Шығыс Қазақстан топырақтары



Кіріспе
1.1 Топыраққа жалпы сипаттама
Негізгі бөлім
2.1 Шығыс Қазақстан облысының жалпы топырақ жамылғысы
2.2Шығыс Қазақстан облысы территориясының географиялық аймақтарының топырақ тары
2.3 Шығыс Қазақстан облысының топырақ құнарлығының агрохимиялық сипаттамасы
2.4 Шығыс Қазастан облысының топырақ өңдеу жүйелері
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық-түлік, малға жем, ким үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың физикалық касиеттері су, ауа өткізгіштігі, су сақтағыштиғы, құрамы мен құрылым ерекшелігіне байланысты. Топырақтын негізгі бөлігін бастапқы Топырақ түзуші аналық жыныстан бастау алатын минералды құрамы анықтаса (85 — 99%), біршама бөлігін топырақ түзілу процесінде, негізінен осында өскен өсімдіктер қалдықтары (шіріген тамыр, түскен жапырақ, т.б.) ыдыраған кезде синтезделіп түзілетін органикалық. (қара-шірінді) заттар кұрайды (1 — 15%). Жануарлар дүниесі (негізінен омырткасыздар) тіршілігінің өрекетінен органик. заттардың ыдырауы жылдамдайды. Адамның шаруашылық әрекеті (орманды кесу, шеп егу, жер жырту, мелиорация, органик., мипералды тыңайт-кыштар қодцану) топырақ түзуші кейбір факторларға (мыс, өсімдікке) әсер етіп, топырақ түзілу процесінің бағытына тез өзгертеді.
1. А.А.Соколов « Обшщие особенности почвообразования и почв Восточного Казахстана» ,Алма –Ата.1997г
2. М.И.Штеин,Н.И.Безруков « Ауыл шаруашылығын өркендету ұсыныстары»,Алматы.1979ж
3.А.Д. Задорин,С.Р.Рахымбеков «Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар»,Алматы,1982,Семей облысы,328 бет.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Шығыс Қазақстан топырақтары

Орындаған: Ағали Н
Топ: АГ-213
Тексерген: Сагандыков С.Н

Семей 2015

Жоспар:
Кіріспе
0.1 Топыраққа жалпы сипаттама
Негізгі бөлім
2.1 Шығыс Қазақстан облысының жалпы топырақ жамылғысы
2.2Шығыс Қазақстан облысы территориясының географиялық аймақтарының топырақ тары
2.3 Шығыс Қазақстан облысының топырақ құнарлығының агрохимиялық сипаттамасы
2.4 Шығыс Қазастан облысының топырақ өңдеу жүйелері
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1.1Топырақ қа жалпы сипаттама

Топырақ - барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық-түлік, малға жем, ким үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың физикалық касиеттері су, ауа өткізгіштігі, су сақтағыштиғы, құрамы мен құрылым ерекшелігіне байланысты. Топырақтын негізгі бөлігін бастапқы Топырақ түзуші аналық жыныстан бастау алатын минералды құрамы анықтаса (85 -- 99%), біршама бөлігін топырақ түзілу процесінде, негізінен осында өскен өсімдіктер қалдықтары (шіріген тамыр, түскен жапырақ, т.б.) ыдыраған кезде синтезделіп түзілетін органикалық. (қара-шірінді) заттар кұрайды (1 -- 15%). Жануарлар дүниесі (негізінен омырткасыздар) тіршілігінің өрекетінен органик. заттардың ыдырауы жылдамдайды. Адамның шаруашылық әрекеті (орманды кесу, шеп егу, жер жырту, мелиорация, органик., мипералды тыңайт-кыштар қодцану) топырақ түзуші кейбір факторларға (мыс, өсімдікке) әсер етіп, топырақ түзілу процесінің бағытына тез өзгертеді.

Топырақтың қатты, сұйық, газ қүрамды және тірі организмдерде бөліктерден түрады. Олардың ара-қатынасы әр түрлі,топырақта ғана емес, тіпті бір топырақтың әр қабаттарында әр түрлі болады. Топырақтың жоғары қабатынан төмен қабатына қарай органикалық заттар мен заттар мен тірі организмдер азая түседі, ал жыныстардьң түзілу қарқьндылығы төмен қабатынан жоғарғы қабатына қарай арта түседі.
Топырақтың қатты бөлігінде алғашқы (кварц, дала шпаты, слюда, т.б.) және екінші ретті минералдар (гидрослюда, монтмориллонит, каолинит, т.б.) басым келеді. Топырақ борпылдақтығының қалыптасуы осы қатты бөлігінің кұрамы мен оның кұрылымының ерекшеліктеріне байланысты. Топырақтың негізгі массасын, негізінен түйірлері 1 мм-ден кіші болатын ұсақтопырақтар құрайды. Табиғи түріндетопырақ массасы көлемінің бір бөлігін -- қатты бөлігі, ал қалған бөліктерін топырақ ерітіндісі ментопырақ ауасынан тұратын бөлігі құрайды. Топырақтың қатты бөлігінің минералды және химиялық құрамына қарай көбіне оның құнарлылығын анықтауға болады. Органикалық заттар ыдыраған кезде оның құрамындағы азот өсімдіктердісіңіре алатындай түрге айналады.
Топырақтың сапасы морфологиялық, генетикалық, химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты болады. Осы қасиеттерге сәйкес топырақтың сапасын анықтауға қажетті негізгі табиғи диагностикалық белгілерге мыналар жатады: қарашірік қабатының қуаты (қалыңдығы); қарашіріктің, тұнбаның және саз балшықтың проценттік мөлшері; топырақтың қарашірінділігі; топырақтағы қозғалмалы қоректік элементтердің (фосфордың және калцийдің) қоры (запасы); топырақтың механикалық құрамы, қышқылдығы және тағы басқалары.

Адамның жерді өңдеуінің нәтижесінде, топырақ құрғақта, ылғалды да құнарлы не құнарсыз да болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда да тегі әр түрлі минералды және органикалық бөлшектерден тұрады. Қабат-қабат болып жатқан бөлшектердің аралығында ауа, су және көптеген организмдер толы саңылаулар болады. Осы бөлшектердің үлкен-кішілігіне қарай ірі және ұсақ түйірлі топырақ деп бөлінеді. Ұсақ түйірлі топырақтар саңылаулығы ірі түйірлі топыраққа қарағанда жоғары болады. Егер ұсақ түйірлі топырақ саңылаулығы 85 пайызға жетсе, ірі түйірлі топырақ саңылаулығы 30 пайыздан кем.Саңылаулықтың санитариялық мәні зор. Мәселен, жекелеген саңылау көлемі мен топырақ бөлшектерінің көлемі үлкен болған сайын ауа және су жақсы өтеді. Дәлірек айтқанда, ірі түйірлі құмдақ топырақтың су өткізгіштігі ұсақ түйірлі сазды топыраққа қарағанда көп есе артық. Ірі түйірлі топырақтан белгілі бір уақыт өлшемінде ұсақ түйірлі топыраққа қарағанда ауа көптеген есе көп өтеді.Топырақ саңылауы 60-65 пайыз болса онда биологиялық және химиялық ластанудан өздігінен тазару процестері үшін қолайлы жағдай туады.
Топырақтың ылғал тартқыштық қасиеті. Топырақ түйірлерінің беткейі ауадағы су буын, яғни ылғалдылығьш тартатын әрі топырақ саңылауларында кептіретін қабілеті бар үлкен жазықтықты құрайды. Топырақ қаншалықты ұсақ түйірлі болса, оның ылғал тартқыштығы соншалықты жоғары болады. Сондай-ақ, топырақта шірінді және коллоидты заттар көп болса да және ауаның атмосфералық ылғалдылығы жоғары болса да өседі. Органикалық заттармен ластанған сазды топырақтың да ылғал тартқыштықтары жоғары келеді.Топырақтың коллоидты заттары суды өзіне ең көп сіңіреді. Фермалардың ластанбаған территориялары мен шаруашылықтардың жайылымдық учаскелерінің ірі түйірлі топырақтарының ылғал тартқыштығы өте аз.
Топырақтың булану қабілеті қаншалықты нашар болса, оның құрамындағы ылғал да соншалықты көп ұсталады. Сөйтіп, ол анағұрлым сызды болады. Мысалы, ұсақ түйірлі өсімдік аз шығатын, күн сәулесі нашарлау түсетін сұр(боз) топырақта ірі түйірлі топыраққа қарағанда ылғал тартқыш қабілетін арттыратын еріген тұздар болса, ауа ылғалды келсе, жауын-шашын және қар суы топырақты шайып жатса топырақ бетінде ылғалдың булану деңгейі төмендейді.
Топырақтың ауа өткізгіштігі деп -- топырақтың өз бойынан ауа өткізу қабілетін айтады. Ауа топырақтың су болмаған саңылауында, ал сіңірілген күйінде топырақ бөлшектерінің құрамында болады. Сонымен, жер асты суында ауа еріген күйінде болатыны белгілі. Құрамы жағынан топырақ ауасы атмосфералық ауадан біраз айырмашылығы бар: мысалы топыраққа тереңдеген сайын оттегі мөлшері азаяды, органикалық заттарды тотықтыруға көп жұмсалады, ал көмір қышқылы құрамы керісінше көбейеді.
Органикалық заттарға бай топырақтарда оттегі мөлшері 10 пайызға дейін, тіпті одан да азаяды да, көмір қышқылы құрамы 15 пайызға дейін және одан да артық көбейеді. Ластанған топырақтарда газ тәрізді қоспалар (СН4, Н28, N11,), сондай-ақ , май қышқылдары т.б. болуы мүмкін.
Топырақтың ауа өткізгіштігі барометрлік қысымның өсуіне байланысты артып, топырақтың үстіңгі қабатының қалыңдығы және ылғалдылығы ұлғайған сайын кемиді. Саңылауларды толтыратын су олардан ауаны сығып шығарады да, ауаның топыраққа енуіне кедергі жасайды. Топырақ ауасының құрамыңда шаң да, микроорганизмдер де болмайды. Олар ауа топырақта сүзілген кезде ұсталып қалады да, топырақ бөлшектері ыдыратып жібереді.
Топырақтың ауа өткізгіштігінің және оның оттегімен баюының топырақта өтетін тотығу және оны адам мен жануарлар енгізетін органикалық лас затгардан босату тәрізді биохимиялық процестерге байланысты гигиеналық маңызы зор. Тағы топырақ түйірлі ірі және құрғақ болуға тиіс.Өйткені, ылғал және ұсақ түйірлі топырақ өте нашар желдетіледі. Сондықтан да онда өздігінен тазару процесі айтарлықтай жүрмейді.
2.1 Шығыс Қазақстан облысының жалпы топырақ жамылғысы
Облыстың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ жамылғысы оңтүстіктің қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға ауысады. Ертістің оң жағалауындағы құмдақ топырақта таспалы қарағай орманы, ал оңтүстік қара топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктер тараған. Қызғылт қоңыр топырақ Шыңғыстау жотасының етегінде бозғылт қоңыр топыраққа ауысады. Бұл топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктермен аралас жусан да көп өседі. Қалба мен Шыңғыстау жоталарының гранитті қыраттарында кішігірім қарағайлы және қайыңды-теректі ормандар кездеседі. Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында шөлдің сұр, сұрғылт және далалық топырағы (сұр топырақ) тараған. Зайсан қазаншұңқырында бұл топырақ арасында аздап сор және сортаң топырақ кездеседі. Ал Алакөл қазаншұңқырында олар әдетте сортаңданған. Зайсан қазаншұңқырында бозғылт қоңыр топырақ пен құмды алқаптар (Бозайғыр және Ақжан) тараған. Қазаншұңқырлардағы өзен жайылмаларында шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Зайсан қазаншұңқырында өсімдіктерден шашақты селеу, жусан, ал шағын өзен аңғарларында далалық шалғындар, Зайсан көлі мен Ертіс өзенінің жағаларында қамыс-құрақ көптеп кездеседі. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарының топырақ және өсімдік жамылғыларында биіктік белдемдер айқын байқалады. Кенді Алтайдың төменгі биіктіктеріндегі далаларда ауыр саздақ және саздақ қара топырақ тараған. Олардан жоғары сұр топырақ пен күлгінденген қара топырақ, ал одан биікте таулық сұр күлгін топырақ тараған. Келесі белдеуде таулық шалғынды топыраққа, одан кейін таулық тундраға ауысады. Оңтүстік Алтай мен Сауыр таулары жоталарының төменгі бөліктерінде (тиісінше 600 - 800 м-ге және 1200 - 1300 м-ге дейін) түпкі жыныстардың және саздақ шөгінділердің үстінде таулық күрең топырақ тараған. Олардан жоғары қаратопырақ белдеуі, тау беткейінде таулық қарашіріндісі аз және шымтезекті топырақ, тауаралық қазаншұңқырларда таулық қошқыл қаратопырақ қалыптасқан. Ең биік жерлерде таулық тундра топырағы орын алған. Тарбағатайда қызғылт қоңыр және қаратопырақпен бірге шөптесін өсімдікті таулық шалғынды және орманды телімдерде орманның сұр топырағы тараған.
2.2Шығыс Қазақстан облысы территориясының географиялық аймақтарының топырақ тары
Шығыс қазақстан облысы 10 миллион гектардай жерді алып жатыр.Облыс территориясы 3 географиялық аймаққа : далалық, шөл - далалық, шөлейтті аймаққа бөлінеді:
1.Далалық аймақ қызғылт қара топырақты қуаң дала.Ол солтүстіктегі жазық далалы аудандарда (Бородулиха, Бесқарағай, Жаңа Семейдің оң жақ жағалауы) қамтып, Обь жағалауындағы үстірт пен Ертіс жағалауындағы ойпауытты жерлерді қамтиды.Топырақ жынысы жеңіл және борпылдақ орташа сазды топырақ.
Қуаң даланың негізгі шөбі жусанды,бетегелі-бозды өсімдіктер (бетеге, боз, айыр қияқ,жусан,бидайық т.б).
Облыстың негізгі жер қоры қызғылт қара қоңыр топырақтан құралған.
Қызғылт қарақоңыр топырақ ішінде кең тарағаны - құрамы жеңіл сазды және құмдақты топырақтар.Негізінен Ертіс жағаланындағы жазықтық құм және құмдақ топырағынан тұрады.Бұл топырақтардың гумус горизонтының қуаты орташа (А+В =60 - 80 см ) горизонт қуаты А= 15 - 20 см.Көмір қышқылды карбонаты 60-100 см терендікте ұшырасады.Жеңіл еритін тұзы жоқ,топырағы тұзды емес.
Топырақ құрамындағы гумус 1 дент 2 процентке, үлес салмағы 2,6 - 2,7 гсм3 жетеді.Бұл топырақтар су өткізгіштік қасиеті жоғары ( 195 - 266 ммсағ), су ұстауы төмен (8 - 16 процент), ылғалды пайдалануы аз (5 - 9 проценет). Топырақ құрамындағы эрозилық фракциялар 80 - 70 процентке жетеді, соның нәтижесінен бұл топырақ едәуір дәрежеде жел эрозиясына ұшырайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ түрлері. Қазақстанның таулы аудандарының топырағы
Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Таулы топырақтардың жіктелуі
Тау топырақтары
Қазақстанның топырақтары мен табиғи зоналары және олардың сипаттамалары
Қазақстанның қуаң дала және шөлейт аймағының қара- қоңыр топырақтары
Зоналық топырақтар
Топырақтану және топырақ географиясы
Белдеулер
Пәндер