Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері
Орындаған: Байкероева А.
Тексерген: Мұхаметжанова О.
Топ: АГ-213
Семей 2015
Жоспар
КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Дәнді дақылдар және олардың топтары
2. 1. 1 Бірінші топтағы дәнді дақылдар және олардың түрлері
2. 1. 2 Екінші топтағы дәнді дақылдарға сипаттама
3 Астықты дақылдарды бірінші және екінші топқа ажырату белгілері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Астық тұқымдастары , қоңырбастылар (Gramіnedаe, Poaceaе) - дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т. б. ) . Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см-ден 30 - 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм-ден 20 - 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т. б. ) . Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас) . Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек) . Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мыс. : бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т. б. ), мал азықтық түрлері де (мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т. б. ), арамшөптері де (мыс., қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т. б. ) кездеседі. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді.
II Негізгі бөлім
2. 1 Дәнді дақылдар
Дәнді дақылдар - Қоңырбас тұқымдасына жатады. Барлық астықтардың маңызды мүшелерінің құрылысы ұқсас болғанымен, морфологиялық белгілері мен өсіру сипатына қарай, олар мынадай топтарға бөлінеді: бірінші топтағы астық дақылдары немесе кәдімгі астықтар (күздік және жаздық бидай, қарабидай, арпа және сұлы), екінші топ дәнді астықтары немесе тары тәрізді астықтар (жүгері, тары, қонақжүгері, күріш) .
2. 1. 1 Бірінші топтағы дәнді дақылдар және олардың түрлері
Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады.
Бұл топтағы астықтардың негізгі ерекшеліктері мен қасиеттері- дәндерінің бауыр жағында тілігі болады және ұзын бойына сызатты болып келеді, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Гүлшоғыры - масақ немесе сыпыртқыгүл (сұлыда) . Өсіп - дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады.
Бірінші топтағы дақылдардың өзі күздік дәнді дақылдар және жаздық дәнді дақылдар деп бөлінеді.
Күздік дәнді дақылдар
Күздік дәнді дақылдар - күздік бидай, қарабидай, күздік арпа.
Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері - алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет. Күздік дәнді дақылдар жаздықтарға қарағанда өнімді артық береді. Оның себебі, олар күзгі және көктемдегі жауын-шашынды тиімді пайдаланады, күзде жақсы түптенеді, ал ерте көктемде тез өсіп-дамып, ерте піседі.
Күздік дәнді дақылдардың өнімділігі олардың қыстың қолайсыз жағдайынан жақсы шығуына тікелей байланысты. Себебі, күзде, қыста және көктемде күздік дәнді дақылдар әр түрлі қолайсыз жағдайларға ұшырайды (қатты суық, қардың жұқа түсуі, ауа температурасының күрт өзгеруі және т. б. ) . Осы аталған қолайсыз жағдайларға төзімді болу үшін, күздік дәнді дақылдар шынығу сатысынан толық өтуі керек.
Жаздық дәнді дақылдар
Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық, тары, қонақ жүгері. Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:
Ерте себілетін - жаздық бидай, арпа, сұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.
Кеш себілетіндер - күріш, жүгері, тары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді.
2. 1. 2 Екінші топтағы дәнді дақылдар
Бұл топта күріш, сондай-ақ қарақұмық тұқымдасына жататын жарма дақылы қарақұмық ерекше тұр. Екінші топтағы дәнді дақылдарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері дән бойында сызат жоқ, бір тамыршамен өседі, гүлшоғыры сыпыртқыгүл немесе собық (жүгеріде), масақшаның жоғары гүлдері төменгіге қарағанда жақсы жетілген дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды. Жоғарыда аталған ерекшеліктерден басқа, бірінші топ астықтары кқктеп шыққаннан бастап түптенуге дейінгі кезеңде өте тез өсумен сипатталса, екінші топ астық дақылдарының бастапқа фазаларындағы өсуі баяулау.
3 Астықты дақылдарды бірінші және екінші топқа ажырату белгілері
Астық дақылдары сыртқы белгілері, биологиялық ерекшеліктері және шаруашылыққа пайдалануына байланысты екі топқа бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz