Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру.

Қазақ халқының ұлттық тағамдары.

Орындаған: Разина А. С. П-409

Тексерген: Құнанбаева Г. Н.

Семей 2014

Жоспар:

І. Кіріспе

  1. Тамақтану рационы
  2. Балалар мен жасөспірімдер тамағы.
  3. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану мерзімі
  4. Тамақтану сауаттылығының бес негізі

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Мектеп оқушыларының тамақтану тәртібі
  2. Тамақтық рационға қойылатын негізгі гигиеналық талаптары
  3. Қазақ халқының ұлттық тағамдары

ІІІ. Қортынды

  1. Ұтымды тамақтану ұғымының мәні

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Тамақтану рационы дегеніміз (күндік немесе тәуліктік) - бір күн ішіндегі тамақтануға қолданылған тағамдар құрамы мен жалпы мөлшері.

Балалар мен жасөспірімдер тамағы. Дұрыс дайындалған тамақтың балалар мен жасөспірімдердін денесі мен ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні зор. Тамақтың жетіспеуі балалардың бойының өсуі мен дамуын кешеуілдетіп, организмнің әр түрлі ауруларға қарсыласуын төмендетеді, ал артық тамақтану - зат алмасу процесін бұзып, астың қорытылуына зиянын тигізеді. Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Нәресте кезіндегі сәби балалардың (1 жастан 3 жасқа дейін) тамағында белокқа бай сүт және сүт өнімдері, ет, жұмыртқа болуы тиіс. Жаңадан туған сәбилердің күн тәуліктік рационында кем дегенде 600-800 мл сүт , ал мектеп жасындағы балалардың рационында 400-500 мл сүт болуы тиіс. Сәби балалардың майды қажетсінуін өсімдіктерден алынатын (күнбағыс, жүгері майы) маймен қамтамасыз ету керек, өйткені оларды организм жақсы сіңіре алады. Өсімдік майын көкөніс пюресі мен салатқа қосып беру керек.

Балалардың тамағына жидек, жемістердегі және олардың өңделген өнімдеріндегі организмге тез сіңетін углеводтардың болуының мәні зор. Сәби балалар мен ересек балалардың тамағындағы белоктар, майлар мен углеводтардың анағұрлым қолайлы ара қатынасы сәбилер үшін 1:1:3 , ересектерге 1:1:4 болуы тиіс. Мұндай ара қатынастан едәуір ауытқу тамаққа жетерліктей мөлшерде нәрлі заттар мен витаминдердің енгізілуіне қарамастан денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін.

Мысалы, тамақта әсіресе мал майының көп болуы баланың организміндегі зат алмасудың, ас қорытуының бұзылуына әкеп соғып, салмағын ауырлатады. Углеводтардың артық болуы да зат алмасуын бұзып, семіртеді, ал тәттіні мөлшерден артық пайдалану балалар мен жасөспірімдерде диабет ауруының өрістеуіне әкеліп соғады. Балалар мен жасөспірімдердің тамағы әр түрлі болуы тиіс, ал біркелкі тамақ балалардың тәбетін нашарлатады. Майлы етті тек мектеп жасындағы ересек балаларға (14-17 жастағы) беруге рұқсат етіледі. Шала қуырылған немесе ысталған сүр етті бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалу не ішек құрты жұғуы мүмкін. Сондықтан оларды балаға бермеген дұрыс.

Сондай-ақ тұзы көп немесе бұрыш, қыша, сілті көп қосылған ет және балық тағамдары 8-10 жастағы балалардың тамақтану рационынан алынып тасталуы керек. Алкоголь ішімдіктердің барлық түрі (сыра, үй наливкасы, тұнбасы) балалар мен жасөспірімдердің организміне зиянды әсерін тигізеді. Ащы кофе, какао, шай ішсе, сондай-ақ шоколадты көп жесе, әсіресе, 3 жасқа дейінгі балаллардың нервісі қозады.

Балалар мен жасөспірімдер төрт

оның өзінде төмендегідей

тамақтануға тиіс:

Егер бала яслиге, балалар бақшасына немесе басқадай балалар мекемесіне барып төрт мезгіл тамақ ішетін болса, онда үйде қосымша тамақ берудің қажеті жоқ. Ал бала барып жүретін балалар мекемесі тамақты екі немесе үш рет беретін болса, үйден қосымша тамақтандыру керек. Соңғы тамақ ұйықтардан 1, 5-2 сағат бұрын ішілуі тиіс.

Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану жүйесін ұйымдастыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

Мектеп оқушыларының тамақтану тәртібі ағзаның қарқынды өсуі мен балалардың тіршілік қарекетіне байланысты энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету керек. Май мен қанттың мөлшері жоғары өнімдерді көп мөлшер тұтыну болашақта семіздіктің, тіс жегісінің, гиповитаминоздың, сондай ақ микронутринттердің жетіспеушілігінің дамуына әкеледі. Сондықтан жалпы тәжірибесінде дәрігердің басты мақсатының бірі - балалар арасында салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау болып табылады. Қазіргі жағдайда мектеп оқушыларының денсаулық жағдайында созылмалы патологиялы меншікті салмақтың өсуі мен дені сау балалар санының азаюы басым. Өкінішке орай, асқазан жолының, бүйрек, зат алмасу процесінің ауруы, миопия мен сколиоз біздің балаларымыздың серігіне айналады.

Дұрыс берілмеген жүктемелер мен үйлестірілмеген тағам денсаулықтың нашарлауы мен созылмалы аурулардың асқынуына әкеп соғады. Баланы жеткілікті мөлшерде тағамдық ингредиенттермен, дәрумендермен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз ету иммундық жүйе жағдайын жасартып, қоршаған ортаның кері ықпалына ағзаның төзімділігін жоғарылатады.

Тамақтану орталық жүйке жүйесінің, ақылының, еңбекке қабілеттілік жағдайының дамуына әсер етеді. Мектеп оқушыларының тамақтануы, толыққанды, үйлестірілген тағам қазіргі уақытты өзекті мәселе. Мектепте ыстық тамақ ішетін оқушылар аз шаршайды және мектеп жүктемесін оңай орындайды. Уақытылы тамақтану, тамақтану мерзімін сақтау - бұл, ас қорыту жүйесі ауруының алдын алу болып табылады.

Мектепте тамақтануды ұйымдастыру кезінде дұрыс тамақтану қағидасына бейімделу қажет. Ас үлесі тек қана негізгі жалпыға белгілі ақуыз, көмірсулармен үйлестіріліп қана қоймай, сонымен қатар дәрумен құрамдары мен 7-10 жастағы балалар үшін күндік ақуыз қажеттілігі - 80г; 11-13 жастағыларға - 90г; 14-17 жастағыларға - 100г; 7-10 жастағы балалар үшін күніне көмірсулар қажеттілігі - 300г, 11-13 жастағыларға - 350г, 14-17 жас­тағыларға - 400г болуы тиіс.

Мектеп оқушыларына таңғы ас міндетті түрде болуы керек. Таңертең алдағы жұмсалатын энергияны қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз мөлшерде тамақ өнімдері мен калориясы бар ыстық тағам сүзбе пісірмесі, сүт ботқасы немесе етті тағам ұсынылуы қажет. Түскі ас біріншіден ыстық тағамнан, гарнирмен етті немесе балық өнімдері, ең жақсысы көкөністен болуы керек. Денсаулық пен дене белсенділі, тамақтану бойынша ДДҰ-ның ғаламдық стратегиясы жемістер мен көкөністерді пайдалану деңгейін жоғарылату тамақтануға қатысты ұсыныстардың бірі болып табылатынына көңіл аударады.

Тамақтық рационға қойылатын негізгі гигиеналық талаптары:

  1. Сәйкес мөлшерлік құрам. Тамақтық рацион құндылығы организмнің энергия шығынын жауып тұруы керек (энергиялық тепе-теңдік) .
  2. Сапалы (химиялық) құрам. Тамақ құрамында барлық тамақтық заттар болуы керек: белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдер, минералды тұздар, қажетті мөлшерде су (организмнің қалыпты тіршілігі үшін) .
  3. Жақсы сіңірімділігі. Тамақтың сіңімділігі мен ыңғайлы пісірілуі құрамына, дайындау сапасына және асқазан-ішек жолының функционалды жағдайына байланысты. Тамақ асқорыту мүшелері функциясының мүмкіндігіне сәйкес келуі керек.
  4. Тамақтың жоғары органолептикалық қасиеттері. Тамақтың органолептикалық қасиеттері (сыртқы түрі, түсі, консистенциясы, иісі, дәмі ж. т. б. ) тәбетке әсер етеді. Бұл талаптарды ескерген жағдайда кулинарлық дайындалатын бұйымдар дәмді және ұтымды болады. Тамақ сонымен қатар сыртқы түрімен, иісімен, дәмімен және басқа да қасиеттерімен тұтынушыны қанағаттандыруы қажет.
  5. Тағамның жеткілікті әртүрлілігі. Тамақтардың әртүрлілігін оларды дайындау процесстерінде кулинарлық әдістерді қолданып максималды тамақтардың ассортиментін пайдалануда жүзеге асады.
  6. Тамақтың қанығу (тойғандық) сезімін тудыру қабілеті. Қанығу сезімін тудыру үшін тамақтарды дайындаған кезде кулинарлық өңдеу тәсілдерін қолдану және олардың асқазан-ішек жолдарына кері әсерінің болмауы керек.
  7. Тамақ санитарлық-эпидемиологиялық жағынанмінсіз және зиянсыз болуы керек (патогенді микробтар, токсиндер, саңырауқұлақтардың улы түрлері, гельминттердің личинкалары, органикалық және неорганикалық улы заттар, механикалық қоспалар), құрамында зиянды заттар болмауы керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақтану гигиенасы туралы
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы
Тамақтану режимі, балалардың тамақтану рационын құру
Дұрыс тамақтану жайлы мағлұмат
Тамақтану гигиенасы. балалардаың тамақтану рационын құру. қазақ халқының ұлттық тағамдары және пайдасы
Тамақтану туралы түсінік
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақ ұлттық тамақ түрлері және оның маңызы
Тамақтану гигиенасы туралы ақпарат
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысшыларының санитарлық сауаттылығы және жеке бас гигиенасы
11-13 жас аралығындағы ұл баланың күнделікті тамақтану рационы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz