Экология ғылымы туралы ақпарат


ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

СӨЖ

Тақырыбы : 1. Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері 2. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы 3. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар

Тексерген :Мурзалимова. А. К.

Орындаған : Қыдыралинова. М. Н

Топ: ВС-403

СЕМЕЙ, 2015ж

Кіріспе

Жоспар

1. Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері

2. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы

3. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар

Қолданылған әдебиеттер

1. Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері.

Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы.

Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель . Э. Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.

Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі . Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл және Теофраст (IIIғ. б. э. д) жазған, ал жануарлар туралы - Аристотель (Ivғ. б. э. д) жазған.

Экология ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К. Рулье, Н. Северцов және басқалардың еңбектері үлкен үлесін қосты.

А. Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік және Оңтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібірді, Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы туралы рекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды.

XIX ғ. ортасында Ресейде К. Ф. Рульенің еңбектері биологиялық ғылымдағы экологиялық бағытының дамуы үлкен әсер етті. Оның еңбектері зоологиядағы экология бөлімін қалыптастырды.

XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі арқасында экология организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналды . Дарвиннің анықтамасы бойынша, экология -бұл табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастарды зерттейтін ғылым, тіршілік үшін күрес жағдайы ретінде.

XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т. б. фактілер саны көбейе түсті.

Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
I кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К. Ленин (1707-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль (1806-1893), П. С. Паллас (1741-1811), И. И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859), К. Ф. Рулье (1814-1858), Н. А. Северцов (1827-1885), Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч. Дарвин (1809-1882), К. Мебиус (1825-1908), Э. Геккель (1834-1919), Е. Варминг (1841-1924), В. В. Докучаев (1846-1903), т. б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми -зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А. Декандольдың “Ботаникалық география”, К. Ф. Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А. Н. Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч. Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі”, В. Докучаевтің “Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі”, т. б. еңбектер экология ғалымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі - дарвинист Э. Геккель 1866 жылы “Экология” терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.
II кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т. б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формазов, НүИ. Калабухов, т. б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан универ-ситетінде Н. Ф. Леваковский, С. И. Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т. б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.
Әсіресе, осы кезеңдердегі Г. Ф. Морозовтың «Орман туралы ілімі», Д. Н. Кашкаровтың «Орта және бірлестіктер», «Жануарлар экологиясының негіздері», ағылшын А. Тенслидің “Экожүйелер туралы ілімі”, орыс ботанигі В. Н. Сукачевтың “Биоценоз”, В. И. Вернадскийдің “Биосфера туралы ілімі”, т. б. ғалымдардың еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бұдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті.
Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г. Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Ноганзян), топырақтағы организмдер эколагиясы (М. С. Гиляров), насекомдар экологиясы (И. В. Кожанчиков, Г. Я. Бей-Биенко, В. В. Яхонтов, Г. А. Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясы (А. Т. Банников, Н. И. Калабухов, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Г. А. Новиков, С. С. Шварц ), өсімдіктер экологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), деп танимыз. Осы түстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың “Өсімдіктер экологиясы” (1950), Б. Г. Иоганзеннің “Экология
Негіздері” (1959), Н. Б. Наумовтың “жануарлар экологиясы” (1963), т. б. еңбектері қазірге дайін маңызын жойған жоқ.
Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В. А. Плющевский-Плющик, П. Ф. Соловьев, А. И. Радкевич, С. В. Шостик, П. Жуков, И. К. Лопатин, Л. С. Долбин, В. В. Адамов, Б. И. Якушев, Г. А. Новиков, Г. Г. Винберг, Л. М. Сущени, Л. В. Камлюк, т. б. өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.
Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми - зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу құралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік
экологтар А. Пирсаның “Жануарлар экологиясы” (1926), Ч. Элтонның “Жануарлар экологиясы” (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің “Биология” (1939), Ю. Одумның “Экология және экология негіздері” (1975, 1986), Р. Риклефстін “Жалпы экология негіздері” (1979), Ф. Рамаданың “Қолданбалы экология негіздері” (1981), Н. Чернова мен А. Былованың “Экология” (1988), В. А. Радкевичтің “Экология” (1977), Н. Ф. Реймерстің “Экология” (1944), т. б. еңбектері соңғы жылдары жарық-көрген құнды еңбектер қатарына жатады.
III кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде.
Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына: А. М. Гиляровтың “Популциялық
экология” (1990), М. Захарченконың “Экологияның қазіргі проблемалары “, (1955), Н. Реймерстің “Экология” (1994), В. В. Глуховтың “Экологияның экономикалық негіздері” (1995), Ф. Мотузконның “Экология негіздері” (1994), С. Боголюбовтың “Экология және право” (1989), Ю. А. Израильдің
“Экологиялық мониторинг” (1995), Н. Реймерстің “Экологияландыру” (1993),
Г. Сидеренконың “Экология ның қазіргі заманғы проблемалары“ (1989), В. Вронскийдің “Қолданбалы экология “ (1996), С. Тлеубергеновтың “Адавм экологиясы” (1996), С. Дрябо мен В. Ясвиннің “Экологиялық педогогика және психология” (1996), В. Хелсенің “Философия және экология” (1993), т. б. еңбектерді жатқызуға болады.

2. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы.

Экология ғылымы күрделі де көп қырлы. Қазіргі таңда экология тарамдалған жүйелер деп қарастырылады. Мұнда шартты түрде бірнеше үлкен бағыттарды: биоэкология (жалпы экология), геоэкология, қолданбалы экология, адам экологиясы, әлеуметтік экология деп ерекшелеуге болады.

Қазіргі кезде экология ғылымы жаратылыстану, техникалық және қоғамдық құбылыстарды біріктіретін пәнаралық білім. Сондықтан экологияның барлық бағыттарының негізінде биоэкология іргетас идеялары жатыр.

Биологиялық жүйелерді зерттеу бойышпа биоэкология:

  • аутэкология (особьтар және организмдер экологиясы) ;
  • демэкология (популяциялар экологиясы) ;
  • эйдэкология (түрлер экологиясы) ;
  • синэкология (қауымдастықтар экологиясы) ;
  • биогеоценология (экожүйелер туралы ілім) ;
  • ғаламдық экология (биосфера экологиясы) болып бөлінеді. Органикалық әлемнің ірі систематикалық категорияларына сәйкес биоэкологияны:
  • микроорганизмдер экологиясы;
  • саңырауқұлақтар экологиясы;
  • өсімдіктер экологиясы;
  • жануарлар экологиясы деп бөледі.

Белгілі бір таксономиялық топтарды зерттеу үшін айтылған систематикалық категориялар ары қарай да бөлініп кете береді, мысалы: қүстар экологиясы, жәндіктер (насекомдар) экологиясы, күрделі гүлділер экологиясы, жеке түрлердің экологиясы және т. б. Экологиялық әдістерді ботаника, зоология немесе микробиологияның кез-келген таксонына қолдану қосымша жалпы экологияны да дамытады. Мысалы, Солтүстік теңізде устрицаның бір түрінің экологиясын зерттеу арқылы неміс гидробиологы К. Мебиус жаңа экологиялық ұғым - биоценозды ғылымға енгізді.

Жалпы экология (экзоэкология) - тірі материяның жоғары: организм, популяция, түр, биоценоз, биогеоценоз, биосфера деңгейлерін зерттейді.

Жалпы экологияны бұлай қарастыру, экология ғылымын әртүрлі дәрежедегі биологиялық жүйелердің пайда болу, даму, тіршілік ету заңдылықтарын, олардың қоршаған орта жағдайларымен қатыстарын қоса түсінуге мүмкіндік береді.

Тірі материяның бірігу ерекшеліктеріне сәйкес жалпы экология жеке бірнеше бөлімдерден тұрады: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология және т. б.

Жалпы экологияның негізінде: экологиялық морфология, экологиялық физиология, экологиялық систематика, экологиялық генетика, биохимиялық экология, палеоэкология сиякты жаңа пәндер пайда болды. Бұл деңгейлерді экологияның жеке бөлімі - эйдэкология зерттейді. Бұған молекулярлық экология, экологиялық генетика, клеткалар экологиясы, ұлпалар экологиясы, экологиялық морфология және т. б. ғылымдары кіреді.

XX ғасырдың 90-шы жылдары экологияда жаңа бағыт - геоэкология дами бастады. Геоэкология қоғамдық, техникалық және жаратылыстанудың көптеген бағыттарымен тығыз байланыста жеке ғылыми бағыт ретінде дамуда.

Геоэкология (грекше geo - жер) - географиялық (табиғи-территориялық кешендер, геожүйелер), биологиялық (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе) және әлеуметтік-өндірістік (табиғи-шаруашылық кешендер) жүйелердің қарым-қатынастары туралы ғылым. Ғылыми әдебиеттерде «геоэкология» ұғымы «ландшафтар экологиясы» ұғымына балама ретінде пайда болды.

Тіршілік ету ортасы, экологиялық компоненттері және аймақтарына байланысты: құрлық экологиясы, мұхит (теңіз) экологиясы, таулар, аралдар экологиясы, тундра, шөл, дала экологиясы және т. б. сияқты бағыттарға бөлінеді:

Қазіргі кездегі экологияның басты бағыттары болып адам экологиясы және әлеуметтік экология болып табылады.

Адам экологиясы (синтропоэкология) - кешенді, антропожүйе мен биосфераның бір-біріне әсер етуі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Адам экологиясы ұғымын ғылымға 1921 жылы американдық ғалымдар Р. Парк пен Э. Бюргерс енгізді. Адам экологиясы өте кең, ауқымды міндеттерді шешеді. Оның бірі табиғи (географиялық) ортаның және оның компоненттерінің антропожүйеге әсері, екіншісі антропогендік әсердің салдарларын зерттеу.

Адам экологиясынан басқа: қала экологиясы, тарихи экология, халықтар экологиясы бағыттары да бар.

Әлеуметтік экология - қоғам-табиғат жүйесіндегі қарым-қатынастарды, қоршаған ортаның қоғамға әсерін зерттейді. Адам социум ретінде қарастырылатын болғандықтан әлеуметтік экология пәні - әлеуметтік статусына, еңбек түріне, жасына байланысты адамдардың ірі топтарын біріктіреді. Әлеуметтік экология адам тіршілігі мен қоршаған ортаны біртұтас «қоғам-табиғат» жүйесі және Жер биосферасын адамзаттың экологиялық қуысы ретінде қарастырады.

Әлеуметтік экология ғылым ретінде апат салдарларын болдырмау мен қатар қоршаған ортаға тиімді әдістер арқылы Жер бетінде бүкіл тіршілік атауын, адам дамуының биологиялық және әлеуметтік дамуын жақсарту жолдарын да қарастырады. Экологияның басты бағыты ретінде әлеуметтік экология философиялық, әлеуметтік-экономикалық, этикалық және басқа да аспектілері басқа бағыттармен толықтырылатын кешенді ғылым. Мысалы, тарихи экология, мәдениет экологиясы, экология және экономика, экология және саясат, экология және мораль, экология және құқық, экологиялық ақпарат және т. б.

Әлеуметтік экологиямен байланысты бағыттардың бірі, тіршілік ортасы мен табиғи ресурстарды пайдаланудың нормаларын дайындайтын қолданбалы экология болып табылады.

Қолданбалы экологияға:

  • өнеркәсіптік (инженерлік) экология;
  • технологиялық экология;
  • ауыл шаруашылық экологиясы;
  • химиялық экология;
  • медициналық экология:
  • табиғатты пайдалану және табиғатты қорғау және т. б. жатады.

1974 жылы американдық биолог Барри Коммонер биоэкология мен әлеуметтік экология ережелерін толықтырып экологияның негізгі төрт заңын тұжырымдады

1. Табиғатта бәрі өзара байланысты.

2. Мәңгілік ешнәрсе жоқ.

3. Табиғаттың талғамы күшті.

4. Өздігінен ештеңе болмайды.

3. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар .

Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз- табиғат пен адамның өзара қарым-қатнастағы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер зыңымен, тиісті нормативтік құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласумен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) , Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т. б. қатысады.

Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган - Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП - БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар туралы
Экология ғылымы жайлы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Экология ғылымы туралы мәлімет
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экологиян ғылымының даму кезеңдері
Экология
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz