Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі.

Орындаған: Тұрайсова. А. Г.

Топ: ВС-503

Тексерген: Билялов. Е. Е

Семей 2015 жыл.

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1. Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Анатомия (anatоmia), гистология (histologia), эмбриология (embryologia) және цитология (cytologia) пәндері адам және жануар организміндегі жасушалар, ұлпалар, ағзалар, анатомиялық құрылыстары, қызметі, дамуын зерделейтін, оқытатын негізгі ғылымдар болып табылады. Жалпы қазіргі заманда анатомиялық терминдерді тек зерделеу емес, оның тілін білуді қажет етеді. Сондықтан латын тілін қоса оқи отырып, барлық ағзалардың атауларын жатқа саралап, арнайы тіл негізін меңгеруге көмектеседі.

Жұмысымның мақсаты: Біз, ветеринария саласында жануар ағзасының анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін оқығаннан кейін, ондағы анатомиялық мүшелерінің барлығы дерлік латын тілінен аударылып, тұтастай латын тілімен тығыз байланысты қылып берілген. Сол себептен, латын тілі және медициналық терминология негіздері - сөздер үшін жаңа пән. Латын тіліндегі атаулардың сөздік құрамы, айтылуы мен жазылуы да дәрі-дәрмектің құрамы, дайындау әдісі, түрлі анатомиялық мүшелердің атаулары туралы деректер білдіреді. Сондықтан алдымен оның мақсатын, жалпы көлемі мен мазмұнын, неліктен латын тілі жүздеген жылдар бойы медицина мен биологияның ғылыми тілінде қолданылатынын анықтап алған жөн.

1. Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі.

Ғылымның, техника мен өндірістің қай саласында болмасын, арнайы лексиканы немесе терминологияны дұрыс түсініп, қолдана білуі қажет. Әуелі термин сөзіне назар аударайық. Терминнің негізгі қызметі, (лат. terminus - шек, шекара) ғылыми түсінікті дәл білдіруде, атауда. Термин бір сөзден (ауру, флюорография) және сөз тіркесінен (желке сүйегі, гипертониялық ауру санитарлық өңдеу) тұрады. Терминдердің әдеби тілмен айырмашылығы ғылыми - техникалық ұғымды білдіреді. Сол себептен қазіргі таңда ветеринария мен медицина ғылымдарының салаларында латын тілі халықаралық терминология ретінде кеңінен пайдаланылуда, ал анатомиялық терминдердің көп атауларына терминдік сөздік ретінде латын тілі ерекше роль атқарып келеді.

Дегенмен Д. А. Жданов: «Бұл ғылым тарихында бірінші рет халықаралық дәрежеде ресми түрде мойындалған латын анатомиялық терминдерінің тізімі. Өйткені ғылымның әр түрлі салаларында латын тілі бұрынғыдай халықаралық тіл болып қала береді. Сөз жоқ, кеңес анатомдарының жақынарадағы міндеті ұлттық анатомиялық терминологияны құрастыру болып табылады. Бұл салада Н. А. Шейн, Н. М. Максимович-Амбодик, Е. О. Мухин, Г. А. Загорский, Н. И. Дьяконов, Н. А. Карузин және басқа орыс ғалымдары көп еңбек еткен» - деп жазды. Орыс анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары «Халықаралық анатомиялық номенклатура» деген кітаптардың (1980, 1986) алғы сөздерінде баяндалған. Бұл қағидаларқазақ анатомиялық терминдерін кұру кезінде негізге алынған. Бұлар : 1. Орыс анатомиялық терминдері мағынасы бойынша мүмкіндігінше ресми латын терминдеріне жақын болуы керек. Алайда сөздің шығу тегін (этимологиясын) сақтау әрекеті үстем болмауы керек. Сондықтан терминдерді сөзбе-сөз аударып, анатомия лық құрылымдардың мәнін бұрмалауға жол беруге болмайды. 2. Эпонимикалық терминдер, яғни ғалымдардың есімдерімен аталған анатомиялық құрылымдар аттары, клиникалық терминдердің негізі ретінде қалыптасып кеткен жағдайда ғана орыс анатомиялық номенклатурасында синонимдер ретінде сақталады (мысалы, «Гайморқуысы»- «Гайморит», «Евстахийтүтігі» - «евстахит» жәнет. б. ) . 3. Шет тілден алынған, халықаралық ресми терминдерге сәйкес келетін және медицинада кеңінен пайдаланатын кірме сөздердің де (медиалді, латералді, миокард, ганглии жәнет. б. ) қолданылуына жол берілуі керек. 4. Шет тілдік терминдердің орыс тілінде қолданылатын қанағаттанарлық және қолайлы эквиваленттері жоқ болса, олардың орысша транскрипциясы пайдаланылуы керек (мысалы, гипокамп, таламус, гипоталамус т. б. ) . Сонымен қатар, егер шет тіл терминдері медицинада кеңінен таралған болса, олардың орыс тіліндегі транскрипциясын қолданған дұрыс. 5. Мүмкіндігінше белгілі бір латын сөзін аударғанда, оның орысша бірнеше экви- валенттері болмауына тырысу керек.

Көптеген ғылым салаларында және оның ішіндегі анатомия пәніндегі ғылыми ойдың біртіндеп дамуына орай, анатомиялық терминология да біртіндеп, баяу және кейде ретсіз түрде дамып, құрастырылды, сол себепті де ол жан-жақты бола алмады. Біз жамбас астауы қуысындағы вегетативті нерв жүйесін (симпатикалық, парасимпатикалық бөлім өрімдерін) арнаулы мақсатпен тексергенде(А. Рақышев, кандидаттық диссертация, Қарағанды, 1960), ондағы атау-терминдердің әртүрлі аталып бір жүйеге келмегендігін көрсеткен едік. Мәселен, латын тіліндегі "п. epigens:п. pelvicis. n. splanchnicus saralis "деген терминдер бір ғана мәні бар нерв талшықтарын әр түрлі атайды. Біз ең алғаш оларды "n. n. splanchnici pelvini" деп атауды ұсынған еді. Бұл ұсыныс тек 1980 жылы ғана іске асты. Оны С. С. Михайловтың "Международная анатомическая номенклатура" кітабынан көруге болады. Анатомиялық терминдерді жасауда әр елдің өз дәстүрлері пайдаланылды, сондықтан да, кейбір мүшелер әр жерде әр түрлі аталып жүрді. Көптеген анатомиялық құрылымдар, соларды алғаш рет зерттеген ғалымдардың есімдерімен аталды. Халықаралық анатомиялық номенклатураны құрудың жауапты редакторы, белгілі кеңес анатомы С. С. Михайлов (1987) : "қазір орыс анатомия номенклатурасын жасау кезеңінде транскрипция және транслитерация әдісін пайдаланбау мүмкін емес. Тіл дамытудағы мүмкін жолдарының бірі осы тәсілдер" - деп жазды. Ал В. Даль өзінің атақты сөздігін «Тірі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі» деп кездейсоқ атамағанын ескертеді де: "Тіл әрқашан да дами береді, ол шындығында да тірі" - деп есептейді. Орыс анатомиялық номенклатурасында латын терминдерінің орысша баламалары бола тұра, латыңданған түрін жиі беру кездеседі: Diafragma - грудобрюшная переграда - диафрагма; Тгасһеа - дыха- тельное горло - кеңірдек. Осыған сәйкес қазақ терминдері келеді, мысалы: Арonevrosis - жалпақ сіңір, апоневроз. Diafragma - көкет, диафрагма. Sphincter - қысқыш, сфинктер

Бүгінгі таңда белгілі анатомиялық және гистологиялық атаулар құрайды. Қазіргі Халықаралық анатомиялық атаулар (Nomina anatomica) 1955 жылы анатомдардың Халықаралық конгресінде қабылданды. Бүгінгі күнге дейін ол бір неше рет толықтырылып, өзгерістер еңгізілді. Алғашқы Советтік басылымның кіріспе сөзінде бұл халықаралық деңгейде қабылданған ғылым тарихындағы латын тілінде бірінші анатомиялық терминдер екені атап көрсетілген. Бұл - латын тілі ғылымның әр түрлі саласының тілі екенінің айғағы. Латын тіліндегі анатомиялық және гистологиялық атауларды дұрыс және сауатты қолдану үшін, латын тілі пәнін мұқият оқып, терминдерді дұрыс айта білуге үйрену, олардың грамматикалық формасы мен мағынасын жете түсініп, сөздіктің көмегімен және өз бетімен терминдерді латын тілінде жасай білуі керек.

Латын тілінде анатомиялық терминдерді түсініп, білу үшін мынадай ережелер қалыптасады:

  • Буынның ұзақтылығы және қысқалығы;
  • Латын тілінде анатомиялық терминдерге екпінді дұрыс қою;
  • Жұрнақтардың ұзақтығына немесе қысқалығына қарап терминдерді ажырата білу;
  • Лексикалық минимумы болуы керек;
  • Кез келген анатомиялық терминдерді оқу барысында род түрі, сан түрі, септігін ажырата білу керек;

Ең алдымен анатомиялық терминдердің структурасына назар аударайық.

Анатомиялық терминдердің структурасы: Анатомиялық терминдердің структурасы
Терминдер сөз тіркесі: Терминдер сөз тіркесі
Терминдер сөз тіркесі: Бір сөзді терминдер
Екі сөзді терминдер
Көп сөзді терминдер
Зат есім, (Nominativus singl, . Plur. )Cor - жүрекOssa - сүйектерCutis - теріPulmo - өкпеHepar - бауырCosta - қабырғаDigitus - саусақCranium - бас:

Зат есім, (Nominativus singl, . Plur. )

Cor - жүрек

Ossa - сүйектер

Cutis - тері

Pulmo - өкпе

Hepar - бауыр

Costa - қабырға

Digitus - саусақ

Cranium - бас

Зат есім, (Атау септігі + қиысқан анықтауыш)Vertebra thoracica- кеуделік омыртқа;Procesus transversus -көлденең өсінді;Intestinum ileum - мықын ішек.Musculus vocalisc- дыбыс бұлшық еті:

Зат есім, (Атау септігі + қиысқан анықтауыш)

Vertebra thoracica- кеуделік омыртқа;

Procesus transversus -

көлденең өсінді;

Intestinum ileum - мықын ішек.

Musculus vocalisc- дыбыс бұлшық еті

Зат есім, (Атау септігі + қиысқан және қиыспаған анықтауыштар)Septum osseum nasi - мұрынның сүйектік пердесі;Мyatus acusticus externus - ішкі құлақ есту жолы.Lobus frontalis pallii - мандай бөлік:

Зат есім, (Атау септігі + қиысқан және қиыспаған анықтауыштар)

Septum osseum nasi - мұрынның сүйектік пердесі;

Мyatus acusticus externus - ішкі құлақ есту жолы.

Lobus frontalis pallii - мандай бөлік

Бір сөзді анатомиялық терминдер - бұл жануарлар мен адамдардың анатомиялық мүшелерінің, белгілі бір ағзадағы микросопиялық, ультрамикроскопиялық құрылысына түсінік беретін, тек қана бір сөзден құралған терминдер. Мысалы:

gaster, tris, f - іш сervix, icis f - мойын

cor, cordis, n - жүрек auris m - құлақ

venter, tris, m - құрсақ hepar m - бауыр

Екі сөзді анатомиялық терминдер - бұл жануарлар мен адамдардың анатомиялық мүшелерінің, белгілі бір ағзадағы микросопиялық, ультрамикроскопиялық құрылысына түсінік беретін, кемінде екі сөзден құралған терминдер немесе сөз тіркестері . Мысалы:

fossa cranii -бас шұңқыры сaput musculi - бұлшықет басы

сrista nuhia - желкелік қыры basis ceci - бүйеннің негізі

caput costalis - қабырға басы raphe palatini - таңдай жігі

Көп сөзді анатомиялық терминдер - бұл жануарлар мен адамдардың анатомиялық мүшелерінің, белгілі бір ағзадағы микросопиялық, ультрамикроскопиялық құрылысына түсінік беретін, үш немесе оданда көп сөздерден құралып, құрамында қиысқан және қиыспаған анықтауышы бар терминдер. Мысалы:

scvamo os temporale - самай сүйегінің қабыршағы

facies articularis tuberculi costae - қабырға шұңқырының беті

nuclei parasympathici sacrales - құйымшақ орталықтары

lobus frontalis pallii - мандай бөлік

musculus arytaenoideus transversus - көлденең ожауша бұлшықеті.

septum osseum nasi - мұрынның сүйектік пердесі;

Латын тіліндегі анатомиялық терминдік сөздердің екпін буынының ұзақтылығы және қысқалығы. Латын тілінде екпіннің орны буынның ұзақтылығына немесе қысқалығына байланысты болады. Сөздер дауысты дыбыстар арқылы буынға бөлінеді. Терминде қанша дауысты дыбыстар болса, сонша буын болады. Латын терминдерінде буындарының есебі соңынан басталады.

Екпіні қысқа анатомиялық терминдер: Екпіні қысқа анатомиялық терминдер
Екпіні ұзақ анатомиялық терминдер: Екпіні ұзақ анатомиялық терминдер
Екпіні қысқа анатомиялық терминдер:

Cor - жүрек

Саu-da (құйрық)

Au-ris (құлақ)

Dor-sum (арқа)

Ven-ter (іш, құрсақ жақ)

Екпіні ұзақ анатомиялық терминдер:

Di-gi-tus (саусақ)

Ab-do-men (іш)

Ver-teb-rae (омыртқа)

Oc-ci-pi-ta-le (шүйде)

Медицинада латын тілі анатомия мен фармакологияның халықаралық терминологиясы ретінде және шипашақ (рецепт) жазуына пайдаланатыны анық. Негізінен анатомияда латын тілі жеке орын алады. Адамның, жануардың мүшелерінің әр қайсысы латын тілінде аталатынын жоғарыда айтып кеттік. Соларға жеке тоқталып, толығырақ түсіндіре кетсек.

2. Жұрнақтардың ұзақтығына немесе қысқалығына қарап терминді нақты ажырата білудің қажеттілігі өте зор. Қазір біз білетін анатомиялық терминдер қойылған жұрнақтарына байланысты әр түрлі мағына береді. Жәнеде нақты қай объектіде орналасқандығын қөрсетеді. Сонымен қатар сол жұрнақтарға қарап ажырата аламыз.

Жұрнақ түрі: Жұрнақ түрі
Анатомиялық термин (мысал): Анатомиялық термин (мысал)
Жұрнақ түрі: -itis
Анатомиялық термин (мысал): encephalitis
Жұрнақ түрі: -os
Анатомиялық термин (мысал): monocytosis
Жұрнақ түрі: -io
Анатомиялық термин (мысал): incisio
Жұрнақ түрі: -ul
Анатомиялық термин (мысал): radicula
Жұрнақ түрі: -ari
Анатомиялық термин (мысал): vivarium
Жұрнақ түрі: -tor
Анатомиялық термин (мысал): pronator
Жұрнақ түрі: -cul
Анатомиялық термин (мысал): tuberculum

Анатомиялық терминдердің лексикалық минимумы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы ақпарат
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы мәлімет
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz