Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде



І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім
1.Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
2."Әдебиет танытқыш" . ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы.
3.Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.
ІІІ Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақ әдебиетінде шәкәрімтанудың негізін салып, іргетасын қалаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов сияқты ойшыл қайраткерлері. Шәкәрімнің Абайдан кейін қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруші екендігін жан-жақты дәлелдеп, ақын поэзиясының ерекшеліктерін, дүниетанымының күрделігін анықтады. Әлихан Бөкейханов Шәкәрімнің адам, қоғам, дін мәселелеріне ерекше назар аударғандығын алғаш тілге тиек еткен. Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік мәселелеріне қатысты Шәкәрім пікірлерін қуаттайтын Ә.Бөкейханов «Түрік, қырғыз, қазақ hәм ханлар шежіресі», «Қалқаман-Мамыр» поэмалары жөнінде жазған сын мақалаларында Шәкәрімнің творчестволық лабараториясына жоғары баға беретін ой- тұжырымдарын шәкәрімтанудың бастауы ретінде қарастыруға болады.
1.Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы, 2006. - т. 6. - 249 - 292 бет

2. Бөкейханов Ә. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі (1911 жылы басылып шыққан кітап жайлы) // Қазақ, 1913. 28 сәуір №12 («Қыр баласы» деп қол қойған).

3. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.

4.С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы 9-сынып «Қазақ әдебиеті»

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1.Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. 2."Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. 3.Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.

Орындаған: Калижарова Ж.Т.
Тексерген: Еспенбетов А.С.
Топ: КЯ-313

Семей, 2015ж
Жоспар:
І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім
1.Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде.
2."Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы.
3.Шәкәрім шығармаларының текстологиясы.
ІІІ Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақ әдебиетінде шәкәрімтанудың негізін салып, іргетасын қалаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов сияқты ойшыл қайраткерлері. Шәкәрімнің Абайдан кейін қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруші екендігін жан-жақты дәлелдеп, ақын поэзиясының ерекшеліктерін, дүниетанымының күрделігін анықтады. Әлихан Бөкейханов Шәкәрімнің адам, қоғам, дін мәселелеріне ерекше назар аударғандығын алғаш тілге тиек еткен. Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік мәселелеріне қатысты Шәкәрім пікірлерін қуаттайтын Ә.Бөкейханов Түрік, қырғыз, қазақ hәм ханлар шежіресі, Қалқаман-Мамыр поэмалары жөнінде жазған сын мақалаларында Шәкәрімнің творчестволық лабараториясына жоғары баға беретін ой- тұжырымдарын шәкәрімтанудың бастауы ретінде қарастыруға болады.

ХХ ғасырдың басында Шәкәрімнің жарыққа шыққан шығармаларына айырықша назар аударып, баспа бетінде пікір білдіріп отырған Әлихан Бөкейханов екендігі көрсетілді. Ш.Құдайбердіұлы мен Ә.Бөкейхановтың бір-бірімен таныстығы 1900 жылдан басталса керек. Олардың рухани қарым-қатынаста болғандығын Семей қаласында кездесіп тұрғандықтарын кейбір саяси мәселелерге байланысты хат жазысып, пікір алысып отырғандықтары жайлы ғалымдардың дәлелді дәйектері бар. Түрік, қырғыз қазақ һәм хандар шежіресі жайында жазған мақаласына пікірін айтып жазған мақаласында Ә.Бөкейханов Шәкәрім мұрасын бүкіл халықтың тануы керектігіне мән бере отырып, оны насихаттау керектігін жете түсінген [6]. Демек, аталған халық зиялыларынан басқа елге қамқор, зерек ойлы азаматтар да Шәкәрім шығармаларына дер кезінде үн қосып, өз ойларын білдіріп, құнды еңбектер екендігін бағалап отырған.

Әдебиет танытқыш -- Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов -- тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.Ғасырлар тоғысындағы қоғамдық-экономиканың қалыптасуы, жаңа үкіметтің орнығуы, халықты жаппай сауаттандыру үшін оқу-ағарту шаралары жедел жүзеге асырылған кезең. А.Байтұрсынұлының әдеби-эстетикалық тұжырымдары мен әдебиеттегі жүйелеуге қосқан үлесі туралы әдебиеттанушы-ғалымдар: ХХ-шы ғасырдың басын-да әдебиеттану салада нақты іс атқарған, өзгелерге үлгі көрсеткен А.Байтұрсынұлы болды дейді.
Оның Әдебиет танытқыш атты еңбегі-ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы зерттеулерге-деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға лайықталған, арнайы пән сөздері жарияланған ғылыми зерттеу екенін айтады. Академик З.Қабдолов 1988-шіжылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін, А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында Әдебиет танытқыш -- тұңғыш қазақы трактат, әдебиет теориясының басы екенін, кітаптың қадірі мен қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем ғалымдары арасын-да ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты. Академик Р.Нұрғали Күлтегін баспасынан жарық көрген өзінің Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры атты зерттеу-еңбегінде Әдебиет танытқыштың қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр.Зейін салған кісі, аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3)әуреленіс. Осылардың біріншісі -- әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс тал-данады, ал екіншісі -- азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта Әдебиет танытқыштың" толық текстін табу міндеті тұр, тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше нөмірлерінен қара деп ескертеді. Ендеше „Әдебиет танытқыш" оқулық, оның хрестоматиясы -- нұсқалығы да болған ғой. Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны. Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі „Әдебиет танытқыш" төңірегінде әлі-декөп зерттеулер жүргізу керек деген толғақты ойын әдебиеттанушы ғалымдарға арнайды. Шындығында, қазақ әдебиеттану ғылымына негіз болған бұл зерттеу еңбектің келешекте арнайы кешенді түрде зерттейтін өзекті тақырып. Еңбектегі әдеби терминдер бұл күні әдбен халықаралық терминдерге бой алдырған әдебиеттану ғылымының сөздік қорын қазақыландыруға септігі тиер еді. Академик Р.Нұрғалиұлы: „Әдебиет танытқыш" әдебиеттанудың әлемдік терминологиялықстандарт-деңгейіне көтеріліп, шет сөзді араластырмай,қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас ұлттық қазақы жүйесін жасап берді. Олардың басым көпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тыйым салынғанына қарамастан әдеби тілге кіріп кетті. Интернационализм дегенді желеу етіп, шет тілді зорлап ендіру науқаны тұсында әдебиеттанудың да шұбарланғанық.Әрине қазір роман, лирика, драманы ұзақ әңгіме, толғау,айтыс-тартыс деп өзгерту мүмкін болмас, бірақ А.Байтұрсынұлы жасаған бірталай терминдер, сөздер қолдануға сұранып тұр дейді. Әдебиетші-ғалым Т.Кәкішұлы Әр дарынның тарихта өз орны бар атты мақаласындағы А.Байтұрсынұлының сол жылдары егемендікке ұмтылудың, азаттық алудың бірден-біржолы оқу мен білім алып, ой-сананы дамытуда екендігін жете ұғынып, оны белгілі дәрежеде ағымға айналдыруға мұрындық" болғандығына баса көңіл бөледі. Қазақ елінің болашағы үшін қаламымен күрескен қайраткердің қоғамдық белсенді қызметі мен публицистикалық еңбектері, ғылыми зерттеулеріндегі пікірлері ғалымның осындай қорытындыға келуіне негіз болды. Әдебиет танытқыш туралы, ондағы атаулар мен терминдердің қазақ әдебиетінің барлық ұғым-түсінігіне сай келетінін айтып, зерттеуші: Мұндай еңбек бізде бұған дейін-де, бұдан кейін-деқайталанған жоқ. Ол -- әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы, ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық. Ондағы анықтамалар мен терминдердің өзі күні бүгінге шейін біздің ғылыми арсеналымыздан орын алатын құнды қағидалар мен атаулар. Көркемдік әлеміндегі сөз өнерінің сай-саласын ұғындыратын „Әдебиет танытқыш"- қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған өміршең қондырғы-фундаментдеген қорытындыға келеді. Әдебиеттанушы Т.Кәкішұлы ғалымды қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған зерттеуші ретінде бағалайды. Ол қаламгер еңбектерінен нақты мысалдар келтіре отырып, тарихи деректер негізінде пайымдаулар жасайды. 2000-шы жылы қаламгердің бұрын-соңды ғылыми ортаға таныс емес Қалам қайраткерлерінің жайынан деген мақаласын жариялады. Зерттеуші бұл мақаланы көпшілікке таныстырып отырғандағы мақсатын: ...мұндай мұраларды жариялау бізге керек... Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінгісіз ертеңнің кірпіші қаланбайды. Ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз-де, міне, осы дейді. Әрі осы мақалының астарынан бәле іздеген өз қандастарымыз, Ахметті партиядан шығарып тынғанынан мағлұмат береді. Десе-де бұл тарихи маңызы зор мақала Ахаңның азаматтығын айқын танытқан, интернационалистерді үркітіп, айғай-шу шығарған, ұлтшылдықтың манифесі деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім мұрасы туралы
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде жайлы ақпарат
Шәкәрім мұрасы
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы
Нарманбет поэзиясындағы азаттық идеясы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Алаш қозғалысы және оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
Пәндер