Қазақстандағы сәнгерлер



1 Кіріспе
1.1 Адам көркі . шүберек
2 Негізгі бөлім
2.1 Белгілі дизаинерлер
3 Қорытынды
4 Қолданылған әдебиеттер
«Адам көркі – шүберек» деген сөз бар. Өткен аптада дүйім жұртты елең еткізген еліміздегі барлық сән серкелерінің басын қосқан «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығы болып өтті. Бұл еліміздің сән индустриясын әлемдік деңгейге шығарған бірден-бір жоба екенін айта кеткен жөн. Алғашында «Almaty Fashion Week» болып аталған шара шетел сәнгерлерінің назарын аудартып Kazakhstan Fashion Week болып өзгертілген екен. Содан бері 10 жыл өтіпті. Бүгінде бұл шетелдік және отандық дизайнерлердің басын қосатын жоба ғана емес, бұған қоса, жас дизайнерлерге өз киім үлгілерін барша елге таныстыруға мүмкіндік беретін алаңға айналған
1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”
2. "Қазақ энциклопедиясы",5 том
3. Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы",8 том
4. Сән әлемінің тарихынан.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
"Тамақ өндірісі жеңілөнеркәсіп бұйымдарының
технологиясы" кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы сәнгерлер

Орындаған: Қабдоллаев Е
Тобы: ТК-321
Тексерген: Бауыржанова А.З

Семей 2015 жыл

Жоспар:
1 Кіріспе
1.1 Адам көркі - шүберек
2 Негізгі бөлім
2.1 Белгілі дизаинерлер
3 Қорытынды
4 Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам көркі – шүберек деген сөз бар. Өткен аптада дүйім жұртты елең еткізген еліміздегі барлық сән серкелерінің басын қосқан Kazakhstan Fashion Week сән апталығы болып өтті. Бұл еліміздің сән индустриясын әлемдік деңгейге шығарған бірден-бір жоба екенін айта кеткен жөн. Алғашында Almaty Fashion Week болып аталған шара шетел сәнгерлерінің назарын аудартып Kazakhstan Fashion Week болып өзгертілген екен. Содан бері 10 жыл өтіпті. Бүгінде бұл шетелдік және отандық дизайнерлердің басын қосатын жоба ғана емес, бұған қоса, жас дизайнерлерге өз киім үлгілерін барша елге таныстыруға мүмкіндік беретін алаңға айналған

Белгілі дизайнер және KFW-ның бас директоры Саят Досыбаевтың айтуынша, 10 жылдың ішінде аталмыш жоба арқылы отандық сән индустриясы ілгерілеп, қазақтың ұлттық нақышы бар киім үлгілерін Еуропа елдері де тани бастаған.
Биылғы жылы Алматы Достастық елдерінің мәдени астанасы болғалы бұл жобаның да маңызы арта түсті. Бұл жолы сән апталығына талантымен ел ішінде көзге түскен жас дизайнерлер қатысты. Сонымен қатар Ұлыбритания, Грузия, Украина елдерінің сәнгерлері де тілек білдіріп, жұрт назарына өз киімдерін ұсынды. Дизайнерлер Прет-а-порте стиліндегі киімдер жоғары сәнге айналатынын айтады. Яғни киімнің ыңғайлылығы басты назарда болмақ. Бұған қоса, биылғы жылдың күз және қыс мезгілдерінде жеңіл табиғи маталардан тігілген киім үлгілері мен ашық түсті көйлектер, құты пішіндес ұзындығы тізеден төмен белдемшелер кеңінен сұранысқа енбек.
Сән әлеміЕгер әлемнің озық сән түрлерін сарапқа салатын болсақ, қазақ сән өнері өзіндік ұлттық ерекшелігімен көзге түсері даусыз. Бұны аталмыш сән апталығына қатысқан отандық сәнгерлердің киім үлгілерінен де байқауға болады. Апталықты 2014 жылдың күзі мен қыс мезгіліне арналған киім топтамасымен Аида Кауменованың сән үйі ашты. Шығыс халықтарына тән стильдегі көйлектердің бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Жібек көйлектер, шілтерлі кеу­дешелер – бәрі әйел болмысына ерекше нәзіктік пен еркіндік сыйлайтындай әсер қалдырды. Ал ­Камилла Курбани есімді жас сәнгердің топтамасы көгілдір және күлгін түсті жұқа жібек матадан жасалған өзіндік ою-өрнектері бар көйлектерімен көзге түсті. Қара түсті көйлектер мен кеудешелерден құралған Айнұр Тұрысбектің топтамасына жеңіл шифон мен жібек маталар өзіндік әсемдік беріп тұр. Айгүл Қасымова адамның ажарын ашатын, денеге қонымды да қолайлы киім тігуді мақсат еткен екен. Айталық, оның қара түсті көйлектері алтын түсті өрнектермен көмкеріліп, сәндірек көрінді.
Табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз күні кешеге дейін өзінің әдет-ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан төл киімдерін киіп келген. Сән әлемінде соңғы жылдары ұлттық нақыштағы киімдерге қызығушылық арта түскенін айта кету керек. Бүгінгі күні ұлттық нақышы бар, заман талабына сай көйлектер сұранысқа ие. Бұны ұғынған жас дизайнер Бота Бақытжан өзінің алғашқы киім топтамасына ақ пен қара түсті маталардан тігілген көйлектеріне ұлттық ою-өрнектерді өте әдемі үйлестіре білген. Дизайнер болашақта барлық өзінің киім үлгілеріне қазақтың салт-дәстүрі мен табиғатынан сыр шертетін ұлттық ою-өрнектерді қолдануды мақсат тұтатынын айтты. Біз Бота Бақытжанның фольклорлық стильді қолға алған бастамасына сүйсіндік. Сары, күлгін түстерге басымдық берген дизайнер Ирина Әшербекова шифон, барқыт маталардан тігілген көйлектерімен жиналған барша қауымға көктемдей жадыраған көңіл-күй сыйлады. Өткен жылғы Open way атты жас дизайнерлер байқауының жеңімпазы Айдана Қожагелдинаның киім үлгілері кешке қатысқан сәнгерлерден өзгешерек болды. Адамның сыртқы келбеті оның жан дүниесінен сыр шертетіні рас. Айдананың киім топтамасы да оның ішкі дүниесінің құпияларын ақтарғандай болды. Жас дизайнер елімізде әлі аса танымал емес, деконструктивизм, минимализм бағытында киім тігеді. Оның киім үлгілері өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы сәнгерлер жайлы мәлімет
Сән әлемі
Киімнің адам денсаулығына әсері
Бұйымның сырт көрінісінің сипаттамасы
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Спорттық форма маталарының сипаттамасы
Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде белсенді әдістерді қолдануы
Киіз басу тарихы
«Орыс өзенінің маржандары» атты сән үлгісін жобалау
Пәндер