Өндірістік жарақаттану



1.Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.
2.Кәсіби аурулар себебтері.
3. Өндіріс орындарын желдету әдістері.
4. Желдетуді есептеу тәсілдері
5. Пайдаланылған әдебиеттер.
Өндірістік жарақаттану - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:
Монографиялық әдіс – жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты.
Топографиялық сараптау әдісі - жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Статистикалық сараптау әдісі - мекемелердің, шаруашылықтардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.
Қ.Т. Жантасов, М. Қ. Жантасов, Е.Н. Кочеров, А.С. Наукенова. «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.
Ш.Т. Бейсебаев. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі», Оқу-әдістемелік құрал, Шәкәрім атындағы СМУ. Семей.2011 ж.
М.А. Нұржасаров и другие. Охрана труда. Астана.2007 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті.

СӨЖ
.Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері. 2. Өндіріс орындарын желдету әдістері. 3. Желдетуді есептеу тәсілдері..

Тобы:АГ - 413
Орындаған:Қыдырқұлова Ә.Д.
Тексерген: Бейсебаев Ш.Т.

Семей 2015ж

Жоспары:
1.Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.
2.Кәсіби аурулар себебтері.
3. Өндіріс орындарын желдету әдістері.
4. Желдетуді есептеу тәсілдері
5. Пайдаланылған әдебиеттер.

Өндірістік жарақаттану - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:
Монографиялық әдіс - жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты.
Топографиялық сараптау әдісі - жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Статистикалық сараптау әдісі - мекемелердің, шаруашылықтардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің негізгі көрсеткіштері - жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.
Экономикалық әдіс - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.
Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а
Мұндағы:
Шб - барлық шығын;
Σ Шж - есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;
Σ Шк.а - есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын;
Өндірісте еңбеккерге қауіпті және зиянды факторлардың бірнешеуі қатар әсер етуі мүмкін. Олардың көбі еңбеккердің мамандығына, яғни кәсіби жұмысына байланысты. Сондықтан оларды кәсіби қауіптер және кәсіби зияндылықтардейді. Өнеркәсіпте кездесетін еңбек қауіпін 3 бөлеміз :
Техникалық - тез жүретін, үлкен алқымды машиналарды және жаңа техни-каны пайдаланған кезде жиі кездеседі , себебі олардың құрылысы мен пайда-лану тәртібін толық игермегендіктен .
Технологиялық - технологиялық процестардің өзгеруіне байланысты .

Жергілікті - еңбекті ұйымдастырудан жән техникалық жабдықтануына байланысты .
Еңбек процесінде туған қауіпті, зиянды жағдайлардан - адам еңбек ету қабілетінен айрылып қалуы, тіпті өмірімен қоштасуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өндірістік жазатайым оқиға деп аталады. Өндірістік жазатайым оқиға - өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде қызметкердің жарақат алуы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтыратын өндірістік фактордың әсері.
Жарақат алу - адам организмінің жұмысының бұзылуы немесе зақымдануы. Жарақаттың 4 түрі болады:
+ Механикалық
+ Ыстық-суықтан болған
+ Химиялық
+ Электр жарақат
+ Жарақаттың зардабы материалды және моральді деп бөлінеді.
Өндірістік жазатайым оқиғалардың жіктелуі:
+ Қандай жерде болғанына байланысты.
+ Қанша адам зардап шеккеніне.
+ Ауырлығына байланысты.

Кәсіби аурулар - белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 - 20 мин), техникалық шараларды іске асыру - Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 - 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.
Кәсіби аурулардың себептері:
Кәсіби ауру дегеніміз - өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.
Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:
Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты.
Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты.
Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты.
Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты.
Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар.
Өндірістік желдеткіш пәнінің маңызы: студенттерді өндірістік желдеткіштерді жобалау практикалары мен теория негіздері бойынша білім жүйелерін қалыптасуымен, ғылыми негіздермен, техникалық құралдармен және практикалық құру тәсілдерімен және қалыпты атмосфералық шарттарды көтеру мен ауа тазалықтарын жұмыс орындары мен адамдардың өмір сүру аймақтарымен таныстырады.
Желдеткіш (латынша: ventіlatіo -- желдету) -- өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспалардықұбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік жарақаттануды талдау әдістемесі
Өнеркәсіптегі жарақаттану болжамы бойынша көздерді талдау
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы ақпарат
Еңбек қорғаудың теориялық негіздері
Өндірістік орта мен еңбек үрдісінің факторларын бағалау
КПО өндірістік жарақаттанудың статистикалық талдауы
Өндірістік жарақаттар және кәсіби аурулар туралы негізгі түсініктер
Алғашқы жәрдем
Апаттар мен жарақаттанудың себептері
Жарақаттанудың алдын алу шаралары
Пәндер