Гаусс Крюгер проекциясы.Тік бұрышты координаттар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

СӨЖ

Тақырыбы: Гаусс Крюгер проекциясы. Тік бұрышты координаттар

Орындаған: Хуантай А. Ж

ГК-407С

Семей 2015 жыл

Жоспар

1. Картографиялық проекция

2. Картографиялық проекция теориясы .

3. Картографиялық проекция теориясының дамуы.

4. Гаусс Крюгер проекциясы

5. Тік бұрышты координаттар

Қолданылған әдебиеттер

Картографиялық проекция

GISObrazovanie_22.png 6863_004.jpg

Картографиялық кескін - Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.

Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең ауданды , тең бұрышты , тең аралықты және еркін проекциялар .

Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің ауданы бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен геометриялық пішіндер елеулі бұрмалануға ұшырайды.

Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ. Сонымен қатар мұндай карталарда аумағы шағын жерлер пішіні де дәл кескінделеді. Ал ұзындықтың масштабы картаның кез келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей мөлшерде сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық объектілердің ауданы қатты бұрмалануға ұшырайды.

Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты тек канa бір басты бағыт бойынша, тек параллель - немесе мередиан бойымен ғана сақталады. Бұрыштар мен ауданнын бүрмалануы соншалықты байқала бермейді.

Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның, ұзындықтың бұрмалануы аз мөлшерде картаның кез келген нүктесінде кездеседі.

Географиялық объектілерді жазықтыққа көшіру үшін пайдаланылатын көмекші геометриялық беттердің түріне және картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар: цилиндрлік , конустық және азиммуттық деп бөлінеді.

Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар бір нүктеден жан-жаққа бойлық бұрыштарының көрсеткішіне сәйкес бөлінген түзу сызықтар түрінде таралады. Азимуттық проекциялар жекелеген материктер мен полюстік аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады.

Цилиндрлік проекцияда параллельдер мен меридиандар көп жағзайда бір- біріне тікбұрыш жасап орналасады. Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік карталардың барлық түрін жасауда кеңінен пайдаланылады.

Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орнасқан аумақтар үшін өте қолайлы, бұрмалану аз байқалады. Сондықтан Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінің карталары көбінесе осы проекциялар негізінде жасалады.

Картографиялық проекция теориясы .

Картографиялық проекция теориясы (басқаша аты - математикалық картография) Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен ғана кескінделетін проекцияларды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы бетінің сферадан айырмашылығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді. Картографиялық проекциядағы меридиандар (А=const болған жағдайында) мен параллельдерден (В=const жағдайда) картографиялық тор құралады.

Картографиялық проекция теориясының дамуы.

Картографиялық проекция теориясының дамуы геодезияның, астрономияның, географияның, математиканың дамуымен тығыз байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (біздің заманымыздан бұрын 6 - I ғасыр) жасалды. Ең көне Картографиялық проекция - жұлдыздар картасын жасауға қолданылған милеттік Фалестіңгномондық проекциясы. Картографиялық проекция біздің заманымыздан бұрын III ғасырда Гиппархтың, Птолемейдің, б. з. XVI ғасырында Г. Меркатордың, XVII - XVIII ғасырларда Р. Бонның, Д. Кассинидің, И. Ламберттің, Л. Эйлердің, Ж. Лагранждың XIX ғасырда К. Гаусстың, А. Тиссоның еңбектерінде дамыды. КСРО картографтары В. В. Каврайский, Н. А. Урмаев, тағы басқа еңбектері теорияны одан әрі жетілдірді.

  • Әр түрлі Картографиялық проекцияларда құрылған карталар нақты жер бетінің кескінін біраз бұрмалап көрсетеді. Бұрмалану үш түрлі болады:а) бұрыштық(картадағы бұрыштар глобустағы бұрыштарға тең болмайды) ; ә) аудандық(аудандардың масштабы картаның әр аумағында әр түрлі) ; б) сызықтық(картаның бір сызығының әрбір нүктесінде масштаб әр түрлі) .

Бұл үш түрлі бұрмаланудың үшеуі де глобуста болмайды.

  • Картографиялық проекция бұрмалану сипатына қарай төмендегідей жіктеледі:
  1. Тең бұрышты(конформдық) Картографиялық проекцияларға масштаб тек нүктенің орнына ғана тәуелді болады, ал бағытына байланысты болмайды. Мұндай проекциялардағы бұрмалану эллипстері шеңберге айналады; мысалы, Меркатор проекциясы мен стереография проекциясы;
  2. Тең шамалы(эквиваленттік) Картографиялық проекцияларда аудандар сақталады: мұндай проекцияларда жасалған карталардағы фигуралардың ауданы осы фигуралардың ауданына пропорционал, ал пропорционалдық коэффициенті картаның бас масштабының квадратына кері шама болады. Бұрмалану эллипстерінің ауданы әр уақытта да өзгермейді, тек олардың пішіні мен бағдары жағынан ғана айырмашылығы болады. Еркін Картографиялық проекциялар тең бұрышты да тең шамалы да проекцияларға жатпайды.

Олардың ішінде тең аралық (бас масштабтары бірі-біріне тең) және ортодромиялық (шарының үлкен шеңбері - ортодромиялары түзу сызықпен кескінделеді) проекциялар ерекшеленеді.

  • Сфераның жазықтыққа (қағаз бетіне) жайғанда тең бұрыштық, тең шамалық, тең аралық және ортодромиялық қасиеттері пайдаланылмайды. Кескінделетін аймақтың әр жеріндегі бұрмалануды көрсету үшін төмендегі әдістер қолданылады:а) карта торының немесе эскизінің әр жерінде бұрмалану эллипсі көрсетіледі; ә) изоколдар(мәні бірдей бұрмалану сызықтары) беріледі; б) карталардың әр жерінде кейбір сфералық сызықтар(көбінесе, ортодромия “О” мен локсодромия “Л”) сызылады.
Гаусс - Крюгер проекциясы. 222.gif 111.jpg

Тең бұрышты, көлденең, цилиндрлік Картографиялық проекция - топографиялық карталар жасауға және триангуляция деректерін өңдеуге пайдаланылады. Конустық проекциялар - параллельдері концентрлік шеңберлермен, меридиандары ортогональдік түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұл проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, сондықтан параллельдер бойымен орналасқан аудандарды бейнелеуге қолайлы келеді, сондай-ақ, геодезиялық проекция ретінде де қолданылады. 1928 ж. КСРО-да барлық геодезия және топографиялық жұмыстарға арналған геодезия мәжілісінде Бессель эллипсоидында Гаусс - Крюгер проекциясы қабылданған болатын. Бұл проекцияда 1:5 - нан ірі масштабты топографиялық карталарды жасай бастады, ал 1939 ж. бастап Гаусс-Крюгер проекциясы 1:5 масштабты картасында қолданылды.

1825 ж. К. Гаусс алғашқы рет бір жазықтықты екіншісінің үстіне шексіз кіші бөлшектер түрінде бейнелеп сақтап отырудың жалпы шешімін тапты. 1912 ж. А. Крюгер жазықтықта қолданылған формулаларды есептеп, баспадан шығарды. Осыдан кейін бұл проекция Гаусс - Крюгер атауын алып, топография-геодезиялық жұмыстарда кең қолданыла бастады. Гаусс - Крюгердің тең бұрышты көлденең-цилиндрлі проекциялау заңы бойынша проекцияланады. Сондықтан жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6° сайын меридиандармен 60 зонаға бөлінеді, олар полюстен полюске дейін созылады. Зоналардың нөмірлері батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианнан жүргізіледі, ал Грнивич меридианы бірінші зонаның батыс шекарасы болып саналады. Әрбір зонаның ортадағы меридианы остік меридиан деп аталады. Меридиандар мен параллельдер қисықтармен бейнеленеді, меридиан зонасы мен экваторға салыстырмалы түрде симметриялы, бірақ олардың қисықтығы шамалы болғандықтан, картаның батыс пен шығысындағы шегі түзу сызықтармен бейнеленеді. Карталардың солтүстік және оңтүстік шегімен сәйкес келетін параллельдер ірі масштабты карталарда түзумен бейнеленеді (1:2000-1:5), ұсақ масштабтыкарталарда қисықпен бейнеленеді . Әрбір зонадағы тік бұрышты координаталарының басы осьтік меридиан зонасының экватормен қиылысу нүктесінде орналасады. Гаусс - Крюгер проекциясы - геодезиялық проекция, жердің беті шартты түрде меридиандармен 60 зонаға бөлінеді. Гаусс - Крюгер проекциясындағы аймақтарды санау гринвич меридианынан шығысқа жүргізіледі. Орта меридиан зонасы осьтік деп аталады. Шығыс жарты шарының кез келген аймағындағы L0 осьтік меридиан ұзақтығы мына формуламен есептеледі: L0=6°* n -3° Ал батыстағыда - мына формула : L0=360°-(6°* n -3°), n - аймақнөмірі. Топографиялық картаның беті солтүстік және оңтүстік жағынан параллельдермен, ал батыс және шығыс жағынан меридиандармен шектелген. Кескінделген заттар мен жергілікті жердің контурларының географиялық координаталарын анықтау мүмкіндігі болу үшін картада градус рамкасы балады. Ол карта бетінің ішкі және сыртқы рамкаларының аралығында орналасқан. Градус рамкасы шығыс пен батыс қабырғаларындағы ендіктің минуты мен солтүстік пен оңтүстік қабырғаларындағы бойлықтың минуты кезектесіп отыратын қара және ақ шашқалармен белгіленген. Әр ендік пен бойлықтың минуты алты тең бөлікке бөлінген. Осы белгіленген нүктелердің ара қашықтығы 10 секундке тең. Градус рамкасының жол-жол сызықтарын пайдаланып карта бетінде градус торын жүргізуге болады. Олар картада нүктелердің географиялық координаталарын анықтауға мүмкіндік береді. Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады. Осы тордың квадратының қабырғасы километрлердің толық санымен белгіленеді, сондықтан оны километрлік деп атайды. Оңтүстіктен солтүстікке қарай жүогізілген километрлік тордың сызықтары зонаның остьік меридианына параллель (Ох осіне), ал батыстан шығысқа қарай жүргізілген сызықтар экватордың жазықтықтағы проекциясының кескініне параллель (яғни

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гаусс Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаттар
Гаусс-Крюгер проекциясы және тiк бұрышты координаталар жүйесі
Геодезия туралы негізгі мәліметтер. Жердің пішіні мен өлшемдері туралы негізгі мәліметтер
Инженерлі – геодезияллық жұмыстарда беттік қатынасы мен координат жүйелерін таңдау
Гаусс-Крюгер проекциясы. Тік бұрышты координаталар
Картогафиялық проекциялар
«Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
Координат жүйесінің жоғарғы геодезия қолданылуы
Проекциялардың жіктелуі мен дамуы
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz