналысатын болғандықтан,
этнопедагогика үшін бұл бағыттың маңызы өте зор.
Бұл порцесте тұлғаның ой – санасын тың мәліметтермен кемелдене түседі,
сезімі ұшталып, бойында рухани қажеттенулер пайда болып, белгілі бір іс -
әрекеттерге итермелейді. Сондықтан, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу
барысында алдымен патриоттық білім беруп, патриоттық сана қалыптастыру,
паориоттық сезімін оятып, патриоттық іс - әрекетке бейімдеу қажет. Мұнда
патриоттық сананы тұлғаның ішкі жан дүниесінің қозғалыстары деп
қарастыратын болсақ, ол сезімнен және іс - әрекеттен көрініс береді.
Педагогика, психология, философия, әлеуметтану тағы басқа ғылыми
әдебиеттердегі патриотизмге қатысты ой - пікірлермен бірге, мерзімді
басылымдардағы жекелеген ғалымдарың мақалаларын зерделеу барысында біз
балаларды патриотизмге тәрбиелеудің бағыттарын нақтылау қажет екендігіне
көз жэеткіздік.
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарын зерттеп, алғаш рет жүйелеген
ғалым - М. Гурнер.
Ол өзі жинаған қазақ халқының ұлттық ойындарын ескере отырып оларды
мынадай белгілері бойынша саралауды ұсынады:
- жалпы сипаттағы ойындар;
- кедергі және күрес элементтері бар ойындар;
- ашық жердегі ойындар;
- қысқы уақыттағы ойындар;
- демалысқа арналған ойындар;
- ат спорты ойындары.

Ұлттық ойындарға оң бетбұрыс жасап жатқан қазіргі кезеңде әр іс -
әрекетімізді ортаазиялық, тіпті дүниежүзілік деңгейге лайық етуіміз керек.
Ұлтымыздың қанына тән, салт – дәстүрімен бірге сақталып келген сан ғасырлық
тарихы бар қимыл – қозғалыс және ақыл – ой ойындарының ерекшелігін, маңызын
ұрпаққа жеткізу - әрбір азаматтың борышы.
2. Жобаның мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Балабақшаның оқу – тәрбие үдерісінде ойынды пайлану арқылы жас ұрпақтың
бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Оқу – тәрбие үдерісінде ойын технологиясын пайдалану арқылы
жалпыадамзаттық құндылықтарды бала бойына сіңірудің тиімді тәсілдерін
қарастыру;
2. Ұйымдастырылған оқу – іс - әрекетінде қолданылатын ойындардың
гуманистік жақтарын қарастыру;
3. Әр жас кезеңіне сай ойын түрлерін іріктеу, оқу – тәрбие үрдісінде
тиімді қолданудың жолдарын жүйелеу;
4. Ойын технологиясын қолдану арқылы рухани бай тұлға қалыптастыру.

3. Күтілетін нәтижелер

- Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оқу – тәрбие үдерісіне
ойын технологиясын қолдану мүмкіндіктері айқындалады;
- Ойын арқылы баланы жан – жақты қалыптастыру жолдары, жұмыс
формасы, әдіс – тәсілдері айқындалады;
- Ойын технологиясын қолдану арқылы рухани бай тұлға
қалыптасады.

ІІ. Жобаның негізгі мазмұны
1. Теориялық негіздемесі.

Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда, Өнерлінің өрісі кең
деген халық даналықтары өте дәл айтылған. Бүгінгі қазақ жастары қандай
өнерді таңдап алып, соған ден қоямын десе де мүмкіндігі мол. Бірі – күштің
толысуына әсер етсе, екіншісі – жылдамдықты, үшіншісі – табандылықты,
төртіншісі – адами қасиеттерді қалыптастырады.
Жерде жатқан жұмыртқа, аспанда ұшқан құс болар дегендей, келешек
ұрпаққа ұлтымызда, салт – санамызда, дәстүрімізде, ұлттық ойындарымызда
ерекше тәрбиелік, парасаттылық аспектілері мол екенін дәлелдеуіміз керек.
Қазақ халқының әдет – ғұрыптары негізінде дамыған алуан түрлі ұлттық
ойындары көшпелі өмірге, дала табиғатына сай дами берді. Әр түрлі өнер
белгілі бір жүйеленген ортада көріне алмағандықтан, театры жоқ елдің театр
орнына көретін сауығы – еңбек мерекелері мен қыз ұзату, бала сүндеттеу, ас
беру сияқты шаралардың арқайы ән мен күй, драмалық элементке жататын
халық ойындары болғаны да даусыз.
Қазақ халқының тіршілігенде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) маңызды
орын алды. Хайуанаттар жайындағы ұлттық ойындар балаларға тәрбиелік әсер
етіп, олардың көңілін сергек етіп өсіреді. Қиын қыстау жерлерде жол тауып,
тапқырлықпен, ептілікпен өз есесін қайтаруға үйретеді.
Көбінесе, жасөспірімдерді ынтықтыратын: Аңшылар, Қара сиыр, Түйе -
түйе, Түйе мен бота, Соқыр теке, Қораздар сайысы, Ордағы қасқыр,
Қасқыр мен қоян, мысық пен тышқан тәрізді ойындар.
Балаға бірінші рет кездескен ойынның бәрі де жаңалық, бәрі де ғажап
дүние. Сол күлкілі кейіпкерлердің өмір сүру, өмірге икемдену жолындағы
қақтығыстар және өөге жан иелерімен қарым – қатынастары, айла – тәсілдері
таң қалдырады. Кішкентай, әлсіз тірлік иелерінің өмірге икемлірігін,
жеңгіштігін көрсету, ойнап шығу балаларға арналған халық ойындарының ең
қызық тұсы. Бұл ойындар балалрдың незер аудару және бұлшықеттің ширығу
дәрежесін үйретеді: ойнның қалыптасқан жағдайына байланысты ол қимылды
тынығумен кезектестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге,
қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан
жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабыодап, оны жүзеге асыру, батылдық,
ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптатсыруға
көмектеседі.
Әрбір қимыл – қозғалыс ойынында дерлік балалардың ойын әрекеттері мен
қимылдарын өзгертуге берілері сигналдар борлады. Мұндай ширақ қимыл -
әрекет еліктіру және тежеу үрдістерін жетілдіре және теңестіре отырып,
баланың жүйке жүйесін шынықтырады.

2. Жоба өнімінің сипаттамасы

Қазақтың ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарын баланың жеке басын
тәрбиелеудің оларыдң адамгершілік қасиеттерін: адалдығын, шыншылдығын.
Ұстамдылығын, тәртіптіліні, жолдастық сезімін дамытудың бағалы құралы
ретінде пайдалана аламыз.
Әртүрлі дене тәрбиесі жаттығуларының ішінде ойынның артықшылығы оның
ерекше тартымдылығынан, балалардың күшін жұмылдыратын, қуаныш пен қанаған
сезіміне бөлейтін әсерлілігінен, ірі бұлшықеттердің (жүгіру, секіру,
лақтыру) айтарлықтай бөлігінің жұмысына көмектесетін қозғағыштық қызметінен
қимылдың қарқыны мен күш – қуатын балалрдың өздерінің реттей білу
мүмкіндігінен жеке бастаманың және батылдық, тәртіп, тапқырлық, т.б.
психологиялық қасиеттерді дамытуынан деуге болады.
Қимыл – қозғалыс ойындары тірек – қимыл аппаратын дамыту және жетілдіру
жолымен ағзаны күшейтуге көмектеседі. Ұлттық ойындар балаларды әдептілікке,
ұқыптылыққа, тәртіпке, әрекетті жинықтауға және жоспарлауға үйретеді.
Жолға салсаң – жорға, жонға салсаң жүйрік, Ат шаппайды – бап
шабады, Жалғыз шапқан ат жүйрік деген даналық сөздерден бірталау мағына
ұғынуға болады. Ертедегі қазақ жерінде көрші екі ауылың арасында жылына он
– он беске дейін ат ойындарының барлық түрлері өткізіліп тұрған.
Әр баланың ережені жете түсінуін және міндетті түрде орындауын
ересектердің талап етуінің шешуші маңызы бар. Тәрбиелік ықпал етудің
әсерінен балаардың ойын үрдісіне көзқарасы біртіндеп өзгереді. Ойын
әрекеттері мен ережелерін барынша дәл орындауға қызығуы мен ұмтылысы пайда
болады. Ережене әдейі емес, кездейсоқ бұзудан көрінетін, оны орындамау
себебі де өзгереді. Мұндайда бала өзі жіберген қателікті сол бойда
түзеткісі келеді.
Сөйтіп, ойнау барысында жүйнелі, байыпты түрде балаларды ереженің
қоғамдық маңызын жете түсінуіне жеткізетін бұл қасиеттері жеке адамның
адалдық, әділеттілік, достық, батылдық, өзін - өзі басқару, табандылық,
жігерлілік сияқты ең жақсы жақтарын қалыптатсырудың тиімді құралына
айналады.
Ұлттық қозғалмалы ойындарымыз баланың ақыл – ойын, қиялын, есте
сақтағыштығын, тапқырлығын дамытуға көмектеседі.
Апандағы қасқыр, Батыл балалар, Аңшылар және т.б. ойындар балалрдың
аралықты көзбен мөлшерлеп, бағалауға сүйеніп және қимылды орындау уақытын
ескеріп, әрекет теудің ең жақсы әдісін өз бетінше таңдап алу қабілетін
қалыптасрыады. Бытыраңқы, тез қимылдап келе жатқан балалардың арасында
баланың бағдар ұстай білуі өте маңызды. Ойын кезеңінің үздіксіз өзгеруіне
орай, қас – қағым сәттік сезімнің қажеттілігіне байланысты неғұрлым күрделі
болады. Алайда, ойындарды қайталау сәтінде есте сақтағыштығы жақсы жетілген
ойыншылар бұл дағдыны ойдағыдай игереді.
Мектепке дейінгі балаларды әлеуметтік адамгершілікке тәрбиелеу
адамдармен өзара қарым-қатынаста дұрыс бағдар беруге, дұрыс іс-әрекеттер
мен әдет-дағдылар туралы, керісінше, жарамсыз мінез-құлық туралы алғашқы
көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.
Мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балаларды әлеуметтік адамгершілікке
тәрбиелеудің міндеттері:
- Балалардың жақын адамдарына, үлкендерге, құрбыларына жақсы
қарым-қатынасын дамыту, айналасындағыларға жағымды қарым-
қатынастың тууына ықпал ету, ата-анасына сүйіспеншілігін,

тәрбиеші мен құрбыларына жақын болуы, т.б.
- Жақын адамдарының, құрбыларының ертегі кейіпкерлерінің,
жағдайларына қайрымдылық сезімін ояту, аяушылық білдіру,
аймалау, жағымды сөздер айту, жұбату т.б.
- Мәдени мінез құлық пен қарым-қатынастың қарапайым ережелерін
орындауға үйрету, үлкендердің үйретуі бойынша сыпайы
сөздермен: рахмет, жарайды, сәлеметсіз бе?, қайырлы
түн, ал өтінішін жайлы үнмен жеткізу т.б.
- Мәдени гигиеналық дағдыларды игеруге дұрыс көңіл бөлуге
тәрбиелеу, өзін-өзі қамтамасыз етуде дербестігін дамыту.
- Балаларды балабақшада, көшеде, қоғамдық орындарда мәдени құлық
ережесіне сәйкес өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
- Балалардың айналасындағыларға қарым-қатынастың адамгершілік
нормалары жөнінде көз қарасын қалыптастыру, жақсылық ойлау,
әділдік, шыншылдық т.б.
- Адал сезімге тәрбиелеу нақтылыққа, сезімталдыққа, әділеттікке
т.б.
- Бейтаныс құрбыларымен, үлкендермен жақсы қатынаста болуға
үйрету.
- Баланың өзінің аты-жөнін, тегін, мекен жайын, ата-анасының,
жанұяның басқа мүшелерінің аты-жөнін білуі, ат, жас, ата
– ана, жанұя деген сөздердің мағынасын түсіне білгені жөн.
- Жолда жүру ережесінің кейбіреулерімен таныстыру керек, көшеден
өткенде үлкендермен бірге, арнайы өтетін жерден бағдар шамның
жасыл шамы жанғанда өту керек.
- Балаларды халық дәстүрін, батырлар ескерткішін құрметтеуді
үйрету.
- Туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Тәрбиедегі басты мәселе балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, яғни
өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, ол
үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы әр адамның құндылығын және даралық
ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі және өзіне сырт
көзбен қарап, өзінің көңіл күйін, атқарған іс-әрекетінің себебін түсініп,
істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беру тиіс. Тәрбиені ізгілендірудегі
басты мақсат балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы
дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен
қарауын қалыптастыруға назар аударады.
Рухани – адамгершілік тәрбиесін түрлі әңгіме өткізу, рөлдік ойындар
жүргізу, кішігірім топтармен жұмыс істей білу, өмірлік жағдайлар туралы
түрлі әңгімелер құрастыру, сурет арқылы бейнелеу, әңгіме оқу және көрген
фильмдерді талдау арқылы іске асыруға болады. Тәрбие сағаттарында ертегі
кейіпкерлерін, сондай-ақ қуыршақтарды да пайдалану тиімді.
Адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе үнемі баланың назарын өз
өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуге баулу көзделеді.
Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл –
күйлерін көтерінкі ұстау үшін әуен, саз- күй, гүл өсімдіктер мен түрлі
суреттерді орынды қолдана білу қажет. Сонымен қатар балалардың ішкі жан
дүниесіне әсер ететін жүрек (көңіл-күй) тәрбиесін дамытудың жолдарында
қарастыру абзал. Ол үшін баланың мінез құлқын және отбасы мүшелерін көңіл –
күйін бейнелейтін суреттерді алдын ала дайындаған жөн. Балабақшада
балаларды айналамен табиғатпен қарым – қатынас орнатуға баули отырып және
өзін өзі құрметтеуге бағалай білуге баулудың мәні зор. Балалардың өзін-өзі
танып, дұрыс қатынас құра білуі, өз қатарындағы мен, отбасы мүшелерімен,
қоғамдық ортамен қатынас құра білуі, яғни оны әлеуметтендірудің
маңыздылығы ескеріледі осыған орай оқу - тәрбие үрдісінде балабақшада
балалардың жас ерекшелігіне сәйкес өзін - өзі тануға, өзін дамытуға
бағыттап, оны ата-аналардың көмегімен отбасында жалғастырған жөн.
Бүгінгі қоғам мүдесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында
имандылық сана-сезім қалыптасқан, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат
өсіру-отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені
баршамызға мәлім.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай
Салауатты өмір салтын ұстану қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі
болып отыр.
Осы бағытта жас ұрпақты болашақта салауатты өмір сүру біздің қалыпты
тіршілігіміздің іргетасы болуы қажет. Салауатты, білімді азаматтардан дені
сау, салауатты ұрпақ дүниеге келеді.Ұлт ретінде даму үшін, өркендеу үшін
салауатты ұрпақ өсіру керек. Соған ұмтылу барысында еңбек етіп, қоршаған
ортаны , ішкен суымызды, тамағымызды, ауамызды таза ұстап, ниет-
ықыласымызды, ішкі дүниемізді, ақыл-ойымызды, ой-пікірімізді дұрыс
қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы.

3. Жобаны жүзеге асыру іс - әрекетін жоспарлау

№ Іс - әрекет мазмұны Уақыты Жауапты

1 Жобаның тұсаукесері. Ұжыммен Қыркүйек Төлешова Л.Т.
таныстыру.

2 Ата – аналарды жоба мазмұнымен Қыркүйек Төлешова Л.Т.
таныстыру

3 Материалдарды жинақтау Жыл бойы Төлешова Л.Т.

4 Ұйымдастырылған оқу – іс - Қыркүйек Төлешова Л.Т.
әрекетінде пайдаланудыі жолдарын
жүйелеу.

5 Ұйымдастырылған оқу – іс - әрекетінеҚыркүйек Төлешова Л.Т.
енгізу жоспарын құру, жүзеге асыру. Жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің теориялық және әдістемелік практикасының негізі
Мектепке дейінгі балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі және оның маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
Пәндер