Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы
Реферат
Тақырып: Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру
Орындаған: Мұқан М
Тексерген: Карипбаева Ш. Т
Семей-2015
Жоспар:
I . Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2 . 1 СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҮЗДІКСІЗ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2. 2 Өздігінен білім жетілдіруIII. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҮЗДІКСІЗ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі -әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру.
Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық үдерістердің жүзеге асуы-бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың басты шарттары. Бүгінгі оқушы -дамушы жеке тұлға. Сондықтан білім беру ұйымдарында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын жаңаша мазмұнға лайықтау, білім беру мақсатын -күтілетін нәтиже түрінде нақтылау, технологияландыру, ақпараттандыру, таңдаған бағдарына сай ғылыми-әдістемелік кешен мазмұнын жасау және жетілдіру, ұжымның жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру т. б. кезек күттірмейтін мәселе. Бұл мәселелерді табысты іске асырудың маңызды факторы - педагогикалық іс-әрекет.
Педагогикалық мамандық - білім беру нәтижесінде алынған және берілетін біліктілікке сәйкес кәсіптік-педагогикалық міндеттерді алға қоюды және шешуді қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылардың жиынтығынан тұратын күрделі процестің жемісі, яғни осы кәсіптік топ шеңберіндегі қызмет түрі.
Педагог қауымның білімін жетілдіруде біліктілік арттыру институттарының жүргізіп отырған жоспарлы жұмыстары өз нәтижелерін беріп келеді, дегенмен жоспарлы курстармен қатар курсаралық кезеңде бастауыш сынып мұғалімінің кәсіптік қызметі табысты жүзеге асыру үшін технологиялық, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру арқылы ізденісі, өзін-өзі жетілдіруі, кәсіби біліктілігін арттыруы басты шарт.
Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы - оқушыны шығармашылыққа жетелеп, өздігінен білім алу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпы педагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты. Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары - олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесін зерттеген ғалымдар бұл саланың даму тенденциясын жан-жақты көрсеткен.
Б. А. Әлмұхамбетов өз зерттеулерінде біліктілікті арттыру жүйесінің тарихы мен даму болашағын еліміздің біліктілікті арттыру мәселесін шетелдік тәжірибелермен салыстыра көрсеткен . Республикада біліктілікті арттырудың сапасын арттыру, деңгейін көтеруге ықпал ететін жолдарды ұсынған.
А. Ә. Жайтапова біліктілікті арттыру жүйесіне ғылыми талдау жасай отырып, жаңа инновациялық бағыттарда ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін зерттеген . Сондай-ақ қазақстандық ғалым Ш. Таубаева мұғалімнің зерттеушілік қызметін, озық тәжірибені жинақтау, инновациялық әрекетті үздіксіз жүргізуді ғылыми тұрғыда негіздеген. М. С. Керімбаеваның зерттеулері жас маманды қалыптастырудағы жоғарғы оқу орындары мен біліктілікті арттыру институттарындағы сабақтастыққа, Б. Қ. Төлбасова мұғалімдердің қазіргі ақпараттық технологияларды қолдануға әзірлігіне арналса, ал К. С. Құдайбергенова мұғалімнің өзін -өзі жүзеге асыруына мектептегі инновациялық жұмыстың жүйелі жүргізілуінің ықпалын айқындаған.
Б. А. Тұрғынбаева осы саладағы ғылыми - зерттеулерінде шығармашылық әлеует адамды кәсіби әрекеттің биігіне шығаратын сапа деп тұжырымдайды. Ұстаздың акме жағдайға жетуі оның өз бетінше білім алуына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі жетілдіруіне және осының бәрін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты екендігін ғылыми негіздеген.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жолында кафедра оқытушылары «Педагогтың кәсіби тұлғалық құзіреттілігін дамыту -нәтижелі білім беру факторы» ғылыми-әдістемелік тақырыппен жұмыстануда. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттер қойылды:
-педагогтардың біліктілігін арттыру жұмыстарының мазмұны мен тиімді түрлерін жоспарлау;
-Республикалық, облыстық деңгейде бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби байқаулары мен семинарларын өткізу;
-жаңалықтарды игерту арқылы мұғалімдердің біліктілігін жетілдіруде ғылыми-әдістемелік қызмет көрсету;
-инновациялық үдерістерді, зерттеу-ізденіс және сынақ-тәжірибе жұмыстарының мазмұны мен тиімді түрлерін жоспарлау, өткізу;
Дамыған елдерде педагогтерді дайындау және біліктілігін арттыруды жергілікті жердегі білім ұйымдарында өткізу тиімді деп есептеледі. Сондықтан бұл елдерде педагогтердің сынақтан өтуі үздік мектептерде, соның ішінде жоғары оқу орындары және біліктілікті арттыру институттары жанындағы мектептерде ұйымдастырылады. Бұл мектептерде педагогтер әріптестерінің жетістіктерімен танысады және үздік педагогикалық тәжірибелерді өз мектептерінде таратады.
Институтта үздіксіз біліктілікті арттыру мазмұнын жаңарту, оқу үдерістерін ұйымдастырудағы жаңа амалдар педагогтың кәсіби дамуын қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру қызметінің тиімді құрылымын жасауға және оның сапасын көтеруге мүмкіндік тудырды. Себебі бүгінгі күні зерттеу, шығармашылық ойлауды жүзеге асыратын, ғылым жетістіктерін педагогикалық тәжірибеде қолдану арқылы өз қызметінің мазмұнын жаңарта алатын педагогтерге сұраныс өсіп отыр .
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.
1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі) .
2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу. )
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. )
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Қызметтік аспектіні жүзеге асыруда жас мамандарға көп көңіл бөлінеді. Олар мектептің жұмыс мазмұнына өзіндік өзгерістер енгізіп, нәтижелі жұмыс жасаудың әдістерін әкімшілікпен бірге зерттеп, қортындылайды. Жас маманның педагогикалық қиындық деңгейін анықтауға, оны болдырмау шараларын жоспарлауға, психологиялық қолдау көрсетіп, шығармашылық даралығын қалыптастыру мақсатында «Жас маманның кәсіби қиындықтары және олардың алдын алу шаралары» атты семинар-тренингтер ұйымдастырылып, өткізіледі, оларға қатысу арқылы педагогтар өз жұмысы мен әріптестерінің жұмыс нәтижелерін талдайды, басқа білім ұйымдарымен, педагогтармен ынтымақтастықты жүзеге асырады, ұжымдағы педагогикалық қызметтің барысын және нәтижелерін диагностикалайды.
Курстық жұмыстарды сапалы ұйымдастыру және оның тиімділігін арттыру үшін курсқа келетін тыңдаушылар арасында арнайы сауалнамалар, біліктілікті арттыру курстарының сапасын анықтау мақсатында диагностика, т. б. жүргізіледі.
Оқытудың тиімділік әсерін жоғарылату мақсатымен қысқамерзімді курстар да үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең -тыңдаушшылардың оқу-танымдық қызметтің мақсаттарын қабылдауы, педагогикалық білім мен дағдыларды анықтау;
- зерттелетін мәселелер туралы ой қорыту;
- жаңа оқу материалын меңгерудің дұрыс жүріп жатқанын анықтау, түзету дәрежесіне сәйкес жаңа білім мен әрекет жасау әдістерін меңгеруді қамтамасыз ету;
Бұл кезеңде қолданатын оқытудың басым түрлері : мәселелік дәрістер, тәжірибе сабақтар, психологиялық тренинг-жаттығулар, интерактивті әдістер, бейне материалдарды талдау.
Екінші кезеңде -зерттеушілік-ізденістік -алынған білім мен дағдыларды оқу үдерісінде қолдануға бейімдеу, бағдарламаны, оқу-әдістемелік, дидактикалық материалдарды талдау, мақсаттарға түзетулер енгізу және білім беру мазмұнын іріктеу, жеке тапсырмаларды орындап, дидактикалық материалдар жасау. А. И. Кочетов «педагогтың қызметіне зерттеушілік тұрғысынан келуді жүзеге асырмай тұрып, педагогты жетілдіре түсу мүмкін емес» деген. Оқытудың бұл кезеңдегі басым түрлері: көшпелі практикалық семинарларға, шеберлік сыныптарға қатысу, өз бетінше зерттеушілік жұмыс жүргізу, жеке кеңестер алу.
Курстың үшінші кезеңінде пікір-сайыстардың, конференция, семинарлардың барысында бастауыш сынып мұғалімдері білім берудің әдіс-тәсілдерін енгізудегі өз тәжірибелерімен бөліседі, өз қызметтерін жаңаша тұрғыдан талдайды.
Курс барысында тыңдаушылар педагогикалық үдерісті, білім беру жұмыстарының түрлерін жобалаудың негіздерін меңгеріп, курс соңында өзіндік жұмыстар мен жобалар қорғайды. Бұл мұғалімге курс мазмұнынан хабардар болып қана қоймай, алған білімін жүзеге асыруына ықпал етеді.
Мұғалімді кәсіби дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстар:
1) бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби проблемаларын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу;
2) мұғалімдердің кәсіби қажеттіліктерінің мониторингі нәтижелері негізінде біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын қалыптастыру;
3) тәжірибе алмасу және «Назарбаев Зияткерлік мектептер» үздік практикаларын енгізу мақсатында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің басқа ұйымдармен ынтымақтастығын дамыту;
4) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеуге озық қазақстандық және халықаралық сарапшылардың тәжірибесімен танысып, тарату;
5) мектептердегі психологиялық-педагогикалық қызметті кеңейту;
6) мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы үшін жағдай жасау;
7) жүйені үнемі жетілдіріп отыру мақсатында педагогтардың біліктілігін арттырудың кешенді жүйесінің аясында оқытудан өткен мұғалімдердің кәсіби қызметінің мониторингін жүргізу (бастауыш мұғалімінің кәсіби дамуының траекториясы)
8) озық педагог кадрлардың облыстық қорын қалыптастыру мақсатында жаңашыл-педагогтардың дерекқорын құру және оны жүйелі толықтырып отыру;
9) оқыту материалдарының теориялық және практикалық мазмұнының және педагогтарды оқыту нәтижелерінің мониторингі негізінде педагогтардың біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламалары мен оқу материалдарын әзірлеу және сараптамасын жүргізуге, өзінің педагогикалық тәжірибесін кеңінен таратуға жаңашыл педагогтарды тарту;
Үздіксіз білім -толассыз, тоқтаусыз білім. Ал, ұлы педагогтар Я. А. Коменский білімнің ешқашан аяқталмайтынын, өміршеңдігін атап өтіп, білім адам өмірге келген күннен басталып, соңғы күніне дейін бітпейтіндігін атап өткен. Көрнекті американдық психолог, философ және педагог Дж. Дьюи еңбектерінің өзекті мәселесі де әр адамның өмір бойына білім алуында.
Ең тиімді оқыту-нақты әрекет арқылы оқыту болып есептеледі. Олай болса, педагогтарды нақты тәжірибе негізінде оқыту олардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуына қолайлы жағдай жасаудың ең тиімді түрі деп санауға болады.
Өздігінен білім жетілдіруӨздігінен білім жетілдіру - жеке адамның өзі басқаратын мақсаты танымдық іс- әрекеті; ғылымның, техниканың, мәдениетінің, саяси өмірдің және т. б қандай да бір саласынан жүйелі түрде білім алу. Өздігінен білім жетілдіру - өзін - өзі тәрбиелеу құралдарының бірі. Өздігінен білім жетілдірудің негізгі нысандары сан алуан.
Адамның өздігінен білім жетілдірудегі мақсаты- біліктілігін немесе білім деңгейін көтеру. Өздігінен білім жетілдіру дағдыларын қалыптастыруда мектеп маңызды рөл атқарады. Оқушылардың өздігінен білім жетілдіру дағдыларын қалыптастыруға сыныптан және мектептен тыс әр түрлі үйірмелердегі, клубтардағы, дәрісханалардағы сабақтар, тәжірбиелік жұмыстар және т. б себептер болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқыа арнаған «Қазақстан 2030» жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар менміндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен. Демек, бүгінгі таңда пелагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық іздемпаздығын белсендіру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Сабақ - біртұтас жүйе.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz