Қоғамдық өндірістердің ұйымдастыру формалары



1. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары.
2. Тауар Ұғымның жалпы сипаттамасы.[
3. Ақша түрлері және оның қызметтері.
4. Тауар ұғымының Құны мен Бағасы.
5. Ақша жүйесінің даму тарихы кезені.
6. Алғашқы қағаз ақшалар.
7. Нарықтық экономика артықшылығы.
8. Нарықтық экономиканың Кемшіліктері.
9. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет.
1.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998
2.Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.
3.Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Қоғамдық өндірістердің ұйымдастыру формалары

Тексерген: Габдуллина Л .Б

Тобы:Е-415

Орындаған: Архалаг.А

2015ж

Жоспар

1. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары.

2. Тауар Ұғымның жалпы сипаттамасы.[

3. Ақша түрлері және оның қызметтері.

4. Тауар ұғымының Құны мен Бағасы.

5. Ақша жүйесінің даму тарихы кезені.

6. Алғашқы қағаз ақшалар.

7. Нарықтық экономика артықшылығы.

8. Нарықтық экономиканың Кемшіліктері.

9. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары

Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Материалдық игіліктерді жасап
шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат
объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін
қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей
тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын
өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай
болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап
білу маңызды мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда өндірістін,
мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті,
немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын
осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге
икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп,
топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері
бар.Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек
құралдарын жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы—
жұмыс күші және өндірістің заттық факторы — еңбек заттары және еңбек
құралдары болып бөлінеді қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы
күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің
жиынтығы жатады. Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың
жиынтығы жатады. Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйе
құрайды. Онын тиімділігін технология мен өндірістің ұйымдастырылуы
анықтайды. Өндірістің басты факторларының арасындағы әрекеттерді технология
көрсетеді. Ол өндеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды, еңбек заттарының
қасиеттерін, формаларын, құрылуын өзгертуді талап етеді. Өндірісті
ұйымдастыру өндіріс факторларының келісімді қызмет етуін, олардың сан
жағынан сәйкес болуын, т.б. көздейді.

Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, еңбек,
капитал, кәсіпкерлік қызмет.

Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне
жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға
болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға
егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен
қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы — капитал жатады:
машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс
коммуникациялары. т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады
және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.

Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған
интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болыптабылады. Жеке адамның
біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген
қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің
шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал
осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына
жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі
ақтап отыр.

Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті
ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты,
жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.

Кәсіпкерлік қабілет — адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен
қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістің барлық факторларының бір
бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам
ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп-қатерлікке, шығынға
үшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне,
коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін онімнің жаңа түрін, алдыңғы
қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу
болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан
квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді.

Тауар Ұғымның жалпы сипаттамасы.[

Ұғым — объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін
абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі"
ұғымын қарастырудан бастайық.Белгілер дегеніміз — заттардың бір-біріне
ұқсастықтары немесе айырмашылықтары. Демек, олардың қасиеттері мен
арақатынастары да белгілерге жатады деген сөз. Бір затта екінші бір зат
иеленген қасиеттердің жоқ болуы да белгіге жатады (мысалы, жолаушының
біреуінде жол билеті болса, екіншісінде ол билеттің болмауы).Кез келген
заттың толық жатқан өзіне тәң белгілері болады, алайда олардың бәрі сол
заттың мәнін айқындау үшін ұстанымды маңызға ие бола алмайды. Затка тән,
оның ішкі табиғатын, мәнін айқындайтын белгілер мәнді белгілер дәлінеді. Ал
затқа тән болуы да, болмауы да мүмкін, оның мәнін айқындай алмайтын
белгілер мәнсіз белгілер деп аталады.Ұғым көптеген біртекті заттарды
олардың мәнді белгілері негізінде саралаудың нәтижесі ретінде көрініс
береді. Солай болғанда, ұғым дегеніміз—заттарды олардың мәнді белгілерімен
бейнелейтін ойлау формасы.Адамның таным қызметіндегі ұғымның маңызы үлкен.
Ұғымсыз табиғат пен қоғамның объективті зандарын зерттеп білу мүмкін болмас
еді. Ұғымдарды ала отырып, заңдар түзіледі, ғылымның түрлі салаларындағы
пән облыстары ажыратылады, ғылыми теориялар жасалады.Ұғымдар түсінігінің
құрылуының негізі логикалық амалдарды талдау (анализ), саралау, салыстыру,
абстракциялау, жалпылауға жатады.

Ұғымның түрлері.

Ұғымдарды олардың көлемі мен мазмүнын негізге ала отырып, төрт түрге бөлуге
болады. Көлеміне қарай ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді.Дара ұғым деп
көлемі жағынан бөлінбейтін бір ғана затты білдіретін ұғымды айтамыз
(мысалы, Қазақстан Республикасы).Жалпы ұғым, деп көптеген бір текті
заттарды білдіретін ұғымды айтамыз(мысалы, "кітап", "бөлме"). Көлемдік
жағынан алғанда ешқандай затты қамтымайтын ұғымды босағым деп айтамыз
(мысалы, "мәңгілік қозғалтқышты"). Жалпы ұғымдар тіркелетін немесе
тіркелмейтін болып белінеді. Тіркелетін ұғымдарға есепке алуға, тіркеуге
болатын, кептеген ойға сиятын элементтерді қамтитын ұғымдарды айтамыз
(мысалы, "Қазақстан қалалары", "Абай шығармалары"). Тіркелетін ұғымдардың
көлемі шекті болады

Тауар ұғымының Құны мен Бағасы

Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке
нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер
етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі
деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен
қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын,
қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты
тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр
салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы
мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.Бағаның құрылуы пәні
жоғары оқу орындарындағы көптеген мамандықтар бойынша оқу бағдарламасына
еніп отыр. Бұл пәннің негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның
қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі
және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу
жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан
да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу
болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы
жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ,
бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның
нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның
нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік
сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер
етеді.

Ақша түрлері және оның қызметтері

Тауар өндірісінің тарихи даму барысында ақшаның ролін әр түрлі тауарлар
атқарды. Әрбір тауарлы өндіріс тауардың жалпы эквивалентін пайдаланды.
Қоғамдық еңбектің бірінші ірі бөлінуі нәтижесінде малшы тайпалары пайда
болып, олар айырбас құралы ретінде малды қолданды. Оның нақты түрі
жергілікті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Мысалы, далалық
жерлерде тауардың жалпы эквиваленті ролін жылқы, өгіз немесе қой атқарса,
шөл және шөлейт жерлерде - түйе, қысы ұзақ тундрада - бұғы атқарды. Ақшаның
айырбас құралы қызметін мал атқаруы әр халықтардың ауыз әдебиетінде
сақталғаны соншалық кемін металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен
атаған. Мысалы, латын сөзі "пекус" - "мал", ал "пекуня" "ақша"; үнділердің
ақша өлшемі "рупия" - "рупа" деген сөзден шыққан.Қазіргі кезде көп
қолданылып жүрген "капитал" деген сөздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс қаржысының экономикалық мәні
Табиғат қорларын қайталап пайдалану
Табиғат қорларын кешенді пайдалану
Ауыл шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмін зерттеу
Қазақстан Республикасының жұмыссыздық себептері мен формалары
Өндірісті басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Әкімшілік құқық ғылым және құқық саласы ретінде
Өндірісті кенейтуге бағытталған инвестициялар
Нарықтық экономикада ақшаның экономикалық маңызы
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Пәндер