Жануарлардың вырустық аурулары



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Жануарлардың вырустық ауруларының алдын алу шаралары
2.2 Арнамалы дауалау тірі аттенуацияланган, инактивтелген вакциналар, оларды алу жолдары, қолдану әдістері, енжар иммундеу
2.3Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.
III.Қорытынды бөлім
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Вирустар табиғатта кең тараған. Ол тіршілік бар жердің бәрінде де кездеседі. Вирустар адам, мал, құс, балық, шыбын- шіркей арасында ауру таратады. Кейбір вирустар зооантропонозды індеттердің таралуына да себепші болады.
Халықаралық эпизоотикалық Бюроның (ХЭБ) Бас сессияның шешімі бойынша 1984 жылы жұқпалы аурулар тигізетін зиянның мөлшеріне сәйкес олар 2 топқа бөлінген: А және Б тобы. А тобына 16 ауру енсе, оның он бесін вирус қоздырады. Бұл ауруларға аусыл, ірі қара және ұсақ малдың обасы, Рифт алқабының безгегі, шошқаның африкалық және европалық обасы, жылқы обасы, құс тұмауы, Ньюкасл ауруы жатады. Аталған аурулардың бәрі дерлік мемлекет шекарасынан өтіп, шаруашылықтарға көп шығын әкеледі. Олар халықаралық мал саудасы мен мал өнімдерінің саудасына кедергі жасайды. Сол себепті осындай аурулар пайда болған кезде малдәрігерлік қызмет орындары тез арада ХЭБ-ға хабарлауы керек.
Б — тобына 81 ауру кіреді. Олардың арасында ірі қара және ұсақ мал аурулары, жылқы, шошқа, кемірушілер, балық, бал араларының аурулары бар. Бұл аурулардың негізгі ерекшелігі бірте-бірте баяулап тарайды. Осы аурулардың пайда болуы жөнінде ХЭБ-ға жылына 1 рет мәлімдеп отыру керек.
1. Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология. Алматы ,2004
2. Сайдулдин Т.С Ветеринариялық індеттану,1-2 кітап.Алматы,1999
3. Булашев А Иммунология, Астана,2002
4. Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. (255-260б).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы : 1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адъюванттар, иммуномодуляторлар.
2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.

Орындаған: Сембай Асельхан ВМ-305
Тексерген: Омарбеков Е.О.

Семей 2015.
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Жануарлардың вырустық ауруларының алдын алу шаралары
2.2 Арнамалы дауалау тірі аттенуацияланган, инактивтелген вакциналар, оларды алу жолдары, қолдану әдістері, енжар иммундеу
2.3Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары.
III.Қорытынды бөлім
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

МАЛДЫҢ ВИРУС ҚОЗДЫРАТЫН АУЫРУЛАРЫНАН САҚТАҢДЫРУ
Вирустар табиғатта кең тараған. Ол тіршілік бар жердің бәрінде де кездеседі. Вирустар адам, мал, құс, балық, шыбын- шіркей арасында ауру таратады. Кейбір вирустар зооантропонозды індеттердің таралуына да себепші болады.
Халықаралық эпизоотикалық Бюроның (ХЭБ) Бас сессияның шешімі бойынша 1984 жылы жұқпалы аурулар тигізетін зиянның мөлшеріне сәйкес олар 2 топқа бөлінген: А және Б тобы. А тобына 16 ауру енсе, оның он бесін вирус қоздырады. Бұл ауруларға аусыл, ірі қара және ұсақ малдың обасы, Рифт алқабының безгегі, шошқаның африкалық және европалық обасы, жылқы обасы, құс тұмауы, Ньюкасл ауруы жатады. Аталған аурулардың бәрі дерлік мемлекет шекарасынан өтіп, шаруашылықтарға көп шығын әкеледі. Олар халықаралық мал саудасы мен мал өнімдерінің саудасына кедергі жасайды. Сол себепті осындай аурулар пайда болған кезде малдәрігерлік қызмет орындары тез арада ХЭБ-ға хабарлауы керек.
Б -- тобына 81 ауру кіреді. Олардың арасында ірі қара және ұсақ мал аурулары, жылқы, шошқа, кемірушілер, балық, бал араларының аурулары бар. Бұл аурулардың негізгі ерекшелігі бірте-бірте баяулап тарайды. Осы аурулардың пайда болуы жөнінде ХЭБ-ға жылына 1 рет мәлімдеп отыру керек.
Індеттен сақтандырудың негізгі жолы -- арнамалы дауалау вакцинамен немесе қан сарысуымен егу. Егудің арқасында организмнің арнамалы қорғану факторлары және механизмдері іске қосылады. Айта кететін бір жағдай ауруға қарсы қолданған шаралардың салдарынан қоздырушы мен ауруға шалдығатын организм арасыңда популяциялық -экологиялық өзара байланыстар өзгерді. Аурудың өршуі, вирустардың әр түрлі қасиеттері де өзгеріске түсті. Қоздырушының бір малдан екінші малға өту жолдары да өзгерді. Осындай жағдайларда вирустардың орталыққа байланысты күшейген түрлері пайда болып, олардың иммунитетке қарсы тұрарлық қасиеттері бар түрлері дүниеге келді. Сонымен қатар вирустардың уыттылығы төмендеген түрлері де пайда болды. Сөйтіп, вирустардың өзгеруіне сәйкес аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Олармен күресу де күрделі бола бастады.
Соңдықтан вирус қоздыратын аурулардан сақтандыру үшін ең алдымен індеттік процесті, вирустардың індетаралық кездерінде сақталатынын білу қажет. Вирустар тек клетка ішінде ғана өмір сүретін болғандықтан індетаралық кездерінде (аурудың азайған немесе жойылған кезінде) өз түрлерін сақтау үшін тірі клетка ішінде болуы шарт. Демек организмге енуі қажет. Вирустар мал организмінде ұзақ уақыт сақтала алады. Кейбір жіті түрде өтетін аурулардың, мысалы, аусыл, шошқаның африкалық және европалық обасы, Ауески ауруы, құтырық т. б. созылмалы, жасырын түрге ауысуы осы вирустардың өзгеруіне және олардың індет аралық кездерінде ортаға ыңғайланып сақталуын көрсетеді және керісінше, вирустардың уыттылық түрінің пайда болуы мал организмінің ауруға қарсы төзімділігінің яғни иммунитетінің төмендеуіне байланысты жайт. Бұл вирустық аурулардың тез таралуына әкеп соғады.
Мал ауруын қоздыратын вирустардың осылайша өзгеріп отыруы: вирустардың вируленттік түрі пайда болғанда аурудың таралуы, вируленттігі төмендеген кезде індеттің сақталуы, яғни вирустардың табиғатта айналысқа түсуі осы қоздырушылардың биологиялық түрі ретінде табиғатта сақталуына негіз жасайды.
АРНАМАЛЫ ДАУАЛАУ немесе СПЕЦИФИКАЛЫҚ
Арнамалы (спецификалық) дауалау дегеніміз малды жұқпалы аурулардан вакцина немесе гипериммунды қан сарысуы арқылы сақтандыру. Ауырып жазылған малда және вакцина егілген соң вирусқа қарсы пайда болған иммунитет әр түрлі дамиды. Мұнда гуморальдық және клеткалық факторлар әр түрлі роль атқарады.
Сондықтан да вирустарға қарсы вакцина алу үшін және ол вакцинаны қолдану үшін осы клеткалық, гуморальдық факторлардың өзара ерекшелігін ескерген жөн.
Ауруға клеткалық және гуморальдық қарсы тұру қасиетіне сәйкес инфекциялар бірнеше топқа бөлінеді.
Кейбір індеттерде организмнің қорғану қасиеттері тек гуморальдық факторларға сүйенген, яғни антиденелердің мөлшеріне байланысты, ал клеткалық факторлар әсері тіпті жоқ десе де болады, немесе өте аз әсер етеді. Мысалға аусылы шошқаның европалық обасын атауға болады.
Ал екінші топқа жататын індеттерден сақтандыру үшін әрі клеткалық, әрі гуморальдық факторлардың маңызы зор, мысал үшін, Ньюкасл, тұмау, құтырық ауруларын келтіруге болады.
Үшінші топтағы аурулардан сақтандыру үшін клеткалық факторлардың маңызы зор. Бұл ауруларға қарсы құралған иммунитет клетка деңгейінде пайда болады. Ал гуморалдық факторлар қосалқы роль атқарады. Марек, Ауески, шешек, қара сүйел аурулары осының айғағы.
Иммунитеттің гуморальдық және клеткалық факторлары әр түрлі вакциналармен іске асады.
Тірі вакциналар -- тірі, бірақ әлсіретілген вирус штамдарынан алынған;
Өлтірілген -- немесе инактивтелген вакциналар -- вирустарды физикалық не химиялық жолдармен өлтіріп алынған;
Суббөлікті вакциналар -- вирустың тазаланған белоктарынан алынған;
Гендік -- инженерлік вакциналар -- гендік инженерия тәсілдерімен алынған;
Жасанды, немесе синтетикалық вакциналар -- вирус антигеніне полиэлектролит не полимер қосып, вакциналық жиынтық алынған.
Вакциналар қолдану -- індетпен ауырған малдың сол ауруға қайта шалдықпайтынына негізделген. Сондықтан вакциндеу (егу) дегеніміз мал организміне қоздырушыны әдейі енгізу. Тек алдымен қоздырушыны әлсіретіп алу керек. Егудің нәтижесінде организмде қорғану механизмдері пайда болады, яғни антиденелер синтезделеді. Сол себептен вакцина егуді белсенді егу деп, ал егу үшін қолданатын препаратты вакцина деп атайды. Демек вакцина не өлтірілген, не тірі, бірақ әлсіретілген вирустан алынған биологиялық препарат.
Вакцинаға қандай талаптар қоюға болады?
Біріншіден, вакцина ауру қоздырушының белгілі бір түріне сәйкес болуы керек.
Екіншіден, вакцина зиянсыз, індет туғызбайтындай қасиеті болуы керек.
Үшіншіден, вакцинаның жеткілікті иммуногендік қасиеті болуы қажет, яғни вакцина еккеннен 2 -- 3 апта өткен соң сол вирусқа қарсы организмде иммунитет пайда болуы шарт.
Індеттен сақтандыру үшін 1798 жылы Э. Дженнер вакцинаны тұңғыш рет қолданды. Шешектен сақтаңдыру үшін ол сиыр шешегін жас балаға екті.
Француз ғалымы Луи Пастер Дженнердің құрметіне вакцина (ағылшынның уасса -- сиыр) сөзінен деген сөзді қолдануды ұсынды.
Әлсіретілген тірі вакциналар
Тірі вакцинаны әлсіретілген вирустардан алады.
Әлсірету (аттенуация) -- вирусты немесе микробты әлсірету. Әлсіретудің салдарынан вирус індеттің ауыр түрін қоздыра алмайды, яғни қоздырушының патогендік және уыттылық қасиеттері жойылады, ал иммуногендік қасиеті сақталады. Вирусты әлсірету кезінде вирустарға арнаулы әсер етіп, олардың кейбір нәсілдік қасиетін өзгертіп, өзгерген түрлерін алады.
Әлсірету үшін әр түрлі мутагендер қолданылады. Вирустарды клетка өсінділерінде бірнеше рет себудің немесе тауық эмбриондарына, зертханалық жануарларға бейімделуінің арқасында вирустардың нәсілдік қасиеттері өзгереді.
Осылайша Л. Пастер құтырыққа қарсы тірі вакцинаны
"вирус фикс"-ті алды. Ол үшін қояндардың миына вирустан 100-ге жақын пассаж жүргізді.
Вирус фиксті адамдар мен жануарлар терісінің астына енгізгенде оларда иммунитет пайда болды. Осы жолмен алынған вакциналарға мысал ретінде шошқаның европалық обасына қарсы вирустың "К" штамынан алынған құрғақ АСВ вирус вакцинасын айтуға болады.
Вирустарды әлсіретудің тағы бір жолы бар. Ол вирустарға төменгі температурамен әсер ету. Оларға ts -- мутанттар, организм клеткаларында белгілі бір температурада ғана өсіп- көбейетін, температураға сезімтал штамдар жатады.
Сонымен қатар әлсіретілген вакцинаны табиғи әлсіреген вирустардың штамдарынан да алуға болады. Мысалы, АҚШ- та тауық балапандарынан жай, зиянсыз өтетін респираторлы ауруларда иммуногендік қасиеті бар La Sota6 B1 штамдары алынды. Ол штамдар қазіргі кезде Ньюкасл ауруына қарсы егуде кең қолданылып жүр.
Вирустық ауруларға қарсы тірі вакцина алу өте қиынға түседі. Ол үшін тірі жүйелер т. б. қажет. Олар мынандай түрлерге бөлінеді.
Ависделген (латынның avis -- құс деген сөзінен шыққан) вакциналар. Көптеген вирустар тауық эмбриондарында өсіп- көбейеді. Тауық эмбриондары вакцина алу үшін әрі арзан, әрі қолайлы. Мысалы, тауық шешегіне, үйректің вирус қоздыратын бауыр ауруына.
Клетка өсінділерін қолданып алынатын вакциналар вирустарды әр түрлі клетка өсінділеріне өсіріп-көбейтеді. Ол үшін алғашқы- трипсинделген, диплоидты, тұрақты клетка өсінділері қолданылады. Адамды егуге арналған вакциналарға ВОЗ-дың (1966) ұсынысы бойынша мынандай талаптар қойылады. Вирус өсетін клеткалар сау организм мүшелерінен, ұлпаларынан алынуы қажет, ал жақсырақ нәтиже болу үшін клетка өсінділерінің эмбрионнан алынғаны жөн. Мұнда өсінділер ластанбайды және морфологиялық өзгерістер болмайдыд
Вакцинаны көп мөлшерде алу үшін жүзінді ролерлі клетка өсіңділері қолданылады. Осы әдіспен көптеген тірі вакциналар алынды: шошқа обасының европалық түріне қарсы егу үшін "К" штамынан (вирусты өсіру үшін шошқа бүйрегі қолданылған), ет қоректілер обасына қарсы (ит бүйрегі мен өкпесі қолданылған).
Лапинделген вакциналар -- вирустарды қоян организмше бейімдеу арқылы алынған ( Lapinus -- латыннын қоян деген сөзінен шыққан). Мысалы, шошқа обасьша қарсы егетін АСВ вирусвакцинасын атауға болады.
Сонымен бірге, біркелкі емес, ар түрлі вирустардан дайындалған гетерологиялық тірі вакциналар да бар. Бұл вирустардың антигендік қасиеттері ұқсас. Себебі олардың иммуногендік белоктары үйлеседі, ұқсайды. Мұндай жағдайда параиммунитет пайда болады. Осындай тығыз байланыс ит обасы мен адамның қызылша ауруын қоздыратын вирустар және ірі қара обасын қоздыратын вирустар арасында кездеседі. Сөйтіп, күшіктерді қызылша ауруынан сақтандыратын вацинамен ексе, онда күшіктер ит обасымен ауырмайды.
Осындай иммунологиялық байланыс шошқа обасының европалық түрін туғызатын вирус пен ірі қараның вирус диареясының қоздырушысы арасыңда да бар.
Тірі вакциналардың басқа вакциналарға қарағанда тиімді ерекшеліктері бар. Олар: мал организміне егудің арқасында ұзақ уақыт сақталатын, ауруға қарсы тұру қасиеті пайда болады. Себебі вакцинадағы әлсіретілген вирус организмде өсіп-көбейеді. Сондықтан да ұзақ уақыт бойына вирус антигендері организмде өз қызметін атқарады,
Сонымен бірге бұл вакциналар тек бір рет қана егіледі Тірі вакцинаның тағы бір тиімді ерекшелігі -- оларды малдың тек тері астына егу жолымен емес, тыныс жолдарына жіберуге де және ішкізуге де болады.
Сонымен қатар тірі вакциналардың кемшіліктері де бар.
Олар:
-- әлсіретілген вирустардың вируленттік қасиетінің өсіп кетуі де мумкін. Тірі вакцинаның әлсіреген қасиетінің бірқалыпты болуын қадағалау өте қиын жағдай. Ондай қасиеттің ұзақ жылдар бойы сақталуы да екіталай. Сондықтан вирустардың әлсіреген штамдарының нәсілдік қасиеттерінің тұрақты болуы шарт.
Тірі вакциналардың таза болмауы да мүмкін (зиянды вирустар қоспаларының араласып кетуі ықтимал). Себебі вирустарды өсіретін клетка өсінділерінің де, тауық эмбриондарының да зертханалық жануарлардың да жасырын вирустардан таза болмауы ғажап емес. Мысалы, полиомиелитке қарсы егетін вакциналардан балалар организмінде ісік аурулары пайда болды. Себебі, ол вакцинаны алу үшін маймылдың бүйрек клеткалары қолданылған еді, ол клеткаларда ісік туғызатын SV -- вирус штамы бар екен.
Тірі вакцинамен еккен кезде интерференция құбылысы болуы мүмкін. Мысалы, энтеровирусты індетке қарсы ішкізілетін тірі вакцинаны қолданған кезде ішектерде жасырын вирустар болса, онда вакцина әсерінің жойылуы мүмкін.
Осы кезде көптеген вирус қоздыратын ауруларға қарсы Ньюкасл ауруына, ірі қара обасына, ет қоректілер обасына, шошқа обасына, Ауески ауруына, құтырыққа т. б. ауруларға қарсы тірі вакциналар егіледі.
Медицинада егу нәтижесінде шешекке қарсы күрес айтарлықтай жеңіске жетіп, шешек ауруы жойылды. Полиомиелиттен, қызылша ауруларынан сақтандыруда да арнамалы дауалаудың үлкен пайдасы тиді.
Сонымен, тірі вакциналар қолданудың арқасында организмде ауруға қарсы түру қасиеті пайда болады, яғни вакцинаның әсерінен болатын процесс иммундық жауаптың толық болуын қамтамасыз етеді де, вирусқа қарсы барлық механизмдер іске қосылады.
Соған орай айта кететін бір жағдай, тірі вакциналардың мал үшін қауіпсіз болуы шарт. Вакцина ретінде қолданылатын штамм организмде өсіп-көбейіп, сыртқа шығып отырады. Сондықтан да әлсіретілген вирустың вируленттік (ауру туғызатын) вирустан айырмашылығы болуы керек. Белгілі бір нәсілдік қасиеттер (маркерлер) болуы да қажет.
Белсенді қасиеті жоқ, өлтірілген немесе инактивтелген вакцина деп тазаланған вирусты химиялық немесе физикалық жолмен өлтірілген вакцинаны айтады. Өлтірілген вирустар организмде өсіп-көбейе алмайды, демек клеткада көбею қасиеті жоғалады да, антигендік қасиеті сақталады.
Бұдан бұрынғы тақырыптарда айтқандай вирустардың көбею қасиеті олардың нуклеин қышқылына байланысты болады, ал ол қышқыл вирионның ортасында орналасады. Сондықтан да вирустарды өлтіру кезінде олардың белоктарының, гликопротеидтерінің сақталуы өте қажет.
Вирусты өлтірудің физикалық факторлары
Вирустарға жоғары температурамен әсер ету. Жоғары температурамен (80°С, одан да жоғары) әсер еткенде вирус белоктары өзгереді, ал төменгі температурада (60°С) нуклеин қышқылы бұзылады.
Ультракүлгін сәулемен әсер ету. УК сәуленің өлтіру қасиеті оның толқынының ұзындығына байланысты болады. Вирустар толқынның 537 А ұзындығында өз белсенділігін жоғалта бастайды. Ең алдымен нуклеин қышқылының құрылысы, содан соң белок қабығы бұзылады.
Гамма -- сәулесінің әсерінен вирустардың әрі нуклеин қышқылы, әрі белок қабаты бұзылады. Қауіпті сәуле қолданып, шешек, аусыл т. б. аурулардан сақтандыратын вакциналар алынды. Соңғы кезде гамма қондырғылары іске қосыла бастады. Олар әрі вирус өлтіруге, әрі қоректік ортамен ертінділер тазартуға (стерилдеуге) қолданылады.
Вирусты өлтіру үшін қолданылатын химиялық факторлар
Вирусты өлтіру үшін әр түрлі химиялық құралдар қолданылады:
Формалин -- вирус өлтіру үшін өте кеңінен қодданьшады. Ол вирустың нуклеин қышқьшының құрьшысын зақым- дайды. Себебі формалин нуклеин қышқьшының пуриндік және пиримидиндік негіздерінің амин топтарымен байланысып, сутегі байланыстарын үзеді.
Р -- пропилактон -- вирустың белок қабатынан өтіп нуклеин қышқьшына әсер етеді де, ауру туғызатын қасиетін жоғалтады, ал антигендік қасиетін сақтайды.
Дегенмен, белгілі бір мезгілде формалин де, (3 -- пропилактон да вирус белоктарын зақымдайды. Сондықтан да гидроксиламин мен этиленаминнің маңызы зор. Бұлар, тіпті бірнеше күн бойы әсер етсе де белок қабатын өзгертпейді.
Демек, вирус өлтіруді немесе зақымдаудың барлық түрлерінде де вирус белоктарының немесе нуклеин қышқылының зақымдалуына сәйкес вирустардың көбею және ауру қоздыратын қасиеттері жойылып, олардың антигендік (иммунитет туғызатын) қасиеті сақталады.
Өлтірілген вакциналардың қасиетін күшейту үшін адьюванттар -- иммуногендік қасиетті күшейтетін заттар қосылады. Адьювант ретінде -- Фрейнд адьювантын (құрамында арлацел А, парафин майы және БЦЖ вакцинасы бар), алюминий гидрототығы, сапонин, минералды майлар, СаС12 т. б. қолданылады. Осы заттардың бәрі антиденелер санының көбеюіне әсер етеді.
Инактивтелген немесе өлтірілген вакциналардың пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Тірі вакциналармен салыстырғанда өлі вакциналар зиянсыз да қауіпсіз болады. Себебі инактивтелген вирустар организмде өсіп-өнбейді.
Өлтірілген вакциналардың кемшілігі: оларды бірнеше рет егу керек және препарат өте көп мөлшерде енгізіледі. Пайда болатын иммунитет көпке созылмайды. Малды қайталап еккен кезде аллергия болуы мүмкін. Кейде тірі қалған вирус бөлшектерінің әсерінен ауру қоздыруы да мүмкін. Сондықтан "өлтірілген" деген сөз шартты мағынада айтылады. Ол сөз микробиологиядан алынған.
Суббөлікті вакциналар
Тірі жөне өлтірілген вакциналар бүтін, толық вириондардан тұрады. Өздеріңізге белгілі күрделі вирустардың құрамында әр түрлі белоктар, көмірсулар, липидтер болады. Ал вирус белоктарының тек 10 пайызы ғана вирусқа қарсы тұру қабілетін туғызады. Ол қарсы тұру қабілеті вирустың сыртында орналасқан антигендерге сай болады, ал қалған белоктар мен липидтер иммундық жүйеге артық "жүк" болып есептеледі. Сондықтан да вирустың тек ауруға қарсы тұру қабілетін туғызатын құрамынан алынған вакцина -- тазартылған вакцина болып саналады. Қазіргі кезде тұмауға қарсы суббөліктерден тұратын вакцина қолданылады. Ол вакцина вирионның сыртқы жағында орналасқан гемагглютинин мен нейраминидазадан тұрады және толық вирионнан алынған өлтірілген вакцинаға қарағанда зиянсыз болып есептеледі.
Жасаңды вакциналар
Жасанды немесе синтетикалық вакциналар алу инфекциялық аурулардан сақтандырудың яғни алдын алудың жаңа түрлеріне жатады. Жасанды вакциналардың негізі ретінде вакциналық жиынтық құру болып есептеледі. Вирус белоктарының пептидтеріне синтетикалық полиэлектро- литтерді қосып, олардың иммуногендік қасиетін күшейтеді. Мысалы, тұмау вирусының сыртындағы гемагглютинин мен нейраминидазаға синтетикалық полиэлектролит -- акрилқышқылының сополимері N -- ВПД мен коваленттік байланыс жолымен қосады. Осылай алынған коньюгаттық (қосыңдының) иммуногендік қасиеті зор.
Вирустың сыртқы бетіндегі белоктары тазаланған, дара түрінде немесе жасанды жолмен алынған түрінде қолданылады. Амин қышқылдарының тіркелу жағдайы белгілі болған кезде ондай белоктарды биосинтез жолымен жасанды түрде алуға болады. Ал, жасанды антигендер аллергия туғызбайды деп есептеледі.
Гендік инженерлік вакциналар
Гендік инженерлік әдісті биологиялық өндірісте вакцина алу үшін қолдану да жаңа бастама болып табылады. Көптеген ферменттердің көмегімен (рестриктазалар) ДНҚ молекуласы белгілі бір жерінде кесіліп, одан оларды керісінше лигазалардың көмегімен ДНҚ фрагменттерін құрайды. Осы ферменттердің көмегімен белгілі бір қажетті ген бөлініп алынады, ал ол ген антигендік қасиеті бар белок құрайды. Осы генді бактерия плазмидіне (хромосомнан тыс орналасқан сақиналы ДНҚ) енгізсе, онда бактерия өзіне қажеті жоқ, бізге қажет белокты түзей бастайды. Бактерия плазмиді генді жеткізу рөлін атқарады.
Қазіргі кезде гендік инженерияға медицина мен мал дәрігерлігі үлкен үміт артып отыр. Гендік инженерлік вакциналарды тұмауға, аусылға, вирус гепатитіне қарсы алу үшін ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Араласқан және құрама вакциналар
Құрама вакцина бірнеше антигендерден тұрады. Олар әр түрлі вирустардан -- поливалентті, немесе әр түрлі штамдардан -- полиштамды, яки мұндай биопрепаратта антигендер ассоциацияда немесе құралған күйде болады. Құрама вакциналар алу үшін өзара бірігетін антигендер қасиеттерін ескерген жөн. АҚШ-та ірі қараны тыныс ауруларынан сақтандыру үшін вирус қоздыратын үш ауруға (инфекциялық ринотрахеит, парагрипп -- 3, РС -- індеті) қарсы вакцина қолданылады.
Вирустардан бірнеше түрінен бірдей сақтандыратын вакцина егудің тек қана экономикалық емес физиологиялық та пайдасы бар: организмде бірнеше антигенге толық жетілген қарсы тұру қасиеті пайда болады. Антигендердің бірігуі антигендердің синергизмін келтіріп иммундық жауаптың терең болуын қамтамасыз етеді.
Дегенмен мұндай егудің теріс те жақтары бар. Олар:
интерференция құбылысы -- бір вирустың көбеюіне екінші вирус кедергі жасайды;
ассоциацияға кіретін вирустардың біреуі немесе бірнешеуі организмнің реактогендік қасиетін жоғарылатуы мүмкін;
организмде иммунологиялық стереотиптердің өзара таласқа түсуі ықтимал, демек жеке механизмдердің антигендерге бөлінуі ғажап емес;
ауруға қарсы тұру мерзімінің қысқаруы мүмкін.
Аралас вакциналар -- вирус, бактерия, риккетсий антигендерінен тұрады. Мысалы, шошқаның оба, тілме және Ауески ауруына қарсы вакцинаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Дәрістерді өткізу әдістемесі
Карантин орнату және оны алу тәртібі
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Лабораториялық жануарлар
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Лабораториялық жануарларға сипаттама
Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
Бауыр ауруларының түрлері
Пәндер