«Kaspi bank» АҚ


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 “Kaspi bank”АҚ-ның қызметіне сипаттама . . . 4

2 «Kaspi bank» АҚ-ның активтер операциясына және активтер өтімділігіне баға беру . . . 8

3 «Kaspi bank» АҚ-ның пассив операциясына баға беру . . . 13

4 Банктің табыстары мен шығынын және несиелік операцияларын талдау . . . 16

Қорытынды . . . 22

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 24

Тіркемелер . . . 25

Кіріспе

Дамыған елдерде, менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатады. Нарықтық жағдайдағы шаруашылықта оған басты назар аударылады, себебі менеджмент қосымша капитал салымдарын талап етпей-ақ, шығындарды төмендете отырып жоғарғы табысқа жетуге мүмкіндік береді. Экономикалық жүйенің субьектілеріне менеджментті қалыптастыру бұл несие мекемелерінің негізгі функциясы болып табылады. Тартып алынған ресурстар активті операциялардың «ғимараты» турған фундаменті ретінде қызмет етеді және оның тұрақтылығын банктердің барлық құрылымы тәуелді. Сондықтан менеджментті дамыту мақсаты әлемдегі кез-келген мемлекеттердегі коммерциялық банктер үшін өзінің актуалдылығын жоғалтпау және тапсырылмаған критерилерге жауап беру (құндылық, жеңілдік, тұрақтылық және т. б) .

Қазақстан экономикасының қызмет жүргізудің нарықтық негіздеріне көшуі, мемлекеттің - қаржылық, валюталық, ақша-несиелік және инвестициялық саясатын іске асыруда маңызды орын алатын, банк жүйесін, ақша-несие қатынастары мен қаржыларды басқарудың рационалды, жаңа түрлерінің қажеттілігін алға тартты. Соңғы жылдары, Қазақстан банктерінің қызмет аясы айтарлықтай кеңіп, банк қызметінің нарығы белсенді дами бастады. Банктер қызметінің халықаралық стандартқа көшу бағдарламасы да нәтижелі өтіп жатыр. Мұндай жетістіктерге жету, негізінде, банк бизнесі аймағындағы корпоративті басқарудың дұрыс деңгейде дамуы мен қалыптасуына байланысты.

Шетел банк құрылымдары банк қызметтері нарығының нәтижелі дамуына мүдделі, өйткені, біздің мемлекетте ABN AMRO Bank, Citibank, HSBC сияқты ірі халықаралық банктердің еншілес банктері және Deutshe Bank, Dresdner Bank, Commerzbank AG, ING Bank N. V. сияқты әлемге белгілі банктердің өкілдіктері өз қызметтерін жүргізуде.

Жоғарыда аталған процестердің ерекшелінген жалғасы ретінде, банк жүйесінде - банк персоналын және жалпы банк ісін үкімет тарапынан қойылған талаптар мен ҚР-нің Орталық (ұлттық) банкі қабылдаған нормативті-құқықтық актілерге сүйене басқарудың тиімді формаларын қолдану көрінеді.

Банктің қаржы менеджменті бойынша (екінші бөлім) - банк активтері мен пассивтерінің, табыстылығы мен тәуекеллерін төмендету регламентінің және тағы да басқа банктің ішкі экономикалық процедураларының басқару мәселелері, нормативтік құқықтық актілерді есепке ала негізделген.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті - Қазақстан банктік жүйесінің даму тенденцияларын ескере отырып, банк ісін басқару мен ұйымдастырудың негіздерін, коммерциялық банктің бухгалтерлік балансын қарастыру.

Жұмыстың зерттеу объектісі -«Kaspi bank» Акционерлік Қоғамы болып табылады.

1 “Kaspi bank”АҚ-ның қызметіне сипаттама

1997 жылы 12 қаңтарда Қазақстан республикасының заңдылығының талабына сәйкес міндетті қайта тіркеуді жүргізуіне байланысты “Аль Барак Қазақстан” халықаралық банкі “Каспий Банкі” ЖАҚ - на атын өзгертті.

1997 жылдың сәуір айында “Каспий Банкі” ЖАҚ-ымен “Каздарбанкі” ААҚ әріптес және қызметтес жөнінде келісім - шарт жасады. Әріптестер арасындағы іскерлік қарым - қатынастар мен терең түсінушілік ақпаратпен, жоспарлармен және әріптестердің өзара тәжірибелерімен алмасу нәтижесінде әріптестердің бәсекелестік артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындатып, екі банктің интеграциясының тереңдетуден өзара пайдалылықты түсінді. Қаржы нарығында қалыптасқан жағдай Қазақстан республикасындағы банк жүйесіндегі банк капиталын консолидациялау бойынша банк санының азаюы, банктердің қосылуына жағдай жасады.

1997 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі “Каспий Банкі” ААҚ - на № 245 генералдық лицензия берілді. Ол “Каспий Банкі” ЖАҚ мен “Каздарбанк” ААҚ еркін қосылуы нәтижесінде құрылды.

Банктің толық атауы - “Каспий Банкі” халықтық акционерлік қоғамы. Лицензиясы - үнемі қолданыста болатын мерзімге берілген теңге мен шетел валютасымен банктік және өзге де операциялар жүргізуге мемлекеттік лицензия. 2004 жылы 1 наурызда ҚР ҰБ №245 берілген болатын. Құнды қағаз нарығында брокерлік және делдалдық қызметке берілген мемлекеттік лицензия және үнемі қолданыстағы мерзімге клиенттер шотын жүргізу құқы 1999 жылы 30 желтоқсанда ҚР ҰБ берген, № 0401100185.

2003 жылы 1 тамызда Қазақстан республикасының “Акционерлік қоғам туралы” заңына сәйкес 2003 жылы 13 мамырда “Каспий Банкі” ААҚ - ның атының өзгеруіне байланысты әділет органында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. Яғни, “Каспий Банкі” ААҚ - мы “Каспий Банкі” АҚ - на ауыстырылды.

2003 жылы 2 желтоқсанда Қазақстан республикасының Ұлттық Банкінің басқармасының № 408 қаулысы бойынша “Каспий Банкі” АҚ - мы халықтық акционерлік қоғам дәрежесін алды.

Банк - бұл кәсіпорын ретінде қарастырылады және басқа кәсіапорындар сияқты мұның өзінің басқару аппараттары болады. Банктердің де басқа кәсіпорындардағыдай өз дирекциясы, бухгалтериясы, кассасы, кадрлар бөлімі және тағы сол сияқты бөлімшелеріболады.

Дегенмен банк - бұл ерекше кәсіпорын болғандықтан оның тауарлары немесе өндірілген өнімі ретінде, оның депозиттері, несиелері және басқа да көрсетілетін қызметтері қарастырылады. Ал дәл осындай қызмет түрлері болған жерде әрине тәуелділік деңгейі өте жоғары болады. Міне сондықтан да банк жүйесінің тиімді жұмыс жасауы оның менеджментінің сапасына тікелей тәуелді. Ал ол өз кезегінде қалыптасқан ұйымдастырылу қызметімен тікелей байланыста болады.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы дегеніміз - алдына қойған мақсатына жету үшін, оның әртүрлі бөліктері арасында жүзеге асырылатын байланыстарды білдіреді. Басқаша айтқанда банктегі орындалатын қызметтерді және міндеттерді бөлістіру, сонымен қатар әртүрлі бөлімшелердің бір-бірімен байланыстылығы.

Банктың ұйымдастырылу құрылымы қарастыра отырып, оның басты функцияларын қарастырған да жөн болар. Сонымен банктың басты функциялары келесі жағдайларды анықтайды:

  • Банктің даму стратегиясын анықтайды;
  • Негізгі шешімдерді қабылдайды және филиалдар үшін нормативті құжаттар мен жұмыстың методологиясын жасайды;
  • Филллиалдар байланысының масштабын анықтайды;
  • Даму жоспарына сай филиалдардың жұмысын ұйымдастырып, қызметін қадағалайды;
  • Банктің басты ұйымдастыру құрылымын анықтайды.

Кез келген жоғары деңгейлі банктың көпетеген қалаларда филиалдары болады. Міне сол филиалдардың өздеріне тән ұйымдастыру құрылымы болады, әрине барлығы ортақ мәртебені көздейді. Дегенмен банк филиалдарының құрылымында бірқатар ерекшеліктер болады.

Бөлшек бизнестік басқарма, ол:

- жеке тұлғалардың ақшаларын салымдарға тарту үшін жаңа бөлшек өнімдерді енгізеді;

- бөлшектік өнімдер бизнесін жүргізу үшін маркетингтік жоспар және концепциясы жасалады. Сол арқылы нарықтық экономикадағы қызмет деңгейі көтеріледі.

- халықты несиелендіру үшін, түрлі жаңа жеңілдіктер, мүмкіндіктер ойластырылады.

- интернет арқылы банктік операциялар жүргізіледі.

- банктың барлық құрылымдық бөлімшелеріне басқарудың жаңа инструкциялар, түрлі методикалар, тәжірибелер міндетті түрде қолданылады.

- қауіпсіздік қызметімен қоса кассалық операцияларды жүргізетін бөлімшелерге қауіпсіздік ережелерін сақталуын, банктің ішкі документтерінің бұзылмауына бақылау жасайды және соған жауапты

Бөлшек бизнес жайлы келесі бөлімде қарастырамын.

Несиелік операциялар басқармасы, банктың барлық несие түрлерін берумен айналысады, сонымен қатар несиелік операциялардың дұрыс жүріп жатқанын қадағалап отырады. Сонымен қатар қарыз алушының несие қабілеттігі мен несиені қайтару қабілеттілігін және несие портфельдерінің құрылымын талдау жұмыстарын орындайды.

Заң бөліміне келетін болсақ, онда бұл бөлімшенің жұмысы банк ішіндегі түрлі нормативті-құқықтық жағдайлардың бұзылмайын қадағалау, сонымен қатар банк жүйесінде операцияларды жеңілдету мақсатында жаңа актілер жасау, т. с. с.

Дегенмен банк - бұл ерекше кәсіпорын болғандықтан оның тауарлары немесе өндірілген өнімі ретінде, оның депозиттері, несиелері және басқа да көрсетілетін қызметтері қарастырылады. Ал дәл осындай қызмет түрлері болған жерде әрине тәуелділік деңгейі өте жоғары болады. Міне сондықтан да банк жүйесінің тиімді жұмыс жасауы оның менеджментінің сапасына тікелей тәуелді. Ал ол өз кезегінде қалыптасқан ұйымдастырылу қызметімен тікелей байланыста болады.

Активтер мен пайданың тез өсімі тәуекелділікті басқару мәселелеріне ерекше назар аударуды қажет етеді . Ағымдағы жағдайды үнемі бақылап отыру үшін біз тәуекелділік менеджментінің орталықтандырылған бөлімшесін құрдық. Ол банк басқару төрағасына бағынатын Тәуекелділікті Басқару Департаменті.

Бұл бөлім несиелеу тәртібін бақылайды. Оның атқаратын қызметіне несие қоржынын бақылау, несие өтініштерін қарау, банк контрагенттер мен елдің несие лимитін бекіту енеді. Ол сонымен бірге тәуекелдікті басқару және несие саясаты әдістемелерінің нормативтік базаларын, сонымен бірге салалық шолулар дайындайды.

2004 жылы Тәуекелдікті Басқару Департаменті жаңа несие саясатын, тәуекелдікті басқару саясатын және қарыз алушының рейтингін бағалау әдістемесін бекітті. «Каспий банктің» Бас кеңсесі ғана емес, аумақтық бөлімдерінде де жергілікті жердегі жобаларды бағалаушы риск - менеджерлер жұмыс істейді, сонымен бірге олар филиалдардың несие мониторингін жүзеге асырады.

Банктік тәуекелділік кешеніне несие тәуекелдігінен басқа да пайыздық, валюталық, рыноктық, елдік, салалық, аумақтық құқықтық, операциялық және өзге де тәуекелдіктер енеді. Сондықтан банк жоспарында - Департамент бақылауына өтімділік, пайыздық тәуекелдіктер, сонымен бірге баға құру және шығындарды оңтайландыру мәселелерін беруде қарастырылған. Ол үшін құрылымда Бақылау және маркетинг Басқармасы құрылған.

Несие тәуекелдігін төмендету үшін біз жақын арада несие қоржынында шағын және орта бизнес несиесінің үлесін және тұтыну несиесінің үлесін ұлғайтпақпыз. 2005-2006 Жылдары олар несие қоржының жартысын Қамтиды. Мұндай несиелердің тәуелдігі аз және бөлшек несие ортақ қазынасы ретінде қаралады.

Тәуелдікті Басқару Департаментінің құрылуы бізге және біздің клиенттерімізге жедел дамыған экономика жағдайында өзімізді сенімді ұстауға мүмкіндік береді. Оның жұмысы кез-келген күрделі жағдайды шешуге және Банк қызметін тұрақтандыру мен тиімді етуге бағытталған.

«Каspi bаnk » банк жұмысының негізгі қағидаларының бірі қызмет түрлерінің барлық клиенттер үшін қол жететіндігі. Біздің міндетіміз - барлық Қазақстандықтардың қазіргі сапалы банктік қызмет түрлерін пайдалану мүмкіндігін ұсыну. Сондықтан банктің даму стратегиясында филиалдық жүйені кеңейту мен жетілдіруге үлкен назар аударылады. Қазақстан экономикасының өсу қарқынының жоғарылығы мен халықтың сатып алу қабілетінің жоғарылауы ескеріліп, бизнестің бұл ағымы өзекті іске айналып отыр. 2004 жылы «Каспий» банк өзінің аумақтық кеңселері жүйесін дамыту жоспарын толық орындады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 33 филиал мен 46 есеп - кассалық бөлімдері бар. Бұл елдегі аумағы жағынан екінші орын алатын банк жүйесі. Ол Республиканың 21 қаласын қамтиды. Оның ішінде Алматы, Ақтау, Астана, Петропавлда, Теміртауда, Қордайда, Талғарда, Семейде жаңа бөлімдері бар.

Аумақтарда серпінді даму саясатын жүзеге асыру, жаңа технология енгізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру банкке қомақты шығындар әкелді.

Жыл нәтижесі көрсеткендей, біз сенімді есеп жасап, барлық жұмсалған күш - жігер ақталды. Филиалдардың жиынтық активтері осы уақытта 25 млрд теңгеден асып, филиалдардың жиынтық пайдасы бір жылда 3, 3 есе өсті. «Каспий» банк аумақтық рынокта өз орнын кеңейту үшін бірнеше маркетингтік зерттеулер жүргізіп, олардың негізінде жаңа алдыңғы қатарлы өнімдер клиенттер сұранысына сәйкес жобаланды. Бұл өнімдер тез арада банк қызметін пайдаланушылар арасында танымал болды.

Көптеген Қазақстандық компаниялар үшін «Касий» банк аумақтық бизнестерін дамытудағы сенімді серікке айналды. Сонымен бірге біз отандық кәсіпорындарға шетелдік инвесторлар мен серіктестер іздеуге көмек береміз.

2007 жылы қызметтің барлық бағытында өсу стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырмақпыз. Осы кезеңдер ағымында қосымша 7 филиалы Қарағандыда, Ақтөбеде, Құлсарыда, Рудныйда, Екібастұзда, Өскеменде, Талдықорғанда ашылмақшы. Аумақтық несие бөлімдері 1, 5 есе ұлғаяды

2 «Kaspi bank» АҚ-ның активтер операциясына және активтер өтімділігіне баға беру

Активті операциялар көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін орналастырады. Бұған жататындар:

- шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;

- халыққа тұтынушылық несие беру;

- құнды қағаздар сатып алуға несие беру;

- лизингтік операцияларға несие беру;

- факторингтік операцияларға несие беру;

- басқа банктерге несие беру (банкаралық несие) .

Көрсетілген активті операциялардың ішіндегі ең бастысы қайырымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операцияларын жүргізу болып табылады. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар көптеген жаңа түрлері пайда болды.

Банктің активті операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып бөлінеді:

- несиелеу операциялары;

- есеп айырысу операциялары;

- кассалық операциялар;

- кепілді операциялар.

Сонымен қатар банктің активті операциялары: қауыптілік дәрежесіне қарай қауіпті және қауіпті бейтарап операциялары; орналастыру түріне қарай бірінші және екінші; пайдалық дәрежесіне қарай пайда келтіруші және пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді. Коммерциялық банктердің актив операцияларының негізгі түрі, яғни жоғары табысты және жоғары тәуекелді операциялары болып несиелік операциясы табылады.

Несие операциялары - ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Бұл несие операцияларының банктің активіндегі үлесі 60-70 пайызға дейін жетеді. Банк табысының басым бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.

Банктің активтерін 4 категорияға бөлуге болады:

1 . Кассадағы қолма-қол акша;

2. Бағалы кағаздарға инвестиция;

З. Ссудалар;

4. Ғимараттар мен құрылыстар

Жалпы болашақта банктің активтер құрамын ұлғайту үшін касса және Ұлттық банктегі қалдықты, қаржылық активтер, капитал мен субординацияланған берешекке инвестицияларды ұлғайтуға және банктің басқа да тиімді активтер құрамын ұлғайтуға байланысты іс-шараларды қалыптастыру қажет. Төмендегі кестеде «Kaspi bank» АҚ-ң активті операцияларына құрылымдық талдау берілген.

1-кесте

«Kaspi bank» АҚ-ң активті операцияларына құрылымдық талдау

Көрсеткіштер
Сандық мәні
Үлес салмағы, %

Ауытқұы

(+; -)

2009 ж.
2010 ж.
2009 ж.
2010ж.
Көрсеткіштер: Ақша және оның баламалары
Сандық мәні: 25212428
Үлес салмағы, %: 54332920
Ауытқұы(+; -): 8, 1
15, 0
29120492
Көрсеткіштер: Міндетті резервтер
Сандық мәні: 4183551
Үлес салмағы, %: 4561285
Ауытқұы(+; -): 1, 34
1, 3
377734
Көрсеткіштер: Қаржылық активтер
Сандық мәні: 2964210
Үлес салмағы, %: 617726
Ауытқұы(+; -): 0, 95
0, 2
-2346484
Көрсеткіштер: Банктердегі қаржылар
Сандық мәні: 2394097
Үлес салмағы, %: 2192393
Ауытқұы(+; -): 0, 77
0, 6
-201704
Көрсеткіштер: Клиенттерге берілген ссудалар
Сандық мәні: 243958536
Үлес салмағы, %: 269155103
Ауытқұы(+; -): 78, 4
74, 4
25196567
Көрсеткіштер: Қолда бар сатуға арналған инвестициялар
Сандық мәні: 11456596
Үлес салмағы, %: 9215443
Ауытқұы(+; -): 3, 68
2, 5
-2241153
Көрсеткіштер: Өтеуге дейінгі ұсталынған инвест.
Сандық мәні: 5137649
Үлес салмағы, %: 4625238
Ауытқұы(+; -): 1, 65
1, 3
-512411
Көрсеткіштер: Негізгі құр-р мен мат-қ емес активт.
Сандық мәні: 14454104
Үлес салмағы, %: 14547285
Ауытқұы(+; -): 4, 65
4, 0
93181
Көрсеткіштер: Ағындағы салық бойынша талаптар
Сандық мәні: 0
Үлес салмағы, %: 167252
Ауытқұы(+; -): 0
0, 0
167252
Көрсеткіштер: Сақтандыру бойынша дебиторлар
Сандық мәні: 273300
Үлес салмағы, %: 133012
Ауытқұы(+; -): 0, 09
0, 0
-140288
Көрсеткіштер: Басқа да активтер
Сандық мәні: 1100835
Үлес салмағы, %: 2228658
Ауытқұы(+; -): 0, 35
0, 6
1127823
Көрсеткіштер: Активтердің барлығы
Сандық мәні: 311135306
Үлес салмағы, %: 361776315
Ауытқұы(+; -): 100
100, 0
50641009
Көрсеткіштер: Ескерту: «Kaspi bank» АҚ-ң 2009-2010 жылдардағы бухгалтерлік балансының мәліметтері негізінде құрастырылды

Баланс активін құрылымдық талдау үшін келесідей кесте құрамыз және қаржылық көрсеткіштерді сол кестеде бейнелейміз. Банктің несие портфеліне банк ссудалары жатқызылады. Бұл банк көбіне тұтынушылық несиелермен айналысады. «Kaspibank» АҚ көптеген дүкендермен келісім шартқа отырып, тұтынушылық несиелер береді. Осы банкте несие операциялары өте тез және жеңілдетілген түрде беріледі. Сондықтан Тараз қаласындағы бұл банктің филиалы ең тиімді несие беруші мекеме болып табылады.

2-кесте

«Kaspi bank» АҚ-ның активтер өтімділігінің деңгейі

Актив бабы
2009 жыл %
2010 жыл %

Ауытқуы

(+, -) %

№: 1
Актив бабы: Жоғары өтімді активтер
2009 жыл %: 12, 5
2010 жыл %: 27, 8
Ауытқуы(+, -) %: -15, 3
№: 2
Актив бабы: Өтімді активтер
2009 жыл %: 79, 3
2010 жыл %: 68, 7
Ауытқуы(+, -) %: +10, 6
№: 3
Актив бабы: Ұзақ мерзімді өтімді активтер
2009 жыл %: 8, 2
2010 жыл %: 3, 5
Ауытқуы(+, -) %: +4, 7
№: 4
Актив бабы: Орта мерзімді өтімді активтер
2009 жыл %: -
2010 жыл %: -
Ауытқуы(+, -) %: -
№: 5
Актив бабы: Өтімсіз активтер
2009 жыл %: -
2010 жыл %: -
Ауытқуы(+, -) %: -
№:
Актив бабы: Жалпы активтер
2009 жыл %: 100, 0
2010 жыл %: 100, 0
Ауытқуы(+, -) %: -
№: Ескерту - «Kaspi bank» АҚ-ның 2009-2010 жж бухгалтерлік балансының мәліметтерінен алынған

«Kaspi bank» АҚ-ның тиімді қызмет ету барысында мезеттік, ағымды және ұзақ мерзімді өтімділік нормативтерін сақтайды. Мезеттік өтімділік нормативі банктің жоғары өтімді активтерінің талап етуге дейінгі шоттар бойынша міндеттемелер сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Демек, егер банктен барлық талап етуге дейінгі депозиттерді бір мезгілде талап еткен жағдайда, банк олардың қаншасын өтей алатынын сипаттайды. Жоғарыдағы кесте бойынша 2009 жылы «Kaspi bank» АҚ-ның активтер өтімділігінің құрылымының өзгергенін байқауға болады. Жалпы баланс мәліметтері бойынша 2009 жылы активтердің барлық сомасы пассивтерге сай 50641009 мың теңгеге артып 361776315 мың теңгені құрап отыр.

Кассадағы қаражаттар үлес салмағының мөлшері бойынша екінші орында, 2009 жылы 25212428 мың теңге көлемінде касса арқылы операциялар жүргізілсе, 54332920 мың теңгеге 2010 жылы жүргізілді.

Банктің кассада сақталған қаражаттары ең өтімді болып табылады, ликвидті активтер 2009 жылы үлес салмағы 8, 1% құрап 2010 жылы 15% ға тең болды. Кассадағы активтер 29120492 мың теңгеге көбейген.

Капитал салымдары тобына негізгі құралдарға және материалдық емес активтерге салымдар кіреді.

Банктің негізгі құралдары мен материалды емес активтердің бағасы 14454104 мың теңгеден 2009 жылы және 14547285 мың теңгеге дейін 2010 жылы өскен, алатын үлес салмағы 4, 6 пайызға 2009 жылы, 4, 0 пайызға 2010 жылы тең болып 93181 мың теңгеге өскенін байқауға болады.

Өтеуге дейін ұсталынатын инвестициялардың көлемін банк қысқардыты жөн көргені белгілі. 2009 жылы бұл қызметке 5137649 мың теңге жұмсалынса 2010 жылы бұл сомма 4625238 мың теңгені құрады. Үлес салмағы 1, 6 және 1, 3 пайызға тең болған.

Өтімді әрі ұзақ мерзімді өтімді активтерінің көлемі артты. Әрине, бұл банктің активтерінің жағдайынның жоғарылағанын сипаттайды. Бұл нормативтің минималды мәні 20% шамасында болып табылады. «Kaspi bank» АҚ-ның мезеттік өтімділік нормативін кесте түрінде қарастырайық.

3-кесте

«Kaspi bank» АҚ-ның мезеттік өтімділік нормативі

Мерзімі
Мерзімдегі мәні
Алдағы кезеңге қатынасы
2010 жылдағы мәніне қатынасы
Мерзімі: 2008 жыл 31желтоқсан
Мерзімдегі мәні: 100, 8
Алдағы кезеңге қатынасы: -
2010 жылдағы мәніне қатынасы: -
Мерзімі: 2009 жыл 31 желтоқсан
Мерзімдегі мәні: 101, 2
Алдағы кезеңге қатынасы: +0, 4
2010 жылдағы мәніне қатынасы: +0, 4
Мерзімі: 2010 жылы 30 маусым
Мерзімдегі мәні: 167, 9
Алдағы кезеңге қатынасы: +66, 7
2010 жылдағы мәніне қатынасы: +67, 1
Мерзімі: Ескерту - «Kaspi bank» АҚ-ның 2009-2010 жж қаржы есебі мәліметтерінен алынған

Жүгізілген есептеулерге сәйкес «Kaspi bank» АҚ-ның мезеттік өтімділік нормативі жоғары деңгейде орын алған болатын. Ағымды өтімділік нормативін есептеу үшін банктің өтімді активтерінің сомасының талап етуге дейінгі шоттар мен 30 күнге дейінгі міндеттемелердің сомасына қатынасын табу керек. Ағымды өтімділік нормативінің минималды деңгейінің мәні 70% болып саналады. «Kaspi bank» АҚ-ның ағымды өтімділік нормативі төменде қарастырылады.

4-кесте

«Kaspi bank» АҚ-ның ағымды өтімділік нормативін талдау

Мерзімі
Мерзімдегі мәні
Алдағы кезеңге қатынасы
2010 жылдағы мәніне қатынасы
Мерзімі: 2008 жыл 31 желтоқсан
Мерзімдегі мәні: 184, 0
Алдағы кезеңге қатынасы: -
2010 жылдағы мәніне қатынасы: -
Мерзімі: 2009 жыл 31 желтоқсан
Мерзімдегі мәні: 144, 4
Алдағы кезеңге қатынасы: -39, 6
2010 жылдағы мәніне қатынасы: -39, 6
Мерзімі: 2010 жыл 30 маусым
Мерзімдегі мәні: 205, 0
Алдағы кезеңге қатынасы: +60, 6
2010 жылдағы мәніне қатынасы: +21, 0
Мерзімі: Ескерту - «Kaspi bank» АҚ-ның 2008-2009 жж қаржы есебі мәліметтерінен алынған

«Kaspi bank» АҚ-ның ағымды өтімділік нормативінің 2010 жылы 30 маусымдағы мәні 205, 0 құрады. Әрине, бұл банктің ағымды өтімділігінің жоғары деңгейін сипаттайды.

Банк өтімділігін талдауда ұзақ мерзімді өтімділік нормативі аса маңызды. Ол банктің ұзақ мерзім аралығындағы тұрақтылығын сипаттайды. Ұзақ мерзімді өтімділік нормативін өтеу мерзімі бір жылдан астам барлық банктің ұзақ мерзімді міндеттемелерін ( сонымен қатар кепілдемелер мен кепілхаттар) өтеу мерзімі бір жылдан астам банктің депозиттік шоттар бойынша міндеттемелер мен алынған несиелерге қатынасы арқылы есептеледі. Аталған нормативтің минималды мәні 120% болып табылады. «Kaspi bank» АҚ-ның ұзақ мерзімді өтімділік нормативі төменде қарастылады.

5-кесте

«Kaspi bank» АҚ-ның ұзақ мерзімді өтімділік нормативі

Мерзімі
Мерзімдегі мәні
Алдағы кезеңге қатынасы
2010 жылдағы мәніне қатынасы
Мерзімі: 2008 жыл 31 желтоқсан
Мерзімдегі мәні: 278, 7
Алдағы кезеңге қатынасы: -
2010 жылдағы мәніне қатынасы: -
Мерзімі: 2009 жыл 31 желтоқсан
Мерзімдегі мәні: 340, 9
Алдағы кезеңге қатынасы: +62, 2
2010 жылдағы мәніне қатынасы: +62, 2
Мерзімі: 2010 жыл 30 маусым
Мерзімдегі мәні: 88, 4
Алдағы кезеңге қатынасы: -252, 5
2010 жылдағы мәніне қатынасы: -190, 3
Мерзімі: Ескерту - «Kaspi bank» АҚ-ның 2009-2010 жж қаржы есебі мәліметтерінен алынған
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Kaspi bank» АҚ-ның құрылу тарихы мен несие беру қызметі туралы жалпы мағлұмат алу
АҚ ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу
Инвестициялық банктер
Әлемдік банк жүйелері
Онлайн - банкингтің мүмкіндіктері
Банк балансын құрылымдық талдау
Банктік операциялар шығындарын басқаруды модернизациялау
Коммерциялық банктердегі маркетингтік қызметтің ұйымдастырылуы
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Тұтыну несиесі және оның дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz