Орта ғасырлық ғылымның дамуы



Мазмұны

Кіріспе

I тарау VI.IX ғасырдағы ғылымның дамуы (мәдениеті, әдебиеті т.б.)
1.1. Тасқа жазылған дастандар. (Оғыз, Күлтегін Тоныкөк )
1.2 Әбу Насыр Әл.Фараби (зерттелуі өмірі жайлы)

II тарау X.XII ғасырдағы әдебиет мәдениет ғылым салалары
2.1 Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат.түрік»
2.2 Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік»
2.3 Ахмет Иүгінеки «Хибатул хакайк»
2.4 Ахмет Яссауи «Диуани хикмет»
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қолына қалам алып, үмітпен жоқ қуған зерттеушіге, әсіресе, мәдениет тарихы мәселелерінің айдан анық, қалтарыс-бұлтарысы жоқ даңғыл, ұзын-ырғағы жатықө сілтемелерге толы бола бермейтіндігінен де болар, біз соңғы кезге дейін қазаққа тек көшіп-қонып күнелткен, қала мәдениетінен құр алақан ел ретіндеқарап келдік. Оның жартылай отырықшы және отырықшы топтары қалыптастырған заттық және рухани мұрасына көңіл аудара алмадық. Тіптен үш мың жылдан астам тарихы бар халықтың және оның ата-тегін құрғандардың бүкіл дүниежүзілік өркениятқа қосқан үлесі жайында сөз қозғаудың өзі де бізге орынсыз болып көрінетін.
Солай бола тұрса да, күні кешеге дейін бізге белгілі қазаққа қатысты деректердің Х ғасырдан бастап кездесетініне қарамастан (зерттей білсек, онан әрменгі деректер де табылуы мүмкін), қазақ халқының қалыптаса бастаған тұсын XV-XVI ғасырлармен шектеп, ал ол жасаған әдеби мұраны XVIII ғасырдан, Бұқар жырау шығармашылығынан ғана басталады деп келмедік пе? Ортағасырлық ойшылдардан бар-жоғы бес-алты ғана оқымыстыны - Әбу Насыр Әл-Фарабиді, Жүсіп Баласағұнды, Ахмет Яассауиді, Махмұт Қашғариді, Хайдар Дулатты, Қадырғали Жалайырді, онда да олардың соңғы екеуін ғана қазаққа теліп, қалғандарының бүкіл түркі халықтарына жататындығын бетке ұстап қана өзімізге жақындатып келдік.
Зерттелу дәрежесі:
Жұмыс үш бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген.
- Бірінші тараудың бірінші мәселесі: «Тасқа жазылған (Оғыз, Күлтегін,
Тоныкөк) дастандары» деп аталады. Бұл тарау негізінен VI-IX ғасырды өркендей бастауы яғни адамзат тасты пайдалана отырып өз мәдениеті мен ғылым саласының дамуының іргетасын қалады.
- Бірінші тарау екінші мәселесі: «Әбу Насыр Әл-Фараби» (өмірі
шығармашылығы т.б.) деп аталады. Бұл мәселе яғни VI-IX ғасырдағы ғылымның дамуына ғалымдар арасында ерекше үлес қосқан Әл-Фарабидің шығармалары қамтылады.
Екінші тарауды бірінші мәселесі Махмұд Қашғари «Диуцани лұғат ат-түрік» деп аталады. Бұл тарауда X-XII ғасырдағы әдебиет өкілдері қарастырылады, соның ішінде бірінші мәселеде М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік»
Екінші тараудың екінші мәселесі: Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік» жайлы мәлімет.
Үшінші тараудың үшінші мәселесі: Ахмед Жүгенеки «ХҺибатул Хакайк» жайлы мәлімет.
Үшінші тараудың үшінші мәселесі: Ахмед Яссауи «Диуани Хикмат» жайлы мәлмет.

Мақсаты мен міндеті:
Ортағасырлық ғылым адамзат баласының салт-санасының өсуіне және мәдениет, әдебиеттің өркендеуіне әкеп соқты. Ортағасырлық ғылымның осындай жетістіктері көрсету осы жұмыстың мақсаты мен міндеті болып табылады.
Құрылымы :
Жұмыстың құрылымы екі тарау бес бөлімнен және қорытынды сілтемелер сонымен қатар пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Орта ғасырлық ғылымның дамуы

Мазмұны
Кіріспе
I тарау VI-IX ғасырдағы ғылымның дамуы (мәдениеті,
әдебиеті т.б.)
1.1. Тасқа жазылған дастандар. (Оғыз, Күлтегін Тоныкөк )
1.2 Әбу Насыр Әл-Фараби (зерттелуі өмірі жайлы)

II тарау X-XII ғасырдағы әдебиет мәдениет ғылым салалары
2.1 Махмұт Қашқари Диуани лұғат ат-түрік
2.2 Жүсіп Баласағұн Құдатғу білік
2.3 Ахмет Иүгінеки Хибатул хакайк
2.4 Ахмет Яссауи Диуани хикмет

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қолына қалам алып, үмітпен жоқ қуған зерттеушіге, әсіресе, мәдениет
тарихы мәселелерінің айдан анық, қалтарыс-бұлтарысы жоқ даңғыл, ұзын-ырғағы
жатықө сілтемелерге толы бола бермейтіндігінен де болар, біз соңғы кезге
дейін қазаққа тек көшіп-қонып күнелткен, қала мәдениетінен құр алақан ел
ретіндеқарап келдік. Оның жартылай отырықшы және отырықшы топтары
қалыптастырған заттық және рухани мұрасына көңіл аудара алмадық. Тіптен үш
мың жылдан астам тарихы бар халықтың және оның ата-тегін құрғандардың бүкіл
дүниежүзілік өркениятқа қосқан үлесі жайында сөз қозғаудың өзі де бізге
орынсыз болып көрінетін.
Солай бола тұрса да, күні кешеге дейін бізге белгілі қазаққа қатысты
деректердің Х ғасырдан бастап кездесетініне қарамастан (зерттей білсек,
онан әрменгі деректер де табылуы мүмкін), қазақ халқының қалыптаса бастаған
тұсын XV-XVI ғасырлармен шектеп, ал ол жасаған әдеби мұраны XVIII ғасырдан,
Бұқар жырау шығармашылығынан ғана басталады деп келмедік пе? Ортағасырлық
ойшылдардан бар-жоғы бес-алты ғана оқымыстыны - Әбу Насыр Әл-Фарабиді,
Жүсіп Баласағұнды, Ахмет Яассауиді, Махмұт Қашғариді, Хайдар Дулатты,
Қадырғали Жалайырді, онда да олардың соңғы екеуін ғана қазаққа теліп,
қалғандарының бүкіл түркі халықтарына жататындығын бетке ұстап қана
өзімізге жақындатып келдік.
Зерттелу дәрежесі:
Жұмыс үш бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Негізгі бөлім екі тарауға бөлінген.
- Бірінші тараудың бірінші мәселесі: Тасқа жазылған (Оғыз, Күлтегін,
Тоныкөк) дастандары деп аталады. Бұл тарау негізінен VI-IX ғасырды
өркендей бастауы яғни адамзат тасты пайдалана отырып өз мәдениеті мен ғылым
саласының дамуының іргетасын қалады.
- Бірінші тарау екінші мәселесі: Әбу Насыр Әл-Фараби (өмірі
шығармашылығы т.б.) деп аталады. Бұл мәселе яғни VI-IX ғасырдағы ғылымның
дамуына ғалымдар арасында ерекше үлес қосқан Әл-Фарабидің шығармалары
қамтылады.
Екінші тарауды бірінші мәселесі Махмұд Қашғари Диуцани лұғат ат-
түрік деп аталады. Бұл тарауда X-XII ғасырдағы әдебиет өкілдері
қарастырылады, соның ішінде бірінші мәселеде М. Қашқаридің Диуани лұғат ат-
түрік
Екінші тараудың екінші мәселесі: Жүсіп Баласағұн Құдатғу білік
жайлы мәлімет.
Үшінші тараудың үшінші мәселесі: Ахмед Жүгенеки ХҺибатул Хакайк
жайлы мәлімет.
Үшінші тараудың үшінші мәселесі: Ахмед Яссауи Диуани Хикмат жайлы мәлмет.

Мақсаты мен міндеті:
Ортағасырлық ғылым адамзат баласының салт-санасының өсуіне және
мәдениет, әдебиеттің өркендеуіне әкеп соқты. Ортағасырлық ғылымның осындай
жетістіктері көрсету осы жұмыстың мақсаты мен міндеті болып табылады.
Құрылымы :
Жұмыстың құрылымы екі тарау бес бөлімнен және қорытынды сілтемелер
сонымен қатар пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тасқа жазылған дастандар
Шамамен VI ғасырдың кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен
түрлі ру тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны
тарихтан жақсы мәлім.
Міне, сол ежелгі түрік дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр
еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – Күлтегін, Білге қаған және
Тоныкөк жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға
қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік
шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып,
тамсандырып келеді.
Рас, руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралысоңғы кезге дейін
әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, еінші
жол поезиялық туынды депе келеді. Ал кейінгі кезде, әсіресеғ, көрнекті
совет ғалымы И.В. Стеблеваның VI-VIII ғасырдағы Түркі поезиясы 1 деген
еңбегі басылып шыққаннан кейін Руна жазуындағы әдеби мұралар поезиялық
туынды деп танылады.

Күлтегін және Тоныкөк жырлары
Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) – ежелгі түркі мемелекетінің
көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері
ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы.
Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады.
Қапаған соғыста өлген соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы
Могилянді (кейінірек Білгі қаған деп атанған) Күллі түрік елінің қағаны
етіп тағайындалады. Күлтегін талай-тлай соғыстарда жеңіске жетіп, өз
қабілетті қолбасшысы ретінде танылады.
Міне, осы Күлтегін батыр, оны ағасы Білгі қаған және қағанның
кеңесшісі, ақыл гөй қария Тоныкөк құрметіне VIII ғасырда тасқа қашап
жазылған ескерткіш – жырларды әдебиет тану ғылымы тұрғысынан жан-жақты
зерттеген кісі совет ғалымы И.В. стеблева болды.
Бұл аталған руналық жазбалық ескерткіштер әдебиет тану ғылымында
ежелгі түркі халықтарының көне әдеби үлгілері, поезиялық туынды ретінде
танылады.
Көркемдік ерекшеліктері. Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері
туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып
келеді. Бірі – Күлтегін, Білгі қаған және тоныкөк ескерткіштері көркем
әдебиетке, соның ішінде поезияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме
дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі – руна жазуындағы бұл
ескерткіштерде поезиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі
түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды.
Бұл екі түрлі көзқарас ұза жылдар бойы әдебиетшілдер, тілшілер,
тарихшылар т.б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал,
қазір Күлтегін, Білгі қаған және тоныкөк ескерткіштері көркем туынды
екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін поезия, ерлік жыры деп
алғаш бағалаған ғалымдардың бірі – академик жазушы М. Әуезов болды. Ол руна
жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп былай деп
жазды: олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік
түрі де соған орайлас Күлтегін, тоныкөк немесе суджа жазуларында қанша
адам, қанша ерлік бейнеленген десеңші?! Оларда әралуан рулармен тайпалардың
кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің,
жорықтарда шежіресі бар.
Тіпті сол жазушылардың бірталайында Күлтегіннің ежелгі
жырларындағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол
жазуларда хронологиялық тәртіпте бар. Күлтегіннің 16 жастан 47 жэасына
дейін, яғни өлгенге дейінгі өмірндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда
батырлардың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктер жырлайтын
батырлық дасандардың сюжеттік құрылысында ұқсасатық бар.
Бұл жазба жәдігерліктер өзіің мазмүұнымен пішіні жағынан емес,
ырғаққа, яки ритмге – үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына
негізделу тұрғысынан да поезиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет совет ғалымы
И.В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі - әрі буын,
әрі екпін екені, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – сол буынмен екпінге
негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдің теориялық және практикалық
мәні зор еді.
Мәселен, Күлтегін жырының авторы әдеби тілге дауыс ырғағы түгіл, тіпті
дыбыс қайталаулар арқыл әжептеуір ажар беруге болатынын сезген секілді:
Қырғыз, құрықан, отыз татар,
Қытай тататабы – бәрі жау еді.
Әкем қаған осынша
Қырық жеті рет аттанды. 2
Композициялық құрылысы. Идеялық мазмұны. Орхон жазба ескерткіштері
композициялық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктері сол
дәуірдің әдеби дәстүріне байланысты болса керек. Біз әңгіме етіп отырған
Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жырлары өһз заманының белгілі бір
әдеби талаптарына сәйкес жазылғаны мәлім.
Тасқа қашап түсірілген бұл жазулардың әрбір руналық жолында, яғни
құлпы тастағы әрбір қатар жазуында бір емес, брнеше сөйлем бар. Дәлірек
айтсақ ұзынан ұзақ етіп құлпы тасқа бедерлеп жазылған руналық бір жазудың
өзі – бірғана ойды білдіруге арналған бірнеше сөйлемнен (яғни бір циклға
қамтылған сөйлемдерден) тұрады. Мұнда автордың оқырманға айтпқ болмақ
негізгі ойы әдеттегідей ір сөйлемнен екіншісіне емес, бір циклдан екінші
циклға беріліп жатады.
Бір цикл көлемі жағынан – руналық жазудың бір жолына шамалас болып
келеді.
Күлтегін (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес, әрі сюжеттік
жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз циклдан тұрады. әрбір цикл –
мазмұны жағынан бір-бір хикая болып келеді. Оның бірінші циклы – қағанның
өз халқына қарата айтқан үндеуі, екінші цикл – Түрік қағанаты жерінің
кеңдігін суреттейді, үшінші цикл – түріктердің әскери жорықтарын хикая
етеді, төртінші цикл – көршілес табғач халқының қатынастық әрекеттері
туралы әңгіме, бесінші цикл- табғаштармен қатынсу түріктерге ажал қатерін
төндіретіні жайында хикая, алтыншы цикл – түркі халқының көреген емес
екенін өінішпен жырлауға арналған, жетінші цикл - түркі халқының даңқын
көкке көтерген қаған екендігі жөнінде айтылған жыр, сегізінші цикл – осы
ескерткіш – жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған.
Тоныкөк жыры да көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрды. Мұның өзі
құлыптаста 62 руналық жзу жолына сыйып тұр. Жырдың өзі жалпы оқиға желісін
зерттеушілер он төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады.
Күлтегін жырындағы секілді мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның
басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Тоныкөк ескерткіші – ежелгі түркі поезиясына тән әдеби дәстүрде ,
көіктеу құралдары, тілі, композициясы т.б. жағынан зор шеберлікпен жазылған
жыр-дастан болып табылады.
Күлтегін жыры және қазақ эпосы. Түрік қағанатының есімі мәшһүр әскери
қолбасшысы, даңқты батыры Күлтегіннің он алты жасынан бастап, қырық жеті
жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істері эпостық сарынмен жырланады.
Күлегін тарихи адам болса да жырда ол бейне бір аңыз қаһарманындай ешқашан
жеілуді білмейтін батыр ретінде көрсетілген.
Күлтегін скерткіші тарихи фактірлер тізбегі емес, ежеден еркіндік
аңсаған түркі халқының бақытты өмір жйындағы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін
ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік күресін, кескілескен шайқастарда қол
бастаған хас батырларын жыр еткен батырлық эпосының алғашқы үлгілері деп
танығанымыз жөн сияқты. 3
Міне осы тұрғыдан қарағанда тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген
Алпамыс, Қамбар, Қобыланды және Шора батыр сияқты қазақ эпостарының
да күлтегін жыры секілді тарихи негіздері бар болуы ықтимал. Бұл туралы
академик Ә. Марғұлан өзінің Қазақтың ерлік жырындағы әлеуметтік сарындар
деген мақаласында қазақ эпосының халықтық сипаты мен тарихи негіздері
барлығын ерекше атап көрсетті.
“Оғыз қаған” дастанының тарихилығы
Оғыздар Х ғасырдың аяғында орыс княздарымен бірігіп, хазарарды, Еділ
Бұлғариясын да жеңеді. Оғыз қаған жырындағы Ұрыс (Русь) бекпен достық
қөарым-қатынаста болуы осы оқиғаның ізі болуы мүмкін. Жырда Үрім қағанды
(Византияны) жеңіп т.б. жауларын бағындырып, Қытай жеріндегі таңғұт,
шүршіт, сынду жұрттарын, масар, барақаларды өздеріне қаратып, еліне
жеңіспен қайтып оралғаны айтылады.
“Оғыз қаған” дастаны – түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін
генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды.
Жырдағы Оғыз қаған жорықтары VIII-X ғасырдағы Қазақстан жеріндегі ру-
тайпалардың орналасу жүйесінен де хабар береді. 7

Оғыз қаған” дастанының біздің заманымызға жету жолы, зертелуі
Оғыз қаған жыры XIII-XIV ғасырда хатқа түскен. Одан бұрын түскен болуы
мүмкін деген пікірлер де бар.Біздің дәуірімізге жеткен 2 нұсқасы бар.Олар –
ұйғыр, араб нұсқалары деп аталып жүр. Түркімен шежіресінің түпнұсқасы
жетпей, жеті көшірме нұсқасы жеткен, солардың негізінде түрколог А.Н.
Кононов бір ізге түсіре отырып орыс тіліне аударылып шығарылған. 4
Зерттеулі XIX ғ.басталады. Диц неміс тіліне аударылған одан кейін В.В.
Радлов жолма жол аударма жасап түсіндірмелерін жазады. Ұйғыр нұсқасы тарихи
шежіреден қарағанда көркем шығармаға жақын. Бұл екі нұсқеден бөлек
нұсқаларда бар, бірақ негізгі сипаты осы екі нұсқаға келеді. Бартольд
Щербак, Ф.Р. ғаламы Фелльо сияқты ғалымдар қазақ сахарасында туылған
шығарма деп есептейді.

1.2 Әбу Насыр Әл-Фараби
Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топ жарғаны
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз (Әл-Мұғаллим ас-Сани), шығыстың
Аристотелі атанған ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні -
Әбу Насыр Мұхаммад бин Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби. Яғни әл-
Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мұхаммад, әкесініңде ныспасыда Мұхаммад,
бабасының да аты Тархан, арғы атасы Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбунасыр
ныспасының соңына кейде әт-түркей деген сөзді қосып, оның түркі екенін
шегелей түседі.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс
өзенінің сырға құйар тұсындағы фараб қаласында қайсыбір деректерде – оның
тікелей ықпалында болған іргелісі Лассиджде (оқсыз) оОтырарлық әскер
басының отбасында дүниге келген. әл-Фараби, яғни фарабтық деген атқа ие
болған.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды.
Өйткені, көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуренахрда
баларда түркі қол өнерімен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың 5 жасар
кезінен бастап болған. 1
Ол кезінде мұсылман дүниесінің екінші рухани орталығы Месепотания
болғандықтан, жас Әбу Насырді ата-анасы таяу және орта шығыс елдеріне
сапарға дайындайды. Бірақ Әбу Насыр Бағдатқа бармас бұрын жолай Шаш пен
Самарқанд, Бұхара шаһарларына соғып, білімін толықтырған секілді. әйтседе
Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпайды. Кейін ол
жолай Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей Исфаһан қалаларына келеді. Иран
халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады.
Атағы әлемге әйгілі Шығыстанушы ғалым В.В. Бартольд (1869-1930): “IX-X
ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Тигр және Эфрат алхабындағы ескі
мәдени орталықтар болған. Бағдат бүкіл мұсылман әлемінен әсіресе Иран мен
Орта Азияда шыққан әдебиетшілерді өзіне тартты” – деп жазған. 2
Әл-Фараби логика, әуез, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген
еңбектер жазған. Ибн Халликан өз еңбегінің тағы бір жерінде жерлесіміз
жайлы: Ол – аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да
оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина да (980-1037) өзінің
шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы
мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады - деген. 3
Әбу Насыр әл-Фараби ғылымының фәлсафа, логика сияқты салаларының
іргетасын қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын
көтере отырып, олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан.
Әл-Фараби өмірінің соңғы жылдарын Шамның Халаб қаласында өткізді. Әбу
Насыр әл-Фараби 950жылы қайтыс болған. Фараби қазасы туралы екі дерек бар,
- дейді М. Хайруллаев, - Біріншісінде ғалымдар оны Шамда қайтыс болған
десе, екіншісінде Әбу Насыр қасына бірнеше адам ертіп, Асқалан қаласына
бара жатқада жол торыған қарақшылардың қолынан қаза тапқан.Сайф ад-Даула
қарақшыларды тауып, дарға асқан .

Әл-Фараби шығармаларының зертелуі, аударылуы
Жан-жақты оқымысты, Аристотель кейінгі екінші ұстаз Әл-мұғаллим ас-сани
атанған Әл-Фарабидің өмірі жете зерттелмей, көп ғасырлар бойы өһзі шыққан
түркі халықтарына бейтаныс болып келді. Әл-Фараби шығармаларының
зертелуіне, қзақ тіліне аударылуына А. Машанов, А. Көбесов, Ә. Дербісалиев,
А. Нысаналы сияқы ғалымдар, қаламгерлер үлкен үлес қосты. 2
Ол туралы Әбу Әли ибн Сина (980-1037), XII-XIII ғасыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері
Психологияның дамуы
Орта ғасырдағы теологиялық философия
Ерте және дамыған орта ғасырдағы медицина
Орта ғасыр философиясы туралы
Батыс европа елдеріндегі ғылыми білімнің жинақталуы
Шығыс елдеріндегі феодализм дәуіріндегі медицина
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті
Орта ғасырлардың мәдениет туралы түсінік
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Пәндер