Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі туралы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі»
Орындаған: Тоқаева Н. Е
Тобы: ТО-207
Тексерген: Қ. Т. Нуралина
Семей - 2015ж.
Жоспар:
1. Өнім сапасы түсінігі
2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
3. Өнім сапасын бақылау және басқару
1. Өнім сапасы түсінігі
Өнім сапасы - өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады.
Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады - баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды.
Сапа - бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады.
Бәсекелестік қабілет факторы ретінде болатын өнім сапасы бүкіл ұлттық экономикаға әсер етеді.
Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары:
- Экономикалық
1. 1. Сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық, еңбек шығындары.
1. 2. Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар.
1. 3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар.
1. 4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары.
1. 5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары.
1. 6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған валюталық табыс.
1. 7. Импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы.
1. 8. Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек шығындары.
2. Әлеуметтік
2. 1. Отандық өнімнің дефициттілігі.
2. 2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі.
2. 3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау.
2. 4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі.
2. 5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уақытын тиімсіз жұмсау.
2. 6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы.
2. 7. Кәсіпорын пайдасының азаюы.
3. Экологиялық
3. 1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен қосымша шығындар.
3. 2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындар.
3. 3. Нашар экологияға байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің азаюы.
3. 4. Ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар мен транспортты қосымша жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация шығындары.
2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде айқындалады. Көрсеткіштердің келесі топтары бар.
Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі)
Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті), қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар) .
Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін сипаттайды. .
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері - өнім құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды.
Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттер) .
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды.
Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін сипаттайды.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштер - өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері.
Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады. . Баға көрсеткішіне байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды. Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады, өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды.
Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға қатынасын атайды:
мұндағы К опт - экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа;
Q - өнім сапасы;
C ∑ - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге.
Осы формуланың алымын анықтау үшін квалиметрия ғылымы қолданылады. Бұл ғылым өнім сапасына сандық баға беру үшін қажет әдістер құрастырды.
3. Өнім сапасын бақылау, басқару
Қазіргі уақытқа дейін қолданылған сапаны бақылау жүйелері:
1. Саратов жүйесі (бірінші тапсырудан қабылдау)
2. Львов жүйесі (еңбекке қатысу коэффициенті)
3. Сапаға кешенді басқару жүйесі
4. Мемлекеттік қабылдау
Өнім сапасын жақсарту бағыттарына келесілер жатады.
1. Өнім сапасын бақылау деңгейін көтеру
Сапаны басқару мақсаты ретінде өнім сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету болады, сапасыз өнімнің алдын алу, нашар сапалы өнім шығаруды болдырмау. Өнім сапасына жауапкершілік барлық персонал алу қажет. Өнім сапасын бақылау органдарының саны және жұмыскерлер саны кәсіпорын өлшеміне және олардың орындайтын міндеттемелеріне тәуелді болады.
Сапаны бақылау құралдарына бақылау-өлшеу аспаптары, құрал-саймандар және автоматтандырылған бақылау құрылғылар кіреді. Әсіресе, технологиялық жабдыққа орнатылған автоматты бақылау құралдары үлкен нәтиже береді, өйткені нақты өндірістік процесті бақылайды.
Сапаны бақылау түрлері:
а) топтық - бөлшекті толық және жарым-жартылай өңдеумен байланысты шектес операциялар тобы бойынша;
б) операция бойынша - өте күрделі немесе дәлдікті талап ететін технологиялық процестерде қолданылады;
в) таңдамалы- жалпы көлемнен бірнеше өнім бірлігі таңдалады және бақылауға жіберіледі;
г) жалпылама- әр өнімге жасалынады.
д) қабылдау және аралық бақылау
е) соңғы бақылау.
ж) инспекциялық
з) өзін-өзі бақылау
и) жедел
Өнім сапасын бақылау әдістері: сыртқы қарау (бақылау), өлшемдерін тексеру, механикалық, физикалық қасиеттерін тексеру, экологиялық тазалықты тексеру. Жеке әдіс ретінде сапаға техникалық бақылаудың статистикалық әдісін атауға болады. Бұл әдістің математикалық негізі ретінде ықтималдылық теориясы қолданылады. Сонымен қатар эксперттік әдістер қолданылу мүмкін. Олар мамандардың жалпы тәжірибесіне, интуициясына негізделеді. Оларды басқа әдістерді қолдану мүмкіндігі жоқ болған кезде пайдаланады.
Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде сапаға тотальды бақылау жүргізу жүйесі кең өріс алды (TQC) . Оның негізгі ерекшеліктері.
1. Сапаны басқару өкілеттілігі жоғарғы басқару бөлімінен төменгіге түсіріледі.
2. Шағын ұжымдар шектерінде «сапа кружоктары» сияқты қызметтің дамуы.
3. Клиент талаптарына артық қарау негізінде нарықта беделге ие болуға тырысу.
4. Өткен тәжірибені зерттеу арқылы тұрақты даму.
2. Өнім сапасын басқару
Сапаны басқару - өнімнің сапасын анықтау, қамтамасыз ету және сақтау мақсатында осы өнімді шығарғанда, қолданғанда немесе тұтынғанда жасалынатын іс-әрекеттер.
Сапаға әсер ететін факторлар:
- Машиналар құрамы;
- Жұмыскерлердің кәсіби білімі, дағдылары, тәжірибесі, денсаулығы.
Сапаны қамтамасыз ету шарттары:
өндірістік процесс сипаты, оның қарқындылығы, ырғақтылығы, ұзақтығы;
қоршаған ортаның климаттық жағдайы;
интерьер және өндірістік дизайн;
материалдық және моральдық стимулдар сипаты;
ұжымдағы моральды-психологиялық климат;
ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары мен жұмыс орындардың жабдықталу деңгейі;
жұмыскерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайы.
Сапа бойынша тиімді және үнемді жұмысты ұйымдастыру үшін адамдар келесі схема бойынша іс-әрекет жасайды:
- Қажеттілікті анықтау және өнім сапасына талаптарды белгілеу (жоспар, сапа бағдарламасы) ;
- Бастапқы материалға қажет қасиеттер беру (жоспарды орындау) ;
- Шыққан сапаның қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру (ауытқуларды анықтау) ;
- Ауытқуларды жоюға бағыталған әсер жасау (кері байланыс) . Деминг циклы
Өнім сапасының берілген параметрлерден ауытқуы, көбінесе теріс жаққа болады және оның жалпы және жеке көріністері болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz