Шошқалардың желінсауын анықтау және емдеу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірліг

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қалыпты және патологиялық жағдайда ешкілермен саулықтарға акушерлік көмек көрсету. Шошқалардың желінсауын анықтау және емдеу

Тексерген:Мухамадиева Н. Н.

Орындаған: Жумабеков Е.

Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Желінсау

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Желінсау (Mastіtіs) - желіннің қабынуы. Ауру қоздырғышы - стафилококк, стрептококк, диплококк, микрококк бактериялары, микоплазмалар, вирустар мен саңырауқұлақтар. Желінсаудың негізгі себептері: желіннің жарақаттануы, тазалық сақтамау, дұрыс саумау, т. б. Сондай-ақ, аусыл, актиномикоз, күл сияқты жұқпалы аурулар да желінсауға шалдықтырады. Ауру малдың температурасы көтеріліп, жемшөпке тәбеті болмайды, желіні ісініп кетеді. Сауған кезде іртіктелген сүт немесе ірің тәрізді сұйық зат бөлініп шығады. Кейде желінде іріңді ісік жара пайда болады. Желінсаудың жасырын түрінде малдың сүті біртіндеп азая береді және сүттің физикалық-химиялық қасиеті өзгереді. Аурудың өту және көріну белгілеріне қарай серозды, катаральді, фибринозды, іріңді, геморрагиялық желінсау деп бөледі. Бие, қой, ешкі желінсаумен ауырғанда да жоғарыдағыдай белгілер байқалады. Кейде оларда желінсаудың өзгеше түрі дамиды: биеде - ботриомикоз, қойда - іріңді желінсау. Ауру малды клиникалық белгілеріне қарап немесе сүтті лаб-лық тексеру арқылы анықтайды. Тез емдемесе ауру асқынып, желіннен қайтып сүт шықпай қалуы мүмкін. Ауру малды оқшаулап, астына құрғақ төсеніш салады. Құрғақ, құнарлы шөп беріп, желініне майлы дәрі жағып, таңып тастайды. Венасына новокаин қосылған окситоцин енгізеді, бұлшық етіне антибиотиктер мен сульфаниламидтер, желінсауға қарсы препараттар (мастицид, мастикур, т. б. ) егеді. Желінсау ауруынан мал шаруашылығына көп зиян келеді, сондықтан ауру тудыратын себептерді алдын ала жойып отыру тиімді.

http://fermer02.ru/uploads/posts/2011-09/1316592774_hryusha.jpg http://www.piginfo.ru/upload/images1/%D0%9C%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%82%20%D1%83%20%D1%81%D0%B2%D0%B8%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%BA.jpg

Желінсау лактация кезінде де, сауылған кездеде және тұғаннан кейінгі кезеңде де жиі кездеседі. Суалтқан кезде сиырды саууды тоқтату, төлдер алдындағы және суалу кезіндегі сүт безінін ұлпаларының өзгеруі организмнің төзімділігін төмендетіп, соның салдарынан бұрыңғы жасырын өтіп жатқан қабыну процесстері асқынып індетке шалдығып жіті желінсаумен ауруы әбден мүмкін.

Желінсау түрлерінің жіктелуі:

- серозды (сірлі) - қатаралды а) сүт жалдарымен және цистерналардың катары

б) альвеолалар катары - фибронозды - ірінді а) ірінді - катаралды б) желін абцесі

в) желін флегмонасы - геморрагиялық - тәнді(белгілі бір аурулардың салдарынан)

а) желін аусылы

б) желін туберкулезі

в) желін актиномикозы - асқынған түрлері :

а) желін индурациясы б) желін гангренасы

Желінсаудың алдын алу

Желінсаудың алдын алуда ветеринариялық-санитариялық, зоотехни- калық шаралардың ұйымдастыру негізі мынада: ең алдымен сауу ережесін дұрыс сақтау, малды зоогигиеналық талаптарға сай бағып-күту, олардың азығының сапасын көтеріп, індет т. б. ауруларды дер кезінде жою. Сонымен қатар малды бірінғай жеммен немесе сүрлем және сығынды қалдықтарымен, шірік бұзылған жем-шөппен, тағыда нитраттарға бай көк шөппен азықтандыруға болмайды. Табынды сиырларды жайлауға жіберу басталған кезде ас қорту жүйесінің ауруларының алдын алу үшін кешке қарай түнге 1-2 кг шөп немесе сабан берген өте дұрыс. Малды белсенді серуендеуге шығару зат алмасуға да, желінсаудың алдын алуға да өте тиімді. Сондықтан қыстың күндері сиырларды күнделікті 4-5 шақырым жерге айдап серуенге шығарған дұрыс.

Емдеуі. Қан, лимфа айналымын қалыптастырып, ұлпааралық қысымды төмен түсіруге бағыттайды. Сондықтан малдын азығының құрамынан сүтайдағыш азықтарды алып тастайды (шырынды азықтар, жем, су) кейбіреулерін шектейді. Вена тамырлары арқылы 10% кальций хлоридінің 100-150 мл, 10 мл 20% кофеинді, 40% глюкозаның ертіндісін 200-300 мл мөлшерде жібереді. Желінді төменнен жоғары қарай сылап-сипайды. Желінді жылылап-қымптап, ыстық суға салынған шөптің буымен де емдейді. Егер мал басы суық жел каққан қорада орналасқан болса, оларды жылы қораға ауыстырады. Тітіркендіргіш майларды қолдануға болмайды, мысалы камфора майы. Төлдегеннен кейін екінші күні аралық жүйкені жансыздандырумен қатар (И. И. Магда әдісі бойынша) желіннің артқы бөлімшелерінің жүйкесіне Д. Д. Логвинов әдісі бойынша новокаинмен тосқауыл жасайды. Осы екі бірдей тосқауылдарды жасаудын, сүт безі ауруларының алдын алудаға теориялық негіздері төмендегіндей: Бірінші - желіннің артқы бөлімшелерінің желін үсті кеңістігіне жіберілген 0, 9% новокаин ертіндісінің әсерінен бір сәтте желін үсті лимфа түйіндері және сыртқы ен жүйкесіне тосқауыл жасалады. Лимфа түйіндерінің босауынан және үлкен лимфа тамырларының қызметтерінің артуынан сүт безіндегі лимфаның өтуі жақсарып, патологияның кетуіне себтігін тигізеді. Екінші И. И. Магда әдісі бойынша аралық жүйкеге тосқауыл қойса желіннің артқы бөлімшелерінің, сүт айнасының ауыршандығы мүлдем жойылады.

И. И. Магда әдісі бойынша желін жүйкесін жансыздандыру.

Бұл тосқауылды аралық жүйкені жансыздан- дыру үшін жасайды. Тосқауыл жасаудың техникасы. Тосқауыл жасау үшін кәдімгі инелерді пайдаланады. Инені шонданай доғасының қатарынан аралықтыңортаңғы сызығынын үстінен қадайды. Сол қолдың көмегімен жыныс ернеуінін төменгі ұшын көтеріп астындағы шонданай ойпатын табады да инемен теріні тесіп 1, 5-2 см тереңдікке сұғады. Осыдан кейін инені оң және сол жаққа қаратып новокаиннің 3% жылы ертіндісін 15-20 мл мөлшерде жібереді. Малдың артқы жағы 10-15 минуттан кейін жансызданып 1, 5-2 сағатқа дейін созылады.

Антибиотиктермен емдеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалыпты және патологиялық жағдайда ешкілермен саулықтарға акушерлік көмек көрсету. Шошқалардың желінсауын анықтау және емдеу
Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Желін ауруларының шаруашылыққа тигізетін зияндары және пайда болу себептері
Желін жарасы
Мүйізді ірі қаралардағы желінсау ауруының этиологиясы
Геморрагиялық желінсауды емдеу
Қой мен ешкілердің желінсауын анықтау және емдеу шаралары
Желін терісінің аурулары
Шошқа аскаридозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz