Сумен, бумен емдеу әдістері туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы : Сумен, бумен емдеу әдістері
Орындаған:Бейсенова Айна
Тексерген:Ахметжанов О. Н
Тобы:ВС-303
2015 жыл
Жоспары:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Сумен, бумен емдеу әдістері
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Су - сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. [1]
Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су - бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.
Бу - заттың газдық фазасы өзінің [сұйық фазасысұйық (қатты) фазасымен тепе-теңдікте болатын газ тәрізді күйі. Бу мен газ ұғымы, көп жағдайда, бір-бірінен шартты түрде ғана ажыратылады. Термодинамика тұрғысынан “Бу” және “газ” терминдері бір-біріне пара-пар. Химиялық таза заттар Буының мынадай түрлері бар: қаныққан бу (қанығу температурасы мен қанығу қысымы кезіндегі бу, басқаша айтқанда, заттың буы өзінің сұйық немесе қатты күйімен жылжымалы тепе-теңдікте болатын күйі және оның қасиеттері тек температурамен ғана анықталады) ; қанықпаған (қызған) бу (берілген қысымда темп-расы қанығу темп-расынан жоғары болатын бу, яғни тығыздығы қаныққан будан кем болатын бу) ; аса қаныққан бу (берілген темп-радағы қысымы қанығу қысымынан үлкен болатын бу) . Булар мынадай түрлерге бөлінеді:
Аса қызған бу - берілген қысымда темп- расы қанығу темп-расынан жоғары болатын бу.
Атомдық бу - үлгінің құрамына кіретін заттарды атомдарға ыдырайтындай дәрежеде қыздырған кездегі күйі.
Қаныққан бу - сұйықтықпен немесе сондай химиялық құрамды қатты денемен термодинамикалық тепе-теңдікте болатын бу.
Қыздырғыш бу - ыстық жылу тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын су буы.
Өткір бу - қыздырылатын сұйықтыққа тікелей жіберілетін қыздырғыш бу.
Негізгі бөлім
Физиотерапия(гректің physіs - φύσις - табиғат және θεραπεία - емдеу) - Физиотерапия - табиғи және жасанды түрде жасалынатын физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін тигізетінін зерттейтін және профилактикалық және емдік мақсаттармен оларды пайдалану әдістерін әзірлейтін медицина саласы; физикалық емдеу әдістерінің жиынтығы және олардың қолдануы.
Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.
Сумен емдеу мақсатында табиғи сулармен (өзен, көл, су құбыры) қатар дәрілік заттар қосылған сулар қолданылады.
Судың емдік әсерін оның жылулық (термиялық) және механикалық (гидростатикалық) факторлары қамтамасыз етеді.
Судың жылу әсері дәрежесі оның температурасына байланысты.
Сумен емдеу емшаралары суық (20 0 С дан төмен) салқын (20-33 0 С) индифференті (талғаусыз) (34-36 0 С), жылы (37-39 0 С) және ыстық (40 0 С тан жоғары) болып бөлінеді.
Суық емшаралар рефлакторлы механизмі бойынша вегетативті жүйке жүйесінің зат алмасу қарқындығын өзгерте отырып, ішкі ағзалар қызметін реттейді, организмді шынықтырады.
Индифореренті су емшаралары организмді тыныштандырады, қан қысымын төмендетеді, жүрек соғуын баяулатады.
Жылы және ыстық су алдымен терідегі қан тамырларын қысқа уақытқа тарылтады, сонан соң кеңейтіп гиперемия пайда болады, тер бөлінуі күшейеді, тамыр соғу мен тыныс алу жылдамдайды қан қысымы төмендейді. Ішкі ағзалардың бұлшық еттері босаңсыйды, бездердің секреторлы қызметі жоғарылайды, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады.
Қорытынды
Қорыта келе сумен және бумен емдеу әдістері ветеринария саласында маңызы зор, бұл емдеу әдістері көбінесе дезнфекция, стерилизация шараларында көптеп қолданылады. Су - еріткіш. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді.
Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Тірі организмде жүріп жатқан химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі бір мөлшері денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырады;
Су қайнау температурасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың қайнап кетуі және организмдердің қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Тірі организмдердің тіршілігінде судың биологиялық маңызы зор.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ахметсадықов Н. Н және т. б. // Ветеринария негіздері/ Алматы, 2010. -335 бет
2. Бияшев Қ. Б. және т. б. // Ветеринария ісін ұйымдастыру/ Алматы, 2000. -167 бет
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz