Сарыағаш ауданында қызанакты өсірудің интенсивті технологиясы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 04. -08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

. . . .

Сарыағаш ауданында қызанакты өсірудің интенсивті технологиясы жұмысы

Дипломдық жұмыс

5В080100 мамандығы- «Агрономия»

ШЫМКЕНТ, 2014 ж.

Ф. 7. 04-09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

. . . кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

.

“”2014 ж.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Сарыағаш ауданында қызанакты өсірудің интенсивті технологиясы жұмысы

5В080100 мамандығы-« Агрономия»

Орындаған

Ғылыми жетекшісі

ШЫМКЕНТ, 2014ж.

Аннотация

«Сарыағаш ауданында қызанакты өсірудің интенсивті технологиясы» такырыбында жазылған диплом жұмысы 68 - беттен тұрады.

Диплом жұмысында Сарыағаш ауданы жағдайында қызанақтан жоғары,
сапалы өнім алуды қамтамасыз ететін, су қоры көздерін үнемдейтін, қызанақты
өсірудін экологиялык және экономикалык тиімді технологиясы қарастырылған.

Диплом жұмысы кіріспеден, аналитикалык бөлімнен. технологиялық бөлімнен, тіршілік кауіпсіздігі және еңбекті корғау, коршаған ортаны қорғау, экономика, қорытынды бөлімдерінен, 7 сурет пен 8 кестеден, 29 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 5

Белгілер мен қысқартулар . . . 6

Анықтамалар . . . 7

Кіріспе . . . 8

1 Аналитикалық бөлім . . . 10
1 Аналитикалық бөлім . . . 10:

1. 1 Оңтүстік өңіріндегі қызынақ дақылына сипаттама . . . 10

1. 2 Оңтүстік өңіріндегі қызанақ дақылының өсірілу жағдайлары . . . 13

1 Аналитикалық бөлім . . . 10:

1. 3 Қызанақтың халық шаруашылығындағы маңызы . . . 14

1. 4 Микроэлементтерді көкөніс егістігіне қолдану . . . 16

1. 5 Оңтүстік өңіріндегі көкөніс дақылдарын бүлдіретін зиянкестер

және басқа зиянкестердің тудыратын ауруларына,

арамшөптерге сипаттама . . . 22

1. 6 Оңтүстік өңіріндегі көкөніс дақылдары зиянкестерінің жаппай

көбеюі және оны болжау . . . 26

1. 7 Тамшылатып суару технологиясы . . . 26

1. 8 Тамшылатып суарудың негізгі кемшіліктері және оларды

болдырмау жолдар . . . 28

2 Технологиялық бөлім . . . 30

2. 1 Сарыағаш ауданының аймақтық қасиеті . . . 30

2. 2 Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ түрлері . . . 30

2. 3 ОҚО аумағының климаттық сипаттамасы . . . 31

2. 4 Қызанақтың биологиялық ерекшелігі мен агротехникасы . . . 33

2. 5 Қызанақ сорттарының сипаттамалары . . . 37

2. 6 ОҚО мемлекеттік сортсынау кешенінде өсірілген қызанақ сорттарына сипаттама . . . 41

2. 7 Қызанақты өсіруде тамшылатып суарудың негізгі

артықшылықтары . . . 45

2. 8 Қызанақ дақылын төменгі қысымды тамшылатқышпен суару . . . 48

2. 9 Жоғары өнімді қызанақ сорттарын өсіру - жоғары өнім кепілі . . . 50

3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау . . . 52

4 Қоршаған ортаны қорғау . . . 58

5 Экономика . . . 63

Қорытынды . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 67

Нормативтік сілтемелер

Осы диплом жұмысында төмендегідей құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

ГОСТ 13586. 3-83 . Үлгілерді алу және қабылдау ережелері

ГОСТ- 12038-66-өнгіштік

ГОСТ-12040-66-өну күші

ГОСТ -10840-64 Тіршілікке қабілеттілігін анықтау

Анықтамалар

Осы диплом жұмысында төмендегідей терминдерге сәйкес анықтамалар пайдаланылған:

Гербицид - латынның «герба» шөп және «цидо» өлтіремін деген сөз.

Технология - өнімді және сапасын арттыру шаралары.

Селекциялық сорт- селекцияның ғылыми әдістеріне негізделген, ғылыми- зерттеу мекемелерінде шоғырланған сорт.

Сорт- селекция тәсілімен алынған, морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау қасиеттерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктердің жиынтығы.

Сұрыптау- тіршілік үшін күресте көбірек бейімделген организмдердің ұрпақтар бойы сақталуына тірелетін эволюцияның үш негізгі факторлардың біреуі.

Фотосинтез - өсімдік жапырағында Күн сәулесінің әсерінен су мен көмір қышқылы газынан органикалық заттың түзілу процесі.

Минералды қоректену - өсімдіктің топырақтан қажетті минералды тұздарды тамыр арқылы сіңіруі.

Эрозия - жерді өңдеу кезінде топпыраққа интенсивті ылғал жасау оның құрылымы мен құрылысының бұзылуына және топырақ құралу процесіне бағытының өзгеру.

Парник - көкөніс көшеттерін, сондай-ақ ерте пісетін көкөніс өсіруге арналған жабық құрылыс.

Үстеп қоректендіру - өсімдік өсіп тұрғанда қосымша тыңайтқыш енгізу әдісі.

Тамшылатып суару - бұл ауылшаруашылық егістіктерін суарудың салыстырмалы түрдегі жаңа әдісі.

Белгілеулер мен қысқартулар

Осы диплом жұмысында төмендегідей белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылған:

ОҚО _ Оңтүстік Қазақстан облысы

ж. ж. - жылдар

ж. т. б. - және тағы басқалар

т. б. - тағы басқа

ц/га - 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері

см - сантиметр

% - пайыз

м - метр

ц - центнер

г/см 3 - 1 куб сантиметрдегі грамм есебі

< - кіші

> - үлкен

ҒЗИ - ғылыми-зерттеу институты

млрд. - милиард

P - фосфор

N - азот

кг/га - 1 гектарда килограмм есебі

ә. е. з. - әсер етуші зат

с. е. - су ерітінді

э. к. - эмульсиялы концентрат

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қызанақ құнарлылығымен, өте дәмділігімен және жұғымдылығымен халықтың тағамға көбірек пайдаланатын көкөнісі.

Дәрумендердің көптігіне қарай қызанақты жеңіл (диеталық) тағам ретінде пайдаланады. 1 стакан шырыны А және С витаминдеріне тәуліктік қажеттіліктің жартысын қамтамасыз етеді. Жас қызанақ шырынында ішектегі ашу, шірудің өрістеуін басатын күшті фитонцидтер сақталады және асқазан сөлінің секрециясына әсерін тигізеді, жүрек қызметін жақсартады. Арықтау қажет болғанда алма, асқабақ, лимон (арақатысы 2:4:2) шырындарын қызанақ шырынына араластырып пайдаланады. Езілген мәуесінің күшті бактерицидтік әсері бар болғандықтан іріңді жарақаттарды емдеуге қолданады. Қызанақтан әр түрлі 100-ден астам дәмдеуіш қоспалар жасалынады.

Қазіргі кезде жаңа технологиялардың қарқынды дамуы қызанақты өсіруге үлкен мүмкіндіктер туғызып отыр. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласына тамшылатып суару жүйесі еніп жатыр. Осы ретте тамшылатып суару технологиясын қызанаққа да пайдаланып, суды үнемдеп, мол өнім алудың жолын ойластырған жөн. Қызанақтың өнімділігін жоғарылатуға себепші бола алатын соңғы жетістіктерді қолдану қажет болып отыр. Бұл тәсілдің нәтижесінде дақылдың өнімділігі мен сапасын дүние жүзілік стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз етуге болады .

Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында сыртқы ортаның қолайсыз факторларына және аурулар мен зиянкестерге төзімді сорттарды пайдалану қажет. Сол себепті қызанақтың жаңа сорттарын экологиялық сынақтан өткізе отырып, осы аймақтың топырақ-климат жағдайына бейімделуіне назар аударып, тұрақты мол өнім беретін сорттарын сұрыптау негізгі мақсат болып табылады. Республика тұрғындарын көкөніс дақылдарымен толық қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде сорт жаңарту және сорт ауыстыру тиіс.

Қорыта айтқанда, адам ағзаларының қалыпты қызмет етіп, колайсыз жағдайдан қорғаныштық қасиетінің арта түсуінде көкөніс дақылдарының орны ерекше.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - Сарыағаш ауданы жағдайында қызанақтан жоғары, сапалы өнім алуды қамтамасыз ететін, су қоры көздерін үнемдейтін, экологиялық және экономикалық тиімді тамшылатып суару технологиясын зерттеп, көкөніс шаруашылығына ұсыну.

Бұл мәселені шешу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • әдеби мәліметтерге сүйене отырып, мақсатты түрде қызанақтың будан сорттарына сипаттама беру;
  • қызынақтың будан сорт үлгілеріне фенологиялық бақылауы жүргізу ;
  • қызанақ сапасын арттыру үшін су қоры көздерін үнемдейтін тамшылатып суарудың экологиялық және экономикалық тиімділігін анықтау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Сарыағаш ауданы жағдайында қызанақ сапасын арттыру үшін су қоры көздерін үнемдейтін тамшылатып суарудың экологиялық және эконмикалық тиімді технологиясын көкөніс шаруашылығына ұсыну.

1 Аналитикалық бөлім

1. 1 Оңтүстік өңіріндегі қызынақ дақылына сипаттама

Қызанақ

Алқа тұқымдасы -Solanaceae.

Туысы: қызанақ - Lycopersicum

Түрі: мәдени қызанақ - L. esculentum.

Қызанақ дақылының тарихы. Бұл дақыл Еуропаға XVI ғасырда ғана әкелінген. Ең бірінші шыққан отаны - Оңтүстік және Орталық Американың ыстық аймақтары (Перу, Эквадор, Чили) . Ал Мексикада қызанақты ерте заманнан тағамға пайдалана бастаған, онда бұл дақыл біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда белгілі болған. Ертедегі ацтектер оған "томатль" - "томат" деген ат қойған. Бұл "үлкен жидек" деген мағына береді. Ертедегі теземдіктер мен үнділер Мексикадан Перуге дейін Америка анықталмай тұрып өсіре бастаған. Қызанақ дақылын Еуропаға бірінші болып испандар, португалдар, италиялықтар әкеліпті, ал италиялықтар жемістерінің сарьшығынан оған "Томато" - "алтын алма" деп ат қойған. Кейінірек француздар жемістерінің қызыл жүрекке үқсастығынан "поми д* амур" - "махабат алмасы" деп атаған.

Еуропада оны ұзақ мезгіл экзотикалық-таңғажайып ретінде (гүлдерінің әдемілігі мен жемісінің қанық қызыл түсінен) бағалаған, немесе дәрі ретінде пайдаланған [1] .

Ғылым Академиясының сөздігіндегі мәлімдемесінде К. Кондратович (1790) "Алма", "помо аморис" - арапша - алкакенги, соланум ликоперсикум деп атаған. Қазіргі кезде әр халық әр түрлі атайды:азербайжандар мен армяндар - томат, белорустар - памидоры, грузиндер - памидоры, орыстар - помидор, болғарлар, молдавандар - томат, ағылшындар -томато, лове аппле, француздар - томаат, поми д*амур, италяндар - памидоро, испандар, португалдар, немістер - томате, голландтар - томат, даттар - томатер, шведтер - томтес, румындер - патлагела розии, венгрлер - парадиксом, словендер - раизко иаболко, сербтер - раикика, чехтар - раиска иабліска (райское яблоко) - жұмақ алмасы, поляктар - қызанақ, иаблко злоте - алтын алма - алтын жеміс т. б. Әрбір халық өзінше ат қойып алған, біздің халық "сүйер ұлдың аты көп" дейді емес пе?

Швед табиғат зерттеушісі Карл Линней қызанақты латындардың атауында "солянум ликоперсикум" "қасқыр персигі" депті, осы аты бүгінгі күнге дейін сақталған, осыған байланысты "улы" деген ұғым да болған. Сондықтан 1840 жылға дейін американдықтар "улы" деп келген, шындығына келгенде піспеген қызанақ жемісінде улы алколоидтың барлығы, анықталған [2] .

Қызанақ - көп жылдық шөп тектес өсімдік. Біздің елдегі құбылмалы ауа райына қарай бір жаздық дақыл. Өсіп-өну дәуірінде әрбір жапырақтарының қойынында жанама жас сабақ бұталары қалыптасады, бұлар өсіп-жетіліп, ылғалды топыраққа иіліп жабысады да, жаңадан тамырланып көп сабақты жанама бұталарымен ұзарып өсе береді. Одан әрі өркен жаюы үшін тіреуіштерді немесе шипагерлерді қажет етеді. Орташа, кеш пісетін сортгары ұзақ мезгіл өсіп жетіледі. Егер салқындық болмаған жағдайларда жапырақтары мен сабақтарында қолға жұққыш жабысқақ шырын бөлетін түктері болады және бұлар ылғалды артық буландырудан қорғайды. Тұқымдары көктеп шыққаннан соң, немесе көшеттері отырғызылып өскеннен кейін сабағында 6-11 жапырақтары пайда болады да, гүлдей бастайды. Сабақ бұтақшаларының өсуі ұшар басында шоқ гүлдерінің құрылуымен тоқталатын нағыз бұталы түрлері бар. Бұталы түрлерінің сабақтары айтарлықтай берік болғанымен, жемістері үлкейіп салмақтанғанда майысып, топыраққа дейін жеткізеді. Сабақтары көп бұтақтанып, жанама бүйірлік өскіндері қалыптасады. Ерте пісетін сорттары 6-8 жапырақтан, ал кеш пісетіндері 9-11 жапырақтан кейін гүлдейді, осы гүлшоғырларынан кейін ортаңғы сабақ өсуін тоқтатып, негізгі өсу жанама бұтақтарға ауысады.

Ерте пісетін сорттарының жанама сабақтарының ұзындығы - 60-80 см кеш пісетіндерінің 150-200 смдейін жетеді. Ерте пісетіндерінің жанама сабақтарында 1-2 жапырақтан кейін гүлшоғырлары мен жемістері калыптасады, ал кеш пісетіндерінде 3-4 жапырақтан кейін гүлшоғырланады және жемістенеді.

Гүлдері қос жынысты, сары түсті, ұсақ шашақ гүлшоғына шоқшабас шоғырланған. Қызанақ - өздігінен тозаңданатын дақыл, бірақ ыстық, құрғақ ауа райында жел мен араның көмегімен тозанданады. Гүлдерінің шоғырлары 3 түрге бөлінеді: әдеттегідей - гүлдері мен болашақ жемістері кезектесіп бір сабаққа орналасады (1-түрі) . Егер гүлдері мен жемістері бір бұтақ сабағында бірнеше рет бұтақтанып орналасса - күрделі түрі (3-түрі) . Сабағында 1 түрі мен 3 түрінің орналасулары қайталанатын болса - оны аралық жемістерінің орналасуы дейді. Гүлдену түрлері әрбір сорттың өзіне тән ерекшеліктеріне және өсіріп-өндіру жағдайларына бағынышты [3] .

Гүл шоғырлары құрылымы жағынан - жинаңқы және шашырақы болып келеді. Бұндай болуы гүлдер сабағының ұзындығына, орналасуының жиілігіне жене гүлдер сабағының ұзынды-қысқалылығына қарай белгіленеді. Гүлдері жемістерінің саны жағынан аз (7-9) және көп (10-20) одан да көп жемісті болып ажыратылады. Гүлденгеннен кейін жемістерінің даму кезеңі 2 мерзімге созылады. Өсіп-өнуі ауа райының жағдайларына қарай кішкене жемістері - 27-32 тәулік бойы өсіп толыса береді, бұл кезендерде 12-15 тәулікте піседі. Осы жағдайда жасыл-көк түстерінен - ақшыл, боз, қоңырқай, сары болып қызара бастайды, бұл - пісу түстері. Ол әрбір сорттың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Піскен жемістері әртүрлі пішінді - домалақ, дөңгелек, жалпақ, алмұрт, өрік тәрізді болып келеді (1-сурет) . Жемістерінің орташа салмағы 80 грамға дейін кішкене, 150 грамға дейінгілері орташа, 150 грамнан асқандары үлкен болады. Жемістеріндегі ұялардың саны -жеміс жапырақтарының қосындысына да тең болады, алтұқымдық ұялар - 3-тен 20-ға дейін және одан да көп болуы мүмкін.

Ұялардың орналасуы бір бағытқа бөлінген, ал дұрыс еместері шашыраңқы, әр тарапқа бөлінген. Ұялары аз сорттардың жемістерінде тұқымдар көп, ал көп ұялы сорттардың жемістерінде тұқымдар аз болады. Жемістерінің дәмділігі, тәттілігі жағынан аз тұқымдылары артық.

C:\Users\Sony\Desktop\Новая папка (4)\01[1].jpg

Сурет 1. Қызанақтың жемістері

Жемістерінің қабықшалары неғұрлым жұқа болса, соғұрлым сондай тәтті, әрі дәмді болады. Жұқа қабықшалы жемістер тасымалдауға және сақтауға төзімсіз. Қалың қабықты, тығыз жемістер онша дәмді емес, тәттілігі жағынан жұқа қабықтыларға қарағанда әлдеқайда төмен. Бірақ, қалың қабықтылар тасымалдауға, сақтауға төзімді келеді[4] .

Қызанақ көп сабақтанып, жанама бұтақтанып өсіп-өнетін дақыл. Сондықтанда жемісті де өте көп береді. Тез дамитын тамыр жүйелері өте өсімтал, тұқымдары егілгеннен кейін бірінші болып тамырлары пайда болады. Содан кейін ғана тұқымдардың жарнағынық жапырақшалары көктеп шығады, ал осы орында өсетін болса тамыр жүйелері топырақтың 150 см терең қабатына дейін, ал жан-жағына 80-100 см дейін жайылады. Осыған байланысты тұқымдары егіліп өсірілетін қызанақ көшеттерімен өсірілгендерге қарағанда құрғақшылыққа, ылғалдың жетіспеушілігіне төзімді болады. Көшеттермен отырғызылатын болса, тамыржүйелері 80-90 см топырақ қабатына, 60-70 см жан-жағына ене алады. Сондықтан көшеттерімен отырғызылған егістікке ең кем дегенде жұмасына бір рет 25-30 см терендікке жеткенше су жіберу қажет. Осы әр түптен 2 кг-нан 10 кг дейін сапалы өнімдерін алуға болады.

1. 2 Оңтүстік өңіріндегі қызанақ дақылының өсірілу жағдайлары

Жылуға қатынасы. Қызанақ ыстық, жылы аймақтарында жақсы өсіп-өніп, өте мол өнім беретін дақыл. Тұқымдары ақ-сұр, қою түкті, жүрек тәріздес болып келеді. Мың тұқымының салмағы - 2, 7-3, 3 грамм. Тұқымдары ылғалды топырақтың жылуы 10-12 °С-да 10-12 тәулікте көктеп шыға бастайды. 20-25°С дан жоғары болса, 5-6 тәуліктен кейін өніп шығады. Өсіп-өнуіне, жемістерінің пісуіне ең қолайлы жылылық күндіз 20-25°С, түнде 17-18°С. 16°С-да гүл-денуі кешеуілдейді, 10°С-да өсуін тоқтатады, ал минус 1, 5°С-да мүлдем құриды. Сонымен қатар, бұл дақылүшін өте жоғарғы жылылық 33°С-та өсуін бояулатады, ал 35°С-қа жеткенде өсуі жөне фотосинтезі тоқталады, егер осы мезгілде ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40-45°С дейін төмендесе жеміс түйіндері түсе бастайды[7] .

Ылғалға қатынасы. Қызанақ топырақтың ылғалдылығын көп қажет етеді, өйткені ылғал қуатты тамыржүйелерін, жемістерін қалыптастырады. Топырақта ылғал аз болса, қызанақ өсуін тоқтатып, гүлдері мен жаңадан қалыптасқан түйіндерін түсіреді. Ылғал жетіспегенде жапырақтарының шеттері жоғары қарай жиырыла бастайды. Ал, жемістері пісе бастағаңда топырақтың ылғалдығы азайып, тез өзгерсе, онда жемістерінің сыртқы қабықшалары жарыла бастайды. Ауаның ең қолайлы салыстырмалы ылғалдығы 50-60% кем болмауы тиіс. Ылғалдық жоғары болса, гүлдері нашар тозаңданады, жапырақтары құбаланып, бактериялық қара дақ және басқа да ауруларға және жемістері фитофтораға шалдығады.

Ауадағы ылғалдың тез өзгеріп тұруы. Жемісінің төбесінің шіруін күшейтеді. Көктеп шыққаннан жемістенгенге дейін топырақ қабатының ылғалдығы 60-70%, ал жемістері пісіп жетілуі үшін 75-80% болуы қажет.

Жарыққа бағыныштылығы. Қызанақ дақылы ашық күн сәулесі түсетін топырақта жақсы өседі. Күн сәулесі түспейтін келеңкеде қажетті фотосинтез жеткіліксіз болып, сабақтары және жапырақ арасы ұзарып, жемістері кішкентай, аз болып қалады. Күн сәулесі жетіспесе жапырақтары көмір қышқыл газын сіңіре алмай ұзақ мерзімге дейін өсіп-өнуі кешігеді. Қызанақтың кейбір сорттары оңтүстік аймақтарда қысқа күндік, ал солтүстікте ұзақ күндік болады. Қызанақты зерттеген кейбір ғалымдар оны "бейтарап дақыл" дейді.

Күресу шаралары: қызанақ жемістері пісіп келе жатқан кезде улаған жемді (1 кг күнжара ұнына 60 грам арсенат кальций қосып немесе 100 грам 5, 5% ДДТ дусты) тастау қажет. Сүдігерді күзде міндетті түрде жүргізу керек[8] .

Қара дақ. Жапырақта ұсақ майлы дақтар пайда болады, бұлар біртіндеп үлкейіп, қарая түседі. Жапырақ кеуіп, семе бастайды. Осы кезде қарсы күрес жүргізілмесе жемістерінің сыртқы бетінде қарауытқан дөңес, ылғалды, сақина тәріздес дақтар пайда бола бастайды. Піскен жемісінде дақтың астындағы қабықтарында ұлпалары шіри бастайды. Ауруды қоздыратын бактериялар зақымданған қызанақ сабақтарының қалдықтарында қыстайды.

1. 3 Қызанақтың халық шаруашылығындағы маңызы

Көкөніс дақылдарының арасында көп таралғандардың бірі. Қызанақ құнарлылығымен, өте дәмділігімен және жұғымдылығымен халықтың тағамға көбірек пайдаланатын көкөнісі.

Әбден піскен қызанақтың құрамындағы С дәрумені лимон, апельсиндегідей, ал алмадан 4 есе көп болады. Ол дәрумендерге байлығымен ерекше бағалы, ал пісіп жетілмеген көк мәуелерінде витаминдер мүлде жоқ. С витамині 140-940 мг дейін, каротин - 120 мг дейін болады. Сонымен қатар, қызанақ құрамында 0, 39 мг Е, 0, 08 мг В, В, 0, 04 В2, 11 мг В1, 0, 53 мг РР витаминдері бар. Биотин - 1, 2 мг, қышқылдар - 0, 53 мг, никотин -0, 25 мг, фолий - 11мг, темір, фосфор тұздары, әсіресе, калий көп. Соңгы кездерде әртүрлі ісіктерді тоқтатын ликопеннің барлығы анықталды. Қант 1, 6-6, 4% дейін, органикалық қышқылдардан - лимон қышқылы (0, 3-1, 7%), сүт және алма қышқылдары бар, ал қымыздық қышқылы картоп, қызылшаға қарағанда аз. Органикалық қышқылдардың болуының арқасында қанның сілтілігі көбейеді. Қызанақ мәуесінде калий мен биязы талшықтар көп болғандықтан адамдардың барлығына, әсіресе зат алмасудың бұзылуына байланысты жүрек-тамыр жүйесінің ауруларына шалдыққандарға ем-дәрі ретінде ұсынады. Құрамында қымыздық қышқылы аз болғандықтан аяқ-қол буындарында сары су, тұз жиналған ауруларға пайдаланылады[9] .

Дәрумендердің көптігіне қарай қызанақты жеңіл (диеталық) тағам ретінде пайдаланады. 1 стакан шырыны А және С витаминдеріне тәуліктік қажеттіліктің жартысын қамтамасыз етеді. Жас қызанақ шырынында ішектегі ашу, шірудің өрістеуін басатын күшті фитонцидтер сақталады және асқазан сөлінің секрециясына әсерін тигізеді, жүрек қызметін жақсартады. Арықтау қажет болғанда алма, асқабақ, лимон (арақатысы 2:4:2) шырындарын қызанақ шырыньша араластырып пайдаланады. Езілген мәуесінің күшті бактерицидтік әсері бар болғандықтан іріңді жарақаттарды емдеуге қолданады. Қызанақтан әр түрлі 100-ден астам дәмдеуіш қоспалар жасалынады.

Қызанақ жемістерін маринадтау . Алдымен маринадтауға қажетті қоспа ерітінді дайындап алынады. Бір литр қоспа дайындау үшін 1 литр суға 50 грамм қант, 60 грамм тұз салынады. 5 минут қайнатылғаннан кейін суытылып, дәкемен сүзіледі. Осылай дайындалған ертіндінің үстіне 40 грамм сірке қышқылы, 820 грамм қайнаған су, 80 грамм қант, 35 грамм тұз, 2 грамм қара қарақаттың жапырағы, 4 грамм аскөк, 2 грамм лавр жапырағы, 7 грамм сарымсақ қосады да, шыны ыдысқа құйып араластырады.

Маринадтау үшін жемістердің көлемі біркелкі, қызыл, піскен, қабығы бүтін, тығыз, жаңаданжиналған жақсысы тандалып алынады. Жемістерді салқын суға жақсылап жуып, банкілерге еппен қатар-қатар орыналастырады да, әзірлеген маринад ерітіндісін үстіне құяды. Жемістердің үстіне банкі ішіне ащы бұрыш жемісінің біреуін, қарабұрыштың үш түйірін, 5 түйір қалампыр салады. Банканың аузын темір қақпақпен жақсылап жауып, ішінде ыссы суы бар кастрюльге қойып 10-20 минутқа дейін қайнатады.

Қызанақ пюресін дайындау үшін жақсы піскен жемістердің бүтін, тазаларын таңдап алып, салқын суға әбден жақсылап жуады. Әбден жуынған қызанақ жемістерін (қабығын сылып алып тастауға да болады, қабығын алу үшін ыстық суға бір батырып алады) еттартқыштан өткізеді де, эмальды кастрюльге салып бұрқ еткізіп бір қайнатып алады. Осыдан соң електен өткізіп, жұмсақ мәйегінен қабықтары ажыратылады. Жұмсақ мәйегін 45-60 минут қайнатады (қайнатқанда ұдайы ағаш араластырғышпен араластырмаса кастрюльдің түбінде қоюы тұнып күйеді де, дәмі бұзылады) . Дайын болған төпті шыны банкілерге қүйып, аузын бекітіп, ыссы суы бар кастрюльге 30 минут жайлап қайнатады. Осылай жасалған қызанақ төбін (пюре) салқын қоймада ұзақ сақтауға болады[10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызанақтың микрорганизмдік аурулары
Мақта шаруашылығы және оның облыс экономикасындағы орны
Қызанақтың экологиялық – биологиялық ерекшеліктері
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы туралы
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихы
Мақта өнімдерін өндіру
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кешені
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егілуінің, оны жетілдірудің қысқаша тарихы және мақта кластерінің болашағы
Қызанақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz