Ортағасырлық философияның ерекшелігі



Кіріспе

Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларына діни идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуына да өз әсерін тигізбей қоймайды: философия іс жүзінде дін иелерінің қызметшісіне айналды, яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, негіздеуі тиіс болды. Бұл философия «схоластика» (лат. Ғылым, мектеп).
Ортағасыр философиясындағы негізгі күрес, айтыс «универсалий» деп аталған жалпы ұғымдар, жалпылама мәселелердің төңірегінде, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Филсофтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, оларданбұрын пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдайдеді. Жалпы ұғымдар – универсалийлер реалды өмір сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер(лат. Шын) деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Ал бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы деп дәлелдеді.
Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлақ арабтілдік мұсылман философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама бәсеңдеу болды, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта дамып, еуорпалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп, әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды.
Ортағасырлық филасофияның ерекшелігі: философиялық ойдың дамуының тікелей діни – теологияның шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Құлдық және буржуазия

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларына діни
идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуына да өз әсерін
тигізбей қоймайды: философия іс жүзінде дін иелерінің қызметшісіне айналды,
яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, негіздеуі
тиіс болды. Бұл философия схоластика (лат. Ғылым, мектеп).
Ортағасыр философиясындағы негізгі күрес, айтыс универсалий деп аталған
жалпы ұғымдар, жалпылама мәселелердің төңірегінде, жалпының жекеге қатынасы
жайында болды. Филсофтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар
(универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, оларданбұрын пайда болған,
бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні
жаратушы құдайдеді. Жалпы ұғымдар – универсалийлер реалды өмір сүреді, олар
әуелбастан бар деушілер тобы реалистер(лат. Шын) деп, ал олардың
философиялық бағыты реализм деп аталды. Бұл таза объективтік идеалистік
бағыт болып табылады. Ал бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше
дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді,
сондықтан олар алғашқы деп дәлелдеді.
Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиялық ойдың даму барысында әрқайсысы
өзіне тән ерекшелігімен айқындалып отырды. Ортағасырлақ арабтілдік мұсылман
философиясын батыстық философиямен салыстырғанда діннің әсері біршама
бәсеңдеу болды, бұл жағдай шығыс мұсылман философиясының әртүрлі бағытта
дамып, еуорпалық ғылым мен философияға қарағанда едәуір алдыға кетіп,
әлемдік философия деңгейіне көтеріле алуына негіз болды.

Ортағасырлық филасофияның ерекшелігі: философиялық ойдың дамуының тікелей
діни – теологияның шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы
төңірегінде өрбуімен сипатталады. Құлдық және буржуазия арасында мың
жылдай үстем құрған феодалдық құрылыс жатыр. Оны схоластика деп атаған.
Схоластика (гр. Scholasticos- мектептік) – орта ғасырлық мектептік
философия, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды
түрде негіздеуге және жүйелеуге ұмтылды. Бұл үшін олар ежелгі философиялық
идеяларды пайдаланды.Қазіргі схоластика деген ұғым өмірден алшақ,
практикалық жағынан пайдасыз, бекер, жел сөзге үйір дегеннің синонимі.
Схоластардың талас- пікірі жалпылық пен жалқылық қатынасы. Философия
тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни универсалдар(лат. Unuversalia-
жаппайлық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс, талас деп атайды.
Мұны шешуді түрлі жолдары айталды. Біреуі- жалпы ұғым- әмбебаптар адам
санасынан, нақты зат атауынан тыс, оған дейін өмір сүретін шындық, деп
түсіндіреді. Бұған қарама- қарсы екінші пікір бойынша, әмбебаптар адамнан
нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды топтап атау
арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша, жалпы адам дүниеде
жоқ. Қоғам әрбір жеке бейнелерден тұрады. Ал адам деген жалпы атау- ол
нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды
номиналистер деп атады. (лат. Nomina – нақты атау).
Реализм (лат. Realis- шындық, заттық)- өнердің объективтітанымдық және
эстетикалық табиғатын жүзеге асыра алатын көркемдік әдістердің бірі.
Адамның шындыққа деген жан- жақты қатынастарын бейнелеу, жеке – дара
суреттеу арқылы өмірдің заңдылық типтік мағынасын ашу. Реализм өкілдері –
Альберт фон Больштедт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, Раймунд Луллий. Мәселен,
Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш тұрлі өмір сүреді. Олар:
1.Заттардан бұрын құдай санасында идея түрінде пайда болып, сол арқылы
барлық заттар, тіпті бүкіл әлем жаратылды;
2.Заттардың өзінде көптің бірі ретіндегі іске асқан идея түрінде;
3. Заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ес ретінде өмір
сүреді;
Осы тарихи кезең туралы, мұсылмандық Шығыс пен христиандық Батысты
салыстырып, Е.А. Фролова өзінің Араб – мұсылмандық философиясының
рационализмі деген мақаласында былай деп жазады: Еуропа рухани дағдарысты
басынан кешіріп жатқанда, Таяу және Орта Шығыс халықтарында ғылымының
шарықтау кезеңі, қоғамдық ойды, қоғамдық сананы рационализациялау
қозғалысының қуаты фальсафамен қатар теологияны, әдебиетті қамтып,
мәдениеттің гүлденуіне себепші болды. Егерде VIII- ғасырдың басында
арабтар Испанияны басып алған кезде тұрғылықты испан – рим халықтарының
мәдениетінен біршама төмен тұрса, IX-X ғасырларда ғылым мен мәдениеттің
дамуының нәтижесінде арабтар мұсылмандық Шығыс үшін ғана емес. Христиандық
Еуропа үшін де мәдениет, ғылым мен философия орталығына айналды. Испанияда
X - ғасырда өмір сүрген христиандық автордың жазуы бойынша: Ең атақты жас
христиандар арабтардың тілі мен әдебиетінен басқа әдебиет пен басқа тілді
білмейді; және де олар араб кітаптарын ынтамен оқып зерттейді, олар көп
ақша жұмсап араб кітаптарынан кітапхана құрастыруға асығады және барлық
жерде араб ғылымын мақтайды. Басқа жағынан, христиан кітаптары туралы еске
алғанның өзінде олар менсінбей, мұндай шығармалар оларға назар аударуға
тұрмайды деп мәлімдейді. Осы мәселе төңірегінде бертін келе үнді халқының
көрнекті өкілі Д.Неру де өзінің Үндіні ашу деген кітабында өте жақсы
көрсетіп берген. Ол араб мәдениетінің әлемдік, ең алдымен, батысеуропалық
мәдениетке ортағасырларда тигізген әсерінің зор екендігін ерекше атап
өткен: Бағдат халифаты мұсылман әлемінің мәдени орталығы болып қала берді,
тіпті алыстағы Испания одан шабыт алып отырды. Сол кезде Еуропа білім,
ғылым және тұрмыс салаларында артта қалған болатын. Арабтар Испанияда,
бүкіл ортағасырлық еуропада білім шырағының сөнбеуіне мүмкіндік берді. Бұл
шырақтың сәулесі Еуропаның еңсесін басқан қара түнекті қақ жарып білім
нұрын төкті. Сонымен, ортағасырда мұсылмандық Шығыс мәдениеті мен
философияның ерекше гүлдену және даму кезеңі болса, батысеуропалық мәдениет
пен философияға құлдырауы мен дамуында біржақтылық тән болды. Ортағасырлық
батысеуропалық философияның құлдырауы марксистік философия тұрғысынан баға
берілгендей., оның жалпы діни сипатта болғанына байланысты емес, оның тек
бір бағытта, яғни тек қана діни – идеалистік сипатта болып, философияның
емін- еркін дамуына мүмкіндік бермей, біржақты сипат алып дамуында болды.
Ортағасыр философиясы V-XV ғғ. Аралығын қамтып, Еуропа тарихында Рим
империясының күйреуінен бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі мың жылдардан
астам уақытты қамтиды. Бұл кезде Еуропада феодалдық қарым- қатынастар
қалыптасып, христиан діні өмірдің барлық салаларына үстемдігін жүргізе
бастады. Ортағасыр философиясы феодализм кезеніңе сәйкес келген соң қоғамды
діни идеология басқарды. Бұл кезеннің ерекшелігі- ортағасырда таза
философия болған жоқ, онда қалыптасқан негізгі мәселелер христиан
идеяларымен байланысты болды. Ортағасыр философиясының негізгі міндеті-
дінге қызмет ету еді, осыған байланысты батысеуропалық ортағасыр
философиясының көтерген негізгі мәселесі:
1. Құдай мен дұниенің қарым- қатынасы;
2. Құдай мен адам арасындағы байланыс;
3. Құдайды танып білу жолдары;
Ортағасырлық батысеуропалық философияның негізгі ерекшеліктеріне
төмендегілер жатады:
- Платон мен Аристотельдің ілімдерін пайдалана отырып, антика
философиясына көңіл бөлуі;
- Антика дәуірінде қалыптасқан білім мен сенім ара қатынасы өзгеріп,
сенімнің білімге басымдылық жасауы;
- Антикалық философиялық мұралар Құдай идеясы туғанға дейін пайда
болғандықтан, оларға сенімсіздікпен қарау;
- Философияның танымдық идеялары тек әулие кіпаты талқылау мен Құдайлық
догматтардың мәнін ашуға ғана қатыса алады деген көзқарастардың
ортағасырда жиі кездесе бастауы;
- Философияның бар ақыл- күшін христиан догиаларын дәлелдеуге негіздеп,
діни ілімдердің әсеріне түсуі;
- Танымның негізгі формасы ретінде- ашылу арқылы діни догматтардың
ақиқаттығын ашу;
- әулиелік текстерге- күдік туғызбай, тек сенім арқылы Құдайды тану;
Христиан философиясының негізгі идеясы: монотеизм, күнәhарлық және
құтқару идеясы. Христиандық философияның алғашқы қалыптасуына өзіндік
үлес қосқан апологетика болды. Жаңа Өсиеттің канондары жазылып бітпей
жатқанда христиан догмасын қорғаушылар- апологеттер мектебі қалыптасты.
Ортағасырдың батысеуропалық философияның қалыптасуы мен дамуына Аврелий
Августин өздерінің интелектуалдық ықпалдарын тигізді. Аврлий Августин
өзінің құдай қаласы туралы еңбегінде атақты формуласын ұғыну үшін
снемін, сену үшін ұғынамын формуласын негіздейді. Бұл ақыл мен сенімнің
өзара бірін- бірі толықтыру принципі 5-15 ғ аралығында қамтитын Батыс
Еуропаның бүкіл ортағасырлық философияның ойының ең негізгі дүниетанымдық
кредосна айналды.
Егер Аврелий Августин рим шіркеуінің әкейі болса, онда Боэций
М.Гробманның дәл сипаты бойыншасоңғы римдік жән және бірінші схоласт
болып табылады. Және ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде де орынды
саналады. Боэций- антик дәуірінің рухани- философиялық мұрасын
ортағасырлық мәдениетпен байланыстырушы. Схоластикалық философияның
басталуы- И.С. Эриуганның есімімен байланысты. Табиғаттың бөлінісі
туралы - деген жұмысында әлемдік үйлесімдік туралы иддеясын негіздейді.
Онда Құдай барлық бастаудың түпнегізі бола отырып, болмыс үдерісін өзі
аяқтайды құдай өзі танымалғанымен өзі жаратқан нәрселерінде біршама
ашылады, ал құдайға танудың - өзі таңғажайып жаратылыс.
Ф. Акванский (1225-1274)- орта ғасырдағы реалистік философияның ірі
өкілі, қазіргі католицизм дінінің рухани пірі, әулиесі.ол Аристотельдің
идеалистік философисын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір
сүре алмайды, деді. Былайша айтқанда, әрбір заттың, бүкіл өмірдің жалпы
түрі- Құдай, ол болса, одан тәуелсіз дүниеде еш нәрсе жоқ. Фома Аквинский
философиясы мән (essentis) және өмір сүру (existentia) төңірегінде
құрылады. Оның пікірінше, өмірде бұл екеуі жеке, бірінен- бірі алшақ тұра
алады және де өмір сүру мәнінен жоғары. Ал Құдайда бұл екеуі бір,
ажыратылмайды. Одан соң Құдайдың бар екенін Фома Аквинский бес түрлі
жағдаймен дәлелдейді.
1.Қозғалыс. Әлемде бәрі қозғалыста. Сол қозғалысқа алғашқы түрткі болған,
екпін берген – Құдай.
2. Себептілік. Себепсіз еш нәрсе жоқ. Бұл принцип бірте- бірте басты
себепкер- құдайды мойындатады.
3. Мүмүкіндік пен шындық. Мүмкіндікті шындыққа айналдыратын да- Құдай.
4. Дүниеде бәрі көркем шындалған. Ол – Құдайдың құдіреті.
5.Әлемдегі барлық заттар бірімен - бірі сәйкестеніп, қиылысып байланысқа,
оны жасайтын да Құдай, Құдай мәңгі ал жан денемен байланысты. Құдай
өзгермейді, жан құбылмалы. Жанды Құдаймен теңгеруге болмайды. Оның
пікірінше, біздің ойымыз бен нақтылық арасында толық сәйкестік жоқ.
Жалпылық- біздің миымыздың жемісі, бірақ оның нақты, біздің санамыздан
тыс өмір сүретін шындыққа қатысы бар. Осындан келіп Фома Аквинский
жалпылық өзінен- өзі, заттардан тыс, Құдай санасында өмір сүреді дейді.
Фоманың пікірінше, мемлекеттік өкімет Құдайдан туындайды, ал басқару түрі
нақты жағдайға байланысты қалыптасады. Ол шіркеудің азаматтық, қоғамның
жоғары екеуінін уағыздайды. Мемлекет басшысының билігі- ең жоғары рухани
билікке бағынышты. Көкте ол биліктің иесі- Христос, жерде Рим папасы,
дейді. Фома Аквинский құрған философия екі жұп катеорияға – акт пен
потенцияға және эссенция мен экзистенцияға негізделген. 1879 жылы 4
тамызда Рим папасы Лев XII Фома Аквинскийдің уағыздары бүкіл католик
шіркеулерінде міндетті қабылдансын деп жариялады. Реалистер идеализімді,
дін қағидаларын жақтайтыны белгілі. Реалистерге кері бағыт ұстанған
номиналистер. Олар астыртын материалистік ұғымды қолдады. Оның өкілдері:
Роджер Бэкон(1214-1292), Уильям Оккам (1285-1349), Николай Уразмский
(1313-1382). Олар нақты заттарды зерттеуге шақырады. Жалпы ол ұғым, тек
қабылдайтын субъектінің басында пайда болады. Санадан тыс өмір сүретін
жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді. Нақты затқа жалпының
да, жалқының да керегі жоқ деп, деді Уильям Оккам. Әмбебаптар – олар үшін
тек белгілер, бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, тек өзара ұқсас
заттарға ғана қолданылады,- деді. Роджер Бэкон схоластиканы сынады.
Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, яғни ертедегі ғылымдарды білу
қажет - деді. Николай Уразмский де ғалым болған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық схоластика
Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Ортағасыр мұсылман философиясы
Антик философиясы туралы ақпарат
Ортағасырлық батысеуропалық философия туралы
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Гуманизмнің бастаулары бруно
Ортағасырлық Батыс және Шығыс философиясы
Пәндер