Аңшылық өнімдерін өңдеу


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ

Тақырыбы: Аңшылық өнімдерін өңдеу

Тексерген: Туманбаев В. М

Орындаған: Байболат А. Б

Семей 2015ж

Жоспар:

  1. ТЕРІ, МЕХ, БАҒАЛЫ АҢ ШИКІЗАТЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ТАУАРТАНУЫ
  2. «АҢШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАУАРТАНУЫ»
  3. Ұсынылған әдебиеттер

Бағалы аң, мех және тері шикізаттың технологиясы мен тауартануы

Тауартану - бұл аң терісі, мех, қой терісі шикізаттарының қасиетін зерттейтін, әрі сипаттайтын ғылым саласы. Тауар дегеніміз, еңбек пен материалдық шығындарды жұмсау нәтижесінде алынған, әрі мех өңдейтін кәсіпорындардың қажетін қанағаттадыратын, әрі халықаралық саудаға шығаруға болатын шикізаттар.
ХХ ғасырдың басына дейін ғылыми пән ретінде тауартану сипаттамалық тұрғыда болып, әр түрлі тауарлардың жіктеу мәселесімен ғана шектелді. Содан кейін тауартану осы тауарлардың қасиетін айқындап, нақты сипаттама берді. Мұның өзі ең жақсы сапаны қамтамасыз ететін, әрі өңдеудің тиімді технологиялық амалдарын таңдауға мүмкіндік береді
Терісі бағалы аңдар - шикізаттарының тауартануы дербес ғылыми пән. Бұл - терісі бағалы аңдардың терісі туралы ғылым. Ол терісі бағалы аңдардың терісінің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын, талшық пен тері қасиетін, олардың тауарлық сапасы мен белгілерін зерттейді. Терісі бағалы аңдардың терісіне баға беру олардың алуан түрлілігі, тауарлық топтары, сорттары, түстері мен бейнесінің сапасы, олардың өзара байланысы мен өзара қатынасына әсер ететін факторларды зерттейді. Теріні бағалауда олардың құрылымын, құрылысы мен қасиетін зерттейді. Осы зерттеулерде теріні бағалау мен жіктеудің, стандарттаудың теориялық негізінен методикалық қағидасы ойластырылды /2/.
Аңдардың терісіне баға беруде, сорттауда іріктеудің қазіргі қолданылып жүрген тәсілдерін жетілдіріп, әрі жаңа тәсілдер ойластырылған. Отандық және халықаралық саудаға түсетін бағалы аңдардың терісінің сұранысын арттыру жүзеге асырылуда /3/. Аң терілерін шикізаттарының тауартануы шикізат ассортиментін жіктеудің тауар қасиетіне шынайы сипаттама беруден тұрады, әрі мех өңдейтін өнеркәсіптерде тұтынушылардың өскелең қажетін қанағаттандырып, тиісті сападағы тауар өндіру міндетін алға қойған /4/. Орта Азия мен Қазақстан Республикаларында дайындалатын аң терісі және мех шикізаттарын өзіндік ерекшеліктері қамтылған. Бұл өңірлерде аң шаруашылығы кең дамыған. Қызыл кітапқа енген жабайы жануарларды аулауға тыйым салынған, әрі мемлекеттің қорғауында болған /5/. XVII-XVIII ғғ. Бұқаралық көпестер Новгород пен Мәскеу қалаларында бағалы аң терілеріне ойдағыдай сауда жүргізген, ал XVIII-XIX ғғ Лондонда, Нью-Йоркта және басқа шет елдердің сауда орталықтарында бағалы аң терілері көптеп сатылған. Мұның өзі көптеген елдермен континенттерге ықпал етті /6/. Қазіргі кезде терісі бағалы аңдармен қатар қаракөл өсіретін аймақтар көбейе бастады. Қаракөл қойын өсіру едәуір ұлғайып, Орта Азияда, оңтүстік батыс Африкада және Ауғанстан Республикаларында көптеп өсіріледі/7/.
Біздің елімізде қаракөл қойын өсіру, қаракөл шикізаттарының елтірітану және тауартану мәселелерін теориялық негізі алғаш рет жасалынды. Бұған М. Ф. Иванов, В. М. Юдин, М. Н. Закиров, С. Н. Боголювский, А. А. Рахимов, М. Д. Тавитов сияқты ғалымдар ғылыми тұрғыдан зор үлес қосты /8-13/. Бағалы аң терісін өндірушілер оларды өсіруде терілерінің алуан түрлі болып келетіндігін және соған сәйкес түрліше бағаланатынын анықтаған. Көне дәуірде аң терілерін жіктеуде талпыныс болған. Орыс әдебиеттерінде бұл жіктеуді алғаш рет И. В. Синициннің жинаған материалдарынан кездестірген /14/. 1932 жылы жіктеулер едәуір ұлғайтылып, тереңделе түсті, әрі олардың морфологиялық құрылысына сипаттама берілген /15/.

Терілер негізгі екі компоненттен тұратындығы зерттелген. Ол талшық жабыны және талшық түбі бекітілген тері ұлпасы. Осы компоненттер тері қасиетін айқындайды. Әр түрлі жануарлардың, олардың жас категорияларын ескере отырып, маусымына қарай қалыңдығы, тығыздығы, ұйысу сипаты т. б. өзгешелігі бойынша айқындалады / 16/. Терілерді бағалауда оның сапасы, қасиеті және белгілері көпетеген табиғи биологиялық факторларға байланысты. Осы факторлардың әсерлерінен теріні бағалауда тауарлық қасиетінің өзгергіштігі байқалады
Н. В. Сергеевтің зерттеулерінде терілер ауа өткізгіштік сияқты су өткізгіштікке біршама ауытқиды, әрі бағалы аң терілері үшін оның орташа көрсеткіші шартты түрде болады/18/.
Аң шаруашылығы бағалы аң терілерін береді. Біздің елімзде бағалы аңдардың қоры мол. В. И. Висящев (1978) зерттеулері бойынша жабайы хайуанаттар мекендеуге болатын жерлерде бұлғынның жалпы қоры 760 мың, сусар-281, ондатр-3096, қызыл түлкі-767, бұлан-817, ақбөкен-909, елік-348 мың болғандығы туралы мәліметтер бар /19/. Қазір біздегі дайындалып жүрген аң терілерінің басым көпшілігі мемлекетімзге пайдасын тигізеді. Терісі үшін жабайы аңдардың терілерін дайындауда Қазақстан екінші орында/20/.
Біздің республикамызда бағалы жануарлар көп. Солардың ішінде халық тұтынатын бұйымдар - әсем де сәнді бас киім, тон, ішік және басқа да киімдер тігуге болатын терісі аса бағалы аңдар мол. . Олардың ішінде негізгілері - ондатр, түлкі, ақтиін, суыр, зорман, дала күзені және қарсақ/21/.


1. Бұлғын тұқымдас аңдар сипаттамасы

2. Құндыз тұқымдас аңдар сипаттамасы

3. Ірі жыртқыш бағалы терілі аңдар ерекшеліктері

Бұлғын - көрікті әрі сымбатты аң. Денесінің ұзындығы 43-53 см, салмағы 1-2 кг келетін терісі өте бағалы аң. Жүні ұзын, әдемі, әрі жылтыр келеді. Қыста бұлғынның жүні әдемі, үлпілдек, жібектей жұмсақ, қылшықтары жылтылдап тұрады. Қазақстандағы терісі аса бағалы аң - бұлғынның өте көп тараған жері - Алтай таулары. Бұлғынның жемдері - кеміргіштер мен самырсын жаңғағы өте азайып кеткен жылдары тәжірибелі аңшылар оны арнаулы жем - ет ілген қақпанмен ұстап, көп олжаға батады. Тас сусарының жалпы бейнесі бұлғынға ұқсас. Бірақ одан үлкенірек және құйрығы ұзындау. Қысқы терісінің жүні күлгін сары араласқан қоңыр жирен немесе күрең сарғыштау түсті келеді. Түбіті күлгін түсті. Алқым астында және мойынының төменгі жағында ақ дағы бар. Соған қарап кейде аңшылар оны ақтөс сусардеп те атайды. Еркек аңның дене тұрқы 43-59 см, ал ұрғашылары бұған қарағанда аздап кішірек. Ақтөс сусар республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс тауларында кездеседі. Бұл аң аршалы, шыршалы тау ормандарында тіршілік етуге бейімделген. Тас сусарының қараша-желтоқсан айларында жүні жылт-жылт етіп, құлпырып тұрады. Дала күзені - кәсіптік жолмен бағалы терісі үшін ауланатын аң. Ол күзендердің ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 29-52, құйрығы 7-18 см, ал салмағы 2 кг. Бұлаң республикамыздың барлық облыстарында да кездеседі, бірақ барлық жерде бірдей емес. Ол негізінен Орал, Ақтөбе, Жезқазған, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының шөлейтті және далалық аймақтарында жиі кездеседі. Дала күзенінің мекен ететін жері - жайқалып өскен шабындығы бар далалы аймақ, шөл-шөлейтті өңірлер, өзен мен көлдер жағалауы және ормандар арасындағы ашық алаңдар. Бұл аң жылына бір рет туады. Сасық күзен көктемде және күзде екі рет түлейді. Оның терісі қарашадан бастап құңды

Бағалы аң, мех және тері шикізаттың жіктеу принциптері. Бағалы аң, мех және тері шикізатты сыныпқа бөлу. Бағалы аң шикізаттың қысқы және көктемгі түрлері. Мех терілерінің қысқы түрлері. Теңіз жануарлар терілері. Терілердің химиялық құрамы және құрылысы. Тері ұлпасының қурылысы. Негізгі қабаттары. Талшықтар құрылысы. Талшықтардың типі, категориялары, ауысымы, өсуі, орналасуы.

Терінің негізгі тауарлық қасиеттері. Тері ұлпасының тауарлық қасиеттері. Тері ұлпасының қалындығы. Тері ұлпасының тығыздығы. Жүн жабынының тауарлық қасиеттері. Биіктігі. Қоюлығы. Түсі. Жылтырлығы. Серпімділігі. Жұмсақтығы. Талшықтардың тері ұлпасымен байланысының беріктігі. Жалпы терінің тауарлық қасиеттері. Салмағы. Ауданы. Тері, мех, бағалы аң шикізаттың тауарлық қасиеттерін анықтау әдістері.

Мех және бағалы аң терілерінің тауарлық қасиеттері. Өзгергіштіктерінің түрлері. М екендейтін жері, жеке өзгергіштік, жыныстық - жас өзгергіштігі, маусымдық өзгергіштігі, аңдарды азықтандыру және ұстау жағдайы, аңдарды аулау әдістері және қауымдық жұмыстардың жүргізілуі.

Бағалы аң, мех және тері шикізатты алғашқы өңдеу. Теріні ұшадан сыпыру техникасы, әдістері. Теріні майсыздандыру. Терілерді керу техникасы. Кергіштердің түрлері. Кептіру. Теріні консервілеу. Консервілеу әдістері. Ақаулардың жіктеулуі. Өмірлік ақаулары. Өлгеннен кейінгі ақаулар.

Бағалы аң, мех және тері шикізаты стандарттау. Стандарттардың түрлері. Теріні сорттау тәртібі. Теріні сақтау. Терінің құнын есептеу әдістері. Теріні сақтау, буып-түю, таңбалау және тасымалдау.

Бағалы аң қысқы терілерді жіктеу. Сусар тұқымдастар аң терілері. Ит тұқымдастар аң терілері. Мысық тұқымдастар аң терілері. Сазқұндыз тұқымдастар аң терілері. Қоян тәрізділер отряды. Кеміргіштер отряды. Сорттау, буып-түю, танбалау, сақтау және тасымалдау.

Бағалы аң көктемгі терілерін жіктеу. Кеміргіштер отряды. Ұсақ кеміргіштер . Құрт-құмырсқалармен қоректенетін отряды. Терілерді сорттау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау.

Мех шикізатының қысқы терілерін жіктелуі. Үй қоян терілері. Үй ит терілері. Үй мысық терілері. Терілерді сорттау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау.

Теңіз аңдар терілерінің жіктелуі, белгілері және айырмашылығы. Теңіз мысығы терілері. Итбалық терілері. Теңіз аңдардың терілерін сорттау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау ережелері.

Жабайы қос тұяқты аңдардың терілерінің жіктелуі, белгілері және айырмашылығы. сорттау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау. Еттің жұғымдылық қасиеттері. Түсі. Дымқылтартқыштығы. Консистенциясы. Тағамдық құндылығы. Қорытылуы және калориялығы. Еттің биохимиялық құрамы. Етті сақтау жағдайлары, Еттің ақаулары. Оған қолданылатын МССТ.

Тұяқтылар еті: бұлан, марал, үзбара, елік, құдыр, жабайы шошқа, тау теке, ақбөкен, арқар, қарақұйрық, құлан. Ет өнімінің сипаттамасы, морфологаялық және химиялық құрамы. Аңшылық шаруашьшығында тұяқтылар етін алғашқы өндеу технологиясы. Ет өнімінің тауарлық шығымы және сапасына, сақтау ерекшелігіне қойылатын талаптар, әсіресе сойылғаннан кейінгі тасымалдау кезеңде. Ет өнімінің сапасына алғашқы өңдеу технологиясы мен өндіру техникасының әсерлері.

Қоян тәрізділер /орқоян, аққоян, құмқоян/ және кеміргіштер еттері: суыр, қама, саз кұдыз, оңдатр, тиін, зорман-саршұнақ /далалық, ұзын құйрықгы, сұрғылт/. Ет өнімінің сипатгамасы, қолданылу дәстүрлері және келешегі. Алғашқы өндеу технологаясы. Жыртқыш аңдар еті: аю, борсық және басқалар. Ет өнімінің сипатгамасы, алғашқы өндеу технологиясы. Жануарлар майлары. Аңшылық жануарлар еті және майының стандарттары мен техникалық шарттары.

Консервілеу әдістері және олардың маңызы. Тоңазыту, мұздату, сүрлеу, қақтау, кептіру, жоғары температурада өңдеу және олардың сипаттамасы мен талаптары. Етті сақтау тәсілдері. Дала жағдайында етті консервілеу. Консерванттар мен антибиотиктер. Қоймаларда етті сақтау ережелері. Етті тасымалдау. Етті тоңазыту, қатыру, тасымалдау, сақтау кезінде болатын табиғи шығын. Аңшылық шаруашьшықтарында етті сақтау жағдайы және консервілеу шараларын жетілдіру келешегі.

Орман, далалық, жабайы құстар. Тауық тәрізділер ет өнімінің сипаттамасы. Меңреу құр, құр, сұр құр, аққұр, шіл және сақалды шіл, кекілік, ұлар, қырғауыл, бөдене. Алғашқы өңдеу, сақтау. Жабайы құс етінің сапасын көз мөлшерімен анықтау әдістері.

Қаз тәрізділер ет өнімінің сипаттамасы: сүнгуірлер, жер үйректері, бейнарықтар, қаздар, қарашақаз, суқұзғындар; татрең тәрізділер: шалшықшы, жылқышы, тауқұдырет, орман мен тау маңқысы және басқалар; қасқалдақ, қызылқасқа сутартар, шәукілдек, сутартар және басқалар.

Ләйлек тәрізділер: сарықұтан, көлбұқа. Басқа құстарды қолдану дәстүрі. Жабайы қанатты кұстарды жүні жұлынбаған күйінде сақтау, өнім шығымы, алғашқы өңдеу. Жүні жұлынбаған жабайы қанатты қустарды сақтау. Тұздау тәсілдері. Жабайы құс етін сүрлеу. Ет консервілері.

Жабайы қанатты құс етінің стандарты

Балық етінің тағамдық құндылығы және химиялық құрамы. Балық және балық өнімдерінің жұйелері: тірі балық, жас балық және басқалар. Балықты алғашқы өңдеу технологиясы, балықты бөлікке бөлу түрлері. Балықты консервілеу әдістері: тоңазыту және қатыру /мұздату/, глазурлеу, тұздау. Балықты тұздау технологиясының әдістері. Хош иісті тұздау және маринадтау. Балықты сүрлеу, күйге қақтау және кептіру тәсілдері. Деликатес - балықтың арқа етін дайындау. Уылдырық және олардың ассортименті. Бекіре балығының уылдырығын консервілеу технологиясы /түйіршікті. банкалы, пастерленген, тұйірсыз қара уылдырық/. Тұздау режимін анықтау және уылдырықты ыдысқа салу. Консервантар. Балыт және уылдырық өнімдерінің сапасын бағалау. Балық тауарларын сақтау. Балық аулау кәсібі шаруашылығында балық тауарларын өндіру технологиясы.

Бұғы панталары /марал, үзбара, кермарал, елік/ және киік мүйізі. Пантаның құрылымы, химиялық құрамы және сипаттамасы, биологиялық күші. Консервілеу тәсілцері. Сорттау принциптері және сорттау сипатгамасы. Панты стандарттары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
АҢШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары жануарлар дүниесiн қорғау
Жабайы ауланатын құстар еттінің тағмдық құндылығы мен ветеринариялық –санитариялық бағасы
Кеден режимінің түрлері мен мәні
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Қазіргі заманда халықтың өмірін қамтамасыз етуге жағымды жағдайлар
Экономика саласын басқару
Кеден режимдерінің түсінігі мен түрлері
Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары ( салыстырмалы кесте )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz