Пікір — ойлау формасы



1. Пікір — ойлау формасы.
2. Пікірдің танымдағы рөлі.
3. Пікірдің құрылымы мен түрлері.
4. Пайымдау туралы жалпы түсінік
5. Пайымдаулар классификациясы
Қоршаған ортаны танып, біле келе, нәрселерді және олардың белгілерін бөліп аламыз. Мысалы, металдан жасалған бір затты зерттесек, ол туралы мынадай ой айтамыз: "Бұл нәрсенің жылтырайтын, майысатын, балкығыштық, қызу өткізгіштік, электр тоғын өткізгіштік қасиеттері бар". Бұл сөйлемде біз бір нәрсе жөнінде пайымдаймыз. Ол пікір сол зат пен оның белгілері туралы ойды керсетеді. Ал ол нәрседе (затта) бірлі-жарым белгілердің болмауы да мүмкін. Онда біз ол зат туралы "мына зат ақ емес", "мына кітап қызықты емес" дейміз. Затта әр белгінін; бар болуы немесе жоқ болуы біздің ойлауымызда не қостау, не терістеу формасында пайымдалады. Сөйтіп, пікір дегеніміз — заттар, белгілер немесе зат пен оның белгілері арасындағы қарым-қатынаста (терістеу не костау түрінде) бейнеленетін ойлау формасы. Пікір ұғымдармен салыстырғанда құрылымы жағынан күрделірек келеді, өйткені ұғым пікірдің құрамына кіреді.
1. Ә.Тұрғынбаев. “Логика”. Алматы, “Білім” 2000 ж.
2. Г.Атшабарова Қисын. “Логика” Алматы, 1992 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Пікір -- ойлау формасы.
Пікірдің танымдағы рөлі.
Пікірдің құрылымы мен түрлері.
Пайымдау туралы жалпы түсінік
Пайымдаулар классификациясы

Пікір -- ойлау формасы.
Қоршаған ортаны танып, біле келе, нәрселерді және олардың белгілерін бөліп аламыз. Мысалы, металдан жасалған бір затты зерттесек, ол туралы мынадай ой айтамыз: "Бұл нәрсенің жылтырайтын, майысатын, балкығыштық, қызу өткізгіштік, электр тоғын өткізгіштік қасиеттері бар". Бұл сөйлемде біз бір нәрсе жөнінде пайымдаймыз. Ол пікір сол зат пен оның белгілері туралы ойды керсетеді. Ал ол нәрседе (затта) бірлі-жарым белгілердің болмауы да мүмкін. Онда біз ол зат туралы "мына зат ақ емес", "мына кітап қызықты емес" дейміз. Затта әр белгінін; бар болуы немесе жоқ болуы біздің ойлауымызда не қостау, не терістеу формасында пайымдалады. Сөйтіп, пікір дегеніміз -- заттар, белгілер немесе зат пен оның белгілері арасындағы қарым-қатынаста (терістеу не костау түрінде) бейнеленетін ойлау формасы. Пікір ұғымдармен салыстырғанда құрылымы жағынан күрделірек келеді, өйткені ұғым пікірдің құрамына кіреді.
"Астана -- Қазақстан астанасы" деген пікір екі ұғымнан құрылған: 1. "Астана", 2. "Қазақстан". Ұғымдардан бөтен пікірде жүйелі құрауыш ретінде байланыстырушы сөз болады. Оны Сонымен, пікірді мынадай формуламен өрнектейміз:
S дегеніміз -- Р немесе S -- Р.
Терістеуші пікір үшін пікір формуласы: S дегеніміз -- Р емес.
Ал көбінесе "дегеніміз", "деп", "айтамыз", "болып саналады" деген сияқты байланыс сөздері пікірде айтылмай, тек ойда болады.

Пікірдің танымдағы рөлі.
Пікірдің тіл формасы сөйлем болады. Бұл екеуі мазмұн мен форма сияқты байланысшы болғанымен, екеуі тең емес. Пікір мен сөйлемнің тең еместігі бірнеше жағдайлардан байқалады. Біріншіден, қандай да болса пікір сөйлем бола алмайды. Пікір тек хабарлы сөйлеммен баяндалады, сұраулы және қозғаушы сөйлемдер пікір бола алмайды, өйткені оларда пікірдің ең басты белгісі жоқ -- құбылыстар арасындағы байланысты терістеуші не қозғаушы сөйлем жоқ.
1. Басталды жаңа ғасыр.
2. Батырмен жүргендейміз көкте.
3. Сұлулыққа ғашықпынмен.
4. Түнейтін ел осы ма Жер дегеніміз?
5. Жаңғырық жеті атаңды ояткандай!
6. Өлімнен күшті келген ұят қандай!
7. Неліктен жарық жұлдыз ұран бізге?
Мұндағы 1, 2, 3 -- пікір, хабарлы сөйлем. 4, 7 -- пікір емес, сұраулы сөйлемдер. 5, 6 -- пікір емес, лепті сөйлемдер. Екіншіден, сөйлем мен пікір құрылымы тең болмайды. Оның логикалық талдауы ойдың затын, оның сипаттамаларын және табылған ұғымдардың қатынасын атап көрсетуін ұйғарады. Шық қандай алғаш рет шаранадан, Үзіліп шықты-ау адам Жер-Анадан. Ойдың заты -- адам. Ойдың заттының сипаттамасы -- "үзіліп шықты-ау". Ал бұл сөйлемнің грамматикалық талдауы мүлдем басқаша болады. Үшіншіден, сөйлемнің нақтылы бөлгіленген бөлшектері болып саналатын бастауыш-баяндауышпен салыстырғанда, субъект предикаты пікірдің бөлшектері -- логикалық екпінге тәуелді болатыны байқалады.
Аспанның сәуірдегі сан жолында ақ жолы Гагариннің алабөтен. (Аспанның сан жолында Гагарин жолы алабөтен)
Аспанның сәуірдегі сан жолында ақ жолы Гагариннің алабөтен.(Гагариннің аспанның сан жолында ақ жолы алабөтен)
Аспаннын сәуірдегі сан жолында ақ жолы Гагариннің алабөтен.(Алабөтен Гагариннің ақ аспанның сан жолында).
Төртіншіден, әр түрлі тілдер бар болуы пікір мен сөйлемнің тура келмейтініне дәлел беріп отыр, өйткені бір пікірді әр түрлі тіл формасында беруге болады. Әрбір пікір қашанда грамматикалық сөйлем арқылы айтылады. Сөйлем -- пікірдін материалдық қабығы. Пікір де, ұғым сияқты, тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Тілдік материалдан аулақ, жалан пікір болмайды. Тіпті біз пікірді ойша, құраған күнде де, бәрі бір пікір сөздер, терминдер және сөйлемдер арқылы құралады.
Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз бірлікте, өйткені пікір мен сөйлемнің мазмұны біреу-ақ. Бірак пікір бөліктері мен сөйлем мүшелері толық сәйкес келе бермеуі де мүмкін.
Кейде сөйлем бір-ақ сөзден тұрады (мысалы, жақсыз сөйлемдер: Жарық. Тыныш. Аяз.), бірақ мұнда да белгілі бір пікір бейнеленген.
Пікір мен грамматикалық сөйлемнің арасындағы тағы бір айырмашылық сол, түрлі тілдерде сөйлемдердің грамматикалық құрылысы түрліше болады.
Ал пікірдің логикалық құрылысы барлық тілдерде бірдей болып келеді.
Сонымен, пікір мен сөйлем тығыз бірлікте болғанымен, бірақ олардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Ойлаудың формасы болып табылатын пікір мен оның тілдік керінісі болып саналатын сөйлемді бір нәрсе деп қарастыру пікір, ойлау үдерісінде қателіктерге соқтыруы мүмкін.
Пікірдің құрылымы мен түрлері.
Пікірдін бір-бірінен бір қатар өзгешеліктері болуы мүмкін және болады да. Мұның мәнісі: пікірде әр түрлі нәрселер, олардың әр түрлі қасиеттері, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді. Пікір қарапайым және күрделі болып, үлкен екі топқа бөлінеді. Қарапайым пікір бір субъектіден және бір предикаттан тұрады, ал күрделі пікір бірнеше субъектіден немесе бірнеше предикаттан тұрады.
Мысалы: "Арман құс көкті терең бойлап баққан" -- жай пікір.
Ал: Ғашықпын, өмір саған Көктем үшін, Қорқыныш -- үрей үшін, От дем үшін. Ғашықпын өмір саған Азды-көпті Дәміңнен бұйырғаны Жеткені үшін, -- бұл күрделі пікір.
Пікірді түрлендіру. Сөзбен пікір әр түрлі мағынада, түрліше болады. Бір пікірдің өзін әр түрлі сөйлемдермен беруге болады. Мысалы: "Ынтымақ түбі -- бірлік", "Ынтымақ түбінде бірлік жатыр", "Бірліктің нәтижесі ынтымақ болады". Осы үш сөйлемнің үшеуінде де бір ғана пікір бар; олар түрлі сөздермен айтылғанымен, пікір біреу.
Бір пікірдің өзін көбінесе жақты сөйлеммен де және жаксыз сөйлемдермен де айтуға болады. Мысалы: "Найзағай ағашты өртеп жіберді" және "Найзағайдан ағаш өртеніп кетті".

Пікірдің логикалық мәнін айқындаудың жеке түрлерін қарастырайық.
Инверсия.
Пікірді инверсиялау деп пікірдің мағынасын өзгертпей, терістеуші пікірді қостаушыға және қостаушы пікірді терістеушіге айналдырудың логикалық тәсілін айтамыз.
Айналдыру нәтижесінде пікірдің тек сапасы ғана өзгереді. Мысалы: "Жұлдыздар қозғалмайды емес" -- "Жұлдыздар қозғалып тұрады". "Өткен жетінің кейбір күндері суық болды" -- "Өткен жетінің кейбір күндері суықсыз болмады". Айналдыру тәсілін қолданғанда бір пікірге екі терістеуші белгі енгіземіз, біріншісі -- байланыстың алдынан, екіншісі баяндауыштың артынан келеді. Инверсиялау біздің ойымызды айқындай түседі, оның маңызы да осында. Дұрыс инверсияламаса, онда пікір айкын емес болып шығады немесе олардың мағыналары тікелей бұзылады.
Ауыстыру дегеніміз -- пікірдің бастауышын баяндауышқа, ал баяндауышын бастауышқа айналдыратын логикалық тәсіл. Мысалы: даланы туман басты; туман басты даланы.
Пікірді түрлендірудің -- айналдыру мен ауыстырудың -- біздің ойлау үдерісімізде елеулі маңызы бар. Түрлендірудің әрбір түріне жасалған талдау пікірің бір түрінен екінші түріне көшу әркімнің өз еркінше, қалай болса солай бола бермейтіндігін көрсетеді. Бұл өзгерістердің зандары бар, олар белгілі ережелерге негізделген.

Пайымдау туралы жалпы түсінік

Пайымдау -- ойлаудың екінші формасы болып табылады және ол ойлауда өзінің басқа да функцияларын атқарады. Пайымдау -- бұл ойлау формасы, онда нәрсенің бар екендігі, нәрсе мен оның қасиеті арасындағы немесе нәрселердің арақатынасы туралы бір нәрсе не ашылады, не терістеледі. Біз логика курсында пайымдауды ақиқат не жалған деген тек қана екі логикалық мәнге ие деп есептейтін боламыз. Бұл қағида қосмәнділік деп аталады. Пайымдаудағы басты нәрсе -- олардың ақиқаттығы мен жалғандығы. Пайымдау сөйлемдермен беріледі. Сұраулы сөйлемдер де пайымдау болып есептелмейді. Мысалы: Сіздер барлықтарыңыз логика оқулығын алдыңыздар ма?. Не оң, не теріс болмастан, сұрақ не ақиқат, не жалған бола алмайды. Ол тек дұрыс не дұрыс емес қана бола алады (немесе басқаша айтқанда орынсыз болады).

Пайымдаулар классификациясы
Белгілі бір құрылымға ие бола түрып, пайымдаулар бірінші кезекте кұрделілік дәрежесіне қарай бөлінеді.
Логикада да пайымдауларды қарапайым және күрделі деп екі топқа бөледі.
Қарапайым пайымдаулар: Күн суықты болды немесе Ызғар жел соқты.
Күрделі пайымдаулар өзара түрлі амалдармен байланысқан қарапайым пайымдаулардан түрады: Күн суықты болды, бірақ ызғар жел соқты, онда бұл кұрделі пайымдау болып шығады.

Қарапайым пайымдау.
Қарапайым пайымдауларда объект пен белгінің байланысы қарастырылады. Объектілердің түрлері өте көп. Белгілердің түрлері: қасиет-белгі және қатынас-белгі. Белгілердің осы түрлері қарапайым пайымдауларды бөлудің негізі болады.
Қарапайым пайымдаулар түрлері төмендегідей:
а) атрибутивті, егер белгі қасиеттің бар не жоқ болуымен байланысты болса;
ә) релятивті, егер белгі қатынастың бар не жоқ болуымен байланысты болса.
Атрибутивті пайымдау латынның -- беремін, сыйлаймын деген сөзінен шыққан. Атрибут деп әдетте нәрсенің қандай да бір қасиеті түсіндіріледі. Мысалы, Судьялар тәуелсіз. Бұл пайымдау атрибутивті, өйткені соттарға тәуелсіз болу қасиет-белгісі таңылады.
Бұл пайымдаудың қандай қарамдас бөліктерін бөліп көрсетуге болады? Кезкелген қарапайым пайымдау функционалды төрт түрлі бөліктен:
1) пайымдау субъектісінен -- бір нәрсенің құптайтын не терістейтін заттар класынан. Ол латынның сөзінен шыққан, S деп белгіленеді;
2) пайымдау предикатынан -- жататын не жатпайтын, құптайтын не терістейтін заттар класынан деген сөзіне сәйкес, Р деп белгіленеді;
3) дегеніміз немесе емес деген құптаушы не терістеуші байланыстан түрады. Пайымдаудың субъекті мен предикатын біріктіретін немесе айыратын бәрі, кейбір, бірде-бір сөздері ереже бойынша пайымдау субъекті алдында келеді және предикат көлеміне субъект көлемінің қандай белігі жататын не жатпайтынын көрсетеді. Олар кванторлы сөздер немесе кванторлар деп аталады.
4) Пайымдау субъекті мен предикаты оның терминдері деп аталады және логикалық айнымалы болып табылады, өйткені әр пайымдауда әңгіме түрлі объектілер мен әр түрлі белгілер туралы болады. Байланыс логикалық турақты болып табылады, себебі ол әрқашан не құптайды, не терістейді.
5) Ендеше атрибутивті пайымдау құрылымын схема түрінде былай беруге болады:
S -- Р немесе S дегеніміз Р (емес)
Логикада барлық атрибутивтік пайымдаулар арасынан айрықша топты -- тіршілік ету немесе экзистенциалды пайымдауларды бөліп көрсету әдетке айналған. Мысалы, келесі пайымдауларды қарастырамыз:
1. Менің Римдік қүқық бойынша кітабым өте көне.
2. Менің Римдік құқық бойынша кітабым өте жақсы.
Римдік жеке құқық бойынша көп оқулықтар бар.
Бірінші және екінші пайымдауда сөз римдік құқық бойынша нақты оқулықтардың әр түрлі қасиеттері туралы болып түр, ал үшінші пайымдауда түтас нәрсенің бір қасиеті туралы айтылады. Ол біздің нәрсені тануымызға ерекше ештеңе қоспайды, тек оның бар екеңдігі туралы деректі түрақтандырады, яғни оның тіршілік ету -- қасиеті предикат болып табылады. Латын және ағылшын тілінде де ехһіепstіа-тіршілік дегенді білдіреді, сондықтан экзистенциалды пайымдаулар тіршілік ету кванторымен қосылған өзіндік ерекше схемасы бар, ол осы сөздің алғашқы әрпінен құралған.
Қарапайым пайымдаулардың екінші түрі -- бүл релятивті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным теориясы немесе гносеология
Ойлау және сөйлеу
Ойлау сипаттамасы. Ойлау процесі
Таным философиясы. Ғылыми таным әдiснамасы
Адам психикасы. Ойлау
Шығармашылық ойлау мәселелері
Ойлау формалары
Ойлау, сөйлеу
Ойлау жөнінде түсінік
Танымның философиялық тұғырнамалары
Пәндер