Лабораториялық экспериментті ұйымдастыру шарттары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

МӨЖО№5

Тақырыбы: Лабораториялық экспериментті ұйымдастыру шарттары.

Оқытушы: псх. ғ. к. Кулмышева Н. А

Магистрант: Таурбекова И. М

6М010300 педагогика және психология

Семей 2015

Жоспар:

1. Эксперименталдық ауыспалылар және оларды бақылау тәсілдері.

2. Эксперименталдық жоспар І: бірфакторлық жоспар.

3. Ауыспалылардың ішкітоптық бақылауы.

4. Экспериментті жоспарлау және бақылау.

5. Қолданылған әдебиеттер

Қойылған ғылыми мақсатқа қатысты лабораториялық эксперименттің қажетті шарттарын анықтау. лабораториялық эксперименттің дизайнын моделдеу және қалыптатсыру. Моделдеу лабораториялық жағдайда сыналушылардың мінез құлқы мен іс әрекетін зерттеуді және тіркеудің дәлдігін, тағайындалған гипотезаны тексеруден алынатын мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін іс әрекет.

Лабораториялық эксперименттің әдістемелік стратегиясы. Лабортаориялық эксперименттің жетекші белгісі және оның көріну шарттары мен зерттеу сипаттамасын өндіруді қамтамасыз ететіндігі жайлы түсініктер.

Лабораториялық эксперимент нәтижелерін өмірлік жағдайларда қолдану мүмкіндіктері.

Тапсырма

1. Тәуелсіз және тәуелді ауыспалыларды зерттеу.

2. Бір фактор - екі деңгей: субъектаралы бірфакторлы жоспарларды, ішкісубъектті

бірфакторлы жоспарларды, бірфакторлы екідеңгейлі жоспарларды талдау.

3. Бір фактор - екі деңгейден жоғары: субъекттілерді кӛпдеңгейлі жоспарларды,

ішкісубъектті көп деңгейлі жоспарларды талдау.

4. Айырмашылықтарды бақылау типтерін өткізу.

5. Ғылыми қорытындылар жасау.

6. Бақылау типтерін анықтау.

7. Эксперименталдық және бақылау топтарын пайдалану.

Теориялық түсінік

Гипотеза себеп пен салдар негіздерінен тұрады.

Тәуелді ауыспалы - бұл өлшемдер нәтижелері бойынша қорытынды сандық

сипаттамасы.

Бірфакторлық жоспарлар өзіне бір факторды тәуелсіз ауыспалы, екі деңгей немесе градация түрінде қосады

Лабораториялық жұмыс ұстанымының сипаттамасы

Эксперименталдық ауыспалылар және оларды бақылау тәсілдері қарастырылады.

Эксперименталдық жоспар І: бір факторлық жоспар, ауыспалылардың ішкітоптық бақылауы, экспериментті жоспарлау және бақылау түрлері анықталады.

Лабораториялық жұмысқа әдістемелік сілтемелер

1. Психологиялық әдістер теориясы бойынша В. Дж. Андервудили, М. Мэтлиннің тәуелсіз ауыспалылар эксперименттері ұсынылады.

2. Йеркс - Додсон заңы.

3. Д. Гудвин. Әдістер және жоспарлау. - СПб., 2004. - С. 243-265.

4. Блекмор және Купер (Blackemore & Cooper, 1970) бірфакторлық жоспар бойынша тәуелсіз топтарға өткізілген зерттеулер.

5. Блэгров (Blagrove, 1996) теңдеулі топтарға ӛткізілген зерттеулер.

6. Кнеппер (Knepper, Obrzut & Copeland, 1983) эквиваленттік емес топқа өткізілген зерттеулер)

7. Дж. Ридли Струп теңдеуі.

ЭКСПЕРИМЕНТТЕР

1. Сатып алушыға продуктының бағасын қалай жариялайсыз?

2. Қимыл-қозғалысты дағдыңы ойша шынықтыру.

3. Испан тілін меңгеруіне арналған екі әдіс.

Теориялық түсінік

Эксперимент - бұл зерттелінушінің бақылау шарттарының арқасында зерттеушілік процедура.

Психологиялық зерттеулерінің негізгі түрлері: лабораториялық, табиғи.

Психологиялық зерттеулерінің методологиялық ерекшеліктерінің бірі айрықша қасиеті бар процесс.

Эксперименттің ғылыми мағыналығы - кейбір тұрақты заңдылықтарын анықтау.

Лабораториялық жұмыс ұстанымының сипаттамасы

Эксперимент жұргізіледі. Эксперименталдық гипотеза қойылады. Әдістеме

қолданылады. Мақсаты анықталады. Нәтижелер жинақталады. Қорытынды

анықталады.

Лабораториялық жұмысқа әдістемелік сілтемелер

1. Гейтвуд және Перлофф (1973, б. 81) .

2. Статья «Заботы продавца» («Век рекламы», 1969, с. 3.

3. Дирк Пратер (1973, с. 353) самолетті Т-37 тренажерсыз, қысқа уақытта қондыру.

Жұмысты орындау реті

1. «Сатып алушыға продуктының бағасын қалай жариялайсыз?» экспериментін өткіземіз.

2. Қимыл-қозғалысты дағдыңы ойша шынықтыру екінші экспериментік жасаймыз.

3. Испан тілін меңгеруіне арналған екі әдіс үшінші экспериментті қолданамыз.

Бақылау сұрақтары

1. Экспермент деген не?

2. Эксперименттің түрлері.

3. Экспериментті жоспарлау, жүргізу, талдау.

4. Жаңа эксперименттерді жүргізу мүмкіндіктері.

5. Ішкі валидтілікке жетуіне кедергі жасайтын кейбір факторларды жою.

6. Топтың үш стратегиясы: кездейсоқ с., жұптарды үйлестіру с., қабат-қабатты кездейсоқ реттеу с.

7. Әдістеме деген не?

8. Эксперименталдық гипотеза түралы айтыңыз.

9. Эксперименттық шарттар қандай болады?

Есеп беруіне тиісті сілтемелер

1. Жұмыстың аты және мақсаты.

2. Тапсырма.

3. Құрылымдық зерттеу схемасы.

4. Схемалар мен графиктер.

5. Есептемелер (расчеттар) .

6. Жұмыс туралы қысқаша қорытындылау.

Мысалы:

1. Жұмыстың аты және мақсаты

Эксперименттер

- эксперимент - 1;

- эксперимент - 2;

- эксперимент -3.

2. Тапсырма

- сатып алушыға продуктының бағасын қалай жариялайсыз?

- қимыл-қозғалысты дағдыңы ойша шынықтыру;

- испан тілін меңгеруіне арналған екі әдіс.

Есептемелер (расчеттар)

Бірінші Эксперимент бойынша: Эксперименталдық шарт А - пакеттің салмағы мен бағасы, Б - есептегіш құралын пайдалану, В - продуктының бағасы. Әдістеме «Сатып алушыға продуктының бағасын қалай жариялайсыз?» 75 - өз еркімен қатысушы зерттелінушілер, олардың ішінде 64 әйелдер, 75 тен 60 колледжде біржылдық курс бітірген. Жасерекшелік: 20-29 жас аралығында - 48адам, 30-39 аралығында - 17, 40тан жоғары - 10 (Гейтвуд және Перлофф, 1973, с. 82)

Продуктқа қойылатын бағасы туралы хабарламаның үш түріне арналаған дұрыс таңдаулар саны мен жіберілген уақыты

Жұмыс туралы қысқаша қорытындылау

Эксперименттер жүргізілді. Жабдықталған лабораториялық аудитория ӛте қажет.

Бірінші эксперименттің эксперименттік гипотезасы расталды.

Екінші эксперимент зерттеу гипотезасының дүрыстығын дәлелдеді. Үшінші

экспериментте жаңа әдістің күнделікті оқытудың әдісіне әсері мен ерекшеліктері анықталды.

Жалпы жүргізілген жаңа әдістер студенттердің бойына қызығұшылықты оятады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Дружинин В . Н. Экспериментальная психология. СПб., 2000.

2. Куликов Л. В. Психологическое исследование. СПб., 1994.

3. Ганзен В. А. Системные описания в психологии. Л., 1984.

4. Клайн П. Справочное руководство по конструированию тестов. Киев, 1994.

5. Налимов В. В. Теория эксперимента. М., 1971.

6. Кун Т. Структура научных революций. М., 1983.

7. Поппер К. Логика и рост научного знания. М., 1983.

8. Лакатос И. Доказательность и опровержение. М., 1967.

9. Фейерабенд П. Избранные труды по методологии науки. М., 1986.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

МӨЖО№6

Тақырыбы: Корреляциялық зерттеулер.

Оқытушы: псх. ғ. к. Кулмышева Н. А

Магистрант: Таурбекова И. М

6М010300 педагогика және психология

Семей 2015

Жоспар:

1. Корреляциялық гипотезалар.

2. Эксперименталды зерттеуге қарағанда корреляциялық әдіс ерекшелігі.

3. Зерттеу нәтижесін өңдеу формалары.

4. Адамды зерттеу барысында этика принципін қолдану.

5. Қолданылған әдебиеттер.

Корреляциялық зерттеулердің негіздері: принциптері жәнне интерпретациялау тәсілдері. Зерттелінетін өзгергіштіктердің арасындағы корреляциялық өзара байланыстың түрлері. Корреляциялық зерттеулердегі барлық өзгергіштіктер тәуелді өзгергіштіктер болып табылады. Сол тәуелділікті анықтайтын фактор жасырын, өлшенбейтін өзгергіштік туралы.

Параметрлердің уақытша корреляциясын табу немесе уақыт бойынша параметрлердің корреляциясының құрылымының өзгерісін табу.

Корреляциялық зерттеу біріне бірі бағынбайтын өлшемдер зерттеушілер тобына бөлінеді. Корреляциялық зерттеу жоспары квазиэксперименталды жоспардың түрі болып есептеледі. Тест өтетін топтар эквивалентті шартта болуы қажет. Зерттеу жұмыстарының практикасында параметрдің уақытша корреляциясын анықтайды.

Бұндай зерттеудің үлгісі болып лонгитюд зерттелуі есептеледі.

Лонгитюдті зерттеу - ол уақы таралық вариант. Квазиэксперимент пен корреляциялық зерттеулер бағынышты жеке анықтау қажет.

Корреляциялық жоспар зерттелуі параллелепипед ретінде, әр шеті зерттелуші, операция, уақытша этапы болып есептеледі.

Негізгі коррелляциялық зерттеулердің түрлерін анықтауға болады.

  1. Екі топты салыстыру.

Бұл жоспарды шартты түрде корреляциялық зерттеуге жатқызады. Бұл зерттеу екі табиғи топтың психологиялық қасиетін анықтау үшін қолданады. Мысалы, ер адам мен әйел адам арасында экстроверсиялық айырмашылығын анықтау. Ол үшін екі репризентті таңдау жасап, ЕРА тест арқылы өлшеу өткізуіміз керек. 2 топтың орта нәтижесі Стюдент t- критеримен салыстыру керек. Керек жағдайда дисперсия көрсеткіші мен экстраверсия критерииін салыстырады. 2 топты салыстыру артефакт қатарын корреляциялық зерттеулеріне қатысты. Біріншіден, топтың таңдап алған критериіне бөлінеді.

Екіншіден, өлшемдер әр түрлі уақытша өтеді,

R 1 -0 1 -

R II -0 2

Үшіншіден, топ ішінде тестер уақытта өтеді. Жеке зерттелушілер әр уақытта тестен өтетін болса, нәтижесінде уақытша фактор болады.

Егер зерттелуші екі топты салыстыратын болсақ, ең алдымен топтарды ауыстырып алмау қажет. Алғашқы топтарды бөліп тесті жоспар бойынша өткізу керек.

Эксперимент ғылыми психологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі әдістердің бірі. Эксперименттің негізгі ерекшелігі : зерттеуші зерттеу жағдайын арнайы түрде ұйымдастырады, жоспарлайды, зерттелетін құбылыстарға белсенді әсер етеді. Зерттеу жағдайындағы әр түрлі айнымалыларды өзі қадағалайды. Айнымалылар дегеніміз бұл эксперименталды жағдайда болуы мүмкін және өзгеруі мүмкін әр түрлі психологиялық құбылыстар. Зерттеуші өзі қадағалайтын, яғни өзгерте алатын айнымалыны тәуелсіз айнымалы деп атайды , ал тәуелсіз айнымалының әсерінен өзгеретін айнымалыны тәуелді айнымалы деп атайды . Жақсы (дұрыс) психологиялық эксперимент айнымалылар арасында корреляциялық қатынастар бар екендігін анықтаумен шектелмейді. Сонымен қоса, эксперимент айнымалылар арасында каузалды қатынастарын (причино-следственные отношения) көрсететін болжамдарды тексеруге мүмкіншілік береді (Каузал - лат. тілінен аударғанда себеп деген мағынаны білдіреді) .

Мысалы, эксперименталды әсерді «В» деп белгілесек, ал эксперимент соңында алынған нәтижені «А» деп белгілесек, А-ң себебі В болатынын көрсететін, яғни екі айнымалылардың арасындағы қатынасы каузалды (себепті) байланыс болатынын бекітетін негізгі шарттар орындалуы қажет. «В» - бұл тәуелсіз айнымалы, өйткені зерттеуші эксперименталды әсерді өзі ұйымдастырады, өзі қадағалайды, ал «А» - эксперименталды әсердің салдары болады, сондықтан тәуелді айнымалы болады. Эксперименталды зерттеулерде «В», яғни эксперименттік әсер тәуелсіз айнымалы, «А» - эксперименттік әсердің салдары тәуелді айнымалы ретінде алынады.

В мен А -ң арасындағы каузалдылықты көрсететін шарттар:

  1. Эксперименталды әсер уақыт бойынша эффектісінің (нәтижесінің) алдында болуы керек (уақыт бойынша В А-ң алдында болуы қажет) .
  2. Эксперименталды әсер (В) мен оның нәтижесі, эффектісі (А) статистикалық түрде байланыста болуы тиіс. Егер әсер мен эффект бір-бірімен байланысты болмаса, онда олар бір-бірінің себебі болуы мүмкін емес. Мұндай байланысты (корреляцияны) тексеру үшін, арнайы статистикалық көрсеткіштер (әдістер) қолданылады. Сөйтіп, статистикалық көрсеткіштер сүзбе (фильтр) ретіндегі қызметті атқарады. Корреляцияның дұрыс емес анықталуы, статистикалық қорытындының валидтілігіне кері әсер әкеледі.
  3. Бұл А-ның қалыптасуына әсер ететін В-дан басқа шындыққа жақын, альтернативті түсіндірме болмауы тиіс.
  4. 3-ші шарт орындалмаса, онда зерттеуші осы альтернативті түсіндірмелерді - яғни, қосымша факторларды ескеру керек және оларды бақылау мүмкіншілігі болу керек. Қосымша факторларды Готсданкер қосымша айнымалылар деп атады (ПП), Корнилованың еңбектерінде - араласқан айнымалылар (СП) деп, ал Кэмпбелл жұмыстарында - арте-факторлар деп аталды

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Дружинин В. Н. Экспериментальная психология: Учебник для вузов:-СПб: Питер, 2005
  2. Зароченцев К. Д., Худяков А. И. . Питер 2004 жыл Эксперименталды психология: емтихан билеттеріне жауап
  3. Рамуль К. А. Введение в методы экспериментальной психологии. Тарту, 2006
  4. Крылов А. А., Маничева С. А. Практикум по общей экпериментальной и прикладной психологии. Питер 2009
  5. Эксперименталды психология Сатиева Ш. С. Семей 2007

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

МӨЖО№7

Тақырыбы: Эксперименттік мәліметтерді математикалық компьютерлік статситикалық өңдеу (SPSS) .

Оқытушы: псх. ғ. к. Кулмышева Н. А

Магистрант: Таурбекова И. М

6М010300 педагогика және психология

Семей 2015

Эмпирикалық жиындар нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеуде математика жиі көмектеседі.

Неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым математикалық модель жиі қолданады деген босқа айтылмаған сияқты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Психологиялық эксперименттің тазалығы
Эксперимент құбылыстардың себепті салдарлы байланыстары жайлы гипотезаны тексеру процедурасы ретінде. Зерттеудің гипотезасын белгілеу
“Психология бойынша практикум” пәні бойынша дәрістің тезистік мазмұны
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Физикалық оқу эксперименттің түрлері
Демонстрациялық тәжірибелерді таңдау
БОЛАШАҚ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Физикалық практикумның мақсаты
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz